2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабы 5-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ауыл, су, орман шаруашылықтары және жануарлар дүниесі саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешенді ғылыми және кадрлық қамтамасыз ету департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Аталған бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Мамытбеков |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
______________ Т. Дүйсенова
2016 жылғы 19 қаңтар
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 8-2/1132 бұйрығымен бекітілген |
Ауыл, су, орман шаруашылықтары және жануарлар дүниесі саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі
Ескерту. Тізілім жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 07.02.2018 № 65 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Буын | Саты | Лауазымдар атауы |
"А" блогы (басқару персоналы) | ||
А1 | 1 |
Мыналардың: |
1-1 | Республикалық маңызы бар ММ, РММ және РМҚК басшысының орынбасары | |
2 |
Мыналардың: | |
2-1 | Облыстық маңызы бар РММ және РМҚК, КМК, МКҚК басшысының орынбасары | |
3 | Аудандық маңызы бар ММ, МКК, МҚК ветеринариялық станция басшысы | |
3-1 | Аудандық маңызы бар ММ, МКК, ҚМК басшысының орынбасары | |
А2 | 1 | Республикалық маңызы бар ММ, РММ және РМҚК бас бухгалтері |
1-1 | Республикалық маңызы бар ММ, РММ және РМҚК бас бухгалтерінің орынбасары | |
Республикалық маңызы бар ММ, РММ және РМҚК филиалы, ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау инспектурасының басшысы, орман орналастыру өндірісінің бастығы | ||
2 | Республикалық маңызы бар ММ, РММ және РМҚК филиалы, ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау инспектурасы басшысының орынбасары, орман орналастыру өндірісі бастығының орынбасары | |
Облыстық маңызы бар РММ және РМҚК, КМК, МКҚК бас бухгалтері | ||
2-1 | Облыстық маңызы бар РММ және РМҚК, КМК, МКҚК бас бухгалтерінің орынбасары | |
3 | Аудандық маңызы бар ММ, КММ, МКҚК, МКК, ҚМК бас бухгалтері | |
3-1 | Аудандық маңызы бар ММ, КММ, МКҚК, МКК, ҚМК бас бухгалтерінің орынбасары | |
А3 | 1 | Құрылымдық бөлімшенің (бөлімнің), республикалық маңызы бар ММ, РММ және РМҚК карантиндік зертханасының, "Республикалық агрохимия қызметінің ғылыми-әдістемелік орталығы" РММ зертханасының басшысы |
"Қазақ ормандарды авиациялық қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету базасы" РМҚК авиациялық звено командирі, өндірістік-ұшу қызметінің басшысы, республикалық маңызы бар "Қазақ орман орналастыру кәсіпорыны" РМҚК орман орналастыру партиясының басшысы | ||
1-1 |
Республикалық маңызы бар бас: агроном, өсімдіктерді қорғау жөніндегі агроном, агрохимик, ветеринариялық дәрігер, вирусолог, зоотехник, герболог, мелиоратор, фитопатолог, энтомолог, бактериолог, негізгі қызметтердің инспекторы, негізгі қызметтердің инженері, аңшылықтанушы, экономист, балық өсіруші, механик, гидрогеолог, гидротехник, гельминтолог, диспетчер, республикалық маңызы бар орман қорғау және күзету инженері (табиғи кешендерді қорғау және күзету инженері), ормандарды қалпына келтіру инженері (ормандарды молықтыру және орман өсіру инженері) картограф. | |
