Білім беру жүйесіне тексеру жүргізу бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 719 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 843 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 желтоқсанда № 12777 болып тіркелді.

Жаңартылған

      2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 3-тармағына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Мыналар:

      1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес білім беру жүйесіне тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қатысты білім беру жүйесін мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы;

      3) Жалпы орта білім берудің бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қатысты білім беру жүйесін мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы;

      4) алып тасталды – ҚР Білім және ғылым министрінің 15.11.2018 № 632 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.11.2018 № 71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
      5) алып тасталды – ҚР Білім және ғылым министрінің 15.11.2018 № 632 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.11.2018 № 71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      6) осы бірлескен бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қатысты білім беру жүйесін мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы;

      7) осы бірлескен бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес қосымша білім беретін білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қатысты білім беру жүйесін мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы;

      8) осы бірлескен бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қатысты білім беру жүйесін мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы;

      9) осы бірлескен бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес білім беруді басқару органдарына қатысты білім беру жүйесін мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 22.01.2018 № 24 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 03.03.2018 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Білім және ғылым министрінің 15.11.2018 № 632 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.11.2018 № 71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрықтарымен.

      2. "Білім беру жүйесіне тексеру жүргізу бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 шілдедегі № 479 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының № 583 бірлескен бұйрығының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11994 болып тіркелді, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 29 қырқүйекте жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (С. Нюсупов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т. Балықбаевқа жүктелсін.

      5. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушы
_____________Т. Балықбаев

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
_____________ М. Құсайынов

      2015 жылғы 31 желтоқсан 2015 жылғы 31 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының

      Құқықтық статистика және

      арнайы есепке алу жөніндегі

      комитетінің төрағасы

      _______________ С. Айтпаева

      2015 жылғы 30 желтоқсан

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 719 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 843 бірлескен бұйрығына
1-қосымша

Білім беру жүйесіне тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 15.11.2018 № 632 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.11.2018 № 71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Білім беру жүйесіне тексеру бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу мақсатында бақылау субъектісін (объектісін) іріктеу үшін білім беру жүйесіне тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексіне, 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы "Білім туралы" заңына және 2018 жылғы 31 шілдедегі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының "Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидаларын және тексеру парақтарының нысанын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес әзірленген.

      2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) бағалау кезеңі – есепті деректердің, автоматтандырылған ақпараттық жүйелер мониторингі нәтижелерінің негізінде субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді бағалау жүргізілетін белгілі бір уақыт кезеңі;

      2) білім беру саласындағы бақылау объектілері – мемлекеттік бақылауға жататын бақылау субъектілерінің меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негізде болатын мүлкі;

      3) білім беру саласындағы бақылау субъектілері - мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын қызмет үшін оның ішінде мемлекеттік органдар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері, жеке тұлға, заңды тұлға;

      4) болмашы бұзушылық – білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру бойынша талаптардың бұзылуы;

      5) елеулі бұзушылық – білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген білім беру процесін жүргізу үшін жағдайлар жасау бойынша бұзушылық талаптары;

      6) өрескел бұзушылық – білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген білім беру процесі сапасының төмендеуіне әкелетін немесе оны растайтын; педагогтардың сапалық құрамының сәйкестігі бойынша білім беру қызметіне қойылатын хаюарландыру тәртібі мен біліктілік талаптарын сақтау бойынша бұзушылық талаптары;

      7) тексеру парағы – бақылау субъектілерінің қызметіне қойылатын талаптарды қамтитын, олардың орындалмауы жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттің заңды мүдделеріне қауіп төндіретін талаптардың тізбесі;

      8) тәуекел – бақыланатын субъекті қызметінің нәтижесінде, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне және оның салдарының дәрежесіне есепке зиян келтіру ықтималдығы;

      9) тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары – тексерілетін субъектінің тікелей қызметімен, салалық даму ерекшеліктерімен және осы дамуға әсер ететін факторлармен байланысты тексерілетін субъектілерді (объектілерді) әртүрлі тәуекел дәрежесіне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы;

      10) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – белгілі бір қызмет саласында тәуекел дәрежесіне байланысты және жеке тексерілетін субъектіге (объектіге) тікелей байланыссыз тексерілетін субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      11) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттары) – нақты тексерілетін субъектінің (объектінің) қызмет нәтижелеріне байланысты тексерілетін субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      12) тәуекелдерді бағалау жүйесі –бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды белгілеу мақсатында бақылау органы жүргізетін іс-шаралар кешені.

      3. Өлшемшарттар объективті және субъективті өлшемшарттар арқылы қалыптасады.

2-тарау. Объективті өлшемшарттар

      4. Тексерілетін субъектілер (объектілер) келесі объективті өлшемшарттардың біреуі ескеріле отырып (жоғары және жоғары дәрежеге жатқызылмаған) тәуекел дәрежелері бойынша бөлінеді:

      1) тәуекел дәрежесі жоғары топқа "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі ҚР Заңының 5-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес бекітілген білім беру қызметін мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес жүргізетін бақылау субъектілері (объектілері) жатады.

      Оларға мынадай ұйымдар жатады:

      мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары;

      бастауыш, негізгі және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары;

      техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары;

      жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары.

      Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілерге (объектілерге) қатысты жоспардан тыс тексерулер, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау қолданылады;

      2) қосымша білім беру қызметін жүргізетін немесе білім беруді басқаруды жүзеге асыратын бақылау субъектілеріне (объектілері) жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмаған топқа жатады.

      Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмаған бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты жоспардан тыс тексерулер және бармай жүргізілетін профилактикалық бақылау қолданылады.

      5. Жоғары тәуекел дәрежесіне жататын бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу мақсатында субъективті өлшемшарттар қолданылады.

      6. Тәуекел дәрежесін анықтау үшін үшін келесі ақпарат көздері қолданылады:

      1) бақылау субъектісі ұсынатын, оның ішінде автоматтандырылған ақпараттық жүйелер арқылы ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері;

      2) бұрынғы тексерулер мен бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау нәтижелері;

      3) расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны;

      4) уәкілетті органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері пайдаланылады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 31.03.2020 № 121 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 01.04.2020 № 20 бірлескен бұйрығымен (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3-тарау. Субъективті өлшемшарттар

      7. Субъективті өлшемшарттары осы Өлшемшарттарға қосымшаларға сәйкес айқындалады.

      8. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің субъективті өлшемшарттарды бағалау осы Өлшемшарттарға қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.

      9. Талдау және бағалау кезінде белгілі бір бақылау объектісіне (объектісіне) қатысты бұрын ескерілген және қолданылатын субъективті критерийлер туралы деректер немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шектеу мерзімі аяқталған деректер қолданылмайды.

      10. Ықтимал тәуекел мен проблеманың маңыздылығына, бұзылудың бір немесе көп реттік сипатына байланысты бұзушылық дәрежесіне – өрескел, елеулі және болмашы дәрежелерге сәйкес келетін субъективті өлшемшарттар айқындалады..

      Бұл ретте бұзушылық дәрежесі (өрескел, елеулі, болмашы) өрескел, елеулі, болмашы бұзушылықтардың белгіленген анықтамаларына сәйкес беріледі.

      Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі.

      11. Бақылау субъектісін (объектісін) тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеудің мынадай тәртібі қолданылады.

      Бір өрескел бұзушылық болған жағдайда тексерілетін субъектіге (объектіге) 100 тәуекел дәрежесінің көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты ішінара тексеру жүргізіледі.

      Егер өрескел бұзушылық анықталмаса, онда тәуекел дәрежесінің көрсеткішін анықтау үшін елеулі және болмашы бұзушылықтар бойынша қосынды көрсеткіш есептеледі.

      Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде

      0,7 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

      ∑Рз = (∑Р2 х 100/∑Р1) х 0,7

      мұндағы:

      ∑Рз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

      ∑Р1 – елеулі бұзушылықтардың жалпы саны;

      ∑Р2 – анықталған елеулі бұзушылықтардың саны;;

      Болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде коэффициент 0, 0,3 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

      ∑Рн = (∑Р2 х 100/∑Р1) х 0,3

      мұндағы:

      ∑Рн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;

      ∑Р1 – болмашы бұзушылықтардың жалпы саны;

      ∑Р2 – анықталған болмашы бұзушылықтардың саны;

      0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы анықталады ∑Р = ∑Рз + ∑Рн

      мұндағы:

      ∑Р – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;

      ∑Рз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

      ∑Рн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.

      12. Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша бақылау субъектісі (объектісі) мыналарға жатады:

      1) 0-ден 60-қа дейінгі тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде субъектісіне (объектісіне) барып арқылы профилактикалық бақылаудан босатылады;

      2) 61-тан 100-ге дейінгі тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан босатылмайды.

      13. Бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізу мерзімділігі субъективті өлшемшарттары бойынша алынатын мәліметтерді талдау және бағалау нәтижелері бойынша айқындалады және жылына бір реттен жиі емес жүзеге асырылады.

      14. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодекстің 141-бабының 3-тармағына сәйкес құрылатын бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың жарты жылдық тізімдері негізінде жүргізіледі.

      15. Білім беру қызметін жүзеге асыратын ұйымдар үшін Өлшемшарттарда пайданалатын бағалау кезеңі бір оқу жылын құрайды.

      16. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеретін профилактикалық бақылау тізімдері субъективті өлшемшарттары бойынша ең жоғары тәуекел дәрежесі көрсеткіші бар тексерілетін субъектілердің (объектілердің) басымдығын ескере отырып жасалады.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 719 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 843 бірлескен бұйрығына
1-қосымша
  Білім беру жүйесіне тәуекел
дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына қосымша

Субъективті өлшемшарттар

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 09.12.2020 № 514 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.12.2020 № 92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

р/с №

Өлшемшарттар

Бұзушылықтардың дәрежесі

1-бөлім. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін

1-кіші бөлім. Бақылау субъектісі (объектісі), оның ішінде Ұлттық білім беру деректер қоры (ҰБДҚ) арқылы ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері, расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны, сондай-ақ, уәкілетті органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері

1

Білім беру мониторингінің шеңберінде әкімшілік деректер нысандары бойынша ақпараттардың қате және толық емес ұсынылуы немесе ұсынылмауы.

өрескел

2

Жас ерекшілігі бойынша топтарды жинақтау кезінде жас ерекшеліктерінің кезеңдерге бөлуінің сақталмауы (әртүрлі жастағы топтарды қоспағанда).

болмашы

3

Тәрбиеленушілер контингентінің жас мөлшерлерінің мектепке дейінгі ұйым түріне сәйкес келмеуі.

елеулі

4

Спорттық және музыкалық іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайлардың болмауы.

елеулі

5

Топтағы тәрбиеленушілер толымдылығының нормадан жоғары болуы.

болмашы

6

Білім беру ұйымында жұмысқа тиісті бейіні немесе атқаратын лауазымына сәйкес арнайы педагогикалық немесе кәсіптік білімі жоқ тұлғалардың жұмысқа жіберілу фактісінің болуы.

өрескел

7

Мемлекеттік электрондық тіркеу тізілімінде рұқсаттар мен хабарламалардың болмауы.

өрескел

8

Мамандардың болмау себепті мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарында қарастырылған білім беру бойынша ұйымдастырылған оқу қызметінің орындалмауы.

өрескел

9

Тәрбиеленушілерге медициналық қызмет көрсетудің болмауы

елеулі

10

Педагогтердің біліктілік санаты деңгейін бес жылда бір реттен сиретпей арттырудан (растаудан) өтулерін сақтамаулары.

өрескел

11

Құқықтары бұзылған жеке және (немесе) заңды тұлғалардан 1 (бір) және одан да көп расталған шағымдар мен өтініштердің болуы.

өрескел

2-кіші бөлім. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы бұрынғы профилактикалық бақылаудың нәтижелері (төменде көрсетілген талаптарды сақтамау)

1

Педагогтің лауазымдық міндеттерін және педагогикалық этика нормаларын сақтауы (өтініш болған жағдайда тексеріледі).

болмашы

2

Білім беру ұйымдарында саяси партиялар мен діни ұйымдардың (бірлестіктердің) ұйымдық құрылымдарын құруға және олардың қызметіне тыйым салу бөлігінде мемлекеттік саясат қағидатының сақталуы (өтініш болған жағдайда тексеріледі).

өрескел

3

Мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің бес жылда бір реттен сиретпей біліктілігін арттыруын растайтын сертификаттарының болуы.

өрескел

4

Педагогтердің біліктілік санатының деңгейін бес жылда бір реттен сиретпей арттырудан (растаудан) өтуін растайтын біліктілік санатын беру/растау туралы куәліктердің, бұйрықтардың, куәліктерді беру және тіркеу журналдарының болуы.

өрескел

5

Ұлттық білім беру дерекқорының статистикалық деректерінің білім беру ұйымының нақты деректеріне сәйкестігі.

өрескел

6

Білім беру салалары және сағат сандары бар оқу жоспарларының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларына сәйкестігі. Сондай-ақ, инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытуда баланың ерекшеліктері ескеріліп, жеке оқу жоспары мен жеке бағдарламаның болуы.

өрескел

7

Оқу жүктемесін, ұымдастырылған оқу қызметінің ұзақтығы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына, үлгілік оқу жоспарына және үлгілік бағдарламасына сәйкестігін растайтын педагог-мамандардың, тәрбиешілердің бекітілген өтпелі тақырыптарына қатан сәйкестікте білім беру ұйымы бекіткен перспективалық жоспардың, циклограммалардың (бақылау, жұмыс уақыты, балалардың өмірі мен қызметін ұйымдастыру, сабақтарды, вариативтік бөлімді, педагог – мамандар үшін бірлескен қызметін жоспарлау), барлық жас топтары бойынша ұымдастырылған оқу қызметінің бөлінуі, жас топтары бойынша күн тәртібінің болуы және іске асырылуы

өрескел

8

Тәрбиеленушілердің, оның ішінде ерекше білім беру қажеттілігі және жеке мүмкіндіктері бар тәрбиеленушілер үшін "Денсаулық", "Қатынас", "Таным", "Шығармашылық", "Әлеумет" білім беру салаларын іске асыру үшін дене, зияткерлік және жеке тұлғалық дамуын қамтамасыз ететін оңтайлы жағдайлардың болуы.

өрескел

9

Мектепке дейiнгi тәрбиемен, оқытумен қамтылған және қамтылмаған балалардың дамуы және оларды тәрбиелеу жөнінде ата-аналар үшін өткізілген кеңестерді растайтын материалдарының болуы.

болмашы

10

Баланың жас ерекшелігіне сәйкес балалардың ептіліктері мен дағдыларының дамуын қадағалайтын материалдардың болуы (электрондық және қағаз түріндегі бақылау парағы, даму жеке картасы – әдіскердің жинақ есебі).

елеулі

11

Топтарды жинақтау кезінде балалардың жас ерекшеліктерінің сақталғандығын растайтын топтар бойынша балалар тізімдерінің болуы (балалардың жасы 1 қыркүйекке дейін – толық жас) (әр түрлі жастағы топтарды қоспағанда).

елеулі

12

Білім беру ұйымының құрылтайшылық, құқық белгілеуші құжаттарының және рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы қызметтің басталғаны туралы хабарламаны қабылдау туралы талонның болуы.

өрескел

13

Бiр жастан бастап мектеп жасына дейiн жеткенше тәрбиеленушілерді тәрбиелеу, оқыту, дамуындағы ауытқуды түзету және әлеуметтік бейімдеу бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын, мемлекеттік қаржыландыратын қызмет көрсету көлемінде, оның ішінде балаларға инклюзивті білім беруді іске асыру мен медициналық бақылау, сондай-ақ қарау, күту және сауықтыру үшін растайтын материалдарының (ғимараттың қуаты жобасын растайтын құжаттардың болуы, мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы әкімдіктің қаулысы, тәрбиленушілердің тізімдік құрамы) болуы.

елеулі

14

Білім беру ұйымымен бекітілген педагогикалық кеңестің жұмыс жоспарлары мен отырыстар хаттамаларының, олардың қызметін растайтын материалдардың болуы.

болмашы

15

Тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар немесе тиісті бейіні бойынша білім беру саласындағы заңнамаға сәйкес педагогикалық қайта даярлаудан өткен педагог кадрлармен қамтамасыз етілгенін растайтын қосымшалары бар дипломдар көшірмелерінің және білім беру ұйымы бекіткен педагог қызметкерлердің тарификациялық тізімдерінің болуы.

өрескел

16

Білім беру ұйымдарында педагогтің кәсіби қызметіне: 1) соттың заңды күшіне енген үкіміне сәйкес педагогтің кәсіби қызметін жүзеге асыру құқығынан айырылған;2) іс-әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған, соның нәтижесінде қызметкердің еңбек қатынастарын жалғастыру мүмкіндігі жоқ;3) психиатриялық және (немесе) наркологиялық жазбалардан тұратын медициналық қарсы көрсетілімдері бар;4) тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе кәсіптік білімі туралы немесе тиісті бейіні бойынша білім беру саласындағы заңнамаға сәйкес педагогикалық қайта даярлаудан өткен құжаттары жоқ;5) адам өлтіргені, денсаулыққа қасақана зиян келтіргені, адамдардың денсаулығына және имандылыққа, жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін, экстремистік немесе террористік қылмыстар, адам саудасы үшін сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауда жүрген немесе қудалауда болған адамдарды жұмысқа орналастыруға жол бермеу.

өрескел

17

Мектепке дейінгі ұйымның басшысы немесе өзге де лауазымды тұлғаның оқу-тәрбие процесі барысында білім беру ұйымы тәрбиеленушілерінің, білім алушылар мен қызметкерлерінің өмірлері мен денсаулықтарын қорғау бойынша лауазымдық міндеттерін орындауы (өтініш болған жағдайда тексеріледі).

өрескел

18

Мектепке дейінгі ұйымның Жарғысында белгіленген функцияларды орындау (өтініш болған жағдайда тексеріледі).

өрескел

19

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары педагогтерінің саны мен лауазымдарының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары қызметкерлерінің үлгілік штатына және педагог лауазымдарының тізбесіне сәйкес келуі.

елеулі

20

Мектепке дейінгі ұйым мен ата-аналар немесе ата-аналардың заңды өкілдері арасындағы өзара қарым-қатынасты реттейтін шарттардың болуы.

болмашы

21

Білім беру ұйымымен бекітілген ішкі тәртіп қағидасының, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарының болуы.

болмашы

22

Мектепке дейінгі ұйымда тәрбиеленушінің орны тәрбиеленуші ауырып, денсаулық сақтау, білім беру және өзге де ұйымдарда емделген, сауықтырылған, денсаулығын түзеткен және оңалтылған (көрсетілімі бойынша анықтама және қорытынды ұсынған жағдайда); тәрбиеленушінің ата-анасының бірі немесе заңды өкілі тәрбиеленушінің жылына 2 айдан артық емес демалысына жазбаша өтініш ұсынған жағдайда; елді мекенде төтенше жағдай (әлеуметтік, табиғи, техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар) енгізілген кезеңде сақталады (өтініш болған жағдайда тексеріледі);
Тәрбиеленушілер мектепке дейінгі ұйымдардан мектепке дейінгі ұйым мен тәрбиеленушінің ата-анасының немесе өзге де заңды өкілінің арасындағы шарттың талаптары бұзылған; тәрбиеленуші бір айдан астам дәлелсіз себеппен және әкімшілікке ескертпей келмеген; дәрігерлік консультациялық комиссия анықтамасының негізінде тәрбиеленушінің келуiне кедергi болатын медициналық қарсы көрсетілімдер болған жағдайларда шығарылады (өтініш болған жағдайда тексеріледі).

елеулі

23

-Педагогті кәсіби міндеттеріне байланысты емес жұмыс түрлеріне тартуға;
- педагогтің есеп беруін не одан педагогтік лауазымдық міндеттеріне байланысты емес ақпаратты талап етуге;
- педагогке тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу міндеттемесін жүктеуге жол бермеу (өтініштер болған жағдайда тексеріледі).

өрескел

2-бөлім. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім бері ұйымдары үшін

1-кіші бөлім. Бақылау субъектісі (объектісі), оның ішінде Ұлттық білім беру деректер қоры (ҰБДҚ) арқылы ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері, расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны, сондай-ақ, уәкілетті органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері

1

Білім беру мониторингінің шеңберінде әкімшілік деректер нысандары бойынша ақпараттардың қате және толық емес ұсынылуы немесе ұсынылмауы.

өрескел

2

Білім беру ұйымында жұмысқа тиісті бейіні немесе атқаратын лауазымына сәйкес арнайы педагогикалық немесе кәсіптік білімі жоқ тұлғалардың жұмысқа жіберілу фактісінің болуы.

өрескел

3

Жүзеге асыратын білім беру деңгейі бойынша білім беру қызметіне лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның болмауы.

өрескел

4

Мамандардың болмауына байланысты білім беру ұйымының оқу жұмыс жоспарында оқытылмайтын пәндердің болуы.

өрескел

5

Спорт залының болмауы.

елеулі

6

Сыныптарды жинақтау тәртібінің сақталмауы, оның ішінде сынып толымдылығы нормаларының бұзылуы.

болмашы

7

Басқа сыныптармен біріктірілген бірінші немесе бітіруші сыныптардың болуы.

өрескел

8

Үш ауысымды оқытуға жол берілу.

өрескел

9

Оқу жетістіктерін сырттай бағалау (бұдан әрі – ОЖСБ) пәндері бойынша сұрақтардың жалпы санынан 50% - дан кем дұрыс жауап алған бітіруші сынып (4, 9, 11) білім алушыларының болуы.

