Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ұсталғандарды және қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүрудің қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 23 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 3 ақпанда № 12988 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңы 15-бабының 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ұсталғандарды және қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүрудің қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (бұдан әрі – Ұлттық бюро) заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
      4) Ұлттық бюроның интернет-ресурсында осы бұйрықты орналастыруын;
      5) Ұлттық бюроның құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің назарына осы бұйрықтың жеткізілуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ұлттық бюроның Төрағасы Қ.П. Қожамжаровқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Мемлекеттік қызмет істері министрі         Т. Донақов

Қазақстан Республикасы  
Мемлекеттік қызмет істері
министрінің        
2015 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 23 бұйрығымен     
бекітілген         

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ұсталғандарды және
қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүрудің қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ұсталғандарды және қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру тәртібін айқындайды.
      2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ҚПК) 128131-баптарының негізінде және тәртібінде ұсталған, қылмыстың жасалуына сезіктілерді, сондай-ақ ҚР ҚПК 147-бабының негізінде сот қамауға алуға санкция берген, қылмыстың жасалуына айыптыларды (бұдан әрі – ұсталғандар және қамауға алынған адамдар) айдауылмен алып жүру бойынша міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының облыстар бойынша департаменттерінде (бұдан әрі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аумақтық органының) басшының бұйрығымен топтар құрылады, ал Астана және Алматы қалалары бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аумақтық органдарында штаттық айдауылмен алып жүру бөлімшелері құрылады.
      Айдауылдау бөлімшелерінің міндеттері:
      1) сезіктілерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аумақтық органының ғимараттарынан уақытша ұстау изоляторларына (бұдан әрі – УҰИ) дейін айдауылмен алып жүру;
      2) ұсталғандарды және қамауға алынған адамдарды УҰИ-ден медициналық мекемелерге амбулаторлық куәландыру және тексеру үшін айдауылмен алып жүру;
      3) іс жүргізуі УҰИ, тергеу изоляторларда (бұдан әрі – ТИ) жағдайларында мүмкін емес тергеу әрекеттерін жүргізу үшін ұсталғандарды және қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру, оларды тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде, стационарлық емдеу кезінде күзету;
      4) ұсталғандарды және қамауға алынған адамдарды УҰИ-ден, ТИ-ден сотқа санкция алуға, бұлтартпау шараларын өзгертуге айдауылмен алып жүрудің және кайта әкелу, сот отырыстары кезінде оларды күзету;
      5) ұсталғандарды және қамауға алынған адамдарды ҚР ҚПК 150-бабының 2-бөліміне сәйкес тергеу амалдарын жүргізу үшін бір тергеу изоляторынан басқа тергеу изоляторына прокурордың қаулысы немесе прокурормен бекітілген сотқа дейінгі тергеу жүргізуші тұлғаның қаулысымен айдауылданады;
      6) айдалудағы кезінде қашқан қылмыскерлерді іздеу және ұстау.
      Айдауыл сезіктінің тарапынан құқыққа қарсы әрекеттерді болдырмау мақсатында тергеуші (анықтаушы) сезіктіні ұстау хаттамасымен таныстыру кезінде болуы қажет.
      3. Ұсталғандарды және қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру белгілі бір бағыттар бойынша (негізгі, қосалқы) жүзеге асырылады, оларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аумақтық органының басшысы (оны алмастыратын тұлға) бекітеді.
      4. Ұсталғандарды және қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру елді мекеннен тысқары жерде арнайы автомобильдерде жүзеге асырылады.
      Ерекше жағдайларда, арнайы автомобиль болмаған кезде, ұсталғандарды және қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аумақтық органы басшысының (оны алмастыратын тұлғаның) рұқсаты бойынша жеңіл қызметтік автокөлікпен жүзеге асырылады.
      5. Айдауылмен жүрушілерді жолаушылар пойыздарының вагондарында, ұшақтарында (тікұшақтарында) тасымалдау сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аумақтық органы басшысының (оны алмастыратын тұлғаның) рұқсатымен жүзеге асырылады.
      Айдауылмен жүрушілерді қала маңы пойыздарында, қалааралық және қалалық автобустарда, троллейбустар мен трамвайларда тасымалдауға жол берілмейді.
      6. Әйелдерді айдауылмен алып жүру кезінде айдауылдың құрамына әйел қызметкерлер кіргізіледі.
      7. Ұсталғандарды және қамауға алынған адамдарды жаяу айдауылмен алып жүру тек:
      1) арнаулы автомобильдерден (қызметтік автокөліктен) соттардың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аумақтық органының ғимараттарындағы ұстауға арналған камераларға, УҰИ-дің, ТИ-дің режимді аймағына, тергеу әрекеттерін жүргізу орындарына, емдеу мекемелеріне дейін;
      2) қашқындарды ұсталған жерден, егер де көлік құралдарын пайдалану мүмкін болмаса, оларды өткізудің жақын маңдағы пунктіне дейін жүргізіледі.
      8. Айдауылмен жүрушілердің қозғалысы қауіпсіздігін және сенімді күзетілуін қамтамасыз ету мақсатында, арнаулы автокөліктер жарқылдағыш маяктармен, радиостанциялармен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аумақтық органының кезекші бөлімінің пультіне белгі беретін, кабина мен шанақ арасындағы сөйлесу құрылғыларымен жабдықталады.
      9. Айдауыл қозғалысын үздіксіз бақылауды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аумақтық органының кезекші бөлімі орнатылған радио арналары және телефон байланысы бойынша жүзеге асырады.

