2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 100-бабы 2-тармағының 16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру қағидалары бекітілсін.
2. «Технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттар беру қағидаларын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 210 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізімінде № 12067 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 18 қыркүйекте жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Технологиялық және инновациялық даму департаменті (А.Б. Батырқожа):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін баспа және электронды түрде жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
________________ Б. Султанов
2016 жылғы 15 қаңтар
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасынын
Экономика мннистрі
________________ Е. Досаев
2016 жылғы 14 қаңтар
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 1192 бұйрығымен
бекітілген
Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттарды
беру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттарды беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 100-бабы 2-тармағының 16) тармақшасына сәйкес әзірленді және технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттарды беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) алдын-ала өтінім - осы Қағидалардың талаптарына сәйкес өтініш берушінің сауалнамасы, жоба паспорты және технологияларды коммерцияландыру стратегиясы қоса берілген өтініш;
2) грант алушы - осы Қағидаларға сәйкес инновациялық грант алған жеке және (немесе) заңды тұлға;
3) гранттық қаржыландыру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - комиссия) - құрамына уәкілетті органның және басқа мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың және тиісті салалардың өкілдері (келісім бойынша) және технологиялық дамыту саласындағы ұлттық даму институтының (бұдан әрі - ұлттық институт) қызметкерлері кіретін комиссия мүшелерінің саны тақ, өтінімдерің сараптамасын және осы Қағидалармен белгіленген инновациялық гранттар беру шарттарын ескере отырып, өтініш берушілердің жобалары бойынша шешім қабылдау үшін ұлттық институт шеңберінде құрылған алқалы орган;
4) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - индустрия және индустриялық-инновациялық даму саласындағы басшылықты жүзеге асыратын, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде салааралық үйлестіруді және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
5) инновациялық грант - инновациялық гранттар берудің басым бағыттары шеңберінде индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің индустриялық-инновациялық жобаларын іске асыру үшін оларға өтеусіз негізде берілетін бюджет қаражаты;
6) комиссия шешімі - комиссия мүшелері отырысына қатысушылардың санынан дауыс беру қорытындылары негізінде грант беру туралы ақпаратты қамтитын құжат, дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі;
7) өтінім - осы Қағидалардың талаптарына сәйкес қажетті құжаттар қоса берілген өтініш;
8) өтініш беруші - Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын, осы Қағидаларға сәйкес инновациялық грант алу үшін қарауға өтінім ұсынған жеке және (немесе) заңды тұлға;
9) технология - пайдаланылуы жаңа немесе жетілдірілген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді алуды қамтамасыз ететін, бірыңғай өндірістік циклде жұмыс істейтін процесс және (немесе) жабдықтар кешені;
10) технологияларды коммерцияландыру - он экономикалық әсер алуға бағытталған жаңа немесе жетілдірілген тауарларды, процестер мен қызметтерді нарыққа шығару мақсатында ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін практикалық пайдалануға байланысты қызмет;
11) технологияларды коммерцияландыруға грант беру туралы шарт (бұдан әрі - Шарт) - грант алу үшін ұлттық институт пен грант алушының арасында жасалған шарт;
12) технологиялық дамыту саласындағы ұлттық даму институты - индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға және инновациялық даму үрдістерін үйлестіруге уәкілетті ұлттық даму институты.
3. Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық грант өтініш берушілерге оң экономикалық әсер алуға бағытталған жаңа немесе жетілдірілген тауарларды, процестер мен қызметтерді нарыққа шығару мақсатында ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін практикалық пайдалану үшін беріледі.
4. Өтініш беруші өтінімде көрсетілген сенімді бастапқы мәліметтерді, есептерді, негіздерді ұсынады. Өтінімді дайындау және ұсыну бойынша барлық шығындарды өтініш беруші өзі қарастырады.
5. Инновациялық гранттарды беруді ақпараттық қамтамасыз етуді уәкілетті орган және ұлттық институт жүзеге асырады.
6. Осы Қағидаларға сәйкес инновациялық гранттарды беру уәкілетті орган мен ұлттық институт арасында жасалған шарт негізінде инновациялық гранттарды беруғе көзделген қаражатты бөлу арқылы уәкілетті органмен жүзеғе асырылады.
7. Сараптама жүргізу рәсімі ұлттық институтыц актілерімен реттеледі.
2. Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық
гранттар беру тәртібі
8. Ұлттық институт жылына 2 (екі) реттен кем емес алдын-ала өтінімдерді қабылдау мекен-жайы мен кезеңін көрсете отырып, инновациялық грант алуға алдын-ала өтінімдер қабылдаудың басталғаны туралы ресми бұқаралық ақпарат құралдарында және уәкілетті орган мен ұлттық институттың ресми интернет-ресурсында жариялайды. Алдын-ала өтінімдерді қабылдау кезеңі уәкілетті органмен алдын-ала өтінімдерді қабылдау басталғанға дейін 15 (он бес) жұмыс күні бұрын келісіледі.
9. Инновациялық гранттарды беруге алдын-ала өтінімдерді іріктеу рәсімі мынадай кезеңдерді бірізді жүргізуден тұрады:
1) рәсімі ұлттық институттың актілерімен реттелетін ұлттық институтпен алдын-ала өтінімтерді қабылдау және осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексеру.
Алдын-ала отінімдерді осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігіне тексеру аяқталған соң, ұлттық институт өтініш беруші сауалнамада көрсеткен электронды мекен-жайға анықталған сәйкессіздіктер (болған жағдайда) туралы хабарлама жібереді.
