2015 жылғы халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізімін белгілеу туралы

Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 158-202 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2015 жылы 27 ақпанда № 883 болып тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 158-2401 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына сәйкес Жұрын ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Жұрын ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 20 қыркүйектегі №30 "Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округінің Жұрын ауылындағы атаусыз көшелеріне атаулар беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3-9-150 болып тіркелген, 2011 жылғы 26 қазанда аудандық "Мұғалжар" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс мен толықтыру енгізілсін:
      шешімнің 1 тармағы келесі жаңа редакцияда жазылсын:
      "1. Жұрын ауылындағы атаусыз көшелеріне Абай Құнанбаев, Ахмет Жұбанов, Мир және тұйық көшелеріне Клуб, Диірмен атаулары берілсін.";
      орыс тіліндегі шешімнің 3 тармағында "после" сөзінен кейін "дня его" сөздерімен толықтырылсын.
      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жұрын ауылдық округінің әкімі Т.Абдірзақ