2. Айдауылды тағайындау, қамтамасыз ету, қаруландыру

      10. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аумақтық органының басшысы (оны алмастыратын тұлға) айдауылды тағайындау кезінде:
      1) құрамын белгілейді және айдауыл жетекшісін тағайындайды (25-45 жас аралығы, қызмет өтілі кемінде 3 жыл, алғашқы даярлықтан өткен, дене шынықтыру даярлығына сәйкес келетін;
      2) нақты тапсырмаларды, олардың орындалу тәсілдері мен мерзімдерін белгілейді, нұсқама береді;
      3) байланыс, қаруландыру тәртібін, айдауылшылардың ерекше міндеттерін белгілейді.
      Сонымен қатар, бағыттық кесте белгіленеді, жоспарлау және қаржы-шаруашылық жұмыс бөлімшесінің (бұдан әрі – ЖҚШЖБ) мен кезекші бөлімнің басшысына айдауыл үшін тиісті құжаттарды, көлікті, жанар-жағар май материалдарын, қажетті күзет құралдарын, байланыстар мен дабыл беру құралдарын, қаруландыруды және жабдықтауды әзірлеуге өкім береді, олардың қызмет өткеру және қойылған міндеттерді орындауын бақылау ұйымдастырылады.
      11. Айдауылға ұсталғандарды және қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүруге және оларды күзетуге байланысты міндеттерді жүктеуге жол берілмейді.
      Айдауылдың барлық жеке құрамы, жүргізушіні қоспағанда, табельді қарумен қаруланған болуы тиіс.
      Айдауылды қаруландыру түрін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аумақтық органының басшысы (оны алмастыратын тұлға) алға қойылған міндеттерді орындау тәртібі мен түріне, жағдайға қарай белгілейді.
      Арнаулы автомобиль камераларын және айдауылмен жүрушілерді ұстайтын немесе оларды орналастыру жүргізілетін басқа да үй-жайларды тексеру кезінде қару айдауыл жетекшісіне өткізіледі.
      12. Әрбір айдауылшыда өзімен бірге полицейлік типтегі ысқырық, жеке таңу пакеті, ал айдауыл жетекшісінде осылармен қоса құжаттарға арналған сөмке, айдауылмен жүрушілердің санына қарай қол кісендері болуы тиіс.
      13. Басқа елді мекеннен айдауылмен алып жүру жүргізгенде айдауыл және айдауылмен жүрушілер (ұсталғандар және қамауға алынған адамдар) іссапар құжаттарымен және ақшалай аванспен (жүріп-тұруына, тамақтануына, тұрғын үйді жалдауына, белгіленген жерге жетуіне тәуліктік жолақы) қамтамасыз етіледі.
      14. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аумақтық органының жедел кезекшісі айдауылды жедел басқаруды қамтамасыз етеді және:
      1) айдауылдың қызметті өткеруін ұйымдастырады, уақытылы дайындықты қаматамасыз етеді, нұсқама береді, көлікті, байланысты және басқа да техникалық құралдарды дұрыс пайдалануды және олардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
      2) арнайы автокөліктердің шығуы мен қайта келуін бақылайды;
      3) қарулардың, оқ-дәрілердің және де басқа мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді, қызмет өткеру аяқталған соң нарядтардың қаруларды, оқ-дәрілерді және басқа да оларға берілген арнаулы және техникалық құралдарды уақытылы және толық тапсыруын қадағалайды.
      15. Айдауыл жетекшісі ұсталғандарды және қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру бойынша берілген тапсырмалардың дәл және уақытылы орындалуын және қарамағындағылардың заңдылықты сақтауын, қызметтік құжаттардың, айдауылданушылардың қару-жарақтардың, арнаулы, техникалық және басқа да айдауылдың пайдалануындағы материалдық құралдардың сақталуын қамтамасыз етеді.
      Айдауыл жетекшісі:
      1) айдауылмен алып жүрудің бағытын және оның ерекшеліктерін, айдауылмен жүрушілер туралы негізгі мәліметтерді зерделейді;
      2) тапсырмаларды орындауға айдауылдарды дайындайды, айдауылдар арасында өзара іс-қимыл тәртібін орнатады, осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес айдауыл жетекшісіне берілетін қызметтік құжаттардың тізбесінде көрсетілген қажетті қызметтік құжаттарды, қару-жарақтарды, айдауылға берілетін арнаулы техникалық құралдарды және басқа да материалдық заттарды алады, олардың дұрыс пайдаланылуын ұйымдастырады;
      3) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша айдауылдың жол журналын (бұдан әрі – Жол журналы) жүргізеді;
      4) белгіленген жерге айдауылмен жүрушілерді уақытылы жеткізу бойынша айдауылдың іс-әрекетін білікті және сауатты басқарады, тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде оларды күзетуді қамтамасыз етеді;
      5) оқиға болған жағдайда айдауылдың әрекет ету тәсілдерін белгілейді, айдауылмен алып жүрудің негізгі бағытындағы жағдай асқынғанда, қосалқы бағытқа ауысқанда, қашқан кезде қашып кеткен адамдарды дереу қудалау мен ұстауды ұйымдастырады.
      16. Айдауылдың жетекшісіне:
      1) ұсталған және қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру тәртібін өзгертуге;
      2) талап етілмейтін жағдайда айдауылды уақытша қалдыруға тыйым салынады.
      17. Айдауылшы айдауылдың жетекшісіне бағынады.
      Айдауылшы:
      1) өз міндетін нақты біледі және оларды дәл орындайды;
      2) айдауыл жетекшісі белгілеген жерде болады және оның рұқсатынсыз кетіп қалмайды;
      3) қаруын ақаусыз және іс-әрекетке үнемі әзірлікте ұстайды;
      4) айдауылмен жүрушілермен сөйлесу барысында талапты және сыпайы болады және оларды ұдайы қадағалайды;
      5) айдауыл жетекшісінің нұсқауы бойынша айдауылмен жүрушілерге тінту жүргізеді, олардан сақтауға тыйым салынған нәрселер мен заттарды алып қояды және айдауыл жетекшісіне береді.
      18. Айдауылшыға:
      1) қызметін өткеру кезінде басқа жағдайларға алаңдауға;
      2) айдауылмен алып жүру кезінде мінез-құлық талаптарын сақтау және қозғалыс тәртібі туралы нұсқау беру қажет болған жағдайларды қоспағанда, айдауылмен жүрушілермен сөйлесуге;
      3) олардан немесе оларға бөтен адамдардан қандай да бір заттарды, хаттарды, азық-түлік өнімдерін қабылдауға және беруге;
      4) айдалу қозғалысының бағытын және оның соңғы пунктін жариялауға тыйым салынады.
      19. Арнаулы автомобильдің жүргізушісі айдауыл құрамына кіреді, айдауыл жетекшісіне бағынады және автокөлікті апатсыз пайдалану үшін жауапкершілікте болады.
      Арнаулы автомобильдің жүргізушісі:
      1) айдауылмен алып жүрудің бағытын және оның міндеттерін зерделейді;
      2) автомобильді пайдалануға дайындығын ұдайы қамтамасыз етеді, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы №1196 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелерін (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелері) қатаң сақтайды;
      3) бағыт бойындағы қозғалыс жылдамдығы туралы айдауыл жетекшісінің нұсқауларын дәл орындайды, оның әмірі бойынша немесе мұндай белгіні шанақтағы айдауылшылардан алған кезде дереу автомобильді тоқтатады;
      4) көлік құралын қараусыз қалдырмайды, кабинадан түскен кезде оталдыруды өшіреді, оталдыру құлпының кілтін өзінде сақтайды;
      5) өзімен бірге Қазақстан Республикасының жол жүру ережесіне сәйкес құжаттардың болуы міндетті.
      20. Арнайы автомобиль жүргізушісіне:
      1) өзінің атына бекітілген автомобильді қараусыз қалдыруға;
      2) автомобиль жүргізуді басқа адамға беруге тыйым салынады.
      21. Айдауылмен жүрушілер қашқан жағдайда айдауылдау бөлімшесі оларды қудалау және ұстау, қозғалыстардың ықтимал бағыттары мен олардың жасырынуы ықтимал жерлерді тексеру бойынша тез арада бірінші кезектегі шараларды қабылдайды. Айдауыл жетекшісі тез арада сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аумақтық органының кезекші бөліміне айдауылмен жүрушілердің қашқаны туралы хабарлайды және айдауыл арасынан арнайы топ тағайындайды және айдауылмен жүрушілерді ұстау жөнінде нұсқама береді.

