"Басым жобаларға кредит беру тетігінің шеңберінде ұсынылған қаражатты екінші деңгейдегі банктердің мақсатты пайдалануын талдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 25 қаңтардағы № 1

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 119 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 6 желтоқсанда № 30985 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Басым жобаларға кредит беру тетігінің шеңберінде ұсынылған қаражатты екінші деңгейдегі банктердің мақсатты пайдалануын талдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 25 қаңтардағы № 10 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18237 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Басым жобаларға кредит беру тетігі шеңберінде ұсынылған қаражатты екінші деңгейдегі банктердің мақсатты пайдалануын талдау қағидаларында:

      3-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) "Аграрлық несие корпорациясы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – АНК) – Қаулымен бекітілген Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігі (бұдан әрі – Тетік) шеңберіндегі қатысушы, компания;";

      4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) банктік қарыз шарты – ЕДБ мен кәсіпкер арасында жасалатын жазбаша келісім, оның шарттары бойынша кәсіпкерге Тетік шеңберінде банк кредиті, сондай-ақ кредиттік желі ашу туралы келісім беріледі.

      Аталған шарт ақпараттық банк жүйесінде сәйкестендірілуге жатады;

      5) кәсіпкер – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде өз қызметін Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес жүзеге асыратын шағын және (немесе) орта кәсіпкерлік субъектісі, сондай – ақ өз қызметін Кодекске сәйкес Тетік шеңберінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектісі (бұдан әрі – ЖКС);";

      6) тармақша алып тасталсын;

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) кредит – ЕДБ банктік қарыз шартының негізінде, АНК қарыз шартының негізінде кәсіпкерге мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық, қамтамасыз ету және мақсатты пайдалану талаптарымен беретін ақша сомасы;";

      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) субсидиялау шарты – қаржы агенттігі, ЕДБ және кәсіпкер арасында жасалатын үшжақты жазбаша келісім, оның шарттары бойынша қаржы агенттігі ЕДБ берген кәсіпкердің кредиті бойынша сыйақы мөлшерлемесін ішінара субсидиялайды;";

      10 мен 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Қаржы агенттігі Тетіктің 9-тармағына сәйкес Тетік шеңберінде субсидиялау шарты жасалған ЖКС-нің жаңа кредитінің мақсатты пайдаланылуын мониторингтеуді жүзеге асырады.

      11. Тетік шеңберінде АӨК субсидиялау шарты жасалған агроөнеркәсіптік кешенінде өндіру және қайта өңдеу бойынша іске асырылатын жобаларды мониторингтеу Тетіктің 11-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.";

      2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      4-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілерін микрокредиттеу үшін микрокредит беру жөніндегі уәкілетті ұйым мен микроқаржы ұйымы арасында жасалатын үлгілік кредиттік шарт нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 794 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12935 болып тіркелген).

      3. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және қорғау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
А. Куантыров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттігі

      Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2022 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 119 Бұйрыққа
1-қосымша
  Басым жобаларға кредит
беру тетігі шеңберінде
ұсынылған қаражатты екінші
деңгейдегі банктердің мақсатты
пайдалануын талдау
қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

      Ұсынылады: "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамына.

      Нысан әкімшілік деректерді жинауға арналған.

      Әкімшілік деректер нысаны орналастырылған интернет ресурс: www.economy.gov.kz.

      ____________________________________________________________________________________________

      (екінші деңгейдегі банк/өнеркәсіпті дамыту қоры/лизингтік компания/"Аграрлық несиелік корпорация" акционерлік қоғамы атауы)

Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігі шеңберінде бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуы туралы есеп

      Есептік кезең: 20 _____ж. _____ бастап _____ қоса алғандағы кезең.

      Әкімшілік деректер нысаны индексі: ИВС-1.

      Кезеңділігі: айлық.

