"Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілерін микрокредиттеу үшін микрокредит беру жөніндегі уәкілетті ұйым мен микроқаржы ұйымы арасында жасалатын үлгілік кредиттік шарт нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 794 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 27 қаңтарда № 12935 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 119 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 05.12.2022 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 шілдедегі № 599 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілерін микрокредиттеу үшін микрокредит беру жөніндегі уәкілетті ұйым мен микроқаржы ұйымы арасында жасалатын үлгілік кредиттік шарт нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаменті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен сон қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Ұлттық экономика министрі

Е. Досаев


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 794 бұйрығына
1-қосымша

      Нысан

      __________ қаласы "___" ______ 20 ____ жыл

      Бұдан әрі "Қарыз беруші" деп аталатын микрокредит беру

      жөніндегі уәкілетті ұйым (МУҰ атауы), 201___ жылғы _______ № ________

      Сенімхат/ Жарғының негізінде әрекет ететін _____(Тегі, аты, әкесінің

      аты (болған жағдайда) атынан бір тараптан, және ___________(ЗТ атауы)

      бұдан әрі "Қарыз алушы" деп аталатын Жарғының негізінде әрекет ететін

      ________________ (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) екінші

      тараптан, әрі карай жеке-жеке "Тарап", ал бірлесе келе "Тараптар"

      немесе жоғарыда көрсетілгендей аталып, төмендегі туралы осы несиені

      беру Шартын жасасты (әрі карай - Шарт):

НЕГІЗГІ ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР:

      Осы Шартта қолданылатын терминдер мен анықтамалар келесіні білдіреді:

Қарыз беруші

_______________ (МУҰ атауы),

Пошталық мекен-жайы: _____________, электронды мекен-

жайы:______,

интернет-ресурс: ___________

БСН ________________________

БСК ________________________

ЖСК ________________________

Тел.:

Қарыз алушы

____________________________

(заңды тұлғаның атауы)

Заңды мекен-жайы: __________

Нақты мекен-жайы: __________

БСН __________________

БСК __________________

ЖСК __________________

Тел.:

Шағын несие

Қарыз берушінің өтелімділік, мерзімділік, қамтамасыз ету және қайтарымдылық шарттарында Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында соңғы қарыз алушыға беретін ақша

Кепіл беруші:


Гарант:


(бірнеше кепіл беруші/ гаранттар болған кезде "әрі қарай бірлесе "Кепіл беруші/гарант" көрсетіледі" (анықтама қамтамасыз етілетін бағдарламалар үшін қосылады)

____________________________

(заңды тұлғаның атауы)

Заңды мекен-жайы: __________

Нақты мекен-жайы: __________

БСН __________________

БСК __________________

ЖСК __________________

Тел.:

_________________________________

(Жеке тұлғаның Т.А.Ә толық атауы)

________________(жеке басын куәландыратын құжаттың

атауы) № ________" " ________жылы берілді.

ЖСН ________________________

Заңды мекен-жайы: _____________

Нақты мекен-жайы: _____________

Тел.:

Кепіл шарты


Кепілдік шарты

(бірнеше шарт болған кезде "әрі қарай - Кепіл/кепілдік шарты") (анықтама қамтамасыз етілетін бағдарламалар үшін қосылады)

1) "___" 201____ жылғы Кепіл шарты №___;

2) "___" 201____жылғы Кепілдік шарты №___



3)


1. ШАРТТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ

      1.1. Осы Шартқа сәйкес Қарыз беруші Қарыз алушыға келесі мақсатта, "___"________20 жылға дейінгі мерзімге ______(_________) сомасындағы несиені береді: "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасына қатысатын тұлғаларды шағын несиелендіру үшін.

      1.2. Несие осы Шартқа сәйкес Қарыз берушімен Қазақстан Республикасының заңнамасымен орнатылған тәртіпте ұйымдарда, өкілетті органдарда Қарыз алушы/ Қарыз берушімен Кепіл шартын тіркегеннен кейін KZ ___________ теңгемен Қарыз алушының банктік шотына аудару жолымен Қарыз берушімен беріледі.

      1.3. Сыйақыны есептеу ағымдағы қарыздың шамасына 4% (төрт пайыз) жылдық мөлшерде есептеледі (белгіленген мөлшерлеме), сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі Шартты жасасу күніне __________ % жылдық пайызды құрайды.

      1.4. Осы Шарт бойынша Қарыз алушының міндеттемелерді қамтамасыз етуі келесі мүлік болып табылады:

      1) Қарыз берушіге "___" ______ 20 ____ №___

      Кепіл шартына сәйкес кепілге берілетін от

      ________________________________________________________________________________.

      Мүліктің нарықтық құны _________(______________) ___________сомасында белгіленген;

      2) "___"___________ 20 ____ жылғы №_____ Кепіл шартына сәйкес Қарыз берушіге кепілге берілетін:

      ________________________________________________________________________________.

      Мүліктің нарықтық құны ________(____________)______________ сомасында белгіленген;

      (әрі қарай "кепілге берілген мүлік" деп бірлесе аталады);

      2) Кепіл шартына сәйкес толық ортақ жауапкершілік туралы кепіл "___" ______ 201 ____ №___ Кепіл шартына сәйкес.

2. НЕСИЕНІ ӨТЕУ ШАРТТАРЫ

      2.1. Несиені өтеу әдісі: Қарыз берушінің банктік шотына ақшасыз тәртіппен.

      2.2. Қарыз алушымен жеке таңдалған Қарыз беруші ұсынған ішінен несиені өтеу әдісі: _______________(аннуитетті (тең төлемдермен өтеу) немесе дифференциалды (тең үлестермен негізгі қарызды өтеу) әдісін немесе баска әдісті көрсету) және осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын төлемдерді өтеу кестесінде (Шартқа № 1 қосымша) көрсетіледі.

      2.3. Қарыз алушы есептелген сыйақы мен алынған несиені қайтару бойынша қарызды өтеген кезде, ақша Қарыз берушімен келесі кезектілікте қарызды өтеуге жібереді:

      есептелген сыйақы;

      негізгі қарыз.