3. Сезіктілер мен айыпталушыларды айдауылмен алып жүру
негіздері

      22. Тергеу әрекеттерін жүргізу үшін ұсталғандарды және қамауға алынған адамдарды алып жүру осы Қағидалардың 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қылмыстық қудалау функцияларын жүзеге асыратын лауазымды тұлғаларды айдауылмен алып жүруге қойылатын жазбаша өтінімнің (бұдан әрі – Өтінім) негізінде 2 данада (1-іншісі УҰИ немесе ТИ, 2-ншісі айдауылға) жүргізіледі.
      23. Өтінімге сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аумақтық органының басшысы (оны алмастыратын тұлға) қол қояды және елтаңбасы бар мөрмен бекітіледі.
      24. Ұсталғандарды және қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүруге өтінімнің бір данасы тергеу әрекеттерінің басталуына 1 тәулік қалғанда оларды ұстау орындарына (УҰИ,ТИ), екінші данасы айдауылдау бөлімшесіне жолданады.
      25. Сондай-ақ ұсталғандарды және қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру:
      1) айдауылмен алып жүру туралы сот қаулысының;
      2) прокурордың, тергеушінің жекелеген тергеу әрекеттерін жүргізу туралы қаулысының негізінде жүзеге асырылады.
      26. Ұсталғандарды және қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру үшін құрамында айдауыл жетекшісі және айдауылшылар бар айдауыл тағайындалады.
      Айдауылмен алып жүру қауіпсіздігінің үш деңгейі белгіленеді – қарапайым, күшейтілген, ерекше.
      Айдауылдың құрамын, түрін, саны мен қарулануын сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аумақтық органының басшысы (оны алмастыратын тұлға) белгілейді:
      1) қарапайым айдауыл құрамы бірден - екіге дейінгі айдауылмен жүрушілерге - екі айдауылшы; үштен-алтыға дейінгі айдауылмен жүрушілерге - үш айдауылшы; жетіден-онға дейінгі айдауылмен жүрушілерге - жеті айдауылшы есебінде тағайындалады. Егер де айдауыл құрамында бес және одан көп айдауылшы бар болса, айдауыл жетекшісінің көмекшісі тағайындалады;
      2) күшейтілген айдауыл қандай да бір айдауылмен жүрушінің қашуға әрекет жасайтыны, күзетке шабуыл жасауы, өзіне және айналасындағыларға зиян тигізу ниеті бар екені туралы мәліметтер бар болғанда, айдауылмен алып жүру бағытының ұзақ болуына байланысты, әуе немесе теміржол көлігімен айдауылмен алып жүру үшін тағайындалады.
      Күшейтілген айдауыл бір айдауылмен жүрушіге - үш айдауылшы, екі-төрт айдауылмен жүрушіге – алты айдауылшы, бес немесе одан көп айдауылмен жүрушіге – сегіз айдауылшы;
      3) ерекше айдауыл:
      ауыр, аса ауыр қылмыстар жасаған, қашуға, айдауылшылар мен қамауда ұстау орындарының персоналына шабуыл жасауға бейім сезіктілер мен айыпталушыларды айдауылмен алып жүру кезінде;
      үлкен қоғамдық резонанс тудырған қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған сезіктілер мен айыпталушыларды айдауылмен алып жүру кезінде тағайындалады.
      Ерекше айдауыл жетекшісі болып аға офицер құрамы қатарынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аумақтық органының қызметкері тағайындалады.
      Айдауылдың барлық түрлерінің құрамы міндетті түрде бронежилетпен жарақтанады; атыс қаруымен қаруланады; өзімен бірге арнайы құралдар: газды қару, қол-кісендер, резиналық таяқтар, сондай-ақ байланыс құралдары (радиостанция); белгі беру тапаншасы, металіздегіш болуы тиіс.
      Айдауылға қойылған міндеттерді орындау барысында айдауылшылардың қару-жарақты, күш қолдану және арнайы құралдарды қолдануға құқығы бар.

4. Айдауылмен алып жүру үшін ұсталғандарды және қамауға
алынған адамдарды қабылдау