Алдын-ала өтінім осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, өтініш беруші анықталған сәйкессіздіктерді ұлттық институттан хабарлама алғаннан соң 10 (он) жұмыс күні ішінде жояды.
Сұратылған құжаттар 10 (он) жұмыс күні ішінде берілмеген жағдайда, алдын-ала өтінім өтініш берушіге одан әрі қараусыз қайтарылады;
2) ұлттық институтпен алдын-ала өтінімді келесі өлшемдер:
жобаны пысықтау сапасы;
идеяның инновациялылығы;
өтініш берушінің командасының құрамы;
нарықтық әлеуеті;
жобаны іске асыру бойынша пайымы бойынша қарастыру;
3) алдын-ала өтінім бойынша ұлттық институтпен шешім шығару. Бұл ретте одан әрі өтінімдерді беру мүмкіндігі туралы оң шешім алған алдын-ала өтінімдер саны келіп түскен алдын-ала өтінімдердің жалпы санының оннан бір болігінен аспауы қажет.
Ұлттық институт өтініш берушіні алдын-ала өтінімді қарастыру нәтижелері туралы хабарлайды;
4) рәсімі ұлттық институттың актілерімен реттелетін ұлттық институтпен өтінімтерді қабылдау және осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексеру;
Өтініштер осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігіне тексерілгеннен соң ұлттық институт өтініш беруші сауалнамада көрсеткен электронды мекен-жайға анықталған сәйкессіздіктер (болған жағдайда) туралы хабарлама жібереді.
Өтінім құжаттарының осы Қағидалардың 25-тармағына сәйкес келмеген жағдайда отініш беруші анықталған сәйкессіздіктерді ұлттық институттан хабарлама алғаннан соң 10 (он) жұмыс күні ішінде жояды.
Сұратылған құжаттар 10 (он) жұмыс күні ішінде берілмеген жағдайда, алдын-ала өтінім өтініш берушіге одан әрі караусыз қайтарылады;
5) қалыптасқан өтінімдер тізімінің негізінде ұлттық институтпен өтінімдерге сараптама жүргізу. Сараптаманы жүргізу рәсіміне талаптар осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.
Экономикалық және (немесе) технологиялық сараптаманың тepic қорытындысы кезінде қалған бағыттар бойынша сараптама жүргізілмейді және өтінімдер өтініш берушіге одан әрі қараусыз және комиссияға шығарусыз қайтарылады.
Мүдделер қақтығы болған жағдайда, сарапшы бұл туралы ұлттық институтты хабардар етуге міндетті, бұл жағдайда сарапшы нақты жобаның сараптамасынан шеттетіледі. Сарапшының өтініш берушімен аффирленгені сарапшының мүдделер қақтығы туралы хабарлауынсыз анықталған жағдайда, сарапшы шеттетіледі және сарапшылар базасынан шығарылады;
6) рәсімі ұлттық институттың актілерімен реттелетін ұлттық институтпен мәлімделген шығындардың негізділігін егжей-тегжейлі бизнес жоспарға сәйкес тексеру.
Осы Қағидалардың 9-тармағының 4)-6) тармақшаларында көрсетілген рәсімдердің жалпы мерзімі 60 (алпыс) жұмыс күнінен аспауы тиіс;
7) жобалар бойынша кешенді қорытындыны және өтінім бойынша құжаттарды инновациялық грант беру немесе беруден бас тарту туралы шешімді қабылдау үшін комиссияның қарауына дайындау және жіберу. Бұл ретте, инновациялық грант беру туралы оң шешім алған өтінімдер саны келіп түскен өтінімдердің жалпы санының үштен бір бөлігінен аспауы кажет;
8) комиссия шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күннен кешіктірмей ұлттық институтпен тиісті өтініш берушілерді негіздемесі қоса берілген теріс қорытынды туралы хабардар ету.
Комиссия отырысының хаттамасына қол қойылғаннан және грант алу үшін жобалар тізімі бекітілгеннен кейін ұлттық институт қызметкерлерімен грант алушыларды ұлттық институтпен Шартқа қол қою қажеттілігі туралы хабарлау;
9) Шартқа қол қою қажеттілігі туралы хабарлама алғаннан кейін 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей грант алушымен ұлттық институтқа Шартқа қол қою үшін қажетті құжаттap тізімін ұсыну.
Грант алушы мен ұлттық институт арасындағы Шартқа шешім қабылданған күннен кейін 20 (жиырма) жұмыс күнінен кешіктірмей қол қойылады. Шарт ұлттық институт актілерімен реттелетін нысанда әр тарап үшін бір-бірден екі данада жасалады:
Ұлттық институт Шартқа қол қойылған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде оның көшірмесін және инновациялық грантты беру туралы шешім қабылданған жобалар бойынша ақпаратты уәкілетті органның және ұлттық институттың интернет-ресурсында орналастырады.
10. Өтінімдерді ашық және жан-жақты қарастыру және гранттар бөлу туралы шешім қабылдау мақсатында ұлттық институтта Комиссия құрылады. Комиссия төрағасы ұлттық институттың бірінші басшысы болып табылады.
11. Комиссияның қызметін ұйымдастыру және құрамы ұлттық институттың актілерімен реттеледі.
12. Комиссияның отырысына өтініш беруші жобаны іске асыру бойынша командасымен бірге ұлттық институтпен құрылған комиссияның алдында немесе телекоммуникация құралдары арқылы өзінің жобасын ұсынуға шақырылады.