2 |
Облыстық маңызы бар РММ және РМҚК, КММ, құрылымдық бөлімшесінің (бөлімінің) басшысы | |
"Атырау бекіре балық өсіру зауыты" РМҚК және "Жайық- Атырау бекіре балық өсіру зауыты" РМҚК теплоход капитаны | ||
Облыстық маңызы бар РММ және РМҚК, КММ филиалының басшысы | ||
2-1 | Облыстық маңызы бар РММ және РМҚК, КММ, филиалы басшысының орынбасары | |
Облыстық маңызы бар бас: агроном, өсімдіктерді қорғау жөніндегі агроном, агрохимик, ветеринариялық дәрігер, вирусолог, зоотехник, герболог, мелиоратор, фитопатолог, энтомолог, бактериолог, негізгі қызметтердің инспекторы, негізгі қызметтердің инженері, аңшылықтанушы, экономист, балық өсіруші, механик, гидрогеолог, гидротехник, гельминтолог, диспетчер, орман қорғау және күзету инженері (табиғи кешендерді қорғау және күзету инженері), ормандарды қалпына келтіру инженері (ормандарды молықтыру және орман өсіру инженері). | ||
3 |
Аудандық маңызы бар ММ, МКК және МКҚК, МКК ҚМК құрылымдық бөлімшесінің басшысы, облыстық маңызы бар орманшылық басшының | |
"В" блогы (негізгі персонал) | ||
В1 | 1 | Бас ғылыми қызметкер |
2 | Жетекші ғылыми қызметкер | |
3 | Аға ғылыми қызметкер | |
4 | Ғылыми қызметкер | |
5 | Кіші ғылыми қызметкер | |
В2 | 1 | ММ, РММ және РМҚК, КММ жоғары санаттағы біліктілік деңгейі жоғары мамандары: эколог, экскурсия жүргізуші, ерекше қорғалатын табиғи аумақ инспекторы, орманшы (инспектор), аңшылықтанушы, биолог, ихтиолог, орнитолог, орман (учаске) шебері, авиациялық өрт сөндіру командасының (тобының) нұсқаушысы, бақылаушы-ұшқыш, картограф, орман шаруашылығы мен ЕҚТА негізгі қызметтердің барлық мамандықтарының инженерлері. |
2 | ММ, РММ және РМҚК, КММ бірінші санаттағы біліктілік деңгейі жоғары мамандары: агроном, өсімдіктерді қорғау жөніндегі агроном, тұқым шаруашылығы жөніндегі агроном, агрохимик, ветеринариялық дәрігер, зертхананың ветеринариялық дәрігері, зоотехник, герболог, мелиорация жөніндегі инженер, фитопатолог, энтомолог, бактериолог, вирусолог, топырақтанушы, гельминтолог, еңбекті көп қажетсінетін процестерді механикаландыру жөніндегі инженер, жанар-жағармай материалдары жөніндегі инженер, машиналық-тракторлық паркті пайдалану жөніндегі инженер, жерге орналастыру жөніндегі инженер, агроорманмелиораторы, эколог, экскурсия жүргізуші, ерекше қорғалатын табиғи аумақ инспекторы, орманшы (инспектор), аңшылықтанушы, биолог, ихтиолог, орнитолог, орман (учаске) шебері, авиациялық өрт сөндіру командасының (тобының) нұсқаушысы, бақылаушы-ұшқыш, картограф, орман шаруашылығы мен ЕҚТА негізгі қызметтердің барлық мамандықтарының инженерлері. | |
3 | ММ, РММ және РМҚК, КММ екінші санаттағы біліктілік деңгейі жоғары мамандары: агроном, өсімдіктерді қорғау жөніндегі агроном, тұқым шаруашылығы жөніндегі агроном, агрохимик, ветеринариялық дәрігер, зертхананың ветеринариялық дәрігері, зоотехник, герболог, мелиорация жөніндегі инженер, фитопатолог, энтомолог, бактериолог, вирусолог, топырақтанушы, гельминтолог, еңбекті көп қажетсінетін процестерді механикаландыру жөніндегі инженер, жанар-жағармай материалдары жөніндегі инженер, машиналық-тракторлық паркті пайдалану жөніндегі инженер, жерге орналастыру жөніндегі инженер, агроорманмелиораторы, эколог, экскурсия жүргізуші, ерекше қорғалатын табиғи аумақ инспекторы, орманшы (инспектор), аңшылықтанушы, биолог, ихтиолог, орнитолог, орман (учаске) шебері, авиациялық өрт сөндіру командасының (тобының) нұсқаушысы, бақылаушы-ұшқыш, картограф, орман шаруашылығы мен ЕҚТА негізгі қызметтердің барлық мамандықтарының инженерлері. | |