      Ақпарат ұсынатын тұлғалар: Екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі – ЕДБ), өнеркәсіпті дамыту қоры (бұдан әрі – ӨДҚ) лизингтік компаниялар бойынша қаржылық лизингі (бұдан әрі – ЛК) және "Аграрлық несиелік корпорация" акционерлік қоғамы" (бұдан әрі – АНК).

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: ай сайын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігінің (бұдан әрі – Тетік) қолданылу мерзімі ішінде есепті кезеңнен кейінгі айдың 20 (жиырма) күнінен кешіктірмей "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамына.

Р/с №

Банк атауы

Облыс, республикалық маңызы бар қала және астана

Қарыз алушының атауы

Заңдық мәртебесі (акционерлік қоғам, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, жеке кәсіпкер, шаруа қожалығы, өндірістік кооператив)

Берілген күні

Қарыздың мерзімі, айлар

Қарыз
сомасы

Тетік қаражаты есебінен мақұлданған қарыз сомасы

1

2

3

4

5

6

7

8

9










      Кестенің жалғасы

ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АНК қаражаты есебінен мақұлданған қарыз сомасы

Нақты берілген қаражат сомасы

Тетік қаражаты есебінен нақты берілетін сома

ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АНК қаражаты есебінен нақты берілетін сома

Негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдік берілген кезең

Сыйақы төлеу бойынша жеңілдік берілген кезең

Кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі

Кредит бойынша тиімді сыйақы мөлшерлемесі

10

11

12

13

14

15

16

17









      Кестенің жалғасы

Кредит беру объектісі

Қарызға алынған қаражаттың мақсаты (қарызға алынған қаражаттың әр бағытының атауы мен сомасын көрсете отырып)

Өткізілген жері (аудан, қала)

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша секция (бұдан әрі – ЭҚЖЖ)

ЭҚЖЖ бойынша төрт таңбалы сынып

ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АНК уәкілетті органының № шешімі

ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АНК уәкілетті органы шешім қабылдаған күн

18

19

20

21

22

23

24








      Кестенің жалғасы

Банктік қарыз шартының/Кредиттікжелі
ашу туралы келісімнің/қарыз шартының №

Банктік қарыз шартының/Кредиттік желі ашу туралы келісімнің/қарыз шартының күні

Қарыз алушының жеке сәйкестендірме нөмірі/ Бизнес-сәйкестендірме нөмірі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысымен бекітілген 2021–2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға қатысуы (иә/жоқ)

Тетік шеңберіндегі бағыт

Жеке кәсіпкерлік субъектінің санаты (шағын бизнес/орта бизнес/ірі бизнес)

25

26

27

28

29

30







      Лауазымды тұлға _________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы, мөр (болған жағдайда))

      Жауапты жұмыскер ____________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы, мөр (болған жағдайда))

  "Басым жобаларға кредит
беру және қаржылық лизинг
тетігі шеңберінде бөлінген
қаражаттың мақсатты
пайдаланылуы туралы есеп"
нысанына қосымша

"Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігі шеңберінде бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуы туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      (индексі – ИВС-1, мерзімділігі: ай сайынғы)

      1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) "Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігі шеңберінде бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуы туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысына сәйкес әзірленді.

      3. Нысанды екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі – ЕДБ), өнеркәсіпті дамыту қоры (бұдан әрі – ӨДҚ), лизингтік компаниялар бойынша қаржылық лизингі (бұдан әрі – ЛК) және "Аграрлық несиелік корпорация" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – АНК) ай сайын жасайды. Егер өзгеше көрсетілмесе, нысандағы деректер мың теңгемен толтырылады.

      4. Нысанға бірінші басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті адам және орындаушы қол қояды.

      5. "Р/с №" деген нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі. Кейінгі ақпаратты жазғанда, нөмірлену реті үзілмеуге тиіс.

      6. "Банктің атауы" деген нысанның 2-бағанында есепті ұсынатын ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АНК атауы көрсетіледі.