      2.4. Қарыз алушы несие бойынша төлемді кешіктірген жағдайда өтеу келесі кезектілікпен жүзеге асырылады:

      қарызды өндіру жөніндегі шығындар;

      айыппұлдар;

      сыйақы бойынша мерзімі кешіктірілген қарызға есептелген өсімақы;

      негізгі қарыз бойынша мерзімі кешіктірілген қарызға есептелген өсімақы;

      мерзімі кешіктірілген сыйақы;

      мерзімі кешіктірілген негізгі қарыз;

      мерзімі кешіктірілген негізгі қарызға сыйақы;

      несиені пайдаланғаны үшін сыйақы;

      негізгі қарыз.

      2.5. Осы Шарт бойынша негізгі қарызды және/немесе сыйақыны төлеу бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған жағдайда Қарыз алушы мерзімі кешіктірілген орындаудың әр күні үшін мерзімінде төленбеген сыйақы және/немесе негізгі қарыздың сомасынан осы Шарттың 1.3 тармағымен қарастырылған сыйақының екі еселенген мөлшерлемесі мөлшерінде Қарыз берушіге өсімақыны төлейді.

      2.6. Негізгі қарызды өтеу осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын төлемдерді өтеу кестесінде (Шартқа № 1 қосымша) көрсетілгендей Қарыз берушінің банктік шотына тікелей ___________(ай сайын/ 1 (бір) рет үш айда/ 1 (бір), 1 (бір) рет жартыжылда/ 1 (бір) рет жылына) ақшаны аудару жолымен жүзеге асырылады.

      2.7. Сыйақыны өтеу осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын төлемдерді өтеу кестесінде (Шартқа № 1 қосымша) көрсетілгендей Қарыз берушінің банктік шотына тікелей ___________(ай сайын/ 1 (бір) рет үш айда/ 1 (бір), 1 (бір) рет жартыжылда/ 1 (бір) рет жылына) ақшаны аудару жолымен жүзеге асырылады.

      2.8. Несиені пайдаланғаны үшін сыйақыны есептеу мерзімін есептеу Қарыз алушының банктік шотына KZ __________несие сомасын беру күнінен басталады.

      2.9. сыйақы төлемі осы Шарттың ажырамас бөлігі болып болып табылатын өтеу кестесіне сәйкес (Шартқа №1 қосымша) негізгі қарызды өтей отырып бір мезгілде жүзеге асырылады.

      2.10. Сыйақы сомасы 30 күнге тең келетін ай, 360 тең келетін жылына күннің санына негізделе отырып Қарыз алушының несиені пайдалануының нақты уақыты үшін несие бойынша негізгі қарыздың қалғанына есептеледі.

      2.11. несиені беру және толық көлемде қайтару күні бір күнде қабылданады, бұл кезде жыл 360 күнге, ай 30 күнге тең етіп қабылданады. Шарттың 2.12. және/немесе 2.13. тармақтары жеңілдік кезеңін беру кезінде қосылады.

      2.12. Негізгі қарызды өтеу бойынша ____________(_________________) ай жеңілдік кезеңі орнатылады (Қарыз берушінің өкілетті органының шешіміне сәйкес).

      2.13. Сыйақыны өтеу бойынша ___________(________________) ай жеңілдік кезең орнатылады (Қарыз берушінің өкілетті органының шешіміне сәйкес).

3. СОҢҒЫ ҚАРЫЗ АЛУШЫЛАРҒА ШАҒЫН НЕСИЕНІ БЕРУ
ШАРТТАРЫ

      1. Соңғы қарыз алушыларға шағын нестені беру тек ақшасыз жолмен/ ақшасыз жолмен қалай болса, банктік шоттан ақшалай қаражатты шешу жолымен жүзеге асырылады (Қарыз берушінің өкілетті органының шешіміне сәйкес көрсету) келесі шарттарда:

Соңғы қарыз алушы

Келесі кәсіпкерлерді есепке алмағанда салалық шектеулерсіз ауылды жерлерде, шағын қалаларда және моноқалаларда өздерінің жобаларын іске асыруды жоспарлап отырған және (немесе) іске асыратын кәсіпкерлер, бастауыш кәсіпкерлер:

1) жеке өндірісінен жүзімнен шарапты әзірлеу және моторлы көлік құралдарын шығаруды қарастыратын жобаларды есептемегенде, акциздік тауарлар/ өнімдердің шығарылымын жүзеге асыратын;

2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1434 қаулысына сәйкес мониторингке жатқызылатын ірі салық төлемшелерінің тізіміне қосылған металлургиялық өнеркәсіпте жобаларды іске асырушы;

3) қиыршық тас және құмдақ карьерлерде әзірлеуге жобаларды есептемегенде, тау кен шығаратын өнеркәсіпте өзінің қызметін жүзеге асырушы;

4) акцияларының елу және одан астам пайызы (жарғылық капиталға қатысу үлесі) тікелей немесе жанама мемлекет, ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдинг, ұлттық компанияға (әлеуметтік- кәсіпкерлік корпорацияны санамағанда) тиесілі болатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық компаниялар мен ұйымдары құрылтайшылары болып табылатын, сондай-ақ жеке меншік мекеме ретінде ресімделген жеке меншік түрі бар заңды тұлғалар

Шағын несиенің

валютасы

Теңге

Бір Соңғы қарыз алушыға шағын несиенің максималды сомасы

10 000 000 (десять миллион миллион) теңгеден астам емес

Соңғы қарыз алушыға шағын несиені ұсыну мерзімі

54 (Елу терт) айға дейін

Шағын несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі

12% астам емес жылдық пайыз

Соңғы қарыз алушымен шағын несиені мақсатты пайдалану

Жеке ісін ұйымдастыру немесе кеңейту және салалық шектеусіз айналым капиталын толықтыру

Қайтарымдылығы

100%

Соңғы қарыз алушымен шағын несиені қайтаруды қамтамасыз ету

Соңғы қарыз алушыларға шағын несиені беру кепілдік қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады

4. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

      4.1. Қарыз алушы құқылы:

      4.1.1.3 (үш) жұмыс күн бұрын мерзімінен бұрын өтеу туралы жазбаша хабарлама жібере отырып, нақты пайдаланған уақыты үшін сыйақыны төлей отырып Қарыз берушіге алынған несиені қайтара отырып, осы Шарт бойынша қарызды толық көлемде немесе жартылай мерзімінен бұрын өтеуге;

      4.1.2. осы Шарт бойынша қарызды өтеу есебіне кезекті түсетін ақшаны үлестіру туралы (негізгі қарыз, сыйақы, комиссия, тұрақсыздық айыбы және баска да төлеуге жататын сомалар) ақпаратты жазбаша түрде айына бір реттен жиі емес, ақысыз, 3 (үш) айдан астам емес мерзімде өтініш бойынша алуға;