13. Жасасқан шарттарға сәйкес жобаның іске асырылуын бақылау мақсатында ұлттық институт егжей-тегжейлі бизнес жоспарға сәйкес одан әрі уәкілетті органға жіберу үшін жобаны іске асыру барысында тұрақты мониторинг жүргізеді.
14. Жасасқан инновациялық грант беру туралы шарттар бойынша жобалардың мониторингі ұлттық институттың актісімен реттеледі, ол уәкілетті органның және ұлттық институттың интернет-ресурсында орналастырылады.
15. Шарт грант алушының ұлттық институтпен жобаны аяқтау туралы шешім қабылданған сәттен бастап нарықта жобаны жылжытуға жәрдемдесу мақсатында 5 жыл ішінде ұлттық институтқа жоба туралы ақпарат ұсынуын көздейді.
3. Технолоғияларды коммерцияландыруға инновациялық
грантты беру шарттары
16. Технолоғияларды коммерцияландыруға инноваңиялық гранттар Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын жеке және заңды тұлғаларға беріледі.
17. Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар шеңберінде жобаларды қаржыландырудың жалпы сомасы негізделіп мәлімделғен шығындардың 80 (сексен) пайызын құрайды, бірақ 200 000 000 (екі жүз миллион теңгеден) артық емес және жобаның мақсаттары мен міндеттеріне қатаң сәйкестікте жобаны жүзеге асыру үшін ұлттық институтпен мәлімделғен шығындардың негізділігін тексеру қорытындысы бойынша негізделғен шығындарды төлеу үшін беріледі.
18. Инновациялық грант өтініш берушілерғе қоса қаржыландыру шартында күнтізбелік жоспарға сәйкес беріледі.
19. Конкурсты өткізу және жобаны іске асыру кезінде өтінім беруші-жеке тұлға тек бір жобада қатысуға өтініш береді және мәлімделген жоба бойынша басқа инновациялық гранттар алуға үміткер бола алмайды.
20. Инноваңиялық грант беру туралы оң шешім алған өтініш берушіғе шарт жасалғанға дейін заңды тұлға құру және Қазақстан Республикасы резиденті - екінші деңғейдегі банкте ағымдағы есеп-шотты ашу қажет немесе жоба жетекшісінің және (немесе) команда қатысушысының заңды тұлғаның жарғылық капиталында үлесі болған жағдайда жұмыс істеп тұрған заңды тұлға пайдаланылады және Қазақстан Республикасы резиденті - екінші деңғейдегі банкте қосымша есеп-шот ашылады. Осы есеп-шотта осы Қағидаларға сәйкес грант алушы тарапынан жобаны қоса қаржыландыру үшін қаражат орналасу қажет. Бұл ретте, грант алушы ұлттық институтқа есеп-шотта қаражаттың бар болуы туралы растауды ұсынады.
21. Қаржыландыруға мақұлданған жобалар Қазақстан Республикасы аумағында іске асырылуы тиіс. Гранттар шецберінде бөлінген қаржы өтініште көрсетілғен мақсаттарға жұмсалуы тиіс.
22. Жобаны іске асыру нәтижесі дайын инновациялық өнім және (немесе) қызмет өндірісі болып табылады.
23. Грантты иғеру мерзімі 36 (отыз алты) айдан аспауы қажет.
4. Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық грантты
алу үшін құжаттар тізімі
24. Технолоғияларды коммерцияландыруға инновациялық грант алу үшін үміткер өтініш беруші ұлттық институтқа мынадай құжаттарды қамтитын алдын-ала өтінімді ұсыну қажет:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алдын-ала өтінімді ұсынуға өтініш.
Өтінім жоба жетекшісінің қолымен куәландырылады және PDF үлгісінде мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерде ұсынылады.
2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің сауалнамасы (сондай-ақ word нысанында электронды тасығышта ағылшын тілінде ұсынылады);
3) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаныц паспорты (сондай-ақ word нысанында электронды тасығышта ағылшын тілінде ұсынылады);
4) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша технологияларды коммерцияландыру стратегиясы (сондай-ақ word нысанында электронды тасығышта ағылшын тілінде ұсынылады);
5) бизнес құрылым тарапынан жоба нәтижелерін пайдалану ниетін растайтын құжат (талап етілетін егжей-тегжейлі техникалық және құндық өлшемдерімен). Осындай қүжаттыц болуы алдын-ала өтінім бойынша ұлттық институт шешім қабылдау кезінде басымдылық болып табылады.
25. Иинноваңиялық грант алуға отінім беру туралы ұлттық институттан оң шешім алған өтініш беруші ұлттық институтқа мынадай құжаттарды қамтитын өтінімді ұсыну қажет:
1) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инновациялық грант алуға өтініш.
Өтінім жоба жетекшісінің қолымен куәландырылады және PDF үлгісінде мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерде ұсынылады.
