Инновациялық гранттар берудiң басым бағыттарын айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 1163 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 1 ақпанда № 12967 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 17 қыркүйектегі № 339/НҚ бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 17.09.2020 № 339/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 100-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес инновациялық гранттар берудiң басым бағыттары айқындалсын.

      2. "Инновациялық гранттар берудiң басым бағыттарын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 219 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11458 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 15 шілдеде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Технологиялық және инновациялық даму департаменті (А.Б. Батырқожа):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электронды түрде жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-миниcтріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

Қазақстан Республикасы


Инвестициялар және даму министрінің


міндетін атқарушы

А. Рау

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрі

      ______________ А. Мамытбеков

      2015 жылғы 23 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау және әлеуметтік

      даму министрі

      ______________ Т. Дүйсенова

      2015 жылғы 25 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ______________ Б. Сұлтанов

      2015 жылғы 10 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ______________ Е. Досаев

      2015 жылғы 18 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрі

      ______________ В. Школьник

      2015 жылғы 29 желтоқсан



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушысының
2015 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 1163 бұйрығына
қосымша

Инновациялық гранттар берудiң басым бағыттары

      Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.11.2017 № 801 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Минералдық және көмірсутегі шикізатын іздеудің, өндірудің, тасымалдаудың және қайта өңдеудің прогрессивтi технологиялары.

      2. Тау-кен металлургия кешеніндегі прогрессивтi технологиялар.

      3. Агроөнеркәсіп кешеніндегі, тамақ өнеркәсібіндегі және агрохимиядағы прогрессивтi технологиялар.

      4. Фармацевтика саласындағы, медицина өнеркәсібіндегі, биотехнологиялардағы, биоинженериядағы, гендік инженериядағы прогрессивтi технологиялар.

      5. Химияның және мұнай-химиясының прогрессивтi технологиялары.

      6. Жаңа материалдарды пайдалануды қоса алғанда, машина жасаудың прогрессивтi технологиялары.

      7. Баламалы энергетика, жаңартылған энергия көздері.

      8. Энергия тиімділігі технологиялары.

      9. Инфокоммуникациялық технологиялар, оның ішінде:

      ақпараттық (кибер) қауіпсіздік саласындағы технологиялар;

      электрондық өнеркәсіп технологиялары.

      10. Жеңіл өнеркәсіптегі прогрессивтi технологиялар.

      11. Жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібіндегі прогрессивтi технологиялар.

      12. Жаңа материалдарды пайдалануды қоса алғанда, құрылыстағы прогрессивтi технологиялар.

      13. Буып-түю өнеркәсібіндегі прогрессивті технологиялар.

      14. Робот техникасы.

      15. Нано және ғарыш технологиялары.

      16. Энергетика.