      4.1.3. мерзімі кешіктірілген төлемдерді көрсете отырып негізгі қарыз, сыйақы, комиссия, тұрақсыздық айыбы мен басқа да төлеуге жататын сомаларға бөле отырып, қайтаруға тиесілі соманың мөлшері туралы мәліметті жазбаша түрде 3 (үш) айдан астам емес мерзімге ақылы, осы Шарт бойынша ұсынылған Қарыз берушіге жартылай немесе толық мерзімінен бұрын қайтару туралы өтініші бойынша алуға;

      4.1.4. егер негізгі қарыз және/немесе сыйақыны өтеудің күні демалыс немесе мереке күнге тұспа-тұс келсе негізгі қарыз және/немесе сыйақыны тұрақсыздың айыбы және айыппұл санкцияларының басқа да түрлерін төлеусіз одан кейінгі жұмыс күнінде төлеу керек. Егер мереке күні ауыстыруға байланысты жұмыс емес күніне өтеу кестесі бойынша кезекті төлемнің күні тұспа-тұс келген жағдайда, мұндай жұмыс емес күні үшін сыйақыны есептеу осындай жұмыс емес күніне өтеу кестесінде есептелген негізгі қарыздың сомасына негізделе отырып өтеудің келесі кезекті күнінде жүзеге асырылады;

      4.1.5. Қарыз берушіге несиені беру мәселелері бойынша даулы жағдайлар туындаған кезде өтініш беру және Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 12 қаңтардағы "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Заңында белгіленген мерзімдерде жауапты алу.

      4.2. Қарыз алушы міндеттенеді:

      4.2.1. Қарыз берушінің банктік шотына ақша аудару жолымен осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын өтеу кестесі (Шартқа №1 қосымша) және осы Шартпен орнатылған мерзімдерде негізгі қарыз сомасы мен ол бойынша сыйақыны Қарыз берушіге уақытылы өтеуге;

      4.2.2. несиені осы Шарттың 1.1 тармағына сәйкес мақсатына қарай пайдалану;

      4.2.3. ұсынылған несиені алған күннен бастап 90 (тоқсан) күнтізбелік күннің ішінде игеруге;

      4.2.4. осы Шарттың мерзімінің барысында Қарыз берушіден тиісті сұраным алынған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей, егер басқа мерзімдер Қарыз берушінің тиісті сұранымында көрсетілмесе, Қарыз берушінің несиені ұсыну кезінде әдетте қойылатын барлық талаптарын сақтауға/ орындауға;

      4.2.5. Қарыз берушіге келесі үшін қажетті тиісті түрде рәсімделген ақпаратты және/немесе құжатты ұсынуға: (і) несиені игеру, мақсатты пайдалану, қайтаруды бақылау және/немесе (іі) Қазақстан Республикасының заңнамасы және/немесе Қарыз берушінің ішкі нормативті құжаттарына сәйкес несие досьесін құру және/ немесе (ііі) өкілетті мемлекеттік органның талаптарын орындау және/немесе (IV) қаржыландыру шарттарына өзгертулер енгізу және/немесе (v) осы Шарт бойынша Қарыз берушінің өз құқықтарын іске асыруға;

      4.2.6. несиені мақсатты пайдаланбау анықталған жағдайда Қарыз берушінің бірінші жазбаша талабы бойынша мақсатты пайдаланбау үшін есептелген айыппұл санкцияларын төлеуді және несиені мақсатты пайдаланбау сомасын қайтаруды мерзімінен бұрын жүзеге асыру. Несиені уақытында пайдаланбау жағдайында Қарыз берушінің бірінші жазбаша талабы бойынша уақытылы пайдаланбағаны үшін есептелген санкцияларды төлеуге жүзеге асыруға;

      4.2.7. бір айдан кешіктірмей Қарыз берушіні өзінің алдындағы немесе жоспарлы таратылуы/ қайта ққрылуы туралы, өзінің құрылтай құжаттарына толықтырулар мен өзгертулерді енгізу туралы немесе мекен-жайы, банктік деректемелерінің өзгеруі, қосымша несие қаражатын тарту және осы Шартқа сәйкес Қарыз берушінің алдында қабылдаған міндеттерді орындауға ықпал етуі мүмкін басқа да өзгерістері жайлы ақпараттандыруға;

      4.2.8. Қарыз берушінің өкілетті өкілдеріне несиені мақсатты және уақытылы пайдалану, қаржылық-шаруашылық қызметіне кез келген уақытта тексеріс жүргізуге кедергі келтірмей, барлық қажетті құжаттарды ұсынуға, Қазақстан Республикасының заңнамасы және осы Шарттың талаптарына сәйкес кеңсе және өндірістік орынжайына қолжетімділікті қамтамасыз етуге;

      4.2.9. оқиға болған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей Қарыз берушіні жазбаша түрде хабардар етуге: Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс (банктің атауы мен осындай шоттың нөмірін хабарлай отырып) Қарыз алушымен банктік шоттарды ашу туралы (банктік операциялардың жеке түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда немесе басқа несие ұйымдарында);

      4.2.10. осы Шарттың әрекет ету мерзімнің барысында, Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктері, қаржы ұйымдары, халықаралық ұйымдар және басқа да қаржылық институттар/ инвесторлардың тарапынан қарызды алуды тек Қарыз берушінің жазбаша келісімімен ғана жүзеге асыруға;

      4.2.11. Қарыз берушіге Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс барлық банктерден (банктік операциялардың жеке түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда немесе басқа несие ұйымдарында) тізбені, сондай-ақ Қарыз алушының оның алдындағы қарызының мөлшері мен болуы туралы мәліметті ұсынуға;

      4.2.12. қарыз алушымен басқа банктермен (банктік операциялардың жеке түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда немесе басқа несие ұйымдарында) жасалған және келешекте жасалатын банктік шоттың шарттарына бір жылдың ішінде сақтауға және картотекасына Қарыз берушінің орындалмаған төлем талап-тапсырмаларын қабылдау туралы (банктік шотында ақшаның жетіспеушілігінен) шартты қосуға;

      4.2.13. Қарыз берушіге ұсыну:

      а) әр жыл аяқталғаннан кейін 120 (жүз жиырма) күнтізбелік күннен кешіктірмей салық жылдық қаржылық есептер және/немесе аудиттелген (егер болса) есептерді, есептік тоқсан аяқталған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күннен кешіктірмей тоқсан сайынғы негізде есептік кезең үшін (ОКУД бойынша 1, 2, 3 нысаны бойынша) қаржылық есептілікті;

      б) Қарыз алушыға несиені аудару күннен бастап 90 (тоқсан) күнтізбелік күннің ішінде /______________ (немесе Қарыз берушінің Өкілетті органының шешіміне сәйкес басқасы) растайтын құжаттарды коса отырып, осы Шартқа № 2 Қосымшасына сәйкес нысан бойынша несиені мақсатты пайдалану туралы есеп/акті. Осы тармақта көрсетілген мерзімде мақсатына қарай несиені пайдаланудың растайтын құжаттары және есеп/акті ұсынылмаған жағдайда несие мақсатына қарай пайдаланылмады деп саналады;

      4.2.14. осы Шарт бойынша міндеттемелерді толық орындағанға дейін сақтандыру компанияларында кепіл мүлкін уақытылы сақтандыруды жүзеге асыруға (қамтамасыз етуге) Қоғамның Өкілетті органы шешіміне сәйкес, сондай-ақ Кепілдік саясатына сәйкес міндетті сақтандыруға жататын кепілдер бойынша тармақ көрсетіледі.;

      4.2.15. осы Шартқа сәйкес алынған ақшаға және ол бойынша міндеттемелерді орындауға қатысты соңғы қарыз алушылар туралы ақпаратты, ақпаратты ашуға соңғы қарыз алушылардың келісімін ұсынумен сұраныстар негізінде қажеттілік туындауына карай Қарыз берушіге, сондай-ақ мемлекеттік, оның ішінде құқық қорғау органдарына несие досьесін қоса алғанда, бірақ шектелмей сыйақы мен негізгі қарызды төлеу, несиені мақсатты пайдалануды растауды ұсыну;

      4.2.16. қамтамасыз ету алынған несиенің қаражаты есебінен соңғы қарыз алушылардың алған ақшалай қаражатын мақсатына карай пайдалануды бақылауды;

      4.2.17. Қарыз берушіге Қарыз алушымен ақпаратты ұсынуға соңғы қарыз алушылардың көлемі қосымшасымен соңғы қарыз алушыларға мониторинг жүргізу үшін қажетті және жеткілікті құжаттарды ұсыну;

      4.2.18. соңғы қарыз алушыларды қаржыландыруды осы Шарттың 3 тарауында көрсетілген шарттарға сәйкес жүзеге асыру және 100 % (жүз пайыздың) қайтарымдылылықты қамтамасыз ету;

      4.2.19. осы Шарттың қолданысының барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің реттеу талаптарын немесе шағын қаржылық ұйымдарға қолданылатын Қазақстандағы басқа реттеу талаптарын сақтау.

      4.3. Қарыз беруші құқылы:

      4.3.1. біржақты тәртіпте Қарыз алушы үшін жақсарту жағына қарай осы Шарттың талаптарын өзгертуге;

      4.3.2. алдын ала ескертусіз Қарыз алушының ағымдағы қаржылық жағдайы туралы қажетті мәліметті алуға және тексеру жүргізуге;

      4.3.3. Қарыз алушыны ескертусіз несиенің мақсатты пайдаланылуын тексеруге. Мақсатты пайдаланбау жағдайында мақсатты пайдаланбау фактісі анықталған сәттен бастап осы Шарттың 7.2. тармағына сәйкес айыппұлды есептеумен несие және ол бойынша нақты пайдаланғаны үшін есептелген сыйақы сомасын мерзімінен бұрын қайтаруды талап етуге;

      4.3.4. Қарыз алушының осы Шарттың талаптарын орындауды бақылауды жүзеге асыруға;

      4.3.5. біржақты тәртіпте сыйақы бойынша төлемді кешіктіру және несиенің негізгі сомасын өтеу бойынша төлемдерді кешіктіргені үшін өсімақыны уақытша тоқтату және жаңартуға;

      4.3.6. Қарыз алушыдан несиені игеру, мақсатты пайдалану, қайтару туралы ақпаратты, Қарыз алушының борышкерлері алдында міндеттемелерді орындауы, осы Шарттың талаптарына сәйкес мерзімде және тәртіпте қажетті ақпараттар мен құжаттарды сұрату, бұл кезде Қарыз алушы осындай ақпараттар мен құжаттардың дұрыстығы үшін жауап береді;

      4.3.7. осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамаған/ тиісті түрде орындамаған жағдай туындаған кезде (оның ішінде Дефолт, Кросс-дефолт) Қарыз беруші кез келген келесі шараларды жеке немесе жиынтықта қолдануға құқылы:

      4.3.8. акцептсіз ретпен төлем талап-тапсырмалары (осы Шарттың нотариалды расталған көшірмесін қосымшада бере отырып) және акцептсіз және/немесе даусыз ақшаны алуды жүзеге асыру үшін қажетті басқа да құжаттарда орындалатын, Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс кез келген екінші деңгейлі банктер, қаржылық, несие ұйымдары мен мекемелерінде ашылған Қарыз алушының банктік шоттарына талап кою жолымен Қарыз алушының мерзімі кешіктірілген қарызының барлық сомасын кез келген валютада акцептсіз және даусыз тәртіпте алу.

      Қарыз берушінің төлем құжаты Қарыз алушының банктік шотында ақша жеткілікті болған кезде онда көрсетілген ақша сомасына орындалуы керек, ал қарыз берушінің төлем құжатында көрсетілген ақшаның барлық сомасын алу үшін, ақша жеткіліксіз болған жағдайда Қарыз алушының банктік шотына картотекада сақталады. басқа валютада (несие валютасына қарағанда) ақшаны акцептсіз алу кезінде, несие валютасына алынған ақшаны айналдыру Қарыз алушы есебінен жүзеге асырылады. Осы Шартқа қол қоя отырып Қарыз алушы келісім береді және Қарыз берушіге осы шарт бойынша қарызды өтеуге және Шартпен қаралған басқа да төлемдерді өтеу үшін Қарыз алушының барлық шоттарынан акцептсіз ақша алу құқығын береді;

      б) несиенің барлық сомасын немесе несиенің бөлігін және ол бойынша сыйақы сомасын мерзімінен бұрын қайтаруды талап етуге;

