Білім беру жүйесіне тексеру жүргізу бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 719 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 843 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 желтоқсанда № 12777 болып тіркелді.

Жаңартылған

      2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 3-тармағына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Мыналар:

      1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес білім беру жүйесіне тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қатысты білім беру жүйесін мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы;

      3) Жалпы орта білім берудің бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қатысты білім беру жүйесін мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы;

      4) алып тасталды – ҚР Білім және ғылым министрінің 15.11.2018 № 632 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.11.2018 № 71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
      5) алып тасталды – ҚР Білім және ғылым министрінің 15.11.2018 № 632 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.11.2018 № 71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      6) осы бірлескен бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қатысты білім беру жүйесін мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы;

      7) осы бірлескен бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес қосымша білім беретін білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қатысты білім беру жүйесін мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы;

      8) осы бірлескен бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қатысты білім беру жүйесін мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы;

      9) осы бірлескен бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес білім беруді басқару органдарына қатысты білім беру жүйесін мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 22.01.2018 № 24 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 03.03.2018 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Білім және ғылым министрінің 15.11.2018 № 632 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.11.2018 № 71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрықтарымен.

      2. "Білім беру жүйесіне тексеру жүргізу бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 шілдедегі № 479 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының № 583 бірлескен бұйрығының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11994 болып тіркелді, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 29 қырқүйекте жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (С. Нюсупов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т. Балықбаевқа жүктелсін.

      5. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушы
_____________Т. Балықбаев

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
_____________ М. Құсайынов

      2015 жылғы 31 желтоқсан 2015 жылғы 31 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының

      Құқықтық статистика және

      арнайы есепке алу жөніндегі

      комитетінің төрағасы

      _______________ С. Айтпаева

      2015 жылғы 30 желтоқсан

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 719 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 843 бірлескен бұйрығына
1-қосымша

Білім беру жүйесіне тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 15.11.2018 № 632 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.11.2018 № 71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Білім беру жүйесіне тексеру бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу мақсатында бақылау субъектісін (объектісін) іріктеу үшін білім беру жүйесіне тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексіне, 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы "Білім туралы" заңына және 2018 жылғы 31 шілдедегі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының "Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидаларын және тексеру парақтарының нысанын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес әзірленген.

      2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) бағалау кезеңі – есепті деректердің, автоматтандырылған ақпараттық жүйелер мониторингі нәтижелерінің негізінде субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді бағалау жүргізілетін белгілі бір уақыт кезеңі;

      2) білім беру саласындағы бақылау объектілері – мемлекеттік бақылауға жататын бақылау субъектілерінің меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негізде болатын мүлкі;

      3) білім беру саласындағы бақылау субъектілері - мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын қызмет үшін оның ішінде мемлекеттік органдар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері, жеке тұлға, заңды тұлға;

      4) болмашы бұзушылық – білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру бойынша талаптардың бұзылуы;

      5) елеулі бұзушылық – білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген білім беру процесін жүргізу үшін жағдайлар жасау бойынша бұзушылық талаптары;

      6) өрескел бұзушылық – білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген білім беру процесі сапасының төмендеуіне әкелетін немесе оны растайтын; педагогтардың сапалық құрамының сәйкестігі бойынша білім беру қызметіне қойылатын хаюарландыру тәртібі мен біліктілік талаптарын сақтау бойынша бұзушылық талаптары;

      7) тексеру парағы – бақылау субъектілерінің қызметіне қойылатын талаптарды қамтитын, олардың орындалмауы жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттің заңды мүдделеріне қауіп төндіретін талаптардың тізбесі;

      8) тәуекел – бақыланатын субъекті қызметінің нәтижесінде, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне және оның салдарының дәрежесіне есепке зиян келтіру ықтималдығы;

      9) тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары – тексерілетін субъектінің тікелей қызметімен, салалық даму ерекшеліктерімен және осы дамуға әсер ететін факторлармен байланысты тексерілетін субъектілерді (объектілерді) әртүрлі тәуекел дәрежесіне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы;

      10) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – белгілі бір қызмет саласында тәуекел дәрежесіне байланысты және жеке тексерілетін субъектіге (объектіге) тікелей байланыссыз тексерілетін субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      11) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттары) – нақты тексерілетін субъектінің (объектінің) қызмет нәтижелеріне байланысты тексерілетін субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      12) тәуекелдерді бағалау жүйесі –бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды белгілеу мақсатында бақылау органы жүргізетін іс-шаралар кешені.

      3. Өлшемшарттар объективті және субъективті өлшемшарттар арқылы қалыптасады.

2-тарау. Объективті өлшемшарттар

      4. Тексерілетін субъектілер (объектілер) келесі объективті өлшемшарттардың біреуі ескеріле отырып (жоғары және жоғары дәрежеге жатқызылмаған) тәуекел дәрежелері бойынша бөлінеді:

      1) тәуекел дәрежесі жоғары топқа "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі ҚР Заңының 5-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес бекітілген білім беру қызметін мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес жүргізетін бақылау субъектілері (объектілері) жатады.

      Оларға мынадай ұйымдар жатады:

      мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары;

      бастауыш, негізгі және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары;

      техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары;

      жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары.

      Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілерге (объектілерге) қатысты жоспардан тыс тексерулер, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау қолданылады;

      2) қосымша білім беру қызметін жүргізетін немесе білім беруді басқаруды жүзеге асыратын бақылау субъектілеріне (объектілері) жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмаған топқа жатады.

      Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмаған бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты жоспардан тыс тексерулер және бармай жүргізілетін профилактикалық бақылау қолданылады.

      5. Жоғары тәуекел дәрежесіне жататын бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу мақсатында субъективті өлшемшарттар қолданылады.

      6. Тәуекел дәрежесін анықтау үшін үшін келесі ақпарат көздері қолданылады:

      1) бақылау субъектісі ұсынатын, оның ішінде автоматтандырылған ақпараттық жүйелер арқылы ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері;

      2) бұрынғы тексерулер мен бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау нәтижелері;

      3) расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны;

      4) уәкілетті органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері пайдаланылады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 31.03.2020 № 121 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 01.04.2020 № 20 бірлескен бұйрығымен (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3-тарау. Субъективті өлшемшарттар

      7. Субъективті өлшемшарттары осы Өлшемшарттарға қосымшаларға сәйкес айқындалады.

      8. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің субъективті өлшемшарттарды бағалау осы Өлшемшарттарға қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.

      9. Талдау және бағалау кезінде белгілі бір бақылау объектісіне (объектісіне) қатысты бұрын ескерілген және қолданылатын субъективті критерийлер туралы деректер немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шектеу мерзімі аяқталған деректер қолданылмайды.

      10. Ықтимал тәуекел мен проблеманың маңыздылығына, бұзылудың бір немесе көп реттік сипатына байланысты бұзушылық дәрежесіне – өрескел, елеулі және болмашы дәрежелерге сәйкес келетін субъективті өлшемшарттар айқындалады..

      Бұл ретте бұзушылық дәрежесі (өрескел, елеулі, болмашы) өрескел, елеулі, болмашы бұзушылықтардың белгіленген анықтамаларына сәйкес беріледі.

      Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі.

      11. Бақылау субъектісін (объектісін) тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеудің мынадай тәртібі қолданылады.

      Бір өрескел бұзушылық болған жағдайда тексерілетін субъектіге (объектіге) 100 тәуекел дәрежесінің көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты ішінара тексеру жүргізіледі.

      Егер өрескел бұзушылық анықталмаса, онда тәуекел дәрежесінің көрсеткішін анықтау үшін елеулі және болмашы бұзушылықтар бойынша қосынды көрсеткіш есептеледі.

      Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде

      0,7 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

      ∑Рз = (∑Р2 х 100/∑Р1) х 0,7

      мұндағы:

      ∑Рз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

      ∑Р1 – елеулі бұзушылықтардың жалпы саны;

      ∑Р2 – анықталған елеулі бұзушылықтардың саны;;

      Болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде коэффициент 0, 0,3 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

      ∑Рн = (∑Р2 х 100/∑Р1) х 0,3

      мұндағы:

      ∑Рн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;

      ∑Р1 – болмашы бұзушылықтардың жалпы саны;

      ∑Р2 – анықталған болмашы бұзушылықтардың саны;

      0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы анықталады ∑Р = ∑Рз + ∑Рн

      мұндағы:

      ∑Р – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;

      ∑Рз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

      ∑Рн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.

      12. Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша бақылау субъектісі (объектісі) мыналарға жатады:

      1) 0-ден 60-қа дейінгі тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде субъектісіне (объектісіне) барып арқылы профилактикалық бақылаудан босатылады;

      2) 61-тан 100-ге дейінгі тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан босатылмайды.

      13. Бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізу мерзімділігі субъективті өлшемшарттары бойынша алынатын мәліметтерді талдау және бағалау нәтижелері бойынша айқындалады және жылына бір реттен жиі емес жүзеге асырылады.

      14. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодекстің 141-бабының 3-тармағына сәйкес құрылатын бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың жарты жылдық тізімдері негізінде жүргізіледі.

      15. Білім беру қызметін жүзеге асыратын ұйымдар үшін Өлшемшарттарда пайданалатын бағалау кезеңі бір оқу жылын құрайды.

      16. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеретін профилактикалық бақылау тізімдері субъективті өлшемшарттары бойынша ең жоғары тәуекел дәрежесі көрсеткіші бар тексерілетін субъектілердің (объектілердің) басымдығын ескере отырып жасалады.

  Білім беру жүйесіне
тәуекел дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына қосымша

Субъективті өлшемшарттар

      Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді – ҚР Білім және ғылым министрінің 18.03.2019 № 117 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 29.03.2019 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); ҚР Білім және ғылым министрінің 31.03.2020 № 121 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 01.04.2020 № 20 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрықтарымен.

р/с №

Өлшемшарттар

Бұзушылықтардың дәрежесі

1-бөлім. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін

1-кіші бөлім. Бақылау субъектісі (объектісі), оның ішінде Ұлттық білім беру деректер қоры (ҰБДҚ) арқылы ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері, расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны, сондай-ақ, уәкілетті органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері

1

Білім беру мониторингінің шеңберінде әкімшілік деректер нысандары бойынша ақпараттардың қате және толық емес ұсынылуы немесе ұсынылмауы

елеулі

2

Жас ерекшілігі бойынша топтарды жинақтау кезінде жас ерекшеліктерінің кезеңдерге бөлуінің сақталмауы (әртүрлі жастағы топтарды қоспағанда)

болмашы

3

Тәрбиеленушілер контингентінің жас мөлшерлерінің мектепке дейінгі ұйым түріне сәйкес келмеуі

елеулі

4

Спорттық және музыкалық іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларының болмауы

болмашы

5

Топтағы тәрбиеленушілер толымдылығының нормадан жоғары болуы

болмашы

6

Білім беру ұйымында жұмысқа тиісті бейіні немесе атқаратын лауазымына сәйкес арнайы педагогикалық немесе кәсіптік білімі жоқ тұлғалардың жұмысқа жіберілу фактісінің болуы

өрескел

7

Мемлекеттік электрондық тіркеу тізілімінде рұқсаттар мен хабарламалардың болмауы

өрескел

8

Мамандардың болмау себепті мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарында қарастырылған білім беру бойынша ұйымдастырылған оқу жұмысының орындалмауы

өрескел

9

Білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болмауы

болмашы

10

Педагогтердің біліктілік санаты деңгейін бес жылда бір реттен сиретпей арттырудан (растаудан) өтулерін сақтамаулары

болмашы

11

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында педагогтердің мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарына және педагогтер лауазымдарының тізбесіне сәйкес келмеуі

болмашы

2-кіші бөлім. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы бұрынғы профилактикалық бақылаудың нәтижелері

1

Педагогтің педагогтік әдеп нормалары мен лауазымдық міндеттерін орындауы:
Педагог өз қызметінде:
1) білім алушылар мен тәрбиеленушілерді ата-аналарына, этномәдени құндылықтарға құрмет көрсетуге, қоршаған әлемге ұқыпты қарауға, жоғары адамгершілік тұрғыда тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды;
2) Қазақстан Республикасы педагогтерінің жоғары атағының беделін түсіруге мүмкіндік туғызатын іс-әрекеттерді жасауға жол бермейді;
3) өзінің қызметтік міндетін адал және сапалы орындайды;
4) өзінің кәсіби шеберлігін үздіксіз жетілдіреді, өз бетінше білім алу және өзін-өзі жетілдірумен белсенді түрде айналысады;
5) еңбек тәртібін бұлжытпай сақтайды;
6) білім беру ұйымының мүлкіне ұқыпты қарайды және оны жеке мақсатта пайдаланбайды;
7) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша шаралар қабылдайды, өзінің шыншыл, адал және әділ мінез-құлқымен үлгі болады;
8) қызметтік ақпараттарды пайдакүнемдік және өзге де жеке мақсаттарда пайдалануға жол бермейді;
9) өзі үлгі бола отырып, ұжымда тұрақты және жағымды моральдық-психологиялық жағдай қалыптастыруға мүмкіндік жасайды;
10) өзінің қызметтік міндеттерін орындау кезеңінде іскерлік киім үлгісінде болады.
Білім беру процесіне қатысушылармен қарым-қатынас жасауда педагог:
1) жасына, жынысына, ұлтына, діни сеніміне, азаматтығына, шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайларына немесе кез келген өзге де мән-жайларға қарамастан адамның құқығын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтейді;
2) білім беру процесіне қатысушыларға қатысты қаржылық және өзге де бопсалау фактілеріне жол бермейді, өз әріптестері тарапынан осындай іс-әрекеттерді болдырмау үшін күш салады;
3) өз іс-әрекетімен қоғам тарапынан дәлелді сындарға жол бермейді, оған сабырлылықпен қарайды, өзінің кәсіби қызметіндегі кемшіліктерді жою және оны жақсарту үшін сындарлы сынды пайдаланады;
4) білім беру процесінің қатысушыларына кәсіби қолдау көрсетеді.
Әріптестермен қарым-қатынас жасауда педагог:
1) жалпы қабылданған адамгершілік-әдептілік нормаларын, сыпайылық пен биязылықты сақтайды;
2) басқа педагогтің кәсіби біліктілігіне көпшілік алдында күмән келтірмейді. (өтініштер болған жағдайда тексеріледі)

өрескел

2

Білім беру ұйымдарында саяси партиялар мен діни ұйымдардың (бірлестіктердің) ұйымдық құрылымдарын құруға және олардың қызметіне тыйым салу бөлігінде мемлекеттік саясат қағидатының сақталуы (өтініш болған кезде тексеріледі)

өрескел

3

Мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің бес жылда бір реттен сиретпей біліктілігін арттыруын растайтын сертификаттарының болуы

болмашы

4

Педагогтердің біліктілік санатының деңгейін бес жылда бір реттен сиретпей арттырудан (растаудан) өтуін растайтын біліктілік санатын беру/растау туралы куәліктердің, бұйрықтардың, куәліктерді беру және тіркеу журналдарының болуы

елеулі

5

Білім беру мониторингінің шеңберінде әкімшілік деректер нысандары бойынша ақпараттардың дұрыс және толық берілуі

елеулі

6

Білім беру салалары және сағат сандары бар оқу жоспарларының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларына сәйкестігі. Сондай-ақ, инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытуда баланың ерекшеліктері ескеріліп, жеке оқу жоспары мен жеке бағдарламаның болуы.

өрескел

7

Білім беру ұйымымен бекітілген перспективтік жоспарында педагог-мамандары, тәрбиешілерінің бекітілген ортақ тақырыптарының қатаң сәйкестігі, циклограмманың (жұмысын уақытын, балалар өмір сүруін ұйымдастыру, сабақ кестесінің, педагог-мамандардың бірлескен қызметі үшін варитативті бөлігін бақылау), жас ерекшелігі топтары бойынша ұйымдастырылған оқу қызмет кестесінің, күн тәртібінің болуы, оқу жүктемесінің, ұйымдастырылған оқу қызметінің ұзақтығы үлгілік оқу жоспарға сәйкес келетіндігін растайтын құжаттардың болуы

елеулі

8

"Денсаулық", "Коммуникация", "Таным", "Шығармашылық", "Әлеуметтік орта" білім беру салаларын жүзеге асыру үшін заттық-кеңістіктік дамытушы ортасының болуы

өрескел

9

Мектепке дейiнгi тәрбиемен, оқытумен қамтылған және қамтылмаған балалардың дамуы және оларды тәрбиелеу жөнінде ата-аналар үшін өткізілген кеңестерді растайтын материалдарының болуы

болмашы

10

Баланың жас ерекшелігіне сәйкес балалардың ептіліктері мен дағдыларының дамуын қадағалайтын материалдардың болуы (электрондық және қағаз түріндегі бақылау парағы, даму жеке картасы – диаграммалар, әдіскердің жинақ есебі, балалардың жұмыстары)

елеулі

11

Топтарды жинақтау кезінде балалардың жас ерекшеліктерінің сақталғандығын растайтын топтар бойынша балалар тізімдерінің болуы (әртүрлі жастағы топтарды қоспағанда)

елеулі

12

Мемлекеттік ақпараттық рұқсаттар және хабарламалар жүйесі арқылы қызметін бастағаны туралы хабарламаны қабылдау талонының болуы

өрескел

13

Білім беру ұйымының құрылтайшылық және құқық белгілеуші құжаттарының болуы

елеулі

14

Алып тасталды – ҚР Білім және ғылым министрінің 18.03.2019 № 117 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 29.03.2019 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

15

Бiр жастан бастап мектеп жасына дейiн жеткенше тәрбиеленушілерді тәрбиелеу, оқыту, дамуындағы ауытқуды түзету және әлеуметтік бейімдеу бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын, мемлекеттік қаржыландыратын қызмет көрсету көлемінде, оның ішінде балаларға инклюзивті білім беруді іске асыру үшін растайтын материалдарының (білім беру ұйымы мен басқару органы арасындағы шарт, ғимартаттың қуаты жобасын растайтын құжаттардың болуы, мемелекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы әкімдіктің қаулысы, тәрбиленушілердің тізімдік құрамы) болуы

елеулі

16

Білім беру ұйымымен бекітілген педагогикалық кеңестің жұмыс жоспарлары мен отырыстар хаттамаларының, олардың қызметін растайтын материалдардың болуы.

елеулі

17

Тиісті бейіні бойынша педагогикалық білімі бар педагогтермен қамтамасыз етілуін растайтын білім беру ұйымымен бекітілген педагогтердің тарифтеу тізімдерінің және диплом мен қосымша көшірмелерінің болуы

өрескел

18

Білім беру ұйымдарында педагогтің кәсіби қызметіне:
1) соттың заңды күшіне енген үкіміне сәйкес педагогтің кәсіби қызметін жүзеге асыру құқығынан айырылған;
2) іс-әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған, соның нәтижесінде қызметкердің еңбек қатынастарын жалғастыру мүмкіндігі жоқ;
3) психиатриялық және (немесе) наркологиялық жазбалардан тұратын медициналық қарсы көрсетілімдері бар;
4) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттары жоқ;
5) адам өлтіргені, денсаулыққа қасақана зиян келтіргені, адамдардың денсаулығына және имандылыққа, жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін, экстремистік немесе террористік қылмыстар, адам саудасы үшін сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауда жүрген немесе қудалауда болған адамдарды жұмысқа орналастыруға жол берілмейді

өрескел

19

Мектепке дейінгі ұйымның басшысы немесе өзге де лауазымды тұлғаның оқу-тәрбие процесі барысында білім беру ұйымы тәрбиеленушілерінің, білім алушылар мен қызметкерлерінің өмірлері мен денсаулықтарын қорғау бойынша лауазымдық міндеттерін орындауы (өтініш болған жағдайда тексеріледі)

өрескел

20

Мектепке дейінгі ұйымның Жарғысымен анықталған функциялардың орындалуы (өтініш болған жағдайда тексеріледі

өрескел

21

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында педагогтердің мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарына және педагогтер лауазымдарының тізбесіне сәйкес келуі

елеулі

22

Мектепке дейінгі ұйым мен ата-аналар немесе ата-аналардың заңды өкілдері арасындағы өзара қарым-қатынасты реттейтін шарттардың болуы

елеулі

23

Білім беру ұйымымен бекітілген ішкі тәртіп қағидасының, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарының болуы

болмашы

24

Мектепке дейінгі ұйымдарда медициналық, санаториялық-курорттық немесе өзге де ұйымдарда науқастану, емделу және сауықтырылу кезеңінде немесе ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің еңбек демалысы кезінде бала орнының сақталуы (өтініш болған жағдайда тексеріледі)

елеулі

25

Балалардың бір айдан астам келмегендігі туралы қатысу журналына белгі қойылған, сонымен қатар, әкімшілікті ескертпеген және дәлелді себептерді растайтын құжаттардың болмауы жағдайында оларды мектепке дейінгі ұйымнан шығару (өтініш болған жағдайда тексеріледі)

болмашы

26

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының оқу-дидактикалық құралдарының және әдістемелік ұсынымның, олардың "Денсаулық", "Коммуникация", "Таным", "Шығармашылық", "Социум" білім беру салаларын іске асыру үшін балалардың жас ерекшелігіне сәйкестігінің болуы

болмашы

27

Педагогті кәсіби міндеттеріне байланысты емес жұмыс түрлеріне тартуға жол бермеу (өтініштер болған жағдайда тексеріледі)

өрескел

28

Педагогтің есеп беруін не одан педагогтік лауазымдық міндеттеріне байланысты емес ақпаратты талап етуге жол бермеу (өтініштер болған жағдайда тексеріледі)

Өрескел

29

Педагогке тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу міндеттемесін жүктеуге жол бермеу (өтініштер болған жағдайда тексеріледі)

өрескел

2-бөлім. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім бері ұйымдары үшін

1-кіші бөлім. Бақылау субъектісі (объектісі), оның ішінде Ұлттық білім беру деректер қоры (ҰБДҚ) арқылы ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері, расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны, сондай-ақ, уәкілетті органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері

1

Білім беру мониторингінің шеңберінде әкімшілік деректер нысандары бойынша ақпараттардың қате және толық емес ұсынылуы немесе ұсынылмауы

елеулі

2

Білім беру ұйымында жұмысқа тиісті бейіні немесе атқаратын лауазымына сәйкес арнайы педагогикалық немесе кәсіптік білімі жоқ тұлғалардың жұмысқа жіберілу фактісінің болуы

өрескел

3

Жүзеге асыратын білім беру деңгейі бойынша білім беру қызметіне лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның болмауы

өрескел

4

Бастауыш білім беру үшін:
Лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдердің үлесі олардың жалпы санынан кемінде 25% -ды құрайды.
Негізгі орта және жалпы орта білім беру үшін:
Лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдердің үлесі олардың жалпы санынан кемінде 35 %

өрескел

5

Мамандардың болмау себепті білім беру ұйымның жұмыс оқу жоспарындағы оқытылмайтын пәндердің болуы

өрескел

6

Білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болмауы

болмашы

7

Білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болмауы немесе білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындысыз жұмыс жасауы

болмашы

8

Оқу үрдісінде пайдаланылатын және Интернет желісіне қосылған компьютерлік сыныптардың болмауы

елеулі

9

Спорт залының болмауы

болмашы

10

Сынып жинақтау тәртібінің сақталмауы, оның ішінде сынып толымдылығы нормаларының бұзылуы

болмашы

11

Басқа сыныптармен біріктірілген бірінші немесе бітіруші сыныптардың болуы

елеулі

12

Мектепте үш ауысымды оқытудың болуы

болмашы

13

Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация ұсынымдарынсыз келесі сыныпқа көшірілмеген 1-сынып оқушысының болуы

өрескел

14

Оқу бағдарламасын игермегендігі үшін екі жыл бір сыныпта қалған оқушылардың болуы

болмашы

15

Оқу жетістіктерін сырттай бағалау (бұдан әрі – ОЖСБ) пәндері бойынша сұрақтардың жалпы санынан дұрыс жауаптардың 50 пайызынан кем алған бітіруші сынып (4, 9, 11) білім алушылардың болуы

өрескел

16

Пәндік кабинеттердің (физика, химия, биология, информатика) болмауы (негізгі орта, жалпы орта білім беру үшін)

елеулі

17

Интерактивті тақталардың болмауы

болмашы

18

Оқу шеберханаларының болмауы (негізгі орта, жалпы орта білім беру үшін)

болмашы

19

Кітапхананың болмауы

болмашы

20

Қорытынды аттестаттау пәндері бойынша қанағаттанарлықсыз баға алған бітірушілердің болуы (негізгі орта, жалпы орта білім беру үшін)

елеулі

21

Педагогтердің біліктілік санаты деңгейін бес жылда бір реттен сиретпей арттырудан (растаудан) өтулерін сақтамаулары

болмашы

22

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру
ұйымдарында педагогтердің бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарына және педагогтер лауазымдарының тізбесіне сәйкес келмеуі

болмашы

2-кіші бөлім. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы бұрынғы профилактикалық бақылаудың нәтижелері

1

Білім беру ұйымының құрылтайшылық және құқық белгілеуші құжаттарының бар болуы

елеулі

2

Білім беру мониторингінің шеңберінде әкімшілік деректер нысандары бойынша дұрыс және толық ақпараттың болуы

елеулі

3

Педагогтің педагогтік әдеп нормалары мен лауазымдық міндеттерін орындауы:
Педагог өз қызметінде:
1) білім алушылар мен тәрбиеленушілерді ата-аналарына, этномәдени құндылықтарға құрмет көрсетуге, қоршаған әлемге ұқыпты қарауға, жоғары адамгершілік тұрғыда тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды;
2) Қазақстан Республикасы педагогінің жоғары атағының беделін түсіруге мүмкіндік туғызатын іс-әрекеттерді жасауға жол бермейді;
3) өзінің қызметтік міндетін адал және сапалы орындайды;
4) өзінің кәсіби шеберлігін үздіксіз жетілдіреді, өз бетінше білім алу және өзін-өзі жетілдірумен белсенді түрде айналысады;
5) еңбек тәртібін бұлжытпай сақтайды;
6) білім беру ұйымының мүлкіне ұқыпты қарайды және оны жеке мақсатта пайдаланбайды;
7) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша шаралар қабылдайды, өзінің шыншыл, адал және әділ мінез-құлқымен үлгі болады;
8) қызметтік ақпараттарды пайдакүнемдік және өзге де жеке мақсаттарда пайдалануға жол бермейді;
9) өзі үлгі бола отырып, ұжымда тұрақты және жағымды моральдық-психологиялық жағдай қалыптастыруға мүмкіндік жасайды;
10) өзінің қызметтік міндеттерін орындау кезеңінде іскерлік киім үлгісінде болады.
Білім беру процесіне қатысушылармен қарым-қатынас жасауда педагог:
1) жасына, жынысына, ұлтына, діни сеніміне, азаматтығына, шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайларына немесе кез келген өзге де мән-жайларға қарамастан адамның құқығын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтейді;
2) білім беру процесіне қатысушыларға қатысты қаржылық және өзге де бопсалау фактілеріне жол бермейді, өз әріптестері тарапынан осындай іс-әрекеттерді болдырмау үшін күш салады;
3) өз іс-әрекетімен қоғам тарапынан дәлелді сындарға жол бермейді, оған сабырлылықпен қарайды, өзінің кәсіби қызметіндегі кемшіліктерді жою және оны жақсарту үшін сындарлы сынды пайдаланады;
4) білім беру процесінің қатысушыларына кәсіби қолдау көрсетеді.
Әріптестермен қарым-қатынас жасауда педагог:
1) жалпы қабылданған адамгершілік-әдептілік нормаларын, сыпайылық пен биязылықты сақтайды;
2) басқа педагогтің кәсіби біліктілігіне көпшілік алдында күмән келтірмейді. (өтініштер болған жағдайда тексеріледі)

өрескел

4

Білім беру ұйымдарының басшы кадрларының, педагогтерінің және ғылыми қызметкерлерінің бес жылда бір реттен сиретпей біліктілігін арттырғандығын растайтын сертификаттарының болуы

болмашы

5

Білім беру ұйымдарында саяси партиялар мен діни ұйымдардың (бірлестіктердің) ұйымдық құрылымдарын құруға және олардың қызметіне тыйым салу бөлігінде мемлекеттік саясат қағидатының сақталуы (өтініштер болған жағдайда тексеріледі)

өрескел

6

Білім беру процесін саяси үгіттеу, діни насихат жүргізу немесе білім алушыларды Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келетін әрекеттерге итермелеу үшін пайдалану тыйымын сақтау (өтініштер болған жағдайда тексеріледі)

өрескел

7

Білім алушылардың білім беру ұйымдары бекіткен міндетті мектеп формасын сақтауы (өтініштер болған жағдайда тексеріледі).