      27. Тапсырмаларды орындауға бұйрық алған айдауыл ұсталғандарды және қамауға алынғандарды қабылдайтын пунктке барады, онда айдауыл жетекшісі:
      1) осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша УҰИ, ТИ кезекшісіне ұсталғандарды және қамауға алынған адамдарды қабылдауға және тапсыруға құқық беретiн ұйғарымды көрсетеді;
      2) дайындалған құжаттарды алуға және олардың дұрыс ресімделуін тексереді, ұсталғандарды және қамауға алынған адамдарды арнайы автомобильдің камералары бойынша орналастыру тәртібін белгілейді, күшейтілген қадағалауды талап ететін сезіктілер мен айыпталушылар туралы айдауылшыларға хабарлайды;
      3) ұсталғандарды және қамауға алынған адамдарды оларды айдауылмен алып жүру үшін қабылдау кезінде жеке тінту мен күзету үшін айдауыл құрамының есебін белгілейді, орналастыруға тінтуді жүргізуге және айдауылмен жүрушілерге арнаулы автокөліктердің камераларына орналастыру үшін бөлінген айдауылшылардың қаруын уақытша қабылдайды;
      4) ұсталғандарды және қамауға алынғандарды қабылдау жүргізілетін үй-жайды қарайды, сондай-ақ қашуға немесе шабуыл жасауға пайдаланылуы мүмкін құралдарды алып тастайды.
      Ұсталғандарды және қамауға алынған адамдардың жеке істері айдауыл жетекшісіне тапсырылады.
      Егер айдауылмен алып жүруге жатқызылған ұсталғандарды және қамауға алынған адамдар қашуға немесе айдауылға шабуыл жасауға бейім болса, анықтамасында «қашуға бейім» жазба белгісі болуы керек.
      28. Айдауылмен жүрушілерді қабылдау жүргізілетін үй-жайларда айдауылмен алып жүру үшін оларды қабылдаушы мен тапсырушы тұлғалар ғана болуға тиісті.
      Айдауылмен жүрушілердің жеке басына күмән туған жағдайларда айдауыл жетекшісі тиісті түсініктемелер алу үшін УҰИ, ТИ кезекшісіне өтініш жасайды және алдағы уақытта алынған түсініктемелерге сәйкес әрекет етеді.
      Науқасы туралы шағым айтқан айдауылмен жүрушіге жататын адамдарды дәрігер (фельдшер) қарайды. Тексерудің нәтижесі бойынша сезіктілер мен айыпталушылардың жеке ісі бойынша анықтамасына тиісті жазба жүргізіледі.
      Туберкулез ауруымен ауыратын айдауылмен жүрушілерді айдауылмен алып жүрудің барлық жағдайларында айдауылшылар мен айдауылмен жүрушілердің беттеріне тағатын дәке таңғыштар беріледі.
      29. Айдауылмен алып жүруге қабылданатын адамдар олардың құжаттарына сәйкес Жол журналына тіркеледі.
      30. Айдауылмен алып жүруге қабылдауға жатпайтындар:
      1) құжаттары дұрыс ресімделмеген және құжаттары жоқ адамдар;
      2) дәрігердің (фельдшердің) қорытындысы бойынша айдауылмен алып жүруге жатпайтын аурулар;
      3) мас күйіндегі адамдар.
      31. Айдауыл медициналық қобдишамен қамтамасыз етіледі.
      Қажет болған жағдайда, кенеттен науқастанғанда, жарақаттанғанда немесе бақытсыз жағдай болғанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аумақтық органының жедел кезекшісінің рұқсатымен айдауыл айдауылмен жүрушіге медициналық мекемеге медициналық көмек көрсету үшін жеткізеді.
      32. Айдауылмен жүруші жол үстінде қайтыс болған жағдайда айдауыл жетекшісі аталған деректі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аумақтық органының жедел кезекшісіне хабарлайды, ол арнайы тергеу амалдарын жүргізу үшін жақын арадағы ішкі істер органының жедел тобын шақырады.
      Тергеу әрекеттері аяталғаннан кейін айдауыл қайтыс болған адамның мәйітін тергеушінің қаулысымен жақын арадағы мәйітханаға сот-медициналық сараптамасын жүргізу үшін жеткізеді.

5. Ұсталғандарды және қамауға алынған адамдарды автомобиль
көліктерімен айдауылдау

      33. Айдауыл жетекшісі айдауылға шығу алдында арнайы автокөлік шанағының жай-күйін, жарықтың дұрыстығын, сөйлесу құрылғыларын, байланыс құралдарын, желдеткішті, камера мен есіктердің құлыптарын, орындықтар мен басқа да жабдықтар бекіткіштерінің беріктігін тексереді; қашу немесе шабуыл жасау үшін пайдаланылуы мүмкін заттарды алып тастауға және анықталған кемшіліктерді жоюға шаралар қабылдайды.
      Ұсталғандарды және қамауға алынғандарды, ер адамдар мен әйел адамдарды бір-бірінен оқшауламай айдауылмен алып жүруге жол берілмейді. Туберкулездің ашық түрімен, басқа да жұқпалы аурулармен ауыратындар өзара оқшауланып, басқа айдауылмен жүрушілерден бөлек айдауылданады.
      34. Айдауылмен алып жүру кезінде қамауға алынған тұлғалар санаттары бойынша орналастырылады:
      әйел адамдар – ер адамдардан бөлек;
      ұсталғандар және қамауға алынған адамдар – сотталғандардан бөлек, сондай-ақ топтық іс бойынша өтетін ұсталғандар және қамауға алынған адамдар сот және тергеу органдарының нұсқаулары бар болған жағдайда – бір-бірінен бөлек;
      кәмелетке толмағандар – ересектерден бөлек;
      шетелдің азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар – бірге, бірақ басқа санаттардан бөлек;
      бацилла бөлетін туберкулездің белсенді түрімен ауыратындар бірге;
      психикалық бұзушылықтардан зардап шегетіндер – барлық басқа санаттардан бөлек;
      құқық қорғау органдары мен арнаулы органдардың бұрынғы қызметкерлері, сондай-ақ судьялар – басқа санаттағылардың барлығынан бөлек.
      35. Арнайы автокөліктің камерасындағы айдауылшы айдауылмен жүрушілердің тәртібіне үнемі қадағалау жүргізеді, бақылау торларын іштен көлегейлеуге, шулауға, темекі шегуге, шанақтың жабдықтарын бүлдіруге, сондай-ақ басқа камераларда отырғандармен сөйлесуге немесе тықылмен белгі білдіруге рұқсат бермейді. Бұл талаптарды орындамаған жағдайда айдауылшы айдауыл жетекшісімен бірге тоқтау туралы дабыл береді және тәртіп бұзушылықтың жолын кесу шараларын қабылдайды, тек айдауыл жетекшісіне камера есігін ашуға рұқсат етіледі.
      36. Айдауылмен жүрушілерді белгіленген түпкілікті орынға түсіру кезінде арнайы автокөліктің жүргізушісі айдауыл жетекшісінің нұсқауы бойынша автокөлікті алдын ала белгіленген орынға, мүмкіндігінше бөтен адамдар жіберілмейтін орынға тоқтатады.
      Айдауылмен жүрушілер бір-бірден қатарға тұрғызылады және айдауыл жетекшісінің бұйрығы бойынша үй-жайға қарай жүреді.
      37. Жеңіл қызметтік автокөлікте тек бір айдауылмен жүруші артқы орындыққа екі айдауылшының ортасына отырғызылып айдауылмен алып жүріледі.
      Жолда оның қолдарын алдына қаратып немесе айдауылшының (екі) қолдарына біріктіріліп кісен салынады. Автокөліктің есіктері жабық күйінде белгіленеді, терезелер ашылмайды.
      38. Арнайы автокөліктерде айдауылмен жүрушілер айдауылмен алып жүру кезінде айдауыл тобының барлық құрамы тапаншамен қаруланады.
      Айдауылмен жүрушілер жабдықталмаған немесе жүк тиелген автокөліктерде, сондай-ақ төңкерілетін шанақтары бар автокөліктер мен мотоциклдарда тасымалдауға жол беріледі.
      39. Айдауылға айдауыл жетекшісін қоса алғанда, кемінде үш айдауылшы бөлінеді.
      40. Айдауыл жетекшісі жол үстінде белгіленген орынға жеткенге дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аумақтық органының жедел қызметшісімен байланыста болады.