      в) бұқаралық ақпараттық құралдарында Қарыз берушімен есептесуге қатысты осы Шарт бойынша қарыз алушының міндеттемелерді (Дефолте, Кросс-дефолте) орындамауы/ тиісті түрде орындамауы туралы ақпаратты жариялау және ақпаратты Несие бюросына ұсыну;

      4.3.9. Негізгі қарыз бойынша мерзімі кешіктірілген қарыз және мерзімі кешіктірілген сыйақы, сондай-ақ Шарттың басқа талаптарын бұзғаны үшін Қарыз алушыдан тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімақы) өндіруге;

      4.3.10. Қарыз берушіден сыйақыны төлеу және/немесе несиенің кезекті бөлігін қайтару үшін орнатылған мерзімді Қарыз алушы бұзған кезде несие сомасы мен ол бойынша сыйақыны Қарыз алушыдан қайтаруын талап етуге;

      4.3.11. осы Шарт және/немесе Қазақстан Республикасы заңнамасымен орнатылған басқа да құқықтарды орындауға;

      4.3.12. орнатылған мерзім ішінде негізгі қарыз және есептелген сыйақы бойынша кезекті төлемді енгізбеу жағдайында соттан тыс немесе сот тәртібінде кепілдегі мүлікке өндіртуге.

      4.4. Қарыз беруші міндеттенеді:

      4.4.1. Қарыз алушының өтінішімен ақысыз айына бір реттен жиі емес 3 (үш) жұмыс күнінен астам емес мерзімде жазбаша түрде осы Шарт бойынша қарызды өтеуге кезекті түсетін ақшаны тарату туралы ақпаратты ұсынуға (мерзімі кешіктірілген төлемдерді көрсете отырып негізгі қарыз, сыйақы, комиссиялар, тұрақсыздық айыбы мен басқа төлеуге жататын сомалар);

      4.4.2. осы Шарт бойынша ұсынылған ақшаны толық немесе жартылай мерзімінен бұрын қайтару туралы Қарыз алушының өтініші бойынша - ақысыз 3 (үш) жұмыс күнінен астам емес мерзімде Қарыз алушыға мерзімі кешіктірілген төлемдерді көрсете отырып негізгі қарыз, сыйақы, комиссиялар, тұрақсыздық айыбы мен басқа төлеуге жататын сомаларды бере отырып қайтарылуға тиісті соманың мөлшерін хабарлауға;

      4.4.3. Қарыз алушыны осы Шартта қарастырылған әдістермен және мерзімдерде, осы Шарт бойынша төлемді енгізу қажеттілігі мен міндеттемелерді орындау мерзімі кешіктіруі туралы хабардар етуге;

      4.4.4. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Заңында орнатылған мерзімдерде Қарыз алушының жазбаша өтінішіне жазбаша жауапты әзірлеу және қарастыруға;

      4.4.5. 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Шарт бойынша құқықты (талапты) шегіну кезінде бұл туралы қарыз алушыны (оның өкілетті өкілін) талап құқықтары берілген тұлға немесе Қарыз берушіге - несиені өтеу бойынша келесі төлемдердің тағайындалуы, сондай-ақ негізгі қарыз, сыйақы, комиссиялар, тұрақсыздық айыбы және баска төлеуге жататын сомаларға бөле отырып мерзімі кешіктірілген қарыздар мен ағымдағы қарыздардың қалдығының берілген құқықтар талаптарының толық көлемін көрсете отырып жазбаша түрде хабардар ету.

      4.5. Қарыз беруші құқылы емес:

      4.5.1. төмендегі жағдайлардан баска, біржақты тәртіпте осы Шартты жасау күніне орнатылған сыйақы мөлшерлемесін арттыру жағына карай өзгертуге:

      а) осы Шартпен қарастырылған жағдайларда несиені алу және қызмет көрсетуге байланысты сенімді ақпаратты ұсыну бойынша Қарыз алушының өз міндеттемелерін бұзуы;

      б) Қарыз берушінің Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен қарастырылған жағдайларда, сондай-ақ осы Шартпен қарастырылған келесі жағдайларда міндеттемелерді мерзімінен бұрын орындауды талап ету құқығы туындауы:

      Қарыз берушіні алдын ала жазбаша ескертусіз шаруашылық серіктестіктің қатысуының үлестерін он және одан астам пайызына жиынтықта ие болатын Қарыз алушының қатысушылар құрамы өзгерген жағдайда;

      Қарыз алушы және/ немесе Кепіл берушімен кепіл ұстаушы болып табылатын Қарыз берушінің құқығы бұзылғанда құжаттар бойынша және нақты Қарыз берушіге кепілге берілген мүлікті коса алғанда, Қарыз алушының (Кепіл беруші) мүлкіне талаптарды үшінші тұлғалар талап ету, кепілге берілген мүлікті сақтау шарттары, күйі, мөлшері мен бар болуын тексеру;

      4.5.2. несиені алған күннен бастап бір жылға дейін негізгі қарызды толық мерзімінен бұрын өтеу немесе жартылай мерзімінен бұрын өтеу жағдайларын есептемегенде тұрақсыздық айыбы немесе санкциялардың басқа түрлерін өндіру;

      4.5.3. егер негізгі қарыз немесе сыйақыны өтеу күні демалыс немесе мереке күнге тұспа-тұс келіп, сыйақы немесе негізгі қарызды төлеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылған жағдайда тұрақсыздық айыбы немесе санкциялардың басқа түрлерін төлетуге;

      4.5.4. біржақты тәртіпте келесі жағдайларды есепке алмағанда, жасасқан Шарттың шеңберінде несиені беруді уақытша тоқтату:

      а) Қарыз берушінің несиені беруді жүзеге асырмау құқығы туындайтын Шартта қарастырылған жағдайлар;

      б) Шарт бойынша Қарыз берушінің алдында Қарыз алушының өз міндеттемелерін бұзуы;

      в) Қарыз берушінің ішкі несие саясатына сәйкес Қарыз берушімен жүргізілетін мониторинг нәтижелері бойынша анықталған Қарыз алушының қаржылық жағдайының нашарлау;

      г) қарыз берушінің Шартты тиісті орындауына ықпал ететін Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының өзгеруі;

      4.5.5. Қарыз алушыны, Кепіл берушіні кепілге берілген мүліктің нарықтық құнын анықтау мақсатында бағалау жүргізуге бағалаушы және/немесе сақтандыру ұйымын таңдауда шектеу.

