Субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы

Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № А-1/15 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 24 ақпанда № 4652 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2017 жылғы 28 сәуірдегі № А-4/174 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 28.04.2017 № А-4/174 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 3-1/600 бұйрығына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бекітілсін:
      осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жеке қосалқы шаруашылықтардағы ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру бойынша шығындарды 100%-ға дейін өтеуге арналған субсидиялар нормативі;
      осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жеке қосалқы шаруашылықтардағы ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызмет жеткізушілеріне қойылатын өлшемдер мен талаптар.
      2. Осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес Ақмола облысы әкімдігінің қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      3. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі С.Кулагин

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А.Мамытбеков

      2015 жылғы 19. 01

  Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 19 қаңтардағы
№ А-1/15 қаулысына 1-қосымша

Жеке қосалқы шаруашылықтардағы ірі қара малдың аналықтар бас санын қолдан ұрықтандыру бойынша шығындардың орнын 100%-ға дейін толтыруға субсидиялар нормативі

Субсидиялау бағыты

Өлшем бірлігі

1 бірлікке субсидиялар нормативі, теңге

Жеке қосалқы шаруашылықтардағы ірі қара малдың аналық мал басы санын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру
бас

3 835

  Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 19 қаңтардағы
№ А-1/15 қаулысына 2-қосымша

Жеке қосалқы шаруашылықтардағы ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызмет жеткізушілерге қойылатын өлшемдер мен талаптар

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 07.04.2016 № А-5/156 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      1. "Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі № 278 Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес асыл тұқымдық немесе дистрибьюторлық орталық ретінде қызметін бастағаны туралы асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға хабарламаның болуы (мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды қоспағанда).
      2. Мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың өтінімдеріне сәйкес қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру үшін аталық бұқалардың ұрығын, ілеспе материалдарды жеткізу және Дьюар ыдысына сұйық азот құюды іске асыру немесе аталған материалдарды сатып алу жөніндегі келісімшарттың болуы.
      3. Бағаланған аталық бұқалардың ұрығымен ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыруды жүргізу.

  Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 19 қаңтардағы
№ А-1/15 қаулысына 3-қосымша

Күші жойылған деп танылған Ақмола облысы әкімдігі қаулыларының тізбесі

      "Субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № А-3/95 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4042 болып тіркелген, "Арқа ажары" және "Акмолинская правда" газеттерінде 2014 жылғы 27 наурызда жарияланған);
      "Субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № А-3/95 қаулысына өзгертулер енгізу туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 22 мамырдағы № А-5/204 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4226 болып тіркелген, Арқа ажары" және "Акмолинская правда" газеттерінде 2014 жылғы 17 маусымда жарияланған);
      "Субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № А-3/95 қаулысына өзгертулер енгізу туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 11 қыркүйектегі № А-8/433 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4360 болып тіркелген, Арқа ажары" және "Акмолинская правда" газеттерінде 2014 жылғы 23 қыркүйекте жарияланған);
      "Субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № А-3/95 қаулысына өзгертулер енгізу туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 10 қарашадағы № А-10/530 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4465 болып тіркелген, Арқа ажары" және "Акмолинская правда" газеттерінде 2014 жылғы 22 қарашада жарияланған).