өрескел

8

Білім беру ұйымның білім алушылардың контингенті бойынша бұйрықтардың және білім алушылардың сыныптар бөлігінде сандық құрамын растайтын білім алушыларды жазатын алфавиттік кітаптың болуы

елеулі

9

Үлгілік оқу жоспарының инварианттық компонентінің орындалуын растайтын оқу жұмыс жоспарларының, сынып журналдарының, сабақ кестелерінің болуы

өрескел

10

Оқу жұмыс жоспарында, сабақ кестелерінде білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің көлемі факультативтік, үйірме, топ және жеке сабақтардың максималды көлемімен сәйкестігі

өрескел

11

Қалалардағы жалпы орта білім беру ұйымдарында сынып толымдылығы 24-ке жеткенде және одан асқанда, ауылдық жерлерде – 20-ға жеткен кезде және одан асқанда, шағын жинақты мектептердің 10-11 сыныптарында – кемінде 10 білім алушы болған жағдайда сынып журналдарында сыныпты екі топқа бөлінуінің болуы:
1) оқыту тілі қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ тілі және қазақ әдебиеті бойынша;
2) оқыту тілі орыс тілді емес сыныптардағы орыс тілі мен орыс әдебиеті бойынша;
3) шет тілі бойынша;
4) ақпараттық-коммуникациялық технология бойынша (1-4 сыныптарда);
5) информатика бойынша (5-11 сыныптарда);
6) өзін-өзі тану бойынша (1-4 сыныптарда);
7) технология, көркем еңбек бойынша (сынып толымдылығына қарамастан ұл және қыз балалар топтары 5-11 сыныптарда);
8) дене шынықтыру бойынша – гендерлік қағидат бойынша әр топта қалалық жерде кемінде 8 ұл (немесе қыз), ауылдық жерде кемінде 5 ұл (немесе қыз) (5-11 сыныптарда);
9) бейіндік пәндер бойынша (10-11 сыныптарда).

елеулі

12

Білім алушылардың білімнің міндетті төменгі шекті көлемі және олардың шеберлігі мен дағдылары қамтылған оқу пәндерінің базалық деңгейін меңгеруін айқындайтын бақылау нысандарының жүргізілгендігін растайтын материалдардың болуы.
Белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, триместр, оқу жылы) аяқтау, сондай-ақ оқу бағдарламасына (жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша оқитын сыныптар үшін) сәйкес бөлімдерді/өтпелі тақырыптарды зерделеу бойынша өткізілетін жиынтық бағалауды растайтын материалдардың болуы.

елеулі

13

Денсаулық жағдайына байланысты ұзақ уақыт бойы білім беру ұйымында оқи алмайтын оқушыларға үйінде немесе емделу орындарында ақысыз жеке оқытуды ұйымдастыру туралы, сондай-ақ, рұқсат негізінде эстернат нысанында оқуға бұйрықтардың болуы.

елеулі

14

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылардың білім алуы, даму бұзушылықтарының түзетілуі және әлеуметтік бейімделуі үшін қажетті жағдайлардың жасалуын растайтын дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтамалары мен психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының қорытындылары бар білім алушыларға арналған білім беру салаларының, оқу пәндері үлгілік жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес сағат санының жеке оқу жоспарларының болуы, сондай-ақ, экстернат нысанында оқитын білім алушыларға арналған оқу жұмыс жоспарына сәйкес жеке оқу бағдарламасының және консультация беру кестесінің болуы.

елеулі

15

Оқу жұмыс жоспарларында білім беру салаларының болуы, оқу пәндері және сағат саны бастауыш, негізгі орта және орта білім үлгілік оқу жоспарларына сәйкес келуі

өрескел

16

Оқу жоспарындағы пәндер бойынша:
бастауыш білім беру үшін негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдердің үлесінің олардың жалпы санының кемінде 25 % болуы;
негізгі орта және жалпы орта білім беру үшін: негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдердің үлесі олардың жалпы санынан кемінде 35 % болуы

өрескел

17

Білім алушыларға медициналық қызмет көрсету туралы денсаулық сақтау ұйымдармен шарттардың немесе медициналық кабинеттің және медициналық қызметке лицензияның болуы

болмашы

18

Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы негізінде білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің немесе білім алушыларды тамақпен қамтамасыз ету туралы шарттың болуы

болмашы

19

Білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ететін, меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында тиесілі немесе 10 жылдан кем емес жалға алу мерзімімен материалдық активтердің болуын растайтын құжаттардың болуы

өрескел

20

Оқу жұмыс жоспарына сәйкес интернет желісіне қосылған компьютерлік сыныптармен, оқу-зертханалық жабдықтармен, оқу пәндері кабинеттерімен жабдықталуы

елеулі

21

Оқытудың бейінін таңдау кезінде білім алушының қызығушылығы, бейімі мен қабілеті ескеріле отырып, білім алушының тұратын аумағын ескерместен баланың заңды өкілінің келісімімен білім алушының жеке өтініші және негізгі орта білім деңгейі туралы мемлекеттік үлгідегі құжатының болуы негізінде бейінді мектептің 10 немесе 11 сыныптарына қабылдануын растайтын құжаттың білім алушылардың жеке істерінде болуы

елеулі

22

Мамандандырылған білім беру ұйымдарына және лицей мен гимназияларға бірінші сыныпқа түсуі үшін конкурстық негізде қабылдау жүргізгендігін растайтын, емтиханның, тестілеудің, сынақтың материалдарының, хаттамалардың болуы

болмашы

23

Білім беру ұйымының басшысы мен білім алушының заңды өкілдерінің арасында жасалған білім беру қызметтерін көрсетуге арналған шарттың болуы

болмашы

24

Білім беру қызметін іске асыруға берілген лицензияның және жалпы білім берудің (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) оқу бағдарламалары бойынша лицензияға қосымшаның болуы)

өрескел

25

Оқу жоспарының пәндері бойынша оқу жұмыс бағдарламаларының болуы

елеулі

26

Білім беру ұйымы басшысының немесе өзге де лауазымды тұлғаның білім беру ұйымы білім алушыларының және тәрбиеленушілерінің, қызметкерлерінің оқу-тәрбие процесі кезіндегі өмірі мен денсаулығын сақтау бойынша міндеттерін орындауы (өтініштер болған жағдайда тексеріледі)

өрескел

27

Педагогтердің біліктілік санатының деңгейін бес жылда бір реттен сиретпей арттырудан (растаудан) өтуін беру (растау) туралы куәліктердің, бұйрықтардың, куәліктерді тіркеу және беру журналдарының болуы

елеулі

28

Білім беру ұйымымен бекітілген алқалық органдардың (педагогикалық, әдістемелік кеңестердің және педагогикалық әдеп бойынша кеңестің) қызметін растайтын жұмыс жоспарлары мен отырыстары хаттамаларының болуы

елеулі

29

Қосымшалары бар дипломдар көшірмелерінің және білім беру ұйымдарымен бекітілген атқарылатын лауазымының сабақ беретін пәнінің бейініне сәйкес келетін жоғары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі педагогикалық білімі бар педагогтермен, сондай-ақ, педагогтер лауазымдарымен қамтамасыз етілгендігін растайтын педагогтердің тарифтеу тізімдерінің болуы

өрескел

30

Білім беру ұйымдарында педагогтің кәсіби қызметіне:
1) соттың заңды күшіне енген үкіміне сәйкес педагогтің кәсіби қызметін жүзеге асыру құқығынан айырылған;
2) іс-әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған, соның нәтижесінде қызметкердің еңбек қатынастарын жалғастыру мүмкіндігі жоқ;
3) психиатриялық және (немесе) наркологиялық жазбалардан тұратын медициналық қарсы көрсетілімдері бар;
4) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттары жоқ;
5) адам өлтіргені, денсаулыққа қасақана зиян келтіргені, адамдардың денсаулығына және имандылыққа, жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін, экстремистік немесе террористік қылмыстар, адам саудасы үшін сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауда жүрген немесе қудалауда болған адамдарды жұмысқа орналастыруға жол берілмейді

өрескел

31

Алып тасталды – ҚР Білім және ғылым министрінің 18.03.2019 № 117 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 29.03.2019 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

32

Оқу жоспары негізінде әзірленген және білім беру ұйымы бекіткен сабақ кестесінің болуы

елеулі

33

Білім беру процесін реттейтін жылдық күнтізбелік оқу графигінің болуы (мемлекеттік емес мектепте –оның жарғысымен анықталған)

елеулі

34

35

Қорытынды аттестаттаудан өткен азаматтарға мемлекеттiк үлгідегі білім туралы құжаттардың берілуінің объективтілігін растайтын педагогикалық кеңестердің хаттамаларының, негізгі орта білім туралы куәлікті және жалпы орта білім туралы аттестатты беру және есепке алу кітабындағы жазбалардың болуы

елеулі

36

Барлық пәндер бойынша жылдық бағалары "5" болған 5-8, 10 сынып оқушыларының келесі сыныпқа көшірулері туралы педагогикалық кеңес хаттамасының болуы

елеулі

37

1-11 сынып білім алушыларының сынып журналдарында ағымдық бағалардың немесе балл арқылы ағымдық бағалаудың, тоқсандық және жылдық бағалардың бар болуы (1-сыныптың 1-тоқсанын қоспағанда)

елеулі

38

Педагогикалық кеңестің шешімімен аралық бақылауға жіберілген 5-8, 10 сынып оқушыларының барлық пәндер бойынша оң баға немесе бір немесе екі пәннен қанағаттанарлықсыз бағаларының болуы

елеулі

39

5-8, 10-сынып білім алушыларына өткізілген аралық аттестаттауды растайтын материалдарының болуы

болмашы

40

Педагогикалық кеңес шешімімен қорытынды аттестаттауға жіберілген 11-сынып оқушыларының барлық оқу пәндерінен қанағаттанарлықсыз жылдық бағаларының болмауы

болмашы

41

9-сыныпта білім алушылар негізгі орта білім беру, 11-сыныпта білім алушылар жалпы орта білім беру деңгейінде оқу курсының қорытынды бағалары мен қорытынды аттестаттаудың хаттамаларының болуы

өрескел

42

Бір немесе екі пәннен жылдық қанағаттанарлықсыз бағалары бар 5-8 (9), 10 (11)-сынып білім алушыларына қайта аралық аттестаттаудың оқу жылы аяқталғаннан кейін 3 аптадан соң жүргізілгендігін растайтын материалдарының болуы.

болмашы

43

9 және 11-сынып білім алушылары бір немесе екі пәннен жылдық қанағаттанарлықсыз баға алған жағдайда білім беру басқару органдары белгілеген мерзімде қайта қорытынды аттестаттау жүргізілгендігін растайтын материалдарының болуы

елеулі

44

Оқудан тыс іс-шаралар ұйымдастыруды және қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде элективті курстарды ұйымдастыруды растайтын материалдардың болуы (жаңартылған оқу бағдарламалары бойынша оқылатын сыныптар үшін)

елеулі

45

Білім беру қызметін ұйымдастыру аумағында тұратын бастауыш, негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламаларын жүзеге асыратын білім ұйымдарында білім алушылардың жеке ісінде екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы сыныптарына оқуға қабылдануын растайтын құжаттардың болуы

елеулі

46

Білім алушылардың жеке ісінде 1-сыныпқа жеті жастағы және ағымдағы алты жасқа толған балаларға білім беру ұйымының аумағында тұратын барлық балалардың оқу деңгейіне қарамастан, баланың заңды өкілдерінің өтініштері негізінде, білім беру ұйымының қызмет көрсетуі барлық балаларға қолжетімділігін растайтын құжаттардың болуы

елеулі

47

Білім беру ұйымы басшысының білім беру ұйымына оқуға қабылдау туралы және білім беру ұйымынан білім алушыларды шығару туралы бұйрықтарының болуы, сондай-ақ, білім беру ұйымынан шыққан әрбір білім алушының басқа білім беру ұйымына келуі туралы есептен шығару талонының болуы.

елеулі

48

Педагогті кәсіби міндеттеріне байланысты емес жұмыс түрлеріне тартуға жол бермеу (өтініштер болған жағдайда тексеріледі)

өрескел

49

Педагогтің есеп беруін немесе одан педагогтік лауазымдық міндеттеріне байланысты емес ақпаратты талап етуге жол бермеу (өтініштер болған жағдайда тексеріледі)

өрескел

50

Педагогке тауарлар мен қызметтерді сатып алу міндеттемесін жүктеуге жол бермеу (өтініштер болған жағдайда тексеріледі)

өрескел

51

Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының педагогтерін өздерінің кәсіби қызметін мемлекеттік емес ұйымдардың қызметіне тартуға жол бермеу (өтініштер болған жағдайда тексеріледі)

өрескел

3-бөлім. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін

1-кіші бөлім. Бақылау субъектісі (объектісі), оның ішінде Ұлттық білім беру деректер қоры (ҰБДҚ) арқылы ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері, расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны, сондай-ақ, уәкілетті органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері

1

Білім беру мониторингінің шеңберінде әкімшілік деректер нысандары бойынша ақпараттардың қате және толық емес ұсынылуы немесе ұсынылмауы

елеулі

2

Білім беру ұйымында жұмысқа тиісті бейіні немесе атқаратын лауазымына сәйкес арнайы педагогикалық немесе кәсіптік білімі жоқ тұлғалардың жұмысқа жіберілу фактісінің болуы

өрескел

3

Жүзеге асыратын білім беру деңгейі бойынша білім беру қызметіне лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның болмауы

өрескел

4

Техникалық және кәсіптік білім беру үшін:
Жоғары және бірінші санаттағы оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің және (немесе) магистрлердің үлесі лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің санынан кемінде 30 %.
Орта білімнен кейінгі білім беру үшін:
Жоғары және бірінші санаттағы оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің және (немесе) магистрлердің үлесі лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің санынан кемінде 40 %

өрескел

5

Мамандардың болмау себепті білім беру ұйымның жұмыс оқу жоспарындағы оқытылмайтын пәндердің болуы

өрескел

6

Білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болмауы

болмашы

7

Білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болмауы немесе білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындысыз жұмыс жасауы

болмашы

8

Оқу үрдісінде пайдаланылатын және интернет желісіне қосылған компьютерлік сыныптардың болмауы

елеулі

9

Спорт залының болмауы

болмашы

10

Интерактивті тақталардың болмауы

болмашы

11

Кітапхананың болмауы

болмашы

12

Педагогтердің біліктілік санаты деңгейін бес жылда бір реттен сиретпей арттырудан (растаудан) өтулерін сақтамаулары

болмашы

13

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтердің техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарына және педагогтер лауазымдарының тізбесіне сәйкес келмеуі

болмашы

14

Дайындалатын мамандық бойынша жалпы білім беру және арнаулы пәндер кабинеттерінің болмауы

елеулі

15

Дайындалатын мамандық бойынша қажетті зертханалардың, шеберханалардың, оқу полигондарының, оқу шаруашылықтарының болмауы

елеулі

2-кіші бөлім. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы бұрынғы профилактикалық бақылаудың нәтижелері

1

Білім беру ұйымының құрылтайшылық және құқық белгілеуші құжаттарының бар болуы

елеулі

2

Педагогттің педагогтік әдеп нормалары мен лауазымдық міндеттерін орындауы:
Педагог өз қызметінде:
1) білім алушылар мен тәрбиеленушілерді ата-аналарына, этномәдени құндылықтарға құрмет көрсетуге, қоршаған әлемге ұқыпты қарауға, жоғары адамгершілік тұрғыда тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды;
2) Қазақстан Республикасы педагогінің жоғары атағының беделін түсіруге мүмкіндік туғызатын іс-әрекеттерді жасауға жол бермейді;
3) өзінің қызметтік міндетін адал және сапалы орындайды;
4) өзінің кәсіби шеберлігін үздіксіз жетілдіреді, өз бетінше білім алу және өзін-өзі жетілдірумен белсенді түрде айналысады;
5) еңбек тәртібін бұлжытпай сақтайды;
6) білім беру ұйымының мүлкіне ұқыпты қарайды және оны жеке мақсатта пайдаланбайды;
7) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша шаралар қабылдайды, өзінің шыншыл, адал және әділ мінез-құлқымен үлгі болады;
8) қызметтік ақпараттарды пайдакүнемдік және өзге де жеке мақсаттарда пайдалануға жол бермейді;
9) өзі үлгі бола отырып, ұжымда тұрақты және жағымды моральдық-психологиялық жағдай қалыптастыруға мүмкіндік жасайды;
10) өзінің қызметтік міндеттерін орындау кезеңінде іскерлік киім үлгісінде болады.
Білім беру процесіне қатысушылармен қарым-қатынас жасауда педагог:
1) жасына, жынысына, ұлтына, діни сеніміне, азаматтығына, шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайларына немесе кез келген өзге де мән-жайларға қарамастан адамның құқығын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтейді;
2) білім беру процесіне қатысушыларға қатысты қаржылық және өзге де бопсалау фактілеріне жол бермейді, өз әріптестері тарапынан осындай іс-әрекеттерді болдырмау үшін күш салады;
3) өз іс-әрекетімен қоғам тарапынан дәлелді сындарға жол бермейді, оған сабырлылықпен қарайды, өзінің кәсіби қызметіндегі кемшіліктерді жою және оны жақсарту үшін сындарлы сынды пайдаланады;
4) білім беру процесінің қатысушыларына кәсіби қолдау көрсетеді.
Әріптестермен қарым-қатынас жасауда педагог:
1) жалпы қабылданған адамгершілік-әдептілік нормаларын, сыпайылық пен биязылықты сақтайды;
2) басқа педагогтің кәсіби біліктілігіне көпшілік алдында күмән келтірмейді. (өтініштер болған жағдайда тексеріледі)

өрескел

3

Педагогтердің біліктілік санатының деңгейін бес жылда бір реттен сиретпей арттырудан (растаудан) өтуін растайтын біліктілік санатын беру/растау туралы куәліктердің, бұйрықтардың, куәліктерді беру және тіркеу журналдарының болуы

болмашы

4

Білім беру ұйымдары педагогтерінің бес жылда бір реттен сиретпей біліктілігін арттырғандығын растайтын сертификаттардың болуы

болмашы

5

Білім беру ұйымдарында саяси партиялар мен діни ұйымдарды (бірлестіктерді) ұйымдастыру құрылымдарын құру мен олардың қызметіне тыйым салу бөлігінде мемлекеттік саясат қағидатының сақталуы (өтініштер болған жағдайда тексеріледі)

өрескел

6

Білім беру процесін саяси үгіттеу, діни насихат жүргізу немесе білім алушыларды Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келетін әрекеттерге итермелеу үшін пайдалану тыйымын сақтау (өтініштер болған жағдайда тексеріледі)

өрескел

7

Білім алуы кезеңінде әлеуметтік көмекке мұқтаж Қазақстан Республикасы азаматтарына көмек көрсетуге арналған өтемақылық шығыстар (өтініштер болған жағдайда тексеріледі)

елеулі

8

Білім беру ұйымдарында педагогтің кәсіби қызметіне:
1) соттың заңды күшіне енген үкіміне сәйкес педагогтің кәсіби қызметін жүзеге асыру құқығынан айырылған;
2) іс-әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған, соның нәтижесінде қызметкердің еңбек қатынастарын жалғастыру мүмкіндігі жоқ;
3) психиатриялық және (немесе) наркологиялық жазбалардан тұратын медициналық қарсы көрсетілімдері бар;
4) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттары жоқ;
5) адам өлтіргені, денсаулыққа қасақана зиян келтіргені, адамдардың денсаулығына және имандылыққа, жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін, экстремистік немесе террористік қылмыстар, адам саудасы үшін сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауда жүрген немесе қудалауда болған адамдарды жұмысқа орналастыруға жол берілмейді

өрескел

9

Білім беру ұйымының жарғысымен белгіленген функциялармен қамтамасыз етілуі (өтініштер болған жағдайда)

елеулі

10

Оқу жоспарларының үлгілік оқу жұмыс жоспарларына немесе Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкестігі.

өрескел

11

Лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің үлесі олардың жалпы санынан кемінде 70%, оның ішінде медициналық білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін қолданбалы бакалавриат, бакалавриат, магистратура деңгейлері бар оқытушылар мен мейіргерлердің үлесі оқытушылардың жалпы санынан кемінде 10% болуы.

өрескел

12

Жоғары және бірінші санаттағы оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің және (немесе) магистрлердің үлесі лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің санынан техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдар үшін кемінде 30 %;
орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдар үшін кемінде 40 %

өрескел

13

Білім беру ұйымдарының жұмыс оқу жоспарларына сәйкес толық оқу кезеңіне білім алушылар контингентіне шаққандағы, оның ішінде оқу тілдері бойынша оқу әдебиеті қорының, оқу-әдістемелік кешендерінің және цифрлық білім беру ресурстарының болуы

болмашы

14

Даярланатын біліктілікті ескере отырып, интернет желісіне қосылған компьютерлік сыныптармен, оқу-зертханалық жабдықтармен, оның ішінде медициналық білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін оқу пәндік кабинеттермен, клиникаға дейінгі симуляциялық кабинеттермен жарақталуы.

елеулі

15

Практика базалары ретінде айқындалған білім беру ұйымдарымен жасалған шарттардың болуы

елеулі

16

Білім алушыларға медициналық қызмет көрсету туралы денсаулық сақтау ұйымдармен шарттардың немесе медициналық кабинеттің және медициналық қызметке лицензияның болуы

болмашы

17

Білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің немесе білім алушыларды тамақпен қамтамасыз ету туралы шарттың болуы

болмашы

18

Білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ететін, меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында тиесілі материалдық активтердің (оқу кабинеттері, шеберханалар, зертханалар) болуын растайтын құжаттардың болуы

елеулі

19

Сабақ беретін пәніне тиісті бейіні сәйкес келетін базалық жоғары, техникалық және кәсіптік білімі бар инженер-педагогтермен, сондай-ақ, қажеттілік болған жағдайда сабақ беретін пәніне тиісті бейіні сәйкес келетін базалық жоғары немесе техникалық және кәсіптік білімі бар өндірістің білікті мамандарымен қамтамасыз етілгендігін растайтын диплом мен қосымша көшірмелері және педагогтердің білім беру ұйымдары бекіткен тарифтік тізімдерінің болуы

өрескел

20

Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларында төмендегідей нормалардан аспайтын өзгерістердің болуы:
1) міндетті оқытуға бөлінетін жалпы сағаттар санын сақтай отырып, циклдер үшін оқу материалдарын меңгеруге бөлінген оқу уақытының 50%-ына дейін, әр пән және (немесе) модуль бойынша 50%-ға дейін және кәсіптік оқытудың және кәсіптік практиканың 60%-ына дейін (дуальды оқыту кезінде 80%-ға дейін) өзгертеді;
2) оқу бағдарламаларының мазмұнын әр пән, өндірістік оқыту, оның ішінде модульдерге біріктірілген пәндер бойынша 50%-ға дейін (дуальды оқыту кезінде 80%-ға дейін) және кәсіптік модуль бойынша 60%-ға дейін (дуальды оқыту кезінде 80%-ға дейін) өзгертеді;
3) міндетті оқытуға арналған жалпы сағат санын сақтай отырып, жұмыс берушінің талаптары бойынша қосымша пәндер (кәсіби модульдер) енгізеді;
Орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларында төмендегідей нормалардан аспайтын өзгерістердің болуы:
1) базалық және кәсіптік модульдерді игеруге бөлінетін оқу уақытының 50% - ға дейін және оқу сағаттарының жалпы санын сақтай отырып, өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканы 60% - ға дейін өзгертеді;
2) оқытудың әртүрлі технологияларын, оқу процесін ұйымдастыру мен бақылау нысандарын, әдістерін таңдайды;
3) жұмыс берушілердің сұраныстарына сәйкес оқу бағдарламаларының мазмұнын модульдерге біріктірілген (қосылған) пәндерді кәсіптік модуль, өндірістік оқыту және кәсіптік практика бойынша 50%-ға дейін өзгертеді. Міндетті оқытуға арналған жалпы сағат санын сақтай отырып, жұмыс берушінің талаптары бойынша қосымша модульдер енгізеді.

өрескел

21

Жұмыс оқу жоспары мен жұмыс оқу бағдарламаларына сәйкес практикалық дайындықтың жүргізілгендігін растайтын өндірістік оқыту есебі журналдардың болуы

елеулі

22

Білім алушылардың оқу жүктемесінің оқу кестесінің максималды көлеміне сәйкес келуі (оқытудың күндізгі нысаны кезінде оқу уақытының жалпы көлемі аптасына кемінде 36 сағатты есепке алғанда білім алушылардың оқу жүктемесінің максималды көлемі аптасына 54 сағатты құрайды)

өрескел

23

Күндізгі оқу нысаны кезінде техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын меңгерудің нормативтік мерзімі күрделігіне, күтілетін белгіленген біліктілік деңгейіне және білім алушылардың базалық білім деңгейіне қарай нормативтік мерзімін растайтын бекітілген оқу жұмыс жоспарларының болуы:
1) негізгі орта білім базасында жалпы орта білім алмай және білім беру қажеттіліктері бар адамдарға – 1 жыл 10 ай оқу мерзіміне;
2) негізгі орта білім базасында – жалпы орта білім алумен 1 жыл 10 ай, 2 жыл 6 ай, 2 жыл 10 ай, 3 жыл 6 ай немесе 3 жыл 10 ай оқу мерзіміне;
 3) жалпы орта білім базасында – 10 ай, 1 жыл 6 ай, 1 жыл 10 ай, 2 жыл 6 ай немесе 2 жыл 10 ай оқу мерзіміне;
4) техникалық және кәсіптік білім базасында – 10 ай, 1 жыл 6 ай немесе 1 жыл 10 ай оқу мерзіміне;
5) орта білімнен кейінгі білім, жоғары білім базасында – 10 ай немесе 1 жыл 6 ай оқу мерзіміне;
6) ӘАОО үшін жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім базасында берілетін біліктіліктің күрделілігіне байланысты 10 ай, 1 жыл 6 ай немесе 1 жыл 10 ай оқу мерзіміне;
7) өнер, геология, су көлігін пайдалану, медицина, әскери мамандықтар үшін оқу мерзіміне тиісті мамандықтың ерекшелігіне байланысты айқындалуы мүмкін
Күндізгі оқу нысаны кезінде орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын меңгерудің нормативтік мерзімі күрделігіне, күтілетін белгіленген біліктілік деңгейіне және білім алушылардың базалық білім деңгейіне қарай нормативтік мерзімін растайтын бекітілген оқу жұмыс жоспарларының болуы:
-оқу мерзімі жалпы орта білім базасында 2 жыл 10 ай оқу мерзіміне;
-техникалық және кәсіптік білім базасында ұқсас мамандықтар бойынша қабылдау базасына байланысты: орта буын маманы үшін 10 ай оқу мерзіміне;
-білікті жұмысшы кадрлар үшін 1 жыл 10 ай оқу мерзіміне.
 Өнер, геология, су көлігін пайдалану, медицина, әскери мамандықтар үшін оқу мерзімі тиісті мамандықтың ерекшелігіне байланысты айқындалады.

