Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің) аумақтық органдары туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің) Төрағасының 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 1 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 15 қаңтарда № 12873 болып тіркелді

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы әкiмдiгiнiң 20.05.2016 № 460 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2-тармағына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 бабының 2-тармағына сәйкес, Мақтарал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2016 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі төмендегідей белгіленсін:
      1) ұзақ уақыт (бір жылдан аса) жұмыс істемейтін адамдар;
      2) зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін 50 жастан асқан адамдар.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Абуовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
      Аудан әкімі Ж.Бейсенбаев