2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің сауалнамасы (сондай-ақ word нысанында электронды тасығышта ағылшын тілінде ұсынылады), пысықталған жағдайда;
3) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаның паспорты (сондай-ақ word нысанында электронды тасығышта ағылшын тілінде ұсынылады), пысықталған жағдайда;
4) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша технологияларды коммерцияландыру стратегиясы (сондай-ақ word нысанында электронды тасығышта ағылшын тілінде ұсынылады), пысықталған жағдайда;
5) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша күнтізбелік жоспар жобасы (сондай-ақ word нысанында электронды тасығышта ағылшын тілінде ұсынылады);
6) осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәлімделген шығындарды растайтын құжаттары қоса берілген шығындар сметасының жобасы (шарттар, келісімдер көшірмелері, басқа жеткізушілердің бағалық және (немесе) коммерциялық ұсыныстары, интернет-ресурстарға сілтемелер, төлемге шоттар);
7) анықтама беру күнінің алдында үш айдан астамға созылатын міндеттемелердің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы банктің немесе банк филиалының қол қойылған және мөр басылған анықтамасы;
8) есеп-шотта жеткілікті қаражаттың болуы туралы қол қойылған және мөр басылған банктің немесе банк филиалының анықтамасы;
9) өтініш берушінің ғылыми-техникалық саладағы жұмыстарды орындауға біліктілігін растайтын лицензиялардың, патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың және басқа құжаттардың көшірмелері (болған жағдайда).
26. Ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін ұсынылған алдын-ала өтінім мен инновациялық грант алуға өтінім тіркеуге және қарастыруға жатқызылмайды.
27. Алдын-ала өтінім мен инновациялық грант алуға өтінім ұлттық институтқа қағаз тасығышта қолма-қол немесе электронды нысанда ұлттық институттың электронды мекен-жайына сканерленген, қол қойылған, нөмірленген бірыңғай файлда PDF нысанында ұсынылады.
28. Шарт жасасу үшін өтініш беруші өтінім құжаттарының түпнұсқаларын ұсынады. Бұл ретте, грант алуға өтінім құжаттары бірыцғай папкаға жинақталған, қол қойылған, нөмірленген, тігілген және мөр қойылған болуы қажет.
29. Шарт жасалған өтінім құжаттары өтініш берушіге қайтарылмайды.
30. Өтініш беруші ұсынылған құжаттардың, бастапқы мәліметтердің, есептердің, негіздемелердің толықтығын және дұрыстығын қамтамасыз етеді.
Өтініш беруші ұсынған ақпаратта есептерде пайдаланылған дерек көздері және есепті жүргізу күні көрсетіледі.
Технологияларды коммерцияландыруға
инновациялық гранттар беру
қағидаларына
1-қосымша
Сараптаманы жүргізу рәсіміне қойылатын талаптар
1. Жобаның сараптамасын өткізу ұлттық институттың сарапшыларымен іске асырылады, қажет болған жағдайда ұлттық институттың негізділігімен сараптаманы өткізу үшін отандық және (немесе) шетелдік жеке және (немесе) заңды тұлғалары тартылады.
Сарапшылар жобаның сараптамасын мынадай бағыттар бойынша кезең-кезеңмен жүргізеді:
1) экономикалық сараптама нарықты, жобаның экономикалық орындылығын, бәсекеғе қабілеттілік өлшемдерін, маркетингтік стратеғияны, жоспарланған жұмыстардың тәжірибелік маңыздылығымен және экономикалық орындылығын бағалау мақсатында жүргізіледі;
2) технолоғиялық сараптама жобаның тектестермен салыстырғандағы артықшылықтарын анықтау, іске асырылуын белгілеу және технологиялық орындылығын анықтау мақсатында жүргізіледі;
3) қаржылық сараптама ресурстар (адами, қаржылық және басқа материалдық) сәйкестігін және жұмыстарды мәлемделген мерзімғе, көлемге және жұмыстың мазмұны мен қаржыландыруға сұралатын сомаға бөлу, сондай-ақ олардың тәуекелдерін азайту үшін жеткіліктіліғін анықтау, қаржылық бағалаудың тәсілдері арқылы талдау мақсатында жүргізіледі;
4) тәуекелдерді талдау қатерлердің факторларын анықтау және олардың маңыздылығын бағалау, жобаның мақсатқа жетуіне кері әсерін тигізетін оқиғалар ықтималдылығын талдау мақсатында жүргізіледі.
2. Экономикалық және (немесе) технологиялық сараптаманың теріс қорытындысы кезінде қалған бағыттар бойынша сараптама жүргізілмейді және өтінім өтініш берушіге одан әрі қараусыз және комиссияға шығарусыз қайтарылады және инновациялық ғрантты беруден бас тартуға негіз болады.
3. Ұлттық институт Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, салалық қауымдастықтардың ұсынымдары негізінде, оның ішінде сыртқы отандық және шетелдік сарапшылар мен сараптамалық ұйымдардың тізбесін жасайды.
4. Өтінімдерді сараптамадан жүргізу үшін сарапшыларды тарту кезінде ұлттық институт әр сарапшымен сарапшылық қызметтер көрсету туралы шарт жасасады, оның нысаны ұлттық институттың актілерімен реттеледі.
5. Сараптама жүргізу мен нысаны бағалау парағы актілеріне тәртібі ұлттық институттың актілерімен реттеледі.
6. Өтінімді дайындауға тікелей қатысқан, сондай-ақ өтініш берушімен аффилиирленген сарапшыларға өтінімді бағалауға жол берілмейді.
Технологияларды коммерцияландыруға
инновациялық гранттар беру
қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Тіркеу күні: Өтінім нөмірі:____________________
«__» ______ 20__ж. (ұлттық институтпен бекітіледі)
Алдын-ала өтінім беруғе
өтініш
_______________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы/жеке тұлғаның Т.А.Ә.)
технолоғияларды коммерцияландыруға инноваңиялық грант алуға осы
өтінішті қажетті материалдар және (немесе) құжаттар топтамасымен
бірге жібереді.
