Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 18-03/1111 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 21 қаңтарда № 12902 болып тіркелді.

Жаңартылған

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Ауыл шаруашылығы министрі

А. Мамытбеков


  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 18-03/1111 бұйрығымен
бекітілген

Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі бұйрықтарының тізбесі

      1. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 02.02.2018 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. "Қазақстан Республикасы аумағында шаруашылықаралық аңшылық ісін ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 ақпандағы № 25-03-01/63 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7472 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2012 жылғы 26 мамырдағы № 269-273 (27347) сандарында жарияланған):

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы

      1-тармағының 35) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы аумағында шаруашылықаралық аңшылық ісін ұйымдастыру қағидасында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қазақстан Республикасы аумағында шаруашылықаралық аңшылық ісін ұйымдастыру қағидасы (бұдан әрі – Қағида) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы

      9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының

      35) тармақшасына сәйкес әзірленді және аңшылық алқаптарды бекітіп бергенге дейін жүргізілетін аңшылық шаруашылығының шекаралары мен санаттарын, алаңын есептеуді, жануарлар дүниесі мен ол мекендейтін ортаның жай-күйін айқындау тәртібін анықтайды.".

      3. "Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар түрлерін есепке алуды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 25-03-01/82 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7492 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2012 жылғы 26 мамырдағы № 269-273 (27347) сандарында жарияланған):

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы

      1-тармағының 37) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар түрлерін есепке алуды жүргізу жөніндегі нұсқаулықта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар түрлерін есепке алуды жүргізу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы

      1-тармағының 37) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағындағы жануарлар түрлерін есепке алуды жүргізу тәртібін егжей-тегжейлі түсіндіреді.".

      4. "Қорықшылардың омырауға тағатын белгісінің нысаны мен айырым белгілері бар нысанды киімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 26 наурыздағы № 25-03-02/121 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7582 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2012 жылғы 26 мамырдағы № 269-273 (27347) санында жарияланған):

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы

      1-тармағының 34) тармақшасына БҰЙЫРАМЫН:".

      5. Күші жойылды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 21.05.2024 № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. "Уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігі қозғалысының ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 16 қазандағы № 313-ө бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8918 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2014 жылғы 15 ақпандағы № 32 (28256) сандарында жарияланған):

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы

      1-тармағының 21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігі қозғалысының ережесінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Ереже "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 21) тармақшасына сәйкес әзірленді және уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігі қозғалысының тәртібін айқындайды (бұдан әрі – Ереже).";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Уылдырық шашу кезеңінде кемелерді пайдалануға келесі шектеулер қойылады:

      1) кемелердің ескіш бұрандасының айналу жылдамдығы 1000 айналым/минуттан аспауы керек;

      2) жеке меншік құқығындағы жеке тұлғалар үшін аспалы моторлардың қуаттылығы 20 ат күшінен (бұдан әрі – а.к.) аспауы қажет, бекітілген балық шаруашылық су айдындарын және (немесе) учаскелерін қорғауды жүзеге асыратын балық шаруашылығы субъектілерінің қорықшылық қызметі үшін - 40 а.к. көп емес, ал стационарлық қозғалтқыштың қуаттылығы 100 а.к. көп емес, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру үшін - аспалы моторлар 55 а.к. көп емес, стационарлық моторлар 150 а.к. көп емес, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар (жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган), ішкі істер департаменттерінің табиғат қорғау полициясы бөлімшелері, транспорттық бақылау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар үшін шектеусіз.".

      7. "Жануарлар дүниесін пайдалануға арналған биологиялық негіздеме дайындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 104-Ө бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9307 болып тіркелген, 2014 жылғы 14 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы

      1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған биологиялық негiздеме дайындау қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған биологиялық негiздеме дайындау қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес әзірленді және жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған биологиялық негiздеме (бұдан әрi - биологиялық негiздеме) дайындаудың тәртiбiн айқындайды.".

  Өзгерістер енгізілетін
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 02.02.2018 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Өзгерістер енгізілетін
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 02.02.2018 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.