6. Ұсталғандарды және қамауға алынған адамдарды әуе жол
көлігімен айдауылмен алып жүру

      41. Айдауылмен жүрушіні әуе кемесінің бортында тасымалдау күшейтілген немесе ерекше айдауылмен жүзеге асырылады. Айдауылмен жүрушілерді айдауылмен алып жүру бағытының қашықтығы ұзақ болған жағдайда немесе әуе көліктері жалғыз қатынас құралы болып табылса, әуе кемелерінде тасымалдауға рұқсат етіледі.
      42. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аумақтық органының басшысы (оны алмастыратын тұлға) қамауға алынғанды тасымалдау болжанған күнді, тасымалдау жоспарланған рейстің нөмірін әуежай компаниясына алдын ала хабарлауға міндетті және айдауылдағы қауіптілердің қатарына жататыны немесе жатпайтыны туралы хабарлайды.
      43. Әуе компанияларының өкілдері әуе кемесі командирінің нұсқауынсыз қандай да бір әрекеттер қабылданған жағдайда, айдауылшыларға әуе кемелерінің ұшуы үшін ықтимал қатерлер туралы хабарлайды.
      44. Айдауылшылар айдауылмен жүрушілердің өздерімен бірге әуе кемесінде тасымалдауға тыйым салынған заттардың болмауын қамтамасыз етеді.
      45. Айдауылшылар сезіктілердің немесе айыпталушылардың іс-әрекеттеріне шектеу қоятын құралдармен (қолкісендермен) қамтамасыз етіледі.
      46. Айдауылшыларға әуе кемесінің бортына жас ағызғыш газ контейнерлерін немесе ол тектес қатардан шығаратын газ түрлендіретін құрылғыларды алып кіруге болмайды.
      47. Айдауылшылар авиациялық қауіпсіздік қызметінің персоналына, көліктегі ішкі істер органдарының өкілдеріне және борт жолсеріктеріне қызметтік немесе басқа да қажетті құжаттарды ұсынады.
      48. Әуе кемесінің бортында атыс қаруын алып жүруге құқылы басқа да жолаушыларға айдауылдар мен ұсталған адамдардың немесе қамауға алынғандардың тасымалдануы туралы хабарланады.
      49. Айдауылмен жүрушілерді әуе кемесінің бортына отырғызу, бірінші кезекте, ал түсіру барлық жолаушылар түсіп болғаннан кейін жүргізіледі.
      50. Айдауылмен жүрушілер жолаушылар салонының артқы жағындағы орындарға орналастырылады.
      51. Айдауылмен жүрушілер тек екі немесе одан да көп орындықтары бар қатарда орналастырылады, бір айдауылшы айдауылмен жүрушілердің ортасында және кез келген өту орнында болады.
      52. Айдауылшылар айдауылмен жүрушілерге үнемі ілесіп жүреді, оның ішінде дәретханаға барған уақытта да олардың бақылауында болады.
      53. Әуе кемесінің бортындағы айдауылшылар мен айдауылмен жүрушілерге алгоколь сусындары берілмейді.
      54. Айдауылшылардың қалауы бойынша айдауылмен жүрушілерге металл емес бұйымдармен және пышақсыз тағам беріледі.
      55. Қашуға немесе айдауылға шабуыл жасауға бейім ұсталғандарды және қамауға алынған адамдарды тасымалдау кезінде әрбір айдауылмен жүрушіге кемінде екі айдауылшы бөлінеді.
      Аталған жағдайда рейсте біреуден артық айдауылмен жүрушіні тасымалдауға жол берілмейді.
      56. Айдауылмен жүрушілерді әуе кемесінде барлық жағдайда қолдарын кісендеумен (әйелдер мен кәмелетке толмағандардан басқа) жүзеге асырылады. Сондай-ақ осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес олардың қолдары айдауылмен алып жүру сұлбасында көрсетілген жағдайда кісенделуге тиіс.
      57. Айдауылшы әуе кемесінің бортында айдауылмен жүрушіге тиісті бақылау жасайды, өз орындарынан тұруға, жолаушылармен сөйлесуге немесе қандай да бір заттарды қабылдауға немесе беруге рұқсат бермейді.
      Айдауыл жетекшісі айдауылданушы тәртібін және айдауылдардың әуе кемесінің бортында өз міндеттерін орындауларына тұрақты түрде бақылау қамтамасыз етілетін салонның артқы бөлігінде (айдауылмен жүрушілерге бөлінген орындарда) орналасады.
      58. Әуе кемесінің ұшу кідірісі ұзаққа созылған жағдайда (1,5 сағатқа және одан көп уақытқа) айдауылмен жүруші әуежай әкімшілігімен бөлінген жолаушылардан оқшауланған үй-жайға ауыстырылады. Әуе кемесі аралық әуежайда түнгі уақытта кідірген жағдайда, айдауылмен жүруші УҰИ күзетке тапсырылады.