өрескел

24

Кешкі және сырттай оқыту нысандары үшін міндетті оқу сабақтарының оқу уақыттары көлемінің тиісінше 70 %-ына және күндізгі оқыту нысаны үшін қарастырылған оқу сағатының тиісті көлемінің 30 %-ына сәйкестігін растайтын оқытудың кешкі және сырттай нысандарының жұмыс оқу жоспарларының болуы

өрескел

25

Білім алушыларға оқуды аяқтағанын және қорытынды аттестаттаудан өткендігін растайтын хаттамалар мен құжаттарды беру журналдарының болуы

болмашы

26

Білім беру қызметін іске асыруға берілген лицензияның және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің бiлiм беру бағдарламалары бойынша лицензияға қосымшаның болуы

өрескел

27

Оқу және тәрбие процесі кезінде білім беру ұйымының білім алушылары мен қызметкерлері денсаулықтарының сақталуы бойынша ұйым басшысы немесе өзге лауазымдық тұлғаның міндеттерін орындауы (өтініштер болған жағдайда ғана тексеріледі)

өрескел

28

Білім беру мониторингінің шеңберінде әкімшілік деректер нысандары бойынша дұрыс және толық ақпараттың болуы

елеулі

29

Білім беру ұйымымен бекітілген алқалық органдардың (педагогикалық, әдістемелік кеңестердің және педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің) қызметін растайтын жұмыс жоспарлары мен отырыстары хаттамаларының болуы

болмашы

30

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарына және педагогтер лауазымдарының тізбесіне сәйкес келуі

болмашы

31

Ұйымның басшысымен бекітілген оқу жоспары негізінде әзірленген оқу процесінің кестесінің болуы

болмашы

32

Теориялық және өндірістік оқытудың есепке алу журналдары және оқу сағаттарымен оқу бағдарламаларының орындалуын есепке алатын табельдердің болуы

болмашы

33

Сабақ кестесінде аудиториялық сабақтардың барлық түрлері үшін академиялық сағаттың ұзақтығының 45 минутпен сәйкес келуі (қосарланған сабақтарға жол беріледі)

болмашы

34

Сабақтар арасында үзілістер кестесінде бір академиялық сағаттан кейін – 5 минут, қосарланған сабақтардан кейін – 10 минут, 2 қосарланған сабақтан кейін 15 минуттан болуы

болмашы

35

Оқу процесінің кестесінде толық оқу жылында кемінде екі рет, жылына жалпы ұзақтығы 11 аптадан көп емес, оның ішінде әскери мамандықтардан басқа, қысқы мерзімде кемінде 2 апта демалыстың болуы.

болмашы

36

Практикалар базасы ретінде білім беру ұйымдарымен белгіленген келісілген және бекітілген оқу бағдарламалары мен кәсіптік практикадан өткізудің күнтізбелік кестесінің болуы

болмашы

37

Қабылдау (төрағасы, жауапты хатшы және мүшелері) және апелляциялық (төрағасы, мүшелері) комиссияларын құру туралы бұйрықтардың болуы

елеулі

38

Тұлғалардың төмендегідей мерзімдерде оқуға қабылдау туралы өтініштерінің болуы:
1) орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 25 тамызы аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығында, өнер және мәдениет мамандықтары бойынша күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 20 шілдесі аралығында;
2) білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 5 қыркүйегі аралығында, оқудың кешкі нысанына күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығында;
3) орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 25 тамызы аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығында.

болмашы

39

Талапкерлердің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау туралы өтінішіне қоса төмендегідей құжаттардың болуы: білімі туралы құжаттың төлнұсқасы, № 086-У нысаны бойынша медициналық анықтама, № 088-У нысаны бойынша I және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысы, 3x4 көлеміндегі 4 фотосуреті.

болмашы

40

Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға қабылдау емтихандары материалдарының (нәтижелерінің) болуы:
1) бастауыш білімі бар ("Хореография өнері" мамандығы (біліктілігі "Балет әртісі") бойынша ғана кадрлар даярлау үшін қабылдау кезінде) оқуға түсушілер үшін бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары көлемінде екі пән бойынша (қазақ тілі немесе орыс тілі және шығармашылық емтихандар) өткізіледі;
2) жалпы орта білімі бар оқуға түсушілер үшін үш пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық бейіні бойынша пән) өткізіледі;
3) негізгі орта білімі бар оқуға түсушілер үшін – негізгі орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары көлемінде екі пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі және мамандық бейіні бойынша пән);
4) мамандық бейініне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар оқуға түсушілер үшін мамандық бейіні бойынша өткізіледі;
5) мамандық бейініне сәйкес келетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін әңгімелесу түрінде өткізіледі.

болмашы

41

Өнер және мәдениет мамандықтары бойынша білім беру ұйымдарына оқуға түсетін тұлғалар үшін білім беру ұйымдары бекіткен бағдарламалар бойынша арнайы немесе шығармашылық емтихандардың өткізілгендерін растайтын хаттамалардың және бұйрықтардың болуы. Арнайы немесе шығармашылық емтихандар бойынша "қанағаттанарлықсыз" деген баға алған немесе емтиханға дәлелді себепсіз келмеген азаматтар қалған емтихандарға жіберілмейді

болмашы

42

Хаттамаларда орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің оқу бағдарламалары бойынша оқуға түсетін адамдар үшін қабылдау емтихандарын өткізудің төмендегі көрсетілген мерзімдерге сәйкес болуы:
оқудың күндізгі нысанына түсу емтихандары күнтізбелік жылдың 1 тамызы мен 27 тамызы аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына күнтізбелік жылдың 1 тамызы мен 28 қыркүйек аралығында; өнер және мәдениет мамандықтары бойынша арнаулы немесе шығармашылық емтихандар күнтізбелік жылдың 21 шілдесі мен 28 шілдесі аралығында өткізіледі.

болмашы

43

Хаттамаларда білікті жұмысшы кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына түсетін тұлғалар үшін әңгімелесудің 1 тамызы мен 31 тамызы аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына күнтізбелік жылдың 1 тамызы мен 25 қыркүйегі аралығында өткізу мерзімдеріне сәйкес болуы.

болмашы

44

Қабылдау емтихандарының хаттамалары мен материалдарында (нәтижелерінде) қабылдау емтихандарын бағалаудың талаптарына сәйкес болуы:
тестілеу нысанында әрбір пән бойынша тестілеу тапсырмаларының (сұрақтарының) саны 25 болуы; әрбір тест тапсырмасының дұрыс жауабы 1 балмен бағалануы;
пәндер бойынша емтихандардың, қабылдау емтихандарының нәтижелері бойынша алынған "3", "4", "5" бағаларын қабылдау комиссиясының мынадай шкала бойынша: "3" – 8 бал, "4" – 17 бал, "5" – 25 балдарға ауыстыруы

елеулі

45

Алып тасталды – ҚР Білім және ғылым министрінің 18.03.2019 № 117 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 29.03.2019 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

46

Апелляцияға берілген өтініштерді қабылдау мен қарау тәртібінің сақталуын растайтын аппеляциялық комиссия отырыстары хаттамаларының болуы

болмашы

47

Білім алушылар құрамына қабылдау конкурсына қатысуға жіберуге қойылатын талаптардың сақталуын растайтын материалдардың (ведомостер, хаттамалар, листов тестілеу парақтары) болуы.
Білім алушылар құрамына қабылдау конкурсына қатысуға:
1) негізгі жалпы білім алғандар үшін екі пәннен 20 балдан кем, білім, құқық, экономика, медицина және фармацевтика мамандықтары бойынша 25 балдан кем;
2) жалпы орта білім алғандар үшін үш пәннен 30 балдан кем, білім, құқық, экономика, медицина және фармацевтика мамандықтары бойынша 35 балдан кем жинағандардың жіберілмеуі

болмашы

48

Білікті кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау туралы жеке кәсіптер, мамандықтар жөніндегі қабылдау комиссиясының ашық отырыстары хаттамаларының болуы:
1) оқудың күндізгі нысанына - негізгі орта немесе жалпы орта білімі туралы құжаттарда көрсетілген бейіндік пәндер бойынша бағалары, әңгімелесу нәтижелері ескеріле отырып іріктеу негізінде күнтізбелік жылдың 25 тамызы мен 10 қыркүйегі аралығында;
2) оқудың кешкі және сырттай нысанына - негізгі орта немесе жалпы орта білімі туралы құжаттарда көрсетілген бейіндік пәндер бойынша бағалары, әңгімелесу нәтижелері ескеріле отырып іріктеу негізінде күнтізбелік жылдың 15 – 30 қыркүйегі аралығында.

өрескел

49

Жеке кәсіптер, мамандықтар бойынша білім беру ұйымына қабылдау туралы қабылдау комиссиясының ашық отырыстары хаттамаларының болуы

өрескел

50

Білім алушыларды курстан курсқа, бір білім беру ұйымынан екіншісіне, бір оқу нысанынан екінші нысанға, бір тілдік бөлімнен екінші тілдік бөлімге, бір мамандықтан екінші мамандыққа, ақылы негізде оқудан мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқуға ауыстыруға 4 оқу пәнінен аспайтын академиялық айырмашылық болғанда жол беру талабының сақталуын растайтын құжаттардың болуы

өрескел

51

Оқу шығындарын толық өтейтін, ақылы негізде білім алушының мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқу үшін бос орындарға ауыстыру тәртіптерінің сақталуы:
1) білім алушының білім беру ұйымы басшысының атына әрі қарай мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға ауыстыру туралы еркін нысанда өтініш беруі;
2) білім беру ұйымы басшысының аталған өтінішті қарап, оны педагогикалық кеңестің қарауына шығаруы және педагогикалық кеңес шешімінің негізінде білім алушыны әрі қарай мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға ауыстыру туралы бұйрық шығаруы

өрескел

52

Білім алушының (бір білім беру ұйымынан басқа білім беру ұйымына ауысқанда) білім алып жатқан білім беру ұйымы басшысының атына еркін нысанда ауысу туралы жазбаша өтініші және ауысуға мөрмен бекітілген өзі қалаған білім беру ұйымының басшысының жазбаша келісімінің болуы

өрескел

53

Ауыстыратын білім беру ұйымы басшысының қолымен куәландырылған білім алушының сынақ кітапшасы (немесе үлгерім кітапшасының) көшірмесінің болуы

болмашы

54

Қабылдайтын білім беру ұйымы басшысының (білім алушыны ауыстыру мәселе шешілген жағдайда):
білім алушының оқу сабақтарына рұқсат беру, оқу жоспарындағы айырмашылықтарды тапсыру туралы;
білім алушының бұрын оқыған білім беру ұйымынан жеке іс қағаздары алынғаннан кейін білім алушылары қатарына қабылдау туралы бұйрықтардың болуы

өрескел

55

Білім алушының аяқтаған семестрді ескере отырып, бұрынғы немесе басқа білім беру ұйымына қайта қабылдау туралы өтінішінің болуы

өрескел

56

Семестр кезінде ақысын төлемегені үшін оқудан шығарылған білім алушыларды, шығарылған күнінен бастап төрт аптаның ішінде төлемақы бойынша қарызын өтегені туралы құжатты ұсынған жағдайда, үш жұмыс күні ішінде қайта қабылдау

өрескел

57

Бұрын басқа білім беру ұйымдарында білім алған білім алушыларды оқуға қайта қабылдауға:
курстар мен мамандықтар бойынша оқытудың тиісті оқу топтары болған жағдайда;
оқуды аяқтамаған тұлғаларға берілетін Анықтамада (немесе білім алушының сынақ кітапшасында) көрсетілген оқу пәндерінің қабылдаушы білім беру ұйымының жұмыс оқу жоспарының оқу пәндері тізбесінен айырмашылығы төрт оқу пәндерінен артық болмаған жағдайларда рұқсат берілуі

өрескел

58

Білім беру ұйымы басшысының орынбасарымен жұмыс оқу жоспарының пәндері мен оқу сағаттарындағы айырмашылықты белгілеуі және басшының бұйрығымен айырмашылықты жою тәртібінің бекітілуі

өрескел

59

Бұрын оқыған білім беру ұйымының басшысы қабылдаушы тараптың жазбаша сұрауы негізінде білім алушының жеке іс құжаттарын жібереді, бұл ретте Анықтаманың, сынақ кітапшасының көшірмесін және жіберілген құжаттарының тізімдемесін өзінде қалдырады

болмашы

60

Білім алушыға академиялық демалыстың мынадай:
1) сырқатына бойынша ұзақтығы 6 айдан 12 айға дейін амбулаториялық-емханалық ұйым жанындағы дәрігерлік-консультациялық комиссияның (бұдан әрі – ДКК) қорытындысы;
2) ұзақтығы 36 айдан аспайтын туберкулезбен ауырған жағдайда туберкулезге қарсы медициналық ұйымның Орталықтандырылған дәрігерлік-консультациялық комиссияның (бұдан әрі – ОДКК) қорытындысы;
3) әскери қызметке шақыру туралы қағаз негізінде;
4) босанғанда, ұл немесе қыз бала асырап алғанда 3 жасқа толғанға дейін берілуі

болмашы

61

Білім алушы ауруына байланысты академиялық демалыстан келген соң, науқасты қараған денсаулық сақтау ұйымынан осы мамандық бойынша білімін жалғастыру мүмкіндігі туралы қорытынды берілген денсаулық жағдайы туралы ДКК (ОДКК) анықтамасының болуы

болмашы

62

Білім беру гранты бойынша білім алушыға академиялық демалыс беру және академиялық демалыстан шығу туралы бұйрықтардың көшірмесін үш жұмыс күні ішінде бағдарлама бойынша қаржыландырудың тиісті сомасы мен мерзіміне байланысты түзету үшін білім беру ұйымының басшысы тиісті қаржыландырылатын органдарға жолдағанын растайтын хаттарының болуы

болмашы

63

Аралық аттестаттауының нысаны ретінде емтихандардың өтуін растайтын емтихан ведомостерінің болуы

өрескел

64

Келесі талаптарды сақтай отырып, аралық аттестаттауға білім алушыларды жіберу туралы бұйрықтардың болуы:
барлық практикалық, зертханалық, есеп айырысу-кестелік және курстық жұмыстарды (жобаларды), сынақтарды толық орындаған;
әрбір пән бойынша типтік оқу бағдарламаларына сәйкес ағымдағы білім есебінің қорытындысы бойынша қанағаттанарлықсыз баға алмаған;
емтиханға 1-2 пәннен қанағаттанарлықсыз бағасы бар білім алушы білім беру ұйымы басшысының рұқсатымен;
екеуден көп қанағаттанарлықсыз бағасы бар білім алушылардың педагогикалық кеңестің шешімімен жіберілуі

өрескел

65

Сырқаттануына байланысты немесе басқа да дәлелді себептермен аралық аттестаттаудан өтпеген білім алушыларға білім беру ұйымы басшысының жеке мерзім белгілеп, аралық аттестацияны тапсыруға жіберу туралы бұйрығының болуы

өрескел

66

"Қанағаттанарлықсыз" (сынақтан өткен жоқ) деген баға алған жағдайда емтиханды қайта тапсыруға, пәнді жүргізетін оқытушыға, модуль щеңберінде оқытушыларға белгіленген мерзімде бөлім меңгерушісінің жазбаша түрде рұқсаттың болуы (немесе сабақ беретін оқытушы болмаған жағдайда, осы пәннің (модульдің) бейініне сәйкес біліктілігі бар басқа оқытушыға тапсыруға болады)

өрескел

67

Аралық аттестаттау қорытындылары бойынша үшеуден артық қанағаттанарлықсыз баға алған білім алушыларды оқудан шығару туралы педагогикалық кеңестің шешімі мен білім беру ұйымы басшысының бұйрығының болуы.
Білім алушыға белгіленген үлгідегі берілген анықтамаларды тіркеу журналдарының болуы

өрескел

68

Белгіленген курстағы оқу жоспарының талаптарын толық орындаған, аралық аттестаттаудың барлық сынақтары мен емтихандарын табысты тапсырған білім алушыларды келесі курсқа көшіру туралы білім беру ұйымы басшысының бұйрығының болуы

өрескел

69

Қорытынды емтиханды өткізуден бір ай бұрын аттестаттау емтихан комиссиясы құрамы жұмыс берушілер өкілдерінен 65 % және 35 %-ға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары өкілдерінің арақатынасындағы кәсіпорындардың жоғары білікті мамандарынан, арнайы пәндер оқытушыларынан, өндiрiстiк оқыту шеберлерi және оқу орнын басқарудың алқалық органдарының өкілдерінен тұратын аттестаттау комиссияны құру туралы білім беру ұйымы басшысының бұйрығының болуы

болмашы

70

Білім алушыларды арнайы пәндер бойынша қорытынды аттестаттауды қорытынды емтихан нысанында тапсыру үшін оқу бағдарламаларына сәйкес қорытынды емтиханға енгізілген емтихан билеттері мен сұрақтар тізбелерінің болуы; дипломдық жобалардың (жобалардың) болуы. Білім алушыларды қорытынды аттестаттауды жүргізу бойынша комиссия отырыстары хаттамаларының, қорытынды аттестаттаудың (жеке) емтихандарын тапсыру туралы білім алушыларды қорытынды аттестаттауды жүргізу бойынша комиссия отырыстары хаттамаларының; біліктілікті беру туралы білім алушыларды қорытынды аттестаттауды жүргізу бойынша комиссия отырыстары хаттамаларының (жинақ); білім алушының бітіру жұмысын (диплом жобасын (жұмысын) қарау туралы қорытынды аттестаттауды жүргізу бойынша комиссия отырыстары хаттамаларының болуы

өрескел

71

Диплом жобасын қорғау немесе қорытынды емтихан тапсыру кезінде "қанағаттанарлықсыз" деген баға алған тұлғаға қорытынды аттестаттауды қайта тапсыруға немесе мерзімін белгіленген қорытынды емтиханды қайта тапсыру "қанағаттанарлықсыз" деген баға алған пән және (немесе) модуль бойынша қорытынды аттестаттау комиссиясының рұқсат беру туралы шешімі

өрескел

72

Диплом жобасын қайта қорғаудан немесе қорытынды емтихан тапсыру кезінде "қанағаттанарлықсыз" баға алған білім алушыға мамандығы (кәсібі) бойынша оқу курсын толық аяқтағандығы туралы белгіленген үлгідегі анықтаманың болуы

өрескел

73

Тиісті құжаттармен дәлелденген, себепті жағдайлармен дипломдық жобаны (жұмысты) қорғауға және қорытынды емтиханды тапсыруға келмеген білім алушылардың белгіленген мерзімде қорытынды аттестаттаудан өтуге жіберілуі туралы білім беру ұйымы басшысының бұйрығының болуы

өрескел

74

Емтиханды оқу жоспарының 75 пайыздан кем емес барлық пәндерінен "өте жақсы" бағамен, ал қалған пәндерді – "жақсы" бағамен тапсырған, және дипломдық жобаны (жұмысты) "өте жақсы" деген бағамен қорғаған білім алушыға үздік дипломның берілуінің объективтілігін растайтын құжаттардың болуы

өрескел

75

Педагогті кәсіби міндеттеріне байланысты емес жұмыс түрлеріне тартуға жол бермеу (өтініштер болған жағдайда тексеріледі)

өрескел

76

Педагогтің есеп беруін немесе одан педагогтік лауазымдық міндеттеріне байланысты емес ақпаратты талап етуге жол бермеу (өтініштер болған жағдайда тексеріледі)

өрескел

77

Педагогке тауарлар мен қызметтерді сатып алу міндеттемесін жүктеуге жол бермеу (өтініштер болған жағдайда тексеріледі)

өрескел

4-бөлім. Қосымша білім беретін білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызмет үшін

1-кіші бөлім. Уәкілетті органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері, сондай-ақ, расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны

1

Білім беру ұйымының құрылтайшылық және құқық белгілеуші құжаттарының бар болуы

елеулі

2

Педагогтің педагогтік әдеп нормалары мен лауазымдық міндеттерін орындауы:
Педагог өз қызметінде:
1) білім алушылар мен тәрбиеленушілерді ата-аналарына, этномәдени құндылықтарға құрмет көрсетуге, қоршаған әлемге ұқыпты қарауға, жоғары адамгершілік тұрғыда тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды;
2) Қазақстан Республикасы педагогінің жоғары атағының беделін түсіруге мүмкіндік туғызатын іс-әрекеттерді жасауға жол бермейді;
3) өзінің қызметтік міндетін адал және сапалы орындайды;
4) өзінің кәсіби шеберлігін үздіксіз жетілдіреді, өз бетінше білім алу және өзін-өзі жетілдірумен белсенді түрде айналысады;
5) еңбект әртібін бұлжытпай сақтайды;
6) білім беру ұйымының мүлкіне ұқыпты қарайды және оны жеке мақсатта пайдаланбайды;
7) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша шаралар қабылдайды, өзінің шыншыл, адал және әділ мінез-құлқымен үлгі болады;
8) қызметтік ақпараттарды пайдакүнемдік және өзге де жеке мақсаттарда пайдалануға жол бермейді;
9) өзі үлгі бола отырып, ұжымда тұрақты және жағымды моральдық-психологиялық жағдай қалыптастыруға мүмкіндік жасайды;
10) өзінің қызметтік міндеттерін орындау кезеңінде іскерлік киім үлгісінде болады.
Білім беру процесіне қатысушылармен қарым-қатынас жасауда педагог:
1) жасына, жынысына, ұлтына, діни сеніміне, азаматтығына, шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайларына немесе кез келген өзге де мән-жайларға қарамастан адамның құқығын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтейді;
2) білім беру процесіне қатысушыларға қатысты қаржылық және өзге де бопсалау фактілеріне жол бермейді, өз әріптестері тарапынан осындай іс-әрекеттерді болдырмау үшін күш салады;
3) өз іс-әрекетімен қоғам тарапынан дәлелді сындарға жол бермейді, оған сабырлылықпен қарайды, өзінің кәсіби қызметіндегі кемшіліктерді жою және оны жақсарту үшін сындарлы сынды пайдаланады;
4) білім беру процесінің қатысушыларына кәсіби қолдау көрсетеді.
Әріптестермен қарым-қатынас жасауда педагог:
1) жалпы қабылданған адамгершілік-әдептілік нормаларын, сыпайылық пен биязылықты сақтайды;
2) басқа педагогтің кәсіби біліктілігіне көпшілік алдында күмән келтірмейді. (өтініштер болған жағдайда тексеріледі)

өрескел

3

Білім беру ұйымдарында саяси партиялар мен діни ұйымдарды (бірлестіктерді) ұйымдастыру құрылымдарын құру мен олардың қызметіне тыйым салу бөлігінде мемлекеттік саясат қағидатының сақталуы (өтініштер болған жағдайда тексеріледі)

болмашы

4

Білім беру процесін саяси үгіттеу, діни насихат жүргізу немесе білім алушыларды Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келетін әрекеттерге итермелеу үшін пайдалану тыйымын сақтау (өтініштер болған жағдайда тексеріледі)

болмашы

5

Білім беру ұйымы қызметінің Жарғыға сәйкестігі

болмашы

6

Білім беру ұйымының басшысы немесе өзге лауазымды тұлғалардың білім беру ұйымы білім алушыларының және тәрбиеленушілерінің, қызметкерлерінің оқу-тәрбие процесі кезіндегі өмірі мен денсаулығын сақтау бойынша міндеттерін орындауы

елеулі

7

Педагогтердің біліктілік санатының деңгейін бес жылда бір реттен сиретпей арттырудан (растаудан) өтуін растайтын біліктілік санатын беру/растау туралы куәліктердің, бұйрықтардың, куәліктерді беру және тіркеу журналдарының болуы

болмашы

8

Мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы үш жылда бір рет аттестаттаудан өткендігін растайтын аттестациялық комиссияның шешімінің немесе аттестаттау парағының болуы

өрескел

9

Білім беру ұйымының басшы кадрларының, педагогтерінің және ғылыми қызметкерлерінің бес жылда бір реттен сиретпей біліктілігін арттыруын растайтын сертификаттарының болуы

өрескел

10

Білім беру ұйымымен бекітілген педагогикалық кеңестің қызметін растайтын жұмыс жоспарлары мен отырыстар хаттамаларының болуы.

өрескел

11

Сабақ беретін пәніне тиісті бейіні білім беру ұйымының бейініне сәйкес келетін жоғары, техникалық және кәсіптік білімі бар, педагогтермен қамтамасыз етілгендігін растайтын дипломдар мен қосымшаларының көшірмелері және педагогтердің білім беру ұйымдары бекіткен тарифтік тізімдерінің болуы

елеулі

12

Білім беру ұйымдарында педагогтің кәсіби қызметіне:
1) соттың заңды күшіне енген үкіміне сәйкес педагогтің кәсіби қызметін жүзеге асыру құқығынан айырылған;
2) іс-әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған, соның нәтижесінде қызметкердің еңбек қатынастарын жалғастыру мүмкіндігі жоқ;
3) психиатриялық және (немесе) наркологиялық жазбалардан тұратын медициналық қарсы көрсетілімдері бар;
4) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттары жоқ;
5) адам өлтіргені, денсаулыққа қасақана зиян келтіргені, адамдардың денсаулығына және имандылыққа, жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін, экстремистік немесе террористік қылмыстар, адам саудасы үшін сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауда жүрген немесе қудалауда болған адамдарды жұмысқа орналастыруға жол берілмейді

өрескел

13

Сапалы қосымша білім алуға қажетті материалдық техникалық базасының болуы

елеулі

14

Өз бетімен дайындаған білім берудің оқу бағдарламалары болуы және олардың орындалуы

өрескел

15

Біліктілік емтихандарын тапсырған білім алушыларға баға қойылғандығы және (немесе) бейіні бойынша (көркемдік, музыкалық және өнер мектептері) біліктілік беру туралы куәлік бергендігін растайтын журналдарының болуы

болмашы

16

Білім беру қызметтерін ақылы негізінде ұсыну білім беру ұйымы мен білім алушының заңды өкілдері арасында жасалған білім беру ұйымының жарғысымен айқындалған ақылы қызметтер көрсету тізбесі және тәртібіне сәйкес келісім шарт негізінде жүзеге асырылуы

болмашы

17

Шетелдік және халықаралық білім беру ұйымдарымен, қорлармен байланыстар орнатылған, халықаралық бағдарламаларға қатысқан, білім беру, мәдениет, спорт және туризм саласындағы халықаралық үкіметтік емес ұйымдарға (қауымдастықтарға) кірген, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ынтымақтастық туралы шарттар жасалған жағдайда білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісімінің болуы

болмашы

18

Педагогті кәсіби міндеттеріне байланысты емес жұмыс түрлеріне тартуға жол бермеу (өтініштер болған жағдайда тексеріледі)

өрескел

19

Педагогтің есеп беруін не одан педагогтік лауазымдық міндеттеріне байланысты емес ақпаратты талап етуге жол бермеу (өтініштер болған жағдайда тексеріледі)

өрескел

20

Педагогке тауарлар мен қызметтерді сатып алу міндеттемесін жүктеуге жол бермеу (өтініштер болған жағдайда тексеріледі)

өрескел

5-бөлім. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін

1-кіші бөлім. Бақылау субъектісі (объектісі), оның ішінде Жоғары білім беруді басқарудың бірыңғай жүйесі (ЖБББЖ) арқылы ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері, сондай-ақ, уәкілетті органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері

1

Білім беру мониторингінің шеңберінде әкімшілік деректер нысандары бойынша ақпараттардың қате және толық емес ұсынылуы немесе ұсынылмауы.

болмашы

2

Күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылардың ең аз контингенті университеттерде 3000 адамнан аз; академияларда, институттарда және оларға теңестірілген ЖОО-да (консерваторияларда) 1000 адамнан аз.

өрескел

3

Білім беру қызметіне лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның болмауы.