      7. "Облыс, республикалық маңызы бар қала және астана" деген нысанның 3-бағанында кәсіпкердің тіркелген орнына сәйкес келетін облыс немесе республикалық маңызы бар қала немесе астана көрсетіледі.

      8. "Қарыз алушының атауы" деген нысанның 4-бағанында Тетік шеңберінде қаржыландырылған кәсіпкердің атауы көрсетіледі.

      9. "Заңдық мәртебесі (акционерлік қоғам, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, дара кәсіпкер, шаруа қожалығы, өндірістік кооператив)" деген нысанның 5-бағанында бағанда көрсетілген анықтамаға сәйкес кәсіпкердің заңды мәртебесінің рұқсат берілетін анықтамасы көрсетіледі.

      10. "Берілген күні" деген нысанның 6-бағанында Қарыз алушыға ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АНК кредит қаражатының іс жүзінде берілген күні көрсетіледі.

      11. "Қарыздың мерзімі, айлар" деген нысанның 7-бағанында айлармен есептелген кредит берілген мерзім көрсетіледі.

      12. "Қарыздың сомасы" деген нысанның 8-бағанында кредиттік желі ашу туралы келісім/банктік қарыз шарты шеңберінде берілген кредит сомасы теңгемен көрсетіледі.

      13. "Тетік қаражаты есебінен мақұлданған қарыздың сомасы" деген нысанның 9-бағанында Тетік қаражаты есебінен ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АНК мақұлдаған кредит сомасы көрсетіледі.

      14. "ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АНК қаражаты есебінен мақұлданған қарыз сомасы" деген нысанның10-бағанында ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АНК өз қаражаты есебінен мақұлдаған кредит сомасы көрсетіледі.

      15. "Нақты берілген қаражат сомасы" деген нысанның 11-бағанында кредиттік желі ашу туралы келісім/банктік қарыз шарты шеңберінде қарыз алушыға нақты берілген кредит қаражатының сомасы көрсетіледі.

      16. "Тетік қаражаты есебінен нақты берілген сома" деген нысанның 12-бағанында кредиттік желі ашу туралы келісім/банктік қарыз шарты шеңберінде Тетік қаражаты есебінен қарыз алушыға нақты берілген кредит қаражатының сомасы көрсетіледі.

      17. "ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АНК қаражаты есебінен нақты берілген сома" деген нысанның13-бағанында кредиттік желі ашу туралы келісім/банктік қарыз шарты шеңберінде ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АНК өз қаражаты есебінен қарыз алушыға нақты берілген кредит қаражатының сомасы көрсетіледі.

      18. "Негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең" деген нысанның 14-бағанында кредиттік желі ашу туралы келісім/банктік қарыз шарты шеңберінде айқындалған негізгі борышты өтеу бойынша айларға бөлінген жеңілдікті кезеңнің мерзімі көрсетіледі.

      19. "Сыйақы төлеу бойынша жеңілдікті кезең" деген нысанның 15-бағанында кредиттік желі ашу туралы келісім/банктік қарыз шарты шеңберінде айқындалған сыйақыны өтеу жөніндегі айларға бөлінген жеңілдікпен берілетін кезеңнің мерзімі көрсетіледі.

      20. "Кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі" деген нысанның 16-бағанында кредиттік желі ашу туралы келісім/банктік қарыз шарты шеңберінде кредит бойынша белгіленген сыйақы мөлшерлемесі көрсетіледі.

      21. "Кредит бойынша тиімді сыйақы мөлшерлемесі" деген нысанның 17-бағанында кредиттік желі ашу туралы келісім/банктік қарыз шарты шеңберінде кредит бойынша белгіленген тиімді сыйақы мөлшерлемесі көрсетіледі.

      22. "Кредит беру объектісі" деген нысанның 18-бағанында кредиттік желі ашу туралы келісімге/банктік қарыз шартына сәйкес айқындалған кредиттің нысаналы мақсаты (айналым қаражатын толықтыру/инвестициялар/қайта қаржыландыру) көрсетіледі.

