Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 23.08.2024 № 66 (лғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Көрсетілген бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір шешімдерінің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Заң қызметі департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің жауапты хатшысы А.Д. Құрманғалиеваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Т. Дүйсенова |
Келісілді
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрі
___________ А. Сәрінжіпов
" " _____________ 2015 жыл
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қыркүйектегі № 772 бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің
өзгерістер енгізілетін кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын және оларды аттестаттау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 16 наурыздағы № 134 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5628 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2009 жылғы 8 мамырдағы № 69 (1492) болып жарияланған):
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 233-бабын және "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының заңының 8-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарының 2-бабы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Әлеуметтік қызметкер:
Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы, Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодекстерді, "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы", "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарын;".
2. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 08.06.2023 № 210 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 09.03.2023 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.