"2015 жылғы халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізімін белгілеу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 158-202 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 27 мамырдағы № 158-826 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2015 жылы 16 маусымда № 916 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 57-баптарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2015 жылғы халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізімін белгілеу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 158-202 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген қаулының 1-тармағы мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      «7) есірткі тәуелдігінен емделу және оңалту курсынан өткен адамдар».
      2. «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыны кейіннен ресми және мерзiмдiк баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялаумен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден жүргізсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Әкім                                       Ә. Жақсыбеков