      23. "Қарыз қаражатының нысаналы мақсаты (қарыз қаражатының әрбір бағытының атауы мен сомасын көрсете отырып)" деген нысанның 19-бағанында кредит қаражатының нысаналы мақсаты көрсетіледі.

      24. "Іске асыру орны (аудан, қала)" деген нысанның 20-бағанында жобаны іске асыру орнына сәйкес келетін облыс немесе республикалық маңызы бар қала немесе астана көрсетіледі.

      25. "Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (бұдан әрі – ЭҚЖЖ)" бойынша секция деген 21-бағанында кәсіпкердің жобасы іске асырылатын экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша секциясы көрсетіледі.

      26. "ЭҚЖЖ бойынша төрт таңбалы сынып" деген нысанның 22-бағанында төрт таңбалы цифрлық кодпен белгіленген ЭҚЖЖ сыныптамасының төртінші деңгейі көрсетіледі.

      27. "ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АНК уәкілетті органы қабылдаған шешім № " деген нысанның 23-бағанында кәсіпкердің жобасын қаржыландыру туралы ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АНК уәкілетті органы қабылдаған шешімнің нөмірі көрсетіледі.

      28. "ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АНК уәкілетті органы шешім қабылдаған күн" деген нысанның24-бағанында кәсіпкердің жобасын қаржыландыру туралы ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АНК уәкілетті органы шешім қабылдаған күн көрсетіледі.

      29. "Банктік қарыз шартының/кредиттік желі ашу туралы келісімнің №" деген нысанның 25-бағанында ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АНК және қарыз алушы арасында жасалған банктік қарыз шартының/ кредиттік желі ашу туралы келісімнің нөмірі көрсетіледі.

      30. "Банктік қарыз шартының/кредиттік желі ашу туралы келісімнің күні" деген нысанның 26-бағанында ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АНК мен қарыз алушы арасында жасалған банктік қарыз шартының/кредиттік желі ашу туралы келісімнің күні көрсетіледі.

      31. "Қарыз алушының жеке сәйкестендіру нөмірі/Бизнес сәйкестендіру нөмірі" деген нысанның 27-бағанында кәсіпкердің жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке тұлға) немесе болған жағдайда бизнес сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлға) көрсетіледі.

      32. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысымен бекітілген 2021–2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға қатысуы (иә/жоқ)" деген нысанның 28-бағанында қаржыландырылған жобаның Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысымен бекітілген 2021–2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға қатысуы туралы ақпарат "иә" немесе "жоқ" деген белгі қойылып көрсетіледі.

      33. "Тетік шеңберіндегі бағыт" деген нысанның 29-бағанында:

      1) агроөнеркәсіптік кешендегі (бұдан әрі – АӨК) қайта өңдеу;

      2) АӨК-тегі өндіріс;

      3) өңдеу өнеркәсібі және көрсетілетін қызметтер бағыты көрсетіледі.

      34. "Жеке кәсіпкерлік субъектісінің санаты (шағын бизнес/орта бизнес/ірі бизнес)" деген нысанның 30-бағанында Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектісінің санаты көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2022 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 119 Бұйрыққа
2-қосымша
  Басым жобаларға кредит
беру тетігі шеңберінде
ұсынылған қаражатты екінші
деңгейдегі банктердің мақсатты
пайдалануын талдау
қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

      Ұсынылады: "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамына.

      Нысан әкімшілік деректерді жинауға арналған.

      Әкімшілік деректер нысаны орналастырылған интернет ресурс: www.economy.gov.kz.

      ______________________________________________________________________________

      (екінші деңгейдегі банк/өнеркәсіпті дамыту қоры/лизингтік компания/ "Аграрлық несиелік корпорация" акционерлік қоғамы атауы)

Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігі шеңберінде бөлінген қаражаттың игерілуі туралы есеп

      Есептік кезең 20_____ жыл.