Жобаның атауы:
_______________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Жоба инновациялық гранттарды берудің басым бағытына жатады:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(инновациялық ғранттарды берудің басым бағытын көрсету керек)
Гранттың сұратылған сомасы теңғеде (санмен және жазбаша):
_______________________________________________________________
Жобаныц толық құны теңгеде (санмен және жазбаша):
_______________________________________________________________
Жобаны іске асыру үшін мәлімделген шығындар теңгеде (санмен
және жазбаша):_______________________________________________________
Мен, жоғарыда көрсетілғен жобаның жетекшісі, осымен ғранттық
ұсыныста көрсетілғен ақпарат дұрыс және нақты екенін растаймын. Кіші
жоба қаржыландырылған жағдайда, көрсетілген кіші жобаны іске асыруда
шартта көрсетілген талаптар мен мерзімдерді сақтай отырып, толық
жауапкершілікті өзіме аламын.
Осымен осы өтінім бойынша, оның ішінде құпия мәліметтерді
қамтитын, құжаттарды, материалдарды және ақпаратты қолдануға оз
келісімімді беремін, сіздің ұйымыңыз, оның ішінде басқада тұлғаларды
тарту арқылы сараптамалық бағалау жүргізгенде, сондай-ақ жеке немесе
заңды тұлға туралы барлық көздерде кредиттік берешектің болуы
(болмауы) туралы өтініш берушінің бірінші басшысымен немесе өтініш
беруші-жеке тұлғамен қол қойылған деректерді жинауға өз келісімімді
беремін.
Осымен ұсынылған материалдардың және ақпараттың, оның ішінде
бастапқы деректердің, есептердің, негіздердің және т.б., дұрыстығын
және дұрыс емес деректердің ұсынылуы фактілері анықталған жағдайда,
өтінім қараусыз кері қайтарылатыны туралы ескерту алғанымды
растаймын.
Осымен осы өтінімге қоса берілген материалдар, ақпарат,
техника-технологиялық шешімдер және ілеспе құжаттама қолдануға және
таратуға ешқандай шектеу жоқ екенін, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының мемлекеттік құпиясын қамтитын мәліметтерді
қамтымайтындығын растаймын.
Сондай-ақ, ұлттық институтқа өтінім берген сәттен бастап
мыналарды:
1) банкрот немесе дәрменсіздік нәтижесінде таратылған
сатысындағы, мүлкіне тыйым салынған меншік иесі және (немесе) заңды
тұлғалардың басшысы немесе басшысы болған заңды тұлға, меншік иесі
және бірінші басшысы болып табылмайтындығымызды;
2) банкрот сатысында немесе жеке кәсіпкерлерге қатысты
дәрменсіздік нәтижесінде таратылған және мүлкіне тыйым салынған жеке
тұлға болып табылмайтындығымызды растаймыз.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министірінің
20__жылғы «__» _______ № бұйрығымен бекітілген Технологияларды
коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру қағидаларымен және
Грант беру туралы шарт жасасу үшін қажетті құжаттар тізбесімен
таныстым.
Технологиялық коммерцияландыруға инноваңиялық гранттар беру
туралы қағидалардың талаптарына сәйкес талап етілген материалдар және
(немесе) құжаттар ________ парақта қоса беріледі.
Осы өтінім мәселелері бойынша хат-хабарды жүргізу үшін
электрондық поштаның мекен-жайы:____________________________________.
Ескертпе: заңды тұлға үшін: ұйымның бланкісінде жасалады.
Өтінімге бірінші басшы немесе өзғе уәкілетті тұлға қол қояды.
_________________________________ __________________________________
_________________________________ __________________________________
өтінім беруші атынан (Т.А.Ә.) (қолы)
құжаттарға қол қою өкілеті
бар тұлғаның лауазымы)
Материалдарды және (немесе) құжаттарды алғаны туралы белгі
(ұлттық институтпен толтырыады)
Алынған күні: 20__ жылғы «__» _____________
Отінімнің тіркеу нөмірі ___________________
Тіркеуші __________________________________
(Т.А.Ә., қолы)
Технологияларды коммерцияландыруға
инновациялық гранттар беру
қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Өтініш берушінің сауалнамасы
Келіп түскен күні: |
Ұлттық институттың қызметкерімен толтырылады |
|||
Өтінім нөмірі |
||||
Файлдың орналасқан орны: |
||||
*Өтініш берушінің т.а.ж.: |
* Өтініш берушінің мекенжайы (индекс, облысы, ауданы, елді мекен, көшесі, үйі, пәтері) |
|||
*Байланыс деректері: Телефон/факс |
Жасыңызды көрсетіңіз (жеке тұлғалар үшін) |
|||
Электрондық мекенжай |
||||
Жобаның атауы: |
||||
*Гранттың түрі: |
||||
*Басым бағыт |
*Негізгі сөздер (3 сөзден артық емес) |
|||
*Сұратылған сома (теңгеде) |
*Іске асыру мерзімі (ай) |
|||
*Кәсіпорындар туралы ақпарат (заңды тұлғалар үшін) |
||||
Кәсіпорын өлшемі |
ЭҚЖЖ сәйкес қызмет түрі (4 санды): ___________________ |
|||
*Жобаның жетекшісі туралы ақпарат: |
||||
Т.А.Ә.: |
Ғылыми дәрежесі/берілген жылы |
Электрондық мекен-жайы |
||
Жынысы ер әйел |
Ұялы телефон |
Байланыс мекен-жайы |
||
*Жұмыс орны: Ұйымның атауы: |
||||
Лауазымы |
Жұмыс телефоны/электронды мекен-жайы |
|||
Инновациялық грант туралы қандай коздерден білдіңіз? |
||||
* Команда құрамы: |
||||
№ |
Т.А.Ә. |
Жобадағы лауазымы |
Негізгі жұмыстағы лауазымы |
Қолы |
Команда құрамы жобаның жетекшісін қоса алғанда 10 адамнан аспауы керек, (командада міндетті түрде кемінде 1 технологияларды жылжыту бойынша 1 маман болуы тиіс) |
Ескертпе: * көрсетілген жолдар міндетті түрде толтырылады. Жетекші
немесе жобаны іске асыру бойынша команда мүшелері ауысқан, байланыс
мәліметтері өзгерген кезде ұлттық институтты хабардар ету керек.
