Ауыл, су, орман шаруашылықтары және жануарлар дүниесі саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 8-2/1132 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 17 ақпанда № 13096 болып тіркелді

Қолданыстағы

      2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабы 5-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Ауыл, су, орман шаруашылықтары және жануарлар дүниесі саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешенді ғылыми және кадрлық қамтамасыз ету департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Аталған бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі                  А. Мамытбеков

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау және
      әлеуметтік даму министрі
      ______________ Т. Дүйсенова
      2016 жылғы 19 қаңтар

Қазақстан Республикасы   
Ауыл шаруашылығы      
министрінің         
2015 жылғы 25 желтоқсандағы 
№ 8-2/1132 бұйрығымен    
бекітілген         

Ауыл, су, орман шаруашылықтары және жануарлар дүниесі саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі

Буын

Саты

Лауазымдар атауы


«А» блогі (басқару персоналы)

А1

1

Мыналардың:
Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығының;
Республикалық эпизоотикаға қарсы отрядтың;
Ауыл шаруашылығы дақылдарын сорттық сынау жөніндегі мемлекеттік комиссияның;
Республикалық агрохимия қызметінің ғылыми-әдістемелік орталығының;
Республикалық өсімдіктер карантині орталығының;
Қазақ мемлекеттік республикалық орман тұқымы мекемесінің;
Сандықтау оқу-өндірістік орман шаруашылығының; Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының;
Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының;
Наурызым мемлекеттік табиғи қорығының;
Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының;
«Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің;
Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің; «Катон-Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің; «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының; Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығының;
«Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының;
«Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің;
Қазақ орман орналастыру кәсіпорнының;
«Охотзоопром» өндірістік бірлестігінің;
Қазақ ормандарды авиациялық қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету базасының; Республикалық орман селекциялық орталығының (бұдан әрі - республикалық маңызы бар ММ, РММ және РМҚК) басшысы


1-1

Республикалық маңызы бар ММ, РММ және РМҚК басшысының орынбасары

2

Мыналардың:
«Қазагромелиосушар» республикалық әдістемелік орталығының;
Аймақтық гидрогеологиялық-мелиоративтік орталығының;
Қызылорда гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясының;
Оңтүстік Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясының;
Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі Ақмола облыстық инспектурасының;
Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі Ақтөбе облыстық инспектурасының;
Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі Оңтүстік-Шығыс аймақтық инспектурасының; Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық инспектурасының; Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі Жетісу аймақтық инспектурасының;
Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі Жамбыл облыстық инспектурасының;
Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі Батыс Қазақстан облыстық инспектурасының; Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі Қарағанды облыстық инспектурасының;
Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі Қызылорда облыстық инспектурасының;
Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі Қостанай облыстық инспектурасының;
Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі Павлодар облыстық инспектурасының;
Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі Солтүстік Қазақстан облыстық инспектурасының;
Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі Оңтүстік Қазақстан облыстық инспектурасының;
Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі Алматы облыстық инспектурасының;
Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі «Тың аймақтық инспектурасының;
Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының;
Алматы мемлекеттік табиғи қорығының;
Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының;
Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің;
Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің;
Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің;
«Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің; «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының; Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің; «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерватының; Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының;
Қаратау мемлекеттік табиғи қорығының;
«Алтын Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің; «Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің; Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерватының; Қамыстыбас балық питомнигінің;
Майбалық балық питомнигінің;
Петропавл балық питомнигінің;
Атырау бекіре балық өсіру зауытының;
Қапшағай уылдырық шашу-өсіру шаруашылығының; Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауытының;
Қазақ өндірістік-жерсіндіру станциясының (бұдан әрі - облыстық маңызы бар РММ және РМҚК) басшысы

2-1

Облыстық маңызы РММ және РМҚК басшысының орынбасары


3

Ветеринарлық станцияның, орман шаруашылығы мекемесінің (бұдан әрі - аудандық маңызы бар ММ, КММ, МКҚК, МКК, ҚМК) басшысы