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: ОАОО-1.

      Кезеңділігі: бөлінген қаражатты игеру кезеңі аяқталғаннан кейін.

      Ақпарат ұсынатын тұлғалар шеңбері: екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі – ЕДБ), өнеркәсіпті дамыту қоры (бұдан әрі – ӨДҚ), қаржылық лизинг бойынша лизингтік компаниялар (бұдан әрі – ЛК) және "Аграрлық кредиттік корпорация" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – АКК).

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: бір рет, игеру кезеңі аяқталғанда, игеру мерзімі аяқталғаннан кейін 20 (жиырма) жұмыс күнінен кешіктірмей "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамына (бұдан әрі – қаржы агенттігі).

РР/с №

Жеке кәсіпкерлік субъектінің (бұдан әрі –ЖКС) атауы

Облыс, республикалық маңызы бар қала және астана

Жеке сәйкестендіру нөмірі/ Бизнес-сәйкестендіру нөмір

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы
жіктеуіші

Нақты қарыз беру сомасы

Сала (секция)

кіші сала (бөлім)

Оның ішінде "Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігі" (бұдан әрі – Тетік) қаражаты есебінен

оның ішінде ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АНК қаражаты есебінен

1

2

3

4

5

6

7

8

      Кестенің жалғасы

Қарыз мерзімі, ай

Қарыз валютасы

номиналды
сыйақы мөлшерлемесі

Кредит келісімінің № және күні

Нысаналы мақсаты

Инвестициялар

Айналым қаражатын толтыру

Сомасы

Үлес салмағы, %

Сомасы

Үлес салмағы, %

9

10

11

12

13

14

15

16

17



















      Кестенің жалғасы

Тетік шеңберінде бағыт

ЖКС санаты (шағын бизнес/орта бизнес/ірі бизнес)

18

19



      1) Тетік шеңберіндегі қаражатты ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АНК игеруі бойынша қаржы агенттігінің қысқаша талдауы мен тұжырымдары. (қаражатты игеру ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АНК бөлінісінде берілген қарыздар, ЖКС санаттары бойынша, қызметі түрлері бойынша, бағыттары бойынша, нысаналы мақсаты бойынша, жобаны іске асыру орны бойынша бөлу, қысқаша тұжырымдарымен және талдауымен бірге өңірлер бөлінісіндегі ақпарат).

      Лауазымды тұлға _____________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы, мөр (болған жағдайда)

      Жауапты жұмыскер _______________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы, мөр (болған жағдайда)

  "Басым жобаларға кредит
беру және қаржылық лизинг
тетігі шеңберінде бөлінген
қаражаттың игерілуі туралы
есеп" нысанына
қосымша

"Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігі шеңберінде бөлінген қаражаттың игерілуі туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      (Индексі – ОАОО-1, кезеңділігі: бөлінген қаражатты игеру кезеңі аяқталғаннан кейін)

      1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) "Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігі шеңберінде бөлінген қаражаттың игерілуі туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес әзірленді.

      3. Нысанды екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі – ЕДБ)/өнеркәсіпті дамыту қоры (бұдан әрі – ӨДҚ)/қаржылық лизинг бойынша лизингтік компаниялар (бұдан әрі – ЛК)/"Аграрлық кредиттік корпорация" АҚ (бұдан әрі – АКК) жасайды. Егер өзгеше көрсетілмесе, Нысандағы деректер мың теңгемен толтырылады.

      4. Нысанға бірінші басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға және орындаушы қол қояды.

      5. "Р/с №" деген Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі. Кейінгі ақпаратты жазғанда, нөмірлену реті үзілмеуі тиіс.

      6. Нысанның "Жеке кәсіпкерлік субъектісінің (бұдан әрі – ЖКС) атауы" деген 2-бағанында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға қатысушының – ЖКС толық атауы заңды мәртебесі көрсетіле отырып, жазылады.

