"Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 шілдедегі № 599 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 25 тамыздағы № 522 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 25.08.2018 № 522 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс) қаулысымен.

      "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 15.06.2017 № 373 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      2) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.07.2017 № 459 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      3) "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде банктердің микроқаржы ұйымдарына берген кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру қағидалары;

      4) "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерін ислам банктері қаржыландырған кезде ислам банктерінің табысын құрайтын тауарларға үстеме бағаның бір бөлігін және жалгерлік төлемнің бір бөлігін субсидиялау қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 373 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 31 шілдедегі
№ 599 қаулысымен
бекітілген

"Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредит беру қағидалары

      Ескерту. Қағидалар алып тасталды - ҚР Үкіметінің 15.06.2017 № 373 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 31 шілдедегі
№ 599 қаулысымен
бекітілген

"Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Осы "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Субсидиялау қағидалары) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес әзірленді және микроқаржы ұйымдарының шағын кәсіпкерлік субъектілеріне беретін микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялаудың шарттары мен тетігін айқындайды.

1. Жалпы ережелер

      1. Микроқаржы ұйымдары кәсіпкерлерге берген микрокредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы

      № 168 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде жүзеге асырылады.

      2. Субсидиялау кәсіпкерлер микрокредиттер бойынша сыйақы ретінде төлейтін шығыстардың бір бөлігін өтеу үшін пайдаланылады және мемлекеттің бизнеспен өзара іс-қимылының тиімді тетіктері арқылы жүзеге асырылады.

      3. Қаржы агенттігінің қызметтеріне уәкілетті орган республикалық бюджет қаражаты есебінен ақы төлейді.

      4. Субсидиялау үшін көзделген қаражатты уәкілетті орган қаржы агенттігіне олардың арасында жасалатын "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде микрокердиттеуді субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың негізінде аударады. "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысанын уәкілетті орган бекітеді.

      5. Субсидиялау нысанында қолдау шараларын қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

2. Терминдер мен анықтамалар

      6. Осы Субсидиялау қағидаларында мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) банк-төлем агенті – микроқаржы ұйымының уәкілетті банкі, ол қаржы агенттігімен келісілуге тиіс және кәсіпкерлердің жобалары бойынша субсидияларды аудару мен есептен шығаруға арналған микроқаржы ұйымының арнайы шотын жүргізу жөніндегі функцияларын жүзеге асыруға тиіс;

      2) микрокредит беру бойынша субсидиялау шарты – қаржы агенттігі, микроқаржы ұйымы және кәсіпкер арасында жасалған үшжақты жазбаша келісім, оның талаптары бойынша қаржы агенттігі уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша кәсіпкердің микроқаржы ұйымы берген микрокредиті бойынша сыйақы мөлшерлемелерін ішінара субсидиялайды (бұдан әрі – субсидиялау шарты);

      3) микрокредит беру туралы шарт – Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес микроқаржы ұйымы мен кәсіпкер арасында жасалған жазбаша келісім, оның талаптары бойынша микроқаржы ұйымы кәсіпкерге жобаны іске асыру үшін микрокредит береді;

      4) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі – облыс әкімі айқындайтын қаланың/ауданның Бағдарламаны қалада немесе аудандық деңгейде іске асыруға жауапты құрылымдық бөлімшесі;

      5) микрокредит – микроқаржы ұйымы жобаны іске асыру үшін кәсіпкерге осы Қағидаларда айқындалған мөлшерде және тәртіппен Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында беретін ақша;

      6) микроқаржы ұйымы (бұдан әрі – МҚҰ) – коммерциялық ұйым болып табылатын, ресми мәртебесі әділет органдарында мемлекеттік тіркелу және есептік тіркеуден өту арқылы айқындалатын, микрокредиттер беру жөніндегі қызметті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында рұқсат етілген қызметтің қосымша түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлға;

      7) кәсіпкер – өз қызметін кәсіпкерлік мақсатта Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асыратын шағын кәсіпкерлік субъектісі;

      8) жоба – табыс табуға бағытталған және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін бастамашылық қызмет ретінде бизнестің әртүрлі бағыттарында кәсіпкер жүзеге асыратын іс-қимылдар мен іс-шаралар жиынтығы. Бір жоба шеңберінде бірнеше микрокредит алуға болады;

      9) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі – облыс (астана, республикалық маңызы бар қала) әкімі айқындайтын облыстық (астана, республикалық маңызы бар қала) деңгейде Бағдарламаның іске асырылуына жауапты жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;

      10) Өңірлік үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – ӨҮК) – облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері құратын және басқаратын, қатысушылардың жалпы санының кемінде 50 %-ы бизнес-қоғамдастықтар өкілдерінен тұратын консультативтік-кеңесші орган;

      11) субсидиялау – болашақта кәсіпкердің операциялық қызметіне жататын белгілі бір шарттарды орындауға айырбас ретінде кәсіпкер МҚҰ-ға микрокредит бойынша сыйақы ретінде төлейтін шығыстарды ішінара өтеу үшін пайдаланылатын кәсіпкерлерді мемлекеттік қаржылай қолдау нысаны;

      12) субсидиялар – субсидиялау шарттарының негізінде кәсіпкерлерді субсидиялау шеңберінде МҚҰ-ға қаржы агенттігі өтеусіз және қайтарусыз негізде төлейтін мерзімдік төлемдер;

      13) уәкілетті орган – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган;

      14) қаржы агенттігі – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы.

3. Субсидия беру шарттары

      7. Кәсіпкердің тіркеу орнын есепке алмай және салалық шектеулерсіз ауылдық елді мекендерде, шағын қалаларда және моноқалаларда кәсіпкерлік мақсаттарда өз жобаларын іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлер Бағдарламаның қатысушылары болып табылады.

      8. Мынадай:

      1) республикалық немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен берілген;

      2) тұтынушылық мақсаттарға, алдыңғы кредиттерді өтеуге, тұрғын жылжымайтын мүлікті, жер учаскесін сатып алуға және жалдау ақысын төлеуге бағытталған микрокредиттер субсидиялауға жатпайды.

      9. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау кәсіпкерлер МҚҰ-дан алатын жаңа микрокредиттер бойынша жүзеге асырылады.

      10. Жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін микрокредиттер субсидиялауға жатады.

      11. Айналым қаражатын толықтыруға берілетін микрокредиттер де субсидиялауға жатады.

      12. Қайта бастау негізінде берілген айналым қаражатын толықтыруға бағытталған микрокредит бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға жол берілмейді.

      13. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын микрокредиттер сомасы бір кәсіпкер үшін 10 млн. теңгеден аспауға тиіс.

      Бағдарламада белгіленген лимиттер шеңберінде субсидияланатын микрокредит бойынша негізгі борыш ішінара/толық мерзімінен бұрын өтелген жағдайда кәсіпкерлердің микрокредиттерін субсидиялауға жол беріледі.

      14. Ішінара кепілдік беру номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 4 (төрт) пайыздық тармаққа ұлғайтылған базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын кредиттер бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.07.2017 № 459 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      15. Кәсіпкерлердің субсидиялау құралы бойынша ӨҮК-тен мақұлдау алған жобалары субсидиялаудың бұрын мақұлданған шарттарымен басқа

      МҚҰ-да қайта қаржыландырылуы мүмкін.

      16. Субсидиялау номиналдық сыйақы мөлшерлемесі 20 %-дан аспайтын микрокредиттер бойынша ғана жүзеге асырылады, оның ішінде 10 %-ын мемлекет субсидиялайды, ал айырмасын кәсіпкер төледі.

      17. "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуға дайындалу мақсатында көрмелерге, симпозиумдарға, көрсетілімдерге, конкурстарға қатысу үшін алынған микрокредиттер бойынша субсидиялау номиналдық сыйақы мөлшерлемесі 20 %-дан аспайтын микрокредиттер бойынша ғана жүзеге асырылады, оның ішінде 14 %-ын мемлекет өтейді, ал айырмасын кәсіпкер төлейді.

      18. Бағдарлама шеңберінде МҚҰ:

      1) кәсіпкердің бастамасымен кредиттеу шарттарының өзгеруіне байланыстыларын;

      2) кәсіпкердің микрокредит бойынша міндеттемелерін бұзуы себебі бойынша алынатындарын қоспағанда, МҚҰ микрокредитпен байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.

      19. ӨҮК қолданыстағы микрокредитті субсидиялау туралы шешім қабылдаған жағдайда, МҚҰ кәсіпкерге бұрын алынған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді ағымдағы қаржы жылында өтейді.

4. Субсидиялар ұсыну үшін Бағдарламаға қатысушылардың өзара іс-қимыл жасау тәртібі

      20. Бағдарламаға сәйкес шарттарда берілетін микрокредитті алу үшін кәсіпкер МҚҰ-ға өтінішпен жүгінеді.

      21. МҚҰ жобаның қаржы-экономикалық тиімділігіне бағалау жүргізеді және микрокредит беру туралы оң шешім қабылданған жағдайда 3 (үш) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігін хабардар ете отырып кәсіпкерге жобаны кредиттеуге дайын екендігі туралы жазбаша жауап жолдайды.

      22. МҚҰ-ның оң шешімін алған кәсіпкер Субсидиялау қағидаларына

      1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіпкердің өтініш-сауалнамасымен Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне жүгінеді, оған мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік/заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (кәсіпкердің мөрімен/қолымен расталған көшірме);

      2) іске асырылатын жобаның сипаттамасы (еркін нысанда қалыптастырылады);

      3) салық органынан өтініш берілген күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей берілген бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқтығы туралы анықтама;

      4) Бағдарламаға қатысуға мүмкіндік беретін шарттарда кәсіпкерге микрокредит беру мүмкіндігі туралы МҚҰ-ның оң шешімі бар хаты қоса беріледі.

      23. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі өтініш-сауалнама мен құжаттарды алғаннан кейін:

      1) өтініш-сауалнамамен бірге ұсынылатын міндетті құжаттардың толықтығын тексеруді жүзеге асырады. Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі бір күндік мерзімде ұсынылған құжаттарды қараусыз кәсіпкерге қайтарады;

      2) құжаттардың толық топтамасын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне қарау үшін кәсіпкердің жобасын жіберуді жүзеге асырады.

      24. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі құжаттарды алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде:

      1) кәсіпкердің жобасын Бағдарламаның шарттарына сәйкестігі тұрғысынан тексереді;

      2) ӨҮК үшін кәсіпкерлердің жобалары бойынша ұсынымдар әзірлейді;

      3) Субсидиялау қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттардың толық топтамасын қоса бере отырып, кәсіпкерлер жобаларының тізімін ӨҮК қарауына енгізеді;

      4) күн тәртібінің мәселесін қалыптастырады, ӨҮК отырысы өткізілетін күнді, уақытын және орынды айқындайды, бұл жөнінде ӨҮК барлық мүшелерін хабардар етеді.

      25. Белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттар ұсынылған жағдайда, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі үш күндік мерзімде кәсіпкерге/Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне ұсынылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, пысықтау үшін қайтарады. Құжаттар топтамасы бойынша кемшіліктер болмаған жағдайда, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі кәсіпкердің жобасын ӨҮК-тің кезекті отырысына шығарады.

      26. ӨҮК отырысы жобалардың қалыптастырылу шамасына қарай, бірақ айына 2 (екі) реттен сиретпей өткізіледі. ӨҮК мүшелерінің саны он екі адамнан аспауға тиіс, олардың кемінде 50 %-ын кәсіпкерлер қоғамдастығы құрауға тиіс.

      ӨҮК отырысы оның мүшелері санының кемінде үштен екісі (кворум) қатысқан жағдайда өткізіледі. Шешімдер қатысушылардың жалпы санының кемінде үштен екісінің даусымен қабылданады.

      27. ӨҮК тиісті қаржы жылында субсидиялау үшін бюджет қаражаты болған жағдайда ғана жобаларды қарайды.

      28. ӨҮК өткізілетін отырыс шеңберінде мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:

      1) кәсіпкердің және ол іске асыратын жобалардың Бағдарламаның өлшемшарттарына сәйкестігін тексеру;

      2) ӨҮК мүшелері арасында кәсіпкердің жобасын және қоса берілетін құжаттарды, оның ішінде кәсіпкердің басқа мемлекеттік бағдарламаларға қатысуы, мемлекеттік даму институттары арқылы мемлекеттік қолдаудың өзге де шараларын пайдалануы туралы өтініш-сауалнамасында көрсетілген ақпаратты қарау және талқылау;

      3) кәсіпкердің жобасын қараған кезде ӨҮК қажет болған жағдайда МҚҰ-дан жобаны неғұрлым толық талдау және шешім қабылдау үшін қажетті қосымша мәліметтер мен құжаттарды сұратады. Бұл жағдайда кәсіпкердің құжаттары Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне пысықтау үшін қайтарылады және ӨҮК кезекті отырысында қайта қаралуға тиіс;

      4) талқылау нәтижелері бойынша кәсіпкерді субсидиялау мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды, ол ӨҮК отырысы өткізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Субсидиялау қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хаттамамен ресімделеді, бұл ретте, хаттамада кәсіпкерлерді Бағдарламаға қатыстырудан бас тарту себебі міндетті түрде көрсетілуге тиіс.

      Бұл ретте ӨҮК мүшелерінің бәрі хаттамаға қол қойған кезге дейін хатшы мен ӨҮК төрағасының қолы қойылған ӨҮК хаттамасынан үзіндіні ұсынуға жол беріледі.

      29. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ӨҮК мүшелері ӨҮК хаттамасына/хаттамадан үзіндіге қол қойғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде ӨҮК хаттамасының көшірмесін/хаттамасынан үзіндіні МҚҰ-ға/кәсіпкерге және қаржы агенттігіне, сондай-ақ мәлімет үшін Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне жібереді.

      30. ӨҮК шешімінің қолданылу мерзімі ӨҮК шешімі шыққан күннен бастап 6 (алты) айды құрайды.

5. Субсидиялау тетігі

      31. МҚҰ Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінен ӨҮК хаттамасын алғаннан кейін және субсидиялау туралы оң шешім болған кезде, қаржы агенттігі, МҚҰ және кәсіпкер арасында субсидиялау шарты жасалады, оған сәйкес қаржы агенттігі МҚҰ-ға микрокредит беру туралы шартқа өтеу кестесіне және субсидиялау шартының талаптарына сәйкес сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін төлеуді жүзеге асырады.

      32. МҚҰ:

      1) кәсіпкер бастама жасайтын кредиттеу шарттарының өзгеруіне байланыстыларды;

      2) кәсіпкердің микрокредит бойынша міндеттемелерін бұзуы себебі бойынша алынатындарын қоспағанда, кәсіпкер үшін микрокредитпен байланысты комиссияларды, алымдарды және (немесе) өзге де төлемдерді өндіріп алмау және белгілемеу міндеттемелерін қабылдайды.

      33. Субсидиялау шартын:

      1) МҚҰ:

      Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінен үлгі жобалар бойынша хаттаманы алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінен ерекше шарттары бар жобалар бойынша хаттаманы алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жасайды;

      2) Қаржы агенттігі:

      МҚҰ-дан үлгі жобалар бойынша субсидиялау шартын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде;

      МҚҰ-дан ерекше шарттары бар жобалар бойынша субсидиялау шартын алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жасайды.

      34. Егер МҚҰ Субсидиялау қағидаларының 33-тармағының

      1) тармақшасында белгіленген мерзімдерде субсидиялау шартын уақтылы жасамаған жағдайда, МҚҰ қаржы агенттігі мен Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін/Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісін кідірту себептерін түсіндіре отырып, ресми хатпен хабардар етеді.

      35. Егер микрокредит беру туралы шарттың және (немесе) субсидиялау шартының талаптары ӨҮК шешіміне және (немесе) Бағдарлама талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, қаржы агенттігі субсидиялау шартына қол қоймайды. Бұл ретте қаржы агенттігі Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін/Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісін, МҚҰ және кәсіпкерді хабардар етеді.

      36. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі/Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі МҚҰ ескертулерді жойған жағдайда, қаржы агенттігі субсидиялау шартына қол қояды.

      37. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі, МҚҰ қаржы агенттігінің ескертулерімен келіспеген жағдайда, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі түпкілікті шешім қабылдау үшін осы мәселені ӨҮК-ке шығарады.

      38. Субсидиялау шарты оған кәсіпкер, МҚҰ және қаржы агенттігі қол қойған күннен бастап күшіне енеді. Бұл ретте субсидиялау мерзімінің басталуы қаржы агенттігі субсидиялау шартына қол қойған күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын субсидиялау шартында белгіленуі мүмкін.

      39. Сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бір бөлігін төлеу күнін кәсіпкер, МҚҰ дербес айқындайды. Егер микрокредит бойынша сыйақыны есептеу субсидиялау шартына кәсіпкер мен МҚҰ қол қойған күннен кейінгі күні басталған жағдайда, субсидиялау шартына кәсіпкер мен МҚҰ қол қойған күн субсидиялау кезеңіне қосылмайды.

      40. Қаржы агенттігі субсидиялау шартына қол қойғаннан кейін субсидияларды төлейді. Субсидиялар тиісті қаржы жылы Бағдарламаны іске асыру үшін республикалық бюджеттен бөлінген қаражат болған кезде төленеді.

      41. МҚҰ қаржы агенттігімен келісім бойынша Банк – төлем агентін айқындайды, онда МҚҰ субсидияларды аудару үшін ағымдағы шот ашады.

      42. Уәкілетті орган микрокредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау үшін көзделген қаражат түскен сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігі көрсеткен шотқа тиісті қаржы жылында Бағдарламаны іске асыруға бөлінген барлық соманы қаржы агенттігіне аударуды жүзеге асырады.

      43. Субсидиялау үшін көзделген қаражатты аударуды қаржы агенттігі субсидиялау шартына төлемдер кестесін ескере отырып, ай сайын аванстық төлемдермен МҚҰ-ның банк-төлем агентіндегі ағымдағы шотына жүзеге асырады. Бұл ретте қаражатты аударғаннан кейін қаржы агенттігі МҚҰ мен банк – төлем агентін электрондық пошта арқылы қаражаттың аударылғаны туралы құжаттың көшірмесін жіберу жолымен бір уақытта хабардар етеді. Хабарламада МҚҰ, өңірдің, кәсіпкердің атауы, субсидиялар сомасы және төлем жүргізілген кезең көрсетіледі.

      44. Банк-төлем агенті қаржы агенттігі хабарламасының және МҚҰ тапсырмасының негізінде кәсіпкерлердің жобалары бойынша субсидиялау сомаларын МҚҰ көрсеткен ағымдағы шотқа Бағдарлама бойынша субсидия сомаларын аудару үшін ашылған МҚҰ-ның ағымдағы шотынан аударуды жүзеге асырады. Банк-төлем агентінің қаржы агенттігінің шоттарындағы қаражаттың жалпы ағымдағы қалдықтарынан субсидия сомаларын есептен шығаруға құқығы жоқ.

      45. Кәсіпкер микрокредит беру туралы шартқа сәйкес өтеу кестесіне сай сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігінде МҚҰ сыйақы төлеуді жүргізеді.

      46. Кәсіпкердің микрокредит бойынша (негізгі қарыз және сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігі) төлемді толық төлеуді жүргізу фактісі бойынша МҚҰ банк-төлем агентіне ақшаны Бағдарлама бойынша субсидиялар сомаларын аудару үшін ашылған МҚҰ-ның ағымдағы шотынан МҚҰ көрсеткен ағымдағы шотқа кәсіпкердің микрокредиті бойынша сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін өтеу есебіне аударуды жүзеге асыруды тапсырады.

      47. Мына:

      1) кәсіпкер МҚҰ алдында микрокредит бойынша төлемді, оның ішінде сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігін өтеу бойынша төлемді уақтылы өтемеген;

      2) кәсіпкер МҚҰ алдында төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді қатарынан 3 (үш) ай ішінде орындамаған;

      3) шоттарға тыйым салынған жағдайларда, берешекті өтегенге дейін сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін өтеу үшін Бағдарлама бойынша субсидиялар сомаларын аудару үшін ашылған МҚҰ-ның ағымдағы шотынан МҚҰ көрсеткен ағымдағы шотқа қаражатты аударуды МҚҰ тапсырмайды, ал Банк – төлем агенті жүргізбейді және бұл туралы Қаржы агенттігін 2 (екі) жұмыс күні ішінде тиісті хатпен хабардар етеді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайлар орын алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткеннен кейін хабарлаған/хабарламаған жағдайда, МҚҰ Қаржы агенттігіне 100 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

      48. МҚҰ ай сайын есептік айдан кейінгі айдың 10-күніне дейін қаржы агенттігіне Субсидиялау қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялау туралы есеп жібереді.

