Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 19.01.2015 № А-1/15 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.
"Субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № А-3/95 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4042 болып тіркелген, "Арқа ажары" және "Акмолинская правда" газеттерінде 2014 жылғы 27 наурызда жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
2-тармақ алынып тасталсын;
3-ші және 4-қосымшалар алынып тасталсын.
2.
Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының әкімі |
С.Кулагин |
"КЕЛІСІЛДІ" |
|
Қазақстан Республикасының |
А.Мамытбеков |