Технологияларды коммерцияландыруға
инновациялық гранттар беру
қағидаларына
4-қосымша
Нысан
Жобаның паспорты
1. Жобаның атауы:
2. Жобаның өзектілігі (200 сөзден астам емес):
3. Жаңалықтарды, бірегейлігін, жобаның нәтижелерін нақты қолдануды, қолдану перспективаларын және басқаны қоса алғанда (500 сөзден астам емес) жобаның қысқаша аңдатпасы және оның мақсаттары:
3.1 Жобаның инновациялығы (5 ұсыныстан кем емес):
3.2 Жобаның ішкі және сыртқы нарықта бәсекеге қабілеттілігі (5 ұсыныстан кем емес):
3.3 Жобаның ауқымдылығы (5 ұсыныстан кем емес):
4. Жобаның күтілетін нәтижесі:
5. Әзірлемені қолдану саласы:
6. Техникалық нәтиженің сипаттамасы (керегін сызу): жаңа өнімді, процесті, қызметті жасау, басқасы (көрсету).
7. Жобаның негізгі техникалық шешімдерін патенттік қорғау (керегінің астын сызу): қажет, қажем емес, патент бар, құқықтық қорғау бар.
8. Жобаның дайындық дәрежесі (керегінің астын сызу):
Ғылыми-зерттеу жұмысы жүргізілген (шифрі, коды):
1) кәсіпорында/холдингте/корпораңияда талқыланған (Хаттама);
2) жобалық-конструкторлық құжаттама бекітілген (Хаттама);
3) алдын алу клиникалық және клиникалық сынақ өткізу туралы акті;
4) өндіріске беру дайындығы және/немесе ҒЗЖ аяқталғаны туралы растайтын озғе құжаттар (көрсету):
9. Тәуелсіз сараптама жүргізілді ме (ия, жоқ, қандай, кім жүргізді)
10. Маркетинг зерттеу жүргізілді ме? Бар болған жағдайда, жүргізілғен маркетингтік зерттеу нәтижесін көрсетіңіз.
11. Ниет туралы шарттар/хаттамалар/кіші жоба бойынша қолдау хаттар бар ма (соңғы 3 жылда қызығушылық танытқан ұйымдарды көрсету) (бар болса қосымшаны қоса беру).
12. Жобаны іске асыру орны:
13. Осы жоба басқада көздерден қаржыландырылды ма (ия, жоқ) және қандай көлемде?
Технологияларды коммерцияландыруға
инновациялық гранттар беру
қағидаларына
5-қосымша
Нысан
Технологияларды коммерцияландыру стратегиясы
1. Жобаның мақсаты, өзектілігі, жобаны орындау нәтижелері.
2. Жобаны іске асыру бойынша жұмыстың мәні мен мазмұны (техникалық бөлім 1,5 беттен артық емес, маркетингтік бөлім 3,5 беттен артық емес).
Техникалық бөлім
Ұсынылған әзірлеме жобасының техникалық мәні егжей-тегжейлі сипатталады (қажет болса жазылғанды суреттермен, схемалармен, диаграммалармен, фотосуреттермен және т.б. көрсету керек). Әзірленетін технолоғияның, құрылғының, процестің техникалық параметрлерін және негізгі сипаттамаларын көрсете отырып, техникалық тапсырманың жобасын жасауға және негіздеуге мүмкіндік беретін жоба бойынша жұмыстың ғылыми-техникалық мазмұны нақтыланады. Жаңа өнімді және технологияны жасаудың немесе (аналогы бар әзірлеменің түпкілікті объектісі үшін) оның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін функционалдық, тұтынушылық, құндық және басқа көрсеткіштерді жақсартудың алғышарттары қандай жаңашылдықтардың есебінен пайда болатынын көрсету керек. Мәлімделғен мақсаттарға қол жеткізғен кезде мүмкін техникалық тәуекелдер талқыланады.
Маркетингтік бөлім
3. Тауар өнімін откізудің әлеуетті нарығы және оны тұтынушылар. Тауар өнімін өткізу нарығына сипаттама және баға беріледі. Өнімге ішкі және сыртқы нарықтардағы қолданыстағы және болжамды сұраныстың заттай есептелген және ақшалай баламада бағасы келтіріледі. Мыналар: арнайы маркетингтік зерттеулер жүргізілді ме, қандай компаниялар жобаның нәтижелерін немесе өлардың негізінде жасалған өнімдер мен технологияның әлеуетті тұтынушысы болады, ұқсас тауар өндіруші негізгі компаниялар сипатталады. Арнайы маркетингтік зерттеулер жүргізілген жағдайда тиісті құжаттаманы қоса беру қажет.
