Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 18-03/1111 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 21 қаңтарда № 12902 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі                  А. Мамытбеков

Қазақстан Республикасы     
Ауыл шаруашылығы министрінің  
2015 жылғы 24 желтоқсандағы   
№ 18-03/1111 бұйрығымен     
бекітілген           

Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі бұйрықтарының тізбесі

      1. «Аңшы, балықшы және қорықшы куәліктерінің нысанын және оны беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 29 сәуірдегі № 301 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6261 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2011 жылғы 2 сәуірдегі № 124-127 (26529) сандарында жарияланған):
      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы
1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аңшы, балықшы және қорықшы куәлігін беру ережесінде:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Аңшы, балықшы және қорықшы куәлiгiн беру ережесі (бұдан әрi – Ереже) «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес әзiрленді және аңшы, балықшы және қорықшы куәлiктерін беру тәртібін айқындайды.»;
      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «18. Белгіленген нысан бойынша берілген аңшы куәліктері туралы есептілік «Аңшы куәлiктерін беру жөніндегі есептіліктің нысанын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі № 18-03/404 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11735 болып тіркелген) сәйкес беріледі.»;
      жоғарыда көрсетілген Ережеге 1 және 2-қосымшалар осы Тізбеге 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. «Қазақстан Республикасы аумағында шаруашылықаралық аңшылық ісін ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 ақпандағы № 25-03-01/63 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7472 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 26 мамырдағы № 269-273 (27347) сандарында жарияланған):
      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы
1-тармағының 35) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы аумағында шаруашылықаралық аңшылық ісін ұйымдастыру қағидасында:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Қазақстан Республикасы аумағында шаруашылықаралық аңшылық ісін ұйымдастыру қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы
9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының
35) тармақшасына сәйкес әзірленді және аңшылық алқаптарды бекітіп бергенге дейін жүргізілетін аңшылық шаруашылығының шекаралары мен санаттарын, алаңын есептеуді, жануарлар дүниесі мен ол мекендейтін ортаның жай-күйін айқындау тәртібін анықтайды.».
      3. «Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар түрлерін есепке алуды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 25-03-01/82 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7492 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 26 мамырдағы № 269-273 (27347) сандарында жарияланған):
      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы
1-тармағының 37) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар түрлерін есепке алуды жүргізу жөніндегі нұсқаулықта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар түрлерін есепке алуды жүргізу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы
1-тармағының 37) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағындағы жануарлар түрлерін есепке алуды жүргізу тәртібін егжей-тегжейлі түсіндіреді.».
      4. «Қорықшылардың омырауға тағатын белгісінің нысаны мен айырым белгілері бар нысанды киімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 26 наурыздағы № 25-03-02/121 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7582 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 26 мамырдағы № 269-273 (27347) санында жарияланған):
      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы
1-тармағының 34) тармақшасына БҰЙЫРАМЫН:».
      5. «Қазақстан Республикасының аумағында шаруашылықішілік аңшылықты ұйымдастыру жөніндегі қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 16 шілдедегі
№ 17-03/362 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7851 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 21 қарашадағы № 763-767 (27839) сандарында жарияланған):
      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы
1-тармағының 36) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында шаруашылықішілік аңшылықты ұйымдастыру жөніндегі қағидада:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында шаруашылықішілік аңшылықты ұйымдастыру жөніндегі қағида (бұдан әрі – Қағида) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 36) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында шаруашылықішілік аңшылықты ұйымдастыру тәртібін айқындайды.»;
      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «25. Жобаланып отырған кезеңге арналған жануарлар санының есептемесі мен болжамы «Аңшылық шаруашылығын жүргiзу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 18-2/501 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11551 болып тіркелген), және «Қазақстан Республикасы аумағында жануарлар түрлерін есепке алуды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 25-03-01/82 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7492 болып тіркелген).».
      6. «Уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігі қозғалысының ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 16 қазандағы № 313-ө бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8918 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2014 жылғы 15 ақпандағы № 32 (28256) сандарында жарияланған):
      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы
1-тармағының 21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігі қозғалысының ережесінде:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Ереже «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 21) тармақшасына сәйкес әзірленді және уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігі қозғалысының тәртібін айқындайды (бұдан әрі – Ереже).»;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Уылдырық шашу кезеңінде кемелерді пайдалануға келесі шектеулер қойылады:
      1) кемелердің ескіш бұрандасының айналу жылдамдығы 1000 айналым/минуттан аспауы керек;
      2) жеке меншік құқығындағы жеке тұлғалар үшін аспалы моторлардың қуаттылығы 20 ат күшінен (бұдан әрі – а.к.) аспауы қажет, бекітілген балық шаруашылық су айдындарын және (немесе) учаскелерін қорғауды жүзеге асыратын балық шаруашылығы субъектілерінің қорықшылық қызметі үшін - 40 а.к. көп емес, ал стационарлық қозғалтқыштың қуаттылығы 100 а.к. көп емес, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру үшін - аспалы моторлар 55 а.к. көп емес, стационарлық моторлар 150 а.к. көп емес, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар (жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган), ішкі істер департаменттерінің табиғат қорғау полициясы бөлімшелері, транспорттық бақылау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар үшін шектеусіз.».
      7. «Жануарлар дүниесін пайдалануға арналған биологиялық негіздеме дайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 104-Ө бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9307 болып тіркелген, 2014 жылғы 14 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы
1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған биологиялық негiздеме дайындау қағидаларында:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған биологиялық негiздеме дайындау қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес әзірленді және жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған биологиялық негiздеме (бұдан әрi - биологиялық негiздеме) дайындаудың тәртiбiн айқындайды.».