3-1

Аудандық маңызы бар ММ, КММ, МКҚК, МКК, ҚМК басшысының орынбасары

А2

1

Республикалық маңызы бар ММ, РММ және РМҚК бас бухгалтері

1-1

Республикалық маңызы бар ММ, РММ және РМҚК бас бухгалтерінің орынбасары


Республикалық маңызы бар ММ, РММ және РМҚК филиалы, ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі инспектурасы басшысы

2

Республикалық маңызы бар ММ, РММ және РМҚК филиалы, ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі инспектурасы басшысының орынбасары

Облыстық маңызы бар РММ және РМҚК бас бухгалтері

2-1

Облыстық маңызы бар РММ және РМҚК бас бухгалтерінің орынбасары

3

Аудандық маңызы бар ММ, КММ, МКҚК, МКК, ҚМК бас бухгалтері

3-1

Аудандық маңызы бар ММ, КММ, МКҚК, МКК, ҚМК бас бухгалтерінің орынбасары

АЗ

1

Республикалық маңызы бар ММ, РММ және РМҚК бөлімі, карантиндік зертханасы, «Республикалық агрохимия қызметінің ғылыми-әдістемелік орталығы» РММ зертханасы басшысы

«Қазақ ормандарды авиациялық қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету базасы» РМҚК авиациялық звено командирі, ұшу-өндірістік қызмет басшысы

1-1

Республикалық маңызы бар бас: агроном, өсімдіктерді қорғау жөніндегі агроном, агрохимик, ветеринар дәрігер, вирусолог, зоотехник, герболог, мелиоратор, фитопатолог, энтомолог, бактериолог, негізгі персонал инспекторы, негізгі персонал инженері, аңшылық шаруашылығы маманы, экономист, орманшы, балық шаруашылығы маманы, механик, гидрогеолог, гидротехник, гельминтолог, диспетчер

2

Облыстық маңызы бар РММ және РМҚК бөлімінің басшысы

«Атырау бекіре балық өсіру зауыты» РМҚК жэне «Жайық- Атырау бекіре балық өсіру зауыты» РМҚК теплоход капитаны

Облыстық маңызы бар РММ және РМҚК филиалының басшысы

2-1

Облыстық маңызы бар РММ және РМҚК филиалы басшысының орынбасары

Облыстық маңызы бар бас: агроном, өсімдіктерді қорғау жөніндегі агроном, агрохимик, ветеринар дәрігер, вирусолог, зоотехник, герболог, мелиоратор, фитопатолог, энтомолог, бактериолог, негізгі персонал инспекторы, негізгі персонал инженері, аңшылық шаруашылығы маманы, экономист, орманшы, балық шаруашылығы маманы, механик, гидрогеолог, гидротехник, гельминтолог, диспетчер

3

Аудандық маңызы бар ММ, КММ, МКҚК, МКК, ҚМК бөлімінің басшысы

«В» блогі (негізгі персонал)


В1

1

Бас ғылыми қызметкер


2

Жетекші ғылыми қызметкер


3

Аға ғылыми қызметкер


4

Ғылыми қызметкер


5

Кіші ғылыми қызметкер


В2

1

ММ, РММ мен РМҚК-ның жоғары санаттағы біліктілік деңгейі жоғары мамандары: эколог, рекреация және туризм жөніндегі маман, экологиялық ағарту жөніндегі маман, экскурсовод, ерекше қорғалатын табиғи аумақ инспекторы, табиғатты пайдалану жөніндегі инженер


2

ММ, РММ мен РМҚК-ның бірінші санаттағы біліктілік деңгейі жоғары мамандары: агроном, өсімдіктерді қорғау жөніндегі агроном, тұқым шаруашылығы жөніндегі агроном, агрохимик, ветеринар дәрігер, зертхананың ветеринар дәрігері, зоотехник, герболог, мелиорация жөніндегі инженер, фитопатолог, энтомолог, бактериолог, вирусолог, топырақтанушы, гельминтолог, табиғатты пайдалану жөніндегі инженер, еңбекті коп қажетсінетін процестерді механикаландыру жөніндегі инженер, жанар- жағармай материалдары жөніндегі инженер, машиналық- тракторлық паркті пайдалану жөніндегі инженер, жерге орналастыру жөніндегі инженер, агроорманмелиораторы, эколог, рекреация және туризм жөніндегі маман, экологиялық ағарту жөніндегі маман, экскурсовод, ерекше қорғалатын табиғи аумақ инспекторы