өрескел

10

Пәндік кабинеттердің (физика, химия, биология, информатика) болмауы (негізгі орта және жалпы орта білім беру үшін).

елеулі

11

Интерактивті тақталардың болмауы.

елеулі

12

Оқу шеберханаларының болмауы (негізгі орта және жалпы орта білім беру үшін).

елеулі

13

Кітапхананың болмауы.

елеулі

14

Құқықтары бұзылған жеке және (немесе) заңды тұлғалардан 1 (бір) және одан да көп расталған шағымдар мен өтініштердің болуы.

өрескел

2-кіші бөлім. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы бұрынғы профилактикалық бақылаудың нәтижелері (төменде көрсетілген талаптарды сақтамау)

1

Білім беру ұйымының қызметін қамтамасыз ететін білім беру ұйымының құрылтай құжаттарының болуы.

елеулі

2

Ұлттық білім беру деректер қорының статистикалық деректерінің білім беру ұйымының нақты деректеріне сәйкестігі.

өрескел

3

Педагогтің лауазымдық міндеттерін және педагогикалық этика нормаларын сақтауы (өтініштер болған жағдайда тексеріледі).

болмашы

4

Білім беру ұйымдарының басшы кадрларының, педагогтерінің және ғылыми қызметкерлерінің атқаратын лауазымы бойынша және/немесе оқытылатын пәні бойынша бес жылда бір реттен сиретпей біліктілігін арттырғандығын растайтын сертификаттарының болуы.

болмашы

5

Білім беру ұйымдарында саяси партиялар мен діни ұйымдардың (бірлестіктердің) ұйымдық құрылымдарын құруға және олардың қызметіне тыйым салу бөлігінде мемлекеттік саясат қағидатының сақталуы (өтініштер болған жағдайда тексеріледі).

өрескел

6

Білім алушылар контингенті бойынша білім беру ұйымдары бұйрықтарының, сыныптар бөлінісінде білім беру ұйымдары білім алушыларының сандық құрамын растайтын білім алушыларды жазатын алфавиттік кітаптың болуы.

елеулі

7

Үлгілік оқу жоспарының инвариантты компонентінің орындалуын растайтын жұмыс оқу жоспарларының, сынып журналдарының, сабақ кестесінің болуы, сондай-ақ білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің жұмыс оқу жоспарларындағы, сабақ кестелеріндегі, факультативтік, үйірмелік, топтық және жеке сабақтардың ең жоғары көлеміне сәйкес келуі.

өрескел

8

Сынып журналдарында (электрондық/қағаз) ағымдағы бағалардың немесе ағымдағы бағалаудың балмен,
2-11 сынып білім алушыларында тоқсандық және жылдық бағалардың болуы, сондай-ақ белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан, оқу жылы) аяқталғаннан кейін өткізілетін жиынтық бағалауды жүргізу қорытындылары бойынша жиынтық бағалауды және талдауды, оқу бағдарламасына сәйкес бөлімдерді/өтпелі тақырыптарды зерделеуді растайтын материалдардың болуы.

болмашы

9

Денсаулық жағдайына байланысты ұзақ уақыт бойы білім беру ұйымына бара алмайтын білім алушыларды үйде немесе емдеу ұйымдарында жеке тегін оқытуды ұйымдастыру туралы, сондай-ақ рұқсаттар негізінде экстернат және қашықтықтан оқыту нысанында оқытуға бұйрықтардың болуы.

болмашы

10

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылардың білім алуы, даму бұзушылықтарының түзетілуі және әлеуметтік бейімделуі үшін қажетті жағдайлардың жасалуын растайтын дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтамалары мен психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының қорытындылары бар білім алушыларға арналған білім беру салаларының, оқу пәндері үлгілік жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес сағат санының жеке оқу жоспарларының, сондай-ақ, экстернат нысанында оқитын білім алушыларға арналған оқу жұмыс жоспарына сәйкес жеке оқу бағдарламасының және консультация беру кестесінің болуы және сәйкестігі.

өрескел

11

Жұмыс оқу жоспары пәндерінің үлгілік оқу жоспарларына және бастауыш білім беру, негізгі орта білім беру, жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетт стандартына сәйкестігі.

өрескел

12

Жұмыс оқу жоспарының пәндеріне сәйкес педагогтердің болуы:
Тиісті бейіні бойынша педагогикалық білімі бар бастауыш білім деңгейі үшін: лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын жалпы білім беретін мектептер, мектеп-гимназиялар, мектеп-лицейлер үшін бастауыш білім беру деңгейіндегі педагогтердің жалпы санынан жоғары және бірінші санаттағы педагогтердің, педагог-сарапшылардың, педагог-зерттеушілердің, педагог-шеберлердің үлесі 25 %-дан кем емес;
лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын гимназиялар үшін бастауыш білім беру деңгейіндегі педагогтердің жалпы санынан жоғары және бірінші санаттағы педагогтердің, педагог-сарапшылардың, педагог-зерттеушілердің, педагог-шеберлердің үлесі 30 %-дан кем емес;
Тиісті бейіні бойынша педагогикалық білімі бар немесе педагогикалық қайта даярлаудан өткен негізгі орта білім беру, жалпы орта білім беру деңгейлері үшін:
Негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын жоғары және бірінші санаттағы педагогтердің, педагог-сарапшылардың, педагог-зерттеушілердің, педагог-шеберлердің үлесі негізгі орта білім беру, жалпы орта білім беру деңгейлеріндегі педагогтердің жалпы санынан жалпы білім беретін мектептер, мектеп-гимназиялар, мектеп-лицейлер үшін 35 %-дан кем емес, лицей үшін 40 %-дан кем емес, оның ішінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы педагогтердің үлесі 30%-дан кем емес;гимназиялар үшін 40%-дан кем емес, оның ішінде қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы педагогтердің үлесі 30%-дан кем емес, дарынды тұлғаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдары үшін 45%-дан кем емес, соның ішінде аудандық және/немесе облыстық конкурстар мен жарыстар кезеңдерінің жеңімпаздарын және/немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен соңғы бес жылдағы республикалық конкурстар мен жарыстардың қатысушылары мен жеңімпаздарын дайындаған педагогтер (болған жағдайда).

өрескел

13

Медициналық қызмет көрсетуге лицензия немесе денсаулық сақтау ұйымдарымен шарт негізінде білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы.

елеулі

14

Білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы.

елеулі

15

Санитариялық нормаларға және өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетін оқу үй-жайларымен білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ететін меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару не сенімгерлік басқару құқығында тиесілі материалдық активтердің болуы немесе кемінде 10 жыл қолданылу мерзімімен материалдық активтерді жалға алудың болуы.

елеулі

16

Компьютерлік сыныптармен; интернет желісіне қосылған компьютерлермен жарақтандырылуы; edu.kz аймағында үшінші деңгейдегі домендік атаудың болуы;
жабдықтар мен жиһаздардың болуы;
мемлекеттік білім беру ұйымдарының орын-жайларында және (немесе) іргелес аумақтарында бейнебақылаудың болуы;
бастауыш білім беру үшін жеке пайдалануға арналған жабдықталған шкафтардың болуы;
оқу жұмыс жоспарларына сәйкес оқу пәндері кабинеттерінің және негізгі орта және жалпы орта білім беру үшін зертханалардың болуы.

елеулі

17

Білім беру ұйымы басшысының білім беру ұйымына қабылдау және білім алушылардың білім беру ұйымынан шығуы туралы бұйрықтарының болуы, сондай-ақ әрбір шығып қалған білім алушыға басқа білім беру ұйымына келуі туралы есептен шығару талонының болуы.
Білім алушылардың жеке істерінде:
- баланың заңды өкілдерінің өтініші негізінде дайындық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымы қызмет көрсететін аумақта тұратын балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, барлық алты жастағы және күнтізбелік жылда алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды;
- білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағында тұратын білім алушыларды бастауыш және негізгі орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы сыныптарына қабылдауды;
- жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының оныншы, он бірінші сыныптарына білім алушыларды қабылдау білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағында тұратын білім алушылардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, гимназиялардың, лицейлердің оныншы, он бірінші сыныптарына қабылдау гимназия, лицейлерге білім беру ұйымдары түрлерінің қызмет көрсету аумағы ескерілместен білім алушының жеке өтінішінің не олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші және негізгі орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаты негізінде жүзеге асырылғанын растайтын құжаттардың болуы.

болмашы

18

Мамандандырылған білім беру ұйымдарына және гимназияларға бірінші сыныпқа түсуі үшін конкурстық негізде қабылдау жүргізгендігін растайтын емтиханның, тестілеудің, сынақтың материалдарының, хаттамалардың болуы.

болмашы

19

Үлгілік нысанын білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін білім беру ұйымының басшысы мен білім алушының ата-аналары немесе заңды өкілдері арасында жасалған білім беру қызметтерін көрсетуге арналған шарттың болуы.

болмашы

20

Білім беру ұйымының жарғысында белгіленген функцияларды орындау (өтініш болған жағдайда тексеріледі).

өрескел

21

Білім беру ұйымы басшысының немесе өзге де лауазымды тұлғаның білім беру ұйымы білім алушыларының және тәрбиеленушілерінің, қызметкерлерінің оқу-тәрбие процесі кезіндегі өмірі мен денсаулығын сақтау бойынша міндеттерін орындауы (өтініштер болған жағдайда тексеріледі).

өрескел

22

Педагогтердің біліктілік санатының деңгейін бес жылда бір реттен, сондай-ақ мемлекеттік білім беру ұйымдары басшыларының үш жылда бір реттен сиретпей арттырудан (растаудан) өтуін беру (растау) туралы куәліктердің, бұйрықтардың, куәліктерді тіркеу және беру журналдарының болуы.

өрескел

23

Білім беру ұйымымен бекітілген алқалық органдардың (педагогикалық, әдістемелік кеңестердің және педагогикалық әдеп бойынша кеңестің) қызметін растайтын жұмыс жоспарлары мен отырыстары хаттамаларының болуы.

болмашы

24

Қосымшалары бар дипломдар көшірмелерінің, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының базасында педагогикалық қайта даярлаудан өту сертификаттары және білім беру ұйымдарымен бекітілген сабақ беретін пәнінің бейініне, сондай-ақ педагогтың атқаратын лауазымына сәйкес келетін жоғары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі педагогикалық білімі бар педагогтармен қамтамасыз етілгенін растайтын педагогтердің тарификациялық тізімдерінің болуы.

өрескел

25

Білім беру ұйымдарында педагогтің кәсіби қызметіне:1) соттың заңды күшіне енген үкіміне сәйкес педагогтің кәсіби қызметін жүзеге асыру құқығынан айырылған;2) іс-әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған, соның нәтижесінде қызметкердің еңбек қатынастарын жалғастыру мүмкіндігі жоқ;3) психиатриялық және (немесе) наркологиялық жазбалардан тұратын медициналық қарсы көрсетілімдері бар;4) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттары жоқ;5) адам өлтіргені, денсаулыққа қасақана зиян келтіргені, адамдардың денсаулығына және имандылыққа, жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін, экстремистік немесе террористік қылмыстар, адам саудасы үшін сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауда жүрген немесе қудалауда болған адамдарды жұмысқа орналастыруға жол бермеу.

өрескел

26

Қорытынды аттестаттаудан өткен азаматтарға мемлекеттiк үлгідегі білім туралы құжаттардың берілуінің объективтілігін растайтын педагогикалық кеңес хаттамаларының, негізгі орта білім туралы және жалпы орта білім туралы аттестаттарды беру және есепке алу кітабындағы жазбалардың болуы

болмашы

27

9-сынып білім алушыларының негізгі орта білім беру және 11-сынып білім алушыларының жалпы орта білім беру деңгейіндегі оқыту курсы үшін қорытынды аттестаттау және қорытынды бағалардың электрондық хаттамаларының болуы.

болмашы

28

9 және 11-сынып білім алушылары бір немесе екі пәннен жылдық қанағаттанарлықсыз баға алған жағдайда білім беруді басқару органдары белгілеген мерзімде қайта қорытынды аттестаттау жүргізілгендігін растайтын материалдарының болуы (өтініштер болған жағдайда тексеріледі).

болмашы

29

Оқудан тыс іс-шаралар ұйымдастырудың және қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде элективті курстардың ұйымдастырылуын растайтын материалдардың болуы.

елеулі

30

- Педагогті кәсіби міндеттеріне байланысты емес жұмыс түрлеріне тартуға;
- педагогтің есеп беруін не одан педагогтік лауазымдық міндеттеріне байланысты емес ақпаратты талап етуге;
- педагогке тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу міндеттемесін жүктеуге жол бермеу (өтініштер болған жағдайда тексеріледі).жағдайда тексеріледі).

өрескел

31

Ұйым басшысы бұйрығының және тәлімгерлікті ұйымдастыру жөніндегі қызметті растайтын құжаттардың болуы.

болмашы

3-бөлім. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін

1-кіші бөлім. Бақылау субъектісі (объектісі), оның ішінде Ұлттық білім беру деректер қоры (ҰБДҚ) арқылы ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері, расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны, сондай-ақ, уәкілетті органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері

1

Білім беру мониторингінің шеңберінде әкімшілік деректер нысандары бойынша ақпараттардың қате және толық емес ұсынылуы немесе ұсынылмауы.

өрескел

2

Білім беру ұйымында жұмысқа тиісті бейіні немесе атқаратын лауазымына сәйкес арнайы педагогикалық немесе кәсіптік білімі жоқ тұлғалардың және/немесе бейіні бойынша соңғы 3 жылда кемінде 72 сағат көлемінде ұйымдарда және/немесе өндірісте тағылымдамадан өтпеген өндірістік оқыту шеберлерінің жұмысқа жіберілу фактісінің болуы.

өрескел

3

Жүзеге асыратын білім беру деңгейі бойынша білім беру қызметіне лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның болмауы.

өрескел

4

Мамандардың болмау себепті білім беру ұйымның жұмыс оқу жоспарындағы оқытылмайтын пәндердің болуы.

өрескел

5

Оқу үрдісінде пайдаланылатын және интернет желісіне қосылған компьютерлік сыныптардың болмауы.

елеулі

6

Спорт залының болмауы.

елеулі

7

Интерактивті тақталардың болмауы.

елеулі

8

Кітапхананың болмауы.

елеулі

9

Дайындалатын мамандық бойынша жалпы білім беру және арнаулы пәндер кабинеттерінің болмауы.

елеулі

10

Дайындалатын мамандық бойынша қажетті зертханалардың, шеберханалардың, оқу полигондарының, оқу шаруашылықтарының болмауы.

елеулі

11

Құқықтары бұзылған жеке және (немесе) заңды тұлғалардан 1 (бір) және одан да көп расталған шағымдар мен өтініштердің болуы.

өрескел

2-кіші бөлім. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы бұрынғы профилактикалық бақылаудың нәтижелері (төменде көрсетілген талаптарды сақтамау)

1

Білім беру ұйымының құрылтайшылық және құқық белгілеуші құжаттарының бар болуы

елеулі

2

Педагогтің лауазымдық міндеттерін және педагогикалық этика нормаларын сақтауы (өтініштер болған кезде тексеріледі).

болмашы

3

Педагогтердің біліктілік санаты деңгейін бес жылда кемінде бір рет арттырудан (растаудан) өткенін растайтын біліктілік санатын беру/ растау туралы куәліктердің, бұйрықтардың, тіркеу және куәліктер беру журналдарының болуы.

өрескел

4

Тиісті бейін бойынша 5 жыл ішінде кемінде 180 сағат көлемінде педагогтердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету;
Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының педагогтері үшін көлемі кемінде 108 сағат.

өрескел

5

Білім беру ұйымдарында саяси партиялар мен діни ұйымдардың (бірлестіктердің) ұйымдық құрылымдарын құруға және олардың қызметіне тыйым салу бөлігінде мемлекеттік саясат қағидатының сақталуы (өтініштер болған кезде тексеріледі).

өрескел

6

Білім беру процесінде саяси үгіттеу, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді саяси, діни немесе өзге де нанымдарды қабылдауға не олардан бас тартуға мәжбүрлеу үшін, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық немесе діни араздықты қоздыру үшін, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық немесе тілдік қатыстылығы, олардың дінге қатынасы белгісі бойынша, оның ішінде білім алушыларға тарихи, ұлттық және діни наным-сенімдер туралы дәйексіз мәліметтерді хабарлау арқылы азаматтардың айрықшалығын, артықшылығын не толық еместігін насихаттайтын үгіт, сондай-ақ білім алушыларды Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін іс-әрекеттерге итермелеу.".
(өтініштер болған кезде тексеріледі).

өрескел

7

Білім алу кезеңінде әлеуметтік көмекке мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын күтіп - бағуға арналған шығыстарды өтеуге арналған кепілдіктің сақталуы (өтініш болған жағдайда).

елеулі

8

Білім беру ұйымдарында педагогтің кәсіби қызметіне:1) соттың заңды күшіне енген үкіміне сәйкес педагогтің кәсіби қызметін жүзеге асыру құқығынан айырылған;2) іс-әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған, соның нәтижесінде қызметкердің еңбек қатынастарын жалғастыру мүмкіндігі жоқ; 3) психиатриялық және (немесе) наркологиялық жазбалардан тұратын медициналық қарсы көрсетілімдері бар;4) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттары жоқ; 5) адам өлтіргені, денсаулыққа қасақана зиян келтіргені, адамдардың денсаулығына және имандылыққа, жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін, экстремистік немесе террористік қылмыстар, адам саудасы үшін сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауда жүрген немесе қудалауда болған адамдарды жұмысқа орналастыруға жол бермеу.

өрескел

9

Білім беру ұйымының жарғысында белгіленген функцияларды орындау (өтініштер болған жағдайда).

өрескел

10

Мамандықтың дайындалатын біліктіліктері бойынша жұмыс оқу жоспарларының техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына/ орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына, үлгілік оқу жоспарларына (бар болса), "Педагог" кәсіби стандартына (бар болса) (мемлекеттік және орыс тілдерінде) сәйкестігі.
Білім беру саласында мамандар даярлау үшін:
- дайындалатын мамандық біліктіліктері бойынша жұмыс оқу жоспарларының техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына/ орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына, салалық біліктілік шеңберіне, "Педагог" кәсіби стандартына, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың және/немесе бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын ескере отырып, үлгілік оқу жоспарларына (мемлекеттік және орыс тілдерінде) сәйкестігі.
Діни білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін Діни қызмет саласындағы уәкілетті органмен келісілген жалпы білім беретін және діни пәндерді қамтитын білім беру бағдарламаларының болуы.

өрескел

11

Даярланатын мамандық біліктілігі бойынша оқу жұмыс жоспарының пәндеріне сәйкес педагогтердің болуы, оның ішінде педагогтер білімінің оқытылатын пәндер бейініне сәйкес болуы немесе білім беру саласындағы заңнамаға сәйкес педагогикалық қайта даярлаудан өткен педагогтердің болуы, және/немесе бейіні бойынша соңғы 3 жылда кемінде 72 сағат көлемінде ұйымдарда және/немесе өндірісте тағылымдамадан өткен өндірістік оқыту шеберлерінің болуы.Лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын педагогтер мен өндірістік оқыту шеберлерінің үлесі даярланатын мамандық біліктілігі бойынша педагогтердің жалпы санынан кемінде 70%, оның ішінде медициналық білім беру бағдарламасын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін мамандық бойынша педагогтердің жалпы санынан қолданбалы бакалавриат, бакалавриат, магистратура деңгейі бар мейіргерлерден педагогтердің үлесі - кемінде 10%.Даярланатын мамандық біліктілігі бойынша педагогтердің жалпы санынан лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын өнер және мәдениет саласындағы білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін педагогтердің үлесі - кемінде 50%;даярланатын мамандық біліктілігі бойынша педагогтердің жалпы санынан негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын рухани білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін педагогтердің үлесі - кемінде 50%.

өрескел

12

Даярланатын мамандық біліктілігі бойынша педагогтер санынан лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын жоғары және бірінші санатты педагогтердің, педагог- сарапшылардың, педагог-зерттеушілердің, педагог-шеберлердің және (немесе) магистрлердің үлесі - кемінде 30 %; орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдар үшін кемінде 40 %.
Даярланатын мамандық біліктілігі бойынша лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын педагогтер санынан ұйымдарда және/немесе өндірісте кемінде соңғы 3 жылда кемінде 72 сағат көлемінде тағылымдамадан өткен арнайы пәндер педагогтерінің және өндірістік оқыту шеберлерінің үлесі - кемінде 10%.
Даярланатын мамандық біліктілігі бойынша педагогтер санынан рухани білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін жалпы білім беретін пәндер бойынша жоғары білімі бар, бейіндеуші пәндер бойынша - бейіні бойынша жоғары білімі бар және/немесе діни салада кемінде бес жыл жалпы жұмыс өтілі бар рухани семинарияны немесе медресені бітірген педагогтердің үлесі - кемінде 50%.
Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында магистр дәрежесі, философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесі бар педагогтар мен өндірістік оқыту шеберлерінің үлесі – кемінде 10%.

өрескел

13

Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес, дайындалатын мамандық біліктіліктері бойынша оқудың толық кезеңіне білім алушылар контингентіне қатысты, оның ішінде оқыту тілі бойынша оқу жұмыс жоспарына сәйкес баспа және электрондық басылымдар форматында оқу және ғылыми әдебиеттің кітапханалық қорының болуы.Рухани білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін білім беру бағдарламаларына сәйкес дінтану сараптамасынан өткен оқу әдебиеті қорының болуы.