7. Жолаушылар пойыздарының вагондарында ұсталғандарды
және қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру

      59. Теміржол көлігімен айдауылмен алып жүру жолаушылар пойыздарының купелік вагондарында жүзеге асырылады.
      Айдауылмен алып жүру тек күшейтілген немесе ерекше айдауылмен жүзеге асырылады.
      Айдауылмен жүруші мен айдауыл вагонның соңғы купесіне бөлек орналастырылады.
      Айдауылмен алып жүру бағыты полицияның көліктегі желілік бөлімдерімен келісіледі.
      Айдауылмен жүрушіні плацкарт вагондарында тасымалдауға жол берілмейді.
      Тасымалдау қолдарына «алдынан» кісендер тағу жағдайында ғана жүзеге асырылады, осы орайда купедегі терезе берік жабылған жағдайда болады.
      Айдауылмен жүрушіні әжетханаға шығаруды олардың алдында және соңында жүріп отыратын айдауыл жетекшісі мен айдауылшы бір-бірден жүргізеді.
      Әжетхана есігі айдауылмен жүруші онда болған кезде сәл ашық қалады, кісендері шешіледі, терезе жабық жағдайда болады.
      60. Айдауылдаудың барлық жеке құрамы тапаншалармен немесе автоматтармен қаруланады. Айдауыл адамдардың өміріне төнген қауіпті алдын алуға барлық шаралар жеткіліксіз болған кезде ғана қару қолдануы мүмкін.
      61. Айдауыл жетекшісі айдауылмен жүрушіні купелік жолаушылар вагонына отырғызудың алдында айдауылмен жүруші отырғызылатын соңғы купеге және вагонға тексеріс жүргізеді.
      62. Айдауылмен жүрушіні купелік вагондарға отырғызу жолаушыларды жалпы отырғызуға дейін, ал түсіру - барлық жолаушылардан кейін жүргізіледі.
      63. Айдауылмен жүрушіні пойызға жеткізу кезінде арнайы автокөлік вагонның тамбурына тақалып қойылады, ал отырғызу аяқталғаннан кейін автокөлік поезд жүріп кеткенге дейін тұраққа қойылады. Арнайы автокөлікті қою орны алдын ала теміржол станциясының әкімшілігімен келісіледі.

8. Айдауылдың төтенше жағдайлар кезіндегі әрекеті

      64. Оқиғалар болған жағдайларда (шабуыл жасау, қашу, айдауылмен жүрушілердің бағынбауы, кепілге адам алу, өрт, табиғи апаттар, авариялар) айдауыл жетекшісі дереу сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аумақтық органының басшысына (оны алмастыратын тұлғаға) баяндайды және оқиғалар кезінде айдауылдың әскери іс-қимылына сәйкес әрекет етеді, айдауылмен жүрушілерді күзету күшейтіледі.
      65. Айдауылға және айдауылшыларға шабуыл жасалған жағдайда айдауыл жетекшісі айдауыл күшімен тойтаруды ұйымдастырады, қарулы шабуыл жасағанда «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – «Құқық қорғау қызметі туралы» Заң) 61-бабына сәйкес табельді қаруды қолданады.
      66. Айдауылға, айдауыл құрамына немесе айдауылмен жүрушілерге шабуыл жасалғанда, айдауыл «Шабуыл» деген белгі беріп, шабуылды тойтару үшін шаралар қабылдайды.
      Қажет болған жағдайда өзін, басқа адамдарды және айдауылды қорғау үшін қоян-қолтық айқасқа шығады.
      Қарулы шабуыл жасағанда өзін, басқа адамдарды және айдауылды қорғау үшін «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңның 61-бабына сәйкес табельді қаруды қолданады.
      Ол батыл және табанды әрекет етуі тиіс, қажеттілік туындаған жағдайда қаруды, арнайы құралдар мен өз күшін қолданады. Сондай-ақ қашуға немесе айдауылмен жүрушілерді күштеп босатуға жол бермеу шараларын қабылдайды.
      67. Сонымен қатар, айдауылмен жүрушілер:
      арнайы көліктен қашқанда – арнайы көлік тоқтатылып, айдауылмен жүрушілер бұзылған камерадан дұрыс камераға немесе басқа арнайы көлікке ауыстырылады, ондай мүмкіндіктер болмаған жағдайда бөлімшеден дұрыс арнайы көлік шақыртылады.
      сот мекемесінен қашқан жағдайда – айдауылшы тез арада қашушылардың ізіне түседі, дабыл құралдарын пайдалана отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аумақтық органының басшысы (оны алмастыратын тұлғаға) хабардар етіледі, егер қашушылар сот мекемесінің ғимаратынан шықпаса, айдауылдардың күшімен ғимарат ішінде мұқият іздеу ұйымдастырылады.
      68. Табиғи апаттар болған жағдайда, «Азаматтық қорғау туралы» Заңға сәйкес айдауыл жетекшісі зардап шеккендерге көмек көрсетуді, қарулар пен мүліктерді сақтауды ұйымдастырады, күзеттегі айдауылмен жүрушілерді қауіпсіз жерге орналастырады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аумақтық органы басшысының (оны алмастыратын тұлғаның) нұсқауы бойынша оларды эвакуациялауды жүзеге асырады, мүліктерді күзетуге және белгіленген режимді сақтауға шаралар қабылдайды.
      69. Арнайы автокөлік апатқа ұшыраған жағдайда, егер өздігінен жүре алмаса, айдауыл жетекшісі апатты тоқтау туралы белгілерді қояды, бөлімшеден басқа арнайы автокөлік шақыртады және оған айдауылмен жүрушілерді отырғызуды және одан әрі белгіленген орынға айдауылмен алып жүруді ұйымдастырады.
      Айдауылмен жүрушілерді ауыстырып отырғызу мүмкін болмаған жағдайда (көліктердің белсенді қозғалысы, азаматтардың жиналып қалуы) айдауыл жетекшісі сынған көлікті жақын тұрған уақытша ұстау изоляторына, немесе ішкі істер органына сүйретіп апаруды ұйымдастырады. Егер апат елді мекеннің сыртында болса және автокөлік ақауы елеулі болса, айдауыл жетекшісі айдауылмен жүрушілерді басқа дұрыс арнайы автокөлік келгенге дейін күзетуді ұйымдастыру үшін неғұрлым қауіпсіз орынға шығарады.