өрескел

4

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру үшін:
Оқытушылардың жалпы санынан лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын "ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежелері немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" дәрежелері және/немесе "қауымдастырылған профессор (доцент)" немесе "профессор" ғылыми атақтары және/немесе "Еңбек сiңiрген жаттықтырушы" спорттық атақтары бар оқытушылардың үлесі – университеттер үшін – 50 % кем емес, академиялар, институттар үшін – 30% кем емес;
Оқытушылардың жалпы санынан лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын "магистр" дәрежесі бар оқытушылардың үлесі - 60%-дан көп болуы; 
оқытушылардың жалпы санынан "Өнер" білім беру саласында кадрларды даярлау бағыты үшін лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын "ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежелері немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" дәрежелері және/немесе "қауымдастырылған профессор (доцент)" немесе "профессор" ғылыми атақтары және/немесе Қазақстан Республикасының құрметті атақтары мен мемлекеттік марапаттары бар оқытушылардың үлесі университеттер үшін – 50 % кем емес, академиялар, институттар үшін – 30% кем емес; 
Оқытушылардың жалпы санынан лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын "магистр" дәрежесі бар оқытушылардың үлесі - 60%-дан көп болуы; 
"Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)" білім беру саласында кадрларды даярлау бағыты бойынша:
лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын "ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежелері немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" дәрежелері және/немесе "қауымдастырылған профессор (доцент)" немесе "профессор" ғылыми атақтары бар оқытушылардың үлесі жалпы оқытушылар санынан кемінде университеттер үшін – 50 % кем емес, академиялар, институттар үшін – 30% кем емес;
Оқытушылардың жалпы санынан лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын "магистр" дәрежесі бар және/немесе жоғары/бірінші біліктілік дәрігерлік санаты бар оқытушылардың үлесі - 50%-дан көп болуы;
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары үшін оқытушылардың жалпы санынан "ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежелері немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" дәрежелері және/немесе "қауымдастырылған профессор (доцент)" немесе "профессор" ғылыми атақтары және/немесе әскери (арнайы) атағы подполковниктен төмен емес оқытушылардың үлесі – 40% кем емес.

өрескел

5

Кадрларды даярлау бағыты бойынша бітіру жылы ішінде түлектердің жұмысқа орналасу үлесі – 50% кем емес.

өрескел

6

Білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болмауы.

болмашы

7

Білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болмауы немесе білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындысыз жұмыс жасауы.

болмашы

8

Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) сертификатынсыз студенттерді қабылдау, сондай-ақ бірінші академиялық кезеңнің қорытындысы бойынша өткізілетін ҰБТ нәтижелері бойынша оқудан шығарылмаған тұлғалардың болуы.

өрескел

9

ОЖСБ пәндері бойынша бітіруші топтар білім алушыларының орта балы республикалық орта балдан кем болуы. 

елеулі

10

Сұратылып отырған кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын үш ғылым докторының немесе бес ғылым кандидатының немесе бес философия (PhD) докторының болмауы; "Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс" білім саласындағы кадрларды даярлау бағыты бойынша бір ғылым докторының немесе бір ғылым кандидатының немесе философия (PhD) докторының болмауы.

өрескел

11

Меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығына тиесілі білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін материалдық активтердің, оның ішінде ауданы санитарлық нормаларға сай оқу орынжайларының болмауы.

өрескел

2-кіші бөлім. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы бұрынғы профилактикалық бақылаудың нәтижелері

1

Жоғары оқу орнының (бұдан әрі - ЖОО) іске асырылатын білім беру бағдарламаларының тізбесі; білім беру ұйымдарына қабылдау тәртібі; білім беру процесін ұйымдастыру тәртібі (оның ішінде оқыту және тәрбиелеу тілі (тілдері), білім алушылардың, тәрбиеленушілердің сабақ режимі); білімдерді ағымдағы бақылау, білім алушыларды аралық және қорытынды аттестаттау жүйесі, оларды өткізудің нысандары және тәртібі; білім алушыларды оқудан шығару негіздері және тәртібі; ақылы қызмет көрсетудің тізбесі және тәртібі; білім беру ұйымының білім алушылармен және (немесе) олардың ата-аналарымен және өзге де заңды өкілдерімен қатынастарын ресімдеу тәртібі қамтылған жарғысының болуы.

болмашы

2

ЖОО-ны басқару органдарының қызметін регламенттейтін құжаттардың болуы.

болмашы

3

Даму стратегиясы және (немесе) даму бағдарламасы және (немесе) даму жоспарының болуы.

болмашы

4

ЖОО проректорларын (басшының орынбасарларын) тағайындау, олардың саны: 1500 адамға дейін – 1 проректор; 1501 адамнан 3000 адамға дейін – 2 проректор; 3001 адамнан 6000 адамға дейін – 3 проректор; 6001 адамнан 10000 адамға дейін – 4 проректор; 10001 адамнан және одан көп адам – 5 және көп болуы, сондай-ақ лауазымдық өкілеттіліктерін айқындау тәртібінің сақталғанын растайтын құжаттардың болуы.

болмашы

5

Ректордың (басшының) шарт талаптарында көзделген білім алушылардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуін, білім беру мониторингінің шеңберінде әкімшілік деректер нысандары бойынша және толық шынайы ақпаратты беру бойынша міндеттерін атқаруды растайтын құжаттардың болуы.

болмашы

6

Стратегиялық даму және даму жоспары бойынша ЖОО ректорының басқару органдары алдындағы жыл сайынғы есебінің болуы.

болмашы

7

Басқару кадрларының, педагогикалық және ғылыми қызметкерлердің біліктіліктерін арттыруды қамтитын адами ресурстарын (қызметкерлерін) басқаруды ЖОО-ның кадрлық саясатына сәйкес жүзеге асырылуын растайтын құжаттардың болуы.

өрескел

8

ЖОО қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамаларының болуы.

өрескел

9

Дәрістерді оқуға ғылыми дәрежесі және (немесе) философия докторы (PhD) және бейіні бойынша доктор дәрежесі және (немесе) ғылыми атақтары бар оқытушылардың, сондай-ақ тиісті ғылым магистрінің академиялық дәрежесі бар және (немесе) аға оқытушылардың; дәрістерді оқуға және (немесе) басқа оқу сабақтарының түрлерін өткізуге ғылыми қызметкерлер, еңбегі сіңген мәдениет, өнер, спорт қайраткерлері, шығармашылық одақтардың мүшелері немесе тәжірибелі мамандардың тартылғанын растайтын құжаттардың болуы.

өрескел

10

Дипломдық жұмыстарға (жобаларға), кәсіптік практикаға жетекшілікті осы жұмыстарға сәйкес келетін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар оқытушылар, практик-мамандар жүзеге асыруын; ӘАОО-ны қоспағанда, магистрлік диссертацияларға (жобаларға), докторлық диссертацияларға, ғылыми тағылымдамаларға, зерттеу практикаларға жетекшілікті ғылыми дәрежесі және (немесе) философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесі және (немесе) ғылыми атақтары бар және ғылыми зерттеулермен белсенді айналысатын оқытушылар және (немесе) білім алушының оқу қызметінің осы түрлерінің бейініне сәйкес болатын ғылыми жарияланымдары бар ғылыми қызметкерлер, практик-мамандар жүзеге асыруын растайтын құжаттардың болуы.

өрескел

11

Профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлер лауазымдарына конкурстық орналасу тәртібінің, сондай-ақ, оның сақталуын растайтын құжаттардың болуы.

өрескел

12

ЖОО қызметінің барлық бағыттары мен түрлерін қамтитын бекітілген ұйымдастырушылық құрылымның, құрылымдық бөлімшелер туралы бекітілген ережелердің, жыл сайын бекітілген штаттық кестенің, академиялық күнтізбенің болуы.

болмашы

13

ЖОО қызметкерлерінің оқу жүктемесі нормаларының бекітілгенін растайтын құжаттардың болуы.

болмашы

14

ЖОО-ның алдында тұрған басымдықтар мен міндеттерді ескере отырып әзірленіп бектілген, оқу процесін ұйымдастыру және білім беру қызметін жоспарлау мен басқару бойынша шаралар, қағидалар және рәсімдер жүйесін қамтитын академиялық саясаттың болуы.

болмашы

15

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы білім беру ұйымдарын қоспағанда, ЖОО-ға оқуға қабылдаудың бекітілген тәртібінің және оның сақталуын растайтын құжаттардың болуы.

өрескел

16

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы білім беру ұйымдарын қоспағанда, ЖОО-ның білім алушыларды қабылдағаннан кейін және білім туралы құжаттарды беруден кейін бір ай ішінде ақпаратты жолдағанын және (немесе) бұл мәліметтерді білім беру саласындағы уәкілетті органның білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесіне енгізгенін растайтын құжаттардың болуы.

болмашы

17

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім туралы берілген құжаттар бойынша жұмыс істейтін электрондық жүйенің, оның ішінде бұрын берілген құжаттардың электрондық базасының (архивін) болуы.

болмашы

18

ӘАОО-ны, медицина ЖОО-ларын, мәдениет және өнер саласындағы ЖОО-ларды, сондай-ақ білім алушылардың саны мемлекеттік білім беру тапсырыспен айқындалатын ЖОО-ларды қоспағанда, күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылардың ең аз контингенті университеттерде кемінде 3000 адам; академияларда, институттарда және оларға теңестірілген ЖОО-да (консерваторияларда) кемінде 1000 адамның болуы.

өрескел

19

Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша білім алушылардың пәндерді және (немесе) модульдерді зерделеу дәйектілігін академиялық кредиттер жинақтай отырып, таңдауын және дербес жоспарлауын қамтамасыз етуді растайтын құжаттардың болуы.

елеулі

20

ҚБТ бойынша оқу процесін ұйымдастыру үшін білім беру ұйымдарында: 1) білім алушыларға арналған оқу-әдістемелік және ұйымдастырушылық-әкімшілік ақпараты бар парақтармен білім беру порталының;
2) телекоммуникациялық желіге шығу мүмкіндігі бар жабдықтың (Интернет, спутниктік теледидар);
3) мультимедиалық сыныптардың және электрондық оқу залдарының; 4) оқу контентінің; 5) тестілеу кешенінің;
6) оқытуды басқарудың желілік жүйесінің (Learning Management System - LMS) болуы.
Білім беру ұйымы басшысының ҚБТ-ны қолдану туралы бұйрығының болуы (бұйрыққа: 1) білім алушының өтініші; 2) білім алушылардың жеке оқу жоспарлары; 3) әрбір білім алушының оқу қызметін ұйымдастырудың жеке кестесі;
4) мүгедек балалардың ҚБТ бойынша оқу процесіне қатысу мүмкіндгі туралы психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияны ұсынымы; 5) егер білім алушы сотталса және қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде жазасын өтеуге жіберілсе, пениципиалды мекеме басшысының келісімі немесе рұқсаты қоса беріледі).
ҚБТ-ны енгізетін білім беру ұйымында білім алушылардың деректер базасын (білім алушыларды қабылдау, ауыстыру, қайта қабылдау туралы бұйрық, олардың ағымдағы үлгерімдері туралы мәліметтер) қамтитын ақпараттық басқару жүйесінің құрылғаны, сондай-ақ, ҚБТ-ны іске асыратын білім беру ұйымында ҚБТ бойынша оқу процесін ұйымдастырушылық, әдістемелік, ақпараттық және техникалық қолдауды жүзеге асыратын арнайы құрылымдық бөлімшелердің құрылғаны туралы мәліметтердің болуы.

елеулі

21

Оқу процесін жоспарлау және ұйымдастыру кезінде оқыту технологиялары, оқу жұмысының түрлері бойынша жүктеме көлемінің арасалмағы, оқу жұмысының түрлері мен мерзімі нормаларының айқындалғанын растайтын құжаттардың болуы.

елеулі

22

Білім алушылардың жазбаша жұмыстарының барлық түрлерін плагиатқа тексеруден өткізудің бекітілген қағидаларының, сондай-ақ, олардың өткендігін растайтын құжаттардың болуы.

елеулі

23

Білім алушыларды ауыстыру мен қайта қабылдаудың бекітілген тәртібінің және оның сақталуын растайтын құжаттардың болуы.

елеулі

24

Білім алушыға академиялық демалыс берудің бекітілген тәртібінің және оның сақталуын растайтын құжаттардың болуы.

елеулі

25

Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың мазмұнын, құрылымдық бөлімшелерде оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру тәртібінің сақталуын, сондай-ақ, оқу-әдістемелік секциялардың құрылуын растайтын құжаттардың болуы.

елеулі

26

Білім беру қызметінің сапасын арттыруды іштей қамтамасыз ету жүйесінің құрылғанын және жұмыс істеуін растайтын құжаттардың болуы.

елеулі

27

Ерекше білім беру қажеттілігі бар тұлғалар үшін арнайы білім беру жағдайларының болуы.

өрескел

28

Білім алушылардың кәсіптік практикадан өтуін ұйымдастыру мен өткізу және кәсіптік практика базасы ретінде ұйымдарды айқындаудың бекітілген тәртібінің және оның сақталуын растайтын құжаттардың болуы.

елеулі

29

Формальды емес білім арқылы алынған оқу нәтижелерін тану немесе бас тарту туралы комиссия хаттамасының болуы.

елеулі

30

Білім алушыларды оқу пәндеріне тіркеуді, меңгерілген кредиттерді есепке алуды, аралық және қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру және білім алушылардың оқу жетістіктерінің бүкіл тарихын жүргізуді атқаратын тіркеу офисінің болуы; ӘАОО-да - білім беру сапасын мониторингілеу және бақылау (бағалау) бөлімшесінің болуы.

елеулі

31

Білім алушылардың оқу жетістіктерін есепке алу, олардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды жүргізу, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің бекітілген тәртібінің және оның сақталуын растайтын құжаттардың болуы.

өрескел

32

Білім алушыны ЖОО-дан: академиялық үлгермеушілігі үшін; академиялық адалдық қағидаттарын бұзғаны үшін; Ішкі тәртіп қағидалары мен ЖОО жарғысын бұзғаны үшін; білім беру қызметтерін көрсету туралы шарттың талаптарын бұзғаны үшін, оның ішінде ақылы негіздегі оқу құнын төлемегені үшін; өз еркімен оқудан шығару тәртібінің сақталуын растайтын құжаттардың болуы.

елеулі

33

Білім алушыларды қорытынды аттестаттау үшін білім беру бағдарламалары немесе даярлау бағыттары бойынша аттестаттау комиссиясының құрамы мен жұмысы туралы бекітілген тәртіптің және оның сақталуын растайтын құжаттардың болуы.

елеулі

34

Білім туралы құжатты толтыру, қосымшасы (транскрипт) бар дипломды беру мерзіміне қойылған талаптардың сақталуын растайтын құжаттардың болуы.

елеулі

35

Докторлық диссертацияларды қорғауды ұйымдастыру мен өткізу үшін ЖОО-ның диссертациялық кеңесі туралы бекітілген ереженің, сондай-ақ, оның сақталуын растайтын құжаттардың болуы.

болмашы

36

Кадрларды даярлау бағыты бойынша бітіру жылы ішінде түлектердің кемінде 50%-ның жұмысқа орналасуының қамтамасыз етілгенін растайтын құжаттардың болуы.

өрескел

37

ЖОО-да тәрбие жұмысын ұйымдастыруды және жүргізуді растайтын құжаттардың болуы.

болмашы

38

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының келесі бағыттарда жүргізілуін растайтын құжаттардың болуы:
іргелі, қолданбалы, іздеу (бастамашылық), ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар, оның ішінде инновациялық бағыттар бойынша жұмыстар;
тапсырыс бойынша, бөгде ұйымдармен жасалған шарттар бойынша ғылыми зерттеулер;
білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру;
оқытудың инновациялық технологияларын әзірлеу және ғылыми зерттеулер нәтижелерін оқу процесі мен өндіріске енгізу;
ӘАОО қоспағанда, зерттеу қызметінің инновациялық инфрақұрылымын қалыптастыру, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру тетігін құру және ендіру;
зерттеушілер мен әзірлеушілердің зияткерлік меншігі мен авторлық құқықтарын қорғау.

елеулі

39

ЖОО-ның шетелдік білім беру, ғылыми және мәдени ұйымдармен, халықаралық ұйымдармен және қорлармен ынтымақтастығын растайтын, білім алушылармен, педагогикалық және ғылыми қызметкерлермен халықаралық алмасу бағдарламаларына қатысуын растайтын, білім беру саласындағы халықаралық үкіметтік емес ұйымдарға (қауымдастықтарға) мүше мүшелігін растайтын құжаттардың болуы.

болмашы

40

Веб-сайтты, ақпараттық-білім беру порталын, оқытудың кредиттік технологиясын қамтамасыз етудің автоматтандырылған жүйесін, жергілікті желілерінде орналасқан ақпараттық-білім беру ресурстарының жиынтығын және кең жолақты әрі жоғары жылдамдықты интернетке қосылған тармақталған компьютерлік желіні қамтитын жоғары технологиялық ақпараттық-білім беру ортасының болуы.

өрескел

41

Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында тиісті дәрісханалық және зертханалық базалардың, оқу кабинеттерінің, өндірістік шеберханалардың, полигондардың, спорт залдарының және өзге де орынжайлардың болуы.

өрескел

42

Оқу пәндерін модульдік оқыту жүйесі негізінде әзірленіп, оқу нәтижелерін көрсететін жоғары және жоғарғы оқу орнынан кейінгі бiлiм беру бағдарламаларының (ӘАОО қоспағанда), оқу жоспарларының (оқу жұмыс жоспары, білім алушының жеке оқу жоспары), пәндер бойынша оқу жұмыс бағдарламаларының (силлабустар) болуы.

елеулі

43

Жалпы білім беретін пәндер (бұдан әрі – ЖБП) циклінде міндетті компонент (бұдан әрі – МК), жоғары оқу орны компоненті (бұдан әрі – ЖК) және (немесе) таңдау компоненті (бұдан әрі – ТК) пәндерінің; базалық пәндер (бұдан әрі – БП) және бейіндеуші пәндер циклдерінде ЖК және ТК пәндерінің қамтылуы (бакалавриат үшін);
жоғары оқу орнынан кейінгі білім үшін – БП және бейіндеуші пәндер циклдерінде ЖК және ТК пәндерінің қамтылуы;
ӘАОО-да бакалавриат бойынша білім беру бағдарламаларында МК және ЖК пәндерінен құралған ЖБП, БП, бейіндеуші пәндер циклдерінің, жоғары оқу орнынан кейінгі білім бойынша білім беру бағдарламаларында ЖК пәндерінен құралған БП және бейіндеуші пәндер циклдерінің болуы.

болмашы

44

ЖБП циклінің білім беру бағдарламасының жалпы көлемінің 23%-нан аспауы немесе 56 академиялық кредитті құрауы, оның 51 академиялық кредиті міндетті компонент пәндеріне тиесілі болуы: Қазақстанның қазіргі заман тарихы, Философия, Қазақ (орыс) тілі, Шетел тілі, Ақпараттық- коммуникациялық технологиялар (ағылшын тілінде), Дене шынықтыру, Әлеуметтік-саяси білім модулі (саясаттану, әлеуметтану, мәдениеттану, психология); пәнаралық сипатқа ие ЖБП циклінің пәндері бойынша интеграцияланған бағдарламалардың болуы (бакалавриат үшін);
ӘАОО-н қоспағанда, Ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратураның барлық білім беру бағдарламаларының БП циклінің ЖК-де "Ғылым тарихы мен философиясы", "Шет тілі (кәсіби)", "Жоғары мектеп педагогикасы", "Басқару психологиясы" пәндерін, бейінді бағыт үшін "Менеджмент", "Басқару психологиясы", "Шет тілі (кәсіби)" пәндерінің болуы, пәнаралық сипатқа ие БП циклінің ЖК пәндері бойынша кіріктірілген бағдарламалардың болуы (магистратура және докторантура үшін).

болмашы

45

Білім алушылардың экономика мен құқық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері, экология және өмір қауіпсіздігі саласындағы кәсіптік дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ кәсіпкерлік дағдылар, көшбасшылық, инновацияларды қабылдау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған жалпы көлемі кемінде 5 академиялық кредитті құрайтын ЖБП циклінің ЖК және (немесе) ТК пәндерінің болуы.

болмашы

46

БП цикліндегі оқу пәндерін оқыту және кәсіби практиканың өту көлемінің білім беру бағдарламасының жалпы көлемінің 47%-ын немесе кемінде 112 академиялық кредитті құрауы; ӘАОО-да БП цикліне жалпы көлемде БП циклінің көлемінің 30%-нан аспайтын барлық практика түрлерінің (кәсіптік практика, оқу практикасы, әскери тағылымдама, жауынгерлік дайындық және тағы басқа) болуы (бакалавриат үшін).
Ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратурада БП циклінің көлемі білім беру бағдарламасының жалпы көлемінен 29%-ды немесе 35 академиялық кредитті құрауы, олардың 57%-ы немесе 20 академиялық кредит ЖК-ге тиесілі болуы; Бейінді бағыттағы магистратурада БП циклінің көлемі білім беру бағдарламасының жалпы көлемінен 17%-ды немесе 10 академиялық кредитті (оқу мерзімі 1 жыл) және 15 академиялық кредитті (оқу мерзімі 1,5 жыл) құрауы, оның ішінде ЖК пәндерінің көлемі 60%-ды немесе 6 академиялық кредитті (оқу мерзімі 1 жыл) және 40%-ды немесе 6 академиялық кредитті (оқу мерзімі 1,5 жыл) құрауы; ӘАОО-да бейіндік бағыттағы магистратурадағы БП циклінің көлемі кемінде 15%-ын (оқу мерзімі 1 жыл) және кемінде 15%-ын (оқу мерзімі 1,5 жыл) құрауы (магистратура үшін);
ЖК және ТК пәндерін, практиканы қамтитын БП және бейіндеуші пәндер циклінің білім беру бағдарламасының жалпы көлемінің 30%-ын немесе 53 академиялық кредитті құрауы; ӘАОО-да білім беру бағдарламаларының ЖК пәндерінен тұратын БП және бейіндеуші пәндер циклдерінен құралуы (докторантура үшін).

болмашы

47

БП циклінде көлемі оқу бағдарламасының жалпы көлемінен кемінде 25%-ды немесе кемінде 60 академиялық кредитті құрайтын оқу пәндерінің және кәсіби практика түрлерінің болуы; ӘАОО-да БП циклі пәндерінің көлемі жалпы жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының көлемінен кемінде 25%-ын немесе кемінде 60 академиялық кредитті құрауы (бакалавриат үшін).
Ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратурада БП циклінің көлемі білім беру бағдарламасының жалпы көлемінен 41%-ды немесе 49 академиялық кредитті құрауы; Бейінді бағыттағы магистратурада БП циклінің көлемі ЖК мен ТК компонент арасында бөлінетін магистратураның білім беру бағдарламасының жалпы көлемінен 42%-ды немесе 25 академиялық кредитті (оқу мерзімі 1 жыл) және 40%-ды немесе 45 академиялық кредитті (оқу мерзімі 1,5 жыл) құрауы; ӘАОО-да бейіндік бағыттағы магистратурадағы БП циклі көлемінің (оқу мерзімі 1 жыл және 1,5 жыл) 50% - дан кем болмауы (магистратура үшін).

болмашы

48

БП және бейіндеуші пәндер циклдерінің модульдері мен пәндері бағдарламасының білім берудің бірқатар салалары бойынша кадрлар даярлауды қамтамасыз ететін пәнаралық және көп салалы сипатта болуы.

болмашы

49

Қорытынды аттестаттаудың көлемі 12 академиялық кредитті немесе білім беру бағдарламаларының жалпы көлемінен кемінде 5%-ды құрайтынын және дипломдық жұмыс (жоба) жазу және қорғау түрінде немесе кешенді емтиханға дайындалу және тапсыру түрінде жүргізілетінін растайтын құжаттардың болуы; ӘАОО-да қорытынды аттестаттаудың дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау, кешенді емтихан және (немесе) "Дене шынықтыру" пәні бойынша емтихан дайындау және тапсыру нысанында не кешенді мемлекеттік емтихан, екі базалық және (немесе) бейіндеуші пәндер бойынша мемлекеттік емтихандар және (немесе) "Дене шынықтыру" пәні бойынша емтихан тапсыру нысанында өткізілуі (бакалавриат үшін).
Қорытынды аттестаттаудың 12 академиялық кредитті немесе ғылыми-педагогикалық бағыттағы білім беру бағдарламасының жалпы көлемінен 10%-дан аспайтын көлемді (тиісінше 1 жыл немесе 1,5 жыл оқу мерзімімен бейінді магистратурада 20% немесе 13%) құрауын және магистрлік диссертацияны (жобаны) жазу және қорғау нысанында өткізілуін, ӘАОО үшін қорытыны аттестаттау кемінде 12 академиялық кредитті құрайтынын растайтын құжаттардың болуы (магистратура үшін).
Қорытынды аттестаттаудың 12 академиялық кредитті немесе докторантураның білім беру бағдарламасының жалпы көлемінен 6%-ды құрауын және докторлық диссертацияны (жобаны) жазу мен қорғау түрінде өтуін растайтын құжаттардың болуы (докторантура үшін).

елеулі

50

Дипломдық жұмыс (жоба) жазудың орнына қосымша кешенді емтихан тапсыру үшін тиісті құжаттары тіркеліп, ректордың атына жазылған өтініштің болуы.

болмашы

51

Үш тілде білім беру бағдарламаларын енгізген ЖОО білім беру қызметін жоспарлау мен ұйымдастыруды үш тілде: оқыту тілінде, екінші тілде және ағылшын тілінде жүзеге асыруы: оқу пәндерінің 50%-ын оқыту (мемлекеттік немесе орыс) тілінде, 20%-ын екінші тілде (сәйкесінше орыс немесе мемлекеттік), 30%-ын ағылшын тілінде оқытылуы.
Үш тілде білім беру бағдарламасын енгізген ӘАОО оқытуды үш тілде: мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде жүзеге асыруы; екі тілде білім беру бағдарламасын енгізген ӘАОО оқытуды екі тілде: қазақ және орыс тілдерінде жүзеге асыруы.

болмашы

52

Дуальды оқыту элементтерін енгізген ЖОО білім беру қызметін жоспарлау мен ұйымдастыруды теориялық оқыту мен өндірістегі практикалық дайындықты үйлестіру негізінде жүзеге асыруы: пәннің оқу материалының 40%-ына дейінін тікелей өндірісте (технологиялық процесс, шығармашылық қызмет процесі, қаржы-экономикалық процестер, психологиялық-педагогикалық процесс және тағы басқа) меңгеруі.

болмашы

53

Оқыту нәтижелері сәйкес болған жағдайда пререквизиттер ретінде алдыңғы формальды білім деңгейінің жекелеген пәндері, сондай-ақ тиісті деңгейдегі формальды емес білімнің оқыту нәтижелері қайта есептелуінің болуы.
Білім алушының тиісті білім беру бағдарламасын игеруі үшін қажетті "кіруде" болуы тиіс барлық пререквизиттердің болуы.

елеулі

54

Білім беру мазмұнын жоспарлаудың, оқу процесін ұйымдастыру және өткізу тәсілін таңдау оқытудың кредиттік технологиялары негізінде жүргізілуін растайтын құжаттардың болуы.

елеулі

55

Білім беру бағдарламасында оқу саласының сипаттамасын, даярлау деңгейін, оқу нәтижелерін, кәсіптік қызметтің негізгі түрлерінің көрсетілуі.

елеулі

56

Білім алушының бір оқу жылындағы және барлық оқу кезеңіндегі академиялық кредиттердің көлемінен кем болмайтын, оның барлық оқу әрекетін - дәрістер, семинарлар, курстық жұмыстар (жобалар), практикалық және зертханалық жұмыстар, студиядағы жұмыстар, өндірістегі практика (дуальды оқыту кезінде), кәсіптік практика, ғылыми және кәсіби тағылымдама, ғылыми-зерттеу/ тәжірибелік-ізденіс жұмыстары, дипломдық жұмыс (жоба), диссертация (жоба), өзіндік жұмыс, оның ішінде оқытушының жетекшілігі жүргізілетін жұмыс, қамтитын оқу жүктемесінің болуы.

болмашы

57

Бір оқу жылының толық академиялық жүктемесі 60 академиялық кредитке немесе 1800 академиялық сағатқа сәйкес келуін, бұл ретте білім алушының бір семестр ішінде 30 академиялық кредитті меңгеруін растайтын құжаттардың болуы.