елеулі

14

Даярланатын мамандық біліктілігі бойынша оқу-зертханалық жабдықтармен және техникалық оқыту құралдарымен, сондай-ақ интернет желісіне қосылған, бағдарламалық-аппараттық кешенге және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуге қойылатын ең төменгі талаптарға сәйкес келетін компьютерлік сыныптармен, компьютерлермен жарақтандырылуы.
Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары үшін симуляциялық кабинеттердің болуы.
Білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен талаптарға сәйкес Қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары үшін әскери бөлімдердің және басқа да әскери оқу орындарының оқу-материалдық базасын пайдалану туралы ведомстволық бұйрықтың, әскери кафедралардың оқу-материалдық базасын бірлесіп пайдалану жөніндегі өзара іс-қимыл туралы жоғары оқу орындарымен меморандумдардың болуы.

елеулі

15

Мамандықтың даярланатын біліктілігіне сәйкес практика базалары ретінде айқындалған білім беру ұйымдарымен жасалған шарттардың болуы.

болмашы

16

Білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы.

елеулі

17

Білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы.

елеулі

18

Білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығында тиесілі материалдық активтердің (оқу кабинеттерінің, шеберханалардың, зертханалардың, өткізу пункттерінің, санитариялық тораптардың болуы, білім беру ұйымдарының үй-жайларында және (немесе) іргелес аумақтарында бейнебақылаудың болуы), оның ішінде санитариялық нормаларға және өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетін алаңы бар оқу үй-жайларының болуы.

елеулі

19

Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларында төмендегідей нормалардан аспайтын өзгерістердің болуы:
1) міндетті оқытуға бөлінетін жалпы сағаттар санын сақтай отырып, циклдер үшін оқу материалдарын меңгеруге бөлінген оқу уақытының 50%-ына дейін, әр пән және (немесе) модуль бойынша 50%-ға дейін және кәсіптік оқытудың және кәсіптік практиканың 60%-ына дейін (дуальды оқыту кезінде 80%-ға дейін) өзгертеді;2) оқу бағдарламаларының мазмұнын әр пән, өндірістік оқыту, оның ішінде модульдерге біріктірілген пәндер бойынша 50%-ға дейін (дуальды оқыту кезінде 80%-ға дейін) және кәсіптік модуль бойынша 60%-ға дейін (дуальды оқыту кезінде 80%-ға дейін) өзгертеді;
3) міндетті оқытуға арналған жалпы сағат санын сақтай отырып, жұмыс берушінің талаптары бойынша қосымша пәндер (кәсіби модульдер) енгізеді;
4) әр түрлі оқыту технологияларын, оқу процесін ұйымдастыру және бақылау формаларын, әдістерін таңдайды;
5) білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау және аралық аттестаттау нысандарын, тәртібін және кезеңділігін таңдайды;
6) бір мамандық шеңберінде ұқсас біліктіліктер бойынша үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарлары болмаған жағдайда, білім беру ұйымдары қолданыстағы үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарлары бойынша ұқсас тәсілді пайдалана отырып, жұмыс оқу жоспарларын әзірлейді.
Орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларында төмендегідей нормалардан аспайтын өзгерістердің болуы:
1) базалық және кәсіптік модульдерді игеруге бөлінетін оқу уақытының 50% - ға дейін және оқу сағаттарының жалпы санын сақтай отырып, өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканы 60% - ға дейін өзгертеді;
2) оқытудың әртүрлі технологияларын, оқу процесін ұйымдастыру мен бақылау нысандарын, әдістерін таңдайды;
3) жұмыс берушілердің сұраныстарына сәйкес оқу бағдарламаларының мазмұнын модульдерге біріктірілген (қосылған) пәндерді кәсіптік модуль, өндірістік оқыту және кәсіптік практика бойынша 50%-ға дейін өзгертеді. Міндетті оқытуға арналған жалпы сағат санын сақтай отырып, жұмыс берушінің талаптары бойынша қосымша модульдер енгізеді.
4) білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау және білім алушыларды аралық аттестаттау нысандарын, тәртібін және кезеңділігін таңдайды;
5) бір мамандық шеңберінде ұқсас біліктіліктер бойынша үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарлары болмаған жағдайда, білім беру ұйымдары қолданыстағы үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарлары бойынша ұқсас тәсілді пайдалана отырып, жұмыс оқу жоспарларын әзірлейді.

өрескел

20

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін өндірістік оқытуды есепке алу журналдары деректерінің жұмыс оқу жоспарларына және жұмыс оқу бағдарламаларына, кәсіптік практикадан өтудің бекітілген және келісілген күнтізбелік кестелеріне және практикалар базасы ретінде білім беру ұйымдары айқындаған ұйымдармен оқу бағдарламаларына сәйкестігі.

болмашы

21

Білім алушылардың оқу жүктемесінің оқу кестесінің максималды көлеміне сәйкес келуі (оқытудың күндізгі нысаны кезінде оқу уақытының жалпы көлемі аптасына кемінде 36 сағатты есепке алғанда білім алушылардың оқу жүктемесінің максималды көлемі аптасына 54 сағатты құрайды).

өрескел

22

Бекітілген оқу жұмыс жоспарларында күндізгі оқу нысаны кезінде техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын меңгерудің нормативтік мерзімі күрделігіне, күтілетін белгіленген біліктілік деңгейіне және білім алушылардың базалық білім деңгейіне қарай нормативтік мерзімінің сақталуы:негізгі орта білім базасында жалпы орта білім алмай және білім беру қажеттіліктері бар адамдарға – 1 жыл 10 ай оқу мерзіміне;
2) негізгі орта білім базасында – жалпы орта білім алумен 1 жыл 10 ай, 2 жыл 6 ай, 2 жыл 10 ай, 3 жыл 6 ай немесе 3 жыл 10 ай оқу мерзіміне;3) жалпы орта білім базасында – 10 ай, 1 жыл 6 ай, 1 жыл 10 ай, 2 жыл 6 ай немесе 2 жыл 10 ай оқу мерзіміне;4) техникалық және кәсіптік білім базасында – 10 ай, 1 жыл 6 ай немесе 1 жыл 10 ай оқу мерзіміне;
5) орта білімнен кейінгі білім, жоғары білім базасында – 10 ай немесе 1 жыл 6 ай оқу мерзіміне;
6) ӘАОО үшін жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім базасында берілетін біліктіліктің күрделілігіне байланысты 10 ай, 1 жыл 6 ай немесе 1 жыл 10 ай оқу мерзіміне;
7) өнер, геология, су көлігін пайдалану, медицина, әскери мамандықтар үшін оқу мерзімі тиісті мамандықтың ерекшелігіне байланысты айқындалады.
Күндізгі оқу нысаны кезінде орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын меңгерудің нормативтік мерзімі күрделігіне, күтілетін белгіленген біліктілік деңгейіне және білім алушылардың базалық білім деңгейіне қарай нормативтік мерзімі бекітілген оқу жұмыс жоспарларының сақталуы:
- жалпы орта білім базасында 2 жыл 10 ай, техникалық және кәсіптік білім базасында ұқсас мамандықтар бойынша қабылдау базасына байланысты: орта буын маманы үшін 10 ай, білікті жұмысшы кадрлар үшін 1 жыл 10 ай. Өнер, геология, су көлігін пайдалану, медицина, әскери мамандықтар үшін оқу мерзімі тиісті мамандықтың ерекшелігіне байланысты айқындалады.

өрескел

23

Жұмыс оқу жоспарларында кешкі және сырттай оқыту нысандары үшін міндетті оқу сабақтарының оқу уақыттары көлемінің тиісінше 70 %-ына және күндізгі оқыту нысаны үшін қарастырылған оқу сағатының тиісті көлемінің 30 %-ына қойылатын талаптарды сақтау.

өрескел

24

Оқу және тәрбие процесі кезінде білім беру ұйымының білім алушылары мен қызметкерлері денсаулықтарының сақталуы бойынша ұйым басшысы немесе өзге лауазымдық тұлғаның міндеттерін орындауы (өтініштер болған жағдайда ғана тексеріледі).

өрескел

25

Білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен талаптарға сәйкес контингент туралы өзекті деректер базасы бар білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесінің болуы және нақты деректердің Ұлттық білім беру деректер қорына сәйкестігі.edu.kz аймағында үшінші деңгейдегі домендік атаудың болуы.

өрескел

26

Білім беру ұйымымен бекітілген алқалық органдардың (педагогикалық, әдістемелік кеңестердің) қызметін растайтын жұмыс жоспарлары мен отырыстары хаттамаларының болуы.

болмашы

27

Теориялық және өндірістік оқытудың есепке алу журналдары және оқу сағаттарымен оқу бағдарламаларының орындалуын есепке алатын табельдердің болуы

болмашы

28

Сабақ кестесінде аудиториялық сабақтардың барлық түрлері үшін академиялық сағаттың ұзақтығының 45 минутпен сәйкес келуі (қосарланған сабақтарға жол беріледі), сабақтар арасында үзілістер кестесінде бір академиялық сағаттан кейін – 5 минут, қосарланған сабақтардан кейін – 10 минут, екі қосарланған сабақтан кейін 15 минуттан болуы.

болмашы

29

Оқу процесінің кестесінде толық оқу жылында кемінде екі рет, жылына жалпы ұзақтығы 11 аптадан көп емес, оның ішінде әскери мамандықтардан басқа, қысқы мерзімде кемінде 2 апта демалыстың болуы.

болмашы

30

Тұлғалардың оқуға қабылдау туралы өтініштерінің болуы:
1) орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 25 тамызы аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығында, өнер және мәдениет мамандықтары бойынша күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 20 шілдесі аралығында;
2) білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 27 тамыз аралығында, оқудың кешкі нысанына күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығында;
талапкерлердің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау туралы өтінішіне қоса төмендегідей құжаттардың болуы:
1) білімі туралы құжаттың төлнұсқасы,
2) 3x4 көлеміндегі 4 фотосуреті.
3) № 086-У нысаны бойынша медициналық анықтама, № 088-У нысаны бойынша I және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысы,
4) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін).

болмашы

31

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуға қабылдау емтихандары материалдарының, емтихандары хаттамаларының (нәтижелерінің) болуы:
орта буын мамандарын даярлау және:
1) бастауыш білімі бар ("Хореография өнері" мамандығы (біліктілігі "Балет әртісі") бойынша ғана кадрлар даярлау үшін қабылдау кезінде) оқуға түсушілер үшін бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары көлемінде екі пән бойынша (қазақ тілі немесе орыс тілі және шығармашылық емтихандар) өткізіледі;2) негізгі орта білімі бар оқуға түсушілер үшін – негізгі орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары көлемінде екі пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі және мамандық бейіні бойынша пән);
3) мамандық бейініне сәйкес келетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін әңгімелесу түрінде өткізіледі.орта буын мамандарын, қолданбалы бакалавр және :
1) жалпы орта білім үш пән (қазақ тілі немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық бейіні бойынша пән) бойынша жүргізіледі);
2) мамандық бейініне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін мамандықтың бейіндік пәні бойынша жүргізіледі.

болмашы

32

Өнер және мәдениет мамандықтары бойынша білім беру ұйымдарына оқуға түсетін тұлғалар үшін білім беру ұйымдары бекіткен бағдарламалар бойынша арнайы немесе шығармашылық емтихандардың өткізілгендерін растайтын хаттамалардың және бұйрықтардың болуы.

болмашы

33

Хаттамаларда орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің оқу бағдарламалары бойынша оқуға түсетін адамдар үшін қабылдау емтихандарын өткізудің төмендегі көрсетілген мерзімдерге сәйкес болуы:
оқудың күндізгі нысанына - күнтізбелік жылдың 1 тамызы мен 27 тамызы аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына күнтізбелік жылдың 1 тамызы мен 28 қыркүйек аралығында;
өнер және мәдениет мамандықтары бойынша арнайы немесе шығармашылық емтихандар күнтізбелік жылдың 21-28 шілдесі аралығында, сондай – ақ күнтізбелік жылдың 1-29 тамызы аралығында білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша күндізгі оқу нысанына түсетін адамдар үшін әңгімелесу өткізу мерзімдерінің сәйкестігі, оқудың кешкі нысанына - 1 тамыздан бастап

болмашы

34

Қабылдау емтихандарын бағалау талаптарын сақтау:
тестілеу нысанында-әр пән бойынша тест тапсырмаларының (сұрақтардың) саны 25, әр тест тапсырмасының дұрыс жауабы 1 балмен бағаланады;пәндер бойынша емтихандардың, қабылдау емтихандарының нәтижелері бойынша алынған "3", "4", "5" бағаларын қабылдау комиссиясының мынадай шкала бойынша: "3" – 8 бал, "4" – 17 бал, "5" – 25 балдарға ауыстырады, сондай-ақ конкурсқа қатысуға жіберу талаптарын сақтау:
1) екі пәннен кемінде 16 балл, негізгі орта (жалпы негізгі) білімі бар адамдар үшін медицина және фармацевтика мамандықтары бойынша кемінде 25 балл;
2) жалпы орта білімі бар үш пәннен кемінде 24 балл, медицина мамандықтары бойынша және медицина және фармацевтика мамандықтары бойынша кемінде 35 балл.

болмашы

35

Апелляцияға берілген өтініштерді қабылдау мен қарау тәртібінің сақталуын растайтын аппеляциялық комиссия отырыстары хаттамаларының болуы (өтініш болған жағдайда)

болмашы

36

Білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша білім беру ұйымдарына қабылдау мерзімдерінің сақталуы:
1) оқудың күндізгі нысанына – негізгі орта немесе жалпы орта білімі туралы құжаттарда көрсетілген бейіндік пәндер бойынша бағалары,
әңгімелесу нәтижелері ескеріле отырып іріктеу негізінде күнтізбелік жылдың 25-31 тамыз аралығында;
2) оқудың кешкі және сырттай нысанына - негізгі орта немесе жалпы орта білімі туралы құжаттарда көрсетілген бейіндік пәндер бойынша бағалары, әңгімелесу нәтижелері ескеріле отырып іріктеу негізінде күнтізбелік жылдың 15 – 30 қыркүйегі аралығында.

өрескел

37

Оқу шығындарын толық өтейтін, ақылы негізде білім алушының мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқу үшін бос орындарға ауыстыру тәртіптерінің сақталуы:1) білім алушының (немесе өзге де заңды өкілдерінің) мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша одан әрі оқуға ауыстыру туралы өтініші;
2) мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша одан әрі оқуға ауыстыру туралы білім алушының өтінішін алқалы органда қарау;
3) алқалы органның шешімі негізінде білім алушыны мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша одан әрі оқуға ауыстыру туралы бұйрық.

болмашы

38

Білім алушыны ауыстыру кезінде құжаттардың:
Бір білім беру ұйымынан басқа білім беру ұйымына ауысқанда:
1) ауыстыру туралы өтініш (немесе өзге де заңды өкілдер);
2) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушының үлгерім кітапшасының ол ауысатын білім беру ұйымы басшысының қолымен және мөрімен расталған көшірмесі болуы.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымнан орта білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға:

2) басқа білім беру ұйымына келгені туралы талон.
Білім беру ұйымы басшысының бұйрықтарының болуы (білім алушыларды ауыстыру туралы мәселені шешу кезінде:
1) оны оқу сабақтарына жіберу туралы;
2) оқу жоспарындағы айырмашылықты тапсыру туралы;
3) білім беру ұйымының білім алушылары қатарына қабылдау туралы.

болмашы

39

Қалпына келтіру шарттарын сақтау:
Білім беру ұйымдарында бұрын білім алған адамдар үшін бұрынғы білім беру ұйымына міндетті түрде қайта қабылданады:
- білім алушының өтінішінің болуы;
- білім алушының бір семестрді аяқтауы (білім алушыларды бірінші курсқа қайта қабылдау бірінші семестр аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады).
бұрын білім алушыларды басқа білім беру ұйымдарында қайта қабылдауға жол беріледі:
- оқу пәндерінің/модульдерінің/кредиттерінің академиялық айырмасын және (немесе) оқу нәтижелерін тапсыру кезінде курстар мен мамандықтар бойынша тиісті оқу топтарының болуы (курстар мен мамандықтар бойынша тиісті топ болмаған кезде оқу пәндерінің/модульдерінің/кредиттерінің және (немесе) оқу нәтижелерінің академиялық айырмасын тапсыру кезінде басқа мамандықтарға қайта қабылдануға рұқсат етіледі);
- білім беру ұйымы басшысының пәндердегі/модульдердегі/кредиттердегі және (немесе) оқу жоспарларын оқыту нәтижелеріндегі айырмашылықтарды жою тәртібі мен мерзімдерін бекіту туралы бұйрығының болуы.
- білім алушының жеке ісінің болуы;
- мамандығы, курсы және Тобы көрсетілген білім алушыны білім беру ұйымына қайта қабылдау туралы бұйрықтың болуы.
Білім алушылар ақылы негізде оқуға қайта қабылданған кезде (білім беру ұйымында оқу ақысын төлемегені үшін семестр бойы оқудан шығарылған)):
- білім алушының өтініші;
- білім алушыны білім беру ұйымына қайта қабылдау туралы бұйрық.
Шетелдік білім беру ұйымынан Қазақстан Республикасының Білім беру ұйымына қайта қабылдау кезінде:
- меңгерілген оқу бағдарламалары туралы құжаттың болуы (академиялық анықтама немесе транскрипт);
- Қазақстан Республикасында нострификациялау рәсімінен өтетін алдыңғы білім деңгейін аяқтағаны туралы құжаттың болуы;
- шетелдік білім беру ұйымдарына түсу кезінде түсу сынақтарының нәтижелерінің болуы;
- білім алушыны білім беру ұйымына қайта қабылдау туралы бұйрықтың болуы.

болмашы

40

Білім алушыларды бір білім беру ұйымынан екіншісіне, оқытудың бір нысанынан екіншісіне, бір тілдік бөлімшеден екіншісіне, бір мамандықтан екіншісіне, ақылы негізден мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға ауыстыру кезінде пәндер/ модульдер/ кредиттер саны және (немесе) оқу нәтижелері бойынша академиялық айырмашылықты айқындау шарттарын сақтау.

өрескел

41

Білім алушыларға академиялық демалыстар беру шарттарын негіздер бойынша сақтау:1) сырқаты бойынша ұзақтығы 6 айдан 12 айға дейін амбулаториялық-емханалық ұйым жанындағы дәрігерлік-консультациялық комиссияның (бұдан әрі – ДКК) қорытындысы;
2) ұзақтығы 36 айдан аспайтын туберкулезбен ауырған жағдайда туберкулезге қарсы медициналық ұйымның Орталықтандырылған дәрігерлік-консультациялық комиссияның (бұдан әрі – ОДКК) қорытындысы;
3) әскери қызметке шақыру туралы қағаз негізінде;4) босанғанда, ұл немесе қыз бала асырап алғанда үш жасқа толғанға дейінгі жағдайларда тоқтатылады.

болмашы

42

Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылаудың, аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгілік қағидаларының талаптарын сақтау:
- аралық аттестаттаудың емтихан ведомостарының болуы;
- келесі талаптарды сақтай отырып, білім алушыларды аралық аттестаттауға жіберу туралы бұйрықтардың болуы:
барлық практикалық, зертханалық, есептік-графикалық және курстық жұмыстарды (жобаларды), сынақтарды әр пән бойынша үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес толық орындаған;ағымдағы білім есебінің қорытындысы бойынша қанағаттанарлықсыз бағалары жоқ;
рұқсатты білім беру ұйымы басшысының рұқсатымен 1-2 пән бойынша қанағаттанарлықсыз бағалары бар білім алушылар алады;
педагогикалық кеңестің шешімімен екі қанағаттанарлықсыз баға алған білім алушылар рұқсат алады;
- білім беру ұйымы басшысының науқастануы бойынша немесе басқа да дәлелді себептер бойынша аралық аттестаттаудан өтпеген білім алушыларды аралық аттестаттауға жіберу туралы бұйрығының болуы;
- педагогикалық кеңес шешімінің және білім беру ұйымы басшысының аралық аттестаттау нәтижелері бойынша үштен астам қанағаттанарлықсыз бағалары бар білім алушыларды оқудан шығару туралы бұйрығының болуы.
- білім алушыға белгіленген үлгідегі анықтама беруді тіркеу журналының болуы;
- білім беру ұйымы басшысының белгілі бір курстың оқу жоспарының талаптарын толық орындаған, аралық аттестаттаудың барлық сынақтары мен емтихандарын сәтті тапсырған білім алушыларды келесі курсқа ауыстыру туралы бұйрығының болуы.