4. Өнімнің артықшылығы мен бәсекеғе қабілеттілігі негізделеді. Өнімнің техникалық және құндық көрсеткіштерінің қандай жиынтыгы оның бәсекеғе қабілеттілігін қамтамасыз ететіні айқындалады. Ұсынылатын жаңа өнімнің нақты параметрлерін нарықтағы техникалық көрсеткіштері мен құнының жиынтыгы бойынша аналогтармен салыстыру кестесі келтіріледі. Өнім иелену мүмкін нарық тауашасы (ақшалай және заттай мәндегі өткізу көлемі, нарық үлесінің пайызы) бағаланады. Көрсетілген параметрлері бар тауар өнімін нақты тұтынушыларға өткізу мүмкіндігін растайтын құжаттарды (кепілдеме хат, міндеттемелер, шарттар) қоса берген жөн. Өнімнің немесе оның құрамдастарының болжамды санаттарын сертификаттауды жүргізудің қажеттілігі нақтыланады.
Ұйымдастырушылық бөлім
5. Жоба бойынша жұмыс кезеңдері.
Кезеңдер бойынша және тұтастай жоба бойынша жұмыс жүргізудің дәйектілігі мен мерзімдері сипатталады және негізделеді. Әрбір кезең бойынша қандай аралық нәтижелер күтілетіні және олар қандай есеп құжаттарымен расталатыны көрсетіледі. Айтылғандардың негізінде күнтізбелік жоспардың жобасы құрастырылады.
Жоба бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.
6. Жобаны басқа ұйымдармен бірлесіп орындаған кезде бірлесіп орындаушы ұйымдар (заңды тұлғалар) көрсетіледі. Жоба бойынша жұмыстарды өтінім беруші ұйым мен бірлесіп орындаушы ұйым арасында бөлу қажеттігі негізделеді. Нақты бірлесіп орындаушы ұйымдарды таңдау неге негізделгендігі көрсетіледі, әрбір бірлесіп орындаушы ұйым туралы қысқаша анықтама беріледі:
1) ұйымның толық атауы;
2) заңды және нақты мекенжайы;
3) ұйым басшысының Т.А.Ә., телефоны.
Жоба бойынша жұмыс проңесінде бірлесіп орындаушы ұйымды ауыстыруға жол беріледі.
Қаржылық-экономикалық бөлім
Жобаны орындау кезінде бюджет қаражатын мақсатты пайдалану негізделеді (шығындар):
7. Ғылыми жұмыстар үшін арнайы жабдықтар сатып алу қажеттілігі, жеткізушілерді таңдау, номенклатура мен бағалар. Арнайы жабдықтарға мыналар жатқызылады: егер бұл техникалық тапсырма жобасында көзделген болса, стендтер, сынақ станциялары, аппаратура, аспаптар, тетіктер, құрылғылар және басқалары (оның ішінде зерттеулердің/сынақтардың объектілері болып табылатын сериялы бұйымдар). Зерттеулердің (сынақтардың) объектілері болып табылмайтын сериялы бұйымдар және сериялық (оның ішінде импорттық) есептеу техникасы ғылыми жұмыстарға арналған арнайы жабдыққа жатпайды.
8. Материалдарды және жинақтауыштарды сатып алу қажеттілігі, олардың номенклатурасы мен бағалары.
9. Жобаға қатысуға бірлесіп орындаушыларды тартудың қажеттілігі және тиісінше аударымдарымен бірге жалақы төлеуге мәлімделген қаражат көлемі: жоба бойынша әрбір жұмыс кезеңі бойынша әрбір жұмыскердің функңиялары көрсетілген штаттық кестені, жоба бойынша жұмысқа жұмыскердің қатысу дәрежесі (толық жұмыс уақыты, жартылай қоса атқару), жұмыскердің жалақысы, ғылыми іссапарлар (ғылыми мақсаттағы іссапарлар) көрсетіледі.
10. Бірлесіп орындаушылар сатып алатын жабдық пен материалдарды шамалап көрсетуді қоса алғанда, олар атқарған жұмыстардың құны, сондай-ақ тартылатын персоналдың саны.
11. Жоғарыда жазылғандардың негізінде смета жобасы және жобаны қаржыландыру кестесінің жобасы құрастырылады.
Ескертпе: Барлық шығыс мәліметтер мен есептеу шамалары үшін оларды алу көздері көрсетілуі тиіс. Бағалық шамалар үшін есептеу жүргізілетін нақты күні көрсетілуі тиіс.
Өтінім беруші ұйымның басшысы (жеке тұлға) ____________________
(қолы, А.Т.Ә.А.)
М.О. (бар болса)
Технологияларды коммерцияландыруға
инновациялық гранттар беру
қағидаларына
6-қосымша
Нысан
Тіркеу күні: Өтінім нөмірі:_____________________
«__» _________20__ ж. (ұлттық институтпен бекітіледі)
Инновациялық грант алуға
өтініш
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы/жеке тұлғаның Т.А.Ә.)
технолоғияларды коммерцияландыруға инновациялық грант алуға осы
өтінішті қажетті материалдар және (немесе) құжаттар топтамасымен
бірге жібереді.