болмашы

58

Білім алушының: бакалавриат бағдарламалары бойынша барлық оқу кезеңінде студенттің оқу әрекетінің барлық түрлерін қоса алғанда, кемінде 240 академиялық кредитті меңгеруі; магистратура бағдарламалары бойынша:
1) ғылыми-педагогикалық магистратурада магистранттың оқу және ғылыми қызметінің барлық түрін қоса алғанда, оқудың барлық кезеңінде кемінде 120 академиялық кредитті (ӘАОО үшін кемінде 120 кредит) мөлшерінде;
2) бейінді магистратурада 1 жыл оқу мерзімімен 60 академиялық кредитті және 1,5 жыл оқу мерзімімен 90 академиялық кредитті (ӘАОО үшін 1 жыл оқу мерзімімен кемінде 60 кредит, 1,5 жыл оқу мерзімімен кемінде 90 кредит және 110-нан аспайтын кредит меңгеруі.
Философия докторларын (PhD) (бейіні бойынша докторлар) даярлау бойынша докторанттың оқу және ғылыми қызметтің барлық түрлерін қоса алғанда, кемінде 180 академиялық кредитті игеруін растайтын құжаттардың болуы.

елеулі

59

Білім беру қызметін білім беру қызметімен айналысуға берілген лицензияға сәйкес жүзеге асыруды және оның қолданыста болу уақытының барлық кезеңінде білім беру қызметіне қойылған біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті сақтауды растайтын құжаттардың болуы.

өрескел

60

Білім берудің деңгейлеріне қарай Дублин дескрипторлары негізінде айқындалатын және оқу кезінде қол жеткізілген нәтижелерден байқалатын меңгерілген негізгі құзыреттерді көрсететін білім алушыларды даярлау деңгейіне қойылатын талаптардың сақталуын растайтын бекітілген модульдік білім беру бағдарламаларының болуы.

өрескел

61

Қосымшасы бар (транскрипт) дипломды, сондай-ақ дипломға жалпыеуропалық қосымшаны (Diploma Supplement (диплома саплэмент) беру тәртібінің сақталуы (докторантурадан басқа), қосымша академиялық кезеңде педагогикалық бейін пәндерінің циклін меңгерген және педагогикалық практикадан өткен бейінді докторантура түлектеріне негізгі дипломға қосымша куәліктің берілу тәртібінің сақталуы.

елеулі

62

Ғылыми-педагогикалық бағыттағы (магистратура) жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдар үшін тереңдетілген ғылыми-педагогикалық және зерттеу даярлығы бар ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларының болуы, сондай-ақ, оны іске асыруды растайтын құжаттардың болуы.
ӘАОО-да ғылыми-педагогикалық және бейіндік магистратура тереңдетілген кәсіптік немесе ғылыми-педагогикалық даярлығы бар басқару, ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлау бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырудың болуы; Бейінді бағыттағы (магистратура) экономика, медицина, құқық, білім, өнер, қызмет көрсету және бизнес, қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік салалары, құқық қорғау қызметі үшін тереңдетілген кәсіптік даярлығы бар басқарушы кадрларды даярлау бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларының болуы, сондай-ақ, оны іске асыруды растайтын құжаттардың болуы.

болмашы

63

Білім беру бағдарламасының құрылымында білім берудің мазмұнын айқындайтын оқу және ғылыми жұмыстардың түрлі бағыттарының болуы: базалық және бейіндік пәндерді қамтитын теориялық оқыту, білім алушыларды практикалық даярлау: практикалардың, ғылыми және кәсіби тағылымдамалардың түрлері;
диссертация/жобаларды орындауды қоса алғанда, ғылыми-іздену (тәжірибелік-ізденіс) жұмыстары; қорытынды аттестаттау.
Ғылыми-педагогикалық бағыттағы докторантураның білім беру бағдарламасының құрылымында базалық және бейіндік пәндерді қамтитын білім беру компонентінің болуы, ғылыми-іздену жұмыстары, қосалқы оқыту түрлері, қорытынды аттестаттаудың болуы.

болмашы

64

Магистрлік бағдарламаның міндетті компонентінде магистранттарды практикалардың, ғылыми немесе кәсіби тағылымдамалардың түрлерін қамтитын практикалық даярлау; ғылыми-педагогикалық магистратура үшін магистрлік диссертацияны орындауды қамтитын ғылыми-зерттеу жұмысы немесе бейінді магистратура үшін магистрлік жобаны орындауды қамтитын эксперименттік-зерттеу жұмысының болуы.

болмашы

65

Ғылыми-педагогикалық магистратураның білім беру бағдарламасында теориялық оқытумен қатар немесе жеке кезеңде жүргізілуі мүмкін практиканың екі түрінің қамтылуы: БП циклінде педагогикалық – ЖОО-да; бейіндеуші пәндер циклінде зерттеу – диссертация орындалған жерде; бейінді магистратурада БП циклінде өндірістік практиканың қамтылуы; ӘАОО-да өндірістік практиканың кәсіби практика немесе әскери тағылымдама түрінде өткізілуі.
Докторантураның білім беру бағдарламасында философия докторы бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін - педагогикалық және зерттеу практикасының болуы; бейіндік докторантура бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін – өндірістік практиканың болуы.

болмашы

66

Зерттеу/өндірістік практика мазмұнының диссертациялық (жобалық) зерттеу тақырыбымен сәйкестігін растайтын құжаттардың болуы.

елеулі

67

Білім алушының жеке жұмыс жоспарына сәйкес ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) жұмысы (бұдан әрі – МҒЗЖ (МЭЗЖ) шеңберінде ғылыми ұйымдарда және (немесе) тиісті қызмет салаларындағы ұйымдарда (докторантура үшін қосымша – сонымен бірге шетелде) ғылыми тағылымдамадан міндетті өтуін растайтын құжаттардың болуы.

елеулі

68

Ғылыми-педагогикалық магистратурадағы магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысына қойылатын талаптардың сақталуын растайтын құжаттардың болуы: магистрлік диссертация орындалатын және қорғалатын білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес келуі; өзекті, ғылыми жаңалығының және практикалық маңызының болуы; ғылым мен практиканың қазіргі заманғы теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктеріне негізделуі; ғылыми зерттеулердің қазіргі әдістерін қолдана отырып орындалуы; негізгі қорғалатын ережелер бойынша ғылыми-зерттеу (әдістемелік, практикалық) бөлімдерінің болуы; ғылыми зерттеулердің қазіргі заманғы әдістерін қолдана отырып, озық ақпараттық технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырылуы; негізгі қорғалатын ережелер бойынша эксперименттік-зерттеу (әдістемелік, практикалық) бөлімдерден құралуы; компьютерлік технологияны пайдалана отырып, деректерді өңдеудің және интерпретациялаудың қазіргі заманғы әдістеріне негізделуі, сондай-ақ, ғылыми-зерттеу немесе эксперименттік-зерттеу жұмысының нәтижелері бойынша олардың әрбір кезеңнің соңында ресімделген білім алушының есебінің болуы.

елеулі

69

Жыл сайын оқу жылы аяқталғаннан кейін білім алушының жеке жұмыс жоспарының орындалуы бойынша академиялық аттестаттаудан өтуін растайтын құжаттардың болуы.

болмашы

70

ЖОО-ның магистрлік диссертация туралы бекітілген ереженің, сондай-ақ, оның сақталуын растайтын құжаттардың болуы.

болмашы

71

Магистрлік диссертацияның негізгі нәтижелері туралы жарияланымның және (немесе) ғылыми-практикалық конференцияға қатысуда көрінуі.
Докторанттың ғылыми зерттеуінің негізгі нәтижелері ғылыми, ғылыми-талдамалық және ғылыми-практикалық басылымдарда жариялануы.

елеулі

72

Магистратураға оқуға қабылданғаннан кейін екі ай ішінде әрбір магистрантқа магистрлік диссертацияға (жобаға) жетекшілік жасау үшін ғылым кандидаттары мен докторларының немесе PhD докторларының немесе тиісті салада кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар білікті мамандардың қатарынан ғылыми жетекші тағайындау туралы ректордың бұйрығының болуы.
Философия докторы (PhD) дәрежесіне ізденуші докторанттарға ғылым докторлары немесе кандидаттары қатарынан тағайындалатын, кемінде 2 адамнан тұратын консультанттардың ғылыми жетекшілік етуі; бейіні бойынша доктор немесе DBA дәрежесіне ізденуші докторанттарға ғылым докторлары немесе кандидаттары немесе философия докторлары (PhD) қатарынан тағайындалатын, кемінде 2 адамнан тұратын консультанттардың, олардың біреуінің тиісті саланың немесе қызмет саласының жоғары білікті маманының ғылыми жетекшілікке тағайындау туралы ректордың бұйрығының болуы.

өрескел

73

Білім алушының ғылыми жетекшісі және зерттеу тақырыбын бекіту туралы ғылыми кеңестің шешімінің болуы.

елеулі

74

Педагогикалық қызметке жіберілген бейінді магистратураны бітірген магистрантқа педагогикалық бейіннің білім беру бағдарламаларын қосымша меңгергенін растайтын негізгі дипломына қосымша куәліктің болуы.

болмашы

75

Қорытынды аттестаттау бойынша білім беру бағдарламасын аяқтағаннан кейін қол жеткізілген оқыту нәтижелері мен басты құзыреттерді бағалаудың болуы.

елеулі

76

МВА (ЕМВА) білім беру бағдарламасының құрылымында келесі бөлімдердің болуы: кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру бойынша пәндер блогы; жеке даму және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру пәндері блогы; эксперименттік-зерттеу жұмысы, магистрлік диссертацияны/жобаны орындау; қорытынды аттестаттау (магистрлік диссертацияны/ жобаны жазу және қорғау).

болмашы

77

Бекітілген МВА (ЕМВА)/ DBA білім беру бағдарламаларының, сондай-ақ, оларды іске асыруды растайтын құжаттардың болуы.

болмашы

78

Кәсіби құзыреттерді қалыптастыру бойынша МВА (ЕМВА) білім беру бағдарламасында кәсіби құзыреттерді және тұлғалық дамуды, көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру пәндері; өндірістік практика (өндірістен қол үзіп білім алушы тұлғалар үшін); магистрлік диссертацияны немесе жобаны орындау; қорытынды аттестаттауды қамтитын міндетті және элективті компоненттер пәндерінің болуы.

болмашы

79

МВА (ЕМВА) бағдарламаларына оқыту үшін бизнес-зерттеулерді және консалтингті, ғылыми қызметті жүргізуге тартылған, сондай-ақ басқарушылық жұмыс тәжірибесі бар професорлық-оқытушылық құрамның болуы.
DBA бағдарламалары бойынша оқыту үшін ғылым докторы немесе кандидаты дәрежесі бар және даярлау бағыты бойынша кәсіби білім мен дағдыларға ие халықаралық тағылымдамалары мен жарияланымдары бар профессорлық-оқытушылық құрамның болуы.

өрескел

80

МВА/ЕМВА немесе DBA бағдарламаларының қажетті білім беру қызметтерін ұсынуға арналған заманауи білім беру технологияларының болуы.

өрескел

81

МВА (ЕМВА) білім беру бағдарламасы бойынша оқуды аяқтаған және қорытынды аттестаттаудан табысты өткен тұлғаларға "Іскерлік әкімшілендіру магистрі" дәрежесінің (магистратура үшін) және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы диплом қосымшасымен (транскрипт) бірге берілгенін растайтын құжаттардың болуы.

елеулі

82

Білім алушының барлық оқу кезеңіне жасалған және келесі бөлімдерді қамтитын жеке жұмыс жоспарының болуы: жеке оқу жоспары (қажет болған жағдайға жыл сайын нақтылануы мүмкін); ғылыми-зерттеу, эксперименттік-зерттеу жұмысы (зерттеу тақырыбы, бағыты, мерзімі мен есеп беру нысаны); практика (бағдарламасы, бағасы, мерзімі және есеп беру түрі); негіздемесі мен құрылымы көрсетілген магистрлік/докторлық диссертацияның (магистрлік жобаның) тақырыбы; магистрлік/докторлық диссертацияны орындау жоспары; ғылыми басылымдар мен тағылымдамадан өту, оның ішінде шетелдік тағылымдамадан өту жоспарының болуы.

елеулі

83

Ғылыми зерттеу немесе эксперименттік-зерттеу жұмыстарынан, ғылыми жарияланымдарынан, докторлық диссертацияларды жазу мен қорғаудан құрылған ғылыми компоненттің көлемі докторантураның білім беру бағдарламасының жалпы көлемінен 64%-ды немесе 115 академиялық кредитті құрауы.

болмашы

84

Докторанттың белгіленген кредиттер көлемін игергендігін растайтын құжаттардың болуы.

болмашы

85

DBA білім беру бағдарламасының зерттеу компонентінде докторанттың қолданбалы және зерттеу жұмыстарының, жарияланымдары мен докторлық диссертациясының болуы; докторанттың зерттеулерінің нәтижелерінің кемінде 7 (жеті) ғылыми басылым мен журналдарда, оның ішінде кемінде 3 (үш) алыс шетелдегі ғылыми басылымдарда және халықаралық ғылыми конференцияларда жарияланған болуы.

болмашы

86

DBA бағдарламасының докторанттарына ғылыми жетекшілік ететін ғылым докторлары (кандидаттары) қатарынан тағайындалған, ғылыми-зерттеу (академиялық) тәжірибесі бар немесе басқару және консалтингтік жұмыс тәжірибесімен DBA дәрежесі бар кемінде екі консультанттың болуы.

өрескел

87

Мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру стандарттарына сәйкес мамандарды даярлау бағыттары бойынша әзірленген білім беру бағдарламаларының болуы.

болмашы

88

Оқытылатын пәндердің бейініне сәйкес соңғы бес жылда кадрлардың біліктілік арттыру және қайта даярлау туралы мәліметтердің болуы.

өрескел

89

Кадрларды даярлау бағыттары бойынша білім беру бағдарламаларына сәйкес пәндердің оқытушылармен қамтылуы, оның ішінде оқытушылар білімінің, ғылыми/академиялық дәрежелерінің немесе ғылыми атақтарының (бар болған жағдайда) оқытатын пән бейініне сәйкес келуі (педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер).
ЖОО негізгі жұмыс орны болып табылатын оқытушылардың жалпы оқытушылар санындағы үлесіне қойылатын талаптарға сәйкестікті растайтын құжаттардың болуы (педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер).

өрескел

90

ЖОО негізгі жұмыс орны болып табылатын ғылыи/академиялық дәрежелері және/немесе ғылыми атақтары бар және/немесе "магистр" дәрежесі бар және/ немесе резидентураны аяқтаған жоғары/ бірінші біліктілік дәрігерлік санаты және кемінде бес жыл клиникалық жұмыс өтілі бар және/немесе "Еңбек сiңiрген жаттықтырушы" спорттық атағы бар және/ немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаттары бар және/немесе әскери (арнайы) атағы подполковниктен төмен емес оқытушылардың жалпы оқытушылар санындағы үлесіне қойылатын талаптардың сақталуын растайтын құжаттардың болуы (педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер).

өрескел

91

Кадрларды даярлау бағыттары бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін білім алушыларды қамтамасыз ететін, саны, басылып шыққан жылына қатысты нормаларға сай келетін оқу және ғылыми әдебиет қоры бар кітапхананың; сымсыз байланыс технологияларды қоса алғанда кең жолақты интернет желілі компьютерлік кабинеттердің; материалдық техникалық және оқу-зертханалық базаның; жабдықтардың, оқу пәндері кабинеттерінің және техникалық оқу құралдарының болуы (оқу және ғылыми әдебиеттер қорының және цифрлық тасымалдағыштардағы оқу және ғылыми әдебиеттер қорының болуы туралы мәліметтер).

өрескел

92

Сұратылып отырған кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын үш ғылым докторының немесе бес ғылым кандидатының немесе бес философия (PhD) докторының болуы; "Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс" білім саласындағы кадрларды даярлау бағыты бойынша бір ғылым докторының немесе бір ғылым кандидатының немесе философия (PhD) докторының болуы (педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер).

өрескел

93

Мазмұны мен мерзіміне қойылатын талаптарға сәйкес келетін практика базалары ретінде айқындалған ұйымдармен жасалған шарттардың, сондай-ақ шетелде ғылыми тағылымдамадан өту үшін жасалған шарттардың болуы (сұратылып отырған кадрларды даярлау бағытына сәйкес толық оқу кезеңін қамтитын, практика базалары ретінде айқындалған ұйымдармен және стратегиялық әріптестік туралы жасалған шарттардың және шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтетін ұйымдармен толық оқу кезеңін қамтитын шарттар туралы мәліметтер).

елеулі

94

Білім алушылар үшін медициналық қызмет көрсетудің болуы, сондай-ақ оқу корпустарында медициналық пункттердің болуы (медициналық қызмет көрсетудің болуы, оның ішінде медициналық пункттің болуы және медициналық қызметке берілген лицензия туралы мәліметтер).

болмашы

95

Әр оқу корпусында білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы (санитариялық қағидалар мен нормаларға сәйкес тамақтандыру объектісінің болуы туралы мәліметтер).

болмашы

96

Меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығына тиесілі білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін материалдық активтердің, оның ішінде университеттер үшін 3 және одан көп, академиялар үшін 1 және одан көп, институттар үшін 1 және одан көп ауданы санитарлық нормаларға сай оқу орынжайларымен ғимараттардың (оқу корпустардың) болуы.
"Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)" білім саласындағы кадрларды даярлау бағыты үшін шаруашылық жүргізу меншікті жеке не жедел басқару құқығындағы клиникасының болуы (Пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасының болуы туралы, сондай-ақ, ғимараттарға (оқу корпустарға) және клиникаларға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын растайтын құжаттар туралы мәліметтер).

өрескел

97

Кадрларды даярлаудың тиісті бағыттары бойынша білім беру қызметін көрсетуге берілген рұқсат беру құжатының болуы (лицензияланатын кадрларды даярлау бағытына сәйкес алдыңғы деңгей бойынша лицензияның бар болуы туралы мәліметтер).

өрескел

98

Мазмұны мен мерзіміне қойылатын талаптарға сәйкес келетін тиісті даярлау бағыттары бойынша білім беру ұйымдарымен немесе ғылыми немесе ғылыми-білім беру немесе ғылыми-өндірістік орталықтармен ынтымақтастық туралы келісімдердің болуы (магистратура үшін) (білім беру ұйымдарымен немесе ғылыми немесе ғылыми-білім беру немесе ғылыми-өндірістік орталықтармен ынтымақтастық туралы толық оқу кезеңін қамтитын келісімдер туралы мәліметтер).

елеулі

99

Бакалаврға ғылыми жетекшінің сұратылып отырған кадрларды даярлау бағытының бейініне сәйкес ғылыми/ академиялық дәрежесінің, кемінде үш жыл ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі бар, уәкілетті орган ұсынған отандық ғылыми журналдарда және халықаралық ғылыми журналдарда соңғы бес жылда 2 ғылыми жарияланымдардың болуы, сондай-ақ оқулықтың не оқу құралының авторлары болуы (жұмыс өтілі, ғылыми жарияланымдары мен оқулығы немесе оқу құралы көрсетілген тиісті кадрларды даярлау бағыты бойынша ғылыми жетекшілікті жүзеге асыратын ғылыми жетекшілер туралы мәліметтер).
Магистрға ғылыми жетекшінің сұратылып отырған кадрларды даярлау бағытының бейініне сәйкес ғылыми/ академиялық дәрежесінің, кемінде үш жыл ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі бар, уәкілетті орган ұсынған отандық ғылыми журналдарда және халықаралық лицензияланатын ғылыми журналдарда соңғы бес жылда 10 ғылыми жарияланымдардың болуы, сондай-ақ кемінде 2 оқулықтың не оқу құралының авторы болуы (жұмыс өтілі, ғылыми жарияланымдары мен оқулығы немесе оқу құралы көрсетілген кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша ғылыми жетекшілікті жүзеге асыратын ғылыми жетекшілер туралы мәліметтер).

өрескел

100

Білім беру ұйымының ұйымдармен және кәсіпорындармен жасалған шарттарға сәйкес қаржыландырылатын ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың болуы (ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізу үшін ұйымдармен және кәсіпорындармен жасалған шарттардың және оларға қоса Жұмыстардың техникалық ерекшелігі мен оқытудың толық кезеңін қамтитын Күнтізбелік жоспары туралы мәліметтер).

елеулі

101

Білім беру бағдарламасына сәйкес сұратылып отырған кадрларды даярлау бағыты бойынша мамандандырылған ғылыми-техникалық, ғылыми-әдістемелік, клиникалық, эксперименттік базаның болуы (жоғары оқу орнынан кейінгі білім үшін) (мамандандырылған ғылыми-техникалық, ғылыми-әдістемелік, клиникалық, эксперименталдық базалардың болуы туралы мәліметтер).

өрескел

102

Кадрларды даярлаудың тиісті бағыттары бойынша білім беру бағдарламасына сәйкес ғылыми алмасу мәселелерін регламенттейтін ведомствоаралық келісімдердің болуы (жоғары оқу орнынан кейінгі білім үшін) (Ғылыми алмасу мәселелерін регламенттейтін келісімдер туралы мәліметтер).

елеулі

103

Білім алушының жазбаша жұмысын плагиатқа тексеретін компьютерлік бағдарламаның болуы (плагиатқа тексерудің компьютерлік бағдарламасының бар екенін растайтын құжат).

өрескел

104

Мазмұны мен мерзіміне қойылатын талаптарға сәйкес келетін докторантура бағдарламаларын іске асыратын аккредиттелген шетелдік жоғары оқу орындарымен және (немесе) ғылыми ұйымдармен ғылыми алмасу туралы шарттардың болуы (докторантура үшін) (толық оқу кезеңін қамтитын аккредиттелген шетелдік жоғары оқу орындарымен ғылыми алмасу туралы шарттардың және сұратылып отырған кадрларды даярлау бағытына сәйкес шетелдік жоғары оқу орнының бағдарламаларын аккредиттеу туралы куәліктің көшірмелері туралы мәліметтер).

елеулі

105

Әскери, арнаулы оқу орындарын, мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарын қоспағанда, ЖОО-ның профессор-оқытушылар құрамының жалпы санын есептеу үшін білім алушылар санының оқытушыларға орташа арақатынасы – бакалавриатта даярлаудың бағыттары және білім беру бағдарламалары бойынша – 12,1; "Өнер" бағыты бойынша - 3,5,1; жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламалары бойынша бейнелеу өнері, музыкаға байланысты мұғалімдерді дайындау, тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау білім беру бағдарламалары бойынша шет тілдеріне байланысты мұғалімдерді дайындау, тілдер және әдебиет кадрларды даярлау, шетел филологиясы, аудармашылар, ветеринария – 8,1; денсаулық сақтау – 6,1; дайындық бөлімдерінің тыңдаушылары, оның ішінде шетел азаматтары үшін – 6,1; әскери кафедра студенттері үшін – 10,1;
магистратурада – 6,1; резидентурада – 3,1; докторантурада – 4,1;
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы білім беру ұйымы үшін: магистратурада – 4,1, докторантурада – 2,1.

өрескел

6-бөлім. Білім басқару органдарының қызметі үшін

1-кіші бөлім. Уәкілетті органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері, сондай-ақ, расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны

1

Білім бөлімдерінің, облыстық білім беру ұйымдарының, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім туралы мемлекеттік үлгідегі бланкілерінің жұмсалуы туралы жыл сайынғы есебінің болуы

өрескел

2

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін, арнайы оқу және мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларды іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату бойынша шараларды қабылдау үшін материалдардың болуы

елеулі

3

Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұсыныстарын ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға (білім басқармалары үшін) мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру

елеулі

4

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын, сондай-ақ арнайы оқу және мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру (облыстық білім басқармалары үшін)

өрескел

5

Мемлекеттік тапсырыс негізінде техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ мамандандырылған және арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін қағаз және электрондық жеткізгіштерде оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып алуды және жеткізуді қамтамасыз ету (облыстық білім басқармалары үшін)

өрескел

6

Облыс ауқымында жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылар конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын өткізілгендігін растайтын жоспары мен материалдарының болуы

болмашы

7

Білім беру ұйымдарының әзірленген және қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітілген ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидаларының болуы (білім басқармалары үшін)

болмашы

8

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің, балаларға қосымша білім беру жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру, тарату бойынша шараларды қабылдау туралы (республикалық маңызы бар қалалар және астана білім басқармалары үшін) материалдардың болуы

елеулі

9

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің, балаларға қосымша білім берудің білім беретін жалпы оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы және мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асыру (республикалық маңызы бар қалада және астанада білім басқармалары үшін)

өрескел

10

Мемлекеттік тапсырыс негізінде техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламаларын, мектепалды даярлықтың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мамандандырылған және арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін қағаз және электрондық жеткізгіштерде оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып алуды және жеткізуді қамтамасыз ету (республикалық маңызы бар қалада және астанада білім басқармалары үшін)

өрескел

11

Республикалық маңызы бар қала, астана ауқымында жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын, ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылар конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын өткізілгендігін растайтын жоспар мен материалдарының болуы

болмашы

12

Бастауыш негізгі орта және жалпы орта білім беру, сондай-ақ жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, қосымша білім беру бағдарламаларын жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату бойынша материалдарды (үшін білім беру бөлімдері) болуы

елеулі

13

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) материалдық-техникалық қамтамасыз етуге қолдау көрсету және жәрдемдеу (білім бөлімдері үшін)

өрескел

14

Мектепалды даярлықтың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алу және жеткізу (білім бөлімдері үшін)

өрескел

15

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру, ата-ана төлемдерінің мөлшерін бекіту (республикалық маңызы бар қаланың және астананың білім беру бөлімдері, білім басқармалары үшін)

елеулі

16

Аудан (қала) ауқымында жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар конкурстарын өткізілгендігін растайтын жоспар мен материалдарының болуы

болмашы

17

Негізгі орта, жалпы орта білімде жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы мемлекеттік үлгідегі бланкілерінің жұмсалуы туралы жыл сайынғы есебінің болуы (білім бөлімдері)

өрескел

18

Азаматтық қызметшілерді аттестаттау бойынша әр 6 ай сайынғы аттестаттау комиссиясының құрамын, аттестаттауды өткізу кестесін және тұлғалардың тізімін бекіту туралы бұйрықтардың болуы

болмашы

19

Азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізудің объективтілігін растайтын (хаттамалар, өтініштер) материалдардың болуы

елеулі

20

Білім басқармасы органдарында ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының педагогтеріне біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өткізу жөнінде аттестаттау комиссияларын құру және бекіту туралы бұйрықтың болуы

болмашы

21

Ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының педагогтеріне біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өткізу жөнінде аттестаттау комиссиялары отырысы хаттамаларының болуы

елеулі

22

Бағыныстағы білім беру ұйымдарының басшыларын және олардың орынбасарларын аттестаттау үшін білім бөлімдерінде аттестаттау комиссияларының құрылуы және бекітілуі туралы бұйрықтың болуы

болмашы

23

Бағыныстағы білім беру ұйымдарының басшыларын және олардың орынбасарларын аттестаттау жөніндегі аттестаттау комиссиялары отырыстары хаттамаларының болуы

болмашы

24

Білім беру ұйымдарында қызмет атқаратын педагогтердің тиісті кезеңге аттестатталушылардың тізімдік құрамына енгізу бойынша алқалы органның объективтілігін растайтын құжаттардың (кіріс құжаттарды тіркеу журналы, өтініш) болуы

елеулі

25

Аттестатталушылардың ұлттық біліктілік тестілеуге жіберілуінің объективтілігін растайтын (жеке куәлігінің және білімі туралы дипломның көшірмелері; еңбек қызметін растайтын құжаттарды, біліктілік арттыру курсынан өтуі, бұрын берілген біліктілік санатының болуы) құжаттардың болуы

елеулі

26

Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын қызметке тағайындау бойынша конкурс жүргізу жөнінде шешімнің қабылдануы және ол туралы хабарлануы

болмашы

27

Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын қызметке тағайындау жөніндегі конкурстық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) құрылуы туралы бұйрықтың болуы

елеулі

28

Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын қызметке тағайындау бойынша конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың бекітілген тізімінің болуы

болмашы

29

Мемлекеттік кәсіпорынның басшысы қызметіне үміткерлердің қажетті құжаттар пакетінің болуы:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) қазақ және орыс тілдерінде түйіндеме;
3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;
6) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама

елеулі

30

Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын қызметке тағайындау жөніндегі Комиссия отырыстары хаттамаларының болуы

Аттестатталатын кәсіпорын басшысының аттестаттау өткізу мерзімімен хабардар болуы

болмашы

33

Кадр қызметі тиісті саланың уәкілетті органының құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп, кәсіпорын басшысының аттестаттау парағының және кәсіби қызметін сипаттайтын қызметтік мінездемесінің болуы, сонымен қатар кәсіпорын басшысының аттестаттау комисиясының шешімімен танысуы

елеулі

34

Аттестаттау комиссиясы отырыстарының хаттамаларының болуы

болмашы

35

Мемлекеттік орта білім беру мекемесінің басшысын қызметке тағайындау жөніндегі конкурстық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) құрылуы туралы бұйрықтың болуыі

елеулі

36

Мемлекеттік орта білім беру мекемесі басшысын қызметке тағайындау бойынша конкурс жүргізу жөнінде хабарланудың болуы

елеулі

37

Мемлекеттік орта білім беру мекемесінің басшысын қызметке тағайындау бойынша конкурсқа қатысуға жіберілген (кемінде екі кандидат) тұлғалардың тізімдерінің бекітілуі

елеулі

38

Мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы қызметіне үміткерлердің қажетті құжаттар пакетінің болуы:
1) білім беруді басқару органы басшысының атына тұрғылықты тіркеу орны, нақты тұратын жері, байланыс телефондары көрсетілген конкурсқа қатысуға өтініш;
2) жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
5) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;
6) ескертпелер мен көтермелеулерді көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;
7) біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);
8) медициналық анықтама;
9) Соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;
10) тестілеуден өткендігі туралы анықтама (болған жағдайда);
11) мемлекеттік білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.