      49. Қаржы агенттігі МҚҰ-дан субсидиялау туралы есепті алғаннан кейін сыйақы есептерін және МҚҰ-ның төленген қаражатын тексеруді жүзеге асырады.

      50. Қаржы агенттігі микрокредит бойынша ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 25-күніне дейін Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне/уәкілетті органға Субсидиялау қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялау туралы есеп жібереді.

      51. Қаржы агенттігі ай сайын Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне жаңа жобаларды субсидиялау мүмкін болатын қаражаттың болжамды сальдосы бойынша есеп жібереді. Бұл ретте Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі бұл ақпаратты ӨҮК назарына жеткізеді.

      52. Кәсіпкерге микрокредит беру туралы шарт талаптарына, ӨҮК хаттамасына сәйкес қаржы агенттігі МҚҰ сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігін төлеу және (немесе) негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең берілген/мерзімі кейінге қалдырылған кәсіпкердің микрокредиті бойынша сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігінде субсидияларды аударуды жүзеге асыруға құқылы.

      Бұл ретте жеңілдікті кезең/кейінге қалдыру мерзімі ӨҮК шешімінде көрсетілуге тиіс.

      53. Егер МҚҰ микрокредит беру туралы қолданыстағы шарттың талаптарын (сыйақы мөлшерлемесі, төлемдерді төлеу бойынша жеңілдікті кезең/мерзімін кейінге қалдыру, өтеу мерзімі, кәсіпкердің атауын өзгерту/борышты аудару) өзгерткен жағдайда, МҚҰ Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне тиісті хабарлама жібереді, ол өз кезегінде 5 (бес) жұмыс күні ішінде толық құжаттар топтамасымен қоса қаржыландырудың қолданыстағы талаптарының өзгеруі жөніндегі ақпаратты ӨҮК қарауына шығарады, күн тәртібінің мәселелерін қалыптастырады, ӨҮК отырысы өткізілетін күнді, уақытты және орынды айқындайды, бұл туралы ӨҮК барлық мүшелерін хабардар етеді. Талқылау нәтижелері бойынша ӨҮК қаржыландырудың қолданыстағы шарттарына өзгерістер енгізудің мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды, ол ӨҮК отырысы өткізілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде хаттамамен (Субсидиялау қағидаларына 3-қосымша) ресімделеді. Бұл ретте қаржыландыру шарттарында болған өзгерістер хаттамада анық көрсетілуі тиіс.

      Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ӨҮК мүшелері хаттамаға/ӨҮК хаттамасынан үзіндіге қол қойылғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде хаттаманың көшірмесін/ӨҮК хаттамасынан үзіндіні МҚҰ-ға, қаржы агенттігіне және Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне жібереді.

      Микрокредит беру туралы қолданыстағы шарттың талаптарындағы өзге өзгерістерді МҚҰ Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін тиісті хатпен хабардар етеді, ол өз кезегінде 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қаржыландырудың қолданыстағы талаптарына енгізілетін өзгерістер бойынша шешім қабылдайды және қаржыландыру талаптарына енгізілген өзгерістерді хатпен келіседі немесе келісуден бас тартады (бұл ретте хаттың көшірмесінде қаржы агенттігін және Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісін көрсетеді).

      Бұл ретте қаржыландыру шарттарында болған өзгерістер (келісуден бас тарту) келісу хатында анық көрсетілуге тиіс.

      54. Кәсіпкер қайтыс болған жағдайда, МҚҰ кәсіпкердің қайтыс болғаны туралы мәліметтерді (ақпаратты) алғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне тиісті хабарлама жібереді, ол мұрагер(лер)дің мұрагерлік құқығы басталған кезге дейін субсидиялауды уақытша тоқтату бойынша ақпаратты ӨҮК қарауына шығарады. Мұрагер(лер)дің мұрагерлік құқығы басталған жағдайда, субсидиялауды қайта бастау туралы мәселе ӨҮК қарауына шығарылады.

      55. Бағдарлама шеңберінде субсидиялауға бөлінген және ағымдағы қаржы жылында қаржы агенттігі пайдаланбаған қаражатты кезекті қаржы жылында жобаларды, оның ішінде кезекті қаржы жылында мақұлданған жобаларды субсидиялауға пайдалануға болады.

6. Субсидиялауды тоқтата тұру, тоқтату және қайта бастау тәртібі

      56. Субсидиялауды тоқтату және қайта бастау туралы шешімді қаржы агенттігінің өтінімдері (хабарламалары) негізінде ӨҮК қабылдайды.

      57. Мынадай:

      1) субсидиялау жүзеге асырылатын жаңа микрокредитті мақсатсыз пайдалану;

      2) жобаның және (немесе) кәсіпкердің Бағдарламаның талаптарына және (немесе) ӨҮК шешіміне сәйкес келмеуі;

      3) кәсіпкердің микрокредит беру туралы шартына төлемдер кестесіне сәйкес МҚҰ алдындағы төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді қатарынан 3 (үш) ай ішінде орындамауы;

      4) кәсіпкердің шоттарына тыйым салу фактілері белгіленген жағдайда қаржы агенттігі кәсіпкерді субсидиялауды тоқтата тұрады, ал ӨҮК субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылдайды.

      58. Субсидияларды төлеу тоқтатыла тұрған жағдайда, қаржы агенттігі мұндай шешім қабылданған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде МҚҰ, кәсіпкерді, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін және Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісін субсидиялаудың тоқтатыла тұру себептерін көрсете отырып, хатпен хабардар етеді.

      59. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі қаржы агенттігінен кәсіпкерді субсидиялауды тоқтата тұру туралы хатты алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде күн тәртібін әзірлейді және қалыптастырады, ӨҮК отырысы өткізілетін күнді, уақытты және орынды айқындайды, бұл туралы барлық мүшелерді хабардар етеді.

      60. ӨҮК өткізілетін отырыс шеңберінде мынадай іс-қимылдарды жүзеге асырады:

      1) қаржы агенттігі ұсынған ақпаратпен күн тәртібіне енгізілген мәселені қарайды;

      2) субсидиялауды тоқтату не қайта бастау туралы шешім қабылдайды.

      Бұл ретте, шешімде субсидиялауды тоқтатудың/қайта бастаудың негіздемесі көрсетіледі.

      Субсидиялауды тоқтату немесе қайта бастау қаржы агенттігі субсидиялауды тоқтата тұрған күннен бастап жүзеге асырылады.

      61. Кәсіпкер субсидиялауды тоқтата тұруға негіз болған себептерді ӨҮК отырысына дейін жойған жағдайда, ӨҮК субсидиялауды қайта бастау туралы оң шешім қабылдайды.

      62. ӨҮК отырысының хаттамасы ӨҮК отырысы өткізілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ресімделеді. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ӨҮК хаттамасы ресімделгеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде хаттаманың көшірмесін МҚҰ-ға, қаржы агенттігіне және Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне жібереді.

      63. Микрокредит бойынша субсидиялауды қайта бастауға субсидиялауды тоқтата тұрудың себептері:

      1) жобаның және/немесе кәсіпкердің Бағдарламаның шарттарына және (немесе) ӨҮК шешіміне сәйкес келмеуі;

      2) кәсіпкердің шоттарына тыйым салынуы;

      3) кәсіпкердің микрокредит беру туралы шартқа төлемдер кестесіне сәйкес МҚҰ алдындағы төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді қатарынан 3 (үш) ай ішінде орындамауы болған кезде жол беріледі.

      64. Кәсіпкер осындай микрокредитті нысаналы мақсатына сай пайдаланбау фактісі анықталған кезде микрокредит бойынша субсидиялауды қайта бастауға тыйым салынады.

      65. Кәсіпкерді субсидиялауды қайта бастау туралы шешім қабылданған кезде қаржы агенттігі тиісті хатпен МҚҰ-ны және кәсіпкерді субсидиялау төлемдерін қайта бастау туралы хабардар етеді.

      Сонымен бір мезгілде тоқтата тұру кезеңінде төленбеген субсидияларды төлеуді жүргізеді. Субсидиялау қағидаларының 57-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген себептер бойынша субсидиялауды тоқтата тұрған жағдайда кәсіпкердің мерзімін өткізіп алу күнінен бастап төленуге тиіс субсидияларды төлеуді жүргізеді.

      66. Кәсіпкерді субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылданған кезде қаржы агенттігі тиісті хатпен кәсіпкерге, МҚҰ-ға субсидиялау шартын біржақты бұзу туралы хабарлама жібереді, онда субсидиялау шартын бұзу күні мен бұзу себебі көрсетіледі.

      Субсидиялау қағидаларының 54-тармағын қоспағанда, кәсіпкерлерді субсидиялауды тоқтату туралы ӨҮК шешімі бар микрокредиттер қайта бастауға жатпайды.

      67. Мынадай:

      1) кәсіпкер МҚҰ алдындағы микрокредит беру туралы шарт бойынша микрокредитті толық өтеген. Кәсіпкердің МҚҰ микрокредитін толық өтеген күні субсидиялау тоқтатылған күн болып саналады;

      2) субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылданған;

      3) субсидиялау шарты кәсіпкердің бастамасы бойынша бұзылған жағдайларда, субсидияларды төлеу тоқтатылады, ал субсидиялау шарты бұзылды деп танылады.

      68. Субсидиялау тоқтатылған жағдайда МҚҰ кәсіпкерге қолданыстағы микрокредит бойынша бұрын қолданылған қаржыландыру талаптарын (оның ішінде сыйақы мөлшерлемесін, комиссияларды, алымдарды және (немесе) өзге де төлемдерді және басқа да шарттарды) белгілеуге құқылы.

      69. Кәсіпкер микрокредит бойынша негізгі борышты мерзімінен бұрын ішінара/толық өтеген жағдайда, МҚҰ микрокредит бойынша негізгі борышты мерзімінен бұрын ішінара/толық өтеу фактісі туралы қаржы агенттігін 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

      Кәсіпкер негізгі борышты мерзімінен бұрын ішінара/толық өтеген күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн өткеннен кейін хабарлаған/хабарламаған жағдайда, МҚҰ қаржы агенттігіне 100 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

      Сонымен бірге, кәсіпкер микрокредит бойынша негізгі борышты ішінара мерзімінен бұрын өтеген жағдайда, МҚҰ, микрокредит беру туралы шартқа қосымша келісім жасаған кезде, қаржы агенттігіне төлемдерді өтеу кестесін өзгертіп субсидиялау шартына тиісті қосымша келісімді қоса бере отырып, микрокредит беру туралы шартқа қосымша келісімнің көшірмесін жолдайды.

      70. Кәсіпкердің микрокредиті бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау тоқтатылған, Кәсіпкердің микрокредиті бойынша негізгі борыш мерзімінен бұрын ішінара/толық өтелген жағдайда, МҚҰ өзара есеп айырысуды салыстыру актісін қаржы агенттігіне 7 (жеті) жұмыс күні ішінде ұсынады.

      Бұл ретте, МҚҰ салыстыру актісінде субсидиялардың нақты есептен шығарылған сомалары мен күндерін көрсетеді, ал қаржы агенттігі субсидиялардың аударылған сомасы мен күндерін көрсетеді.

7. Бағдарлама мониторингі

      71. Бағдарламаның іске асырылуын мониторингтеуді қаржы агенттігі жүзеге асырады, оның функцияларына:

      1) МҚҰ ұсынатын деректер негізінде кәсіпкердің төлем тәртібін мониторингтеу;

      2) МҚҰ қаржы агенттігіне тоқсан сайынғы негізде ұсынатын деректер негізінде жобаның және (немесе) кәсіпкердің Бағдарлама шарттарына және (немесе) ӨҮК шешіміне сәйкестігін мониторингтеу жататын.

      72. Субсидиялау шартын жасаған кәсіпкердің жаңа микрокредитті нысаналы пайдалануын мониторингтеуді, МҚҰ өз бетімен микрокредит берілген күннен бастап 3 (үш) ай ішінде жүзеге асырады.

      Кәсіпкердің микрокредитті мақсатсыз пайдалануы айқындалған жағдайда, МҚҰ бұзушылықтар анықталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігін хабардар етеді.

      Қаржы агенттігі осы Қағидалардың 57-тармағына сәйкес іс-шара жүргізеді. Микрокредиттің нысаналы пайдаланылуын растауға қатысты өлшемшарттар мен құжаттар Субсидиялау шартында көрініс табады.

      73. Есептілік нысандарын қаржы агенттігі белгілейді.

      74. Қаржы агенттігі микрокредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау бөлігінде Бағдарлама мониторингінің нәтижелерін Бағдарлама шеңберінде көрсетілетін қаржы агенттігінің қызметтерін мемлекеттік сатып алу туралы шартқа сәйкес уәкілетті органға жібереді.

  "Бизнестің жол картасы 2020"
бизнесті қолдау мен дамытудың
бірыңғай бағдарламасы шеңберінде
микроқаржы ұйымдарының
микрокредиттері бойынша сыйақы
мөлшерлемесін субсидиялау
қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

      Кімге __________________ әкімдігіне

      Кімнен _________________(бұдан әрі – ЖКС)

№ __________ ӨТІНІШ-САУАЛНАМА

      "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасына сәйкес Сізден төменде жазылғандарға сәйкес микрокредит бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау туралы мәселені _____________________бойынша Өңірлік үйлестіру кеңесінің қарауына шығаруға бастама жасауды сұраймын:

2. Қатысушы туралы мәліметтер

ЖКС-тің атауы


Құрылтайшы (-лар) туралы деректер


Заңды мекенжайы


Іс жүзіндегі мекенжайы


Пошталық мекенжайы


Мемлекеттік тіркелген/қайта тіркелген күні


Мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктің №


Қызметінің түрлері


Жетекшілік ететін мекеме, холдинг немесе бас компания


Жұмыс тәжірибесі


3. Басшылық

      Бірінші басшы

Т.А.Ә. (әкесінің аты болған жағдайда)


Лауазымы


Жұмыс / үй тел.


Туған жері және жылы


Жеке куәліктің №, сериясы


Тұрғылықты жері (іс жүзіндегі)


Тіркелген жері


Жұмыс тәжірибесі



      Бас бухгалтер (бар болса)

Т.А.Ә. (әкесінің аты болған жағдайда)


Жұмыс/үй тел.


Туған жылы және жері


Жеке куәлігінің №, сериясы


Тұрғылықты жері (іс жүзіндегі)


Тіркелген жері


Жұмыс тәжірибесі



      Байланыс жасайтын тұлға

(Т.А.Ә. (әкесінің аты болған жағдайда) лауазымы, телефон)


4. Меншік иелері

      (құрылтайшы, қатысушылар, жауапкершілігі шектеулі серіктестік үшін – акциялардың 1 % және одан көп пайызына иелік ететін ортақ құрылтайшылар).

Атауы/Т.А.Ә. (әкесінің аты болған жағдайда)

%

Деректемелері



















5. Ағымдағы қызмет туралы ақпарат

Сала (ЭҚЖЖ-не сәйкес)


Кіші сала (ЭҚЖЖ-не сәйкес)


Өнімдер мен көрсетілетін қызметтер түрлері


Жылдық айналымы


Соңғы есептік күндегі пайда немесе шағын


Қызметкерлердің нақты саны

___________________ олардың ішінде әйелдердің саны ___________________

Жобаның атауы (қысқаша сипаттамасы)


Жобаның іске асырылатын жері (облыс, қала)


Жұмыс орындарының саны


6. Банктік шоттар туралы ақпарат

      Банктік деректемелер (барлық қызмет көрсететін банктердегі барлық ағымдағы және жинақ шоттарды көрсету):

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

7. Тарихы

      ЖКС-тің жұмыс процесінде пайдаланылған, қазіргі уақытта өтелген, сол сияқты өтелмеген барлық қарыздары көрсетіледі.

Кредитор

Сомасы

Берілген күні

Сыйақыны өтеу шарттары

Негізгі борышты өтеу шарттары

БҚШ бойынша өтеу мерзімі

Іс жүзінде өтелген күні

1.







2.







8. Қолданыстағы кредиттер туралы ақпарат

      Күні және валюта бағамы: ____/____.

Р/с №

Банк/ МҚҰ

БҚШ/МКШ деректемелері (№, күні)

Сыйақы мөлшерлемесі, %


Кредит/микрокредит валютасы

Кредит/

микрокредит сомасы

Көрсетілген күнге, негізгі берешек бойынша берешек қалдығы

Кредит/микрокредит мерзімі аяқталатын күн

Кредиттің/микрокредиттің мақсаты (қысқаша сипаты)










9. ЖКС-тің басқа мемлекеттік бағдарламаларға қатысуы және оған қатысты қолданылатын мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат

Р/с №

Мемлекеттік бағдарламаның/мемлекеттік қолдау шарасының атауы

Мемлекеттік даму институтының атауы

Қосымша ақпарат













10. Кепілдіктер және келісімдер

      ЖКС Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне төмендегіні мәлімдейді және оған кепілдік береді

      1. Осы өтінішпен бірге не Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің сұратуы бойынша Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне берілген (ұсынылған) немесе ұсынылатын барлық деректер, ақпарат және құжаттама дұрыс және төменде көрсетілген күнгі шындыққа толық сәйкес келеді, көрсетілген деректер өзгерген жағдайда, Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне дереу хабарлауға міндеттенемін.

      2. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің алғашқы талабы бойынша осы өтінішті қарау шеңберінде талап етілген банктік және коммерциялық құпияны құрайтын кез келген ақпарат пен құжаттарды беруге және жария етуге міндеттенемін.

      3. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі көрсетілген растаулар мен кепілдіктердің шынайылығын тексеруге міндетті емес.

      4. Жалған, толық емес және (немесе) шынайы емес мәліметтерді бергені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылық туралы ЖКС-ке ескертілді.

      5. ЖКС өзінің жарғылық құзыретінің осы өтінішке қол қоятын тұлғаға осы өтінішті беруге мүмкіндік беретінін растайды.

      6. Көрсетілген деректер мен ақпараттың дұрыс емес екені анықталған жағдайда, көрсетілген деректердің дұрыс емес екенін растайтын мәліметтер анықталған уақытта осы өтініштің кез келген кезеңде кері қайтарылуы мүмкіндігімен келісемін, бұл ретте Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі жергілікті деңгейде кері қайтару себептерін хабарламауға құқылы.

      ЖКС осымен Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне/ Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне төмендегілермен келісетінін растайды:

      1. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі тексеру және қарау мақсатында осы өтініште көрсетілген мәліметтерді, ақпаратты және ЖКС берген құжаттарды мүдделі үшінші тұлғаларға беруге құқылы.

      2. Осы өтініште қамтылған барлық мәліметтер, сондай-ақ Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі талап еткен барлық құжаттар Бағдарлама шеңберінде субсидиялау үшін ғана беріледі.

      3. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ЖКС өзі туралы хабарлайтын кез келген ақпаратты тексеру құқығын өзіне қалдырады, ал ЖКС берген құжаттар және өтініштің түпнұсқасы Субсидиялау берілмеген жағдайдың өзінде де Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінде/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінде сақталады.

      4. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің осы өтінішті қарауға қабылдауы, сондай-ақ ЖКС-тің ықтимал шығыстары (субсидиялауды алуға қажетті құжаттарды ресімдеуге және т.с.с.) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің субсидиялауды беру немесе ЖКС жұмсаған шығындарын өтеу міндеттемесі болып табылмайды.

      5. Субсидиялау туралы мәселені қарау тәртібімен танысқанымды және онымен келісетінімді растаймын, болашақта Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне талап қоймаймын.

11. Қосымшалар

      __________________________________________________________________

      Т.А.Ә. (әкесінің аты болған жағдайда)

      _______________________________ ________________________

      (қолы) (күні)

  "Бизнестің жол картасы 2020"
бизнесті қолдау мен дамытудың
бірыңғай бағдарламасы шеңберінде
микроқаржы ұйымдарының
микрокредиттері бойынша сыйақы
мөлшерлемесін субсидиялау
қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

      (Бағдарламаның

      өңірлік үйлестірушісі толтырады)

      _______________________ бойынша Өңірлік үйлестіру кеңесінің қарауына арналған

ЖКС ЖОБАЛАРЫНЫҢ ТІЗІМІ

Р/с №

ЖКС атауы

Жобаның атауы (сипаттамасы)

Заңды мекенжайы

Жоба іске асырылатын жер

Өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің түрлері

1

2

3

4

5

6








Жиыны:





Жобаны іске асыру кезеңі

Бағдарлама бойынша бағыт

ЭҚЖЖ коды

ЭҚЖЖ секторының атауы

Қаржыландыру сомасы, теңге


7

8

9

10

11








Жұмыс орындарының саны

Басқа мемлекеттік бағдарламаларға қатысуы

БӨҮ-ге өтініш берілген күн


нақты

жоспар

МДИ атауы

МБ атауы


12

13

14

15

16








МҚҰ атауы






17






      Қосымшалар: (ЖКС-нің БЖҮ/БӨҮ берген өтініші және құжаттар топтамасы)

      1).