Жобаның атауы:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Жоба инновациялық гранттарды берудің басым бағытына жатады:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(инновациялық ғранттарды берудің басым бағытын корсету керек)
Гранттың сұратылған сомасы теңгеде (санмен және жазбаша):
_______________________________________________________________
Жобаның толық құны теңгеде (санмен және жазбаша):
_______________________________________________________________
Жобаны іске асыру үшін мәлімделген шығындар тецгеде (санмен
және жазбаша): ______________________________________________________
Мен, жоғарыда көрсетілген жобаның жетекшісі, осымен гранттық
ұсыныста көрсетілғен ақпарат дұрыс және нақты екенін растаймын. Кіші
жоба қаржыландырылған жағдайда, корсетілғен кіші жобаны іске асыруда
шартта көрсетілген талаптар мен мерзімдерді сақтай отырып, толық
жауапкершілікті өзіме аламын.
Осымен осы өтінім бойынша, оның ішінде құпия мәліметтерді
қамтитын, құжаттарды, материалдарды және ақпаратты қолдануға өз
келісімімді беремін, сіздің ұйымыңыз, оның ішінде басқада тұлғаларды
тарту арқылы сараптамалық бағалау жүргізгенде, сондай-ақ жеке немесе
заңды тұлға туралы барлық көздерде кредиттік берешектің болуы
(болмауы) туралы өтініш берушінің бірінші басшысымен немесе өтініш
беруші-жеке тұлғамен қол қойылған деректерді жинауға өз келісімімді
беремін.
Осымен ұсынылған материалдардың және ақпараттың, оның ішінде
бастапқы деректердің, есептердің, негіздердің және т.б., дұрыстығын
және дұрыс емес деректердің ұсынылуы фактілері анықталған жағдайда,
өтінім қараусыз кері қайтарылатыны туралы ескерту алғанымды
растаймын.
Осымен осы өтінімге қоса берілғен материалдар, ақпарат,
техника-технологиялық шешімдер және ілеспе құжаттама қолдануға және
таратуға ешқандай шектеу жоқ екенін, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының мемлекеттік құпиясын қамтитын мәліметтерді
қамтымайтындығын растаймын.
Сондай-ақ, ұлттық институтқа өтінім берғен сәттен бастап
мыналарды:
1) банкрот немесе дәрменсіздік нәтижесінде таратылған
сатысындағы, мүлкіне тыйым салынған меншік иесі және (немесе) заңды
тұлғалардың басшысы немесе басшысы болған заңды тұлға, меншік иесі
және бірінші басшысы болып табылмайтындығымызды;
2) банкрот сатысында немесе жеке кәсіпкерлерге қатысты
дәрменсіздік нәтижесінде таратылған және мүлкіне тыйым салынған жеке
тұлға болып табылмайтындығымызды растаймыз.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министірінің
20__ жылғы «__» _________ № ___ бұйрығымен бекітілген Технологияларды
коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру қағидаларымен және
Грант беру туралы шарт жасасу үшін қажетті құжаттар тізбесімен
таныстым.
Технологиялық коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру
туралы қағидалардың талаптарына сәйкес талап етілген материалдар және
(немесе) құжаттар парақта қоса беріледі.
Осы өтінім мәселелері бойынша хат-хабарды жүргізу үшін
электрондық поштаның мекен-жайы:.
Ескертпе: заңды тұлға үшін: ұйымның бланкісінде жасалады.
Өтінімге бірінші басшы немесе өзғе уәкілетті тұлға қол қояды.
________________________________ ___________________________________
________________________________ ___________________________________
өтінім беруші атынан (Т.А.Ә.) (қолы)
құжаттарға қол қою өкілеті
бар тұлғаның лауазымы)
Материалдарды және (немесе) құжаттарды алғаны туралы белгі
(ұлттық институтпен толтырыады)
Алынған күні: 20__ жылғы «___» ____________
Өтінімнің тіркеу нөмірі ___________________
Тіркеуші __________________________________
(Т.А.Ә., қолы)
Технологияларды коммерцияландыруға
инновациялық гранттар беру
қағидаларына
7-қосымша
Нысан
Күнтізбелік жоспар жобасы
Жоба атауы:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
№ рр |
Шарт бойынша жұмыстар және олардың негізгі кезеңдері атауы |
Жұмыстарды атқару мерзімі (айлар) |
Кезеңнің есептік құны (теңге) |
Есеп нысаны мен түрі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Ескертпе: Күнтізбелік жоспар жобасында жобаны іске асырудың
3-тен көп емес кезеңі көрсетіледі.
Жоба жетекшісі _____________ ____________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Өтініш беруші-ұйым жетекшісі _____________ ____________________
(жеке тұлға) (қолы) (Т.А.Ә.)
Технологияларды коммерцияландыруға
инновациялық гранттар беру
қағидаларына
8-қосымша
Нысан
Шығындар сметасының жобасы
Жоба атауы
_____________________________________________________________________
Жұмыстарды орындауға шығындар |
Шығындар сомасы, теңге |
Жұмыстар кезеңі |
Баға қою бойынша түсініктемелер |
Есептерде пайдаланылатын деректер көзі |
||
Шығындар |
||||||
оның ішінде таптар бойынша |
||||||
Анықтама үшін: қаржыландырудың басқа көздері есебінен шығындар - Барлығы: |
||||||
оның ішінде: |
||||||
өз қаражаты |
||||||
басқалар (қандай) |
Есептер жүргізу күні
Ескертпе: шығындардың әр баптары бойынша өтініш беруші
есептеулерде пайданылған деректердің көзін, баға қоюды ашып көрсету
қажет.
Жоба жетекшісі _____________ ____________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Өтініш беруші-ұйым жетекшісі _____________ ____________________
(жеке тұлға) (қолы) (Т.А.Ә.)