Астана қаласы мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Астана қаласы мәслихатының 2015 жылғы 18 наурыздағы № 345/48-V шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2015 жылы 30 сәуірде № 903 болып тіркелді

Жаңартылған

        «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қоса беріліп отырған Астана қаласы мәслихатының кейбір шешімдеріне енгізілген өзгерістер бекітілсін.
       2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы мәслихаты
      сессиясының төрағасы                       Т. Оразақов

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы                       С. Есілов

Астана қаласы мәслихатының
2015 жылғы 18 наурыздағы
№ 345/48-V шешімімен  
бекітілген       

Астана қаласы мәслихатының кейбір шешімдеріне
енгізілген өзгерістер

      1. «Абаттандыру, санитарлық жабдықтау,жинау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету қағидалары туралы» Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы № 28/6-III шешiмiнде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 5 мамырда № 326 болып тіркелген, «Астана хабары» газетінің 2004 жылғы 15 мамырдағы 62-63 нөмірлерінде, «Вечерняя Астана» газетінің 2004 жылғы 22 мамырдағы 63-64 нөмірлерінде жарияланған ):
      көрсетілген шешімнің кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 6-бабының 2-2 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 22-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:».
      2. «Астана қаласындағы жасыл отырғызғыларды күтіп ұстау мен қорғау қағидалары туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы № 29/6-III шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 28 сәуірде № 324 болып тіркелген, «Вечерняя Астана» газетінің 2004 жылғы 8 мамырдағы 56-57 нөмірлерінде, 2004 жылғы 15 мамырдағы 59-60 нөмірлерінде, «Астана хабары» газетінің 2004 жылғы 15 мамырдағы 62-63 нөмірлерінде, 2004 жылғы 17 шілдедегі 95-96 нөмірлерінде жарияланған):
      көрсетілген шешімнің кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі кодексінің 386-бабын және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабын басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:»;
      көрсетілген шешіммен бекітілген Астана қаласындағы жасыл отырғызғыларды күтіп ұстау мен қорғау қағидаларында:
      Қағиданың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы Астана қаласындағы жасыл отырғызғыларды күтіп ұстау мен қорғау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді және меншік түріне қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалар үшін Астана қаласындағы жасыл отырғызғыларды күтіп ұстау мен қорғау тәртібін белгілейді.».
      3. «Астана қаласында иттер мен мысықтарды ұстау ережесі туралы» Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 09 ақпандағы № 341/43-III шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 14 наурызда № 464 болып тіркелген, «Вечерняя Астана» газетінің 2007 жылғы 20 наурыздағы 50-51 нөмірлерінде, «Астана хабары» газетінің 2007 жылғы 20 наурыздағы 51 нөмірінде жарияланған):
      көрсетілген шешіммен бекітілген Астана қаласында иттер мен мысықтарды ұстау ережесінде:
      Ереженің кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы Ереже «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне және Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарына сәйкес әзірленді. Ереже Астана қаласында иттер мен мысықтарды ұстау тәртібін және қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жануарлардың ауруына қарсы профилактикалық іс-шаралар өткізуді реттейді.
      Осы Ереже иттер мен мысықтардың барлық иесіне, меншік нысанына қарамастан заңды және жеке тұлғаларға (Қорғаныс министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігі, Президенттің Күзет қызметі мен Төтенше жағдайлар министрлігінің адамдарды құтқару, сондай-ақ қылмысқа қарсы күрес және қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі кәсіпорындарын, ұйымдары мен мекемелерінен басқа), сондай-ақ иттер мен мысықтарды серуенге алып шығатын барлық тұлғаларға қолданылады.»;
      «Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау» деген 8-тарау алынып тасталсын;
      74-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «74. Осы Ережені бұзған жануардың иесі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 408-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады.».
      4. «Астана қаласының аумағында құрылыс салу Қағидалары туралы» Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 3 наурыздағы № 432/58-IV шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 15 сәуірде № 671 болып тіркелген, 2011 жылғы 21 сәуірдегі «Астана ақшамы» газетінің 45-нөмірінде және «Вечерняя Астана» газетінің 47-нөмірінде жарияланған):
      көрсетілген шешіммен бекітілген Астана қаласының аумағында құрылыс салу Қағидасында:
      Қағиданың кіріспесіндегі «, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне» деген сөздер алынып тасталсын.
      5. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 22.05.2015 № 362/52-V шешімімен.
      6. «Астана қаласының 2015-2017 жылдарға арналған бюджеті туралы» Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 303/45-V шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 5 қаңтарда № 869 болып тіркелген, 2015 жылғы 13 қаңтардағы «Астана ақшамы» және «Вечерняя Астана» газеттерінің 3-нөмірінде жарияланған):
      мемлекеттік тілдегі көрсетілген шешімге 2-қосымшадағы «камтамасыз» деген сөз «қамтамасыз» деген сөзбен ауыстырылсын.