Өзгерістер енгізілетін    
Қазақстан Республикасы    
Ауыл шаруашылығы министрі  
бұйрықтарының тізбесіне    
1-қосымша          

Аңшы, балықшы және қорықшы 
куәлiгiн беру ережесіне   
1-қосымша          

Нысан

Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы

_____________________________________________________________________
       (аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық
         бірлестіктері қауымдастығының филиалы немесе өкілдігі)

Аңшының есептік карточкасы

3 х 4 см
фотосуретке
арналған орын

Тегі ______________________________________________
Аты ________________ Әкесінің аты _________________
Туған күні «__» ______________ ______ жылы
Жеке куәлігі/паспорты _____________________________
ЖСН _______________________________________________
Үйінің мекенжайы, телефоны ________________________
Аңшының өтілі 20__жылы бастап

      № _____ аңшы куәлігі «__»________20 __ жылы берілді.
      Аңшылық минимумы бойынша емтихан тапсырғаны туралы белгі ______
_____________________________________________________________________
        (емтихан алу комиссиясы хаттамасының нөмірі және күні)
      Тұлғаның қолы және мөр ________________________________________

Ерекше белгілер

      1. Аңшылық қарудың бар-жоғы туралы мәліметтер

Түрі

Маркасы

Калибрі

Шығарылған жылы

Зауыттық нөмірі

Басқа да













      2. Аң аулайтын итті, қыран құсты тіркеуге алу

Тұқымы (түрі), түсі, сақина, микрочип нөмірі

Туған жылы

Иттің ветеринариялық тіркеу құжаты, паспорты

Итті аң аулауға жіберу туралы белгі, қыран құсты қолда ұстау мерзімі













      3. Жол берілген жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және
пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын
бұзушылықтар туралы белгілер _____________________
      _______________________________________________________________
      Аңшы куәлігі тіркелді:
      20 ___ жылғы «__» _________ 20 ___ жылғы «____» _______________
      20 ___ жылғы «__» _________ 20 ___ жылғы «____» _______________
      20 ___ жылғы «__» _________ 20 ___ жылғы «____» _______________
      20 ___ жылғы «__» _________ 20 ___ жылғы «____» _______________
      20 ___ жылғы «__» _________ 20 ___ жылғы «____» _______________

Есепке алу және есептен шығару туралы белгі

Есепке алынды

Есептен шығарылды

Тұрақты тұрғылықты жерінің мекенжайы







Өзгерістер енгізілетін    
Қазақстан Республикасы    
Ауыл шаруашылығы министрі  
бұйрықтарының тізбесіне    
2-қосымша          

Аңшы, балықшы және қорықшы 
куәлiгiн беру ережесіне   
2-қосымша          

Нысан

Сырт жағы
Сауалнама

3 х 4 см
фотосуретке
арналған
орын

мөр орны

Тегі ___________________________________________________
Аты ______________Әкесінің аты _________________________
Туған күні ______жылғы «___»____________________________