өрескел

43

- Білім алушыларды қорытынды аттестаттауды жүргізу бойынша комиссия отырыстары хаттамаларының, қорытынды аттестаттаудың (жеке) емтихандарын тапсыру туралы білім алушыларды қорытынды аттестаттауды жүргізу бойынша комиссия отырыстары хаттамаларының; біліктілікті беру туралы білім алушыларды қорытынды аттестаттауды жүргізу бойынша комиссия отырыстары хаттамаларының (жинақ); білім алушының бітіру жұмысын (диплом жобасын (жұмысын) қарау туралы қорытынды аттестаттауды жүргізу бойынша комиссия отырыстары хаттамаларының болуы;
- Диплом жобасын қорғау немесе қорытынды емтихан тапсыру кезінде "қанағаттанарлықсыз" деген баға алған тұлғаға қорытынды аттестаттауды қайта тапсыруға немесе мерзімін белгіленген қорытынды емтиханды қайта тапсыру "қанағаттанарлықсыз" деген баға алған пән және (немесе) модуль бойынша қорытынды аттестаттау комиссиясының рұқсат беру туралы шешімінің болуы.
- Диплом жобасын қайта қорғаудан немесе қорытынды емтихан тапсыру кезінде "қанағаттанарлықсыз" баға алған білім алушыға мамандығы (кәсібі) бойынша оқу курсын толық аяқтағандығы туралы белгіленген үлгідегі анықтаманың болуы
- Тиісті құжаттармен дәлелденген, себепті жағдайлармен дипломдық жобаны (жұмысты) қорғауға және қорытынды емтиханды тапсыруға келмеген білім алушылардың белгіленген мерзімде қорытынды аттестаттаудан өтуге жіберілуі туралы білім беру ұйымы басшысының бұйрығының болуы
- оқудың толық курсын аяқтағаннан кейін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін дипломдар беру кітаптарының болуы, сондай – ақ емтиханды оқу жоспарының 75 пайыздан кем емес барлық пәндерінен "өте жақсы" бағамен, ал қалған пәндерді – "жақсы" бағамен тапсырған, және дипломдық жобаны (жұмысты) "өте жақсы" деген бағамен қорғаған білім алушыға үздік дипломның берілуінің объективтілігін растайтын құжаттардың болуы.

өрескел

44

-Педагогті кәсіби міндеттеріне байланысты емес жұмыс түрлеріне тартуға;
- педагогтің есеп беруін не одан педагогтік лауазымдық міндеттеріне байланысты емес ақпаратты талап етуге;

- педагогке тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу міндеттемесін жүктеуге жол бермеу (өтініштер болған жағдайда тексеріледі).

өрескел

45

Мәдениет және спорт саласындағы білім беру ұйымдарын, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарын, бітіру жылы ішінде мамандығы бойынша бітірушілердің кемінде 90%-ын жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ететін білім беру ұйымдарын қоспағанда, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтары мен біліктілігінің сыныптауышында көрсетілген білім беру саласында мамандар даярлау үшін кемінде 5 мамандық бойынша лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның болуы;
техникалық және кәсіптік білім мамандықтарының және біліктілігінің сыныптауышында көрсетілген денсаулық сақтау саласындағы мамандарды даярлау үшін, бітіру жылы ішінде мамандық бойынша бітірушілердің кемінде 90%-ын жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ететін білім беру ұйымдарын қоспағанда, кемінде 4 мамандық бойынша лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның болуы.

өрескел

46

Колледждердің мамандық бойынша білім алушыларды соңғы 2 жыл үздіксіз қабылдауды жүзеге асыруы.

болмашы

47

Мамандық бойынша білім беру ұйымының түлектерін жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту туралы мәліметтер, бұл ретте мамандық бойынша бітірушілердің жалпы санынан жұмысқа орналасқандардың және жұмыспен қамтылғандардың үлесі - 75%-дан кем емес болуы.

елеулі

48

Студенттердің тұруы үшін жағдай жасау, меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімді басқару немесе жалға алу құқығында оқудың толық кезеңінде тұруды қамтамасыз ететін жатақханалардың және/немесе хостелдердің, және/немесе қонақ үйлердің болуы - мұқтаждар санынан кемінде 30%.

елеулі

49

Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдар үшін жағдай жасау (арнайы оқу бағдарламалары мен оқыту әдістері).

елеулі

4-бөлім. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін

1-кіші бөлім. Бақылау субъектісі (объектісі), оның ішінде ұлттық білім беру дерекқоры (ҰББДҚ) арқылы ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері, расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны, сондай-ақ уәкілетті органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері

1

Жоғары оқу орны басшысының білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен әкімшілік деректер нысандарын толық, дұрыс және уақтылы толтыруды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындамауы

өрескел

2

Сот төрелігі Академиясы мен ӘАОО-ны қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есепті жыл үшін қаржы-шаруашылық қызметтің негізгі көрсеткіштерін көрсете отырып, ақпаратты сайтқа жыл сайын орналастыру жөніндегі міндеттерді жоғары оқу орнының орындамауы.

өрескел

3

Білім беру саласындағы уәкілетті органға ақпаратты уақтылы ұсынбау немесе ұсынбау

өрескел

4

Білім беру ұйымдарында ҚБТ бойынша оқу процесін қамтамасыз етпеу.

өрескел

5

БАҚ-та, әлеуметтік желілерде, интернет басылымдарда жағымсыз жарияланымдардың болуы.

өрескел

6

ЖОО-ға тиісті органдарға жеке, заңды тұлғалардың, қоғамдық ұйымдардың өтініштерінің болуы.

өрескел

7

"Педагогикалық Ғылымдар" бакалавриатының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттары жіктеуішінің кемінде 7 бағыты бойынша кадрлар даярлау бағыты бойынша лицензиялардың болмауы

өрескел

8

Танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органының білім беру ұйымын немесе білім беру бағдарламасын аккредиттеуден бас тарту туралы шешімі.

өрескел

9

ЖОО-ның кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша білім алушыларды қабылдауды қамтамасыз етпеуі.

өрескел

10

Мұқтаждар санынан басқа қаладан келген білім алушылардың (жатақханалар/хостелдер/қонақ үйлер) кемінде 70% тұруы үшін жағдайлардың болмауы.

өрескел

2-кіші бөлім. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы бұрынғы профилактикалық бақылаудың нәтижелері (төменде көрсетілген талаптарды сақтамау)

1

Жарғының болуы және оның ережелерін сақтау.

елеусіз

2

ЖОО-ның Даму стратегиясы мен даму жоспарын іске асыруды қамтамасыз ету және оның тиімділігі: басқару органдары алдында стратегиялық жоспар мен даму жоспары бойынша жыл сайынғы есеп беру, оқу, ғылыми-зерттеу, қаржы қызметі мәселелері бойынша қоғам алдында есеп беру кездесулерін өткізу.

елеулі

3

Жоғары оқу орны бекіткен кадрлық саясатын сақтау: біліктілік сипаттамалары және жоғары оқу орны қызметкерлерінің лауазымдарына конкурстық орналасу.

өрескел

4

ЖОО-ның ұйымдық құрылымының болуы: құрылымдық бөлімшелер туралы ережелер, штаттық кесте, Академиялық күнтізбе, ЖОО қызметкерлерінің оқу жүктемесінің нормалары.

өрескел

5

Білім беру қызметін жоспарлау және басқару және оқу процесін ұйымдастыру бойынша шаралар, ережелер мен рәсімдер жүйесін білдіретін ЖОО алдында тұрған басымдықтар мен міндеттерді ескере отырып әзірленген академиялық саясатты сақтау және іске асыру.

елеулі

6

Академиялық адалдық қағидаттарын іске асыруды қамтамасыз ету: ЖОО-ның бірінші басшысының шарт талаптарында көзделген білім алушылар құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету; білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен әкімшілік деректер нысандарын толық, дұрыс және уақтылы толтыруды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындау.

өрескел

7

ЖОО бекіткен білім алушыларды қабылдау, ауыстыру, қайта қабылдау және оқудан шығару тәртібін сақтау.

өрескел

8

Білім туралы берілген құжаттар бойынша электрондық базаның жұмыс істеуін қамтамасыз ету (мұрағат)

елеулі

9

Кредиттік оқыту технологиясы талаптарын сақтау: академиялық кредиттерді жинақтай отырып, білім алушылардың пәндерді оқу кезектілігін өз бетінше жоспарлауы, оқу процесін жоспарлау және ұйымдастыру кезіндегі оқу жұмысының түрлері бойынша уақыт нормалары, оқу жұмысының түрлері арасындағы сағат көлемінің арақатынасы, оқыту технологиясы; ЖОО-ның оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысының мазмұны.

өрескел

10

ЖОО-ның еуропалық жоғары білім кеңістігінде (ESG-исиджи) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру сапасын қамтамасыз ету үшін халықаралық стандарттар мен нұсқаулықтарға негізделген сапаны Ішкі қамтамасыз ету жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуі.

өрескел

11

Қашықтықтан білім беру технологияларын (бұдан әрі - ҚБТ) қолдана отырып ұйымдастырылған оқу процесінің сапасын қамтамасыз ету: ұлттық білім беру деректер базасымен (бұдан әрі - ҰББДҚ) интеграцияланған басқарудың ақпараттық жүйесі және ҚБТ қолдана отырып оқыту процесін ұйымдастырушылық, әдістемелік, ақпараттық және техникалық сүйемелдеуді жүзеге асыратын арнайы құрылымдық бөлімше.

өрескел

12

ЖОО-ның ҰББДҚ-мен интеграцияланған білім беру процесін басқарудың ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуі (веб-сайтты, ақпараттық-білім беру порталын, оқытудың кредиттік технологиясын қамтамасыз етудің автоматтандырылған жүйесін, ақпараттық-білім беру ресурстарының жиынтығын қамтитын жоғары технологиялық ақпараттық-білім беру ортасы).

өрескел

13

Тіркеу офисінің болуы: білім алушыларды оқу пәндеріне тіркеуді сақтау, игерілген кредиттерді есепке алу, аралық және қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру, білім алушылардың жоғары оқу орындарындағы оқу жетістіктерінің бүкіл тарихын жүргізу; ӘАОО – да-білім беру сапасын мониторингтеу және бақылау (бағалау) бөлімшелерінің қызметі.

елеулі

14

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттары жіктеуішінің кемінде 7 бағыты бойынша (мәдениет және спорт саласындағы білім беру ұйымдарын, ҚР Ұлттық қауіпсіздік органдарына, ҚР Бас прокуратурасына, ҚР Қорғаныс министрлігіне, ҚР Ішкі істер министрлігіне, ҚР Ұлттық қауіпсіздік органдарына ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарын қоспағанда) "Педагогикалық ғылымдар" бакалавриаты кадрларын даярлау бағыты бойынша лицензияның болуы.

өрескел

15

Кемінде бес жылда бір рет, сот төрелігі Академиясы мен ӘАОО-ларды қоспағанда, білім беру ұйымдарының басшылары үшін менеджмент саласында кемінде бес жылда бір рет біліктілікті арттыруды, білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен талаптарға сәйкес "Педагогикалық ғылымдар" кадрларды даярлау бағыты бойынша; денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен талаптарға сәйкес "Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)" кадрларды даярлау бағыты бойынша жүзеге асырады.

өрескел

16

Оқытушылардың сапалы құрамымен қамтамасыз ету: олардың білімінің және/немесе ғылыми/академиялық дәрежесінің және/немесе ғылыми атағының оқытылатын пәндер бейініне сәйкестігі; ЖОО негізгі орын алатын оқытушылардың үлесі; профессор-оқытушылар құрамының дәрежелілігі.

өрескел

17

Оқу және ғылыми әдебиет қорымен қамтамасыз етілуі: соңғы он жылда баспа және электрондық басылымдар форматында кадрларды даярлау бағытының білім беру бағдарламасы пәндерінің 100% - ын қамтамасыз ететін, оның ішінде оқыту тілдері бойынша басып шығарылған басылымдар.

өрескел

18

Сымсыз технологияларды қоса алғанда, қолжетімді кең жолақты интернетпен қамтамасыз ету, бағдарламалық-аппараттық кешен мен қолданбалы қамтамасыз етуге қойылатын ең төменгі талаптарға сәйкес келетін компьютерлік кабинеттермен, компьютерлермен, оқу-зертханалық және материалдық-техникалық базамен, кадрларды даярлау бағытының білім беру бағдарламасына сәйкес білім беру процесі үшін қажетті жабдықпен, ҰББДҚ-ға сәйкес өзекті Деректер базалары бар білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесімен жарақтандыру және растайтын құжаттар.

өрескел

19

Ғылым докторы және/немесе ғылым кандидаты және/немесе философия докторы (PhD) ғылыми дәрежелері бар төрт оқытушының, оның ішінде негізгі жұмыс орны ЖОО болып табылатын кадрларды даярлау бағыты бойынша кемінде бір ғылым докторының немесе философия (PhD) докторының болуы.

өрескел

20

ЖОО-лардың кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша соңғы 2 жылда білім алушыларды үздіксіз қабылдауды жүзеге асыруы және растайтын құжаттар.

өрескел

21

Кадрларды даярлау бағыты бойынша бакалавриат түлектерін жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету, бұл ретте кадрларды даярлау бағыты бойынша бітірушілердің жалпы санынан бітіруші жыл ішінде жұмысқа орналасқандардың үлесі 50%-дан кем емес, "Педагогикалық ғылымдар" кадрларын даярлау үшін 60% - дан кем емес: ұсынылатын білім беру қызметтеріне қанағаттану деңгейін айқындау үшін білім алушылардан, профессорлық-оқытушылық құрам мен жұмыс берушілерден сұрау.

өрескел

22

Тиісті оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы құнының кемінде 30% - ын құрайтын білім беру ұйымдарының ақылы негізде бір білім алушыға жұмсалатын ең төменгі шығындарының сәйкестігі.

елеулі

23

Тиісті ғылыми және (немесе) академиялық дәрежесі/атағы бар оқытушылардың және (немесе) оқытушы лауазымында кемінде үш жыл өтілі бар немесе бейіні бойынша кемінде бес жыл практикалық жұмыс өтілі бар аға оқытушылардың дәріс оқуын қамтамасыз ету.

өрескел

24

Бакалавриат, магистратура, докторантура білім алушыларының дипломдық жұмыстарына (жобаларына), магистрлік/докторлық диссертацияларына қойылатын талаптарды сақтау және ғылыми жетекшілерді тағайындау.

өрескел

25

Білім алушылардың жазбаша бағаланатын жұмыстарына, сондай-ақ жариялауға ұсынылған оқытушылар мен ғылыми қызметкерлердің ғылыми жұмыстарына антиплагиаттың болуына тексеру жүргізуді сақтау.

өрескел

26

Білім алушылардың кәсіптік, зерттеу / өндірістік практиканы ұйымдастыруын және өткізуін сақтау.

өрескел

27

ЖОО бекіткен білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу, білім алушылардың оқу жетістіктерін есепке алу тәртібін сақтау, білім алушыларды қорытынды аттестаттау бойынша аттестаттау және апелляциялық комиссияларының жұмысы.

өрескел

28

Білім беру саласындағы уәкілетті органның білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген білім беру бағдарламасының жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына (бұдан әрі - МЖБС) сәйкестігі: "Педагогикалық ғылымдар" кадрларын даярлау бағыты бойынша орта білім берудің МЖБС ескере отырып, ҚР Ұлттық қауіпсіздік органдарына, ҚР Бас прокуратурасына, ҚР Қорғаныс министрлігіне, ҚР Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары үшін жоғары білім берудің МЖБС-ға сәйкестігі.

өрескел

29

Бакалавриат, магистратура және докторантура білім алушыларын қорытынды аттестаттауды өткізуге қойылатын талаптарды сақтау.

өрескел

30

Білім алушыда тиісті білім беру бағдарламасын меңгеру үшін қажетті пререквизиттерді "кіреберісте" қайта есепке алуды, формальды білім берудің алдыңғы деңгейінің жекелеген пәндерінің пререквизиттерін, сондай-ақ Оқыту нәтижелері сәйкес келген жағдайда тиісті деңгейдегі бейресми білім беруді оқыту нәтижелерін сақтау, білім беру бағдарламасының бейіні сәйкес келмеген жағдайда жоғары білім берудің толық бағдарламасы бойынша оқытуды жүзеге асыру.

өрескел

31

Білім алушының оқу жүктемесін сақтау, білім алушының оқу қызметінің барлық түрлерін қоса алғанда, барлық оқу кезеңінде бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша академиялық кредиттерді игеру.

өрескел

32

Білім беру деңгейлері бойынша дескрипторлар негізінде білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын талаптарға сәйкестігін растайтын және оқытудың қол жеткізілген нәтижелерінде көрсетілген игерілген құзыреттерді көрсететін бекітілген модульдік білім беру бағдарламаларымен қамтамасыз ету.

өрескел

33

Білім алушының жеке жұмыс жоспарын сақтау: оқу жоспары, ғылыми-зерттеу, эксперименттік-зерттеу жұмысы; практика; негіздемесі мен құрылымы бар дипломдық/магистрлік/докторлық жұмыстың (диссертацияның, жобаның) тақырыбы мен жоспары; ғылыми жарияланымдар мен тағылымдамалардың, оның ішінде шетелдік жоспарлар.

өрескел

34

Білім алушылардың оқу жетістіктерін анықтау үшін бақылаудың тиімді және ашық рәсімдері негізінде білім алушылардың білімін кесуді жүргізу.

өрескел

35

МВА/ЕМВА/DBA бекітілген білім беру бағдарламаларымен қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың іске асырылуын растау: мазмұны, құрылымы, бизнес зерттеулер мен консалтинг жүргізуге тартылған профессорлық-оқытушылық құраммен, басқарушылық жұмыс тәжірибесі бар, сондай-ақ ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесі бар ғылыми қызметпен және/немесе DBA бағдарламаларында оқыту үшін халықаралық тағылымдамалары мен жарияланымдары бар даярлау бағыты бойынша кәсіби білімі мен дағдылары бар адамдармен қамтамасыз ету, кемінде екі ғылыми-зерттеу/академиялық тәжірибесі бар немесе DBA бағдарламасының докторанттарын ғылыми басқаруды жүзеге асыру үшін басқару, консалтингтік жұмыс тәжірибесі бар DBA дәрежесі бар ғылым докторлары/кандидаттары қатарынан тағайындалатын мамандармен қамтамасыз ету.

өрескел

36

Магистрлік/докторлық диссертацияларды қорғауды ұйымдастыру, жүргізу және сақтау, растайтын құжаттар.

өрескел

37

ЖОО-да ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруды және жүргізуді қамтамасыз ету: іргелі, қолданбалы, іздестіру (бастамашыл) ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық, инновациялық жұмыстар, тапсырыс, бөгде ұйымдармен шарт бойынша ғылыми зерттеулер; оқытудың инновациялық технологияларын және ғылыми зерттеулер нәтижелерін оқу процесі мен өндіріске әзірлеу және енгізу; зерттеу қызметінің инновациялық инфрақұрылымын қалыптастыру, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру тетігін құру және енгізу; зерттеушілер мен әзірлеушілердің зияткерлік меншігі мен авторлық құқығын қорғау.

өрескел

38

ЖОО-ның шетелдік білім беру, ғылым және мәдениет ұйымдарымен, халықаралық ұйымдармен және қорлармен ынтымақтастығын іске асыру, білім алушылармен, педагогикалық және ғылыми қызметкерлермен алмасудың халықаралық бағдарламаларына қатысу, шетелдік азаматтар қатарынан кадрлар даярлау, ҚР Ұлттық қауіпсіздік органдарына, ҚР Жоғарғы сотына, ҚР Бас прокуратурасына, ҚР Қорғаныс министрлігіне, ҚР Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарынан басқа білім беру саласындағы халықаралық үкіметтік емес ұйымдарға (қауымдастықтарға) кіру.

өрескел

39

ЖОО-да ұйымдармен және кәсіпорындармен шартқа сәйкес қаржыландырылатын ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды іске асыру және растайтын құжаттар.

өрескел

40

Білім беру бағдарламасына сәйкес сұратылып отырған кадрларды даярлау бағыты бойынша мамандандырылған ғылыми-техникалық, ғылыми-әдістемелік, клиникалық, эксперименттік практика базасымен қамтамасыз ету: практика базалары, оның ішінде "Педагогикалық Ғылымдар" кадрларды даярлау бағыты үшін – мектепке дейінгі, және/немесе бастауыш, және/немесе негізгі және/немесе жалпы орта, және/немесе техникалық және кәсіптік, және/немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарымен педагогикалық практика базалары бойынша шарттардың болуы. Бұл ретте "Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)" кадрларын даярлау үшін – жетекші шетелдік медициналық білім беру ұйымдарымен стратегиялық әріптестік туралы шарттардың болуы.

өрескел

41

Әріптес жоғары оқу орны мәртебесінің нормаларын көздейтін кадрларды даярлаудың тиісті бағыттары бойынша білім беру ұйымдарымен, ғылыми және (немесе) ғылыми-білім беру және (немесе) ғылыми-өндірістік орталықтармен халықаралық ынтымақтастық жөніндегі талаптарды сақтау және шетелдік консультанттарды тарту.

өрескел

42

Материалдық активтермен (аудиториялық және зертханалық базамен, оқу кабинеттерімен, өндірістік шеберханалармен, полигондармен, спорт залдарымен), ғимараттармен (оқу корпустарымен): Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен санитариялық қағидалар мен нормаларға және өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетін, мемлекеттік органдардың немесе квазимемлекеттік ұйымдардың қатысуымен жоғары оқу орындары үшін кемінде 5% меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару, сенімгерлік басқару құқығымен тиесілі, оқу үй-жайларымен және алаңымен қамтамасыз ету, үй-жайларда және білім беру ұйымының іргелес аумағының барлық периметрі бойынша бейне бақылауды қамтамасыз ету болып табылады.

өрескел

43

Басқа қаладан келген білім алушылардың (жатақханалар/хостелдер/қонақ үйлер) мұқтаждар санынан кемінде 70% тұруы үшін жағдай жасау және растайтын құжаттар.