4 | ММ, РММ, РМҚК, КММ, МКҚК, МКК, ҚМК-ның санатсыз біліктілік деңгейі жоғары мамандары: агроном, өсімдіктерді қорғау жөніндегі агроном, тұқым шаруашылығы жөніндегі агроном, агрохимик, ветеринариялық дәрігер, зертхананың ветеринариялық дәрігері, зоотехник, герболог, мелиорация жөніндегі инженер, фитопатолог, энтомолог, бактериолог, вирусолог, топырақтанушы, гельминтолог, еңбекті көп қажетсінетін процестерді механикаландыру жөніндегі инженер, жанар-жағармай материалдары жөніндегі инженер, машиналық - тракторлық паркті пайдалану жөніндегі инженер, жерге орналастыру жөніндегі инженер, инженер-гидротехник, агроорманмелиораторы, гидрогеолог, химик, химик-талдамашы, биохимик, эколог, ерекше қорғалатын табиғи аумақ инспекторы, орманшы (инспектор), орман (учаске) инженері, парашюттік және десанттық өрт сөндіру қызметінің (тобының) нұсқаушысы, авиациялық өрт сөндіру командасының (тобының) нұсқаушысы, балық өсіруші, зертханашы, аңшылықтанушы, ұшқыш-бақылаушы, экскурсия жүргізуші, ұшу-өндірістік қызмет инспекторы, биолог, ихтиолог, орнитолог, картограф, орман шаруашылығы мен ЕҚТА негізгі қызметтердің барлық мамандықтарының инженерлері. | |
В3 | 1 | ММ, РММ және РМҚК, КММ жоғары санаттағы біліктілік деңгейі орташа мамандары: эколог, экскурсия жүргізуші, ерекше қорғалатын табиғи аумақ инспекторы, орманшы (инспектор), аңшылықтанушы, биолог, ихтиолог, орнитолог, орман (учаске) шебері, авиациялық өрт сөндіру командасының (тобының) нұсқаушысы, бақылаушы-ұшқыш, техник-таксатор (негізгі қызметтердің), орман шаруашылығы мен ЕҚТА негізгі қызметтердің барлық мамандықтарының инженерлері. |
2 | ММ, РММ және РМҚК, КММ, МКҚК және МКК бірінші санаттағы біліктілік деңгейі орташа мамандары: ветеринариялық фельдшер, жануарларды қолдан ұрықтандыру жөніндегі техник, асыл тұқымды іс жөніндегі техник, эколог, экскурсия жүргізуші, ерекше қорғалатын табиғи аумақ инспекторы, орманшы (инспектор), аңшылықтанушы, биолог, ихтиолог, орман (учаске) шебері, авиациялық өрт сөндіру командасының (тобының) нұсқаушысы, ұшқыш-бақылаушы, таксатор-техник (негізгі қызметтердің), орман шаруашылығы мен ЕҚТА негізгі қызметтердің барлық мамандықтарының инженерлері. | |
3 | ММ, РММ және РМҚК, КММ, МКҚК және МКК екінші санаттағы біліктілік деңгейі орташа мамандары: агроном, өсімдіктерді қорғау жөніндегі агроном, тұқым шаруашылығы жөніндегі агроном, агрохимик, зоотехник, ветеринариялық жөніндегі фельдшер, жануарларды қолдан ұрықтандыру жөніндегі техник, асыл тұқымды іс жөніндегі техник, эколог, экскурсия жүргізуші, ерекше қорғалатын табиғи аумақ инспекторы, орманшы (инспектор), аңшылықтанушы, биолог, ихтиолог, орнитолог, орман (учаске) шебері, авиациялық өрт сөндіру командасының (тобының) нұсқаушысы, ұшқыш-бақылаушы, таксатор-техник (негізгі қызметтердің), орман шаруашылығы мен ЕҚТА негізгі қызметтердің барлық мамандықтарының инженерлері. | |