      7. Нысанның "Облыс, республикалық маңызы бар қала және астана" деген 3-бағанында кәсіпкердің тіркелген орнына сәйкес келетін облыс немесе республикалық маңызы бар қала немесе астана көрсетіледі.

      8. Нысанның "Жеке сәйкестендіру нөмірі/Бизнес сәйкестендіру нөмірі" деген 4-бағанында жеке тұлға үшін жеке сәйкестендіру нөмірі немесе заңды тұлға үшін кәсіпкердің бизнес сәйкестендіру нөмірі (болған жағдайда) көрсетіледі.

      9. Нысанның "Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші" "Сала (секция)" деген 5-бағанында кәсіпкердің жобасы іске асырылатын экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша секция көрсетіледі.

      10. Нысанның "Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші" "Кіші сала (бөлім)" деген 6-бағанында төрт таңбалы цифрлық кодпен белгіленген ЭҚЖЖ сыныптамасының төртінші деңгейі көрсетіледі.

      11. Нысанның "Нақты қарыз беру сомасы" "Оның ішінде "Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігі (бұдан әрі – Тетік)" қаражаты есебінен" деген 7-бағанында Тетік қаражаты есебінен кредиттік желі ашу туралы келісім/банктік қарыз шарты шеңберінде қарыз алушыға нақты берілген кредиттік қаражат сомасы көрсетіледі.

      12. Нысанның "Нақты қарызды беру сомасы" "Оның ішінде ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АКК қаражаты есебінен" деген 8-бағанында ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АКК меншікті қаражаты есебінен кредиттік желі ашу туралы келісім/банктік қарыз шарты шеңберінде қарыз алушыға іс жүзінде берілген кредиттік қаражат сомасы көрсетіледі.

      13. Нысанның "Қарыз мерзімі, ай" деген 9-бағанында айлармен есептелген кредит беру мерзімі көрсетіледі.

      14. Нысанның "Қарыз валютасы" деген 10-бағанында кредит валютасы көрсетіледі.

      15. Нысанның "Номиналды сыйақы мөлшерлемесі" деген 11-бағанында кредиттік желі ашу туралы келісім/банктік қарыз шарты шеңберінде кредит бойынша белгіленген номиналды сыйақы мөлшерлемесі көрсетіледі.

      16. Нысанның "Кредиттік келісімнің нөмірі және күні" деген 12 және 13-бағандарында ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АНК мен қарыз алушы арасында жасалған банктік қарыз шартының/кредиттік желі ашу туралы келісімнің нөмірі мен күні көрсетіледі.

      17. Нысанның "Нысаналы мақсаты" деген бағанының "Инвестициялар" деген кіші бағанының "Сомасы" деген 14-бағанында инвестициялық мақсаттарға бағытталған кредит қаражатының сомасы көрсетіледі.

      18. Нысанның "Үлес салмағы %" деген 15-бағанында пайыздық мәнде инвестициялық мақсаттарға бағытталған кредит қаражатының үлесі көрсетіледі.

      19. Нысанның "Сомасы" 16-бағанының "Айналым қаражатын толықтыру" деген кіші бағанында айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредит қаражатының сомасы көрсетіледі.

      20. Нысанның "Үлес салмағы %" деген 17-бағанында айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредит қаражатының үлесі көрсетіледі.

      21. Нысанның "Тетік шеңберіндегі бағыт" деген 18-бағанында:

      1) агроөнеркәсіптік кешендегі (бұдан әрі – АӨК) қайта өңдеу;

      2) АӨК өндірісі;

      3) өңдеу өнеркәсібі мен көрсетілетін қызметтер бағыты көрсетіледі.

      22. Нысанның "ЖКС санаты (шағын бизнес/орта бизнес/ірі бизнес)" деген 19-бағанында ЖКС санаты Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес көрсетіледі.