9. Ұсталғандарды және қамауға алынған адамдарды тергеу
әрекеттерін жүргізу, сараптамалар жасау, медициналық
қызмет көрсету кезінде күзету

      70. Алып келген тұлғаны уақытша ұстау бөлмесіне, соттың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аумақтық органының ғимаратына орналастырғаннан кейін айдауылшы айдауылмен алып жүрушіні үнемі қағалайды, олардың басқа тұлғалармен (туыстары, қорғаушылары) сөйлесуіне, қандай да бір заттарды қабылдауына немесе беруіне рұқсат етпейді.
      71. Сот бұлтартпау шараларын санкциялау кезінде айдауыл айдауылмен жүрушіні күзетуді қамтамасыз етеді.
      72. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аумақтық органының әкімшілік ғимаратына тұлғаны алып келгеннен кейін айдауыл жетекшісі алып келген айдауылмен жүрушілерді кезекші бөлімде тіркейді, кететін кезінде шыққаны туралы белгі қояды.
      Тергеу әрекеттері басталғанға дейін (үзілістерде) айдауылмен жүрушілерді арнайы үй-жай – уақытша ұстау бөлмесіне (бұдан әрі – УҰБ) орналастырады, онда олардың өмірі мен денсаулығына қауіп тудырмайтын жағдайларда ұстау жүзеге асырылады.
      УҰБ ғимараттың бірінші қабатында (цоколь, жертөле қабаттарында орналасуына үзілді-кесілді жол берілмейді), жеке бөлмеде орналасуы, төбеге дейін қалқандармен қоршалған, есігі соққыға төзімді шыны материалдан, еденге бекітілген орындықпен, желдеткішпен, есіктері құлыптармен, қауіпсіздік жүйелерімен (терезелерінде металл торлары, кезекші бөлімнің мониторына шығарылған бейнебақылау, нарядты шақыратын дабыл тетігі), айдауылдың жұмыс орнымен жабдықталған болуы тиіс.
      Тергеу әрекеттерін жүргізу үшін айдауыл тек айдауылмен жүрушіні осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қабылдау-тапсыру журналына тіркеп, арнайы үй-жайға – тергеу әрекеттерін жүргізуге арналған бөлмеге жеткізу талабын жіберген тергеушіге ғана береді.
      Тергеу әрекеттерін жүргізуге арналған бөлмелер ғимараттың бірінші қабатында (цоколь, жертөле қабаттарында орналасуына үзілді-кесілді жол берілмейді) орналасуы, УҰБ ұқсас қауіпсіздік жүйелерімен, сондай-ақ тергеушінің, қорғаушының (қоғам өкілінің) жұмыс орнымен, сезікті, айыпталушы үшін жеке орындармен (төбеге дейін соққыға төзімді шыны қалқандармен қоршалған, еденге бекітілген орындықпен, желдеткішпен, есіктері құлыптармен жабдықталған), тергеу әрекетінің екі қатысушысының, айдауылдың жеке орындарымен, нарядты шақыратын дабыл тетігімен жабдықталған болуы тиіс.
      Айдауыл жетекшісі тергеу әрекеттерін жүргізуге арналған бөлмені тексереді, анықталған кемшіліктерді қалпына келтіруге және қашу немесе шабуыл жасау үшін пайдаланылуы мүмкін заттарды алып тастауға шара қабылдайды.
      Тергеушінің талабы бойынша айдауылшы өзінің қатысуын қамтамасыз етеді, сонымен қатар айдауылшылар терезелердің, айдауыл жетекшісі есіктің жанында тұрады.
      Жергілікті жерде тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде айдауыл жетекшісі тергеу әрекеттерін жүргізу белгіленген жергілікті жерді (үй-жайды) қарап шығады және оны жүргізетін адамның келісуі бойынша айдауылмен жүрушілерді қорғау тәртібін белгілейді, айдауылшылар ешқайда кетпестен айдауылмен жүрушілердің қасында болады, заңмен көзделген жағдайларда қол кісендерді қолданады, әрбір айдауылмен жүрушіні тергеу әрекеттеріне байланысты олардың барлық орын ауыстыруларында еріп жүреді, арнайы автомобильге отырғызу алдында жеке қарауды жүргізеді.
      Тергеу әрекеттерінің аяқталғаны немесе келесі күндері оларды жалғастыру қажеттілігі туралы тергеуші (анықтау жүргізетін тұлға) айдауылмен алып жүруге арналған талаптарға белгі қояды және оған өзі қол қоя отырып, бекітеді.
      73. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аумақтық органының ғимаратында тергеу әрекеттері аяқталғаннан кейін айдауыл жетекшісі тыйым салынған заттардың бар-жоғына жеке қарауды міндетті түрде жүргізе отырып, айдауылмен жүрушіні тергеушіден қабылдайды және ұстау орны бойынша айдауылмен алып жүргенге дейін УҰБ орналастырады.
      74. Ұсталғандарды және қамауға алынған адамдарды ТИ-ге, УҰИ-ға айдауылмен алып жүруге дейін 3 сағаттан артық емес мерзімге УҰБ-да орналастыруға жол беріледі.
      75. Айдауылмен жүрушілерді әжетханаға шығаруды айдауылдағы сезіктілер немесе айыпталушылардың алдында және соңында жүріп отыратын айдауылдың жетекшісі мен айдауылшы бір-бірден жүргізеді.
      Әжетхана есігі айдауылмен жүруші онда болған кезде сәл ашық қалады, кісендері шешіледі, терезе жабық жағдайда болады.
      76. Жалпы мақсаттағы медициналық мекемелерде медициналық куәландыру, түрлі сараптамалар жүргізу кезінде айдауылмен алып жүруді бір-бірден айдауылдың жетекшісі және айдауылшы жүзеге асырады, сондай-ақ айдауылдың жеке өзінің қатысуы қамтамасыз етіледі, қажет болған жағдайда кіреберіс есікте және терезенің алдында тұрады.
      77. Ұсталғандар мен қамауға алынған адамдарды медициналық мекемелерде стационарлық емдеу үшін орналастыру ТИ біліктілік медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік болмайтын шұғыл жағдайларда ғана жүзеге асырылады.
      Медициналық мекемеге стационарлық емдеу үшін орналастырылған ұсталғандар мен қамауға алынған адамдарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аумақтық органының күшімен күзетуге жол берілмейді.
      78. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аумақтық органының айдауылдау бөлімшелері қызметкерлерінің табельді қаруды, арнайы құралдарды және күш қолдануы «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңның 60,  61-баптарында көзделген негіздерде ғана жүзеге асырылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызметінің ұсталғандарды
және қамауға алынған  
адамдарды айдауылмен  
алып жүру қағидаларына 
1-қосымша        

