БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің өзгерістер енгізілетін бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Климаттың өзгеруі жөніндегі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі В.Школьник
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 692 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің және
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер
енгізілетін бұйрықтарының тізбесі
1. «Парниктік газдардың шығарындыларын және озонды бұзатын заттарды тұтынуды түгендеу ережесін бекіту туралы» (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 5094 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2008 жылғы 28 мамырда № 5 жарияланған) Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № 348-ө бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Парниктік газдардың шығарындыларын және озонды бұзатын заттарды түгендеу ережесінде:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Парниктік газдар шығарындыларына жүргізілген түгендеудің нәтижелері бойынша табиғат пайдаланушылар парниктік газдарды түгендеу туралы есепті «Парниктік газдарды түгендеу туралы есептің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2015 жылғы 28 шілдедегі № 502 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11818 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсынады.».
2. «Парниктік газдарды түгендеу туралы есеп дайындау жөніндегі өлшемдер мен әдістемелерді бекіту туралы» (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 7712 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 22 тамызда № 534-539 (27612) жарияланған) Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 10 мамырдағы № 149-ө бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Парниктік газдарды түгендеу туралы есеп дайындау жөніндегі өлшемдер мен әдістемелерде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Парниктік газдарды түгендеу туралы есеп «Парниктік газдарды түгендеу туралы есептің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2015 жылғы 28 шілдедегі № 502 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11818 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша ұсынылады және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен аккредиттелген тәуелсіз ұйыммен растауға жатады.».
3. «Әкімшілендіру субъектілерінің парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыруға қатысу қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 10446 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2015 жылғы 9 сәуірде № 64 (28542) жарияланған) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 12 ақпандағы № 77 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әкімшілендіру субъектілерінің парниктік газдар шығарындыларымен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыруға қатысу қағидаларында:
7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Әкімшілендіру субъектілері жобалық тетіктерге қатысу қабылданған жағдайда жыл сайын 1 сәуірден кешіктірмей «Парниктік газдарды түгендеу туралы есептің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2015 жылғы 28 шілдедегі № 502 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11818 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша парниктік газдарды түгендеу туралы есепті береді.».
4. «Парниктік газдар шығарындылары және сіңірулері көздерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу және ұстау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 10673 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 20 сәуірде жарияланған) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 5 наурыздағы № 176 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Парниктік газдар шығарындылары және сіңірулері көздерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу және ұстау қағидаларында:
5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
5. Мемлекеттік кадастрды жүргізгенде «Парниктік газдарды түгендеу туралы есептің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2015 жылғы 28 шілдедегі № 502 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11818 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша әзірленген парниктік газдарды түгендеу туралы есептері пайдаланылады.».