елеулі

39

Мемлекеттік орта білім беру мекемесінің басшысын қызметке тағайындау жөніндегі Комиссия отырыстары хаттамаларының болуы

болмашы

40

Аттестатталушылардың берілген біліктілік санаттарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы аттестаттау комиссиясының шешімінің объективтілігін растайтын материалдардың (портфолионың, ұлттық біліктілік тестілеуден өткені туралы анықтама) болуы

елеулі

41

Педагогті кәсіби міндеттеріне байланысты емес жұмыс түрлеріне тартуға жол бермеу (өтініштер болған жағдайда тексеріледі)

өрескел

42

Педагогтің есеп беруін немесе одан педагогтық лауазымдық міндеттеріне байланысты емес ақпаратты талап етуге жол бермеу (өтініштер болған жағдайда тексеріледі)

өрескел

43

Педагогке тауарлар мен қызметтерді сатып алу міндеттемесін жүктеуге жол бермеу (өтініштер болған жағдайда тексеріледі)

өрескел

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 719 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 843 бірлескен бұйрығына
2-қосымша

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын
іске асыратын білім беру ұйымдарына қатысты білім беру жүйесін мемлекеттік
бақылау саласындағы тексеру парағы

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 22.01.2018 № 24 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 03.03.2018 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді – ҚР Білім және ғылым министрінің 15.11.2018 № 632 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.11.2018 № 71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); ҚР Білім және ғылым министрінің 18.03.2019 № 117 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 29.03.2019 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); ҚР Білім және ғылым министрінің 31.03.2020 № 121 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 01.04.2020 № 20 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрықтарымен.

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ___________________________________________
      ________________________________________________________________________________
      Тексерулерді тағайындау туралы акт ________________________________________________
      (№, күні)
      Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы __________________________________________

      Тексерілетін субъектінің (объектінің) бизнес-сәйкестендіру коды (БСН) __________________

      Орналасу орны __________________________________________________________________

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

1

Педагогтің педагогтік әдеп нормалары мен лауазымдық міндеттерін орындауы:
Педагог өз қызметінде:
1) білім алушылар мен тәрбиеленушілерді ата-аналарына, этномәдени құндылықтарға құрмет көрсетуге, қоршаған әлемге ұқыпты қарауға, жоғары адамгершілік тұрғыда тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды;
2) Қазақстан Республикасы педагогінің жоғары атағының беделін түсіруге мүмкіндік туғызатын іс-әрекеттерді жасауға жол бермейді;
3) өзінің қызметтік міндетін адал және сапалы орындайды;
4) өзінің кәсіби шеберлігін үздіксіз жетілдіреді, өз бетінше білім алу және өзін-өзі жетілдірумен белсенді түрде айналысады;
5) еңбек тәртібін бұлжытпай сақтайды;
6) білім беру ұйымының мүлкіне ұқыпты қарайды және оны жеке мақсатта пайдаланбайды;
7) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша шаралар қабылдайды, өзінің шыншыл, адал және әділ мінез-құлқымен үлгі болады;
8) қызметтік ақпараттарды пайдакүнемдік және өзге де жеке мақсаттарда пайдалануға жол бермейді;
9) өзі үлгі бола отырып, ұжымда тұрақты және жағымды моральдық-психологиялық жағдай қалыптастыруға мүмкіндік жасайды;
10) өзінің қызметтік міндеттерін орындау кезеңінде іскерлік киім үлгісінде болады.
Білім беру процесіне қатысушылармен қарым-қатынас жасауда педагог:
1) жасына, жынысына, ұлтына, діни сеніміне, азаматтығына, шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайларына немесе кез келген өзге де мән-жайларға қарамастан адамның құқығын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтейді;
2) білім беру процесіне қатысушыларға қатысты қаржылық және өзге де бопсалау фактілеріне жол бермейді, өз әріптестері тарапынан осындай іс-әрекеттерді болдырмау үшін күш салады;
3) өз іс-әрекетімен қоғам тарапынан дәлелді сындарға жол бермейді, оған сабырлылықпен қарайды, өзінің кәсіби қызметіндегі кемшіліктерді жою және оны жақсарту үшін сындарлы сынды пайдаланады;
4) білім беру процесінің қатысушыларына кәсіби қолдау көрсетеді.
Әріптестермен қарым-қатынас жасауда педагог:
1) жалпы қабылданған адамгершілік-әдептілік нормаларын, сыпайылық пен биязылықты сақтайды;
2) басқа педагогтің кәсіби біліктілігіне көпшілік алдында күмән келтірмейді. (өтініштер болған жағдайда тексеріледі)

2

Білім беру ұйымдарында саяси партиялар мен діни ұйымдардың (бірлестіктердің) ұйымдық құрылымдарын құруға және олардың қызметіне тыйым салу бөлігінде мемлекеттік саясат қағидатының сақталуы (өтініш болған кезде тексеріледі)

3

Мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің бес жылда бір реттен сиретпей біліктілігін арттыруын растайтын сертификаттарының болуы

4

Педагогтердің біліктілік санатының деңгейін бес жылда бір реттен сиретпей арттырудан (растаудан) өтуін растайтын біліктілік санатын беру/растау туралы куәліктердің, бұйрықтардың, куәліктерді беру және тіркеу журналдарының болуы

5

Білім беру мониторингінің шеңберінде әкімшілік деректер нысандары бойынша ақпараттардың дұрыс және толық берілуі

6

Білім беру салалары және сағат сандары бар оқу жоспарларының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларына сәйкестігі. Сондай-ақ, инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытуда баланың ерекшеліктері ескеріліп, жеке оқу жоспары мен жеке бағдарламаның болуы.

7

Білім беру ұйымымен бекітілген перспективтік жоспарында педагог-мамандары, тәрбиешілерінің бекітілген ортақ тақырыптарының қатаң сәйкестігі, циклограмманың (жұмысын уақытын, балалар өмір сүруін ұйымдастыру, сабақ кестесінің, педагог-мамандардың бірлескен қызметі үшін варитативті бөлігін бақылау), жас ерекшелігі топтары бойынша ұйымдастырылған оқу қызмет кестесінің, күн тәртібінің болуы, оқу жүктемесінің, ұйымдастырылған оқу қызметінің ұзақтығы үлгілік оқу жоспарға сәйкес келетіндігін растайтын құжаттардың болуы

8

"Денсаулық", "Коммуникация", "Таным", "Шығармашылық", "Әлеуметтік орта" білім беру салаларын жүзеге асыру үшін заттық-кеңістіктік дамытушы ортасының болуы

9

Мектепке дейiнгi тәрбиемен, оқытумен қамтылған және қамтылмаған балалардың дамуы және оларды тәрбиелеу жөнінде ата-аналар үшін өткізілген кеңестерді растайтын материалдарының болуы

10

Баланың жас ерекшелігіне сәйкес балалардың ептіліктері мен дағдыларының дамуын қадағалайтын материалдардың болуы (электрондық және қағаз түріндегі бақылау парағы, даму жеке картасы – диаграммалар, әдіскердің жинақ есебі, балалардың жұмыстары)

11

Топтарды жинақтау кезінде балалардың жас ерекшеліктерінің сақталғандығын растайтын топтар бойынша балалар тізімдерінің болуы (әртүрлі жастағы топтарды қоспағанда)

12

Мемлекеттік ақпараттық рұқсаттар және хабарламалар жүйесі арқылы қызметін бастағаны туралы хабарламаны қабылдау талонының болуы

13

Білім беру ұйымының құрылтайшылық және құқық белгілеуші құжаттарының болуы

14

Алып тасталды – ҚР Білім және ғылым министрінің 18.03.2019 № 117 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 29.03.2019 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

15

Бiр жастан бастап мектеп жасына дейiн жеткенше тәрбиеленушілерді тәрбиелеу, оқыту, дамуындағы ауытқуды түзету және әлеуметтік бейімдеу бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын, мемлекеттік қаржыландыратын қызмет көрсету көлемінде, оның ішінде балаларға инклюзивті білім беруді іске асыру үшін растайтын материалдарының (білім беру ұйымы мен басқару органы арасындағы шарт, ғимараттың қуаты жобасын растайтын құжаттардың болуы, мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы әкімдіктің қаулысы, тәрбиеленушілердің тізімдік құрамы) болуы

16

Білім беру ұйымымен бекітілген педагогикалық кеңестің жұмыс жоспарлары мен отырыстар хаттамаларының, олардың қызметін растайтын материалдардың болуы.

17

Тиісті бейіні бойынша педагогикалық білімі бар педагогтермен қамтамасыз етілуін растайтын білім беру ұйымымен бекітілген педагогтердің тарифтеу тізімдерінің және диплом мен қосымша көшірмелерінің болуы

18

Білім беру ұйымдарында педагогтің кәсіби қызметіне:
1) соттың заңды күшіне енген үкіміне сәйкес педагогтің кәсіби қызметін жүзеге асыру құқығынан айырылған;
2) іс-әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған, соның нәтижесінде қызметкердің еңбек қатынастарын жалғастыру мүмкіндігі жоқ;
3) психиатриялық және (немесе) наркологиялық жазбалардан тұратын медициналық қарсы көрсетілімдері бар;
4) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттары жоқ;
5) адам өлтіргені, денсаулыққа қасақана зиян келтіргені, адамдардың денсаулығына және имандылыққа, жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін, экстремистік немесе террористік қылмыстар, адам саудасы үшін сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауда жүрген немесе қудалауда болған адамдарды жұмысқа орналастыруға жол берілмейді

19

Мектепке дейінгі ұйымның басшысы немесе өзге де лауазымды тұлғаның оқу-тәрбие процесі барысында білім беру ұйымы тәрбиеленушілерінің, білім алушылар мен қызметкерлерінің өмірлері мен денсаулықтарын сақтау бойынша лауазымдық міндеттерін орындауы (өтініш болған жағдайда тексеріледі)

20

Мектепке дейінгі ұйымның Жарғысымен анықталған функциялардың орындалуы (өтініш болған жағдайда тексеріледі)

21

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында педагогтердің мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарына және педагогтер лауазымдарының тізбесіне сәйкес келуі

22

Мектепке дейінгі ұйым мен ата-аналар немесе ата-аналардың заңды өкілдері арасындағы өзара қарым-қатынасты реттейтін шарттардың болуы

23

Білім беру ұйымымен бекітілген ішкі тәртіп қағидасының, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарының болуы

24

Мектепке дейінгі ұйымда медициналық, санаторлық-курорттық немесе өзге ұйымдарда науқастану, емделу және сауықтырылу мерзімінде ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің еңбек демалысы кезінде бала орнының сақталуы (өтініш болған жағдайда тексеріледі)

25

Балалардың бір айдан астам келмегендігі туралы қатысу журналына белгі қойылған, сонымен қатар, әкімшілікті ескертпеген және дәлелді себептерді растайтын құжаттардың болмауы жағдайында оларды мектепке дейінгі ұйымнан шығару (өтініш болған жағдайда тексеріледі)

26

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының оқу-дидактикалық құралдарының және әдістемелік ұсынымның, олардың "Денсаулық", "Коммуникация", "Таным", "Шығармашылық", "Социум" білім беру салаларын іске асыру үшін балалардың жас ерекшелігіне сәйкестігінің болуы

27

Педагогті кәсіби міндеттеріне байланысты емес жұмыс түрлеріне тартуға жол бермеу (өтініштер болған жағдайда тексеріледі)

28

Педагогтің есеп беруін не одан педагогтік лауазымдық міндеттеріне байланысты емес ақпаратты талап етуге жол бермеу (өтініштер болған жағдайда тексеріледі)

29

Педагогке тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу міндеттемесін жүктеуге жол бермеу (өтініштер болған жағдайда тексеріледі)

      Лауазымды тұлға (тұлғалар) _________________ ______ ____________________________
      (лауазымы)      (қолы)       (тегі, аты, әкесінің аты
      (бар болған жағдайда)
      __________________ ______ ____________________________
      (лауазымы)      (қолы)       (тегі, аты, әкесінің аты
      (бар болған жағдайда)
      Тексерілетін субъектінің басшысы _______________ ______ ____________________________
      (лауазымы)      (қолы)             (тегі, аты, әкесінің аты
                                                      (бар болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 719 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 843 бірлескен бұйрығына
3-қосымша

Жалпы орта білім берудің бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қатысты білім беру жүйесін мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 15.11.2018 № 632 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.11.2018 № 71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді – ҚР Білім және ғылым министрінің 18.03.2019 № 117 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 29.03.2019 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); ҚР Білім және ғылым министрінің 31.03.2020 № 121 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 01.04.2020 № 20 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрықтарымен.

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган _______________________________

      ____________________________________________________________________

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді/профилактикалық

      бақылауды тағайындау туралы акт ______________________________________

      (№, күні)

      Бақылау субъектінің (объектінің) атауы __________________________________

      ____________________________________________________________________

      Бақылау субъектінің (объектінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-

      сәйкестендіру нөмірі __________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы ________________________________________

р/с №

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

1

Білім беру ұйымының құрылтайшылық және құқық белгілеуші құжаттарының бар болуы

2

Білім беру мониторингінің шеңберінде әкімшілік деректер нысандары бойынша дұрыс және толық ақпараттың болуы

3

Педагогтің педагогтік әдеп нормалары мен лауазымдық міндеттерін орындауы:
Педагог өз қызметінде:
1) білім алушылар мен тәрбиеленушілерді ата-аналарына, этномәдени құндылықтарға құрмет көрсетуге, қоршаған әлемге ұқыпты қарауға, жоғары адамгершілік тұрғыда тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды;
2) Қазақстан Республикасы педагогінің жоғары атағының беделін түсіруге мүмкіндік туғызатын іс-әрекеттерді жасауға жол бермейді;
3) өзінің қызметтік міндетін адал және сапалы орындайды;
4) өзінің кәсіби шеберлігін үздіксіз жетілдіреді, өз бетінше білім алу және өзін-өзі жетілдірумен белсенді түрде айналысады;
5) еңбек тәртібін бұлжытпай сақтайды;
6) білім беру ұйымының мүлкіне ұқыпты қарайды және оны жеке мақсатта пайдаланбайды;
7) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша шаралар қабылдайды, өзінің шыншыл, адал және әділ мінез-құлқымен үлгі болады;
8) қызметтік ақпараттарды пайдакүнемдік және өзге де жеке мақсаттарда пайдалануға жол бермейді;
9) өзі үлгі бола отырып, ұжымда тұрақты және жағымды моральдық-психологиялық жағдай қалыптастыруға мүмкіндік жасайды;
10) өзінің қызметтік міндеттерін орындау кезеңінде іскерлік киім үлгісінде болады.
Білім беру процесіне қатысушылармен қарым-қатынас жасауда педагог:
1) жасына, жынысына, ұлтына, діни сеніміне, азаматтығына, шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайларына немесе кез келген өзге де мән-жайларға қарамастан адамның құқығын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтейді;
2) білім беру процесіне қатысушыларға қатысты қаржылық және өзге де бопсалау фактілеріне жол бермейді, өз әріптестері тарапынан осындай іс-әрекеттерді болдырмау үшін күш салады;
3) өз іс-әрекетімен қоғам тарапынан дәлелді сындарға жол бермейді, оған сабырлылықпен қарайды, өзінің кәсіби қызметіндегі кемшіліктерді жою және оны жақсарту үшін сындарлы сынды пайдаланады;
4) білім беру процесінің қатысушыларына кәсіби қолдау көрсетеді.
Әріптестермен қарым-қатынас жасауда педагог:
1) жалпы қабылданған адамгершілік-әдептілік нормаларын, сыпайылық пен биязылықты сақтайды;
2) басқа педагогтің кәсіби біліктілігіне көпшілік алдында күмән келтірмейді. (өтініштер болған жағдайда тексеріледі)

4

Білім беру ұйымдарының басшы кадрларының, педагогтерінің және ғылыми қызметкерлерінің бес жылда бір реттен сиретпей біліктілігін арттырғандығын растайтын сертификаттарының болуы

5

Білім беру ұйымдарында саяси партиялар мен діни ұйымдардың (бірлестіктердің) ұйымдық құрылымдарын құруға және олардың қызметіне тыйым салу бөлігінде мемлекеттік саясат қағидатының сақталуы (өтініштер болған жағдайда тексеріледі)

6

Білім беру процесін саяси үгіттеу, діни насихат жүргізу немесе білім алушыларды Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келетін әрекеттерге итермелеу үшін пайдалану тыйымын сақтау (өтініштер болған жағдайда тексеріледі)

7

Білім алушылардың білім беру ұйымдары бекіткен міндетті мектеп формасын сақтауы (өтініштер болған жағдайда тексеріледі).

8

Білім беру ұйымның білім алушылардың контингенті бойынша бұйрықтардың және білім алушылардың сыныптар бөлігінде сандық құрамын растайтын білім алушыларды жазатын алфавиттік кітаптың болуы

9

Үлгілік оқу жоспарының инварианттық компонентінің орындалуын растайтын оқу жұмыс жоспарларының, сынып журналдарының, сабақ кестелерінің болуы

10

Оқу жұмыс жоспарында, сабақ кестелерінде білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің көлемі факультативтік, үйірме, топ және жеке сабақтардың максималды көлемімен сәйкестігі

11

Қалалардағы жалпы орта білім беру ұйымдарында сынып толымдылығы 24-ке жеткенде және одан асқанда, ауылдық жерлерде – 20-ға жеткен кезде және одан асқанда, шағын жинақты мектептердің 10-11 сыныптарында – кемінде 10 білім алушы болған жағдайда сынып журналдарында сыныпты екі топқа бөлінуінің болуы:
1) оқыту тілі қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ тілі және қазақ әдебиеті бойынша;
2) оқыту тілі орыс тілді емес сыныптардағы орыс тілі мен орыс әдебиеті бойынша;
3) шет тілі бойынша;
4) ақпараттық-коммуникациялық технология бойынша (1-4 сыныптарда);
5) информатика бойынша (5-11 сыныптарда);
6) өзін-өзі тану бойынша (1-4 сыныптарда);
7) технология, көркем еңбек бойынша (сынып толымдылығына қарамастан ұл және қыз балалар топтары 5-11 сыныптарда);
8) дене шынықтыру бойынша – гендерлік қағидат бойынша әр топта қалалық жерде кемінде 8 ұл (немесе қыз), ауылдық жерде кемінде 5 ұл (немесе қыз) (5-11 сыныптарда);
9) бейіндік пәндер бойынша (10-11 сыныптарда).

12

Білім алушылардың білімнің міндетті төменгі шекті көлемі және олардың шеберлігі мен дағдылары қамтылған оқу пәндерінің базалық деңгейін меңгеруін айқындайтын бақылау нысандарының жүргізілгендігін растайтын материалдардың болуы.
Белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, триместр, оқу жылы) аяқтау, сондай-ақ оқу бағдарламасына (жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша оқитын сыныптар үшін) сәйкес бөлімдерді/өтпелі тақырыптарды зерделеу бойынша өткізілетін жиынтық бағалауды растайтын материалдардың болуы.

13

Денсаулық жағдайына байланысты ұзақ уақыт бойы білім беру ұйымында оқи алмайтын оқушыларға үйінде немесе емделу орындарында ақысыз жеке оқытуды ұйымдастыру туралы, сондай-ақ, рұқсат негізінде эстернат нысанында оқуға бұйрықтардың болуы.

14

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылардың білім алуы, даму бұзушылықтарының түзетілуі және әлеуметтік бейімделуі үшін қажетті жағдайлардың жасалуын растайтын дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтамалары мен психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының қорытындылары бар білім алушыларға арналған білім беру салаларының, оқу пәндері үлгілік жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес сағат санының жеке оқу жоспарларының болуы, сондай-ақ, экстернат нысанында оқитын білім алушыларға арналған оқу жұмыс жоспарына сәйкес жеке оқу бағдарламасының және консультация беру кестесінің болуы.

15

Оқу жұмыс жоспарларында білім беру салаларының болуы, оқу пәндері және сағат саны бастауыш, негізгі орта және орта білім үлгілік оқу жоспарларына сәйкес келуі

16

Оқу жоспарындағы пәндер бойынша:
бастауыш білім беру үшін негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдердің үлесінің олардың жалпы санының кемінде 25 % болуы;
негізгі орта және жалпы орта білім беру үшін: негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдердің үлесі олардың жалпы санынан кемінде 35 % болуы

17

Білім алушыларға медициналық қызмет көрсету туралы денсаулық сақтау ұйымдармен шарттардың немесе медициналық кабинеттің және медициналық қызметке лицензияның болуы

18

Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы негізінде білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің немесе білім алушыларды тамақпен қамтамасыз ету туралы шарттың болуы

19

Білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ететін, меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында тиесілі немесе 10 жылдан кем емес жалға алу мерзімімен материалдық активтердің болуын растайтын құжаттардың болуы

20

Оқу жұмыс жоспарына сәйкес интернет желісіне қосылған компьютерлік сыныптармен, оқу-зертханалық жабдықтармен, оқу пәндері кабинеттерімен жабдықталуы

21

Оқытудың бейінін таңдау кезінде білім алушының қызығушылығы, бейімі мен қабілеті ескеріле отырып, білім алушының тұратын аумағын ескерместен баланың заңды өкілінің келісімімен білім алушының жеке өтініші және негізгі орта білім деңгейі туралы мемлекеттік үлгідегі құжатының болуы негізінде бейінді мектептің 10 немесе 11 сыныптарына қабылдануын растайтын құжаттың білім алушылардың жеке істерінде болуы

22

Мамандандырылған білім беру ұйымдарына және лицей мен гимназияларға бірінші сыныпқа түсуі үшін конкурстық негізде қабылдау жүргізгендігін растайтын, емтиханның, тестілеудің, сынақтың материалдарының, хаттамалардың болуы

23

Білім беру ұйымының басшысы мен білім алушының заңды өкілдерінің арасында жасалған білім беру қызметтерін көрсетуге арналған шарттың болуы

24

Білім беру қызметін іске асыруға берілген лицензияның және жалпы білім берудің (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) оқу бағдарламалары бойынша лицензияға қосымшаның болуы)

25

Оқу жоспарының пәндері бойынша оқу жұмыс бағдарламаларының болуы

26

Білім беру ұйымы басшысының немесе өзге де лауазымды тұлғаның білім беру ұйымы білім алушыларының және тәрбиеленушілерінің, қызметкерлерінің оқу-тәрбие процесі кезіндегі өмірі мен денсаулығын сақтау бойынша міндеттерін орындауы (өтініштер болған жағдайда тексеріледі)

27

Педагогтердің біліктілік санатының деңгейін бес жылда бір реттен сиретпей арттырудан (растаудан) өтуін беру (растау) туралы куәліктердің, бұйрықтардың, куәліктерді тіркеу және беру журналдарының болуы

28

Білім беру ұйымымен бекітілген алқалық органдардың (педагогикалық, әдістемелік кеңестердің және педагогикалық әдеп бойынша кеңестің) қызметін растайтын жұмыс жоспарлары мен отырыстары хаттамаларының болуы

29

Қосымшалары бар дипломдар көшірмелерінің және білім беру ұйымдарымен бекітілген атқарылатын лауазымының сабақ беретін пәнінің бейініне сәйкес келетін жоғары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі педагогикалық білімі бар педагогтермен, сондай-ақ, педагогтер лауазымдарымен қамтамасыз етілгендігін растайтын педагогтердің тарифтеу тізімдерінің болуы

30

Білім беру ұйымдарында педагогтің кәсіби қызметіне:
1) соттың заңды күшіне енген үкіміне сәйкес педагогтің кәсіби қызметін жүзеге асыру құқығынан айырылған;
2) іс-әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған, соның нәтижесінде қызметкердің еңбек қатынастарын жалғастыру мүмкіндігі жоқ;
3) психиатриялық және (немесе) наркологиялық жазбалардан тұратын медициналық қарсы көрсетілімдері бар;
4) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттары жоқ;
5) адам өлтіргені, денсаулыққа қасақана зиян келтіргені, адамдардың денсаулығына және имандылыққа, жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін, экстремистік немесе террористік қылмыстар, адам саудасы үшін сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауда жүрген немесе қудалауда болған адамдарды жұмысқа орналастыруға жол берілмейді

31

Алып тасталды – ҚР Білім және ғылым министрінің 18.03.2019 № 117 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 29.03.2019 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

32

Оқу жоспары негізінде әзірленген және білім беру ұйымы бекіткен сабақ кестесінің болуы

33

Білім беру процесін реттейтін жылдық күнтізбелік оқу графигінің болуы (мемлекеттік емес мектепте –оның жарғысымен анықталған)

34

Алып тасталды – ҚР Білім және ғылым министрінің 18.03.2019 № 117 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 29.03.2019 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

35

Қорытынды аттестаттаудан өткен азаматтарға мемлекеттiк үлгідегі білім туралы құжаттардың берілуінің объективтілігін растайтын педагогикалық кеңестердің хаттамаларының, негізгі орта білім туралы куәлікті және жалпы орта білім туралы аттестатты беру және есепке алу кітабындағы жазбалардың болуы

36

Барлық пәндер бойынша жылдық бағалары "5" болған 5-8, 10 сынып оқушыларының келесі сыныпқа көшірулері туралы педагогикалық кеңес хаттамасының болуы

37

1-11 сынып білім алушыларының сынып журналдарында ағымдық бағалардың немесе балл арқылы ағымдық бағалаудың, тоқсандық және жылдық бағалардың бар болуы (1-сыныптың 1-тоқсанын қоспағанда)

38

Педагогикалық кеңестің шешімімен аралық бақылауға жіберілген 5-8, 10 сынып оқушыларының барлық пәндер бойынша оң баға немесе бір немесе екі пәннен қанағаттанарлықсыз бағаларының болуы

39

5-8, 10-сынып білім алушыларына өткізілген аралық аттестаттауды растайтын материалдарының болуы

40

Педагогикалық кеңес шешімімен қорытынды аттестаттауға жіберілген 11-сынып оқушыларының барлық оқу пәндерінен қанағаттанарлықсыз жылдық бағаларының болмауы

41

9-сыныпта білім алушылар негізгі орта білім беру, 11-сыныпта білім алушылар жалпы орта білім беру деңгейінде оқу курсының қорытынды бағалары мен қорытынды аттестаттаудың хаттамаларының болуы

42

Бір немесе екі пәннен жылдық қанағаттанарлықсыз бағалары бар 5-8 (9), 10 (11)-сынып білім алушыларына қайта аралық аттестаттаудың оқу жылы аяқталғаннан кейін 3 аптадан соң жүргізілгендігін растайтын материалдарының болуы.

