Парниктік газдарды түгендеу туралы есеп дайындау жөніндегі өлшемдер мен әдістемелерді бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 10 мамырдағы № 149-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 7 маусымда № 7712 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 27 сәуірдегі № 176 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 15.05.2013 № 123-ө бұйрығымен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берілген Парниктік газдарды түгендеу туралы есептің нысаны бекітілсін.
      2. Төменкөміртекті даму департаментіне мемлекеттік тіркеуден өткізу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне осы бұйрықты ұсынуды қамтамасыз ету және кейіннен ресми бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялау.
      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Н. Қаппаров      

      Қазақстан Республикасы     
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2012 жылғы 10 мамырдағы № 145-ө
бұйрығымен бекітілген    

нысан

Парниктік газдарды түгендеу туралы есеп 

1. Ұйымның толық атауы _____________________________________________
2. Ұйымның заңды мекен-жайы ________________________________________
3. Парниктік газдар шығарындыларына квота нөмірі ___________________
4. Парниктік газдар шығарындыларына сертификат нөмірі ______________

5. Парниктік газдар шығарындыларын квоталау іске асырылатын қызмет
түрі _______________________________________________________________
6. Парниктік газдарды түгендеу бойынша есепке жауапты тұлға
____________________________________________________________________
7. Жауапты тұлғаның байланыстары ___________________________________
8. Есептік кезең ___________________________________________________
9. Есептік кезеңдегі парниктік газдар шығарындыларының нақты көлемі

Қондырғы №

Қондырғы атауы

Көміртегі қос қышқылы шығарындыларының көлемі, тонна







Көміртегі қос қышқылы тоннасы эквивалентіндегі барлық қондырғылар бойынша парниктік газдар шығарындыларының жалпы көлемі


10. Қолданылған есептеу әдістемелері ______________________________

11. Есептеулер үшін қолданылған коэффициенттер ____________________

Қондырғы №

Қондырғы атауы

Парниктік газдар шығарындыларының көзі болып табылатын тұтынылған отын, өзге қызметтің нақты көлемі

Есептеулер үшін қолданылған коэффициенттер

Нетто мәніндегі жылу шығару коэффициенті, тоннасына терраДжоуль

Қышқылдану коэффициенті (отын жаққан жағдайда) немесе өзгерту коэффициенті (өнеркәсіптік процестер жағдайында)

Көміртегі шығарындылары коэффициенті, терраДжоульге тонна













12. Өлшеу құралдары және олардың дәлсіздіктері бойынша мәліметтер (өлшеу әдісін қолданғанда) __________________

13. Көміртектік бірліктер бойынша деректер (алынған, сатып алынған, иесіздендірілген және берілген)

Көміртегі бірлік түрі

Есептік кезеңге алынғандары

Есептік кезеңде сатып алынғандары

Есептік кезеңде иесіздендірілгендері

Есептік кезеңде квотаны өтеу үшін берілгендері

Квоталар бірліктері





Ішкі қысқарту бірліктері





Барлығы





14. ____________________________________________________ расталған.
          (тәуелсіз аккредиттелген ұйымның атауы)