өрескел

44

Барлық оқу корпустарын жабдықталған медициналық пункттермен қамтамасыз ету. Медициналық қызметке лицензияның болуы. ҚР Ұлттық қауіпсіздік органдарына, ҚР Қорғаныс министрлігіне, ҚР Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары үшін – білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы.

елеулі

45

Әрбір оқу корпусында білім алушыларды тамақтандыру үшін жағдай жасау.

елеулі

46

Жоғары оқу орнының ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар үшін жағдай жасауы (кіру жолдары, ақпараттық-навигациялық қолдау құралдары, баспалдақтарды пандустармен немесе көтергіш құрылғылармен қайталау, баспалдақтар мен пандустарды тұтқалармен жабдықтау, есіктер мен баспалдақтарды қарама-қарсы бояумен бояу, мүгедектердің автокөлік құралдарын қою үшін орындар бөлу).

өрескел

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 719 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 843 бірлескен бұйрығына
2-қосымша

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қатысты білім беру жүйесін мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 09.12.2020 № 514 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.12.2020 № 92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ____________________________

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді/профилактикалық

      бақылауды тағайындау туралы акт ____________________________________

      (№, күні)

      Бақылау субъектінің (объектінің) атауы ________________________________

      Бақылау субъектінің (объектінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-сәйкестендіру нөмірі________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы ______________________________________

р/с №

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

1

Педагогтің лауазымдық міндеттерін және педагогикалық этика нормаларын сақтауы (өтініш болған жағдайда тексеріледі).

2

Білім беру ұйымдарында саяси партиялар мен діни ұйымдардың (бірлестіктердің) ұйымдық құрылымдарын құруға және олардың қызметіне тыйым салу бөлігінде мемлекеттік саясат қағидатының сақталуы (өтініш болған жағдайда тексеріледі).

3

Мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің бес жылда бір реттен сиретпей біліктілігін арттыруын растайтын сертификаттарының болуы.

4

Педагогтердің біліктілік санатының деңгейін бес жылда бір реттен сиретпей арттырудан (растаудан) өтуін растайтын біліктілік санатын беру/растау туралы куәліктердің, бұйрықтардың, куәліктерді беру және тіркеу журналдарының болуы.

5

Ұлттық білім беру дерекқорының статистикалық деректерінің білім беру ұйымының нақты деректеріне сәйкестігі.

6

Білім беру салалары және сағат сандары бар оқу жоспарларының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларына сәйкестігі. Сондай-ақ, инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытуда баланың ерекшеліктері ескеріліп, жеке оқу жоспары мен жеке бағдарламаның болуы.

7

Оқу жүктемесін, ұымдастырылған оқу қызметінің ұзақтығы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына, үлгілік оқу жоспарына және үлгілік бағдарламасына сәйкестігін растайтын педагог-мамандардың, тәрбиешілердің бекітілген өтпелі тақырыптарына қатан сәйкестікте білім беру ұйымы бекіткен перспективалық жоспардың, циклограммалардың (бақылау, жұмыс уақыты, балалардың өмірі мен қызметін ұйымдастыру, сабақтарды, вариативтік бөлімді, педагог – мамандар үшін бірлескен қызметін жоспарлау), барлық жас топтары бойынша ұымдастырылған оқу қызметінің бөлінуі, жас топтары бойынша күн тәртібінің болуы және іске асырылуы

8

Тәрбиеленушілердің, оның ішінде ерекше білім беру қажеттілігі және жеке мүмкіндіктері бар тәрбиеленушілер үшін "Денсаулық", "Қатынас", "Таным", "Шығармашылық", "Әлеумет" білім беру салаларын іске асыру үшін дене, зияткерлік және жеке тұлғалық дамуын қамтамасыз ететін оңтайлы жағдайлардың болуы.

9

Мектепке дейiнгi тәрбиемен, оқытумен қамтылған және қамтылмаған балалардың дамуы және оларды тәрбиелеу жөнінде ата-аналар үшін өткізілген кеңестерді растайтын материалдарының болуы.

10

Баланың жас ерекшелігіне сәйкес балалардың ептіліктері мен дағдыларының дамуын қадағалайтын материалдардың болуы (электрондық және қағаз түріндегі бақылау парағы, даму жеке картасы – әдіскердің жинақ есебі).

11

Топтарды жинақтау кезінде балалардың жас ерекшеліктерінің сақталғандығын растайтын топтар бойынша балалар тізімдерінің болуы (балалардың жасы 1 қыркүйекке дейін – толық жас) (әр түрлі жастағы топтарды қоспағанда).

12

Білім беру ұйымының құрылтайшылық, құқық белгілеуші құжаттарының және рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы қызметтің басталғаны туралы хабарламаны қабылдау туралы талонның болуы.

13

Бiр жастан бастап мектеп жасына дейiн жеткенше тәрбиеленушілерді тәрбиелеу, оқыту, дамуындағы ауытқуды түзету және әлеуметтік бейімдеу бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын, мемлекеттік қаржыландыратын қызмет көрсету көлемінде, оның ішінде балаларға инклюзивті білім беруді іске асыру мен медициналық бақылау, сондай-ақ қарау, күту және сауықтыру үшін растайтын материалдарының (ғимараттың қуаты жобасын растайтын құжаттардың болуы, мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы әкімдіктің қаулысы, тәрбиленушілердің тізімдік құрамы) болуы.

14

Білім беру ұйымымен бекітілген педагогикалық кеңестің жұмыс жоспарлары мен отырыстар хаттамаларының, олардың қызметін растайтын материалдардың болуы.

15

Тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар немесе тиісті бейіні бойынша білім беру саласындағы заңнамаға сәйкес педагогикалық қайта даярлаудан өткен педагог кадрлармен қамтамасыз етілгенін растайтын қосымшалары бар дипломдар көшірмелерінің және білім беру ұйымы бекіткен педагог қызметкерлердің тарификациялық тізімдерінің болуы.

16

Білім беру ұйымдарында педагогтің кәсіби қызметіне: 1) соттың заңды күшіне енген үкіміне сәйкес педагогтің кәсіби қызметін жүзеге асыру құқығынан айырылған;2) іс-әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған, соның нәтижесінде қызметкердің еңбек қатынастарын жалғастыру мүмкіндігі жоқ;3) психиатриялық және (немесе) наркологиялық жазбалардан тұратын медициналық қарсы көрсетілімдері бар;4) тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе кәсіптік білімі туралы немесе тиісті бейіні бойынша білім беру саласындағы заңнамаға сәйкес педагогикалық қайта даярлаудан өткен құжаттары жоқ;5) адам өлтіргені, денсаулыққа қасақана зиян келтіргені, адамдардың денсаулығына және имандылыққа, жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін, экстремистік немесе террористік қылмыстар, адам саудасы үшін сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауда жүрген немесе қудалауда болған адамдарды жұмысқа орналастыруға жол бермеу.

17

Мектепке дейінгі ұйымның басшысы немесе өзге де лауазымды тұлғаның оқу-тәрбие процесі барысында білім беру ұйымы тәрбиеленушілерінің, білім алушылар мен қызметкерлерінің өмірлері мен денсаулықтарын қорғау бойынша лауазымдық міндеттерін орындауы (өтініш болған жағдайда тексеріледі).

18

Мектепке дейінгі ұйымның Жарғысында белгіленген функцияларды орындау (өтініш болған жағдайда тексеріледі).

19

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары педагогтерінің саны мен лауазымдарының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары қызметкерлерінің үлгілік штатына және педагог лауазымдарының тізбесіне сәйкес келуі.

20

Мектепке дейінгі ұйым мен ата-аналар немесе ата-аналардың заңды өкілдері арасындағы өзара қарым-қатынасты реттейтін шарттардың болуы.

21

Білім беру ұйымымен бекітілген ішкі тәртіп қағидасының, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарының болуы.

22

Мектепке дейінгі ұйымда тәрбиеленушінің орны тәрбиеленуші ауырып, денсаулық сақтау, білім беру және өзге де ұйымдарда емделген, сауықтырылған, денсаулығын түзеткен және оңалтылған (көрсетілімі бойынша анықтама және қорытынды ұсынған жағдайда); тәрбиеленушінің ата-анасының бірі немесе заңды өкілі тәрбиеленушінің жылына 2 айдан артық емес демалысына жазбаша өтініш ұсынған жағдайда; елді мекенде төтенше жағдай (әлеуметтік, табиғи, техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар) енгізілген кезеңде сақталады (өтініш болған жағдайда тексеріледі);
Тәрбиеленушілер мектепке дейінгі ұйымдардан мектепке дейінгі ұйым мен тәрбиеленушінің ата-анасының немесе өзге де заңды өкілінің арасындағы шарттың талаптары бұзылған; тәрбиеленуші бір айдан астам дәлелсіз себеппен және әкімшілікке ескертпей келмеген; дәрігерлік консультациялық комиссия анықтамасының негізінде тәрбиеленушінің келуiне кедергi болатын медициналық қарсы көрсетілімдер болған жағдайларда шығарылады (өтініш болған жағдайда тексеріледі).

23

-Педагогті кәсіби міндеттеріне байланысты емес жұмыс түрлеріне тартуға;
- педагогтің есеп беруін не одан педагогтік лауазымдық міндеттеріне байланысты емес ақпаратты талап етуге;
- педагогке тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу міндеттемесін жүктеуге жол бермеу (өтініштер болған жағдайда тексеріледі).

      Лауазымды адам (адамдар) ___________________________ __________

      лауазымы            қолы

      __________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Бақылау және қадағалау

      субъектісінің басшысы ______________________________ _____________

      лауазымы             қолы

      __________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
мміндетін атқарушының
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 719 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 843 бірлескен бұйрығына
3-қосымша

Жалпы орта білім берудің бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қатысты білім беру жүйесін мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 09.12.2020 № 514 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.12.2020 № 92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ____________________________

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді/профилактикалық

      бақылауды тағайындау туралы акт ____________________________________

      (№, күні)

      Бақылау субъектінің (объектінің) атауы ________________________________

      Бақылау субъектінің (объектінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-сәйкестендіру нөмірі

      __________________________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы ______________________________________

р/с №

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

1

Білім беру ұйымының қызметін қамтамасыз ететін білім беру ұйымының құрылтай құжаттарының болуы.

2

Ұлттық білім беру деректер қорының статистикалық деректерінің білім беру ұйымының нақты деректеріне сәйкестігі.

3

Педагогтің лауазымдық міндеттерін және педагогикалық этика нормаларын сақтауы (өтініштер болған жағдайда тексеріледі).

4

Білім беру ұйымдарының басшы кадрларының, педагогтерінің және ғылыми қызметкерлерінің атқаратын лауазымы бойынша және/немесе оқытылатын пәні бойынша бес жылда бір реттен сиретпей біліктілігін арттырғандығын растайтын сертификаттарының болуы.

5

Білім беру ұйымдарында саяси партиялар мен діни ұйымдардың (бірлестіктердің) ұйымдық құрылымдарын құруға және олардың қызметіне тыйым салу бөлігінде мемлекеттік саясат қағидатының сақталуы (өтініштер болған жағдайда тексеріледі).

6

Білім алушылар контингенті бойынша білім беру ұйымдары бұйрықтарының, сыныптар бөлінісінде білім беру ұйымдары білім алушыларының сандық құрамын растайтын білім алушыларды жазатын алфавиттік кітаптың болуы.

7

Үлгілік оқу жоспарының инвариантты компонентінің орындалуын растайтын жұмыс оқу жоспарларының, сынып журналдарының, сабақ кестесінің болуы, сондай-ақ білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің жұмыс оқу жоспарларындағы, сабақ кестелеріндегі, факультативтік, үйірмелік, топтық және жеке сабақтардың ең жоғары көлеміне сәйкес келуі.

8

Сынып журналдарында (электрондық/қағаз) ағымдағы бағалардың немесе ағымдағы бағалаудың балмен,
2-11 сынып білім алушыларында тоқсандық және жылдық бағалардың болуы, сондай-ақ белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан, оқу жылы) аяқталғаннан кейін өткізілетін жиынтық бағалауды жүргізу қорытындылары бойынша жиынтық бағалауды және талдауды, оқу бағдарламасына сәйкес бөлімдерді/өтпелі тақырыптарды зерделеуді растайтын материалдардың болуы.

9

Денсаулық жағдайына байланысты ұзақ уақыт бойы білім беру ұйымына бара алмайтын білім алушыларды үйде немесе емдеу ұйымдарында жеке тегін оқытуды ұйымдастыру туралы, сондай-ақ рұқсаттар негізінде экстернат және қашықтықтан оқыту нысанында оқытуға бұйрықтардың болуы.

10

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылардың білім алуы, даму бұзушылықтарының түзетілуі және әлеуметтік бейімделуі үшін қажетті жағдайлардың жасалуын растайтын дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтамалары мен психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының қорытындылары бар білім алушыларға арналған білім беру салаларының, оқу пәндері үлгілік жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес сағат санының жеке оқу жоспарларының, сондай-ақ, экстернат нысанында оқитын білім алушыларға арналған оқу жұмыс жоспарына сәйкес жеке оқу бағдарламасының және консультация беру кестесінің болуы және сәйкестігі.

11

Жұмыс оқу жоспары пәндерінің үлгілік оқу жоспарларына және бастауыш білім беру, негізгі орта білім беру, жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетт стандартына сәйкестігі.

12

Жұмыс оқу жоспарының пәндеріне сәйкес педагогтердің болуы:
Тиісті бейіні бойынша педагогикалық білімі бар бастауыш білім деңгейі үшін: лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын жалпы білім беретін мектептер, мектеп-гимназиялар, мектеп-лицейлер үшін бастауыш білім беру деңгейіндегі педагогтердің жалпы санынан жоғары және бірінші санаттағы педагогтердің, педагог-сарапшылардың, педагог-зерттеушілердің, педагог-шеберлердің үлесі 25 %-дан кем емес;
лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын гимназиялар үшін бастауыш білім беру деңгейіндегі педагогтердің жалпы санынан жоғары және бірінші санаттағы педагогтердің, педагог-сарапшылардың, педагог-зерттеушілердің, педагог-шеберлердің үлесі 30 %-дан кем емес;
Тиісті бейіні бойынша педагогикалық білімі бар немесе педагогикалық қайта даярлаудан өткен негізгі орта білім беру, жалпы орта білім беру деңгейлері үшін:
Негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын жоғары және бірінші санаттағы педагогтердің, педагог-сарапшылардың, педагог-зерттеушілердің, педагог-шеберлердің үлесі негізгі орта білім беру, жалпы орта білім беру деңгейлеріндегі педагогтердің жалпы санынан жалпы білім беретін мектептер, мектеп-гимназиялар, мектеп-лицейлер үшін 35 %-дан кем емес, лицей үшін 40 %-дан кем емес, оның ішінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы педагогтердің үлесі 30%-дан кем емес;гимназиялар үшін 40%-дан кем емес, оның ішінде қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы педагогтердің үлесі 30%-дан кем емес, дарынды тұлғаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдары үшін 45%-дан кем емес, соның ішінде аудандық және/немесе облыстық конкурстар мен жарыстар кезеңдерінің жеңімпаздарын және/немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен соңғы бес жылдағы республикалық конкурстар мен жарыстардың қатысушылары мен жеңімпаздарын дайындаған педагогтер (болған жағдайда).

13

Медициналық қызмет көрсетуге лицензия немесе денсаулық сақтау ұйымдарымен шарт негізінде білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы.

14

Білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы.

15

Санитариялық нормаларға және өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетін оқу үй-жайларымен білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ететін меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару не сенімгерлік басқару құқығында тиесілі материалдық активтердің болуы немесе кемінде 10 жыл қолданылу мерзімімен материалдық активтерді жалға алудың болуы.

16

Компьютерлік сыныптармен; интернет желісіне қосылған компьютерлермен жарақтандырылуы; edu.kz аймағында үшінші деңгейдегі домендік атаудың болуы;
жабдықтар мен жиһаздардың болуы;
мемлекеттік білім беру ұйымдарының орын-жайларында және (немесе) іргелес аумақтарында бейнебақылаудың болуы;
бастауыш білім беру үшін жеке пайдалануға арналған жабдықталған шкафтардың болуы;
оқу жұмыс жоспарларына сәйкес оқу пәндері кабинеттерінің және негізгі орта және жалпы орта білім беру үшін зертханалардың болуы.

17

Білім беру ұйымы басшысының білім беру ұйымына қабылдау және білім алушылардың білім беру ұйымынан шығуы туралы бұйрықтарының болуы, сондай-ақ әрбір шығып қалған білім алушыға басқа білім беру ұйымына келуі туралы есептен шығару талонының болуы.
Білім алушылардың жеке істерінде:
- баланың заңды өкілдерінің өтініші негізінде дайындық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымы қызмет көрсететін аумақта тұратын балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, барлық алты жастағы және күнтізбелік жылда алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды;
- білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағында тұратын білім алушыларды бастауыш және негізгі орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы сыныптарына қабылдауды;
- жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының оныншы, он бірінші сыныптарына білім алушыларды қабылдау білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағында тұратын білім алушылардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, гимназиялардың, лицейлердің оныншы, он бірінші сыныптарына қабылдау гимназия, лицейлерге білім беру ұйымдары түрлерінің қызмет көрсету аумағы ескерілместен білім алушының жеке өтінішінің не олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші және негізгі орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаты негізінде жүзеге асырылғанын растайтын құжаттардың болуы.

18

Мамандандырылған білім беру ұйымдарына және гимназияларға бірінші сыныпқа түсуі үшін конкурстық негізде қабылдау жүргізгендігін растайтын емтиханның, тестілеудің, сынақтың материалдарының, хаттамалардың болуы.

19

Үлгілік нысанын білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін білім беру ұйымының басшысы мен білім алушының ата-аналары немесе заңды өкілдері арасында жасалған білім беру қызметтерін көрсетуге арналған шарттың болуы.

20

Білім беру ұйымының жарғысында белгіленген функцияларды орындау (өтініш болған жағдайда тексеріледі).

21

Білім беру ұйымы басшысының немесе өзге де лауазымды тұлғаның білім беру ұйымы білім алушыларының және тәрбиеленушілерінің, қызметкерлерінің оқу-тәрбие процесі кезіндегі өмірі мен денсаулығын сақтау бойынша міндеттерін орындауы (өтініштер болған жағдайда тексеріледі).

22

Педагогтердің біліктілік санатының деңгейін бес жылда бір реттен, сондай-ақ мемлекеттік білім беру ұйымдары басшыларының үш жылда бір реттен сиретпей арттырудан (растаудан) өтуін беру (растау) туралы куәліктердің, бұйрықтардың, куәліктерді тіркеу және беру журналдарының болуы.

23

Білім беру ұйымымен бекітілген алқалық органдардың (педагогикалық, әдістемелік кеңестердің және педагогикалық әдеп бойынша кеңестің) қызметін растайтын жұмыс жоспарлары мен отырыстары хаттамаларының болуы.

24

Қосымшалары бар дипломдар көшірмелерінің, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының базасында педагогикалық қайта даярлаудан өту сертификаттары және білім беру ұйымдарымен бекітілген сабақ беретін пәнінің бейініне, сондай-ақ педагогтың атқаратын лауазымына сәйкес келетін жоғары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі педагогикалық білімі бар педагогтармен қамтамасыз етілгенін растайтын педагогтердің тарификациялық тізімдерінің болуы.

25

Білім беру ұйымдарында педагогтің кәсіби қызметіне:1) соттың заңды күшіне енген үкіміне сәйкес педагогтің кәсіби қызметін жүзеге асыру құқығынан айырылған;2) іс-әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған, соның нәтижесінде қызметкердің еңбек қатынастарын жалғастыру мүмкіндігі жоқ;3) психиатриялық және (немесе) наркологиялық жазбалардан тұратын медициналық қарсы көрсетілімдері бар;4) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттары жоқ;5) адам өлтіргені, денсаулыққа қасақана зиян келтіргені, адамдардың денсаулығына және имандылыққа, жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін, экстремистік немесе террористік қылмыстар, адам саудасы үшін сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауда жүрген немесе қудалауда болған адамдарды жұмысқа орналастыруға жол бермеу.

26

Қорытынды аттестаттаудан өткен азаматтарға мемлекеттiк үлгідегі білім туралы құжаттардың берілуінің объективтілігін растайтын педагогикалық кеңес хаттамаларының, негізгі орта білім туралы және жалпы орта білім туралы аттестаттарды беру және есепке алу кітабындағы жазбалардың болуы

27

9-сынып білім алушыларының негізгі орта білім беру және 11-сынып білім алушыларының жалпы орта білім беру деңгейіндегі оқыту курсы үшін қорытынды аттестаттау және қорытынды бағалардың электрондық хаттамаларының болуы.

28

9 және 11-сынып білім алушылары бір немесе екі пәннен жылдық қанағаттанарлықсыз баға алған жағдайда білім беруді басқару органдары белгілеген мерзімде қайта қорытынды аттестаттау жүргізілгендігін растайтын материалдарының болуы (өтініштер болған жағдайда тексеріледі).

29

Оқудан тыс іс-шаралар ұйымдастырудың және қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде элективті курстардың ұйымдастырылуын растайтын материалдардың болуы.

30

- Педагогті кәсіби міндеттеріне байланысты емес жұмыс түрлеріне тартуға;
- педагогтің есеп беруін не одан педагогтік лауазымдық міндеттеріне байланысты емес ақпаратты талап етуге;
- педагогке тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу міндеттемесін жүктеуге жол бермеу (өтініштер болған жағдайда тексеріледі).жағдайда тексеріледі).