      2).

      …

Аббревиатуралардың толық жазылуы

ЖКС

жеке кәсіпкерлік субъектісі

ЭҚЖЖ

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес экономиканың басым секторлары

МДИ

мемлекеттік даму институттары

МБ

мемлекеттік бағдарлама

МҚШ

мемлекеттік қолдау шаралары

БӨҮ

Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі

БЖҮ

Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі


      Лауазымды тұлға _______________Т.А.Ә. (әкесінің аты болған жағдайда) М.О. (қолы)

      Жауапты қызметкер _____________Т.А.Ә. (әкесінің аты болған жағдайда)

      (қолы)

  "Бизнестің жол картасы 2020"
бизнесті қолдау мен дамытудың
бірыңғай бағдарламасы шеңберінде
микроқаржы ұйымдарының
микрокредиттері бойынша сыйақы
мөлшерлемесін субсидиялау
қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

__________ бойынша Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысының
№____ХАТТАМАСЫ

Өткізілген жері


Өткізілген күні


Кеңес төрағасы


Қатысқан Кеңес мүшелері


Қатыспаған Кеңес мүшелері


Шақырылғандар


Кеңес хатшысы



      Күн тәртібі

Р/с №

Мәселелердің атауы






      Кеңес қарады

Р/с №

1-мәселенің атауы






      Кеңес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мынаған:

      1) "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының өлшемшарттарына сәйкес келетініне;

      2) өңірлерге арналған басым салаларға сәйкес келетініне;

      3) мемлекеттік даму институттары арқылы басқа қолдау шараларының қолданылмағанына байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері жобаларының төменде келтірілген тізімі бойынша субсидиялау нысанында мемлекеттік қолдау нысандарын қолдану мүмкіндігі мақұлдансын:


Атауы

ЖКС

жоба

салалар

микроқаржы ұйымы

1

2

3

4

5







МКШ

Микрокредит сомасы

Микрокредит валютасы

Микрокредит мерзімі

Нысаналы мақсаты


күні

6

7

8

9

10

11








Жобаның атауы (сипаттамасы)

ЖТМ %

Сыйақының номиналды мөлшерлемесі

Сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігі

Сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігі

12

13

14

15

16







Субсидиялау мерзімі

Ескертпе

17

18




      2. Мақұлданған жобалардың тізімі субсидиялау шарттарын жасасу үшін "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ-ға және көрсетілген микроқаржы ұйымдарына жіберілсін.

      3. Мынаған:

      1) "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының өлшемшарттарына сәйкес келмейтініне;

      2) өңірлерге арналған басым салаларға сәйкес келмейтініне;

      3) мемлекеттік даму институттары арқылы басқа қолдау шараларының қолданылғанына байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері жобаларының төменде келтірілген тізімі бойынша субсидиялау нысанында мемлекеттік қолдау нысандарын қолдануды мақұлдаудан бас тартылсын:


Атауы

Бас тарту себептері

ЖКС

жоба

салалар

микроқаржы ұйымы








      Кеңес мүшелерінің қолдары


Кеңес мүшесінің Т.А.Ә. және мәртебесі

"ҚОЛДАДЫ"

"ҚАРСЫ БОЛДЫ"*

ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР


Кеңес төрағасы





Кеңес төрағасының орынбасары





Кеңес мүшесі





Кеңес мүшесі





Кеңес мүшесі





      Кеңес хатшысы____________Т.А.Ә. (әкесінің аты болған жағдайда)

      Ескертпе:

      * Егер кеңес мүшесі "қарсы" дауыс берген жағдайда, "түсініктемелер" бағанында қабылданған шешімнің себебі көрсетілуге тиіс.

  "Бизнестің жол картасы 2020"
бизнесті қолдау мен дамытудың
бірыңғай бағдарламасы шеңберінде
микроқаржы ұйымдарының
микрокредиттері бойынша сыйақы
мөлшерлемесін субсидиялау
қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

_____________бастап ____________ ж. аралығындағы кезеңдегі субсидиялау туралы есеп

МҚҰ атауы

ЖКС өтініш берген жер

ЖКС атауы

IBAN коды*

БСН

МҚШ нөмірі

МҚШ күні

Микрокре дит сомасы

1

2

3

4

5

6

7

8


Микрокредит бойынша сыйақы мөлшерлеме сі

Субсидиялау шартының нөмірі

Субсидия лау шартының күні

Кезең ішінде қаржы агенттігі аударған субсидиялардың сомасы

Кезең ішінде есептен шығарылған субсидиялардың сомасы

9

10

11

12

13


Микрокредит бойынша мерзімі өткізілген төлемдер күндерінің саны

Микрокредитті нысаналы пайдалануды нақтылау

14

15


      Лауазымды тұлға _______________Т.А.Ә. (әкесінің аты болған жағдайда)

      М.О. (қолы)

      Жауапты қызметкер______________Т.А.Ә. (әкесінің аты болған жағдайда)

      (қолы)

      Ескертпе:

      * МҚҰ есепке алу жүйесінде туындайтын субсидиялау шартын сәйкестендірудің бірегей коды

  "Бизнестің жол картасы 2020"
бизнесті қолдау мен дамытудың
бірыңғай бағдарламасы шеңберінде
микроқаржы ұйымдарының
микрокредиттері бойынша сыйақы
мөлшерлемесін субсидиялау
қағидаларына
5-қосымша

      Нысан

___________ бастап _____________ аралығындағы кезеңдегі Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне/уәкілетті органға субсидиялау туралы есеп

МҚҰ атауы

ЖКС өтініш берген жер

ЖКС атауы

МКШ нөмірі

МКШ күні

Микрокредит сомасы

1

2

3

4

5

6








Микрокредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі

Субсидиялау шартының нөмірі

Субсидиялау шартының күні

Кезең ішінде қаржы агенттігі аударған субсидиялардың сомасы

Кезең ішінде есептен шығарылған субсидиялардың сомасы

7

8

9

10

11






  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 31 шілдедегі
№ 599 қаулысымен
бекітілген

"Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде банктердің микроқаржы ұйымдарына берген кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде банктердің микроқаржы ұйымдарына берген кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес әзірленді және банктердің кредиттері бойынша микроқаржы ұйымдарының міндеттемелерін орындауын ішінара қамтамасыз ету ретінде кепілдік беру тетігі мен шарттарын айқындайды.

      2. Микроқаржы ұйымдарының кредиттері бойынша кепілдік беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде жүзеге асырылады.

      3. Кепілдік беру үшін көзделген қаражатты кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган мен қаржы агенттігі арасында жасалған "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде микрокредит беру бойынша субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың негізінде кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган аударады. "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде микрокредит беру бойынша субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысанын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.

2. Терминдер мен анықтамалар

      4. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) банктік кредит (бұдан әрі – кредит) – мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық, қамтамасыз ету және нысаналы пайдалану шарттарында микроқаржы ұйымының банктік қарыз шартының негізінде банк беретін ақша сомасы. Банктік кредитке кредиттік желі де жатады.

      2) кепілдік беру – микроқаржы ұйымын мемлекеттік қолдаудың Бағдарламада, осы Қағидаларда және кепілдік шартында айқындалған талаптармен микроқаржы ұйымының кредиті бойынша міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету ретінде кепілдік беру түрінде пайдаланылатын нысаны;

      3) мемлекеттік даму институттары – ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, акцияларының бақылау пакеттері экономиканың түрлі салаларында мемлекеттік қолдау шараларын көрсететін ұлттық басқарушы холдингке немесе ұлттық холдингке тиесілі акционерлік қоғамдар;

      4) кепілдік шарты – уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша қаржы агенттігі, банк және микроқаржы ұйымының арасында жасалған кепілдік беру туралы жазбаша келісім;

      5) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі – облыс әкімі айқындайтын Бағдарламаны қалада немесе аудандық деңгейде іске асыруға жауапты қаланың/ауданның құрылымдық бөлімшесі;

      6) микроқаржы ұйымы (бұдан әрі – МҚҰ) – коммерциялық ұйым болып табылатын, ресми мәртебесі әділет органдарында мемлекеттік тіркелу және есептік тіркеуден өту арқылы айқындалатын, микрокредиттер беру жөніндегі қызметті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында рұқсат етілген қызметтің қосымша түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлға;

      7) микрокредит – микроқаржы ұйымы кәсіпкерге мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық, қамтамасыз ету және нысаналы пайдалану шарттарында беретін кредит;

      8) кәсіпкер – өз жобаларын ауылдық елді мекендерде, шағын қалаларда және моноқалаларда салалық шектеулерсіз іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлап отырған жеке кәсіпкерлік субъектісі;

      9) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі – облыс (астана, республикалық маңызы бар қала) әкімі айқындайтын облыстық (астана, республикалық маңызы бар қала) деңгейде Бағдарламаның іске асырылуына жауапты жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;

      10) өңірлік үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – ӨҮК) – облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері құратын және басқаратын, жалпы санының кемінде 50 %-ы бизнес-қоғамдастықтардың өкілдерінен тұратын консультативтік-кеңесші орган;

      11) қаржы агенттігі – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы;

      12) уәкілетті орган – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган.

3. Кепілдік беру шарттары

      5. Ішінара кепілдік беру кейін моноқалалардың, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендердің кәсіпкерлеріне микрокредит беру мақсатында банктерден айналым қаражатын толықтыруға алынған МҚҰ-ның жаңа кредиттері бойынша ғана беріледі.

      6. Кепілдік беру бағдарламасына қатысатын МҚҰ-ға қойылатын талаптар:

      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеуден өту, өтінімді қарау күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген пруденциялық нормативтерді орындауы;

      2) банкке өтінім берген күнге ағымдағы кредиттері, лизинг шарттары бойынша өтеу мерзімі өткен борыштарының болмауы;

      3) кепілдік алуға өтініш білдірген күннің алдындағы соңғы есептік күнге салық төлеу бойынша берешектің, міндетті зейнетақы жарналары мен бюджетке әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің болмауы;

      4) МҚҰ проблемалы кредиттерінің жиынтық көлемі (өтеу мерзімін 30 күннен асыруға жол берген) банкке өтінім берген күнге МҚҰ кредиттік қоржынының көлемінен (берешектің қалдығынан) 10%-дан аспауға тиіс.

      5) МҚҰ-ның Бағдарлама шеңберінде кредит беретін банкпен үлестестігінің болмауы.

      7. Бағдарлама шеңберінде:

      1) акцизделетін тауарларды шығаруды көздейтін жобаларды іске асыруға;

      2) МҚҰ-ның бұрын алынған кредиттерін қайта қаржыландыруға;

      3) кредиттерге/лизинг шарттарына қызмет көрсету бойынша ағымдағы төлемдерді төлеу бойынша есептерді жүргізуге бағытталған кредиттер кепілдік беруге жатпайды.

      8. Кепілдік сомасы МҚҰ қаржылық жағдайын бағалауға байланысты болады, бұл ретте кепілдік мөлшері МҚҰ кредит қоржынының 15 %-ынан аспауға тиіс.

      9. Қаржы агенттігінің кепілдік мөлшері кредит сомасының 100 %-ына дейін, бірақ 500 миллион теңге құрайтын бір МҚҰ-ға кепілдік берудің жиынтық лимитінің шегінде жетуі мүмкін. Бұл ретте МҚҰ үшін қарыздың ең аз мөлшері кемінде 15 миллион теңгені құрауға тиіс.

      10. МҚҰ-ның кредиттері бойынша кепілдік беру шарттары:

      1) кредиттің (тердің) сомасы олармен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиті (тері) бойынша берешектерін есепке алмай бір МҚҰ үшін есептеледі;

      2) Бағдарламаға қатысу үшін МҚҰ банкке беретін қамтамасыз ету мөлшерінің жеткілікті болуын есептеу кезінде жылжымалы/жылжымайтын мүлік (үшінші тұлғалардың мүлкін қоса алғанда), келешекте келіп түсетін мүлік, сондай-ақ талап қою құқығы есепке алынады;

      3) кепілдік беру мерзімі 3 (үш) жылдан аспайды;

      4) алынған кредитті игеру мерзімі 6 (алты) айдан аспауға тиіс;

      5) бір кәсіпкер үшін микрокредиттің жалпы сомасы МҚҰ алған кредит сомасының 20 %-ынан аспауға тиіс.

      11. Қаржы агенттігі МҚҰ-дан үлестес және байланысқан заңды және жеке тұлғалардың кепілдіктерінің берілуін талап етуге құқылы.

      12. Кепілдік шарты жасалатын кредит кредиттік желі ашу туралы дербес банктік қарыз шарты/келісім түрінде ресімделуге тиіс.

      13. МҚҰ кепілдік шартына қол қойылғанға дейін қаржы агенттігіне кепілдік беру мерзіміне байланысты кепілдік бергені үшін: 2 (екі) жылға дейін қоса алғанда кепілдік сомасының 1 %, 2 (екі) жылдан астам – кепілдік сомасының 2 % комиссия төлейді.

      14. Ішінара кепілдік беру номиналды сыйақы мөлшерлемесі кемінде жылдық 16 % кредиттер бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін.

      15. Банк:

      1) МҚҰ бастама жасайтын кредит беру шарттарының өзгеруіне байланыстыларын;

      2) МҚҰ-ның кредит бойынша міндеттемелерді бұзу себебінен алынатындарын қоспағанда, кредитке байланысты қандай да бір комиссия, алым және (немесе) өзге де төлемдерді алмайды.

      16. Уәкілетті орган қаржы агенттігіне төлейтін кепілдік құны кепілдік сомасынан 20 % құрайды. Қаржы агенттігі өзінің қалауы бойынша алынған қаражатты әртүрлі қаржы құралдарына орналастыруға құқылы.

      17. Қаржы агенттігі төлеген банк талаптары қаржы агенттігінің кепілі бойынша қалыптастырылған кредит қоржынының көлемінен (берешек қалдығынан) 10 %-дан жоғары шектен асып кеткен кезде, банктің мұндай кредиттері бойынша одан әрі кепілдік беру тоқтатылады.

      18. Қаржы агенттігі:

      1) кредит және МҚҰ Бағдарлама мен Қағидалар талаптарына сәйкес келмеген;

      2) Бағдарламаның әлеуетті қатысушысының және онымен үлестес заңды және жеке тұлғалардың теріс кредиттік тарихы болған;

      3) атқарушы сот өндірісі, төленбеген айыппұлдар, МҚҰ-ны жосықсыз өнім берушілер немесе нарық қатысушылары тізіліміне енгізу туралы ақпарат болған, заңнама бұзылған, құрылтайшылардың/акционерлердің және МҚҰ-мен байланысты өзге де тұлғалардың азаматтық-құқықтық дәрменсіздігі жағдайында;

      4) шығынды қызмет, төлем қабілеттілігі және кредит қабілеттілігі болмаған жағдайда кепілдік беруден бас тартуға құқылы.

4. Кепілдік беру үшін Бағдарламаға қатысушылардың өзара іс-қимыл жасау тәртібі

      19. МҚҰ банкке кредит алуға өтініш береді.

      20. Банк МҚҰ-ның өтінішін банктің ішкі құжаттарында белгіленген рәсімдерге сәйкес дербес қарайды, кредитке кешенді сараптама жүргізеді, МҚҰ ұсынған құжаттарды, МҚҰ қаржылық жағдайын талдайды, МҚҰ ұсынған кепілдік мүлікті (бар болса) бағалау туралы қорытынды негізінде МҚҰ қамтамасыз етудің кепілдік құнын бағалауды жүргізеді және қамтамасыз ету жеткіліксіз болған/болмаған жағдайда кредитті қаржы агенттігінің ішінара кепілдігімен кредит беру мүмкіндігі туралы шешім қабылдау үшін Банктің ішкі кредиттік саясатын іске асыратын уәкілетті органның қарауына шығарады.

      21. Оң шешім қабылданған жағдайда банк банктің ішкі кредиттік саясатын іске асыратын уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігіне:

      1) кепілдік сомасын есептей отырып, кредит беру мүмкіндігі туралы оң шешім бар хатты;

      2) кепілдік беру туралы мәселені қарау үшін осы

      Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес қажетті құжаттарды жолдайды.

      22. Қаржы агенттігі банктен құжаттарды алғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде алынған құжаттарды қарайды және кепілдік беру/бермеу туралы шешім қабылдау үшін кредитті қаржы агенттігінің уәкілетті органына қарауға шығарады.

      23. Ұсынылған құжаттарға ескертулер болған және (немесе) қосымша ақпарат ұсыну қажет болған жағдайда, қаржы агенттігі анықталған ескертулерді және (немесе) ақпарат ұсыну туралы сұрау салуды 3 (үш) жұмыс күні ішінде жою және (немесе) ақпарат ұсыну үшін Банкке және МҚҰ-ға жолдайды. Бұл ретте қаржы агенттігі үшін жоғарыда көрсетілген құжаттарды қарау мерзімі қайта басталады.

      24. Қаржы агенттігі кепілдік беру (бермеу) туралы оң/теріс шешім қабылдаған жағдайда қаржы агенттігі 2 (екі) жұмыс күні ішінде банкке осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес кепілдік беру (бермеу) мүмкіндігі туралы шешіммен бірге хат жолдайды.

      МҚҰ кредиті бойынша теріс шешім қабылданған жағдайда осындай шешім туралы хатта теріс шешімнің себептері көрсетілуге тиіс.

      25. Банк қаржы агенттігінің кепілдік беру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хатын алғаннан кейін банк МҚҰ-ға кепілдің қажетті сомасын есебін көрсете отырып, кредит талаптары туралы тиісті хат жолдайды.

      26. Банктен хат алғаннан кейін, МҚҰ Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне (Астана және Алматы қалаларында – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне) өтініш жібереді, оған мынадай құжаттар қоса беріледі:

      мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік/анықтама/МҚҰ ретінде тіркелгендігін растайтын құжат (мөрмен (бар болса) расталған көшірме);

      МҚҰ қаржы агенттігіне өтінім берген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей берілген бюджетке міндетті төлемдер бойынша берешектің бары/жоғы туралы салық органының анықтамасы;

      дебиторлық және кредиторлық берешекті ашып көрсете отырып, қаржы жағдайы туралы талдау жасауға мүмкіндік беретін салық декларациясының көшірмесін және (немесе) интернет-ресурстарында орналастырылған ақпаратты қоса отырып, МҚҰ қаржылық есептерінің көшірмесі;

      кепілдік сомасының есебімен МҚҰ кредит беру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар банктің хаты;

      МҚҰ-ға кепілдік беру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар қаржы агенттігі хатының көшірмесі.

      27. Бағдарламаның жергілікті/өңірлік үйлестірушісі МҚҰ-дан барлық құжаттарды, ақпаратты және өтініштерді алғаннан кейін өтінішпен бірге ұсынылған міндетті құжаттардың толықтығын тексеруді жүзеге асырады. Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі бір күндік мерзімде ұсынылған құжаттарды қараусыз МҚҰ-ға қайтарады.

      28. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі/Астана және Алматы қалаларының МҚҰ топтамасы барлық құжаттарды және ақпаратты алған/қалыптастырған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде кредит бойынша құжаттар топтамасын Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне жібереді, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:

      МҚҰ-ны Бағдарлама талаптарына сәйкестігін тұрғысынан тексереді;

      ұсыныстарды, күн тәртібін қалыптастыру, ӨҮК отырысы өткізілетін күнді, уақытты және орынды анықтайды, бұл туралы ӨҮК барлық мүшелерін хабардар етеді;

      барлық құжаттар мен ақпаратты алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде құжаттардың толық топтамасын бірге қоса отырып, МҚҰ тізімін ӨҮК қарауына енгізеді.

      29. Осы Қағидалардың және (немесе) Қазақстан Республикасының өзге нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келмейтін құжаттар ұсынылған жағдайда Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ұсынылған құжаттарды берілген құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, пысықтау үшін Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне (Астана және Алматы қалалары бойынша) қайтарады.