Азаматтығы __________________________________________________________
Жеке куәлігі/паспорты _______________________________________________
ЖСН _________________________________________________________________
Үйінің мекенжайы, телефоны __________________________________________

_____________________________________________________________________
      (аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық
___________________________________________________________ басшысына
бірлестіктері қауымдастығының филиалының немесе өкілдігінің атауы)
_____________________________________________________________________
(аңшы куәлігін (аңшылық билетін) берген ұйымның атауы және берген
күні)
________________________________ берген № _____________ аңшы куәлігін
      беру/ауыстыру үшін мынадай құжаттар беріледі:
      1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі
(азаматтығы жоқ тұлғалар мен шетелдік азаматтар үшін – аңшылық
шаруашылығы субъектісімен аң аулауды ұйымдастыруға жасалған шарттың
және тұратын елінде берілген олардың аң аулау және жануарлар дүниесін
пайдалануға рұқсат алу құқығын куәландыратын құжаттың көшірмесі);
      2) ____________________________________________________________
      (сауалнамада көрсетілген мекенжайы бойынша өтініш берушінің
тұратынын растайтын құжат)
      3) Mөлшері 3 х 4 сантиметр фотосурет (түрлі түсті) – 3 дана;
      4) Аңшылық минимумы бойынша курсты аяқтағаны туралы
сертификаттың көшірмесі.
      Жеке тұлғаның тегі, қолы _____________/_______________________/
                                тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Күні 20 ___ жылғы «___» __________

      Сауалнаманы қабылдадым ________________________________________
      Өтінішті қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы,
қолы)
      Күні 20__ жылғы «___» __________

      1. Аңшылық минимумы бойынша курсты өткені туралы белгі

Аңшылық минимумы бойынша курсты 20__ жылғы «__» _____ бастап 20 __ жылғы «__» ______ аралығында өтті.
Курсты аяқтағаны туралы құжат 20 __ жылғы «__» __________ берілді.
Курсты өткізген ұйым басшысының қолы ________________________________
                                         (тегі, аты, әкесінің аты)
Мөр орны  Күні  20 __ жылғы «___» ____________

      2. Емтиханға жіберілгені туралы белгі

Емтиханға ___________________________________________________________
                         (жіберілді/жіберілген жоқ)
Емтихан тапсыруға жіберуден бас тарту негіздемесі ___________________
Емтиханға жіберген тұлғаның қолы __________/________________
                                  (тегі, аты, әкесінің аты)
Таныстым, жеке тұлғаның қолы_______________/_________________________
                                  (тегі, аты, әкесінің аты)
Мөр орны Күні 20 __ жылғы «__» _____________

Емтиханды қайтадан тапсыруға ________________________________________
                                    (жіберілді/жіберілген жоқ)
Емтиханды қайтадан тапсыруға жіберуден бас тарту негіздемесі ________
Таныстым, жеке тұлғаның қолы _______________/________________________
                                    (тегі, аты, әкесінің аты)
Мөр орны Күні 20 __ жылғы «__» _____________

      3. Емтихан нәтижелері туралы белгі

Тест тапсырмасының нөмірі ________
Емтихан нәтижелері:
дұрыс жауаптар ___________________
                  (жауаптар саны)
бұрыс жауаптар ___________________
                 (сұрақтар саны)
жіберілген қателіктер ____________
                   (сұрақтар саны)

Емтиханның нәтижесі:
Емтихан __________________________
      (тапсырылды/тапсырылған жоқ)
Емтихан қабылдау комиссиясының хатшысы
__________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, қолы)
Күні 20 __ жылғы «___» ___________
Таныстым, жеке тұлғаның қолы/_________/

Тест тапсырмасының нөмірі ________
Емтихан нәтижелері:
дұрыс жауаптар ___________________
                (жауаптар саны)
бұрыс жауаптар ___________________
                 (сұрақтар саны)
жіберілген қателіктер ____________
                   (сұрақтар саны)

Қайталама емтиханның нәтижесі:
Емтихан __________________________
      (тапсырылды/тапсырылған жоқ)
Емтихан қабылдау комиссиясының хатшысы __________________________________
  (тегі, аты, әкесінің аты, қолы)
Күні 20 __ жылы «___» ____________
Таныстым, жеке тұлғаның қолы/_________/