3

ММ, РММ және РМҚК-ның екінші санаттағы біліктілік деңгейі жоғары мамандары: агроном, өсімдіктерді қорғау жөніндегі агроном, тұқым шаруашылығы жөніндегі агроном, агрохимик, ветеринар дәрігер, зертхананың ветеринар дәрігері, зоотехник, герболог, мелиорация жөніндегі инженер, фитопатолог, энтомолог, бактериолог, вирусолог, топырақтанушы, гельминтолог, еңбекті көп қажетсінетін процестерді механикаландыру жөніндегі инженер, жанар-жағармай материалдары жөніндегі инженер, машиналық-тракторлық паркті пайдалану жөніндегі инженер, жерге орналастыру жөніндегі инженер, агроорманмелиораторы, эколог, рекреация және туризм жөніндегі маман, экологиялық ағарту жөніндегі маман, экскурсовод, ерекше қорғалатын табиғи аумақ инспекторы, табиғатты пайдалану жөніндегі инженер


4

ММ, РММ, РМҚК, КММ, МКҚК, МКК, ҚМК-ның санатсыз біліктілік деңгейі жоғары мамандары: агроном, өсімдіктерді қорғау жөніндегі агроном, тұқым шаруашылығы жөніндегі агроном, агрохимик, ветеринар дәрігер, зертхананың ветеринар дәрігері, зоотехник, герболог, мелиорация жөніндегі инженер, фитопатолог, энтомолог, бактериолог, вирусолог, топырақтанушы, гельминтолог, орманды күзету және қорғау жөніндегі инженері, ормандардың өсімін молайту және орман өсіру жөніндегі инженер, орманды пайдалану жөніндегі инженер, инженер-орман патологі, еңбекті коп қажетсінетін процестерді механикаландыру жөніндегі инженер, жанар-жағармай материалдары жөніндегі инженер, машиналық-тракторлық паркті пайдалану жөніндегі инженер, жерге орналастыру жөніндегі инженер, инженер-гидротехник, агроорманмелиораторы, гидрогеолог, химик, химик-талдамашы, биохимик, эколог, ерекше қорғалатын табиғи аумақ инспекторы, орман шебері, инструктор (оның ішінде: парашюттік және десанттық-өртке қарсы қызметтер мен топтар), балық шаруашылығы маманы, лаборант, орманшы, аңшылық шаруашылығы маманы, ұшқыш-бақылаушы, рекреация және туризм жөніндегі маман, экологиялық ағарту жөніндегі маман, экскурсовод, табиғатты пайдалану жөніндегі инженер, ұшу-өндірістік қызмет инспекторы, орман күтушінің көмекшісі



В3

1

ММ, РММ және РМҚК-ның жоғары санаттағы біліктілік деңгейі орташа мамандары: эколог, рекреация және туризм жөніндегі маман, экологиялық ағарту жөніндегі маман, экскурсовод, ерекше қорғалатын табиғи аумақ инспекторы, табиғатты пайдалану жөніндегі инженер


2

ММ, РММ және РМҚК-ның бірінші санаттағы біліктілік деңгейі орташа мамандары: ветеринар фельдшер, жануарларды қолдан ұрықтандыру жөніндегі техник, асыл тұқымдық іс жөніндегі техник, эколог, рекреация және туризм жөніндегі маман, экологиялық ағарту жөніндегі маман, экскурсовод, ерекше қорғалатын табиғи аумақ инспекторы, табиғатты пайдалану жөніндегі инженер