      30. ӨҮК отырысы кредиттер тізімінің қалыптастырылу шамасына қарай, бірақ айына 2 (екі) реттен сиретпей өткізіледі.

      31. ӨҮК 10 (он) жұмыс күні ішінде жобаларды Бағдарламаның өлшемшарттарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды және кепілдік беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы шешім қабылдайды.

      32. ӨҮК мүшелерінің саны 12 адамнан аспауға тиіс, олардың ішінде кемінде 50 %-ын кәсіпкерлік қоғамдастығы құрауға тиіс.

      33. ӨҮК отырысы ӨҮК мүшелері санының кемінде үштен екісі (кворум) қатысқан жағдайда өткізіледі. Шешімдер қатысушылардың жалпы санының кемінде үштен екісінің (кворум) даусымен қабылданады.

      34. ӨҮК өткізілетін отырыс шеңберінде мынадай іс-шараларды:

      МҚҰ және алынатын кредиттің Бағдарламаның өлшемшарттарына және жергілікті даму бағдарламаларына сәйкестігін тексеруді;

      Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде іске асырылатын МҚҰ алатын кредитті, сондай-ақ МҚҰ өтінішінде көрсетілген ақпаратты қарауды, өтінішпен бірге ұсынылған әрбір МҚҰ бойынша құжаттар топтамасын зерделеуді;

      ұсынылған құжаттар бойынша ӨҮК мүшелерінің арасында талқылау жүргізуді;

      МҚҰ кредитін қарау нәтижелері бойынша МҚҰ кредиті бойынша кепілдік беру мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдауды, жүзеге асырады, ол хаттамамен ресімделеді, бұл ретте хаттамада жекелеген МҚҰ-ны Бағдарламаға қатыстырудан бас тарту себебі міндетті түрде көрсетілуге тиіс.

      35. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ӨҮК отырысы өткізілгеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде:

      ӨҮК хаттамасының көшірмесін/хаттамасынан үзінді көшірмені Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне, банкке және қаржы агенттігіне;

      кредитті ӨҮК-те қарау нәтижелері туралы Астана және Алматы қалаларының МҚҰ-сына жазбаша хабарлама жібереді.

      36. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінен МҚҰ кредитіне ішінара кепілдік беруді келісу туралы ӨҮК хаттамасының көшірмесін/хаттамасынан үзіндіні алғаннан кейін қаржы агенттігі банкке алдын ала кепілдік хат жібереді.

      37. ӨҮК-мен келісілмеген жобалар қайтарылады.

      38. Алдын ала кепілдік хатты алғаннан кейін банк пен МҚҰ 5 (бес) жұмыс күні ішінде банктік қарыз шартын жасасады. Банктік қарыз шартының көшірмесі қаржы агенттігіне жіберіледі.

      39. Банктік қарыз шартының, ӨҮК хаттамасының/ӨҮК хаттамасынан үзіндінің көшірмелерін алғаннан кейін және қаржы агенттігінің уәкілетті органының шешімі негізінде қаржы агенттігі кепілдік шартын 5 (бес) жұмыс күні ішінде ресімдейді және қол қояды, оны банкке жібереді. МҚҰ кепілдік шартына қол қойғанға дейін кепілдік бергені үшін комиссияны қаржы агенттігінің ағымдағы шотына аударуды жүзеге асырады.

      40. Банк 2 (екі) жұмыс күні ішінде кепілдік шартына қол қояды, оған МҚҰ-ның қол қоюын қамтамасыз етеді және қол қойылған кепілдік шартын қаржы агенттігіне жібереді.

      41. Банк қаржы агенттігінен қол қойылған кепілдік шартын алғаннан кейін МҚҰ-ға кредит беруді жүзеге асырады.

      42. Шығарылған кепілдіктер үшін ақы төлеу мақсатында уәкілетті орган кезекті жылдың басында кредиттерге кепілдік беруге бөлінген нысаналы трансфертттер сомасының 50 %-ын қаржы агенттігіне аударады.

      43. Нысаналы трансферттердің қалған бөлігі кепілдік шарттарын жасасу шамасына қарай жылдың басында қаржы агенттігіне аударылған қаражаттың бірінші жартысы толық игерілгеннен кейін мынадай жолмен қаржы агенттігіне аударылады:

      1) кепілдік шартын жасағаннан кейін қаржы агенттігі уәкілетті органға тиісті хабарлама жібереді;

      2) уәкілетті орган қаржы агенттігінен кепілдік шартының жасалғаны туралы хатты алғаннан кейін, кепілдік сомасынан 20 % мөлшеріндегі қаражатты қаржы агенттігінің ағымдағы шотына аударуды жүзеге асырады.

      44. Қаржы агенттігі кредиттер бойынша құжаттарды тиісті қаржы жылына жасалатын кепілдік шарттары бойынша ақы төлеуге бөлінген бюджет қаражаты шегінде ғана, қабылдайды. Бұл жағдайда кепілдік шартын жасасу фактісі бюджет қаражатының игерілуі болып табылады.

7. Бағдарлама мониторингі

      45. Бағдарламаның іске асырылуын мониторингтеуді қаржы агенттігі жүзеге асырады, оның функцияларына:

      1) банк және (немесе) МҚҰ ұсынған деректер мен құжаттар негізінде кепілдік шарты жасалған МҚҰ кредитінің нысаналы пайдаланылуын мониторингтеу;

      2) банк ұсынатын деректер немесе өзге дұрыс ақпарат көздері негізінде МҚҰ төлем тәртібін мониторингтеу жатады.

      46. Мониторинг функциясын жүзеге асыру үшін қаржы агенттігі

      МҚҰ-дан және банктен мониторинг мәніне қатысты, оның ішінде салықтық құпияны құрайтын қажетті құжаттар мен ақпаратты сұратуға құқылы, ал МҚҰ мен банк сол құжаттарды ұсынуға міндетті.

      47. Қаржы агенттігі кредиттің мақсатсыз пайдаланылуы, Бағдарламаның, Қағидалардың және (немесе) кепілдік шарты талаптарының бұзылуы, қаржы агенттігінің кепілдік беру туралы шешімінде белгіленген кепілдік беру шарттарының орындалмауы фактілері анықталған жағдайда кепілдіктің күшін жоюға құқылы.

      48. Мониторингтің тәртібі мен мерзімдерін, сондай-ақ есептілік нысандарын қаржы агенттігі белгілейді.

      49. Банк ай сайынғы негізде банктің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен МҚҰ кредитіне ағымдағы мониторингті жүзеге асырады.

      50. Банк осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес МҚҰ кредитіне ағымдағы мониторинг туралы есепті жазбаша түрде есепті айдан кейінгі айдың 5 (бес) күнінен кешіктірмей қаржы агенттігіне ұсынады және қаржы агенттігі айқындаған жауапты орындаушының электронды мекенжайына қосымша жібереді.

      51. Банк 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде жазбаша түрде банктің қызметін жүзеге асыруға қойылған шектеулер немесе тыйым салулар туралы, сондай-ақ банктің 10 %-нан астам акцияларына қатысты меншік құқықтарының бір жолғы сатылуы немесе өзге бір жолғы ауысуы туралы және (немесе) иелік ету және пайдалану құқықтарының ауысуы туралы жазбаша түрде хабардар етеді.

  "Бизнестің жол картасы 2020"
бизнесті қолдау мен
дамытудың бірыңғай
бағдарламасы шеңберінде
банктердің микроқаржы
ұйымдарына берген кредиттері
бойынша ішінара кепілдік
беру қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

МҚҰ сараптама жүргізу үшін банктің қаржы агенттігіне ұсынатын құжаттарының тізбесі

      1. Жалпы құжаттар:


Құжаттың атауы

Нысаны

1

2

3

1

Құжаттар тізбесіне ілеспе хат

түпнұсқа

2

Құжаттар топтамасында бар барлық құжаттардың тізімдемесі немесе құжаттарды қабылдау-беру актісі

банктің уәкілетті қызметкері қол қойған және банктің мөрімен/мөртаңбасымен расталған түпнұсқа

3

Банкке кредит алу туралы өтінім

банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырған көшірмесі

4

Банктің уәкілетті органының қаржы агенттігінің кепілдігімен кредит беру туралы шешімі, қаржы агенттігінің нысаны бойынша кредиттік сараптамалық қорытынды, банктің кепілдік және заң басқармасының және тәуекелдер басқармасының сараптамалық қорытындылары

банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырған көшірмесі

5

МҚҰ мөрімен расталған жылдың басындағы және соңғы есептік күндегі жағдай бойынша МҚҰ қаржылық құжаттары (берешектің туындаған күнін, өтеу жоспарланған күнді және берешек мәнін көрсете отырып, жылдың басында және соңғы есептік күндегі кредиторлық және дебиторлық берешекті ашып көрсету, негізгі қаражаттарды, ТМҚ ашып көрсету)

банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырған көшірмесі

7

Табыстар мен шығыстар туралы есептің баптарын ашып көрсету – сатудан түскен табыс, өзіндік құны, кезең шығындары, өзге табыстар мен шығыстар, қарастырылып отырған кезеңдегі ақшалай және заттай түрде сатылған өнім көлемі

банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырған көшірмесі немесе түпнұсқасы

8

Қызмет көрсететін банктің толық деректемелерін көрсетуді қоса алғанда қызмет көрсететін банктің қарыз берешегінің бары/жоғы туралы, соңғы 12 айдағы айналымдар, сондай-ақ құжаттар қаралған сәттегі жағдай бойынша мерзімінде (№ 2 картотека) төленбеген есептеу құжаттары туралы анықтама

банк нысаны бойынша түпнұсқа (30 күнтізбелік күнге дейін түпнұсқамен салыстырылған көшірмеге рұқсат етіледі)

9

Несиелік берешегінің бары/жоғы оның ішінде басқа қаржы ұйымдарынан мерзімі өткен (банктерден басқа, кредиттер бар болса) берешектің бары/жоғы туралы анықтама

түпнұсқа (күнтізбелік 30 күнге дейін түпнұсқамен салыстырылған көшірмеге рұқсат етіледі)

10

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқтығы (барлығы) туралы анықтама

түпнұсқа (egov.kz анықтамасы)

11

Екінші деңгейдегі банктердегі бар барлық шоттар туралы мәліметтер

МҚҰ хатының түпнұсқасы

12

Кредиттік келісімдер (қолданыстағы кредиттер бар болса)

көшірмелер

13

Банк атынан банктік қарыз, кепіл және кепілдік беру шартын жасайтын тұлғаның өкілеттіктерін растайтын құжаттар

банктің мөрімен расталған көшірмелер (Банк кепілдік шартын жасау сәтіне қарай ұсынуы мүмкін)


      Банк құжаттар топтамасын беру күнінде қаржылық есептің ескіру мерзімі 3 айдан аспауы керек.

      2. МҚҰ құқықтық мәртебесін және өкілеттіктерін айқындайтын құжаттар

Р/с №

Құжаттың атауы

нысан

1

2

3

1

Жарғы, оған өзгерістер мен толықтырулар

нотариат куәландырған көшірме

2

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік/анықтама

нотариат куәландырған көшірме (egov.kz анықтамасына рұқсат етіледі)

3

Бірінші басқарушыны тағайындау туралы МҚҰ уәкілетті органының шешімі

түпнұсқа немесе банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырған көшірмесі

4

Банкте және Қаржылық агенттікте МҚҰ атынан құжаттарға қол қоюға уәкілетті тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат, сондай-ақ оның өкілеттілігін растайтын құжаттар

банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырған көшірмесі

5

Кепілдікті тарту туралы шешім қабылдаған МҚҰ уәкілетті органының шешімі

қаржы агенттігі бекіткен нысан бойынша түпнұсқа

6

Кредит тарту туралы шешім қабылдаған МҚҰ уәкілетті органының шешімі

қаржы агенттігі бекіткен нысан бойынша түпнұсқа

7

Бірінші басшының, бас бухгалтердің қолтаңбаларының үлгілері және МҚҰ мөрінің бедері бар құжат

нотариат куәландырған түпнұсқа

8

МҚҰ-ның ақпаратты кредит бюросына ұсынуға және кредиттік есепті алуға келісімі

түпнұсқа қаржы агенттігінің атына ұсынылады


      Ескертпе:

      Бірнеше парақтан тұратын құжат ұсынылған жағдайда, мұндай құжат тігілуі және нөмірленуі не құжаттың әрбір парағы уәкілетті тұлғалардың қолтаңбасымен және мөрмен/мөртабанмен бекітілуге тиіс.

  "Бизнестің жол картасы 2020"
бизнесті қолдау мен
дамытудың бірыңғай
бағдарламасы шеңберінде
банктердің микроқаржы
ұйымдарына берген кредиттері
бойынша ішінара кепілдік
беру қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

      "_____________________" АҚ-ға

Алдын ала кепілдік хаты

      "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының бірінші бағытын іске асыру шеңберінде "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ (бұдан әрі – қаржы агенттігі) "___________" микроқаржы ұйымының қаржы агенттігінің кредит бойынша кепілдік беруі туралы өтінімін қарағанын және мақұлдағанын хабарлаймыз.

      Қаржы агенттігі "___________" микроқаржы ұйымы үшін мынадай шарттармен кредит бойынша кепілдік беруге дайын:

      1) кепілдік сомасы: _____________ (________________) теңге, ол кредит сомасының _____ %-ын құрайды;

      2) кепілдік мерзімі: ______________;

      3) кепілдік берудің өзге шарттары кепілдік шартында реттеледі.

      Осы алдын ала кепілдік хатының қолданылу мерзімі_______дейін.

      Микроқаржы ұйымдарына ішінара кепілдік беру түріндегі мемлекеттік қолдау шарттарын реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, қаржы агенттігі кепілдік берудің жоғарыда көрсетілген шарттарын қайта қарауға және оларды өзгертуге не толық немесе ішінара жоюға құқылы, банкті ол туралы кепілдік шартына қол қойылғанға дейін хабардар етеді.

      Құрметпен,

      _________________ _____________________ ___________________

      (лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә.)

      М.О.

  "Бизнестің жол картасы 2020"
бизнесті қолдау мен
дамытудың бірыңғай
бағдарламасы шеңберінде
банктердің микроқаржы
ұйымдарына берген кредиттері
бойынша ішінара кепілдік
беру қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

"_____________" АҚ
__________________ бастап ______________________ ж. аралығындағы кезеңде Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде МҚҰ кредиттерін іске асыру барысының ағымдағы мониторингі туралы есебі

Р/с №

Банктің атауы

МҚҰ өтініш берген жері (облыс, өңір)

Қарыз алушының атауы

Қарыз алушының ЖСН/БСН

1

2

3

4

5


Заңды мәртебесі (ЖШС, ЖК, ШҚ, ӨК)

Банктік қарыз шартының/Кредиттік желі ашу туралы келісімнің №

Банктік қарыз шартының/Кредиттік желі ашу туралы келісімнің күні

Кредит мерзімі


6

7

8

9


Кредит сомасы

Кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі

Негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең

Сыйақыны төлеу бойынша жеңілдікті кезең


10

11

12

13


Кредит (транш) беру күні

Іс жүзінде берілген қаражат сомасы

Есепті күнге негізгі борыш берешегінің қалдығы

Кепілдік шартының нөмірі


14

15

16

17


Кепілдік шартының күні

Қаржы агенттігінің кепілдік сомасы

Кепілдік бойынша қаржы агенттігінің міндеттемелерді орындау сомасы

НҚ бойынша мерзімі өткен берешек сомасы


18

19

20

21


НҚ қарыз бойынша мерзімі өткен күндер саны

Сыйақыны төлеу бойынша мерзімі өткен күндер саны

Банктік қарыз шарты/Кредиттік желі ашу туралы келісім бойынша қол жетімділік кезеңі

Банктің уәкілетті органы шешімінің күні


22





ҚР ҰБ талаптары бойынша сыныптау санаты





      Лауазымды тұлға_______________Т.А.Ә. (әкесінің аты болған жағдайда)

      М.О. (қолы)

      Жауапты қызметкер ____________Т.А.Ә. (әкесінің аты болған жағдайда)

      (қолы)

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 31 шілдедегі
№ 599 қаулысымен
бекітілген

"Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерін ислам банктері қаржыландырған кезде ислам банктерінің табысын құрайтын тауарларға үстеме бағаның бір бөлігін және жалгерлік төлемнің бір бөлігін субсидиялау қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерін ислам банктері қаржыландырған кезде ислам банктерінің табысын құрайтын тауарларға үстеме бағаның бір бөлігін және жалгерлік төлемнің бір бөлігін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама) сәйкес әзірленді және жеке кәсіпкерлік субъектілеріне берілетін ислам банктерінің/исламдық лизингтік компаниялардың қаржыландыруы бойынша ислам банкінің/исламдық лизингтік компаниялардың табысын құрайтын тауарларға үстеме бағаның бір бөлігін/жалгерлік төлемнің бір бөлігін субсидиялау шарттары мен тетіктерін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) Өңірлік үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – ӨҮК) – облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері құратын және басқаратын, қатысушылардың жалпы санының кемінде 50 %-ы бизнес-қоғамдастықтардың өкілдерінен тұратын консультативтік-кеңесші орган;

      2) банк-төлем агентi – исламдық лизингтік компанияның уәкілетті банкі, ол қаржы агенттігімен келісілуге тиіс және исламдық лизингтік компаниялардың исламдық лизинг шарттары бойынша субсидиялар сомасын аудару мен есептен шығаруға арналған исламдық лизингтік компанияның арнайы шотын жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асыруға тиіс исламдық лизинг компаниясының уәкілетті банкі;

      3) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі – жергілікті атқарушы органның облыс (астана, республикалық маңызы бар қала) әкімі айқындайтын, Бағдарламаның облыстық (астана, республикалық маңызы бар қала) деңгейде іске асырылуына жауапты құрылымдық бөлімшесі;

      4) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі – қаланың/ауданның жергілікті атқарушы органының облыс әкімі айқындайтын, Бағдарламаның қалада немесе аудандық деңгейде іске асырылуына жауапты құрылымдық бөлімшесі;

      5) жоба – кіріс алуға бағытталған және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін бизнестің түрлі бағыттарында кәсіпкер бастамашылық қызмет ретінде жүзеге асыратын іс-қимылдар мен іс-шаралардың жиынтығы. Бір жобаның шеңберінде бірнеше қаржыландыру алуға болады;

      6) ИИДМБ – Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 627 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;

      7) ислам банкі – лицензия негізінде "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-1-тарауында көзделген банк қызметін жүзеге асыратын, Бағдарламаға қатысатын екінші деңгейдегі банк;

      8) исламдық лизингтік компания – өз қызметін "Қаржы лизингі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 2-1-тарауына сәйкес жүзеге асыратын, акционерлік қоғам нысанында құрылған, банк болып табылмайтын, Бағдарламаға қатысушы заңды тұлға;

      9) ислам банкі беретін қаржыландыру (бұдан әрі – қаржыландыру) – ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кәсіпкерге тауар үшін төлемнің мерзімін кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу мүмкіндігін беруі және/немесе ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кәсіпкерге лизинг (жалға беру) шарттарында мүлікті (лизинг нысанын) беруі;

      10) исламдық қаржыландыру жөніндегі субсидиялау шарты (бұдан әрі – субсидиялау шарты) – уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша қаржы агенттігі, ислам банкі/исламдық лизингтік компания және кәсіпкер арасында жасалатын үш жақты жазбаша келісім, оның шарттары бойынша қаржы агенттігі кәсіпкерді ислам банкі/исламдық лизингтік компания берген қаржыландыру бойынша тауарға үстеме бағаны/ ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның табысын құрайтын жалгерлік төлемнің бір бөлігін ішінара субсидиялайды;

      11) исламдық лизинг шарты – исламдық лизингтік компания мен кәсіпкер арасында жасалған жазбаша келісім, оның шарттары бойынша исламдық лизингтік компания кәсіпкерге мүлікті (лизинг нысанын) лизинг (жалға беру) шарттарымен береді;

      12) кәсіпкер – өз қызметін Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектісі, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер, ісін жаңа бастаған кәсіпкер;

      13) қаржыландыру шарты – ислам банкі мен кәсіпкер арасында жасалатын жазбаша келісім, оның шарттары бойынша ислам банкі тауарды сатып алушы немесе сатушы кәсіпкерге коммерциялық кредит береді не кәсіпкерге мүлікті (лизинг нысанын) лизинг (жалға беру) шарттарымен береді. Қаржыландыру шартына бас қаржыландыру келісімі де жатады, оның шеңберінде ислам банкі мен кәсіпкер коммерциялық кредит беру (қаржыландыру) туралы жекелеген шарттар жасасады;

      14) қаржы агенттігі – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы;

      15) мемлекеттік даму институттары – ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, акцияларының бақылау пакеттері экономиканың әртүрлі салаларында мемлекеттік қолдау шараларын көрсететін ұлттық басқарушы холдингке немесе ұлттық холдингке тиесілі акционерлік қоғамдар;

      16) субсидиялау – кәсіпкерлерді мемлекеттік қаржылай қолдау нысаны, ол болашақта кәсіпкердің операциялық қызметіне жататын белгілі бір шарттарды орындауға айырбас ретінде қаржыландырулар бойынша тауардың үстеме бағасы/ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның табысын құрайтын жалгерлік төлемнің бір бөлігі ретінде ислам банкіне/исламдық лизингтік компанияға кәсіпкер төлейтін шығыстарды ішінара өтеу үшін пайдаланылады;

      17) субсидиялар – субсидиялау шарттарының негізінде кәсіпкерлерді субсидиялау шеңберінде қаржы агенттігі ислам банкіне/исламдық лизингтік компанияға өтеусіз және қайтарымсыз негізде төлейтін мерзімді төлемдер;

      18) уәкілетті орган – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган;

      19) ЭҚЖЖ (бұдан әрі – Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторлары) – Бағдарламаға 1-қосымшаға сәйкес экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес экономиканың басым секторлары.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Субсидиялау кәсіпкерлер қаржыландырулар бойынша тауардың үстеме бағасының бір бөлігін/ислам банкінің/исламдық лизингтік компаниялардың табысын құрайтын жалгерлік төлемнің бір бөлігін сыйақы ретінде төлейтін шығыстардың бір бөлігін өтеу үшін пайдаланылады және мемлекеттің бизнеспен өзара іс-қимылының тиімді тетіктері арқылы жүзеге асырылады.