31

Ұйым басшысы бұйрығының және тәлімгерлікті ұйымдастыру жөніндегі қызметті растайтын құжаттардың болуы.

      Лауазымды адам (адамдар) ___________________________ __________

      лауазымы            қолы

      __________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Бақылау және қадағалау

      субъектісінің басшысы ______________________________ _____________

      лауазымы            қолы

      ________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 719 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 843 бірлескен бұйрығына
4-қосымша

Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын
білім беру ұйымдарына қатысты білім беру жүйесін мемлекеттік бақылау саласындағы
тексеру парағы

      Ескерту. 4-қосымша алып тасталды – ҚР Білім және ғылым министрінің 15.11.2018 № 632 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.11.2018 № 71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 719 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 843 бірлескен бұйрығына
5-қосымша

Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын
білім беру ұйымдарына қатысты білім беру жүйесін мемлекеттік бақылау саласындағы
тексеру парағы

      Ескерту. 5-қосымша алып тасталды – ҚР Білім және ғылым министрінің 15.11.2018 № 632 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.11.2018 № 71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 719 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 843 бірлескен бұйрығына
6-қосымша

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қатысты білім беру жүйесін мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы

      Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 09.12.2020 № 514 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.12.2020 № 92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ____________________________

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді/профилактикалық

      бақылауды тағайындау туралы акт ____________________________________

      (№, күні)

      Бақылау субъектінің (объектінің) атауы ________________________________

      Бақылау субъектінің (объектінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-сәйкестендіру нөмірі

      __________________________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы ______________________________________

р/с №

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

1

Білім беру ұйымының құрылтайшылық және құқық белгілеуші құжаттарының бар болуы

2

Педагогтің лауазымдық міндеттерін және педагогикалық этика нормаларын сақтауы (өтініштер болған кезде тексеріледі).

3

Педагогтердің біліктілік санаты деңгейін бес жылда кемінде бір рет арттырудан (растаудан) өткенін растайтын біліктілік санатын беру/ растау туралы куәліктердің, бұйрықтардың, тіркеу және куәліктер беру журналдарының болуы.

4

Тиісті бейін бойынша 5 жыл ішінде кемінде 180 сағат көлемінде педагогтердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету;
Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының педагогтері үшін көлемі кемінде 108 сағат.

5

Білім беру ұйымдарында саяси партиялар мен діни ұйымдардың (бірлестіктердің) ұйымдық құрылымдарын құруға және олардың қызметіне тыйым салу бөлігінде мемлекеттік саясат қағидатының сақталуы (өтініштер болған кезде тексеріледі).

6

Білім беру процесінде саяси үгіттеу, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді саяси, діни немесе өзге де нанымдарды қабылдауға не олардан бас тартуға мәжбүрлеу үшін, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық немесе діни араздықты қоздыру үшін, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық немесе тілдік қатыстылығы, олардың дінге қатынасы белгісі бойынша, оның ішінде білім алушыларға тарихи, ұлттық және діни наным-сенімдер туралы дәйексіз мәліметтерді хабарлау арқылы азаматтардың айрықшалығын, артықшылығын не толық еместігін насихаттайтын үгіт, сондай-ақ білім алушыларды Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін іс-әрекеттерге итермелеу.".
(өтініштер болған кезде тексеріледі).

7

Білім алу кезеңінде әлеуметтік көмекке мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын күтіп - бағуға арналған шығыстарды өтеуге арналған кепілдіктің сақталуы (өтініш болған жағдайда).

8

Білім беру ұйымдарында педагогтің кәсіби қызметіне:1) соттың заңды күшіне енген үкіміне сәйкес педагогтің кәсіби қызметін жүзеге асыру құқығынан айырылған;2) іс-әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған, соның нәтижесінде қызметкердің еңбек қатынастарын жалғастыру мүмкіндігі жоқ; 3) психиатриялық және (немесе) наркологиялық жазбалардан тұратын медициналық қарсы көрсетілімдері бар;4) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттары жоқ; 5) адам өлтіргені, денсаулыққа қасақана зиян келтіргені, адамдардың денсаулығына және имандылыққа, жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін, экстремистік немесе террористік қылмыстар, адам саудасы үшін сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауда жүрген немесе қудалауда болған адамдарды жұмысқа орналастыруға жол бермеу.

9

Білім беру ұйымының жарғысында белгіленген функцияларды орындау (өтініштер болған жағдайда).

10

Мамандықтың дайындалатын біліктіліктері бойынша жұмыс оқу жоспарларының техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына/ орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына, үлгілік оқу жоспарларына (бар болса), "Педагог" кәсіби стандартына (бар болса) (мемлекеттік және орыс тілдерінде) сәйкестігі.
Білім беру саласында мамандар даярлау үшін:
- дайындалатын мамандық біліктіліктері бойынша жұмыс оқу жоспарларының техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына/ орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына, салалық біліктілік шеңберіне, "Педагог" кәсіби стандартына, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың және/немесе бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын ескере отырып, үлгілік оқу жоспарларына (мемлекеттік және орыс тілдерінде) сәйкестігі.
Діни білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін Діни қызмет саласындағы уәкілетті органмен келісілген жалпы білім беретін және діни пәндерді қамтитын білім беру бағдарламаларының болуы.

11

Даярланатын мамандық біліктілігі бойынша оқу жұмыс жоспарының пәндеріне сәйкес педагогтердің болуы, оның ішінде педагогтер білімінің оқытылатын пәндер бейініне сәйкес болуы немесе білім беру саласындағы заңнамаға сәйкес педагогикалық қайта даярлаудан өткен педагогтердің болуы, және/немесе бейіні бойынша соңғы 3 жылда кемінде 72 сағат көлемінде ұйымдарда және/немесе өндірісте тағылымдамадан өткен өндірістік оқыту шеберлерінің болуы.Лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын педагогтер мен өндірістік оқыту шеберлерінің үлесі даярланатын мамандық біліктілігі бойынша педагогтердің жалпы санынан кемінде 70%, оның ішінде медициналық білім беру бағдарламасын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін мамандық бойынша педагогтердің жалпы санынан қолданбалы бакалавриат, бакалавриат, магистратура деңгейі бар мейіргерлерден педагогтердің үлесі - кемінде 10%.Даярланатын мамандық біліктілігі бойынша педагогтердің жалпы санынан лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын өнер және мәдениет саласындағы білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін педагогтердің үлесі - кемінде 50%;даярланатын мамандық біліктілігі бойынша педагогтердің жалпы санынан негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын рухани білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін педагогтердің үлесі - кемінде 50%.

12

Даярланатын мамандық біліктілігі бойынша педагогтер санынан лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын жоғары және бірінші санатты педагогтердің, педагог- сарапшылардың, педагог-зерттеушілердің, педагог-шеберлердің және (немесе) магистрлердің үлесі - кемінде 30 %; орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдар үшін кемінде 40 %.
Даярланатын мамандық біліктілігі бойынша лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын педагогтер санынан ұйымдарда және/немесе өндірісте кемінде соңғы 3 жылда кемінде 72 сағат көлемінде тағылымдамадан өткен арнайы пәндер педагогтерінің және өндірістік оқыту шеберлерінің үлесі - кемінде 10%.
Даярланатын мамандық біліктілігі бойынша педагогтер санынан рухани білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін жалпы білім беретін пәндер бойынша жоғары білімі бар, бейіндеуші пәндер бойынша - бейіні бойынша жоғары білімі бар және/немесе діни салада кемінде бес жыл жалпы жұмыс өтілі бар рухани семинарияны немесе медресені бітірген педагогтердің үлесі - кемінде 50%.
Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында магистр дәрежесі, философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесі бар педагогтар мен өндірістік оқыту шеберлерінің үлесі – кемінде 10%.

13

Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес, дайындалатын мамандық біліктіліктері бойынша оқудың толық кезеңіне білім алушылар контингентіне қатысты, оның ішінде оқыту тілі бойынша оқу жұмыс жоспарына сәйкес баспа және электрондық басылымдар форматында оқу және ғылыми әдебиеттің кітапханалық қорының болуы.Рухани білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін білім беру бағдарламаларына сәйкес дінтану сараптамасынан өткен оқу әдебиеті қорының болуы.

14

Даярланатын мамандық біліктілігі бойынша оқу-зертханалық жабдықтармен және техникалық оқыту құралдарымен, сондай-ақ интернет желісіне қосылған, бағдарламалық-аппараттық кешенге және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуге қойылатын ең төменгі талаптарға сәйкес келетін компьютерлік сыныптармен, компьютерлермен жарақтандырылуы.
Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары үшін симуляциялық кабинеттердің болуы.
Білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен талаптарға сәйкес Қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары үшін әскери бөлімдердің және басқа да әскери оқу орындарының оқу-материалдық базасын пайдалану туралы ведомстволық бұйрықтың, әскери кафедралардың оқу-материалдық базасын бірлесіп пайдалану жөніндегі өзара іс-қимыл туралы жоғары оқу орындарымен меморандумдардың болуы.

15

Мамандықтың даярланатын біліктілігіне сәйкес практика базалары ретінде айқындалған білім беру ұйымдарымен жасалған шарттардың болуы.

16

Білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы.

17

Білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы.

18

Білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығында тиесілі материалдық активтердің (оқу кабинеттерінің, шеберханалардың, зертханалардың, өткізу пункттерінің, санитариялық тораптардың болуы, білім беру ұйымдарының үй-жайларында және (немесе) іргелес аумақтарында бейнебақылаудың болуы), оның ішінде санитариялық нормаларға және өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетін алаңы бар оқу үй-жайларының болуы.

19

Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларында төмендегідей нормалардан аспайтын өзгерістердің болуы:
1) міндетті оқытуға бөлінетін жалпы сағаттар санын сақтай отырып, циклдер үшін оқу материалдарын меңгеруге бөлінген оқу уақытының 50%-ына дейін, әр пән және (немесе) модуль бойынша 50%-ға дейін және кәсіптік оқытудың және кәсіптік практиканың 60%-ына дейін (дуальды оқыту кезінде 80%-ға дейін) өзгертеді;2) оқу бағдарламаларының мазмұнын әр пән, өндірістік оқыту, оның ішінде модульдерге біріктірілген пәндер бойынша 50%-ға дейін (дуальды оқыту кезінде 80%-ға дейін) және кәсіптік модуль бойынша 60%-ға дейін (дуальды оқыту кезінде 80%-ға дейін) өзгертеді;
3) міндетті оқытуға арналған жалпы сағат санын сақтай отырып, жұмыс берушінің талаптары бойынша қосымша пәндер (кәсіби модульдер) енгізеді;
4) әр түрлі оқыту технологияларын, оқу процесін ұйымдастыру және бақылау формаларын, әдістерін таңдайды;
5) білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау және аралық аттестаттау нысандарын, тәртібін және кезеңділігін таңдайды;
6) бір мамандық шеңберінде ұқсас біліктіліктер бойынша үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарлары болмаған жағдайда, білім беру ұйымдары қолданыстағы үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарлары бойынша ұқсас тәсілді пайдалана отырып, жұмыс оқу жоспарларын әзірлейді.
Орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларында төмендегідей нормалардан аспайтын өзгерістердің болуы:
1) базалық және кәсіптік модульдерді игеруге бөлінетін оқу уақытының 50% - ға дейін және оқу сағаттарының жалпы санын сақтай отырып, өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканы 60% - ға дейін өзгертеді;
2) оқытудың әртүрлі технологияларын, оқу процесін ұйымдастыру мен бақылау нысандарын, әдістерін таңдайды;
3) жұмыс берушілердің сұраныстарына сәйкес оқу бағдарламаларының мазмұнын модульдерге біріктірілген (қосылған) пәндерді кәсіптік модуль, өндірістік оқыту және кәсіптік практика бойынша 50%-ға дейін өзгертеді. Міндетті оқытуға арналған жалпы сағат санын сақтай отырып, жұмыс берушінің талаптары бойынша қосымша модульдер енгізеді.
4) білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау және білім алушыларды аралық аттестаттау нысандарын, тәртібін және кезеңділігін таңдайды;
5) бір мамандық шеңберінде ұқсас біліктіліктер бойынша үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарлары болмаған жағдайда, білім беру ұйымдары қолданыстағы үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарлары бойынша ұқсас тәсілді пайдалана отырып, жұмыс оқу жоспарларын әзірлейді.

20

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін өндірістік оқытуды есепке алу журналдары деректерінің жұмыс оқу жоспарларына және жұмыс оқу бағдарламаларына, кәсіптік практикадан өтудің бекітілген және келісілген күнтізбелік кестелеріне және практикалар базасы ретінде білім беру ұйымдары айқындаған ұйымдармен оқу бағдарламаларына сәйкестігі.

21

Білім алушылардың оқу жүктемесінің оқу кестесінің максималды көлеміне сәйкес келуі (оқытудың күндізгі нысаны кезінде оқу уақытының жалпы көлемі аптасына кемінде 36 сағатты есепке алғанда білім алушылардың оқу жүктемесінің максималды көлемі аптасына 54 сағатты құрайды).

22

Бекітілген оқу жұмыс жоспарларында күндізгі оқу нысаны кезінде техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын меңгерудің нормативтік мерзімі күрделігіне, күтілетін белгіленген біліктілік деңгейіне және білім алушылардың базалық білім деңгейіне қарай нормативтік мерзімінің сақталуы:негізгі орта білім базасында жалпы орта білім алмай және білім беру қажеттіліктері бар адамдарға – 1 жыл 10 ай оқу мерзіміне;
2) негізгі орта білім базасында – жалпы орта білім алумен 1 жыл 10 ай, 2 жыл 6 ай, 2 жыл 10 ай, 3 жыл 6 ай немесе 3 жыл 10 ай оқу мерзіміне;3) жалпы орта білім базасында – 10 ай, 1 жыл 6 ай, 1 жыл 10 ай, 2 жыл 6 ай немесе 2 жыл 10 ай оқу мерзіміне;4) техникалық және кәсіптік білім базасында – 10 ай, 1 жыл 6 ай немесе 1 жыл 10 ай оқу мерзіміне;
5) орта білімнен кейінгі білім, жоғары білім базасында – 10 ай немесе 1 жыл 6 ай оқу мерзіміне;
6) ӘАОО үшін жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім базасында берілетін біліктіліктің күрделілігіне байланысты 10 ай, 1 жыл 6 ай немесе 1 жыл 10 ай оқу мерзіміне;
7) өнер, геология, су көлігін пайдалану, медицина, әскери мамандықтар үшін оқу мерзімі тиісті мамандықтың ерекшелігіне байланысты айқындалады.
Күндізгі оқу нысаны кезінде орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын меңгерудің нормативтік мерзімі күрделігіне, күтілетін белгіленген біліктілік деңгейіне және білім алушылардың базалық білім деңгейіне қарай нормативтік мерзімі бекітілген оқу жұмыс жоспарларының сақталуы:
- жалпы орта білім базасында 2 жыл 10 ай, техникалық және кәсіптік білім базасында ұқсас мамандықтар бойынша қабылдау базасына байланысты: орта буын маманы үшін 10 ай, білікті жұмысшы кадрлар үшін 1 жыл 10 ай. Өнер, геология, су көлігін пайдалану, медицина, әскери мамандықтар үшін оқу мерзімі тиісті мамандықтың ерекшелігіне байланысты айқындалады.

23

Жұмыс оқу жоспарларында кешкі және сырттай оқыту нысандары үшін міндетті оқу сабақтарының оқу уақыттары көлемінің тиісінше 70 %-ына және күндізгі оқыту нысаны үшін қарастырылған оқу сағатының тиісті көлемінің 30 %-ына қойылатын талаптарды сақтау.

24

Оқу және тәрбие процесі кезінде білім беру ұйымының білім алушылары мен қызметкерлері денсаулықтарының сақталуы бойынша ұйым басшысы немесе өзге лауазымдық тұлғаның міндеттерін орындауы (өтініштер болған жағдайда ғана тексеріледі).

25

Білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен талаптарға сәйкес контингент туралы өзекті деректер базасы бар білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесінің болуы және нақты деректердің Ұлттық білім беру деректер қорына сәйкестігі.edu.kz аймағында үшінші деңгейдегі домендік атаудың болуы.

26

Білім беру ұйымымен бекітілген алқалық органдардың (педагогикалық, әдістемелік кеңестердің) қызметін растайтын жұмыс жоспарлары мен отырыстары хаттамаларының болуы.

27

Теориялық және өндірістік оқытудың есепке алу журналдары және оқу сағаттарымен оқу бағдарламаларының орындалуын есепке алатын табельдердің болуы

28

Сабақ кестесінде аудиториялық сабақтардың барлық түрлері үшін академиялық сағаттың ұзақтығының 45 минутпен сәйкес келуі (қосарланған сабақтарға жол беріледі), сабақтар арасында үзілістер кестесінде бір академиялық сағаттан кейін – 5 минут, қосарланған сабақтардан кейін – 10 минут, екі қосарланған сабақтан кейін 15 минуттан болуы.

29

Оқу процесінің кестесінде толық оқу жылында кемінде екі рет, жылына жалпы ұзақтығы 11 аптадан көп емес, оның ішінде әскери мамандықтардан басқа, қысқы мерзімде кемінде 2 апта демалыстың болуы.

30

Тұлғалардың оқуға қабылдау туралы өтініштерінің болуы:
1) орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 25 тамызы аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығында, өнер және мәдениет мамандықтары бойынша күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 20 шілдесі аралығында;
2) білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 27 тамыз аралығында, оқудың кешкі нысанына күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығында;
талапкерлердің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау туралы өтінішіне қоса төмендегідей құжаттардың болуы:
1) білімі туралы құжаттың төлнұсқасы,
2) 3x4 көлеміндегі 4 фотосуреті.
3) № 086-У нысаны бойынша медициналық анықтама, № 088-У нысаны бойынша I және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысы,
4) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін).

31

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуға қабылдау емтихандары материалдарының, емтихандары хаттамаларының (нәтижелерінің) болуы:
орта буын мамандарын даярлау және:
1) бастауыш білімі бар ("Хореография өнері" мамандығы (біліктілігі "Балет әртісі") бойынша ғана кадрлар даярлау үшін қабылдау кезінде) оқуға түсушілер үшін бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары көлемінде екі пән бойынша (қазақ тілі немесе орыс тілі және шығармашылық емтихандар) өткізіледі;2) негізгі орта білімі бар оқуға түсушілер үшін – негізгі орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары көлемінде екі пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі және мамандық бейіні бойынша пән);
3) мамандық бейініне сәйкес келетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін әңгімелесу түрінде өткізіледі.орта буын мамандарын, қолданбалы бакалавр және :
1) жалпы орта білім үш пән (қазақ тілі немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық бейіні бойынша пән) бойынша жүргізіледі);
2) мамандық бейініне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін мамандықтың бейіндік пәні бойынша жүргізіледі.

32

Өнер және мәдениет мамандықтары бойынша білім беру ұйымдарына оқуға түсетін тұлғалар үшін білім беру ұйымдары бекіткен бағдарламалар бойынша арнайы немесе шығармашылық емтихандардың өткізілгендерін растайтын хаттамалардың және бұйрықтардың болуы.

33

Хаттамаларда орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің оқу бағдарламалары бойынша оқуға түсетін адамдар үшін қабылдау емтихандарын өткізудің төмендегі көрсетілген мерзімдерге сәйкес болуы:
оқудың күндізгі нысанына - күнтізбелік жылдың 1 тамызы мен 27 тамызы аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына күнтізбелік жылдың 1 тамызы мен 28 қыркүйек аралығында;
өнер және мәдениет мамандықтары бойынша арнайы немесе шығармашылық емтихандар күнтізбелік жылдың 21-28 шілдесі аралығында, сондай – ақ күнтізбелік жылдың 1-29 тамызы аралығында білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша күндізгі оқу нысанына түсетін адамдар үшін әңгімелесу өткізу мерзімдерінің сәйкестігі, оқудың кешкі нысанына - 1 тамыздан бастап

34

Қабылдау емтихандарын бағалау талаптарын сақтау:
тестілеу нысанында-әр пән бойынша тест тапсырмаларының (сұрақтардың) саны 25, әр тест тапсырмасының дұрыс жауабы 1 балмен бағаланады;пәндер бойынша емтихандардың, қабылдау емтихандарының нәтижелері бойынша алынған "3", "4", "5" бағаларын қабылдау комиссиясының мынадай шкала бойынша: "3" – 8 бал, "4" – 17 бал, "5" – 25 балдарға ауыстырады, сондай-ақ конкурсқа қатысуға жіберу талаптарын сақтау:
1) екі пәннен кемінде 16 балл, негізгі орта (жалпы негізгі) білімі бар адамдар үшін медицина және фармацевтика мамандықтары бойынша кемінде 25 балл;
2) жалпы орта білімі бар үш пәннен кемінде 24 балл, медицина мамандықтары бойынша және медицина және фармацевтика мамандықтары бойынша кемінде 35 балл.

35

Апелляцияға берілген өтініштерді қабылдау мен қарау тәртібінің сақталуын растайтын аппеляциялық комиссия отырыстары хаттамаларының болуы (өтініш болған жағдайда)

36

Білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша білім беру ұйымдарына қабылдау мерзімдерінің сақталуы:
1) оқудың күндізгі нысанына – негізгі орта немесе жалпы орта білімі туралы құжаттарда көрсетілген бейіндік пәндер бойынша бағалары,
әңгімелесу нәтижелері ескеріле отырып іріктеу негізінде күнтізбелік жылдың 25-31 тамыз аралығында;
2) оқудың кешкі және сырттай нысанына - негізгі орта немесе жалпы орта білімі туралы құжаттарда көрсетілген бейіндік пәндер бойынша бағалары, әңгімелесу нәтижелері ескеріле отырып іріктеу негізінде күнтізбелік жылдың 15 – 30 қыркүйегі аралығында.