5. НЕСИЕНІ БЕРУДЕН НЕМЕСЕ АЛУДАН БАС ТАРТУ

      5.1. Қарыз беруші, Қарыз алушыға берілген сома мерзімін қайтарылмауды айқын дәлелдейтін жағдайлар бар кезде, сондай-ақ мерзімін кешіктіру фактілерін анықтаған жағдайда, оның ішінде өтінім берген кезде екінші деңгейлі банктер, үшінші тұлғалар алдында ұсынылған қаржылық есептілік және басқа мәліметтердің дұрыс болмауы, қарыз алушыға несие сомасын беруден бас тартуға құқылы болады.

      5.2. Қарыз алушы Қарыз берушімен бұл туралы жазбаша хабардар ете отырып несиені алудан толықтай бас тартуға құқылы болады.

6. ШАРТТЫҢ ӘРЕКЕТ ЕТУ ШАРТТАРЫ МЕН МЕРЗІМІ

      6.1. Шарт барлық Тараптар кол қойған күннен бастап күніне енеді және осы Шарт бойынша өзге қабылданған барлық Тараптардың міндеттемелері толық орындалғанға дейін қолданыста болады

      6.2. осы Шартты орындау кезінде Тараптар егер осы Шарттың талаптарымен өзгесі қарастырылмаса, Қазақстан Республикасы заңнамасын басшылыққа алады.

7. ЖАУАПКЕРШІЛІК

      7.1. Қарыз алушы Қарыз берушімен алдында Қазақстан Республикасының заңнамасы және осы Шарттың талаптарына сәйкес міндеттемелерді орындамағаны және тиісті түрде орындамағаны үшін жауапкершілікті көтереді.

      7.2. Несиені мақсатына карай пайдаланбау жағдайында Қарыз берушімен Қарыз алушыдан мақсатына карай пайдаланылмаған соманы мерзімінен бұрын қайтару және несиені мақсатына қарай пайдаланбаудан 25% (жиырма бес) пайыз мөлшерінде айыппұлды төлеуді талап етуге құқылы болады.

      7.3. Осы Шарт бойынша сыйақы және/немесе негізгі қарызды төлеу бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған жағдайда Қарыз алушы орындаудың кешіктірілген әр күні үшін мерзімінде төленбеген сыйақы және/немесе негізгі қарыз сомасынан осы Шарттың 1.3. тармағымен қарастырылған сыйақының еселенген мөлшерінле Қарыз берушіге өсімақыны төлейді.

      7.4. Осы Шарттың 4.2.3 тармақшасында көрсетілген мерзім ішінде несие сомасын уақытылы игермеу/ игермеген жағдайда, Қарыз алушы игерілмеген несиенің сомасынан 10% (он пайыз) мөлшерінде айыппұлды төлейді және игерілмеген несие сомасын уақытынан бұрын қайтарады.

      7.5. Қарыз алушы осы Шартпен орнатылған басқа талаптарды орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған жағдайында, Қарыз беруші Қарыз беруші Қарыз алушыдан әр бұзушылық үшін несие бойынша қарыз сомасынан 10% (он пайыз) мөлшерінде айыппұлды - қалған бұзушылықтар бойынша, орындау мерзімімен орнатылған бұзушылықтар бойынша мерзімі кешіктірілген әр күн үшін несие бойынша қарыз сомасының қалғанынан 0,01% (нөл бүтін жүзден бір) пайыз мөлшерінде өсімақыны төлеуді талап етуге құқылы болады.

      7.6. Қарыз беруші осы Шартты орындау барысында алынған құпия ақпараттың сақталуы үшін жауапкершілікті көтереді.

      7.6. Қарыз алушыға жауапкершіліктің басқа шаралары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.

      7.7. Қарыз берушінің қарауына қарай санкцияларды төлеу (айыппұл, өсімақы, қарызды төлету бойынша шығындар және т.б.) Қарыз алушыны міндеттемелерін орындау мен бұзушылықты жоюдан босатпайды.

      7.8. Санкцияларды төлеу жазбаша талапты қойған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      7.9. Қарыз алушы осы Шарттың талаптарын орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған жағдайда Қарыз алушы Қарыз берушінің алдында өзіне меншік құқығында тиесілі барлық мүлкімен, теңге және шетел валютасында шоттарында ақшамен жауап береді.

      7.10. Осы Шартқа қол қоюмен Қарыз алушы осы Шарттың талаптарын Қарыз алушы тиісті түрде орындамау немесе орындамауы кезінде Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс кез келген қызмет көрсететін екінші деңгейлі банктер, қаржы, несие ұйымдары мен мекемелерінде теңге және шетел валютасында өзінің шоттарынан ақшаны акцептсіз шығынға жазу құқығын Қарыз берушіне қайтарусыз және талапсыщ ұсынады.

8. МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ӨТЕУ ТӘРТІБІ, КРЕДИТ БОЙЫНША
БЕРЕШЕК СОМАСЫН ӨНДІРУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ КЕПІЛДІК МҮЛІКТІ ӨНДІРІП АЛУҒА ЖҮГІНУ

      8.1. Қарыз алушының Қарыз берушінің кемінде 3 (үш) жұмыс күннен бұрын жазбаша хабарлауы болған кезде осы Шарт бойынша кредит ішінара немесе толық мерзімінен бұрын өтеуге жол беріледі.

      8.2. Қарыз берушіге Қарыз алушыдан осындай өтеу және Қарыз берушінің банк шотына көрсетілген кезектілікте толық көлемде келесі төлемдер туралы өтініш келген кезде кредит толық мерзімінен бұрын өтеу жүзеге асырылады деп саналады:

      1) сыйақыны есептеу;

      2) осы Шарт бойынша негізгі қарыздың қалған сомасы.

      8.3. Қарыз берушіге Қарыз алушыдан осындай өтеу және Қарыз берушінің банк шотына мерзімінен бұрын өтелетін сома туралы өтініш келген кезде кредитті ішінара мерзімінен бұрын өтеу жүзеге асырылды деп саналады.

      8.4. Қарыз алушыдан кредит ішінара мерзімінен бұрын өтеу және Қарыз берушіге мерзімінен бұрын өтеу сомасын аудару туралы жазбаша хабарлама негізінде, соңғысы кредит бойынша кезекті төлемді енгізу күннен кешіктірмей мерзімде төлемдерді өтеудің жаңа кестесін құрады және Қарыз алушымен қол қояды, ол болашақ төлемдер үшін негізгі болып табылады, осы Шартқа №1 қосымша ретінде тіркеледі және жаңа кестеге кол қойған күннен бастап күшін жоятын бұрынғы кестені ауыстырады.