      4. Қаржы агенттігінің көрсетілген қызметтеріне уәкілетті орган республикалық бюджет қаражаты есебінен ақы төлейді.

      5. Субсидиялау үшін көзделген қаражатты Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі Бағдарлама шеңберінде өзара жасалатын Субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың негізінде жергілікті бюджетке жіберілген нысаналы трансферт қаражаты есебінен қаржы агенттігіне аударады. Бағдарлама шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгі нысанын уәкілетті орган бекітеді.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Субсидиялау нысанындағы қолдау шараларын қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      7. Кәсіпкерге Бағдарламаның барлық құралдарының шеңберінде кешенді қолдау көрсетілуі мүмкін.

      8. Мыналар:

      1) моторлы көлік құралдарын шығаруды және өзі өсірген жүзімнен шарап жасауды көздейтін жобаларды қоспағанда, акцизделетін тауарларды/өнімдерді шығаруды жүзеге асыратын;

      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1434 қаулысына сәйкес мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібінің жобаларын іске асыратын;

      3) қиыршықтас және құм карьерлерін игеруге бағытталған жобаларды қоспағанда, өз қызметін тау-кен өндіру өнеркәсібінде жүзеге асыратын;

      4) құрылтайшылары ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны қоспағанда) тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар болып табылатын кәсіпкерлер, сондай-ақ меншік нысаны жеке меншік мекеме ретінде ресімделген заңды тұлғалар Бағдарламаға қатысушы бола алмайды.

2. "Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің жаңа бизнес-бастамаларын қолдау" бірінші бағытының шеңберінде субсидиялар беру шарттары

      9. Ауылдық елді мекендерде, шағын қалалар мен моноқалаларда өздерінің жобаларын іске асырып жатқан және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлер, Бағдарламаның бірінші бағытына салалық шектеусіз және кәсіпкердің тіркелген жерін есепке алмай қатыса алады;

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10. Мыналар:

      1) Даму банкін қоспағанда, мемлекеттік даму институттары кредиторы болып табылатын, сондай-ақ Бағдарлама шеңберінде сыйақы мөлшерлемесі арзандатылған ислам банктерінің/исламдық лизингтік компаниялардың қаржыландыру шарттарын қоспағанда, қаржыландыру, сыйақы мөлшерлемесі бюджет қаражатының есебінен арзандатылған;

      2) ұйымдардың үлестерін, акцияларын, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды сатып алуға бағытталған;

      3) қонақүйлер немесе қонақүй кешендерін сатып алуға берілген;

      4) овердрафт түріндегі;

      5) қайтарымды, қайталама немесе қосалқы лизинг бойынша қаржыландыру субсидиялауға жатпайды.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      11. Тауардың үстеме бағасын/ислам банктерінің/исламдық лизингтік компаниялардың табысын құрайтын жалгерлік төлемнің бір бөлігін субсидиялау жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа қаржыландырулар бойынша жүзеге асырылады.

      12. Жоба ӨҮК-ге шығарылғанға дейін 12 ай ішінде ислам банкі/исламдық лизингтік компания жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыруға берген қаржыландыру да жаңа қаржыландыруларға жатады.

      13. Кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын/қаржыландыру шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған, жоба ӨҮК-ге шығарылғанға дейін 4 жыл ішінде (мерзім алғашқы кредит/лизинг/қаржыландыру берілген күннен бастап есептеледі) екінші деңгейдегі банктер/лизингтік компаниялар/ислам банктері/исламдық лизингтік компаниялар берген және Бағдарлама өлшемшарттарына сәйкес келетін қаржыландыру да субсидиялауға жатады.

      14. Айналым қаражатын қаржыландыру негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндірісті кеңейтуге арналған қаржыландыру шеңберінде жүзеге асырылатын, бірақ жоба сомасының 30 %-ынан аспайтын жағдайларды қоспағанда, субсидиялау айналым қаражатын толықтыруға берілетін (берілген) қаржыландырулар бойынша жүзеге асырылмайды.

      Бұл ретте, қайта бастау негізінде айналым қаражатын толықтыруға берілген қаржыландыру бөлігінде субсидиялауға рұқсат етіледі. Негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндірісті кеңейтуге арналған қаржыландыру шеңберінде айналым қаражатын толықтыруға арналған қаржыландыруды қайта бастау мүмкіндігінің шарттары ӨҮК шешімінде көрсетілуге тиіс.

      15. 100 %-ы айналым қаражатын толықтыруға бағытталған 60 млн. теңгеге дейінгі кепілдік беру құралын қолдана отырып қаржыландыру кезінде тауардың үстеме бағасын/ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның табысын құрайтын жалгерлік төлемнің бір бөлігін субсидиялауға рұқсат етіледі.

      16. 180 млн. теңгеден жоғары қаржыландырулар бойынша кәсіпкер жобаны іске асырудың жалпы құнының кемінде 10 %-ы деңгейінде жобаны іске асыруға өзінің құралдарының (ақша қаражатының, жылжымалы/жылжымайтын мүлкінің), оның ішінде қамтамасыз етуге ұсынылған үшінші тұлғалардың мүлкімен қатысуын қамтамасыз етуге тиіс. Жобаға кәсіпкердің өзінің құралдарымен (ақша қаражатымен, жылжымалы/жылжымайтын мүлкімен) қатысуының шарттары ӨҮК шешімінде көрсетіледі.

      17. Қаржыландыру бойынша міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етуге жобаны іске асыруға тікелей қатыспайтын жылжымалы/жылжымайтын мүлік ұсынылған жағдайда, аталған мүлік жобаға өзінің қатысуы ретінде қаралмайды.

      18. Бұл ретте сомасы 180 млн. теңгеден аспайтын қаржыландырулар бойынша жобаны іске асыруға өзінің қатысуы талап етілмейді.

      19. Тауардың үстеме бағасын/ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның табысын құрайтын жалгерлік төлемнің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын қаржыландыру сомасы бір кәсіпкер үшін 750,0 млн. теңгеден аспауға тиіс және онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиторлық берешегі есепке алынбай есептеледі.

      Бағдарламада белгіленген лимиттер шеңберінде субсидияланатын қаржыландыру бойынша ішінара/толық мерзімінен бұрын өтеген жағдайда кәсіпкерлерді қаржыландыруды субсидиялауға жол беріледі.

      Ескерту. 19-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      20. Қаржыландырулар бойынша субсидиялау мерзімі 6 жылға дейін ұзарту мүмкіндігімен 3 (үш) жылды құрайды. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалатын болса, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенттігі алғашқы субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді.

      3 (үш) жыл өткеннен кейін субсидиялау шартының қолданылу мерзімін ұзарту ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның өтінішхаты негізінде ӨҮК мақұлдаған уақытта республикалық бюджеттен субсидиялауға арналған қаражат болған кезде ғана жүзеге асырылады.

      ӨҮК қолданыстағы субсидиялау шартын ұзарту/ұзартпау туралы шешімі субсидиялау шартының қолданылу мерзімінің аяқталуына дейін күнтізбелік 45 (қырық бес) күн бұрын қабылдануы қажет. Бұл ретте қаржы агенттігі ӨҮК қолданыстағы субсидиялау шартын ұзарту туралы оң шешім қабылдаған жағдайда қолданыстағы субсидиялау шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның/кәсіпкердің субсидиялау шартына қосымша келісімге қол қоюды қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 20-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      21. Субсидиялау тауардың үстеме бағасы/ ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның табысын құрайтын жалгерлік төлемнің бір бөлігі номиналды 19 %-дан аспайтын, оның 10 %-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін қаржыландырулар бойынша ғана жүзеге асырылады.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      22. Бағдарлама шеңберінде ислам банкі/ исламдық лизингтік компания:

      1) қаржыландыру (исламдық лизинг шарттары) талаптарының кәсіпкер бастамасымен өзгеруіне байланыстыларды;

      2) қаржыландыру (исламдық лизинг шарттары) бойынша міндеттемелерді кәсіпкердің бұзуы себебінен өндіріп алынатындарын;

      3) лизинг нысанасына тәуелсіз бағалау жүргізуге, лизинг нысанасын сақтандыруға, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастауға байланыстыларды;

      4) исламдық лизинг шартын орындауға байланыстыларды (басқа ұйымдардың кедендік тазарту сияқты көрсетілетін қызметтерін, лизинг нысанасын арнаулы органдардың тіркеуі бойынша көрсетілетін қызметтерін, банктердің көрсетілетін қызметтерін және т.б. өтеу) қоспағанда, қаржыландыруға байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.

      23. ӨҮК қолданыстағы қаржыландыруды субсидиялау туралы шешім қабылдаған жағдайда, онда ислам банкі/исламдық лизингтік компания кәсіпкерге ағымдағы қаржы жылында (ӨҮК шешім қабылдаған күннен бастап) бұрын алынған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді өтейді.

      24. "Қаржы лизингі туралы" 2000 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабына сәйкес лизингтің мынадай нысандары мен түрлері субсидиялауға жатады: ішкі лизинг, банктік лизинг, толық лизинг, таза лизинг және исламдық лизинг.

3. "Экономиканың басым секторларындағы және өңдеуші өнеркәсіп салаларындағы қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлерді салалық қолдау" екінші бағытының шеңберінде субсидиялар беру шарттары

      25. Мынадай:

      1) Бағдарламаға 1-қосымшаға сәйкес экономиканың басым секторларында іске асырылатын жобаларды;

      2) Бағдарламаға 2-қосымшаға сәйкес ИИДМБ-да айқындалған өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларында іске асырылатын жобаларды іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлайын кәсіпкерлер Бағдарламаның екінші бағытына қатыса алады.

      26. Мыналар:

      1) Даму банкін қоспағанда, мемлекеттік даму институттары кредиторы болып табылатын, сондай-ақ Бағдарлама шеңберінде сыйақы мөлшерлемесі арзандатылған ислам банктерінің/исламдық лизингтік компаниялардың қаржыландыру шарттарын қоспағанда, сыйақы мөлшерлемесі бюджет қаражатының есебінен арзандатылған;

      2) ұйымдардың үлестерін, акцияларын, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды сатып алуға бағытталған;

      3) қонақүйлер немесе қонақүй кешендерін сатып алуға берілген;

      4) овердрафт түріндегі;

      5) қайтарымды, қайталама немесе қосалқы лизинг бойынша қаржыландыру субсидиялауға жатпайды.

      Ескерту. 26-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      27. Тауардың үстеме бағасын/ислам банктерінің/исламдық лизингтік компанияның табысын құрайтын жалгерлік төлемнің бір бөлігін субсидиялау жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа қаржыландырулар бойынша жүзеге асырылады.

      28. Жоба ӨҮК-ге шығарылғанға дейін 12 ай ішінде ислам банкі/ исламдық лизингтік компания жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыруға берген қаржыландыру да жаңа қаржыландыруларға жатады.

      29. Кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын/қаржыландыру шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған, жоба ӨҮК-ге шығарылғанға дейін 4 жыл ішінде (мерзім алғашқы кредит/лизинг/қаржыландыру берілген күннен бастап есептеледі) екінші деңгейдегі банктер/лизингтік компаниялар/ислам банкі/исламдық лизингтік компаниялар берген және Бағдарлама өлшемшарттарына сәйкес келетін қаржыландыру да субсидиялауға жатады.

      30. Айналым қаражатын қаржыландыру негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндірісті кеңейтуге арналған қаржыландыру шеңберінде жүзеге асырылатын, бірақ жоба сомасының 30 %-ынан аспайтын жағдайларды қоспағанда, субсидиялау айналым қаражатын толықтыруға берілетін (берілген) қаржыландырулар бойынша жүзеге асырылмайды.

      Бұл ретте, қайта бастау негізінде айналым қаражатын толықтыруға берілген қаржыландыру бөлігінде субсидиялауға рұқсат етіледі. Негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндірісті кеңейтуге арналған қаржыландыру шеңберінде айналым қаражатын толықтыруға арналған қаржыландыруды қайта бастау мүмкіндігінің шарттары ӨҮК шешімінде көрсетілуге тиіс.

      31. 100 %-ы айналым қаражатын толықтыруға бағытталған 60 млн. теңгеге дейінгі кепілдік беру құралын қолдана отырып қаржыландыру кезінде тауардың үстеме бағасын/ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның табысын құрайтын жалгерлік төлемнің бір бөлігін субсидиялауға рұқсат етіледі.

      32. 180 млн. теңгеден жоғары қаржыландырулар бойынша кәсіпкер жобаны іске асырудың жалпы құнының кемінде 10 %-ы деңгейінде жобаны іске асыруға өзінің құралдарының (ақша қаражатының, жылжымалы/жылжымайтын мүлкінің), оның ішінде қамтамасыз етуге ұсынылған үшінші тұлғалардың мүлкімен қатысуын қамтамасыз етуге тиіс. Жобаға кәсіпкердің өзінің құралдарымен (ақша қаражатымен, жылжымалы/жылжымайтын мүлкімен) қатысуының шарттары ӨҮК шешімінде көрсетіледі.

      33. Қаржыландыру бойынша міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етуге жобаны іске асыруға тікелей қатыспайтын жылжымалы/жылжымайтын мүлік ұсынылған жағдайда, аталған мүлік жобаға өзінің қатысуы ретінде қаралмайды.

      34. Бұл ретте сомасы 180 млн. теңгеден аспайтын қаржыландырулар бойынша жобаны іске асыруға өзінің қатысуы талап етілмейді.

      35. Тауардың үстеме бағасын/ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның табысын құрайтын жалгерлік төлемнің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын қаржыландыру/исламдық лизинг шартының сомасы бір кәсіпкер үшін 4,5 млрд. теңгеден аспауға тиіс және онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиторлық берешегі есепке алынбай есептеледі.

      Бағдарламада белгіленген лимиттер шеңберінде субсидияланатын қаржыландыру бойынша ішінара/толық мерзімінен бұрын өтеген жағдайда кәсіпкерлерді қаржыландыруды субсидиялауға жол беріледі.

      Ескерту. 35-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      36. Қаржыландырулар бойынша субсидиялау мерзімі 6 жылға дейін ұзарту мүмкіндігімен 3 (үш) жылды құрайды. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалатын болса, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенттігі алғашқы субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді.

      3 (үш) жыл өткеннен кейін субсидиялау шартының қолданылу мерзімін ұзарту ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның өтінішхаты негізінде ӨҮК мақұлдаған сәтте республикалық бюджеттен субсидиялауға арналған қаражат болған кезде ғана жүзеге асырылады.

      ӨҮК қолданыстағы субсидиялау шартын ұзарту/ұзартпау туралы шешімі субсидиялау шартының қолданылу мерзімінің аяқталуына дейін күнтізбелік 45 (қырық бес) күн бұрын қабылдануы қажет. Бұл ретте қаржы агенттігі ӨҮК қолданыстағы субсидиялау шартын ұзарту туралы оң шешім қабылдаған жағдайда қолданыстағы субсидиялау шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның/кәсіпкердің субсидиялау шартына қосымша келісімге қол қоюды қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 36-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      37. Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторларында іске асырылатын жобалар бойынша субсидиялау тауардың үстеме бағасы/ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның табысын құрайтын жалгерлік төлемнің бір бөлігі номиналды 19 %-дан аспайтын, оның 7 %-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін қаржыландырулар бойынша ғана жүзеге асырылады.

      Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      38. ИИДМБ-да айқындалған өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларында іске асырылатын жобалар бойынша субсидиялау тауардың үстеме бағасы/ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның табысын құрайтын жалгерлік төлемнің бір бөлігі номиналды 19 %-дан аспайтын, оның 10 %-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін қаржыландырулар бойынша ғана жүзеге асырылады.

      Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      39. Бағдарлама шеңберінде ислам банкі/исламдық лизингтік компания:

      1) қаржыландыру (исламдық лизинг шарттары) талаптарының кәсіпкер бастамасымен өзгеруіне байланыстыларды;

      2) қаржыландыру (исламдық лизинг шарттары) бойынша міндеттемелерді кәсіпкердің бұзуы себебінен өндіріп алынатындарын;

      3) лизинг нысанасына тәуелсіз бағалау жүргізуге, лизинг нысанасын сақтандыруға, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастауға байланыстыларды;

      4) исламдық лизинг шартын орындауға байланыстыларды (басқа ұйымдардың кедендік тазарту сияқты көрсетілетін қызметтерін, лизинг нысанасын арнаулы органдардың тіркеуі бойынша көрсетілетін қызметтерін, банктердің көрсетілетін қызметтерін және т.б. өтеу) қоспағанда, қаржыландыруға байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.

      5) ӨҮК қолданыстағы қаржыландыруды субсидиялау туралы шешім қабылдаған жағдайда, онда ислам банкі/исламдық лизингтік компания кәсіпкерге ағымдағы қаржы жылында (ӨҮК шешім қабылдаған күннен) бұрын алынған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді өтейді.

      41. Қазіргі заманғы форматтағы сауда объектілерін салу жобалары бойынша субсидиялауға рұқсат беріледі. Бұл ретте қазіргі заманғы форматтағы сауда объектілерін салу жобалары мынадай өлшемшарттарға сәйкес келуге тиіс:

      1) Астана және Алматы қалаларында сауда ауданы кемінде 5 мың шаршы метр;

      2) облыстарда сауда ауданы кемінде 2 мың шаршы метр;

      3) деңгейлерінің саны кемінде 2, тұрақ коэффициенті кемінде

      1 орын/40 шаршы метр сауда алаңы.

      Ескерту. 41-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      42. "Қаржы лизингі туралы" 2000 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабына сәйкес лизингтің мынадай нысандары мен түрлері субсидиялауға жатады: ішкі лизинг, банктік лизинг, толық лизинг, таза лизинг және исламдық лизинг.

4. "Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету" үшінші бағытының шеңберінде субсидиялар беру шарттары

      43. Үшінші бағыт ислам банктерінің ұлттық және шетелдік валюталардағы және исламдық лизингтік компаниялардың ұлттық валютадағы қолданыстағы қаржыландыру бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды көздейді.

      44. Қызметін Бағдарламаға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес экономиканың басым секторларында және өңдеуші өнеркәсіп салаларында жүзеге асыратын және Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне/ Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне кәсіпкер өтінім берердің алдындағы алты айдағы ақшалай пайданың жалпы көлемінің кемінде 10 %-ы мөлшерінде валюталық пайдасы бар кәсіпкерлер Бағдарламаның үшінші бағытына қатысушы бола алады.

