Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 21.07.2021 № 215 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабы 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 21.07.2021 № 215 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 21.07.2021 № 215 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешенді ғылыми және кадрлық қамтамасыз ету департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Аталған бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Мамытбеков |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
______________ Т. Дүйсенова
2016 жылғы 19 қаңтар
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 8-2/1132 бұйрығымен бекітілген |
Ауыл шаруашылығы саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі
Ескерту. Тізілім жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 21.07.2021 № 215 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Буын | Саты | Лауазымдар атауы |
А блогі (басқару персоналы) | ||
---|---|---|
А1 | 1 |
Мыналардың: |
1-1 | Республикалық маңызы бар ММ және РММ басшысының орынбасары | |
2 |
Мыналардың: | |
2-1 | Облыстық маңызы бар РММ басшысының орынбасары | |
А2 | 1 |
Республикалық маңызы бар ММ-ның және РММ-ның бас бухгалтері; |
1-1 |
Республикалық маңызы бар ММ-ның және РММ-ның бас бухгалтерінің орынбасары; | |
Мемлекеттік сорт сынау учаскесінің, мемлекеттік сорт сынау станциясының (Республикалық маңызы бар РММ филиалдары) басшысы; | ||
2 |
Облыстық маңызы бар РММ-ның бас бухгалтері; | |
2-1 | Облыстық маңызы бар РММ бас бухгалтерінің орынбасары | |
А3 | 1 |
Республикалық маңызы бар ММ және РММ құрылымдық бөлімшесінің (бөлімінің) басшысы; |
1-1 | Республикалық маңызы бар РММ-ның құрылымдық бөлімшесі (бөлімі) басшысының орынбасары | |
Республикалық маңызы бар ММ және РММ бас: агроном, инженер, негізгі персонал инженері, негізгі персонал инспекторы, механик, фитопатолог, экономист, энтомолог, бактериолог, вирусолог, герболог, гельминтолог | ||
2 | Облыстық маңызы бар РММ бөлімінің басшысы | |
2-1 | Облыстық маңызы бар РММ бас: агрохимик, гидрогеолог, негізгі қызметтер инженері, экономист | |
B блогі (негізгі персонал) | ||
В1 | 1 | Бас ғылыми қызметкер |
2 | Жетекші ғылыми қызметкер | |
3 | Аға ғылыми қызметкер | |
4 | Ғылыми қызметкер | |
5 | Кіші ғылыми қызметкер | |
В2 | 1 | Жоғары санатты біліктілігі жоғары деңгейдегі негізгі персонал мамандары: зертханашы, химик |
2 | Бірінші санатты біліктілігі жоғары деңгейдегі негізгі персонал мамандары: агроном, тұқым шаруашылығы жөніндегі агроном, өсімдіктерді қорғау жөніндегі агроном, өсімдіктер карантині жөніндегі агроном, агрохимик, бактериолог, вирусолог, ветеринариялық дәрігер, ветеринариялық зертхана дәрігері, герболог, гельминтолог, гидрогеолог, мелиорация жөніндегі инженер, зертханашы, топырақтанушы, фитопатолог, химик, эколог, энтомолог | |
3 | Екінші санатты біліктілігі жоғары деңгейдегі негізгі персоналдың мамандары: агроном, тұқым шаруашылығы жөніндегі агроном, өсімдіктерді қорғау жөніндегі агроном, өсімдіктер карантині жөніндегі агроном, агрохимик, бактериолог, вирусолог, ветеринариялық дәрігер, ветеринариялық зертхана дәрігері, герболог, гельминтолог, гидрогеолог, мелиорация жөніндегі инженер, зертханашы, топырақтанушы, фитопотолог, химик, эколог, энтомолог | |
4 | Біліктілігі жоғары деңгейдегі негізгі персоналдың санаты жоқ мамандары: агроном, тұқым шаруашылығы жөніндегі агроном, өсімдіктерді қорғау жөніндегі агроном, өсімдіктер карантині жөніндегі агроном, агрохимик, бактериолог, вирусолог, ветеринариялық дәрігер, ветеринариялық зертхана дәрігері, герболог, гельминтолог, гидрогеолог, мелиорация жөніндегі инженер, зертханашы, топырақтанушы, фитопотолог, химик, эколог, энтомолог | |
В3 | 1 | Жоғары санатты біліктілігі орта деңгейдегі негізгі персонал мамандары: зертханашы |
2 | Бірінші санатты біліктілігі орта деңгейдегі негізгі персонал мамандары: ветеринариялық фельдшер, зертханашы, техник-гидрогеолог | |
3 | Екінші санатты біліктілігі орта деңгейдегі негізгі персонал мамандары: агрохимик, ветеринариялық фельдшер, зертханашы, техник-гидрогеолог | |
4 | Біліктілігі орта деңгейдегі негізгі персоналдың санаты жоқ мамандары: агрохимик, ветеринариялық фельдшер, зертханашы, техник-гидрогеолог | |
С блогі (әкімшілік персонал) | ||
С1 | 1 | Цех басшысы (меңгерушісі) |
С2 | 2 | Әкімшілік функцияларды орындайтын біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар: бухгалтер, зертханашы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі инженер, инспектор, нұсқаушы, менеджер, мемлекеттік сатып алу жөніндегі менеджер, әдіскер, механик, аудармашы, редактор, референт, бағдарламашы, технолог, бағдарламашы инженер (бағдарламашы), жабдықтау жөніндегі инженер, кадр жөніндегі инспектор, экономист, заңгер, сапаны бақылау жөніндегі менеджер |
С3 | 3 | РММ-ға шаруашылық қызмет көрсетумен айналысатын құрылымдық бөлімшенің басшысы: қойма меңгерушісі |
Әкімшілік функцияларды орындайтын біліктілігі орта деңгейдегі мамандар: кітапханашы, жабдықтау жөніндегі инженер, кадр жөніндегі инспектор, шебер, механик, референт, барлық атаулар технигі, экономист, заңгер | ||
D блогі (көмекші персонал) | ||
D | Техникалық орындаушылар: мұрағатшы, іс жүргізуші, комендант, хатшы |
Аббревиатурлардың толық жазылуы:
ММ – мемлекеттік мекеме;
РММ – республикалық мемлекеттік мекеме.