43

9 және 11-сынып білім алушылары бір немесе екі пәннен жылдық қанағаттанарлықсыз баға алған жағдайда білім беру басқару органдары белгілеген мерзімде қайта қорытынды аттестаттау жүргізілгендігін растайтын материалдарының болуы

44

Оқудан тыс іс-шаралар ұйымдастыруды және қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде элективті курстарды ұйымдастыруды растайтын материалдардың болуы (жаңартылған оқу бағдарламалары бойынша оқылатын сыныптар үшін)

45

Білім беру қызметін ұйымдастыру аумағында тұратын бастауыш, негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламаларын жүзеге асыратын білім ұйымдарында білім алушылардың жеке ісінде екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы сыныптарына оқуға қабылдануын растайтын құжаттардың болуы

46

Білім алушылардың жеке ісінде 1-сыныпқа жеті жастағы және ағымдағы алты жасқа толған балаларға білім беру ұйымының аумағында тұратын барлық балалардың оқу деңгейіне қарамастан, баланың заңды өкілдерінің өтініштері негізінде, білім беру ұйымының қызмет көрсетуі барлық балаларға қолжетімділігін растайтын құжаттардың болуы

47

Білім беру ұйымы басшысының білім беру ұйымына оқуға қабылдау туралы және білім беру ұйымынан білім алушыларды шығару туралы бұйрықтарының болуы, сондай-ақ, білім беру ұйымынан шыққан әрбір білім алушының басқа білім беру ұйымына келуі туралы есептен шығару талонының болуы.

48

Педагогті кәсіби міндеттеріне байланысты емес жұмыс түрлеріне тартуға жол бермеу (өтініштер болған жағдайда тексеріледі)

49

Педагогтің есеп беруін немесе одан педагогтік лауазымдық міндеттеріне байланысты емес ақпаратты талап етуге жол бермеу (өтініштер болған жағдайда тексеріледі)

50

Педагогке тауарлар мен қызметтерді сатып алу міндеттемесін жүктеуге жол бермеу (өтініштер болған жағдайда тексеріледі)

51

Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының педагогтерін өздерінің кәсіби қызметін мемлекеттік емес ұйымдардың қызметіне тартуға жол бермеу (өтініштер болған жағдайда тексеріледі)

      Лауазымды адам (адамдар) _________________ ________________

      лауазымы                   қолы

      ________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Бақылау және қадағалау

      субъектісінің басшысы ___________________ ________________

      лауазымы                   қолы

      _________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 719 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 843 бірлескен бұйрығына
4-қосымша

Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын
білім беру ұйымдарына қатысты білім беру жүйесін мемлекеттік бақылау саласындағы
тексеру парағы

      Ескерту. 4-қосымша алып тасталды – ҚР Білім және ғылым министрінің 15.11.2018 № 632 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.11.2018 № 71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 719 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 843 бірлескен бұйрығына
5-қосымша

Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын
білім беру ұйымдарына қатысты білім беру жүйесін мемлекеттік бақылау саласындағы
тексеру парағы

      Ескерту. 5-қосымша алып тасталды – ҚР Білім және ғылым министрінің 15.11.2018 № 632 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.11.2018 № 71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 719 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 843 бірлескен бұйрығына
6-қосымша

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын
іске асыратын білім беру ұйымдарына қатысты білім беру жүйесін мемлекеттік
бақылау саласындағы тексеру парағы

      Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 22.01.2018 № 24 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 03.03.2018 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді – ҚР Білім және ғылым министрінің 15.11.2018 № 632 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.11.2018 № 71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); ҚР Білім және ғылым министрінің 18.03.2019 № 117 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 29.03.2019 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); ҚР Білім және ғылым министрінің 31.03.2020 № 121 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 01.04.2020 № 20 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрықтарымен.

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ___________________________________________
      ________________________________________________________________________________
      Тексерулерді тағайындау туралы акт ________________________________________________
      (№, күні)
      Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы __________________________________________
      ________________________________________________________________________________
      Тексерілетін субъектінің (объектінің) бизнес-сәйкестендіру коды (БСН) __________________
      ________________________________________________________________________________
      Орналасу орны __________________________________________________________________
      ________________________________________________________________________________

р/с№

Талаптар тізбесі

Талап еті-леді

Талап етіл
мейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес кел
мейді

1

2

3

4

5

1

Білім беру ұйымының құрылтайшылық және құқық белгілеуші құжаттарының бар болуы

2

Педагогттің педагогтік әдеп нормалары мен лауазымдық міндеттерін орындауы:
Педагог өз қызметінде:
1) білім алушылар мен тәрбиеленушілерді ата-аналарына, этномәдени құндылықтарға құрмет көрсетуге, қоршаған әлемге ұқыпты қарауға, жоғары адамгершілік тұрғыда тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды;
2) Қазақстан Республикасы педагогінің жоғары атағының беделін түсіруге мүмкіндік туғызатын іс-әрекеттерді жасауға жол бермейді;
3) өзінің қызметтік міндетін адал және сапалы орындайды;
4) өзінің кәсіби шеберлігін үздіксіз жетілдіреді, өз бетінше білім алу және өзін-өзі жетілдірумен белсенді түрде айналысады;
5) еңбек тәртібін бұлжытпай сақтайды;
6) білім беру ұйымының мүлкіне ұқыпты қарайды және оны жеке мақсатта пайдаланбайды;
7) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша шаралар қабылдайды, өзінің шыншыл, адал және әділ мінез-құлқымен үлгі болады;
8) қызметтік ақпараттарды пайдакүнемдік және өзге де жеке мақсаттарда пайдалануға жол бермейді;
9) өзі үлгі бола отырып, ұжымда тұрақты және жағымды моральдық-психологиялық жағдай қалыптастыруға мүмкіндік жасайды;
10) өзінің қызметтік міндеттерін орындау кезеңінде іскерлік киім үлгісінде болады.
Білім беру процесіне қатысушылармен қарым-қатынас жасауда педагог:
1) жасына, жынысына, ұлтына, діни сеніміне, азаматтығына, шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайларына немесе кез келген өзге де мән-жайларға қарамастан адамның құқығын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтейді;
2) білім беру процесіне қатысушыларға қатысты қаржылық және өзге де бопсалау фактілеріне жол бермейді, өз әріптестері тарапынан осындай іс-әрекеттерді болдырмау үшін күш салады;
3) өз іс-әрекетімен қоғам тарапынан дәлелді сындарға жол бермейді, оған сабырлылықпен қарайды, өзінің кәсіби қызметіндегі кемшіліктерді жою және оны жақсарту үшін сындарлы сынды пайдаланады;
4) білім беру процесінің қатысушыларына кәсіби қолдау көрсетеді.
Әріптестермен қарым-қатынас жасауда педагог:
1) жалпы қабылданған адамгершілік-әдептілік нормаларын, сыпайылық пен биязылықты сақтайды;
2) басқа педагогтің кәсіби біліктілігіне көпшілік алдында күмән келтірмейді. (өтініштер болған жағдайда тексеріледі)

3

Педагогтердің біліктілік санатының деңгейін бес жылда бір реттен сиретпей арттырудан (растаудан) өтуін растайтын біліктілік санатын беру/растау туралы куәліктердің, бұйрықтардың, куәліктерді беру және тіркеу журналдарының болуы

4

Білім беру ұйымдары педагогтерінің бес жылда бір реттен сиретпей біліктілігін арттырғандығын растайтын сертификаттардың болуы

5

Білім беру ұйымдарында саяси партиялар мен діни ұйымдардың (бірлестіктердің) ұйымдық құрылымдарын құруға және олардың қызметіне тыйым салу бөлігінде мемлекеттік саясат қағидатының сақталуы (өтініш болған кезде тексеріледі)

6

Білім беру процесін саяси үгіттеу, діни насихат жүргізу немесе білім алушыларды Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келетін әрекеттерге итермелеу үшін пайдалану тыйымын сақтау (өтініштер болған жағдайда тексеріледі)

7

Білім алуы кезеңінде әлеуметтік көмекке мұқтаж Қазақстан Республикасы азаматтарына көмек көрсетуге арналған өтемақылық шығыстар (өтініштер болған жағдайда тексеріледі)

8

Білім беру ұйымдарында педагогтің кәсіби қызметіне:
1) соттың заңды күшіне енген үкіміне сәйкес педагогтің кәсіби қызметін жүзеге асыру құқығынан айырылған;
2) іс-әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған, соның нәтижесінде қызметкердің еңбек қатынастарын жалғастыру мүмкіндігі жоқ;
3) психиатриялық және (немесе) наркологиялық жазбалардан тұратын медициналық қарсы көрсетілімдері бар;
4) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттары жоқ;
5) адам өлтіргені, денсаулыққа қасақана зиян келтіргені, адамдардың денсаулығына және имандылыққа, жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін, экстремистік немесе террористік қылмыстар, адам саудасы үшін сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауда жүрген немесе қудалауда болған адамдарды жұмысқа орналастыруға жол берілмейді

9

Білім беру ұйымының жарғысымен белгіленген функциялармен қамтамасыз етілуі (өтініштер болған жағдайда)

10

Оқу жоспарларының үлгілік оқу жұмыс жоспарларына немесе Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкестігі.

11

Лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің үлесі олардың жалпы санынан кемінде 70%, оның ішінде медициналық білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін қолданбалы бакалавриат, бакалавриат, магистратура деңгейлері бар оқытушылар мен мейіргерлердің үлесі оқытушылардың жалпы санынан кемінде 10% болуы.

12

Жоғары және бірінші санаттағы оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің және (немесе) магистрлердің үлесі лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің санынан техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдар үшін кемінде 30 %, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдар үшін кемінде 40 %

13

Білім беру ұйымдарының жұмыс оқу жоспарларына сәйкес толық оқу кезеңіне білім алушылар контингентіне шаққандағы, оның ішінде оқу тілдері бойынша оқу әдебиеті қорының, оқу-әдістемелік кешендерінің және цифрлық білім беру ресурстарының болуы

14

Даярланатын біліктілікті ескере отырып, интернет желісіне қосылған компьютерлік сыныптармен, оқу-зертханалық жабдықтармен, оның ішінде медициналық білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін оқу пәндік кабинеттермен, клиникаға дейінгі симуляциялық кабинеттермен жарақталуы.

15

Практика базалары ретінде айқындалған білім беру ұйымдарымен жасалған шарттардың болуы

16

Білім алушыларға медициналық қызмет көрсету туралы денсаулық сақтау ұйымдармен шарттардың немесе медициналық кабинеттің және медициналық қызметке лицензияның болуы

17

Білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің немесе білім алушыларды тамақпен қамтамасыз ету туралы шарттың болуы

18

Білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ететін, меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында тиесілі материалдық активтердің (оқу кабинеттері, шеберханалар, зертханалар) болуын растайтын құжаттардың болуы

19

Сабақ беретін пәніне тиісті бейіні сәйкес келетін базалық жоғары, техникалық және кәсіптік білімі бар инженер-педагогтермен, сондай-ақ, қажеттілік болған жағдайда сабақ беретін пәніне тиісті бейіні сәйкес келетін базалық жоғары немесе техникалық және кәсіптік білімі бар өндірістің білікті мамандарымен қамтамасыз етілгендігін растайтын диплом мен қосымша көшірмелері және педагогтердің білім беру ұйымдары бекіткен тарифтік тізімдерінің болуы

20

Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларында төмендегідей нормалардан аспайтын өзгерістердің болуы:
1) міндетті оқытуға бөлінетін жалпы сағаттар санын сақтай отырып, циклдер үшін оқу материалдарын меңгеруге бөлінген оқу уақытының 50%-ына дейін, әр пән және (немесе) модуль бойынша 50%-ға дейін және кәсіптік оқытудың және кәсіптік практиканың 60%-ына дейін (дуальды оқыту кезінде 80%-ға дейін) өзгертеді;
2) оқу бағдарламаларының мазмұнын әр пән, өндірістік оқыту, оның ішінде модульдерге біріктірілген пәндер бойынша 50%-ға дейін (дуальды оқыту кезінде 80%-ға дейін) және кәсіптік модуль бойынша 60%-ға дейін (дуальды оқыту кезінде 80%-ға дейін) өзгертеді;
3) міндетті оқытуға арналған жалпы сағат санын сақтай отырып, жұмыс берушінің талаптары бойынша қосымша пәндер (кәсіби модульдер) енгізеді;
Орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларында төмендегідей нормалардан аспайтын өзгерістердің болуы:
1) базалық және кәсіптік модульдерді игеруге бөлінетін оқу уақытының 50% - ға дейін және оқу сағаттарының жалпы санын сақтай отырып, өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканы 60% - ға дейін өзгертеді;
2) оқытудың әртүрлі технологияларын, оқу процесін ұйымдастыру мен бақылау нысандарын, әдістерін таңдайды;
3) жұмыс берушілердің сұраныстарына сәйкес оқу бағдарламаларының мазмұнын модульдерге біріктірілген (қосылған) пәндерді кәсіптік модуль, өндірістік оқыту және кәсіптік практика бойынша 50%-ға дейін өзгертеді. Міндетті оқытуға арналған жалпы сағат санын сақтай отырып, жұмыс берушінің талаптары бойынша қосымша модульдер енгізеді.

21

Жұмыс оқу жоспары мен жұмыс оқу бағдарламаларына сәйкес практикалық дайындықтың жүргізілгендігін растайтын өндірістік оқыту есебі журналдардың болуы

22

Білім алушылардың оқу жүктемесінің оқу кестесінің максималды көлеміне сәйкес келуі
(оқытудың күндізгі нысаны кезінде оқу уақытының жалпы көлемі аптасына кемінде 36 сағатты есепке алғанда білім алушылардың оқу жүктемесінің максималды көлемі аптасына 54 сағатты құрайды)

23

Күндізгі оқу нысаны кезінде техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын меңгерудің нормативтік мерзімі күрделігіне, күтілетін белгіленген біліктілік деңгейіне және білім алушылардың базалық білім деңгейіне қарай нормативтік мерзімін растайтын бекітілген оқу жұмыс жоспарларының болуы:
1) негізгі орта білім базасында жалпы орта білім алмай және білім беру қажеттіліктері бар адамдарға – 1 жыл 10 ай оқу мерзіміне;
2) негізгі орта білім базасында – жалпы орта білім алумен 1 жыл 10 ай, 2 жыл 6 ай, 2 жыл 10 ай, 3 жыл 6 ай немесе 3 жыл 10 ай оқу мерзіміне;
3) жалпы орта білім базасында – 10 ай, 1 жыл 6 ай, 1 жыл 10 ай, 2 жыл 6 ай немесе 2 жыл 10 ай оқу мерзіміне;
4) техникалық және кәсіптік білім базасында – 10 ай, 1 жыл 6 ай немесе 1 жыл 10 ай оқу мерзіміне;
5) орта білімнен кейінгі білім, жоғары білім базасында – 10 ай немесе 1 жыл 6 ай оқу мерзіміне;
6) ӘАОО үшін жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім базасында берілетін біліктіліктің күрделілігіне байланысты 10 ай, 1 жыл 6 ай немесе 1 жыл 10 ай оқу мерзіміне;
7) өнер, геология, су көлігін пайдалану, медицина, әскери мамандықтар үшін оқу мерзіміне тиісті мамандықтың ерекшелігіне байланысты айқындалуы мүмкін
Күндізгі оқу нысаны кезінде орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын меңгерудің нормативтік мерзімі күрделігіне, күтілетін белгіленген біліктілік деңгейіне және білім алушылардың базалық білім деңгейіне қарай нормативтік мерзімін растайтын бекітілген оқу жұмыс жоспарларының болуы:
-оқу мерзімі жалпы орта білім базасында 2 жыл 10 ай оқу мерзіміне;
-техникалық және кәсіптік білім базасында ұқсас мамандықтар бойынша қабылдау базасына байланысты: орта буын маманы үшін 10 ай оқу мерзіміне;
-білікті жұмысшы кадрлар үшін 1 жыл 10 ай оқу мерзіміне.
Өнер, геология, су көлігін пайдалану, медицина, әскери мамандықтар үшін оқу мерзімі тиісті мамандықтың ерекшелігіне байланысты айқындалады.

24

Кешкі және сырттай оқыту нысандары үшін міндетті оқу сабақтарының оқу уақыттары көлемінің тиісінше 70 %-ына және күндізгі оқыту нысаны үшін қарастырылған оқу сағатының тиісті көлемінің 30 %-ына сәйкестігін растайтын оқытудың кешкі және сырттай нысандарының жұмыс оқу жоспарларының болуы

25

Білім алушыларға оқуды аяқтағанын және қорытынды аттестаттаудан өткендігін растайтын хаттамалар мен құжаттарды беру журналдарының болуы

26

Білім беру қызметін іске асыруға берілген лицензияның және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің бiлiм беру бағдарламалары бойынша лицензияға қосымшаның болуы

27

Оқу және тәрбие процесі кезінде білім беру ұйымының білім алушылары мен қызметкерлері денсаулықтарының сақталуы бойынша ұйым басшысы немесе өзге лауазымдық тұлғаның міндеттерін орындауы (өтініштер болған жағдайда ғана тексеріледі)

28

Білім беру мониторингінің шеңберінде әкімшілік деректер нысандары бойынша дұрыс және толық ақпараттың болуы

29

Білім беру ұйымымен бекітілген алқалық органдардың (педагогикалық, әдістемелік кеңестердің және педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің) қызметін растайтын жұмыс жоспарлары мен отырыстары хаттамаларының болуы

30

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарына және педагогтер лауазымдарының тізбесіне сәйкес келуі

31

Ұйымның басшысымен бекітілген оқу жоспары негізінде әзірленген оқу процесінің кестесінің болуы

32

Теориялық және өндірістік оқытудың есепке алу журналдары және оқу сағаттарымен оқу бағдарламаларының орындалуын есепке алатын табельдердің болуы

33

Сабақ кестесінде аудиториялық сабақтардың барлық түрлері үшін академиялық сағаттың ұзақтығының 45 минутпен сәйкес келуі (қосарланған сабақтарға жол беріледі)

34

Сабақтар арасында үзілістер кестесінде бір академиялық сағаттан кейін – 5 минут, қосарланған сабақтардан кейін – 10 минут, 2 қосарланған сабақтан кейін 15 минуттан болуы

35

Оқу процесінің кестесінде толық оқу жылында кемінде екі рет, жылына жалпы ұзақтығы 11 аптадан көп емес, оның ішінде әскери мамандықтардан басқа, қысқы мерзімде кемінде 2 апта демалыстың болуы.

36

Практикалар базасы ретінде білім беру ұйымдарымен белгіленген келісілген және бекітілген оқу бағдарламалары мен кәсіптік практикадан өткізудің күнтізбелік кестесінің болуы

37

Қабылдау (төрағасы, жауапты хатшы және мүшелері) және апелляциялық (төрағасы, мүшелері) комиссияларын құру туралы бұйрықтардың болуы

38

Тұлғалардың төмендегідей мерзімдерде оқуға қабылдау туралы өтініштерінің болуы:
1) орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 25 тамызы аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығында, өнер және мәдениет мамандықтары бойынша күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 20 шілдесі аралығында;
2) білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 5 қыркүйегі аралығында, оқудың кешкі нысанына күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығында;
3) орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 25 тамызы аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығында.

39

Талапкерлердің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау туралы өтінішіне қоса төмендегідей құжаттардың болуы: білімі туралы құжаттың төлнұсқасы, № 086-У нысаны бойынша медициналық анықтама, № 088-У нысаны бойынша I және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысы, 3x4 көлеміндегі 4 фотосуреті.

40

Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға қабылдау емтихандары материалдарының (нәтижелерінің) болуы:
1) бастауыш білімі бар ("Хореография өнері" мамандығы (біліктілігі "Балет әртісі") бойынша ғана кадрлар даярлау үшін қабылдау кезінде) оқуға түсушілер үшін бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары көлемінде екі пән бойынша (қазақ тілі немесе орыс тілі және шығармашылық емтихандар) өткізіледі;
2) жалпы орта білімі бар оқуға түсушілер үшін үш пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық бейіні бойынша пән) өткізіледі;
3) негізгі орта білімі бар оқуға түсушілер үшін – негізгі орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары көлемінде екі пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі және мамандық бейіні бойынша пән);
4) мамандық бейініне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар оқуға түсушілер үшін мамандық бейіні бойынша өткізіледі;
5) мамандық бейініне сәйкес келетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін әңгімелесу түрінде өткізіледі.

41

Өнер және мәдениет мамандықтары бойынша білім беру ұйымдарына оқуға түсетін тұлғалар үшін білім беру ұйымдары бекіткен бағдарламалар бойынша арнайы немесе шығармашылық емтихандардың өткізілгендерін растайтын хаттамалардың және бұйрықтардың болуы. Арнайы немесе шығармашылық емтихандар бойынша "қанағаттанарлықсыз" деген баға алған немесе емтиханға дәлелді себепсіз келмеген азаматтар қалған емтихандарға жіберілмейді

42

Хаттамаларда орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің оқу бағдарламалары бойынша оқуға түсетін адамдар үшін қабылдау емтихандарын өткізудің төмендегі көрсетілген мерзімдерге сәйкес болуы:
оқудың күндізгі нысанына түсу емтихандары күнтізбелік жылдың 1 тамызы мен 27 тамызы аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына күнтізбелік жылдың 1 тамызы мен 28 қыркүйек аралығында; өнер және мәдениет мамандықтары бойынша арнаулы немесе шығармашылық емтихандар күнтізбелік жылдың 21 шілдесі мен 28 шілдесі аралығында өткізіледі.

43

Хаттамаларда білікті жұмысшы кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына түсетін тұлғалар үшін әңгімелесудің 1 тамызы мен 31 тамызы аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына күнтізбелік жылдың 1 тамызы мен 25 қыркүйегі аралығында өткізу мерзімдеріне сәйкес болуы.

44

Қабылдау емтихандарының хаттамалары мен материалдарында (нәтижелерінде) қабылдау емтихандарын бағалаудың талаптарына сәйкес болуы:
тестілеу нысанында әрбір пән бойынша тестілеу тапсырмаларының (сұрақтарының) саны 25 болуы; әрбір тест тапсырмасының дұрыс жауабы 1 балмен бағалануы;
пәндер бойынша емтихандардың, қабылдау емтихандарының нәтижелері бойынша алынған "3", "4", "5" бағаларын қабылдау комиссиясының мынадай шкала бойынша: "3" – 8 бал, "4" – 17 бал, "5" – 25 балдарға ауыстыруы

45

Алып тасталды – ҚР Білім және ғылым министрінің 18.03.2019 № 117 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 29.03.2019 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

46

Апелляцияға берілген өтініштерді қабылдау мен қарау тәртібінің сақталуын растайтын аппеляциялық комиссия отырыстары хаттамаларының болуы

47

Білім алушылар құрамына қабылдау конкурсына қатысуға жіберуге қойылатын талаптардың сақталуын растайтын материалдардың (ведомостер, хаттамалар, листов тестілеу парақтары) болуы.
Білім алушылар құрамына қабылдау конкурсына қатысуға:
1) негізгі жалпы білім алғандар үшін екі пәннен 20 балдан кем, білім, құқық, экономика, медицина және фармацевтика мамандықтары бойынша 25 балдан кем;
2) жалпы орта білім алғандар үшін үш пәннен 30 балдан кем, білім, құқық, экономика, медицина және фармацевтика мамандықтары бойынша 35 балдан кем жинағандардың жіберілмеуі

48

Білікті кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау туралы жеке кәсіптер, мамандықтар жөніндегі қабылдау комиссиясының ашық отырыстары хаттамаларының болуы:
1) оқудың күндізгі нысанына - негізгі орта немесе жалпы орта білімі туралы құжаттарда көрсетілген бейіндік пәндер бойынша бағалары, әңгімелесу нәтижелері ескеріле отырып іріктеу негізінде күнтізбелік жылдың 25 тамызы мен 10 қыркүйегі аралығында;
2) оқудың кешкі және сырттай нысанына - негізгі орта немесе жалпы орта білімі туралы құжаттарда көрсетілген бейіндік пәндер бойынша бағалары, әңгімелесу нәтижелері ескеріле отырып іріктеу негізінде күнтізбелік жылдың 15 – 30 қыркүйегі аралығында.