      8.5. Тараптар, ішінара мерзімінен бұрын өтеу кезінде осы Шартқа қосымша келісімді ресімдеу, мерзімінен бұрын өтеу сәтінде әрекет ететін кредитті ұсыну параметрлерін сақтау шартымен (кредитті пайдалану мерзімі, сыйақы мөлшерлемесі, кредит валютасы және т.б.) талап етілмейді деп келіседі.

      8.6. Қарыз берушіге Шарттан бір жақты бас тарту жолымен осы Шарттың әрекетін мерзімінен бұрын тоқтатуға және келесі жағдайларда осы Шартқа сәйкес Қарыз алушыдан тиесілі есептелген сыйақы және өзге сомалармен бірге кредит сомасын толық көлемде өндіріп алуға ұсынуға болады:

      1) Қарыз берушінің осы Шарт бойынша кез келген талабын бұзған жағдайда;

      2) Қарыз алушы төлемдерді өтеу кестесін және осы Шарттың 1.1., 2.6. және 7-тармақшаларында баяндалған талаптарды орындамау немесе дұрыс орындамау жағдайында;

      3) кредитті мақсатсыз пайдалану жағдайында;

      4) Қарыз алушыда кредит бойынша кезекті төлемді өтеу үшін қаражаттың болмай және олардың түсу перспективасы болмаған кезде;

      5) егер Қарыз алушының осы Шарт бойынша мерзімі өткен міндеттемелері болса;

      6) егер Қарыз алушының кепілге салынған мүлкіне және/немесе кез келген банкте, жеке банк операцияларын жүзеге асыратын, ұйымдарда, және өзге кредиттік ұйымдарда оның банк шотын тәркіге салу немесе өндіріп алуға өтініш жасалса (немесе осыған нақты қауіп болса);

      7) егер Қарыз алушының қатысуымен әлдекімнің осы Шарттың шынайылығына дауласу туралы соттың істі қарауы жүргізілсе;

      8) Қарыз берушінің негізді пікірі бойынша Қарыз алушының төлем қабілеттілігіне және оның осы Шарт бойынша өзінің міндеттерін орындау мүмкіндігіне жағымсыз әсер етуі мүмкін өзге жағдайларда.

      8.7. Қарыз беруші осы Шарт талаптарына сәйкес Қарыз алушыдан тиесілі есептелген сыйақы және өзге сомалармен бірге толық көлемде кредит сомасын өндіріп алуға ұсынуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, сондай-ақ келесі жағдайларда соттан тыс және/немесе сот жүзінде кепілге салынған мүлікті өндіріп алуға жүгінуге құқығы бар:

      1) Қарыз алушы және/немесе Қарыз беруші осы Шарт талаптарын және/немесе кепіл Шартын бұзған жағдайда;

      2) Қарыз алушы төлемдерді өтеу кестесін және Шарттың 1.1., 2.6. және 2.7.- тармақтарында баяндалған талаптарды орындамау немесе дұрыс орындамау жағдайында;

      3) кредитті мақсатсыз пайдалану жағдайында;

      4) Қарыз алушыда кредит бойынша кезекті төлемді өтеу үшін қаражаттың болмай және олардың түсу перспективасы болмаған кезде;

      5) Егер Қарыз алушы осы Шарт бойынша белгіленген кредит бойынша қамтамасыз етуді ұсынудан бас тартса;

      6) Егер Қарыз алушының осы Шарт бойынша мерзімі өткен міндеттемесі болса;

      7) егер мемлекеттік мұқтаждық үшін кепілге салынған мүлкін алу (сатып алу) болжанса;

      8) егер Қарыз алушының/Гаранттың кепілге салынған мүлігіне, мүлкіне және/немесе кез келген банкте (жеке банк операцияларын жүзеге асыратын ұйымдарда, және өзге кредиттік ұйымдарда) банк шотын тәркіге салу немесе өндіріп алуға өтініш жасалса немесе осыған нақты қауіп болса;

      9) кепілге салынған мүлік құрамында кез келген өзгерістер, осындай мүліктің нашарлау және/немесе жоғалу немесе нашарлау және/немесе жоғалу қаупі туындаған кезде;

      10) если ведется разбирательство в судах с участием Заемщика Залогодателя/Гаранта, об оспаривании кем-либо действительности настоящего Договора и/или Договора залога/гарантии; егер Қарыз алушы Кепіл беруші/Гаранттың қатысуымен әлдекімнің осы Шарттың және/немесе кепіл/гарант Шартының шынайылығына дауласу туралы соттың істі қарауы жүргізілсе;

      11) Қарыз берушінің негізді пікірі бойынша Қарыз алушының төлем қабілеттілігіне және оның осы Шарт бойынша өзінің міндеттерін орындау мүмкіндігіне жағымсыз әсер етуі мүмкін өзге жағдайларда.

9. МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІ ОРЫНДАМАУ (ДЕФОЛТ, КРОСС-ДЕФОЛТ)

      9.1. Осы Шарт мақсаты үшін Дефолт деп Қарыз беруші алдында осы Шарт бойынша немесе Қарыз берушімен жасалған басқа шарт бойынша Қарыз алушының міндеттемелерін орындамау немесе дұрыс орындамау түсіндіріледі.

      Кросс дефолт Қарыз алушының үшінші тұлғалар алдында кредиттің үштен бір бөлігі сомасынан асатын сомаға өзінің міндеттемелерін орындамауын немесе дұрыс орындамауды білдіреді.

      9.2. Дефолт/Кросс-дефолт қауіп туындаған кезде Қарыз алушы Қарыз берушіге Дефолт/Кросс-дефолт болатын және/немесе болып табылатын жағдайды, оның ішінде оларды жою бойынша қабылданатын шаралар туралы ақпаратты көрсетіп дереу жазбаша хабарлама жолдауға міндетті. Дефолт/Кросс-дефолт қауіп болған кезде Қарыз беруші Қарыз алушыға Дефолт/Кросс-дефолт қаупін жою үшін мерзім белгілеп жазбаша хабарлама жолдауға құқылы.