4 | ММ, РММ, РМҚК, КММ, МКҚК, МКК, ҚМК-ның санатсыз біліктілік деңгейі орташа мамандары: агроном, өсімдіктерді қорғау жөніндегі агроном, тұқым шаруашылығы жөніндегі агроном, агрохимик, зоотехник, аңшылықтанушы, мелиорация жөніндегі инженер, химик, химик-талдаушы, биохимик, ветеринариялық фельдшер, жануарларды қолдан ұрықтандыру жөніндегі техник, асыл тұқымды іс жөніндегі техник, эколог, орман (учаске) шебері, зертханашы, экскурсия жүргізуші, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар инспекторы, инженер-гидротехник, гидротехник, балық өсіруші, орманшы (инспектор), биолог, ихтиолог, орнитолог, авиациялық өрт сөндіру командасының (тобының) нұсқаушысы, ұшқыш-бақылаушы, таксатор-техник (негізгі қызметтердің), орман шаруашылығы мен ЕҚТА негізгі қызметтердің барлық мамандықтарының инженерлері. | |
"С" блогы (әкімшілік персонал) | ||
С1 | Басшы (Меңгеруші): механикалық-жөндеу шеберханасы, мұражай, цех | |
С2 | Біліктілік деңгейі жоғары мамандар: бухгалтер, зертханашы, кадрлар инспекторы, шебер, менеджер, механик, аудармашы, референт, экономист, заң консультанты, бағдарламашы, кітапханашы, жұмыс жүргізуші (прораб), технолог, қоғаммен байланыс жөніндегі маман, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженер, инженер-бағдарламашы (бағдарламашы), жабдықтау жөніндегі инженер, ғимараттар мен құрылыстар жөніндегі инженер | |
С3 | Мемлекеттік мекеменің әкімшілік-шаруашылық қызметін көрсетумен айналысатын құрылымдық бөлімшенің: виварий, кеңсе, қойма, шаруашылық, қазандық, учаске, мұрағат басшысы | |
Біліктілік деңгейі орташа мамандар: кітапханашы, бухгалтер, зертханашы, нұсқаушы, кадр жөніндегі инспектор, шебер, менеджер, механик, аудармашы, референт, жұмыс жүргізуші (прораб), экономист, заң консультанты, барлық атаулар техниктері, бағдарламашы, энергетик, технолог, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженер, инженер-бағдарламашы (бағдарламашы), жабдықтау жөніндегі инженер, ғимараттар мен құрылыстар жөніндегі инженер | ||
"D" блогы (қосымша персонал) | ||
D | ММ, РММ, РМҚК, КММ, МКҚК, МКК, ҚМК-ның техникалық орындаушылары: мұрағатшы, ассистент, рұқсатнама бюросының кезекшісі, іс жүргізуші, кассир, коммендант, шетел мәтінімен, диктофондық топпен, редакциямен, бюромен жұмыс істейтін машинка басушы, стенографист; тоңазытқыш жабдықтар, көшіру-көбейту машиналары, байланыс жүйелері, компьютерлік техника (бағдарламалар), электронды-есептеу машиналары, компьютер құрылғыларына қызмет көрсету операторлары, күзетші, хатшы, табелші, наряд жазушы, экспедитор, диспетчер |
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ММ - мемлекеттік мекеме;
РММ - республикалық мемлекеттік мекеме;
РМҚК - республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын;
КММ - коммуналдық мемлекеттік мекеме;
МКҚК - мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын;
МКК - мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын;
ҚМК - қазыналық мемлекеттік кәсіпорын.
ЕҚТА – ерекше қорғалатын табиғи аумақ