37

Оқу шығындарын толық өтейтін, ақылы негізде білім алушының мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқу үшін бос орындарға ауыстыру тәртіптерінің сақталуы:1) білім алушының (немесе өзге де заңды өкілдерінің) мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша одан әрі оқуға ауыстыру туралы өтініші;
2) мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша одан әрі оқуға ауыстыру туралы білім алушының өтінішін алқалы органда қарау;
3) алқалы органның шешімі негізінде білім алушыны мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша одан әрі оқуға ауыстыру туралы бұйрық.

38

Білім алушыны ауыстыру кезінде құжаттардың:
Бір білім беру ұйымынан басқа білім беру ұйымына ауысқанда:
1) ауыстыру туралы өтініш (немесе өзге де заңды өкілдер);
2) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушының үлгерім кітапшасының ол ауысатын білім беру ұйымы басшысының қолымен және мөрімен расталған көшірмесі болуы.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымнан орта білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға:
1) ауыстыру туралы өтініш (немесе өзге де заңды өкілдер);
2) басқа білім беру ұйымына келгені туралы талон.
Білім беру ұйымы басшысының бұйрықтарының болуы (білім алушыларды ауыстыру туралы мәселені шешу кезінде:
1) оны оқу сабақтарына жіберу туралы;
2) оқу жоспарындағы айырмашылықты тапсыру туралы;
3) білім беру ұйымының білім алушылары қатарына қабылдау туралы.

39

Қалпына келтіру шарттарын сақтау:
Білім беру ұйымдарында бұрын білім алған адамдар үшін бұрынғы білім беру ұйымына міндетті түрде қайта қабылданады:
- білім алушының өтінішінің болуы;
- білім алушының бір семестрді аяқтауы (білім алушыларды бірінші курсқа қайта қабылдау бірінші семестр аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады).
бұрын білім алушыларды басқа білім беру ұйымдарында қайта қабылдауға жол беріледі:
- оқу пәндерінің/модульдерінің/кредиттерінің академиялық айырмасын және (немесе) оқу нәтижелерін тапсыру кезінде курстар мен мамандықтар бойынша тиісті оқу топтарының болуы (курстар мен мамандықтар бойынша тиісті топ болмаған кезде оқу пәндерінің/модульдерінің/кредиттерінің және (немесе) оқу нәтижелерінің академиялық айырмасын тапсыру кезінде басқа мамандықтарға қайта қабылдануға рұқсат етіледі);
- білім беру ұйымы басшысының пәндердегі/модульдердегі/кредиттердегі және (немесе) оқу жоспарларын оқыту нәтижелеріндегі айырмашылықтарды жою тәртібі мен мерзімдерін бекіту туралы бұйрығының болуы.
- білім алушының жеке ісінің болуы;
- мамандығы, курсы және Тобы көрсетілген білім алушыны білім беру ұйымына қайта қабылдау туралы бұйрықтың болуы.
Білім алушылар ақылы негізде оқуға қайта қабылданған кезде (білім беру ұйымында оқу ақысын төлемегені үшін семестр бойы оқудан шығарылған)):
- білім алушының өтініші;
- білім алушыны білім беру ұйымына қайта қабылдау туралы бұйрық.
Шетелдік білім беру ұйымынан Қазақстан Республикасының Білім беру ұйымына қайта қабылдау кезінде:
- меңгерілген оқу бағдарламалары туралы құжаттың болуы (академиялық анықтама немесе транскрипт);
- Қазақстан Республикасында нострификациялау рәсімінен өтетін алдыңғы білім деңгейін аяқтағаны туралы құжаттың болуы;
- шетелдік білім беру ұйымдарына түсу кезінде түсу сынақтарының нәтижелерінің болуы;
- білім алушыны білім беру ұйымына қайта қабылдау туралы бұйрықтың болуы.

40

Білім алушыларды бір білім беру ұйымынан екіншісіне, оқытудың бір нысанынан екіншісіне, бір тілдік бөлімшеден екіншісіне, бір мамандықтан екіншісіне, ақылы негізден мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға ауыстыру кезінде пәндер/ модульдер/ кредиттер саны және (немесе) оқу нәтижелері бойынша академиялық айырмашылықты айқындау шарттарын сақтау.

41

Білім алушыларға академиялық демалыстар беру шарттарын негіздер бойынша сақтау:1) сырқаты бойынша ұзақтығы 6 айдан 12 айға дейін амбулаториялық-емханалық ұйым жанындағы дәрігерлік-консультациялық комиссияның (бұдан әрі – ДКК) қорытындысы;
2) ұзақтығы 36 айдан аспайтын туберкулезбен ауырған жағдайда туберкулезге қарсы медициналық ұйымның Орталықтандырылған дәрігерлік-консультациялық комиссияның (бұдан әрі – ОДКК) қорытындысы;
3) әскери қызметке шақыру туралы қағаз негізінде;4) босанғанда, ұл немесе қыз бала асырап алғанда үш жасқа толғанға дейінгі жағдайларда тоқтатылады.

42

Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылаудың, аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгілік қағидаларының талаптарын сақтау:
- аралық аттестаттаудың емтихан ведомостарының болуы;
- келесі талаптарды сақтай отырып, білім алушыларды аралық аттестаттауға жіберу туралы бұйрықтардың болуы:
барлық практикалық, зертханалық, есептік-графикалық және курстық жұмыстарды (жобаларды), сынақтарды әр пән бойынша үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес толық орындаған;ағымдағы білім есебінің қорытындысы бойынша қанағаттанарлықсыз бағалары жоқ;
рұқсатты білім беру ұйымы басшысының рұқсатымен 1-2 пән бойынша қанағаттанарлықсыз бағалары бар білім алушылар алады;
педагогикалық кеңестің шешімімен екі қанағаттанарлықсыз баға алған білім алушылар рұқсат алады;
- білім беру ұйымы басшысының науқастануы бойынша немесе басқа да дәлелді себептер бойынша аралық аттестаттаудан өтпеген білім алушыларды аралық аттестаттауға жіберу туралы бұйрығының болуы;
- педагогикалық кеңес шешімінің және білім беру ұйымы басшысының аралық аттестаттау нәтижелері бойынша үштен астам қанағаттанарлықсыз бағалары бар білім алушыларды оқудан шығару туралы бұйрығының болуы.
- білім алушыға белгіленген үлгідегі анықтама беруді тіркеу журналының болуы;
- білім беру ұйымы басшысының белгілі бір курстың оқу жоспарының талаптарын толық орындаған, аралық аттестаттаудың барлық сынақтары мен емтихандарын сәтті тапсырған білім алушыларды келесі курсқа ауыстыру туралы бұйрығының болуы.

43

Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылаудың, аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгілік қағидаларының талаптарын сақтау:
- Білім алушыларды қорытынды аттестаттауды жүргізу бойынша комиссия отырыстары хаттамаларының, қорытынды аттестаттаудың (жеке) емтихандарын тапсыру туралы білім алушыларды қорытынды аттестаттауды жүргізу бойынша комиссия отырыстары хаттамаларының; біліктілікті беру туралы білім алушыларды қорытынды аттестаттауды жүргізу бойынша комиссия отырыстары хаттамаларының (жинақ); білім алушының бітіру жұмысын (диплом жобасын (жұмысын) қарау туралы қорытынды аттестаттауды жүргізу бойынша комиссия отырыстары хаттамаларының болуы;
- Диплом жобасын қорғау немесе қорытынды емтихан тапсыру кезінде "қанағаттанарлықсыз" деген баға алған тұлғаға қорытынды аттестаттауды қайта тапсыруға немесе мерзімін белгіленген қорытынды емтиханды қайта тапсыру "қанағаттанарлықсыз" деген баға алған пән және (немесе) модуль бойынша қорытынды аттестаттау комиссиясының рұқсат беру туралы шешімінің болуы.
- Диплом жобасын қайта қорғаудан немесе қорытынды емтихан тапсыру кезінде "қанағаттанарлықсыз" баға алған білім алушыға мамандығы (кәсібі) бойынша оқу курсын толық аяқтағандығы туралы белгіленген үлгідегі анықтаманың болуы
- Тиісті құжаттармен дәлелденген, себепті жағдайлармен дипломдық жобаны (жұмысты) қорғауға және қорытынды емтиханды тапсыруға келмеген білім алушылардың белгіленген мерзімде қорытынды аттестаттаудан өтуге жіберілуі туралы білім беру ұйымы басшысының бұйрығының болуы
- оқудың толық курсын аяқтағаннан кейін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін дипломдар беру кітаптарының болуы, сондай – ақ емтиханды оқу жоспарының 75 пайыздан кем емес барлық пәндерінен "өте жақсы" бағамен, ал қалған пәндерді – "жақсы" бағамен тапсырған, және дипломдық жобаны (жұмысты) "өте жақсы" деген бағамен қорғаған білім алушыға үздік дипломның берілуінің объективтілігін растайтын құжаттардың болуы.

44

-педагогті кәсіби міндеттеріне байланысты емес жұмыс түрлеріне тартуға;
- педагогтің есеп беруін не одан педагогтік лауазымдық міндеттеріне байланысты емес ақпаратты талап етуге;

- педагогке тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу міндеттемесін жүктеуге жол бермеу (өтініштер болған жағдайда тексеріледі).

45

Мәдениет және спорт саласындағы білім беру ұйымдарын, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарын, бітіру жылы ішінде мамандығы бойынша бітірушілердің кемінде 90%-ын жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ететін білім беру ұйымдарын қоспағанда, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтары мен біліктілігінің сыныптауышында көрсетілген білім беру саласында мамандар даярлау үшін кемінде 5 мамандық бойынша лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның болуы;
техникалық және кәсіптік білім мамандықтарының және біліктілігінің сыныптауышында көрсетілген денсаулық сақтау саласындағы мамандарды даярлау үшін, бітіру жылы ішінде мамандық бойынша бітірушілердің кемінде 90%-ын жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ететін білім беру ұйымдарын қоспағанда, кемінде 4 мамандық бойынша лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның болуы.

46

Колледждердің мамандық бойынша білім алушыларды соңғы 2 жыл үздіксіз қабылдауды жүзеге асыруы.

47

Мамандық бойынша білім беру ұйымының түлектерін жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту туралы мәліметтер, бұл ретте мамандық бойынша бітірушілердің жалпы санынан жұмысқа орналасқандардың және жұмыспен қамтылғандардың үлесі - 75%-дан кем емес болуы.

48

Студенттердің тұруы үшін жағдай жасау, меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімді басқару немесе жалға алу құқығында оқудың толық кезеңінде тұруды қамтамасыз ететін жатақханалардың және/немесе хостелдердің, және/немесе қонақ үйлердің болуы - мұқтаждар санынан кемінде 30%.

49

Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдар үшін жағдай жасау (арнайы оқу бағдарламалары мен оқыту әдістері).

      Лауазымды адам (адамдар) ___________________________ __________

      лауазымы            қолы

      ________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Бақылау және қадағалау

      субъектісінің басшысы ______________________________ _____________

      лауазымы            қолы

      ________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 719 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 843 бірлескен бұйрығына
7-қосымша

Қосымша білім беретін білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қатысты білім беру жүйесін мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы

      Ескерту. 7-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 09.12.2020 № 514 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.12.2020 № 92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ____________________________

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді/профилактикалық

      бақылауды тағайындау туралы акт ____________________________________

      (№, күні)

      Бақылау субъектінің (объектінің) атауы ________________________________

      Бақылау субъектінің (объектінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-сәйкестендіру нөмірі

      ___________________________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы ______________________________________

р/с №

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

1

Білім беру ұйымының құрылтайшылық және құқық белгілеуші құжаттарының бар болуы.

2

Педагогтің лауазымдық міндеттерін және педагогикалық этика нормаларын сақтауы (өтініштер болған кезде тексеріледі).

3

Білім беру ұйымдарында саяси партиялар мен діни ұйымдарды (бірлестіктерді) ұйымдастыру құрылымдарын құру мен олардың қызметіне тыйым салу бөлігінде мемлекеттік саясат қағидатының сақталуы (өтініштер болған жағдайда тексеріледі).

4

Білім беру процесін саяси үгіттеу, діни насихат жүргізу немесе білім алушыларды Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келетін әрекеттерге итермелеу үшін пайдалану тыйымын сақтау.

5

Білім беру ұйымы қызметінің Жарғыға сәйкестігі.

6

Білім беру ұйымының басшысы немесе өзге лауазымды тұлғалардың білім беру ұйымы білім алушыларының және тәрбиеленушілерінің, қызметкерлерінің оқу-тәрбие процесі кезіндегі өмірі мен денсаулығын сақтау бойынша міндеттерін орындауы.

7

Педагогтердің біліктілік санатының деңгейін бес жылда бір реттен сиретпей арттырудан (растаудан) өтуін растайтын біліктілік санатын беру/растау туралы куәліктердің, бұйрықтардың, куәліктерді беру және тіркеу журналдарының болуы.

8

Мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы үш жылда бір рет аттестаттаудан өткендігін растайтын аттестациялық комиссияның шешімінің немесе аттестаттау парағының болуы.

9

Білім беру ұйымының басшы кадрларының, педагогтерінің және ғылыми қызметкерлерінің бес жылда бір реттен сиретпей біліктілігін арттыруын растайтын сертификаттарының болуы.

10

Білім беру ұйымымен бекітілген педагогикалық кеңес, әдістемелік кеңес және педагогикалық этика бойынша кеңестің қызметін растайтын жұмыс жоспарлары мен отырыстар хаттамаларының болуы.

11

Педагогикалық немесе тиісті бейініне сәйкес келетін өзге де кәсіптік білімі бар педагогтермен қамтамасыз етілгендігін растайтын дипломдар мен қосымшаларының көшірмелері және педагогтердің білім беру ұйымдары бекіткен тарифтік тізімдерінің болуы.

12

Білім беру ұйымдарында педагогтің кәсіби қызметіне: 1) соттың заңды күшіне енген үкіміне сәйкес педагогтің кәсіби қызметін жүзеге асыру құқығынан айырылған;2) іс-әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған, соның нәтижесінде қызметкердің еңбек қатынастарын жалғастыру мүмкіндігі жоқ;
3) психиатриялық және (немесе) наркологиялық жазбалардан тұратын медициналық қарсы көрсетілімдері бар;4) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттары жоқ;5) адам өлтіргені, денсаулыққа қасақана зиян келтіргені, адамдардың денсаулығына және имандылыққа, жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін, экстремистік немесе террористік қылмыстар, адам саудасы үшін сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауда жүрген немесе қудалауда болған адамдарды жұмысқа орналастыруға жол бермеу.

13

Сапалы қосымша білім алуға қажетті материалдық техникалық базасының болуы.

14

Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымы балаларының сұраныстарын, отбасының, білім беру ұйымдарының, қоғамдық (оның ішінде балалар мен жасөспірімдер) ұйымдардың қажеттіліктері, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктері, ұлттық-мәдени дәстүрлері ескерілген қосымша білімнің білім беру бағдарламаларының болуы.

15

Біліктілік емтихандарын тапсырған білім алушыларға баға қойылғандығы және (немесе) бейіні бойынша (көркемдік, музыкалық және өнер мектептері) біліктілік беру туралы куәлік бергендігін растайтын журналдарының болуы.

16

Шетелдік және халықаралық білім беру ұйымдарымен, қорлармен байланыстар орнатылған, халықаралық бағдарламаларға қатысқан, білім беру, мәдениет, спорт және туризм саласындағы халықаралық үкіметтік емес ұйымдарға (қауымдастықтарға) кірген, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ынтымақтастық туралы шарттар жасалған жағдайда білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісімінің болуы.

17

-педагогті кәсіптік міндеттерімен байланысты емес жұмыс түрлеріне тартуға;
-педагогттың лауазымдық міндеттемелерінде көзделмеген есептілікті не ақпаратты талап етіп алдыруға;
педагогке тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша міндетті жүктеуге жол бермеу (өтініштер болған жағдайда тексеріледі).

18

Ұлттық білім беру деректер қорында білім беру ұйымының нақты мәліметтерінің статистикалық мәліметтермен сәйкестігі.

19

Балаларға қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау кезіндегі құжаттар тізімінің болуы: 1) ата-анасының біреуінің (немесе басқа заңды тұлғаның) еркін түрде жазылған өтініші; 2) баланы тұлғасын куәландыратын құжат; 3) бекітілген № 035-2/У нысанындағы медициналық анықтама.

20

Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымы балаларды қабылдау кезінде балалардың заңды өкілдерін оқу-тәрбие процесінің жүргізілуімен және мазмұнымен, жарғымен таныстыруы.

      Лауазымды адам (адамдар) ___________________________ __________

      лауазымы            қолы

      __________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Бақылау және қадағалау

      субъектісінің басшысы ______________________________ _____________

      лауазымы            қолы

      _____________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 719 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 843 бірлескен бұйрығына
8-қосымша

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қатысты білім беру жүйесін мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы

      Ескерту. 8-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 09.12.2020 № 514 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.12.2020 № 92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ____________________________

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді/профилактикалық

      бақылауды тағайындау туралы акт ____________________________________

      (№, күні)

      Бақылау субъектінің (объектінің) атауы ________________________________

      Бақылау субъектінің (объектінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-сәйкестендіру нөмірі

      __________________________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы ______________________________________

р/с №

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

1

Жарғының болуы және оның ережелерін сақтау.

2

ЖОО-ның Даму стратегиясы мен даму жоспарын іске асыруды қамтамасыз ету және оның тиімділігі: басқару органдары алдында стратегиялық жоспар мен даму жоспары бойынша жыл сайынғы есеп беру, оқу, ғылыми-зерттеу, қаржы қызметі мәселелері бойынша қоғам алдында есеп беру кездесулерін өткізу.

3

Жоғары оқу орны бекіткен кадрлық саясатын сақтау: біліктілік сипаттамалары және жоғары оқу орны қызметкерлерінің лауазымдарына конкурстық орналасу.

4

ЖОО-ның ұйымдық құрылымының болуы: құрылымдық бөлімшелер туралы ережелер, штаттық кесте, Академиялық күнтізбе, ЖОО қызметкерлерінің оқу жүктемесінің нормалары.

5

Білім беру қызметін жоспарлау және басқару және оқу процесін ұйымдастыру бойынша шаралар, ережелер мен рәсімдер жүйесін білдіретін ЖОО алдында тұрған басымдықтар мен міндеттерді ескере отырып әзірленген академиялық саясатты сақтау және іске асыру.

6

Академиялық адалдық қағидаттарын іске асыруды қамтамасыз ету: ЖОО-ның бірінші басшысының шарт талаптарында көзделген білім алушылар құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету; білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен әкімшілік деректер нысандарын толық, дұрыс және уақтылы толтыруды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындау.

7

ЖОО бекіткен білім алушыларды қабылдау, ауыстыру, қайта қабылдау және оқудан шығару тәртібін сақтау.

8

Білім туралы берілген құжаттар бойынша электрондық базаның жұмыс істеуін қамтамасыз ету (мұрағат)

9

Кредиттік оқыту технологиясы талаптарын сақтау: академиялық кредиттерді жинақтай отырып, білім алушылардың пәндерді оқу кезектілігін өз бетінше жоспарлауы, оқу процесін жоспарлау және ұйымдастыру кезіндегі оқу жұмысының түрлері бойынша уақыт нормалары, оқу жұмысының түрлері арасындағы сағат көлемінің арақатынасы, оқыту технологиясы; ЖОО-ның оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысының мазмұны.

10

ЖОО-ның еуропалық жоғары білім кеңістігінде (ESG-исиджи) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру сапасын қамтамасыз ету үшін халықаралық стандарттар мен нұсқаулықтарға негізделген сапаны Ішкі қамтамасыз ету жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуі.

11

Қашықтықтан білім беру технологияларын (бұдан әрі - ҚБТ) қолдана отырып ұйымдастырылған оқу процесінің сапасын қамтамасыз ету: ұлттық білім беру деректер базасымен (бұдан әрі - ҰББДҚ) интеграцияланған басқарудың ақпараттық жүйесі және ҚБТ қолдана отырып оқыту процесін ұйымдастырушылық, әдістемелік, ақпараттық және техникалық сүйемелдеуді жүзеге асыратын арнайы құрылымдық бөлімше.

12

ЖОО-ның ҰББДҚ-мен интеграцияланған білім беру процесін басқарудың ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуі (веб-сайтты, ақпараттық-білім беру порталын, оқытудың кредиттік технологиясын қамтамасыз етудің автоматтандырылған жүйесін, ақпараттық-білім беру ресурстарының жиынтығын қамтитын жоғары технологиялық ақпараттық-білім беру ортасы).

13

Тіркеу офисінің болуы: білім алушыларды оқу пәндеріне тіркеуді сақтау, игерілген кредиттерді есепке алу, аралық және қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру, білім алушылардың жоғары оқу орындарындағы оқу жетістіктерінің бүкіл тарихын жүргізу; ӘАОО – да-білім беру сапасын мониторингтеу және бақылау (бағалау) бөлімшелерінің қызметі.