      45. Мыналар:

      1) Даму банкін қоспағанда, мемлекеттік даму институттары кредиторы болып табылатын, сондай-ақ Бағдарлама шеңберінде сыйақы мөлшерлемесі арзандатылған ислам банктерінің/исламдық лизингтік компаниялардың қаржыландыру шарттарын қоспағанда, сыйақы мөлшерлемесі бюджет қаражатының есебінен арзандатылған кредиттер/лизингтік мәмілелер;

      2) ұйымдардың үлестерін, акцияларын, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды сатып алуға бағытталған;

      3) қонақүйлер немесе қонақүй кешендерін сатып алуға берілген;

      4) овердрафт түріндегі;

      5) қайтарымды, қайталама немесе қосалқы лизинг бойынша қаржыландыру субсидиялауға жатпайды.

      Ескерту. 45-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      46. Субсидиялау негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндірісті кеңейтуге және/немесе айналым қаражатын толықтыруға және/немесе қайта қаржыландыруға берілген қаржыландыру бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.

      Бұл ретте қайта бастау негізінде айналым қаражатын толықтыруға берілген қаржыландыруды субсидиялауға рұқсат етіледі. Негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндірісті кеңейтуге арналған қаржыландыру шеңберінде айналым қаражатын толықтыруға арналған қаржыландыруды қайта бастау мүмкіндігінің шарттары ӨҮК шешімінде көрсетілуге тиіс.

      47. Кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын/қаржыландыру шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған, жоба ӨҮК-ге шығарылғанға дейін 4 жыл ішінде (мерзім алғашқы кредит/лизинг/қаржыландыру берілген күннен бастап есептеледі) екінші деңгейдегі банктер/лизингтік компаниялар/ислам банктері/исламдық лизингтік компаниялар берген және Бағдарлама өлшемшарттарына сәйкес келетін қаржыландыру да субсидиялауға жатады.

      48. 180 млн. теңгеден жоғары қаржыландырулар бойынша кәсіпкер жобаны іске асырудың жалпы құнының кемінде 10 %-ы деңгейінде жобаны іске асыруға өзінің құралдарының (ақша қаражатының, жылжымалы/жылжымайтын мүлкінің), оның ішінде қамтамасыз етуге ұсынылған үшінші тұлғалардың мүлкімен қатысуын қамтамасыз етуге тиіс. Жобаға кәсіпкердің өзінің құралдарымен (ақша қаражатымен, жылжымалы/жылжымайтын мүлкімен) қатысуының шарттары ӨҮК шешімінде көрсетіледі.

      49. Қаржыландыру бойынша міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етуге жобаны іске асыруға тікелей қатыспайтын жылжымалы/жылжымайтын мүлік ұсынылған жағдайда, аталған мүлік жобаға өзінің қатысуы ретінде қаралмайды.

      50. Бұл ретте сомасы 180 млн. теңгеден аспайтын қаржыландырулар бойынша жобаны іске асыруға өзінің қатысуы талап етілмейді.

      51. Тауарлардың үстеме бағасын/жалгерлік төлемнің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын қаржыландыру сомасы бір кәсіпкер үшін 4,5 млрд. теңгеден аспауға тиіс және онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиторлық берешегі есепке алынбай есептеледі.

      Бағдарламада белгіленген лимиттер шеңберінде субсидияланатын қаржыландыру бойынша ішінара/толық мерзімінен бұрын өтеген жағдайда кәсіпкерлерді қаржыландыруды субсидиялауға жол беріледі.

      Ескерту. 51-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      52. Субсидиялау жүзеге асырылатын валюталық қаржыландыру бойынша сома бір кәсіпкер үшін 4,5 млрд. теңгеге балама мөлшерден аспауға тиіс және онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың қаржыландыру бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі.

      53. 750 млн. теңгеден 4,5 млрд. теңгеге дейінгі қаржыландыру/қаржылық лизинг шарттары бойынша тауардың үстеме бағасын/ жалгерлік төлемнің бір бөлігін субсидиялау қолданыстағыларға қатысты кемінде 10 % жаңа (тұрақты) жұмыс орындарын құру шартымен жүзеге асырылады.

      Бұл ретте жаңадан құрылатын жұмыс орындарының 50 %-ын халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген жас адамдар үшін құру ұсынылады.

      Жаңа тұрақты жұмыс орындарын құрудың шекті мерзімі ӨҮК шешімінде көрсетіледі.

      Ескерту. 53-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      54. Қаржыландырулар бойынша субсидиялау мерзімі 6 жылға дейін ұзарту мүмкіндігімен 3 (үш) жылды құрайды. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалатын болса, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенттігі алғашқы субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді.

      3 (үш) жыл өткеннен кейін субсидиялау шартының қолданылу мерзімін ұзарту ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның өтінішхаты негізінде ӨҮК мақұлдаған сәтте республикалық бюджеттен субсидиялауға арналған қаражат болған кезде ғана жүзеге асырылады.

      ӨҮК қолданыстағы субсидиялау шартын ұзарту/ұзартпау туралы шешімі субсидиялау шартының қолданылу мерзімінің аяқталуына дейін күнтізбелік 45 (қырық бес) күн бұрын қабылдануы қажет. Бұл ретте қаржы агенттігі ӨҮК қолданыстағы субсидиялау шартын ұзарту туралы оң шешім қабылдаған жағдайда қолданыстағы субсидиялау шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның/кәсіпкердің субсидиялау шартына қосымша келісімге қол қоюды қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 54-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      55. Субсидиялау ислам банктерінің номиналды табыс мөлшерлемесі жылдық 19 %-дан аспайтын, оның 6 %-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін қаржыландыру бойынша ғана жүзеге асырылады.

      Субсидиялау ислам банктерінің пайдасының бөлігін жылдық 12 %-дан аспайтын, оның 5 %-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін валюталық қаржыландыру бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.

      Бұл ретте ислам банкі:

      1) қаржыландыру талаптарының кәсіпкер бастамасымен өзгеруіне байланыстыларды;

      2) қаржыландыру бойынша міндеттемелерді кәсіпкердің бұзуы себебінен өндіріп алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, қаржыландыруға байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.

      Ескерту. 55-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      56. Бағамдық оң айырма орын алған жағдайда, ол болашақ субсидиялар есебіне жатқызылады, ал бағамдық теріс айырма орын алса – өтеу кәсіпкерге жүктеледі.

      57. Субсидиялар сомаларын қаржы агенттігі субсидиялар сомаларын аудару күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша төлейді.

      58. Субсидиялау исламдық лизингтік компанияның/ислам банкінің жылдық 19 %-дан аспайтын, оның 7 %-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін исламдық лизинг шарттары бойынша да жүзеге асырылуы мүмкін.

      Бұл ретте ислам банкі/исламдық лизингтік компания:

      1) исламдық лизинг шарттарының борышкер бастамасымен өзгеруіне байланыстыларды;

      2) лизинг (жалдау) нысанасына тәуелсіз бағалау жүргізуге, лизинг (жалдау) нысанасын сақтандыруға, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастауға байланыстыларды;

      3) исламдық лизинг шартын орындауға (басқа ұйымдардың кедендік тазарту сияқты көрсетілетін қызметтеріне, лизинг (жалдау) нысанын арнаулы органдардың тіркеуі жөніндегі көрсетілетін қызметтерге, банктердің көрсетілетін қызметтеріне және т.б. ақы төлеу) байланыстыларды;

      4) кәсіпкердің исламдық лизинг шарты бойынша міндеттемелерді бұзуы себебінен өндіріп алынатындарды қоспағанда, исламдық лизинг шартын жасасуға байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді өндіріп алмайды.

      Ескерту. 58-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      59. ӨҮК қолданыстағы қаржыландыруды субсидиялау туралы шешім қабылдаған жағдайда, онда ислам банкі/исламдық лизингтік компания кәсіпкерге ағымдағы қаржы жылында (ӨҮК шешім қабылдаған күннен бастап) бұрын алынған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді өтейді.

      60. Егер ислам банкі/исламдық лизингтік компания мен кәсіпкер валюталық қаржыландыруды теңгеге айырбастауды ұйғарса, онда мұндай айырбастау ислам банкі/исламдық лизингтік компания мен кәсіпкер арасында субсидиялау шарты жасалған күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша жүргізіледі.

5. Субсидиялар беру үшін Бағдарламаға қатысушылардың өзара іс-қимыл жасау тәртібі

      61. Кәсіпкер ислам банкіне/исламдық лизингтік компанияға:

      1) жаңа қаржыландыру бойынша Бағдарламаға сәйкес келетін шарттарда қаржыландыру беруге (ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның ішкі нормативтік құжаттарымен бекітілген нысан бойынша) арналған өтінішпен;

      2) қолданыстағы қаржыландыру бойынша осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оған сәйкес субсидиялар алу ниеті туралы ислам банкін/исламдық лизингтік компанияны хабардар ететін өтінішпен және қаржыландыру бойынша тауардың номиналды үстеме бағасын/жалгерлік төлемнің бір бөлігін Бағдарламада көзделген мөлшерге дейін төмендету туралы өтінішпен жүгінеді.

      62. Ислам банкі/исламдық лизингтік компания жобаның қаржы-экономикалық тиімділігіне бағалау жүргізеді және қаржыландыру беру немесе қаржыландыру бойынша тауардың үстеме бағасын/жалгерлік төлемнің бір бөлігін төмендету туралы оң шешім болған жағдайда кәсіпкерге жобаны қаржыландыруға дайын екендігі туралы жазбаша жауап жолдап, қаржы агенттігін хабардар етеді.

      63. Ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның оң шешімін алған кәсіпкер Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне (Астана мен Алматы қалалары үшін – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіпкердің өтініш-сауалнамасымен жүгінеді, оған мынадай құжаттарды қоса береді:

      1) кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік/заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (кәсіпкердің мөрімен/қолымен расталған көшірме);

      2) 180 млн. теңгеден жоғары қаржыландыру шарттары бойынша жеке қаражат (ақша қаражаты, жылжымалы/жылжымайтын мүлік) жобасын іске асыруға қатысуды, жобаны іске асырудың жалпы құнынан 10% -дан төмен емес деңгейде қамтамасыз етуге ұсынылатын үшінші тұлғалардың мүлкімен қамтамасыз ету мерзімдері қамтылған кәсіпкердің іске асыратын жобасының бизнес-жоспары;

      3) салық органынан өтініш берілетін күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей берілген бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқ екені туралы анықтама;

      4) тауарларды/өнімді экспорт режимінде шығаруды жүзеге асырған кеден органының белгілері қойылған кедендік жүк декларациялары (Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде қатысуға өтінім берген жағдайда);

      5) Қазақстан Республикасының кедендік шекарасындағы өткізу пунктінде орналасқан кеден органының белгілері қойылған тауарға ілеспе құжаттар (Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде қатысуға өтінім берген жағдайда);

      6) соңғы есепті кезеңдегі валюталық пайданың тиісті деңгейінің бар-жоғын растайтын құжаттар (Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде қатысуға өтінім берген жағдайда);

      7) ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның Бағдарламаға қатысуға мүмкіндік беретін шарттарда кәсіпкерді қаржыландыру бойынша қаржыландыруды ұсыну немесе тауардың үстеме бағасын/ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның табысын құрайтын жалгерлік төлемнің бір бөлігін төмендету мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хаты.

      Ескерту. 63-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      64. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі өтініш-сауалнама мен құжаттарды алғаннан кейін:

      1) өтініш-сауалнамамен бірге ұсынылатын міндетті құжаттардың толықтығын 3 жұмыс күні ішінде тексеруді жүзеге асырады. Құжаттар пакеті толық ұсынылмаған не белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттар ұсынылған жағдайда, Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі үш күндік мерзімде кәсіпкерге ұсынылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, ұсынылған құжаттарды пысықтау үшін қайтарады;

      2) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне қарау үшін кәсіпкердің жобасын жіберуді құжаттардың толық пакетін алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      65. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі құжаттарды алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде:

      1) құжаттардың толықтығын тексереді;

      2) кәсіпкер жобасын Бағдарламаның шарттарына сәйкестігі тұрғысынан тексереді;

      3) ӨҮК үшін кәсіпкерлердің жобалары бойынша ұсынымдар әзірлейді;

      4) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттардың толық пакетімен қоса кәсіпкерлер жобаларының тізімін ӨҮК қарауына шығарады;

      5) күн тәртібінің мәселесін қалыптастырады, ӨҮК отырысы өткізілетін күнін, уақытын және орнын айқындайды, бұл жөнінде ӨҮК барлық мүшелерін хабардар етеді.

      66. Құжаттар пакеті толық ұсынылмаған немесе белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттар ұсынылған жағдайда, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі үш күндік мерзімде кәсіпкерге/Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне ұсынылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, пысықтау үшін қайтарады. Құжаттар пакеті бойынша кемшіліктер болмаған жағдайда, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі кәсіпкердің жобасын ӨҮК кезекті отырысына шығарады.

      67. ӨҮК отырысы жобалардың қалыптастырылу шамасына қарай, бірақ айына 2 (екі) реттен сиретпей өткізіледі. ӨҮК мүшелерінің саны он екі адамнан аспауға тиіс, олардың кемінде 50 %-ын кәсіпкерлер қоғамдастығы ұсынуға тиіс.

      ӨҮК отырысы мүшелері санының кемінде үштен екісі (кворум) қатысқан жағдайда өткізіледі. Шешімдер қатысушылардың жалпы санының кемінде үштен екісінің даусымен қабылданады.

      68. ӨҮК тиісті қаржы жылында субсидиялау үшін бюджет қаражаты болған жағдайда ғана жобаларды қарайды.

      69. ӨҮК өткізілетін отырыс шеңберінде мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:

      1) кәсіпкердің және ол іске асыратын жобалардың Бағдарламаның өлшемшарттарына сәйкестігін тексеру;

      2) ӨҮК мүшелері арасында кәсіпкердің жобасын және қоса берілетін құжаттарды, оның ішінде кәсіпкердің басқа мемлекеттік бағдарламаларға қатысуы, мемлекеттік даму институттары арқылы мемлекеттік қолдаудың өзге де шараларын пайдалануы туралы өтініш-сауалнамасында көрсетілген ақпаратты қарау және талқылау;

      3) кәсіпкердің жобасын қараған кезде ӨҮК қажет болған жағдайда ислам банкінен /исламдық лизингтік компаниядан жобаны неғұрлым толық талдау және шешім қабылдау үшін қажетті қосымша мәліметтер мен құжаттарды сұратады. Бұл жағдайда кәсіпкердің құжаттары Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне пысықтау үшін қайтарылады және ӨҮК кезекті отырысында қайта қаралуға тиіс;

      4) талқылау нәтижелері бойынша кәсіпкерді субсидиялау мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды, ол ӨҮК отырысы өткізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хаттамамен ресімделеді, бұл ретте, хаттамада кәсіпкерлерді Бағдарламаға қатыстырудан бас тарту себебі міндетті түрде көрсетілуге тиіс;

      Бұл ретте ӨҮК мүшелерінің бәрі хаттамаға қол қойған кезге дейін хатшы мен ӨҮК төрағасының қолы қойылған ӨҮК хаттамасынан үзінді көшірмені ұсынуға жол беріледі.

      5) ӨҮК оң шешім қабылдаған жағдайда, 180 млн. теңгеден жоғары қаржыландыру шарттары бойынша ӨҮК хаттамасына жеке қаражат (ақша қаражаты, жылжымалы/жылжымайтын мүлік) жобасын іске асыруға қатысуды, жобаны іске асырудың жалпы құнының 10 %-ынан төмен емес деңгейде қамтамасыз етуге ұсынылатын үшінші тұлғалардың мүлкімен қамтамасыз ету мерзімдері көрсетіледі.

      Ескерту. 69-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      70. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ӨҮК мүшелері ӨҮК хаттамасына/хаттамадан үзінді көшірмеге қол қойғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде ӨҮК хаттамасының көшірмесін/хаттамасынан үзінді көшірмені ислам банкіне/исламдық лизингтік компанияға және қаржы агенттігіне, сондай-ақ мәлімет үшін Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне жібереді.

      71. ӨҮК шешімінің қолданылу мерзімі ол қабылдаған күннен бастап 6 (алты) айды құрайды.

6. Субсидиялау тетігі

      72. Ислам банкі/исламдық лизингтік компания Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінен ӨҮК хаттамасын алғаннан кейін және субсидиялау туралы оң шешім болған кезде, қаржы агенттігі, ислам банкі/исламдық лизингтік компания және кәсіпкер арасында субсидиялау шарты жасалады, оған сәйкес қаржы агенттігі ислам банкіне/исламдық лизингтік компанияға қаржыландыру шартының өтеу кестесіне және субсидиялау шартының талаптарына сәйкес тауардың үстеме бағасын/ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның табысын құрайтын жалгерлік төлемнің бір бөлігін төлеуді жүзеге асырады.

      73. Ислам банкі/исламдық лизингтік компания қолданыстағы қаржыландыру шартына қол қойылған сәтке дейін кәсіпкердің қаржыландыру шартында/исламдық лизинг шартында көзделген негізгі борыш/жалгерлік төлемнің және тауардың үстеме бағасын/ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның табысын құрайтын жалгерлік төлемнің сомасын уақтылы өтеу жөніндегі міндеттемелерін орындамағаны үшін айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығаруға міндетті, ал жаңа/қолданыстағы қаржыландырулар бойынша ислам банкі/исламдық лизингтік компания:

      1) қаржыландыру (исламдық лизинг шарты) талаптарының кәсіпкер бастамасымен өзгеруіне байланыстыларды;

      2) кәсіпкердің қаржыландыру (исламдық лизинг шарты) бойынша міндеттемелерін бұзу себебі бойынша алынатындарын;

      3) лизинг (жалдау) нысанасына тәуелсіз бағалау жүргізуге, лизинг (жалдау) нысанасын сақтандыруға, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастауға байланыстыларды;

      4) исламдық лизинг шартын орындауға (басқа ұйымдардың кедендік тазарту сияқты көрсетілетін қызметтеріне, лизинг (жалдау) нысанын арнаулы органдардың тіркеуі жөніндегі көрсетілетін қызметтерге, банктердің көрсетілетін қызметтеріне және т.б. ақы төлеу) байланыстыларды қоспағанда, қаржыландыруға байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді өндіріп алмайды.

      74. Субсидиялау шартын:

      1) ислам банкі/исламдық лизингтік компания:

      Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінен үлгі жобалар бойынша хаттаманы алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінен ерекше шарттары бар жобалар бойынша хаттаманы алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жасайды;

      2) қаржы агенттігі:

      ислам банкінен/исламдық лизингтік компаниядан үлгі жобалар бойынша субсидиялау шартын алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде;

      ислам банкінен/исламдық лизингтік компаниядан ерекше шарттары бар жобалар бойынша субсидиялау шартын алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жасайды.

      Ескерту. 74-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      75. Егер ислам банкі/исламдық лизингтік компания осы Қағидалардың 74-тармағының 1) тармақшасында белгіленген мерзімде субсидиялау шартын уақтылы жасамаған жағдайда, онда ислам банкі/исламдық лизингтік компания қаржы агенттігі мен Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісін/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін кідірту себептерін түсіндіре отырып, ресми хатпен хабардар етеді.

      76. Егер қаржыландыру шартының/ исламдық лизинг шартының және/немесе субсидиялау шартының талаптары ӨҮК шешіміне және/немесе Бағдарлама талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, қаржы агенттігі субсидиялау шартына қол қоймайды. Бұл ретте қаржы агенттігі Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісін/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін, ислам банкін/исламдық лизингтік компанияны және кәсіпкерді хабардар етеді.

      77. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі, ислам банкі/исламдық лизингтік компания ескертулерді жойған жағдайда, қаржы агенттігі субсидиялау шартына қол қояды.

      78. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі, ислам банкі/исламдық лизингтік компания қаржы агенттігінің ескертулерімен келіспеген жағдайда, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі түпкілікті шешім қабылдау үшін осы мәселені ӨҮК-ке шығарады.

      79. Субсидиялау шарты оған кәсіпкер, ислам банкі/исламдық лизингтік компания және қаржы агенттігі қол қойған күннен бастап күшіне енеді. Бұл ретте субсидиялау мерзімінің басталуы субсидиялау шартына қаржы агенттігі қол қойған күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын субсидиялау шартында белгіленуі мүмкін.