10. ФОРС-МАЖОРЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАР

      10.1. Дүлей апат (су басу, жер сілкіну, эпидемия), әскери шиелініс, әскери төңкеріс, лаңкестік акті, азаматтық толқулар, ереуіл, Үкімет, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі тарапынан ұйғарымдар, бұйрықтар немесе өзге әкімшілік араласу немесе осы Шарт бойынша Тараптардың міндеттемелерін орындауға әсер ететін қандай да бір басқа қаулы, әкімшілік немесе үкіметтік шектеулер, немесе тараптардың қисынсыз бақылауынан тыс өзге жағдайлар келісімімен тікелей немесе жанама туындаған, еңсерілмес күш жағдайы туындаған жағдайда, осы міндеттерді орындау мерзімі егер олар барлық Шарттың немесе еңсерілмес күш жағдайы туындағаннан кейін орындауға жататын оның бөлігін орындауға елеулі әсер ететін болса, осы оқиғалар әрекет еткен уақытқа сәйкестей отырып жылжытылады.

      10.2. Шартты орындауға осы тарауда белгіленген кедергі келтірулер кез келген мемлекеттік орган беруі тиіс Шартты орындау үшін қажет рұқсатты, лицензияны немесе келуге рұқсатты, немесе мақұлдауды қамтымайды.

      10.3. Екі Тарап осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындауға кедергі келтіретін еңсерілмес куш жағдайының басталуы және аяқталуы туралы бірін бірі дереу жазбаша хабардар етуі тиіс.

      10.4. Еңсерілмес куш жағдайына сүйенетін Тарап оны растау үшін құзыртті мемлекеттік органның құжатын ұсынуға міндетті.

11. ШАРТ БОЙЫНША ТАЛАП ЕТУ ҚҰҚЫҒЫНАН ШЕГІНУ

      11.1. Қарыз алушының осы Шарт бойынша өзінің құқықтарын және міндеттерін Қарыз берушінің жазбаша келісімінсіз ҮШІНШІ тұлғаға беруге құқығы жоқ.

      11.2. Осы Шарт бойынша Тараптың құқықтық мұрагері осы Шарт бойынша талап құқығын және міндеттерді, оның ішінде ықтималды дауларды және келіспеушіліктерді реттеуге байланысты талап ету құқығы және міндеттерді тікелей өзіне қабылдайды.

12. ТАРАПТАРДЫҢ КЕЛІСПЕУШІЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ДАУЛАРЫ

      12.1. Осы Шарт бойынша талаптарды орындау процесінде туындайтын келіспеушіліктерді Тараптар өзара қолайлы шешімді құру мақсатында алдын ала тәртіпте қарайды.

      12.2. Келісімге қол жетпеген Тараптар арасындағы барлық даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот жүзінде шешіледі.

      12.3. Қарыз алушы Шартта көрсеткен мекенжай бойынша жазбаша түрде Қарыз беруші жолдаған хабарламалар жеткізілді деп саналады.

13. ҚОСЫМША ТАЛАПТАР

      13.1. Осы Шарт бойынша барлық хабарлама, ескертулер, наразылықтар және басқа құжаттарды, Тараптың заңнамалық немесе негізді сұранысы белгілі нысанда құжатты ұсыну туралы талап қамтылған жағдайды қоспағанда, Тараптарға пошта, телеграмма, курьермен, факспен, электронды поштамен жолдауға болады. Санкцияны төлеу туралы наразылық және Шартты бұзу туралы хабарлама тапсырыс хатпен немесе курьермен қол қойып жолданады, сондай-ақ Қарыз берушінің қалауы бойынша қосымша Қарыз алушының электронды мекенжайына жолдауға болады.

      13.2. Осы Шарт талаптарын тек қана Тараптардың өзара келісімі бойынша өзгертуге болады, олар қосымша келісіммен жазбаша ресімделеді, осы Шартпен белгіленген жағдайлардан басқалары.

      13.3. Қарыз алушы ________________кредиттік бюроға ол туралы ақпаратты ұсынуға, кредиттік бюроның Қарыз берушіге ол туралы кредиттік есепті беруге, берілген кредит туралы мәліметке, сондай-ақ ол туралы ақпарат ұсынуға, берілген кредит туралы мәлімет және мемлекеттік органдарға (оның ішінде құқық қорғау), сондай-ақ "КазАгро" Ұлттық Басқарушы Холдинг" акционерлік қоғамына және оның еншілес ұйымдарына осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындау туралы барлық мәліметтерді ұсынуға келісім берді.

      13.4. Осы Шарт бірдей заңды күші бар орыс және қазақ тілдерінде Тараптар үшін бір-бірден 2 (екі) данада құрылды. Орыс және қазақ тілдерінде мәтіннің басқаша оқылуы кезінде орыс тілдерінде мәтіннің басқаша оқылуы кезінде орыс тіліндегі мәтін басымдыққа ие.

ТАРАПТАРДЫҢ МЕКЕН-ЖАЙЛАРЫ МЕН ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ:

      Қарыз берушіден: ____________________(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) м.о.

      Қарыз алушыдан: ____________________(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) м.о.

      Негіздеме: шешім ________________ № _____"__"_________ 20 _____ жылғы

      Қарыз алушының қолы _________(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) маманның қатысуымен қойылды _________________ (Тегі, аты,

      әкесінің аты (болған жағдайда)

  Несиені беру туралы Шартқа
№ 1 Қосымша

      № ___-ШҚҰ-__"__"__ 20_____ жылғы

Соңғы қарыз алушыларға шағын несиелерді беру туралы
ЕСЕП

Соңғы Қарыз алушының атауы

Жобаның атауы

Экономика саласы

Іске асыру орны(аудан, қала)

Қарыз қаражатының мақсатты пайдаланылуы

Несиені беру күні

Несиелендіру мерзімі,

айлар

Несиесомасы,

теңге

Несие бойынша сыйақы мөлшерлем есі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

БАРЛЫҒЫ:







      кестенің жалғасы

Жобаның есебінен құрылатын жаңа жұмыс орындары

Өнімді өндіру туралы ақпарат

Көрсетілген қызметтер туралы ақпарат

Шағын кәсіпкерлік субъектілерімен салық төлемдеру туралы ақпарат

Күні

Несиені беру туралы Шарты

11

12

13

14

15

16













      Лауазымды тұлға _______________________________ (Тегі, аты, әкесінің

      аты (болған жағдайда) қолы, мөр

      Жауапты қызметкер _____________________________ Т.А.Ә

      Қарыз беруші: __________________ Қарыз алушы: _______________________

      ______________________ ____________________________________

      м.о м.о