"2015 жылғы халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізімін белгілеу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 158-202 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 27 мамырдағы № 158-826 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2015 жылы 16 маусымда № 916 болып тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 158-158 қаулысымен
Күшін жойған"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5, 7-баптарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2015 жылғы халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізімін белгілеу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 158-202 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулының 1-тармағы мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
"7) есірткі тәуелдігінен емделу және оңалту курсынан өткен адамдар".
2. "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыны кейіннен ресми және мерзiмдiк баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялаумен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден жүргізсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Әкім Ә. Жақсыбеков