      80. Тауардың үстеме бағасының/ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның табысын құрайтын жалгерлік төлемнің бір бөлігінің субсидияланатын бөлігін төлеу күнін кәсіпкер, ислам банкі/исламдық лизингтік компания дербес айқындайды. Егер қаржыландыру бойынша тауардың үстеме бағасын/ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның табысын құрайтын жалгерлік төлемнің бір бөлігін есептеу субсидиялау шартына кәсіпкер, ислам банкі/исламдық лизингтік компания қол қойған күннен кейінгі күні басталған жағдайда, субсидиялау шартына кәсіпкер, ислам банкі/исламдық лизингтік компания қол қойған күн субсидиялау кезеңіне қосылмайды.

      81. Қаржы агенттігі субсидиялау шартына қол қойғаннан кейін субсидияларды төлейді. Субсидиялар Бағдарламаның тиісті өңірлік үйлестірушісінен түскен қаражат болған кезде төленеді.

      82. Ислам банкі қаржы агенттігіне жасалған субсидиялау шарттары бойынша субсидиялар сомасын аудару үшін ағымдағы шот ашады.

      Заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуға және жүргізуге құқығы жоқ исламдық лизингтік компаниялар қаржы агенттігімен келісім бойынша банк-төлем агентін айқындайды, онда исламдық лизингтік компаниялар жасалған субсидиялау шарттары бойынша субсидияларды аудару үшін шот ашады.

      Ескерту. 82-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      83. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі тауардың үстеме бағасын/ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның табысын құрайтын жалгерлік төлемнің бір бөлігін субсидиялау үшін көзделген қаражат түскен сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігі көрсеткен шотқа тиісті қаржы жылында Бағдарлама шеңберінде олардың өзара жасалған субсидиялау мен кепілдік беру шарттарына сәйкес қаржы агенттігіне қаражат аударуды жүзеге асырады. Бұдан кейінгі төлемдер қаржы агенттігінің өтінімдеріне сәйкес жүзеге асырылатын болады.

      84. Субсидиялау үшін көзделген қаражатты қаржы агенттігі субсидиялау шартына төлемдер кестесін ескере отырып, ай сайын аванстық төлемдермен ислам банкінің/банк-төлем агентінің ағымдағы шотына аударуды жүзеге асырады. Бұл ретте қаражатты аударғаннан кейін қаржы агенттігі ислам банкін/исламдық лизингтік компанияны электрондық пошта арқылы қаражаттың аударылғаны туралы құжаттың көшірмесін жіберу жолымен бір уақытта хабардар етеді. Хабарламада ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның атауы, өңір, кәсіпкердің атауы, субсидиялар сомасы және төлем жүргізілген кезең көрсетіледі.

      85. Ислам банкі/исламдық лизингтік компания қаржы агенттігінің хабарламасы негізінде кәсіпкерлердің жобалары бойынша субсидиялау сомаларын қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан есептен шығаруды жүзеге асырады. Ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның шоттағы қаражаттың жалпы ағымдағы қалдықтарын есептен шығаруға құқығы жоқ.

      86. Кәсіпкер ислам банкіне/исламдық лизингтік компанияға қаржыландыру шартына/исламдық лизинг шартына сәйкес өтеу кестесіне сәйкес тауардың үстеме бағасының/ ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның табысын құрайтын жалгерлік төлемнің бір бөлігінің субсидияланбайтын бөлігінде тауардың үстеме бағасын/ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның табысын құрайтын жалгерлік төлемнің бір бөлігін төлеуді жүргізеді.

      87. Кәсіпкердің қаржыландыру бойынша төлемді толық төлеуді жүргізу фактісі бойынша ислам банкі/исламдық лизингтік компания кәсіпкердің қаржыландыру бойынша тауардың үстеме бағасының/ ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның табысын құрайтын жалгерлік төлемнің бір бөлігінің субсидияланатын бөлігін (негізгі борыш/жалгерлік төлемнің сомасы және тауардың үстеме бағасын/ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның табысын құрайтын жалгерлік төлемнің бір бөлігінің субсидияланбайтын бөлігі) өтеу шотына қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан ақшаны есептен шығаруды жүзеге асырады.

      Кәсіпкер қаржыландыру бойынша жоспарлы төлемді нақты төлеген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткеннен кейін сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін өтеу үшін қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан субсидия сомасы алынған жағдайда, ислам банкі/исламдық лизингтік компания қаржы агенттігіне 100 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

      Ескерту. 87-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      88. Кәсіпкер берешекті өтегенге дейін ислам банкі/исламдық лизингтік компания тауардың үстеме бағасының/ ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның табысын құрайтын жалгерлік төлемнің бір бөлігінің субсидияланатын бөлігін өтеу үшін қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан ақшаны есептен шығаруды жүргізбейді және:

      1) кәсіпкер ислам банкі/исламдық лизингтік компания алдында қаржыландыру бойынша төлемді, оның ішінде тауардың үстеме бағасының/ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның табысын құрайтын жалгерлік төлемнің субсидияланбайтын бөлігін өтеу бойынша төлемді уақтылы өтемеген;

      2) кәсіпкер ислам банкі/исламдық лизингтік компания алдында төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді 3 (үш) ай ішінде орындамаған;

      3) кәсіпкер ислам банкі/ исламдық лизингтік компания алдында лизингтік төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді 2 (екі) және одан көп рет қатарынан орындамаған жағдайларда, бұл туралы қаржы агенттігін 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

      Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайлар орын алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткеннен кейін хабардар еткен/ хабардар етпеген жағдайда ислам банкі/исламдық лизингтік компания қаржы агенттігіне 100 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

      Ескерту. 88-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      89. Тауарларға үстеме бағаны субсидиялау бойынша ислам банкі ай сайын/жалгерлік төлемнің бір бөлігін субсидиялау бойынша тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне дейін, ал жалгерлік төлемнің бір бөлігін субсидиялау бойынша лизингтік компаниясы тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне дейін қаржы агенттігіне осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялау туралы есеп жібереді.

      90. Қаржы агенттігі ислам банкінен/исламдық лизингтік компаниядан субсидиялау туралы есепті алғаннан кейін тауардың үстеме бағасын/ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның табысын құрайтын жалгерлік төлемнің бір бөлігін және ислам банкіне/исламдық лизингтік компанияға төленген қаражаттың есептерін тексеруді жүзеге асырады.

      91. Қаржы агенттігі қаржыландыру бойынша ай сайын/жалгерлік төлемді субсидиялау бойынша тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-күніне дейін Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне/уәкілетті органға осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялау туралы есеп жібереді.

      91-1. Қаржы агенттігі ай сайын Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне қаражаттың болжамды сальдосы бойынша есеп жібереді, оның есебінен жаңа жобаларды қаржыландыруға болады. Бұл ретте Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі осы ақпаратты ӨКК-нің назарына жеткізеді.

      Ескерту. 6-тарау 91-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      92. Кәсіпкердің банктік қаржыландыру шартының/исламдық лизинг шарттарының талаптарына, ӨҮК хаттамасына сәйкес қаржы агенттігі ислам банкі/исламдық лизингтік компания тауардың үстеме бағасының/ ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның табысын құрайтын жалгерлік төлемнің бір бөлігінің субсидияланбайтын бөлігін төлеу және/немесе негізгі борышты/жалгерлік төлемнің сомасын өтеу бойынша жеңілдікті кезең берілген/мерзімі кейінге қалдырылған кәсіпкердің қаржыландыруы бойынша тауардың үстеме бағасының/ ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның табысын құрайтын жалгерлік төлемнің бір бөлігінің субсидияланатын бөлігінде субсидияларды аударуды жүзеге асыруға құқылы.

      Бұл ретте, жеңілдікті кезең/ кейінге қалдыру мерзімі ӨҮК шешімінде көрсетілуге тиіс.

      93. Егер ислам банкі/исламдық лизингтік компания қолданыстағы қаржыландыру шартының/исламдық лизинг шартының талаптарын (ислам қаржыландыруында ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның табысты құрайтын тауардың үстеме бағасының жалгерлік төлемнің бір бөлігінің, төлемдерді төлеу бойынша жеңілдікті кезең/мерзімін кейінге қалдыру, өтеу мерзімі, кәсіпкердің атауын өзгерту/борышты аудару) өзгерткен жағдайда, ислам банкі/исламдық лизингтік компания Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне тиісті хабарлама жібереді, ол өз кезегінде 5 (бес) жұмыс күні ішінде толық құжаттар пакетімен қоса қаржыландырудың қолданыстағы талаптарына енгізілетін өзгерістер жөніндегі ақпаратты ӨҮК қарауына шығарады, күн тәртібінің мәселелерін қалыптастырады, ӨҮК отырысы өткізілетін күнін, уақыты мен орнын айқындайды, бұл туралы ӨҮК мүшелерінің бәрін хабардар етеді. Талқылау нәтижелері бойынша ӨҮК қаржыландырудың қолданыстағы шарттарына өзгерістер енгізудің мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды, ол ӨҮК отырысы өткізілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде хаттамамен (осы Қағидаларға 4-қосымша) ресімделеді. Бұл ретте қаржыландыру шарттарында болған өзгерістер хаттамада анық көрсетілуге тиіс.

      Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ӨҮК мүшелері хаттамаға/ӨҮК хаттамасынан үзінді көшірмеге қол қойылғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде хаттаманың көшірмесін/ӨҮК хаттамасынан үзінді көшірмені ислам банкіне/исламдық лизингтік компанияға, қаржы агенттігіне және Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне жібереді.

      Қолданыстағы қаржыландыру шартының/исламдық лизинг шартының талаптарындағы өзге өзгерістер туралы ислам банкі/исламдық лизингтік компания Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін тиісті хатпен хабардар етеді, ол өз кезегінде 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қаржыландырудың қолданыстағы талаптарына енгізілетін өзгерістер бойынша шешім қабылдайды және хатпен қаржыландыру талаптарына енгізілген өзгерістерді келіседі немесе келісуден бас тартады (бұл ретте хаттың көшірмесінде қаржы агенттігін және Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісін көрсетеді).

      Бұл ретте қаржыландыру шарттарында болған өзгерістер (келісуден бас тарту) келісу хатында анық көрсетілуге тиіс.

      94. Кәсіпкер қайтыс болған жағдайда, ислам банкі/исламдық лизингтік компания кәсіпкердің қайтыс болғаны туралы мәліметтерді (ақпаратты) алғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне тиісті хабарлама жібереді, ол мұрагер(лер)дің мұрагерлік құқығы басталған кезге дейін субсидиялауды уақытша тоқтату туралы ақпаратты ӨҮК қарауына шығарады. Мұрагер(лер)дің мұрагерлік құқығы басталған жағдайда, субсидиялауды қайта бастау мәселесі қайтадан ӨҮК қарауына шығарылады.

      95. Бағдарлама шеңберінде субсидиялауға бөлінген және ағымдағы қаржы жылында Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері/Бағдарламаның жергілікті үйлестірушілері/қаржы агенттігі пайдаланбаған қаражатты кезекті қаржы жылында жобаларға, оның ішінде кезекті қаржы жылында мақұлданған жобаларға субсидия беруге пайдалануға болады.

7. Субсидиялауды тоқтата тұру, тоқтату және қайта бастау тәртібі

      96. Субсидиялауды тоқтату және қайта бастау туралы шешімді қаржы агенттігінің өтінімдері (хабарламалары) негізінде ӨҮК қабылдайды.

      97. Мынадай:

      1) субсидиялау жүзеге асырылатын жаңа қаржыландыруды мақсатсыз пайдалану;

      2) кәсіпкердің субсидиялау жүзеге асырылатын исламдық лизинг шарты бойынша лизинг (жалдау) нысанасын алмауы;

      3) жобаның және/немесе кәсіпкердің Бағдарламаның талаптарына және/немесе ӨҮК шешіміне сәйкес келмеуі;

      4) кәсіпкердің қаржыландыру шартына төлемдер кестесіне сәйкес ислам банкі алдындағы төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді 3 (үш) ай бойы орындамауы;

      5) кәсіпкердің төлемдер кестесіне сәйкес ислам банкі/исламдық лизингтік компания алдындағы лизингтік (жалгерлік) төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді 2 (екі) және одан көп рет қатарынан орындамауы;

      6) кәсіпкердің шоттарына тыйым салынуы;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, борышкерден лизинг (жалдау) нысанасын кері талап етуі фактілері белгіленген жағдайда қаржы агенттігі кәсіпкерді субсидиялауды тоқтата тұрады.

      98. Субсидияларды төлеу тоқтатыла тұрған жағдайда, қаржы агенттігі осындай шешім қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ислам банкін/исламдық лизингтік компанияны, кәсіпкерді, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін және Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісін субсидиялаудың тоқтатыла тұру себептерін көрсете отырып, хатпен хабардар етеді.

      99. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі қаржы агенттігінен кәсіпкерді субсидиялауды тоқтата тұру туралы хатты алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде күн тәртібін әзірлейді және қалыптастырады, ӨҮК отырысы өткізілетін күнін, уақытын және орнын айқындайды, бұл туралы барлық мүшелерді хабардар етеді.

      100. ӨҮК өткізілетін отырыс шеңберінде мынадай іс-қимылдарды жүзеге асырады:

      1) қаржы агенттігі ұсынған ақпаратпен күн тәртібіне енгізілген мәселені қарайды;

      2) субсидиялауды тоқтату немесе қайта бастау туралы шешім қабылдайды.

      Бұл ретте, шешімде субсидиялауды тоқтатудың/қайта бастаудың негіздемесі көрсетіледі.

      Субсидиялауды тоқтатуды немесе қайта бастауды қаржы агенттігі субсидиялауды тоқтата тұрған күннен бастап жүзеге асырады.

      Ескерту. 100-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      101. Кәсіпкер субсидиялауды тоқтата тұруға негіз болған себептерді ӨҮК отырысына дейін жойған жағдайда, ӨҮК субсидиялауды қалпына келтіру туралы оң шешім қабылдайды.

      102. ӨҮК отырысының хаттамасы ӨҮК отырысы өткізілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ресімделеді. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ӨҮК хаттамасы ресімделгеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде хаттаманың көшірмесін ислам банкіне/исламдық лизингтік компанияға, қаржы агенттігіне және Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне жібереді.

      103. Субсидиялауды тоқтата тұрудың себептері мынадай болса, қаржыландыру бойынша субсидиялауды қайта бастауға жол беріледі:

      1) жобаның және/немесе кәсіпкердің Бағдарламаның шарттарына және/немесе ӨҮК шешіміне сәйкес келмеуі;

      2) кәсіпкердің шоттарына тыйым салынуы;

      3) кәсіпкердің қаржыландыру шартына төлемдер кестесіне сәйкес ислам банкі алдындағы төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді 3 (үш) ай бойы орындамауы;

      4) кәсіпкердің төлемдерді өтеу кестесіне сәйкес ислам банкі/исламдық лизингтік компания алдындағы лизингтік (жалгерлік) төлемдер төлеу жөніндегі міндеттемелерді 2 (екі) және одан көп рет қатарынан орындамауы;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, борышкерден лизинг (жалдау) нысанасын кері талап ету.

      104. Кәсіпкер субсидиялау жүзеге асырылатын жаңа қаржыландыруды нысаналы мақсатына сай пайдаланбаған кезде қаржыландыру бойынша субсидиялауды қайта бастауға тыйым салынады.

      105. Кәсіпкерді субсидиялауды қайта бастау туралы шешім қабылданған кезде қаржы агенттігі тиісті хатпен ислам банкін/исламдық лизингтік компанияны және кәсіпкерді субсидиялау төлемдерін қайта бастау туралы хабардар етеді. Осы Қағидалардың 97-тармағының 4) немесе 5) тармақшаларында көрсетілген себептер бойынша субсидиялауды тоқтата тұрған кезде кәсіпкердің мерзімін өткізіп алу күнінен бастап төленуге тиіс субсидияларды төлеуді жүргізеді.

      106. Кәсіпкерді субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылданған кезде қаржы агенттігі тиісті хатпен кәсіпкерге, ислам банкіне/исламдық лизингтік компанияға субсидиялау шартын біржақты бұзу туралы хабарлама жібереді, онда субсидиялау шартын бұзу күні мен бұзу себебін көрсетеді.

      Осы Қағидалардың 94-тармағын қоспағанда, кәсіпкерлерді субсидиялауды тоқтату туралы ӨҮК шешімі бар қаржыландыру қайта басталмайды.

      107. Мынадай:

      1) кәсіпкер ислам банкі/исламдық лизингтік компания алдындағы қаржыландыру шарты/исламдық лизингтік шарт бойынша қаржыландыруды толық өтеген. Кәсіпкердің ислам банкіне/исламдық лизингтік компанияға қаржыландыруды толық өтеген күні субсидиялау тоқтатылған күн болып саналады;

      2) субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылданған;

      3) субсидиялау шарты кәсіпкердің бастамасы бойынша бұзылған жағдайларда, субсидияларды төлеу тоқтатылады, ал субсидиялау шарты бұзылды деп танылады.

      108. Субсидиялау тоқтатылған жағдайда ислам банкі/исламдық лизингтік компания кәсіпкерге субсидиялау шарты жасалғанға дейін бұрын қолданылған қаржыландыру талаптарын (оның ішінде, тауардың үстеме бағасын ислам банкінің/ исламдық лизингтік компанияның табысын құрайтын жалгерлік төлемнің бір бөлігін, комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді және басқа да шарттарды) белгілеуге құқылы.

      109. Кәсіпкер қаржыландыру бойынша негізгі өзіндік құн сомасын/жалгерлік төлем сомасын мерзімінен бұрын ішінара/толық өтеген жағдайда ислам банкі/исламдық лизингтік компания қаржыландыру бойынша негізгі өзіндік құн сомасын/жалгерлік төлем сомасын мерзімінен бұрын ішінара/толық өтегені туралы қаржы агенттігін 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

      Кәсіпкер негізгі борышты мерзімінен бұрын ішінара/толық төлеген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кейін хабарландырған/хабарландырмаған жағдайда ислам банкі/исламдық лизингтік компания қаржы агенттігіне 100 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

      Сонымен бірге кәсіпкер қаржыландыру бойынша негізгі өзіндік құны сомасын/жалгерлік төлем сомасын ішінара мерзімінен бұрын өтеген жағдайда ислам банкі/исламдық лизингтік компания қаржыландыру шартына/исламдық лизингтік шартқа қосымша келісім жасай отырып, қаржы агенттігіне төлемдерді өтеу кестесін өзгертіп субсидиялау шартына тиісті қосымша келісіммен қоса, қаржыландыру шартына/исламдық лизингтік шартқа қосымша келісімнің көшірмесін жолдайды.

      Ескерту. 109-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      110. Кәсіпкерді қаржыландыру бойынша тауардың үстеме бағасының бір бөлігін/ислам банкінің/исламдық лизингтік компаниялардың табысын құрайтын жалгерлік төлемнің бір бөлігін субсидиялау тоқтатылған, кәсіпкерді қаржыландыру бойынша негізгі өзіндік құн сомасы/жалгерлік төлем сомасы мерзімінен бұрын ішінара/толық өтелген жағдайда, ислам банкі/исламдық лизингтік компания өзара есеп айырысуды салыстыру актісін қаржы агенттігіне 7 (жеті) жұмыс күні ішінде ұсынады.

      Бұл ретте, ислам банкі/исламдық лизингтік компания салыстыру актісінде субсидиялардың нақты есептен шығарылған сомалары мен күндерін көрсетеді, ал қаржы агенттігі субсидиялардың аударылған сомалары мен күндерін көрсетеді.

      111. Нысаналы мақсатына сай пайдаланылмағаны анықталған кәсіпкерді қаржыландыру бойынша ислам банкі/исламдық лизингтік компания құжаттарды қаржы агенттігіне беріп, қаржыландыруды мақсатсыз пайдалану фактісін растайтын құжаттарды қоса ұсынады.

8. Бағдарламаның мониторингі

      Ескерту. Қағидалар 8-тараумен толықтырылды - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      112. Бағдарламаның іске асырылу мониторингін қаржы агенттігі жүзеге асырады, оның функцияларына:

      1) ислам банкі/исламдық лизингтік компания ұсынатын деректер мен құжаттар негізінде субсидиялау шарты жасалған кәсіпкердің жаңа қаржыландыруды нысаналы пайдалануын мониторингтеу;

      2) ислам банкі/исламдық лизингтік компания ұсынатын деректер негізінде кәсіпкердің төлем тәртібін мониторингтеу;

      3) жобаның және/немесе кәсіпкердің Бағдарлама шарттарына және/немесе ӨҮК шешіміне сәйкестігін мониторингтеу;

      4) исламдық лизинг шарты бойынша жобаны іске асыруды (лизинг (жалдау нысанасын пайдалану) мониторингтеу жатады.