14

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттары жіктеуішінің кемінде 7 бағыты бойынша (мәдениет және спорт саласындағы білім беру ұйымдарын, ҚР Ұлттық қауіпсіздік органдарына, ҚР Бас прокуратурасына, ҚР Қорғаныс министрлігіне, ҚР Ішкі істер министрлігіне, ҚР Ұлттық қауіпсіздік органдарына ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарын қоспағанда) "Педагогикалық ғылымдар" бакалавриаты кадрларын даярлау бағыты бойынша лицензияның болуы.

15

Кемінде бес жылда бір рет, сот төрелігі Академиясы мен ӘАОО-ларды қоспағанда, білім беру ұйымдарының басшылары үшін менеджмент саласында кемінде бес жылда бір рет біліктілікті арттыруды, білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен талаптарға сәйкес "Педагогикалық ғылымдар" кадрларды даярлау бағыты бойынша; денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен талаптарға сәйкес "Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)" кадрларды даярлау бағыты бойынша жүзеге асырады.

16

Оқытушылардың сапалы құрамымен қамтамасыз ету: олардың білімінің және/немесе ғылыми/академиялық дәрежесінің және/немесе ғылыми атағының оқытылатын пәндер бейініне сәйкестігі; ЖОО негізгі орын алатын оқытушылардың үлесі; профессор-оқытушылар құрамының дәрежелілігі.

17

Оқу және ғылыми әдебиет қорымен қамтамасыз етілуі: соңғы он жылда баспа және электрондық басылымдар форматында кадрларды даярлау бағытының білім беру бағдарламасы пәндерінің 100% - ын қамтамасыз ететін, оның ішінде оқыту тілдері бойынша басып шығарылған басылымдар.

18

Сымсыз технологияларды қоса алғанда, қолжетімді кең жолақты интернетпен қамтамасыз ету, бағдарламалық-аппараттық кешен мен қолданбалы қамтамасыз етуге қойылатын ең төменгі талаптарға сәйкес келетін компьютерлік кабинеттермен, компьютерлермен, оқу-зертханалық және материалдық-техникалық базамен, кадрларды даярлау бағытының білім беру бағдарламасына сәйкес білім беру процесі үшін қажетті жабдықпен, ҰББДҚ-ға сәйкес өзекті Деректер базалары бар білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесімен жарақтандыру және растайтын құжаттар.

19

Ғылым докторы және/немесе ғылым кандидаты және/немесе философия докторы (PhD) ғылыми дәрежелері бар төрт оқытушының, оның ішінде негізгі жұмыс орны ЖОО болып табылатын кадрларды даярлау бағыты бойынша кемінде бір ғылым докторының немесе философия (PhD) докторының болуы.

20

ЖОО-лардың кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша соңғы 2 жылда білім алушыларды үздіксіз қабылдауды жүзеге асыруы және растайтын құжаттар.

21

Кадрларды даярлау бағыты бойынша бакалавриат түлектерін жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету, бұл ретте кадрларды даярлау бағыты бойынша бітірушілердің жалпы санынан бітіруші жыл ішінде жұмысқа орналасқандардың үлесі 50%-дан кем емес, "Педагогикалық ғылымдар" кадрларын даярлау үшін 60% - дан кем емес: ұсынылатын білім беру қызметтеріне қанағаттану деңгейін айқындау үшін білім алушылардан, профессорлық-оқытушылық құрам мен жұмыс берушілерден сұрау.

22

Тиісті оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы құнының кемінде 30% - ын құрайтын білім беру ұйымдарының ақылы негізде бір білім алушыға жұмсалатын ең төменгі шығындарының сәйкестігі.

23

Тиісті ғылыми және (немесе) академиялық дәрежесі/атағы бар оқытушылардың және (немесе) оқытушы лауазымында кемінде үш жыл өтілі бар немесе бейіні бойынша кемінде бес жыл практикалық жұмыс өтілі бар аға оқытушылардың дәріс оқуын қамтамасыз ету.

24

Бакалавриат, магистратура, докторантура білім алушыларының дипломдық жұмыстарына (жобаларына), магистрлік/докторлық диссертацияларына қойылатын талаптарды сақтау және ғылыми жетекшілерді тағайындау.

25

Білім алушылардың жазбаша бағаланатын жұмыстарына, сондай-ақ жариялауға ұсынылған оқытушылар мен ғылыми қызметкерлердің ғылыми жұмыстарына антиплагиаттың болуына тексеру жүргізуді сақтау.

26

Білім алушылардың кәсіптік, зерттеу / өндірістік практиканы ұйымдастыруын және өткізуін сақтау.

27

ЖОО бекіткен білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу, білім алушылардың оқу жетістіктерін есепке алу тәртібін сақтау, білім алушыларды қорытынды аттестаттау бойынша аттестаттау және апелляциялық комиссияларының жұмысы.

28

Білім беру саласындағы уәкілетті органның білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген білім беру бағдарламасының жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына (бұдан әрі - МЖБС) сәйкестігі: "Педагогикалық ғылымдар" кадрларын даярлау бағыты бойынша орта білім берудің МЖБС ескере отырып, ҚР Ұлттық қауіпсіздік органдарына, ҚР Бас прокуратурасына, ҚР Қорғаныс министрлігіне, ҚР Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары үшін жоғары білім берудің МЖБС-ға сәйкестігі.

29

Бакалавриат, магистратура және докторантура білім алушыларын қорытынды аттестаттауды өткізуге қойылатын талаптарды сақтау.

30

Білім алушыда тиісті білім беру бағдарламасын меңгеру үшін қажетті пререквизиттерді "кіреберісте" қайта есепке алуды, формальды білім берудің алдыңғы деңгейінің жекелеген пәндерінің пререквизиттерін, сондай-ақ Оқыту нәтижелері сәйкес келген жағдайда тиісті деңгейдегі бейресми білім беруді оқыту нәтижелерін сақтау, білім беру бағдарламасының бейіні сәйкес келмеген жағдайда жоғары білім берудің толық бағдарламасы бойынша оқытуды жүзеге асыру.

31

Білім алушының оқу жүктемесін сақтау, білім алушының оқу қызметінің барлық түрлерін қоса алғанда, барлық оқу кезеңінде бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша академиялық кредиттерді игеру.

32

Білім беру деңгейлері бойынша дескрипторлар негізінде білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын талаптарға сәйкестігін растайтын және оқытудың қол жеткізілген нәтижелерінде көрсетілген игерілген құзыреттерді көрсететін бекітілген модульдік білім беру бағдарламаларымен қамтамасыз ету.

33

Білім алушының жеке жұмыс жоспарын сақтау: оқу жоспары, ғылыми-зерттеу, эксперименттік-зерттеу жұмысы; практика; негіздемесі мен құрылымы бар дипломдық/магистрлік/докторлық жұмыстың (диссертацияның, жобаның) тақырыбы мен жоспары; ғылыми жарияланымдар мен тағылымдамалардың, оның ішінде шетелдік жоспарлар.

34

Білім алушылардың оқу жетістіктерін анықтау үшін бақылаудың тиімді және ашық рәсімдері негізінде білім алушылардың білімін кесуді жүргізу.

35

МВА/ЕМВА/DBA бекітілген білім беру бағдарламаларымен қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың іске асырылуын растау: мазмұны, құрылымы, бизнес зерттеулер мен консалтинг жүргізуге тартылған профессорлық-оқытушылық құраммен, басқарушылық жұмыс тәжірибесі бар, сондай-ақ ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесі бар ғылыми қызметпен және/немесе DBA бағдарламаларында оқыту үшін халықаралық тағылымдамалары мен жарияланымдары бар даярлау бағыты бойынша кәсіби білімі мен дағдылары бар адамдармен қамтамасыз ету, кемінде екі ғылыми-зерттеу/академиялық тәжірибесі бар немесе DBA бағдарламасының докторанттарын ғылыми басқаруды жүзеге асыру үшін басқару, консалтингтік жұмыс тәжірибесі бар DBA дәрежесі бар ғылым докторлары/кандидаттары қатарынан тағайындалатын мамандармен қамтамасыз ету.

36

Магистрлік/докторлық диссертацияларды қорғауды ұйымдастыру, жүргізу және сақтау, растайтын құжаттар.

37

ЖОО-да ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруды және жүргізуді қамтамасыз ету: іргелі, қолданбалы, іздестіру (бастамашыл) ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық, инновациялық жұмыстар, тапсырыс, бөгде ұйымдармен шарт бойынша ғылыми зерттеулер; оқытудың инновациялық технологияларын және ғылыми зерттеулер нәтижелерін оқу процесі мен өндіріске әзірлеу және енгізу; зерттеу қызметінің инновациялық инфрақұрылымын қалыптастыру, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру тетігін құру және енгізу; зерттеушілер мен әзірлеушілердің зияткерлік меншігі мен авторлық құқығын қорғау.

38

ЖОО-ның шетелдік білім беру, ғылым және мәдениет ұйымдарымен, халықаралық ұйымдармен және қорлармен ынтымақтастығын іске асыру, білім алушылармен, педагогикалық және ғылыми қызметкерлермен алмасудың халықаралық бағдарламаларына қатысу, шетелдік азаматтар қатарынан кадрлар даярлау, ҚР Ұлттық қауіпсіздік органдарына, ҚР Жоғарғы сотына, ҚР Бас прокуратурасына, ҚР Қорғаныс министрлігіне, ҚР Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарынан басқа білім беру саласындағы халықаралық үкіметтік емес ұйымдарға (қауымдастықтарға) кіру.

39

ЖОО-да ұйымдармен және кәсіпорындармен шартқа сәйкес қаржыландырылатын ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды іске асыру және растайтын құжаттар.

40

Білім беру бағдарламасына сәйкес сұратылып отырған кадрларды даярлау бағыты бойынша мамандандырылған ғылыми-техникалық, ғылыми-әдістемелік, клиникалық, эксперименттік практика базасымен қамтамасыз ету: практика базалары, оның ішінде "Педагогикалық Ғылымдар" кадрларды даярлау бағыты үшін – мектепке дейінгі, және/немесе бастауыш, және/немесе негізгі және/немесе жалпы орта, және/немесе техникалық және кәсіптік, және/немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарымен педагогикалық практика базалары бойынша шарттардың болуы. Бұл ретте "Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)" кадрларын даярлау үшін – жетекші шетелдік медициналық білім беру ұйымдарымен стратегиялық әріптестік туралы шарттардың болуы.

41

Әріптес жоғары оқу орны мәртебесінің нормаларын көздейтін кадрларды даярлаудың тиісті бағыттары бойынша білім беру ұйымдарымен, ғылыми және (немесе) ғылыми-білім беру және (немесе) ғылыми-өндірістік орталықтармен халықаралық ынтымақтастық жөніндегі талаптарды сақтау және шетелдік консультанттарды тарту.

42

Материалдық активтермен (аудиториялық және зертханалық базамен, оқу кабинеттерімен, өндірістік шеберханалармен, полигондармен, спорт залдарымен), ғимараттармен (оқу корпустарымен): Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен санитариялық қағидалар мен нормаларға және өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетін, мемлекеттік органдардың немесе квазимемлекеттік ұйымдардың қатысуымен жоғары оқу орындары үшін кемінде 5% меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару, сенімгерлік басқару құқығымен тиесілі, оқу үй-жайларымен және алаңымен қамтамасыз ету, үй-жайларда және білім беру ұйымының іргелес аумағының барлық периметрі бойынша бейне бақылауды қамтамасыз ету болып табылады.

43

Басқа қаладан келген білім алушылардың (жатақханалар/хостелдер/қонақ үйлер) мұқтаждар санынан кемінде 70% тұруы үшін жағдай жасау және растайтын құжаттар.

44

Барлық оқу корпустарын жабдықталған медициналық пункттермен қамтамасыз ету. Медициналық қызметке лицензияның болуы. ҚР Ұлттық қауіпсіздік органдарына, ҚР Қорғаныс министрлігіне, ҚР Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары үшін – білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы.

45

Әрбір оқу корпусында білім алушыларды тамақтандыру үшін жағдай жасау.

46

Жоғары оқу орнының ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар үшін жағдай жасауы (кіру жолдары, ақпараттық-навигациялық қолдау құралдары, баспалдақтарды пандустармен немесе көтергіш құрылғылармен қайталау, баспалдақтар мен пандустарды тұтқалармен жабдықтау, есіктер мен баспалдақтарды қарама-қарсы бояумен бояу, мүгедектердің автокөлік құралдарын қою үшін орындар бөлу).

      Лауазымды адам (адамдар) ___________________________ __________

      лауазымы            қолы

      __________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Бақылау және қадағалау

      субъектісінің басшысы ______________________________ _____________

      лауазымы қолы

      __________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 719 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 843 бірлескен бұйрығына
9-қосымша

Білім басқару органдарына қатысты білім беру жүйесін мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы

      Ескерту. 9-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 09.12.2020 № 514 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.12.2020 № 92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ____________________________

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді/профилактикалық

      бақылауды тағайындау туралы акт ____________________________________

      (№, күні)

      Бақылау субъектінің (объектінің) атауы ________________________________

      Бақылау субъектінің (объектінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-сәйкестендіру нөмірі

      __________________________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы ______________________________________

р/с №

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

1

Білім бөлімдерінің, облыстық білім беру ұйымдарының, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім туралы мемлекеттік үлгідегі бланкілерінің жұмсалуы туралы жыл сайынғы есебінің болуы (білім басқармалары үшін).

2

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін, арнайы оқу және мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларды іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату бойынша шараларды қабылдау үшін материалдардың болуы (облыстық білім басқармалары үшін).

3

Өңірлік кәсіпкерлер палаталары мен мүдделі ұйымдардың ұсыныстарын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру, (білім басқармалары үшін).

4

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын, сондай-ақ арнайы оқу және мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру (облыстық білім басқармалары үшін).

5

Жыл сайын 1 тамызға дейін мемлекеттік тапсырыс негізінде техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ мамандандырылған және арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін қағаз және электрондық жеткізгіштерде оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып алуды және жеткізуді қамтамасыз ету (облыстық білім басқармалары үшін).

6

Облыс ауқымында жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылар конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын өткізілгендігін растайтын жоспарлар мен материалдардың болуы.

7

Білім беру ұйымдарының әзірленген және қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітілген ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидаларының болуы (білім басқармалары үшін).

8

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беруді жүзеге асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын, мамандандырылған жалпы білім беру және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын құру, қайта құру, тарату жөніндегі шараларды қабылдау туралы материалдардың болуы.

9

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың , бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің, балаларға қосымша білім берудің білім беретін жалпы оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы және мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асыру (республикалық маңызы бар қаланың және астана білім басқармалары үшін).

10

Жыл сайын, 1 тамызға дейін мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік орта білім беру ұйымдары үшін, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімнің, арнаулы жалпы білім беретін және арнайы білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуды және жеткізуді ұйымдастыру (республикалық маңызы бар қаланың және астананың білім басқармалары үшін).

11

Республикалық маңызы бар қала, астана ауқымында жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын, ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылар конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын өткізілгендігін растайтын жоспарлар мен материалдардың болуы.

12

Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын құру, қайта құру және тарату үшін материалдардың болуы (білім беру бөлімдері үшін).

13

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) жүзеге асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру (білім беру бөлімдері үшін).

14

Жыл сайын 1 тамызға дейін білім беру ұйымдарымен оқу жылына болжаған көлемде мектепалды даярлықтың, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алу және жеткізуді ұйымдастыру.

15

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру, ата-ана төлемдерінің мөлшерін бекіту (республикалық маңызы бар қаланың және астананың білім беру бөлімдері, білім басқармалары үшін).

16

Аудан (қала) ауқымында жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар конкурстарын өткізілгендігін растайтын жоспарлар мен материалдардың болуы.

17

Негізгі орта, жалпы орта білімде жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы мемлекеттік үлгідегі бланкілерінің жұмсалуы туралы жыл сайынғы есебінің болуы (білім бөлімдері).

18

Аттестатталушылардың тізімін, білім беру ұйымдары басшылары мен басшыларының орынбасарларын аттестаттаудан өткізу кестесін және Комиссия құрамын бекіту туралы бұйрықтарының болуы.

19

Аттестаттау комиссиясының білім беру ұйымдары басшыларына берілген біліктілік санаттарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы шешімінің объективтілігін растайтын материалдардың (бағалау және аттестаттау парақтары, ұлттық біліктілік тестілеуден өткені туралы анықтама, қызметтік мінездеме, жұмыс тиімділігінің көрсеткіштері бойынша талдамалық есеп, аттестаттау комиссиясы отырысының хаттамасы, біліктілік санатын тағайындау (растау) туралы аттестаттау куәлігі, аттестаттау туралы куәлікті тіркеу және беру журналы) болуы.

20

Тиісті саланың уәкілетті органдарында облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім басқармаларының бірінші басшысының педагогтерді аттестаттау жөніндегі аттестаттау комиссиясын құру және бекіту туралы бұйрығының болуы.

21

Аттестаттау комиссиясының біліктілік санатын беру (растау) туралы шешімінің объективтілігін растайтын материалдардың болуы (аттестаттау комиссиясы отырыстарының хаттамалары, портфолио, портфолионы бағалау парағы, сабақты бақылау парағы, педагогтің біліктілік санатын беру (растау) туралы куәлігі, біліктілік санатын беру (растау) туралы куәліктерді тіркеу және беру журналы).

22

Аттестатталушылардың ұлттық біліктілік тестілеуге жіберілгендігін растайтын құжаттардың (бекітілген үлгі бойынша ұлттық біліктілік тестілеуіне қатысуға өтініш) болуы.

23

Аттестатталатын кәсіпорын басшысының аттестаттау өткізу мерзімі туралы жазбаша хабарламасының болуы.

24

Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру мемлекеттік ұйымының басшысын қызметке тағайындау жөніндегі конкурстық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) құрылуы туралы бұйрықтың болуы, (бұдан әрі – конкурстық тағайындау) конкурсты жариялаған білім басқармасы жүзеге асырады.

25

Мектепке дейінгі, орта білім беру, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру мемлекеттік ұйымының басшысын конкурстық тағайындау туралы хабарландырудың болуы, хабарландыруды бұқаралық ақпарат құралдарында немесе білім басқармасының ресми сайтында жариялауды қамтамасыз ету.

26

Мемлекеттік кәсіпорынның басшысы қызметіне үміткерлердің қажетті құжаттар пакетінің болуы:
1) нысан бойынша өтініш;
2) жеке тұлғаны куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі (жоғарғы оқу орындарының жеке үлгідегі құжаттың көшірмесі);
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
5) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;
6) ескертпелер мен көтермелеулерді көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;
7) біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);
8) үлгі бойынша медициналық анықтама;
9) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;
10) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау туралы ақпараттың болуы немесе болмауы туралы анықтама;
11) тестілеуден өткендігі туралы анықтама (болған жағдайда);
12) біліктілік арттыру, қайта даярлау курсынан өткендігі туралы құжат (болған жағдайда);
13) білім беру менеджменті бойынша кемінде жетпіс екі сағаттық біліктілік арттыру курстарын аяқтағанын растайтын құжат;
14) білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.

27

Мектепке дейінгі, орта білім беру, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру мемлекттік ұйымының басшысын қызметке тағайындау жөніндегі Комиссия отырыстарының объективтілігін растайтын хаттамалардың болуы.

28

Аттестатталушылардың берілген біліктілік санаттарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы аттестаттау комиссиясының шешімінің объективтілігін растайтын материалдардың (портфолионың, ұлттық біліктілік тестілеуден өткені туралы анықтама) болуы.

29

- педагогті кәсіби міндеттеріне байланысты емес жұмыс түрлеріне тартуға,
- педагогтің есеп беруін немесе одан педагогтық лауазымдық міндеттеріне байланысты емес ақпаратты талап етуге,
педагогке тауарлар мен қызметтерді сатып алу міндеттемесін жүктеуге жол бермеу (өтініштер болған жағдайда тексеріледі).

30

Конкурс кезеңінің өткізу тәртібі мен мерзімдерін сақтау.

31

Педагогтерге біліктілік санатын қолдану мерзімін ұзарту туралы аттестаттау комиссиясы шешімінің объективтілігін растайтын құжаттардың болуы.

32

Білім беру ұйымдары басшысының орынбасарының берілген біліктілік санаттарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы аттестаттау комиссиясының шешімінің объективтілігін растайтын материалдардың (портфолионың, аттестаттау комиссиясы отырысының хаттамаларының, біліктілік санатын беру (растау) туралы куәлігінің, аттестаттау туралы куәлікті тіркеу және беру журналының) болуы.

33

Білім беру саласындағы уәкілетті органның келісімімен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім беруді басқару органдарының бірінші басшылары лауазымына тағайындау/босату объективтілігін растайтын құжаттардың болуы.

34

Білім беруді басқару органы тестілеу қорытындылары бойынша бос лауазымға орналасу үшін білім беру ұйымдарындағы қамқоршылық кеңеске жіберген кандидаттар тізімінің және қамқоршылық кеңестің жіберген хаттамалық шешімінің болуы.

      Лауазымды адам (адамдар) ___________________________ __________

      лауазымы            қолы

      __________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Бақылау және қадағалау

      субъектісінің басшысы ______________________________ _____________

      лауазымы            қолы

      __________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 719 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 843 бірлескен бұйрығына
10-қосымша

Қосымша білім беретін білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметіне қатысты білім беру жүйесін мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы

      Ескерту. 10-қосымша алып тасталды – ҚР Білім және ғылым министрінің 22.01.2018 № 24 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 03.03.2018 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.