3

ММ, РММ және РМҚК-ның екінші санаттағы біліктілік деңгейі орташа мамандары: агроном, өсімдіктерді қорғау жөніндегі агроном, тұқым шаруашылығы жөніндегі агроном, агрохимик, зоотехник, ветеринар фельдшер, жануарларды қолдан ұрықтандыру жөніндегі техник, асыл тұқымдық іс жөніндегі техник, эколог, рекреация және туризм жөніндегі маман, экологиялық ағарту жөніндегі маман, экскурсовод, ерекше қорғалатын табиғи аумақ инспекторы, табиғатты пайдалану жөніндегі инженер


4

ММ, РММ, РМҚК, КММ, МКҚК, МКК, ҚМК-ның санатсыз біліктілік деңгейі орташа мамандары: агроном, өсімдіктерді қорғау жөніндегі агроном, тұқым шаруашылығы жөніндегі агроном, агрохимик, зоотехник, аңшылық шаруашылығы маманы, орманшы, мелиорация жөніндегі инженер, химик, химик-талдаушы, биохимик, ветеринар фельдшер, жануарларды қолдан ұрықтандыру жөніндегі техник, асыл тұқымдық іс жөніндегі техник, эколог, орман шебері, лаборант, рекреация және туризм жөніндегі маман, экологиялық ағарту жөніндегі маман, экскурсовод, ерекше қорғалатын табиғи аумақ инспекторы, табиғатты пайдалану жөніндегі инженер, инженер- гидротехник, гидротехник, балық шаруашылығы маманы, орман күтушінің көмекшісі



«С» блогі (әкімшілік персонал)


С1


Басшы (Меңгеруші): жөндеу-механикалық шеберхана, музей, цех


С2


Біліктілік деңгейі жоғары мамандар: бухгалтер, лаборант, кадр жөніндегі инспектор, шебер, менеджер, механик, аудармашы, референт, экономист, заң консультанты, бағдарламашы, кітапханашы, диспетчер, жұмыс жүргізуші (прораб), технолог, қоғаммен байланыс жөніндегі маман, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженер, инженер-бағдарламашы (бағдарламашы), жабдықтау жөніндегі инженер, ғимараттар мен құрылыстар жөніндегі инженер


С3


Мемлекеттік мекемеге әкімшілік-шаруашылық қызмет көрсетумен айналысатын құрылымдық бөлімшенің басшысы: виварий, кеңсе, қойма, шаруашылық, қазандық, учаске, архив


Біліктілік деңгейі орташа мамандар: кітапханашы, бухгалтер, диспетчер, лаборант, инструктор, кадр жөніндегі инспектор, шебер, менеджер, механик, аудармашы, референт, жұмыс жүргізуші (прораб), экономист, заң консультанты, барлық атаулар техниктері, бағдарламашы, энергетик, технолог, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженер, инженер- бағдарламашы (бағдарламашы), жабдықтау жөніндегі инженер, ғимараттар мен құрылыстар жөніндегі инженер




«D» блогі (қосымша персонал)


D


ММ, РММ, РМҚК, КММ, МКҚК, МКК, ҚМК-ның техникалық орындаушылары: архивариус, ассистент, рұқсатнама бюросының кезекшісі, іс жүргізуші, кассир, коммендант, шетел мәтінімен, диктофондық топпен, редакциямен, бюромен жұмыс істейтін машинист, стеннографист; суытқыш жабдық, көшірме-көбейткіш машиналар, байланыс жүйелері, компьютерлік техника (бағдарламалар), электронды-есептеуіш машиналар, компьютер құрылғыларына қызмет көрсету жөніндегі оператор, күзетші, хатшы, табельші, нарядшы, экспедитор, диспетчер


      Аббревиатуралардың толық жазылуы:
      ММ - мемлекеттік мекеме;
      РММ - республикалық мемлекеттік мекеме;
      РМҚК - республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын;
      КММ - коммуналдық мемлекеттік мекеме;
      МКҚК - мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын;
      МКК - мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын;
      ҚМК - қазыналық мемлекеттік кәсіпорын.