      113. Мониторинг функциясын жүзеге асыру үшін қаржы агенттігі кәсіпкерден және ислам банкінен/исламдық лизингтік компаниядан барлық қажетті, оның ішінде коммерциялық және банктік құпияны құрайтын құжаттар мен ақпаратты сұратуға, кәсіпорын орналасқан жерге бару арқылы жобаның іске асырылу мониторингін жүзеге асыруға құқылы.

      114. Қаржы агенттігі жасаған мониторингтік есепті ислам банкі/исламдық лизингтік компания, кәсіпкер мониторингтік есепті алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде келіседі және қол қояды.

      115. Мониторинг тәртібі мен мерзімін, сондай-ақ есептілік нысанын қаржы агенттігі белгілейді.

  "Бизнестің жол картасы – 2020"
бизнесті қолдау мен дамытудың
бірыңғай бағдарламасының
шеңберінде жеке кәсіпкерлік
субъектілерін ислам банктері
қаржыландырған кезде ислам
банктерінің табысын құрайтын
тауарларға үстеме бағаның бір
бөлігін және жалгерлік
төлемнің бір бөлігін субсидиялау
қағидаларына
1-қосымша

      "___" акционерлік қоғамына

      _______________

ӨТІНІШ

      Мына:


"Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің жаңа бизнес-бастамаларын қолдау" бірінші бағыты


"Экономиканың басым секторларында және өңдеуші өнеркәсіп салаларында қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлерді салалық қолдау" екінші бағыты


"Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету" үшінші бағыты


      шеңберінде (қажетті бағытты "қанат" белгісімен көрсетіңіз) "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама) қатысу мақсатында және _________________ жөніндегі ______________ жылғы ______________

      № _________ шарттың негізінде берілген қаржыландыру бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау түрінде мынадай шарттармен мемлекеттік қолдау алу мақсатында:

Қаржыландырудың нысаналы мақсаты


Қаржыландыру сомасы


Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру операциялары бойынша тауардың үстеме бағасы/ислам банкінің/исламдық лизингтік компаниялардың табысын құрайтын жалгерлік төлемнің бір бөлігі


Қаржыландыру валютасы


Қаржыландыру мерзімі



      Субсидиялау мақұлданған жағдайда қаржыландыру бойынша номиналдық (кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру операциялары бойынша тауардың үстеме бағасын/ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның табысын құрайтын жалгерлік төлемнің бір бөлігін) Бағдарламаға қатысуға мүмкіндік беретін деңгейге дейін төмендету мүмкіндігін қарауды сұраймын.

      __________________ (Т.А.Ә.)

      (қолы) Күні М.О.

  "Бизнестің жол картасы – 2020"
бизнесті қолдау мен дамытудың
бірыңғай бағдарламасының
шеңберінде жеке кәсіпкерлік
субъектілерін ислам банктері
қаржыландырған кезде ислам
банктерінің табысын құрайтын
тауарларға үстеме бағаның бір
бөлігін және жалгерлік
төлемнің бір бөлігін субсидиялау
қағидаларына
2-қосымша

      Кімге: __________________________ әкімдігі

      Кімнен: ___________(бұдан әрі – ЖКС)_____

№ __________ ӨТІНІШ-САУАЛНАМА

      "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының "_______________" бағытының шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерін ислам банктері қаржыландырған кезде ислам банктерінің табысын құрайтын тауарларға үстеме бағаның бір бөлігін және жалгерлік төлемінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларына (бұдан әрі – Исламдық қаржыландыру қағидалары) сәйкес төменде жазылғандарға сай "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде қаржыландыру бойынша кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру операциялары бойынша тауардың үстеме бағасын/ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның табысын құрайтын жалгерлік төлемінің бір бөлігін субсидиялау туралы мәселені __________________ Өңірлік үйлестіру кеңесінің қарауына ұсынуға бастама көтеруді сұраймын:

1. Бағдарламаның бағыттары (бағытты "қанат" белгісімен көрсетіңіз)


"Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің жаңа бизнес-бастамаларын қолдау" бірінші бағыты


"Экономиканың басым секторларында және өңдеуші өнеркәсіп салаларында қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлерді салалық қолдау" екінші бағыты


"Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету" үшінші бағыты

2. Қатысушы туралы мәліметтер

      Ескерту. 2-тарауға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

ЖКС-нің атауы


Құрылтайшы(лар) туралы деректер


Заңды мекенжайы


Іс жүзіндегі мекенжайы


Пошталық мекенжайы


Мемлекеттік тіркелген/қайта тіркелген күні


Мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлігінің №


Қызметінің түрлері


Жетекшілік ететін мекеме, холдинг немесе бас компания


Жұмыс тәжірибесі


3. Басшылық

      Бірінші басшы

Т.А.Ә.


Лауазымы


Жұмыс/үй тел.


Туған жері және жылы


Жеке куәлігінің №, сериясы


Тұрғылықты жері (іс жүзіндегі)


Тіркелген жері


Жұмыс тәжірибесі



      Бас бухгалтер

Т.А.Ә.


Жұмыс/үй тел.


Туған жылы және жері


Жеке куәлігінің №, сериясы


Тұрғылықты жері (іс жүзіндегі)


Тіркелген жері


Жұмыс тәжірибесі



      Байланыс жасайтын тұлға

(Т.А.Ә., лауазымы, телефоны)


4. Меншік иелері

      (құрылтайшы, қатысушылар, акционерлік қоғам үшін – акцияларының 5 % және одан көп пайызына иелік ететін акционерлер)

Атауы/Т.А.Ә.

%

Деректемелері



















5. Ағымдағы қызмет туралы ақпарат

Саласы (ЭҚЖЖ-не сай)


Ішкі саласы (ЭҚЖЖ-не сай)


Өнімдер мен көрсетілетін қызметтерінің түрлері


Жылдық айналымы


Соңғы есептік күндегі пайда немесе залал


Қызметкерлердің нақты саны

________________, оның ішінде

әйелдердің саны – _______________

Жобаның атауы (қысқаша сипаты)


Жобаның іске асырылатын жері (облыс, қала)


Жұмыс орындарының саны


6. Банктік шоттары туралы ақпарат

      Банктік деректемелер (барлық қызмет көрсетуші банктердегі барлық ағымдағы және жинақ шоттарды көрсетіңіз):

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

7. Кредиттік тарих/қаржыландыру тарихы

      ЖКС-нің жұмыс істеу барысында пайдаланылған, қазіргі уақытта өтелген, сол сияқты өтелмеген барлық банктік несиелері/лизингтік мәмілелері көрсетіледі.

Кредитор/лизинг беруші

Сомасы

Берілген күні

Сыйақыны/банктің пайдасын өтеу шарттары

Негізгі борышты/қаржыландыруды өтеу талаптары

Банк қарызы шарты/қаржыландыру шарты бойынша өтеу мерзімі

Іс жүзінде өтелген күні

1.







2.







8. Қолданыстағы кредиттер/қаржыландырулар туралы ақпарат

      Күні және валюта бағамы: ___/___.

Банк/Лизингтік компания

Банк қарызы шартының/қаржыландыру шарты

ның деректемелері (№, күні)

Сыйақы мөлшерлемесі/банктің пайдасы

Кредит қаржыландыру валютасы

Кредит/қаржыландыру сомасы

Көрсетілген күнге негізгі борыш бойынша берешектің қалдығы

Кредит/қаржыландыру мерзімінің аяқталу күні

Кредиттің/қаржыландырудың мақсаты (қысқаша сипаты)

1









2


















9. ЖКС-нің басқа мемлекеттік бағдарламаларға қатысуы және оған қатысты қолданылатын мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат

Р/с №

Мемлекеттік бағдарламаның/мемлекеттік қолдау шарасының атауы

Мемлекеттік даму институтының атауы

Қосымша ақпарат

1




2








10. Кепілдіктер және келісімдер

      ЖКС Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне төмендегіні мәлімдейді және оған кепілдік береді:

      1. Осы өтінішпен бірге не Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің сұратуы бойынша Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне берілетін (берілген) немесе табысталатын барлық деректер, ақпарат және құжаттама дұрыс әрі төменде көрсетілген күнгі шындыққа толық сәйкес келеді, көрсетілген деректер өзгерген жағдайда, Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне дереу хабарлауға міндеттенемін.

      2. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің алғаш талап етуі бойынша осы өтінішті қарастыру шеңберінде талап етілген банктік және коммерциялық құпиясы бар кез келген ақпарат пен құжаттарды беруге және жария етуге міндеттенемін.

      3. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі көрсетілген растаулар мен кепілдіктердің шынайылығын тексеруге міндетті емес.

      4. Жалған, толық емес және/немесе шынайы емес мәліметтерді бергені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілік жөнінде ЖКС-ға ескертілді.

      5. ЖКС өзінің жарғылық құзыретінің осы өтінішке қол қоятын тұлғаға осы өтінішті беруге мүмкіндік беретінін растайды.

      6. Көрсетілген деректер мен ақпараттың дұрыс емес екені анықталған жағдайда, көрсетілген деректердің дұрыс емес екенін растайтын мәліметтер анықталған уақытта осы өтініштің кез келген кезеңде кері қайтарылуы мүмкіндігімен келісемін, бұл ретте Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі өтінішті кері қайтару себептерін хабарламауға құқылы.

      Осы өтініш арқылы ЖКС Бағдарламаның Жергілікті үйлестірушісіне/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне төмендегілермен келісетінін растайды:

      1. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі тексеру және қарастыру мақсатында осы өтініште көрсетілген мәліметтерді, ақпаратты және ЖКС берген құжаттарды мүдделі үшінші тұлғаларға беруге құқылы.

      2. Осы өтініште қамтылған барлық мәліметтер, сондай-ақ Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі талап еткен барлық құжаттар Бағдарлама шеңберінде субсидиялау үшін ғана беріледі.

      3. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ЖКС өзі туралы хабарлайтын кез келген ақпаратты тексеру құқығын өзіне қалдырады, ал ЖКС берген құжаттар және өтініштің түпнұсқасы субсидиялау берілмеген жағдайдың өзінде де Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінде/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінде сақталады.

      4. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің осы өтінішті қарауға қабылдауы, сондай-ақ ЖКС-нің ықтимал шығыстары (субсидиялауды алуға қажетті құжаттарды ресімдеуге және т.с.с. жұмсалған шығыстары) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің субсидиялауды беру немесе ЖКС шеккен шығындарын өтеу міндеттемесі болып табылмайды.

      5. Субсидиялау туралы мәселені қарау тәртібімен танысқанымды және онымен келісетінімді растаймын, болашақта Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне талап қоймаймын.

      ____________________________________________________________________

11. Қосымшалар

      (________ бағыты бойынша көзделген құжаттар)

      __________________________________________________________

      ___________________ (Т.А.Ә.)

      (қолы) Күні

  "Бизнестің жол картасы – 2020"
бизнесті қолдау мен дамытудың
бірыңғай бағдарламасының
шеңберінде жеке кәсіпкерлік
субъектілерін ислам банктері
қаржыландырған кезде ислам
банктерінің табысын құрайтын
тауарларға үстеме бағаның бір
бөлігін және жалгерлік
төлемнің бір бөлігін субсидиялау
қағидаларына
3-қосымша

(Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі толтырады)

      _____________ бойынша Өңірлік үйлестіру кеңесінің қарауына арналған

      ЖКС ЖОБАЛАРЫНЫҢ ТІЗІМІ

Р/с

ЖКС атауы

Жобаның атауы (сипаты)

Заңды мекенжайы

Жобаны іске асыру жері

Өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің түрлері

1

2

3

4

5

6








Жиыны:





Жобаны іске асыру кезеңі

Бағдарлама бойынша бағыт

ЭҚЖЖ/ИИДМБ коды

ЭҚЖЖ/ИИДМБ секторының атауы

Қаржыландыру сомасы, теңге


7

8

9

10

11








Жұмыс орындарының саны

Басқа мемлекеттік бағдарламаларға қатысуы

БӨҮ-ге өтініш берілген күн


факт

жоспар

МДИ атауы

МБ/МҚШ атауы


12

13

14

15

16








Өндірілген өнімдердің жалпы көлеміндегі өнімдер экспортының көлемі

Ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның атауы


Өткен жылдағы айналымдардың жалпы сомасы

Өткен жылы экспорттық шарттар бойынша жөнелтілген тауардың сомасы

%


17

18

19

20







      Қосымшалар: (ЖКС-нің Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне берген өтініші және құжаттар пакеті)

      1).

      2).

      …

Қысқартулар және анықтамалар

ЖКС

Жеке кәсіпкерлік субъектісі

ЭҚЖЖ

Бағдарламаның 1-қосымшасына сай

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 683-од бұйрығымен бекітілген экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (бұдан әрі – ЭҚЖЖ) сәйкес экономиканың басым секторлары

ИИДМБ

Бағдарламаның 2-қосымшасына сай ИИДМБ-да айқындалған өңдеу өнеркәсібінің басым салалары

МДИ

Мемлекеттік даму институттары

МБ

Мемлекеттік бағдарлама

МҚШ

Мемлекеттік қолдау шаралары

БӨҮ

Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі


      Лауазымды адам __________________ Т.А.Ә.

      қолы, мөр

      Жауапты қызметкер _______________ Т.А.Ә.

      қолы

  "Бизнестің жол картасы – 2020"
бизнесті қолдау мен дамытудың
бірыңғай бағдарламасының
шеңберінде жеке кәсіпкерлік
субъектілерін ислам банктері
қаржыландырған кезде ислам
банктерінің табысын құрайтын
тауарларға үстеме бағаның бір
бөлігін және жалгерлік
төлемнің бір бөлігін субсидиялау
қағидаларына
4-қосымша

________________________ бойынша
Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысының
№ ______ ХАТТАМАСЫ

Өткізілген жері


Өткізілген күні


Кеңес төрағасы


Қатысқан кеңес мүшелері


Қатыспаған кеңес мүшелері


Шақырылғандар


Кеңес хатшысы



      Күн тәртібі

Мәселелердің атаулары

1


2



      Кеңес қарады:

1-мәселенің атауы

1





      Кеңес төмендегідей шешім қабылдады:

      1. Мынаған:

      "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының өлшемшарттарына сәйкес келетініне;

      "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының басым салаларына сәйкес келетініне;

      мемлекеттік даму институттары арқылы басқа қолдау шараларының қолданылмағанына байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері жобаларының төменде келтірілген тізімі бойынша субсидиялау нысанында мемлекеттік қолдау нысандарын қолдану мүмкіндігі мақұлдансын:

Р/с

Атауы

ЖКС

жоба

сала

ислам банкі/ исламдық лизингтік компания

1

2

3

4

5







Банк қарызының шарты/қаржыландыру шарты

Қаржыландыру сомасы

Қаржыландыру валютасы

Қаржыландыру мерзімі

Нысаналы мақсаты

Жобаның атауы (сипаты)

Р/с

күні

6

7

8

9

10

11

12









Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру операциялары бойынша тауардың үстеме бағасы/ислам банктерінің/исламдық лизингтік компаниялардың табысын құрайтын жалгерлік төлемнің бір бөлігі

Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру операциялары бойынша тауардың үстеме бағасының/ислам банктерінің/исламдық лизингтік компаниялардың табысын құрайтын жалгерлік төлемнің бір бөлігінің субсидияланатын бөлігі

Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру операциялары бойынша тауардың үстеме бағасының/ислам банктерінің/исламдық лизингтік компаниялардың табысын құрайтын жалгерлік төлемнің бір бөлігінің субсидияланбайтын бөлігі

13

14

15





Субсидиялау мерзімі

Ескертпе

16

17



      2. Мақұлданған жобалардың тізімі субсидиялау шарттарын жасасу үшін "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамына және көрсетілген ислам банктеріне/исламдық лизингтік компанияларға жіберілсін.

      3. Мынаған:

      "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының өлшемшарттарына сәйкес келмейтініне;

      "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының басым салаларына сәйкес келмейтініне;

      мемлекеттік даму институттары арқылы басқа қолдау шараларының қолданылғанына байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері жобаларының төменде келтірілген тізімі бойынша субсидиялау нысанында мемлекеттік қолдау нысандарын қолдануды мақұлдаудан бас тартылсын:

Атауы

Бас тарту себептері

ЖКС

жоба

сала

ислам банкі/исламдық лизингтік компания








      Кеңес мүшелерінің қолдары

Кеңес мүшесінің Т.А.Ә. және мәртебесі

"ҚОЛДАДЫ"

"ҚАРСЫ БОЛДЫ"

ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР

1

Кеңес төрағасы




2

Кеңес төрағасының орынбасары




3

Кеңес мүшесі




4

Кеңес мүшесі




5

Кеңес мүшесі





      Кеңес қарады

2-мәселенің атауы




      Кеңес төмендегідей шешім қабылдады:

      1.

      2.

      3.

      …

      Кеңес мүшелерінің қолдары

Кеңес мүшесінің Т.А.Ә. және мәртебесі

"ҚОЛДАДЫ"

"ҚАРСЫ БОЛДЫ"

ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР

1

Кеңес төрағасы




2

Кеңес төрағасының орынбасары




3

Кеңес мүшесі




4

Кеңес мүшесі




5

Кеңес мүшесі









      Кеңес хатшысы _________________ Т.А.Ә.

      Кеңес мүшесі қарсы дауыс берген жағдайда, "түсініктемелер" бағанында қабылданған шешімнің себебі көрсетілуге тиіс

  "Бизнестің жол картасы 2020"
Бизнесті қолдау мен дамытудың
бірыңғай бағдарламасының
шеңберінде жеке кәсіпкерлік
субъектілерін ислам банктері
қаржыландырған кезде ислам
банктерінің табысын құрайтын
тауарларға үстеме бағаның бір
бөлігін және жалгерлік төлемнің
бір бөлігін субсидиялау
қағидаларына
5-қосымша

      Нысан

______________ бастап ______________ дейінгі
субсидиялау туралы есеп

      Ескерту. Субсидиялау туралы есеп жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Ислам банкі/ исламдық лизингтік компаниясының атауы

ЖКС өтініш беру орны

ЖКС атауы

IBAN коды*

БСН

Қаржыландыру келісімшарты (транш) нөмірі

1

2

3

4

5

6







     

Қаржыландыру күні (транш)

Қаржыландыру (транш) сомасы

Ислам банкі/ исламдық лизингтік компания кірісін құрайтын, жалға алу төлемінің бөлігін/ кәсіпкерлікті қаржыландыру операциялары бойынша тауарға үстемеақы мөлшерлемесі (транш)

Субсидиялау шартының нөмірі

Субсидиялау шартының күні

7

8

9

10

11






     

Мерзім ішінде қаржылық агенттік аударған субсидиялар сомасы

Мерзім

ішінде алынған субсидиялар сомасы

Қаржыландыру бойынша мерзімінен асып кеткен төлем күндерінің саны

Мақсатты пайдалануды нақтылау

12

13

14

15

     

      Лауазымды тұлға______________Т.А.Ә.(әкесінің аты болған жағдайда)

      М.О. (қолы)

      Жауапты қызметкер____________Т.А.Ә.(әкесінің аты болған жағдайда)

      (қолы)

      Ескерту:

      * - ислам банкі/исламдық лизингтік компанияның есептік жүйесі шығаратын субсидиялау келісімшартының дара сәйкестендіру коды.

  "Бизнестің жол картасы – 2020"
бизнесті қолдау мен дамытудың
бірыңғай бағдарламасының
шеңберінде жеке кәсіпкерлік
субъектілерін ислам банктері
қаржыландырған кезде ислам
банктерінің табысын құрайтын
тауарларға үстеме бағаның бір
бөлігін және жалгерлік
төлемнің бір бөлігін субсидиялау
қағидаларына
6-қосымша

Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне/уәкілетті органға берілетін ____________ жыл ____________ жыл аралығыдағы кезеңдегі субсидиялау туралы есеп

Ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның атауы

ЖКС өтініш берген жер

ЖКС атауы

Қаржылан

дыру шартының (транштың) нөмірі

Қаржыландыру шартының (транштың) күні

Қаржылан

дырудың (транштың) сомасы

1

2

3

4

5

6








Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру операциялары бойынша тауардың үстеме бағасының/ислам банктерінің/исламдық лизингтік компанияның табысын құрайтын жалгерлік төлемнің бір бөлігінің (транштың) мөлшерлемесі

Субсидиялау шартының нөмірі

Субсидиялау шартының күні

Кезең ішінде қаржы агенттігі аударған субсидиялардың сомасы

Кезең ішінде есептен шығарылған субсидиялардың сомасы

7

8

9

10

11