Айдауыл жетекшісіне берілетін қызметтiк құжаттардың
тізбесі

      1. Қала iшiнде айдауылдаумен алып жүру кезiнде:
      1) айдауыл жетекшісіне ұсталғандарды және қамауға алынған адамдарды қабылдауға (тапсыруға) құқық беретiн ұйғарым (айдауылдың жеке құрамының тiзiмiмен бiрге);
      2) әрбiр сезiктiнің және айыпталушының құжаттары бар мөрленген пакеттер;
      3) айдауылдың жол жүру журналы;
      4) айдауылдаумен жүрушілерді қабылдау-тапсыру журналы;
      5) ұсталғандарды және қамауға алынған адамдарды айдауылдаумен алып жүру талаптары.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызметінің ұсталғандарды
және қамауға алынған  
адамдарды айдауылмен  
алып жүру қағидаларына 
2-қосымша        

Нысан           

Титул парағы        

Айдауылдың жол жүру журналы

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
       (сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органының атауы)

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                     (айдауыл бөлімшесінің атауы)



Басталды: 20 __ жылғы « » _________
Аяқталды: 20 __ жылғы « » ________

Қайырма беті

№ р/с

Кету орны, күні және уақыты

Қозғалыс бағыты

Келу орны, күні және уақыты

Айдауыл жетекшісінің белгісі
















Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызметінің ұсталғандарды
және қамауға алынған  
адамдарды айдауылмен  
алып жүру қағидаларына 
3-қосымша        

Нысан           

Ұсталғандарды және қамауға алынған адамдарды айдауылдаумен
алып жүру өтінімі

Мөртабаны                              ______________________________
                                       _____________________басшысына
                                          органның атауы

______________________________________ келесі бетте аталған адамдарды
            (күні, уақыты)
_____________________________________________ мекенжайында орналасқан
_____________________________________________________________________
       (сот мекемесінің, тергеу әрекетін жүргізу орнының атауы)
айдауылдаумен алып жүру үшін айдауыл жiберуiңiздi сұраймын.
Айдауылдаумен алып жүруге жататын адамдар ___________________________
_____________________________________________________________________
                    (тегi, лауазымы көрсетiледi)
_________________________________________________ қарамағында болады.

Сот процесiнiң (тергеу әрекетін жүргізудің) басталуы
«____» сағат «____» мин

Болжамды ұзақтылығы ____________________
                          (уақыты)
            _______________________________________
                         (тегі, қолы)

Қайырма беті


р/с

Тегі, аты-жөні

Туған жылы

ҚК-нің қандай бабы бойынша сезікті болып табылады, айыпталады

Ұстау орны, ТИ, УҰИ атауы
















Кестенің жалғасы

Ішкі оқшаулауға қойылатын талаптар (бірге қатысушылардан бөлек көрсету)

Айдауылдың түрін көрсету (кәдімгі, күшейтілген,ерекше)

Айдауылдау тәртібі бойынша басқа да өкімдер

Айдауылмен жүрушілерді тінту жүргізген адамның тегі, аты, әкесінің аты

Тергеу изоляторы бастығының, УҰИ кезекшісінің айдауылмен жүрушілерді қабылдау туралы қолхаты, қосымша мөрімен











Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
органының басшысы
________________________________
________________________________
           (тегі, қолы)

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызметінің ұсталғандарды
және қамауға алынған  
адамдарды айдауылмен  
алып жүру қағидаларына 
4-қосымша        

Нысан           

Мөртабаны

Кімге_____________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
__________________________________

Айдауыл жетекшісіне ұсталғандарды және қамауға алынған
адамдарды қабылдауға (тапсыруға) құқық беретiн ұйғарым
(айдауылдың жеке құрамының тiзiмiмен бiрге)

Осы ұйғарымды ұсынатын тұлға айдауылдың жетекшісі болып тағайындалды
_____________________________________________________________________
ұсталғандарды және қамауға алынған адамдарды айдауылдау және қабылдау
                            (тапсыру) үшін
_____________________________________________________________________
     (соттың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органының атауы)

Ұйғарым
20__жылғы «___» _____________ жарамды

М.О.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органының басшысы
__________________________________
__________________________________
           (тегі, қолы)

Қайырма беті

Айдауылдың құрамы


р/с

Тегі, аты, әкесінің аты

Лауазымы

Қарудың түрі, нөмірі









Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызметінің ұсталғандарды
және қамауға алынған  
адамдарды айдауылмен  
алып жүру қағидаларына 
5-қосымша        

Ұсталғандар мен қамауға алынған адамдарды айдауылмен
алып жүру сұлбасы



Қолкісендер «артынан» тағылған



Қолкісендер «алдынан» тағылған



Қолкісендер айдауылмен жүрушінің екі қолына және айдауылшының қолына тағылған



Қолкісендер айдауылмен жүрушінің екі қолына, айдауылшылардың оң және сол қолына тағылған



Иілгіш металл арқанмен жалғанған қолкісендер айдауылшылардың ортасында колоннада тұрған айдауылмен жүрушінің және айдауылшылардың оң қолына - сол қолына тағылған



Қолкісендер айдауылмен жүрушінің оң - сол қолдарына тағылған



Иілгіш металл арқанмен жалғанған қолкісендер колоннада тұрған айдауылмен жүрушілердің және айдауылшылардың оң - сол қолдарына тағылған

Шартты белгілер

– айдауыл

жетекшісі

– көмекші

– айдауылшы

– айдауылмен

жүруші

– қолкісендер

– үзбесі бар арқан


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызметінің ұсталғандарды
және қамауға алынған  
адамдарды айдауылмен  
алып жүру қағидаларына 
6-қосымша        

Нысан           

Титул парағы       

Айдауылмен жүрушілерді қабылдау-тапсыру журналы

_____________________________________________________________________
(органның атауы)




Басталды: 20 __ жылғы « » ________
Аяқталды: 20 __ жылғы « » ________

Қайырма беті


р/с

Айдауылмен жүрушілердің аты-жөні

Қабылдаушы қызметкердің аты-жөні (бар болған жағдайда)

Қабылдау уақыты

Қабылдау кезінде қойылатын қолы

Тапсыру уақыты

Тапсыру кезінде қойылатын қолы