49

Жеке кәсіптер, мамандықтар бойынша білім беру ұйымына қабылдау туралы қабылдау комиссиясының ашық отырыстары хаттамаларының болуы

50

Білім алушыларды курстан курсқа, бір білім беру ұйымынан екіншісіне, бір оқу нысанынан екінші нысанға, бір тілдік бөлімнен екінші тілдік бөлімге, бір мамандықтан екінші мамандыққа, ақылы негізде оқудан мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқуға ауыстыруға 4 оқу пәнінен аспайтын академиялық айырмашылық болғанда жол беру талабының сақталуын растайтын құжаттардың болуы

51

Оқу шығындарын толық өтейтін, ақылы негізде білім алушының мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқу үшін бос орындарға ауыстыру тәртіптерінің сақталуы:
1) білім алушының білім беру ұйымы басшысының атына әрі қарай мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға ауыстыру туралы еркін нысанда өтініш беруі;
2) білім беру ұйымы басшысының аталған өтінішті қарап, оны педагогикалық кеңестің қарауына шығаруы және педагогикалық кеңес шешімінің негізінде білім алушыны әрі қарай мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға ауыстыру туралы бұйрық шығаруы

52

Білім алушының (бір білім беру ұйымынан басқа білім беру ұйымына ауысқанда) білім алып жатқан білім беру ұйымы басшысының атына еркін нысанда ауысу туралы жазбаша өтініші және ауысуға мөрмен бекітілген өзі қалаған білім беру ұйымының басшысының жазбаша келісімінің болуы

53

Ауыстыратын білім беру ұйымы басшысының қолымен куәландырылған білім алушының сынақ кітапшасы (немесе үлгерім кітапшасының) көшірмесінің болуы

54

Қабылдайтын білім беру ұйымы басшысының (білім алушыны ауыстыру мәселе шешілген жағдайда):
білім алушының оқу сабақтарына рұқсат беру, оқу жоспарындағы айырмашылықтарды тапсыру туралы;
білім алушының бұрын оқыған білім беру ұйымынан жеке іс қағаздары алынғаннан кейін білім алушылары қатарына қабылдау туралы бұйрықтардың болуы

55

Білім алушының аяқтаған семестрді ескере отырып, бұрынғы немесе басқа білім беру ұйымына қайта қабылдау туралы өтінішінің болуы

56

Семестр кезінде ақысын төлемегені үшін оқудан шығарылған білім алушыларды, шығарылған күнінен бастап төрт аптаның ішінде төлемақы бойынша қарызын өтегені туралы құжатты ұсынған жағдайда, үш жұмыс күні ішінде қайта қабылдау

57

Бұрын басқа білім беру ұйымдарында білім алған білім алушыларды оқуға қайта қабылдауға:
курстар мен мамандықтар бойынша оқытудың тиісті оқу топтары болған жағдайда;
оқуды аяқтамаған тұлғаларға берілетін Анықтамада (немесе білім алушының сынақ кітапшасында) көрсетілген оқу пәндерінің қабылдаушы білім беру ұйымының жұмыс оқу жоспарының оқу пәндері тізбесінен айырмашылығы төрт оқу пәндерінен артық болмаған жағдайларда рұқсат берілуі

58

Білім беру ұйымы басшысының орынбасарымен жұмыс оқу жоспарының пәндері мен оқу сағаттарындағы айырмашылықты белгілеуі және басшының бұйрығымен айырмашылықты жою тәртібінің бекітілуі

59

Бұрын оқыған білім беру ұйымының басшысы қабылдаушы тараптың жазбаша сұрауы негізінде білім алушының жеке іс құжаттарын жібереді, бұл ретте Анықтаманың, сынақ кітапшасының көшірмесін және жіберілген құжаттарының тізімдемесін өзінде қалдырады

60

Білім алушыға академиялық демалыстың мынадай:
1) сырқатына бойынша ұзақтығы 6 айдан 12 айға дейін амбулаториялық-емханалық ұйым жанындағы дәрігерлік-консультациялық комиссияның (бұдан әрі – ДКК) қорытындысы;
2) ұзақтығы 36 айдан аспайтын туберкулезбен ауырған жағдайда туберкулезге қарсы медициналық ұйымның Орталықтандырылған дәрігерлік-консультациялық комиссияның (бұдан әрі – ОДКК) қорытындысы;
3) әскери қызметке шақыру туралы қағаз негізінде;
4) босанғанда, ұл немесе қыз бала асырап алғанда 3 жасқа толғанға дейін берілуі

61

Білім алушы ауруына байланысты академиялық демалыстан келген соң, науқасты қараған денсаулық сақтау ұйымынан осы мамандық бойынша білімін жалғастыру мүмкіндігі туралы қорытынды берілген денсаулық жағдайы туралы ДКК (ОДКК) анықтамасының болуы

62

Білім беру гранты бойынша білім алушыға академиялық демалыс беру және академиялық демалыстан шығу туралы бұйрықтардың көшірмесін үш жұмыс күні ішінде
бағдарлама бойынша қаржыландырудың тиісті сомасы мен мерзіміне байланысты түзету үшін білім беру ұйымының басшысы тиісті қаржыландырылатын органдарға жолдағанын растайтын хаттарының болуы

63

Аралық аттестаттауының нысаны ретінде емтихандардың өтуін растайтын емтихан ведомостерінің болуы

64

Келесі талаптарды сақтай отырып, аралық аттестаттауға білім алушыларды жіберу туралы бұйрықтардың болуы:
барлық практикалық, зертханалық, есеп айырысу-кестелік және курстық жұмыстарды (жобаларды), сынақтарды толық орындаған;
әрбір пән бойынша типтік оқу бағдарламаларына сәйкес ағымдағы білім есебінің қорытындысы бойынша қанағаттанарлықсыз баға алмаған;
емтиханға 1-2 пәннен қанағаттанарлықсыз бағасы бар білім алушы білім беру ұйымы басшысының рұқсатымен;
екеуден көп қанағаттанарлықсыз бағасы бар білім алушылардың педагогикалық кеңестің шешімімен жіберілуі

65

Сырқаттануына байланысты немесе басқа да дәлелді себептермен аралық аттестаттаудан өтпеген білім алушыларға білім беру ұйымы басшысының жеке мерзім белгілеп, аралық аттестацияны тапсыруға жіберу туралы бұйрығының болуы

66

"Қанағаттанарлықсыз" (сынақтан өткен жоқ) деген баға алған жағдайда емтиханды қайта тапсыруға, пәнді жүргізетін оқытушыға, модуль щеңберінде оқытушыларға белгіленген мерзімде бөлім меңгерушісінің жазбаша түрде рұқсаттың болуы (немесе сабақ беретін оқытушы болмаған жағдайда, осы пәннің (модульдің) бейініне сәйкес біліктілігі бар басқа оқытушыға тапсыруға болады)

67

Аралық аттестаттау қорытындылары бойынша үшеуден артық қанағаттанарлықсыз баға алған білім алушыларды оқудан шығару туралы педагогикалық кеңестің шешімі мен білім беру ұйымы басшысының бұйрығының болуы.
Білім алушыға белгіленген үлгідегі берілген анықтамаларды тіркеу журналдарының болуы

68

Белгіленген курстағы оқу жоспарының талаптарын толық орындаған, аралық аттестаттаудың барлық сынақтары мен емтихандарын табысты тапсырған білім алушыларды келесі курсқа көшіру туралы білім беру ұйымы басшысының бұйрығының болуы

69

Қорытынды емтиханды өткізуден бір ай бұрын аттестаттау емтихан комиссиясы құрамы жұмыс берушілер өкілдерінен 65 % және 35 %-ға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары өкілдерінің арақатынасындағы кәсіпорындардың жоғары білікті мамандарынан, арнайы пәндер оқытушыларынан, өндiрiстiк оқыту шеберлерi және оқу орнын басқарудың алқалық органдарының өкілдерінен тұратын аттестаттау комиссияны құру туралы білім беру ұйымы басшысының бұйрығының болуы

70

Білім алушыларды арнайы пәндер бойынша қорытынды аттестаттауды қорытынды емтихан нысанында тапсыру үшін оқу бағдарламаларына сәйкес қорытынды емтиханға енгізілген емтихан билеттері мен сұрақтар тізбелерінің болуы; дипломдық жобалардың (жобалардың) болуы. Білім алушыларды қорытынды аттестаттауды жүргізу бойынша комиссия отырыстары хаттамаларының, қорытынды аттестаттаудың (жеке) емтихандарын тапсыру туралы білім алушыларды қорытынды аттестаттауды жүргізу бойынша комиссия отырыстары хаттамаларының; біліктілікті беру туралы білім алушыларды қорытынды аттестаттауды жүргізу бойынша комиссия отырыстары хаттамаларының (жинақ); білім алушының бітіру жұмысын (диплом жобасын (жұмысын) қарау туралы қорытынды аттестаттауды жүргізу бойынша комиссия отырыстары хаттамаларының болуы

71

Диплом жобасын қорғау немесе қорытынды емтихан тапсыру кезінде "қанағаттанарлықсыз" деген баға алған тұлғаға қорытынды аттестаттауды қайта тапсыруға немесе мерзімін белгіленген қорытынды емтиханды қайта тапсыру "қанағаттанарлықсыз" деген баға алған пән және (немесе) модуль бойынша қорытынды аттестаттау комиссиясының рұқсат беру туралы шешімі

72

Диплом жобасын қайта қорғаудан немесе қорытынды емтихан тапсыру кезінде "қанағаттанарлықсыз" баға алған білім алушыға мамандығы (кәсібі) бойынша оқу курсын толық аяқтағандығы туралы белгіленген үлгідегі анықтаманың болуы

73

Тиісті құжаттармен дәлелденген, себепті жағдайлармен дипломдық жобаны (жұмысты) қорғауға және қорытынды емтиханды тапсыруға келмеген білім алушылардың белгіленген мерзімде қорытынды аттестаттаудан өтуге жіберілуі туралы білім беру ұйымы басшысының бұйрығының болуы

74

Алып тасталды – ҚР Білім және ғылым министрінің 15.11.2018 № 632 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.11.2018 № 71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

75

Емтиханды оқу жоспарының 75 пайыздан кем емес барлық пәндерінен "өте жақсы" бағамен, ал қалған пәндерді – "жақсы" бағамен тапсырған, және дипломдық жобаны (жұмысты) "өте жақсы" деген бағамен қорғаған білім алушыға үздік дипломның берілуінің объективтілігін растайтын құжаттардың болуы

76

Педагогті кәсіби міндеттеріне байланысты емес жұмыс түрлеріне тартуға жол бермеу (өтініштер болған жағдайда тексеріледі)

77

Педагогтің есеп беруін немесе одан педагогтік лауазымдық міндеттеріне байланысты емес ақпаратты талап етуге жол бермеу (өтініштер болған жағдайда тексеріледі)

78

Педагогке тауарлар мен қызметтерді сатып алу міндеттемесін жүктеуге жол бермеу (өтініштер болған жағдайда тексеріледі)

      Лауазымды тұлға (тұлғалар) ____________ ______ __________________________________
      (лауазымы)      (қолы)             (тегі, аты, әкесінің аты
      (бар болған жағдайда)
      ____________ ______ ____________________________
      (лауазымы)       (қолы)       (тегі, аты, әкесінің аты
      (бар болған жағдайда)
      Тексерілетін субъектінің басшысы ____________ ______ ____________________________
      (лауазымы)      (қолы)      (тегі, аты, әкесінің аты
      (бар болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 719 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 843 бірлескен бұйрығына
7-қосымша

Қосымша білім беретін білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру
ұйымдарына қатысты білім беру жүйесін мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру
парағы

      Ескерту. 7-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 22.01.2018 № 24 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 03.03.2018 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді – ҚР Білім және ғылым министрінің 15.11.2018 № 632 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.11.2018 № 71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); ҚР Білім және ғылым министрінің 18.03.2019 № 117 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 29.03.2019 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); ҚР Білім және ғылым министрінің 31.03.2020 № 121 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 01.04.2020 № 20 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрықтарымен.

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ___________________________________________
      ________________________________________________________________________________
      Тексерулерді тағайындау туралы акт ________________________________________________
      (№, күні)
      Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы _________________________________________
      ________________________________________________________________________________
      Тексерілетін субъектінің (объектінің) бизнес-сәйкестендіру коды (БСН) __________________
      ________________________________________________________________________________
      Орналасу орны __________________________________________________________________
      ________________________________________________________________________________

р/с №

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етіл
мейді

Талап
тарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес кел
мейді

1

2

3

4

5

1

Білім беру ұйымының құрылтайшылық және құқық белгілеуші құжаттарының бар болуы

2

Педагогтің педагогтік әдеп нормалары мен лауазымдық міндеттерін орындауы:
Педагог өз қызметінде:
1) білім алушылар мен тәрбиеленушілерді ата-аналарына, этномәдени құндылықтарға құрмет көрсетуге, қоршаған әлемге ұқыпты қарауға, жоғары адамгершілік тұрғыда тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды;
2) Қазақстан Республикасы педагогінің жоғары атағының беделін түсіруге мүмкіндік туғызатын іс-әрекеттерді жасауға жол бермейді;
3) өзінің қызметтік міндетін адал және сапалы орындайды;
4) өзінің кәсіби шеберлігін үздіксіз жетілдіреді, өз бетінше білім алу және өзін-өзі жетілдірумен белсенді түрде айналысады;
5) еңбект әртібін бұлжытпай сақтайды;
6) білім беру ұйымының мүлкіне ұқыпты қарайды және оны жеке мақсатта пайдаланбайды;
7) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша шаралар қабылдайды, өзінің шыншыл, адал және әділ мінез-құлқымен үлгі болады;
8) қызметтік ақпараттарды пайдакүнемдік және өзге де жеке мақсаттарда пайдалануға жол бермейді;
9) өзі үлгі бола отырып, ұжымда тұрақты және жағымды моральдық-психологиялық жағдай қалыптастыруға мүмкіндік жасайды;
10) өзінің қызметтік міндеттерін орындау кезеңінде іскерлік киім үлгісінде болады.
Білім беру процесіне қатысушылармен қарым-қатынас жасауда педагог:
1) жасына, жынысына, ұлтына, діни сеніміне, азаматтығына, шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайларына немесе кез келген өзге де мән-жайларға қарамастан адамның құқығын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтейді;
2) білім беру процесіне қатысушыларға қатысты қаржылық және өзге де бопсалау фактілеріне жол бермейді, өз әріптестері тарапынан осындай іс-әрекеттерді болдырмау үшін күш салады;
3) өз іс-әрекетімен қоғам тарапынан дәлелді сындарға жол бермейді, оған сабырлылықпен қарайды, өзінің кәсіби қызметіндегі кемшіліктерді жою және оны жақсарту үшін сындарлы сынды пайдаланады;
4) білім беру процесінің қатысушыларына кәсіби қолдау көрсетеді.
Әріптестермен қарым-қатынас жасауда педагог:
1) жалпы қабылданған адамгершілік-әдептілік нормаларын, сыпайылық пен биязылықты сақтайды;
2) басқа педагогтің кәсіби біліктілігіне көпшілік алдында күмән келтірмейді. (өтініштер болған жағдайда тексеріледі)

3

Білім беру ұйымдарында саяси партиялар мен діни ұйымдардың (бірлестіктердің) ұйымдық құрылымдарын құруға және олардың қызметіне тыйым салу бөлігінде мемлекеттік саясат қағидатының сақталуы (өтініш болған кезде тексеріледі)

4

Білім беру процесін саяси үгіттеу, діни насихат жүргізу немесе білім алушыларды Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келетін әрекеттерге итермелеу үшін пайдалану тыйымын сақтау (өтініштер болған жағдайда тексеріледі)

5

Білім беру ұйымы қызметінің Жарғыға сәйкестігі

6

Білім беру ұйымының басшысы немесе өзге лауазымды тұлғалардың білім беру ұйымы білім алушыларының және тәрбиеленушілерінің, қызметкерлерінің оқу-тәрбие процесі кезіндегі өмірі мен денсаулығын сақтау бойынша міндеттерін орындауы

7

Педагогтердің біліктілік санатының деңгейін бес жылда бір реттен сиретпей арттырудан (растаудан) өтуін растайтын біліктілік санатын беру/растау туралы куәліктердің, бұйрықтардың, куәліктерді беру және тіркеу журналдарының болуы

8

Мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы үш жылда бір рет аттестаттаудан өткендігін растайтын аттестациялық комиссияның шешімінің немесе аттестаттау парағының болуы

9

Білім беру ұйымының басшы кадрларының, педагогтерінің және ғылыми қызметкерлерінің бес жылда бір реттен сиретпей біліктілігін арттыруын растайтын сертификаттарының болуы

10

Білім беру ұйымымен бекітілген педагогикалық кеңестің қызметін растайтын жұмыс жоспарлары мен отырыстар хаттамаларының болуы.

11

Сабақ беретін пәніне тиісті бейіні білім беру ұйымының бейініне сәйкес келетін жоғары, техникалық және кәсіптік білімі бар, педагогтермен қамтамасыз етілгендігін растайтын дипломдар мен қосымшаларының көшірмелері және педагогтердің білім беру ұйымдары бекіткен тарифтік тізімдерінің болуы

12

Білім беру ұйымдарында педагогтің кәсіби қызметіне:
1) соттың заңды күшіне енген үкіміне сәйкес педагогтің кәсіби қызметін жүзеге асыру құқығынан айырылған;
2) іс-әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған, соның нәтижесінде қызметкердің еңбек қатынастарын жалғастыру мүмкіндігі жоқ;
3) психиатриялық және (немесе) наркологиялық жазбалардан тұратын медициналық қарсы көрсетілімдері бар;
4) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттары жоқ;
5) адам өлтіргені, денсаулыққа қасақана зиян келтіргені, адамдардың денсаулығына және имандылыққа, жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін, экстремистік немесе террористік қылмыстар, адам саудасы үшін сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауда жүрген немесе қудалауда болған адамдарды жұмысқа орналастыруға жол берілмейді

13

Сапалы қосымша білім алуға қажетті материалдық техникалық базасының болуы

14

Өз бетімен дайындаған білім берудің оқу бағдарламалары болуы және олардың орындалуы

15

Біліктілік емтихандарын тапсырған білім алушыларға баға қойылғандығы және (немесе) бейіні бойынша (көркемдік, музыкалық және өнер мектептері) біліктілік беру туралы куәлік бергендігін растайтын журналдарының болуы

16

Білім беру қызметтерін ақылы негізінде ұсыну білім беру ұйымы мен білім алушының заңды өкілдері арасында жасалған білім беру ұйымының жарғысымен айқындалған ақылы қызметтер көрсету тізбесі және тәртібіне сәйкес келісім шарт негізінде жүзеге асырылуы

17

Шетелдік және халықаралық білім беру ұйымдарымен, қорлармен байланыстар орнатылған, халықаралық бағдарламаларға қатысқан, білім беру, мәдениет, спорт және туризм саласындағы халықаралық үкіметтік емес ұйымдарға (қауымдастықтарға) кірген, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ынтымақтастық туралы шарттар жасалған жағдайда білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісімінің болуы

18

Педагогті кәсіби міндеттеріне байланысты емес жұмыс түрлеріне тартуға жол бермеу (өтініштер болған жағдайда тексеріледі)

19

Педагогтің есеп беруін не одан педагогтік лауазымдық міндеттеріне байланысты емес ақпаратты талап етуге жол бермеу (өтініштер болған жағдайда тексеріледі)

20

Педагогке тауарлар мен қызметтерді сатып алу міндеттемесін жүктеуге жол бермеу (өтініштер болған жағдайда тексеріледі)

      Лауазымды тұлға (тұлғалар) ____________ ______________ ____________________________
      (лауазымы)            (қолы)      (тегі, аты, әкесінің аты
      (бар болған жағдайда)
      ____________________ _______ ____________________________
      (лауазымы)                   (қолы)       (тегі, аты, әкесінің аты
      (бар болған жағдайда)
      Тексерілетін субъектінің басшысы _______________       ______      _______________________
      (лауазымы)            (қолы)             (тегі, аты, әкесінің аты
      (бар болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 719 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 843 бірлескен бұйрығына
8-қосымша

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қатысты білім беру жүйесін мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы

      Ескерту. 8-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 18.03.2019 № 117 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 29.03.2019 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган _____________________________

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді/профилактикалық

      бақылауды тағайындау туралы акт ____________________________________

                                          (№, күні)

      Бақылау субъектінің (объектінің) атауы ________________________________

      Бақылау субъектінің (объектінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес- сәйкестендіру

      нөмірі ________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы ______________________________________

р/с №

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

1

Жоғары оқу орнының (бұдан әрі - ЖОО) іске асырылатын білім беру бағдарламаларының тізбесі; білім беру ұйымдарына қабылдау тәртібі; білім беру процесін ұйымдастыру тәртібі (оның ішінде оқыту және тәрбиелеу тілі (тілдері), білім алушылардың, тәрбиеленушілердің сабақ режимі); білімдерді ағымдағы бақылау, білім алушыларды аралық және қорытынды аттестаттау жүйесі, оларды өткізудің нысандары және тәртібі; білім алушыларды оқудан шығару негіздері және тәртібі; ақылы қызмет көрсетудің тізбесі және тәртібі; білім беру ұйымының білім алушылармен және (немесе) олардың ата-аналарымен және өзге де заңды өкілдерімен қатынастарын ресімдеу тәртібі қамтылған жарғысының болуы.

2

ЖОО-ны басқару органдарының қызметін регламенттейтін құжаттардың болуы.

3

Даму стратегиясы және (немесе) даму бағдарламасы және (немесе) даму жоспарының болуы.

4

ЖОО проректорларын (басшының орынбасарларын) тағайындау, олардың саны: 1500 адамға дейін – 1 проректор; 1501 адамнан 3000 адамға дейін – 2 проректор; 3001 адамнан 6000 адамға дейін – 3 проректор; 6001 адамнан 10000 адамға дейін – 4 проректор; 10001 адамнан және одан көп адам – 5 және көп болуы, сондай-ақ лауазымдық өкілеттіліктерін айқындау тәртібінің сақталғанын растайтын құжаттардың болуы.

5

Ректордың (басшының) шарт талаптарында көзделген білім алушылардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуін, білім беру мониторингінің шеңберінде әкімшілік деректер нысандары бойынша және толық шынайы ақпаратты беру бойынша міндеттерін атқаруды растайтын құжаттардың болуы.

6

Стратегиялық даму және даму жоспары бойынша ЖОО ректорының басқару органдары алдындағы жыл сайынғы есебінің болуы.

7

Басқару кадрларының, педагогикалық және ғылыми қызметкерлердің біліктіліктерін арттыруды қамтитын адами ресурстарын (қызметкерлерін) басқаруды ЖОО-ның кадрлық саясатына сәйкес жүзеге асырылуын растайтын құжаттардың болуы.

8

ЖОО қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамаларының болуы.

9

Дәрістерді оқуға ғылыми дәрежесі және (немесе) философия докторы (PhD) және бейіні бойынша доктор дәрежесі және (немесе) ғылыми атақтары бар оқытушылардың, сондай-ақ тиісті ғылым магистрінің академиялық дәрежесі бар және (немесе) аға оқытушылардың; дәрістерді оқуға және (немесе) басқа оқу сабақтарының түрлерін өткізуге ғылыми қызметкерлер, еңбегі сіңген мәдениет, өнер, спорт қайраткерлері, шығармашылық одақтардың мүшелері немесе тәжірибелі мамандардың тартылғанын растайтын құжаттардың болуы.

10

Дипломдық жұмыстарға (жобаларға), кәсіптік практикаға жетекшілікті осы жұмыстарға сәйкес келетін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар оқытушылар, практик-мамандар жүзеге асыруын; ӘАОО-ны қоспағанда, магистрлік диссертацияларға (жобаларға), докторлық диссертацияларға, ғылыми тағылымдамаларға, зерттеу практикаларға жетекшілікті ғылыми дәрежесі және (немесе) философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесі және (немесе) ғылыми атақтары бар және ғылыми зерттеулермен белсенді айналысатын оқытушылар және (немесе) білім алушының оқу қызметінің осы түрлерінің бейініне сәйкес болатын ғылыми жарияланымдары бар ғылыми қызметкерлер, практик-мамандар жүзеге асыруын растайтын құжаттардың болуы.

11

Профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлер лауазымдарына конкурстық орналасу тәртібінің, сондай-ақ, оның сақталуын растайтын құжаттардың болуы.

12

ЖОО қызметінің барлық бағыттары мен түрлерін қамтитын бекітілген ұйымдастырушылық құрылымның, құрылымдық бөлімшелер туралы бекітілген ережелердің, жыл сайын бекітілген штаттық кестенің, академиялық күнтізбенің болуы.

13

ЖОО қызметкерлерінің оқу жүктемесі нормаларының бекітілгенін растайтын құжаттардың болуы.

14

ЖОО-ның алдында тұрған басымдықтар мен міндеттерді ескере отырып әзірленіп бектілген, оқу процесін ұйымдастыру және білім беру қызметін жоспарлау мен басқару бойынша шаралар, қағидалар және рәсімдер жүйесін қамтитын академиялық саясаттың болуы.

15

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы білім беру ұйымдарын қоспағанда, ЖОО-ға оқуға қабылдаудың бекітілген тәртібінің және оның сақталуын растайтын құжаттардың болуы.

16

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы білім беру ұйымдарын қоспағанда, ЖОО-ның білім алушыларды қабылдағаннан кейін және білім туралы құжаттарды беруден кейін бір ай ішінде ақпаратты жолдағанын және (немесе) бұл мәліметтерді білім беру саласындағы уәкілетті органның білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесіне енгізгенін растайтын құжаттардың болуы.

17

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім туралы берілген құжаттар бойынша жұмыс істейтін электрондық жүйенің, оның ішінде бұрын берілген құжаттардың электрондық базасының (архивін) болуы.

18

ӘАОО-ны, медицина ЖОО-ларын, мәдениет және өнер саласындағы ЖОО-ларды, сондай-ақ білім алушылардың саны мемлекеттік білім беру тапсырыспен айқындалатын ЖОО-ларды қоспағанда, күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылардың ең аз контингенті университеттерде кемінде 3000 адам; академияларда, институттарда және оларға теңестірілген ЖОО-да (консерваторияларда) кемінде 1000 адамның болуы.

19

Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша білім алушылардың пәндерді және (немесе) модульдерді зерделеу дәйектілігін академиялық кредиттер жинақтай отырып, таңдауын және дербес жоспарлауын қамтамасыз етуді растайтын құжаттардың болуы.

20

ҚБТ бойынша оқу процесін ұйымдастыру үшін білім беру ұйымдарында: 1) білім алушыларға арналған оқу-әдістемелік және ұйымдастырушылық-әкімшілік ақпараты бар парақтармен білім беру порталының; 2) телекоммуникациялық желіге шығу мүмкіндігі бар жабдықтың (Интернет, спутниктік теледидар); 3) мультимедиалық сыныптардың және электрондық оқу залдарының; 4) оқу контентінің; 5) тестілеу кешенінің; 6) оқытуды басқарудың желілік жүйесінің (Learning Management System - LMS) болуы.
Білім беру ұйымы басшысының ҚБТ-ны қолдану туралы бұйрығының болуы (бұйрыққа: 1) білім алушының өтініші; 2) білім алушылардың жеке оқу жоспарлары; 3) әрбір білім алушының оқу қызметін ұйымдастырудың жеке кестесі; 4) мүгедек балалардың ҚБТ бойынша оқу процесіне қатысу мүмкіндгі туралы психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияны ұсынымы; 5) егер білім алушы сотталса және қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде жазасын өтеуге жіберілсе, пениципиалды мекеме басшысының келісімі немесе рұқсаты қоса беріледі).
ҚБТ-ны енгізетін білім беру ұйымында білім алушылардың деректер базасын (білім алушыларды қабылдау, ауыстыру, қайта қабылдау туралы бұйрық, олардың ағымдағы үлгерімдері туралы мәліметтер) қамтитын ақпараттық басқару жүйесінің құрылғаны, сондай-ақ, ҚБТ-ны іске асыратын білім беру ұйымында ҚБТ бойынша оқу процесін ұйымдастырушылық, әдістемелік, ақпараттық және техникалық қолдауды жүзеге асыратын арнайы құрылымдық бөлімшелердің құрылғаны туралы мәліметтердің болуы.

21

Оқу процесін жоспарлау және ұйымдастыру кезінде оқыту технологиялары, оқу жұмысының түрлері бойынша жүктеме көлемінің арасалмағы, оқу жұмысының түрлері мен мерзімі нормаларының айқындалғанын растайтын құжаттардың болуы.

22

Білім алушылардың жазбаша жұмыстарының барлық түрлерін плагиатқа тексеруден өткізудің бекітілген қағидаларының, сондай-ақ, олардың өткендігін растайтын құжаттардың болуы.

23

Білім алушыларды ауыстыру мен қайта қабылдаудың бекітілген тәртібінің және оның сақталуын растайтын құжаттардың болуы.

24

Білім алушыға академиялық демалыс берудің бекітілген тәртібінің және оның сақталуын растайтын құжаттардың болуы.

25

Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың мазмұнын, құрылымдық бөлімшелерде оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру тәртібінің сақталуын, сондай-ақ, оқу-әдістемелік секциялардың құрылуын растайтын құжаттардың болуы.

26

Білім беру қызметінің сапасын арттыруды іштей қамтамасыз ету жүйесінің құрылғанын және жұмыс істеуін растайтын құжаттардың болуы.

27

Ерекше білім беру қажеттілігі бар тұлғалар үшін арнайы білім беру жағдайларының болуы.

28

Білім алушылардың кәсіптік практикадан өтуін ұйымдастыру мен өткізу және кәсіптік практика базасы ретінде ұйымдарды айқындаудың бекітілген тәртібінің және оның сақталуын растайтын құжаттардың болуы.

29

Формальды емес білім арқылы алынған оқу нәтижелерін тану немесе бас тарту туралы комиссия хаттамасының болуы.

30

Білім алушыларды оқу пәндеріне тіркеуді, меңгерілген кредиттерді есепке алуды, аралық және қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру және білім алушылардың оқу жетістіктерінің бүкіл тарихын жүргізуді атқаратын тіркеу офисінің болуы; ӘАОО-да - білім беру сапасын мониторингілеу және бақылау (бағалау) бөлімшесінің болуы.

31

Білім алушылардың оқу жетістіктерін есепке алу, олардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды жүргізу, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің бекітілген тәртібінің және оның сақталуын растайтын құжаттардың болуы.

32

Білім алушыны ЖОО-дан: академиялық үлгермеушілігі үшін; академиялық адалдық қағидаттарын бұзғаны үшін; Ішкі тәртіп қағидалары мен ЖОО жарғысын бұзғаны үшін; білім беру қызметтерін көрсету туралы шарттың талаптарын бұзғаны үшін, оның ішінде ақылы негіздегі оқу құнын төлемегені үшін; өз еркімен оқудан шығару тәртібінің сақталуын растайтын құжаттардың болуы.

33

Білім алушыларды қорытынды аттестаттау үшін білім беру бағдарламалары немесе даярлау бағыттары бойынша аттестаттау комиссиясының құрамы мен жұмысы туралы бекітілген тәртіптің және оның сақталуын растайтын құжаттардың болуы.

34

Білім туралы құжатты толтыру, қосымшасы (транскрипт) бар дипломды беру мерзіміне қойылған талаптардың сақталуын растайтын құжаттардың болуы.

35

Докторлық диссертацияларды қорғауды ұйымдастыру мен өткізу үшін ЖОО-ның диссертациялық кеңесі туралы бекітілген ереженің, сондай-ақ, оның сақталуын растайтын құжаттардың болуы.

36

Кадрларды даярлау бағыты бойынша бітіру жылы ішінде түлектердің кемінде 50%-ның жұмысқа орналасуының қамтамасыз етілгенін растайтын құжаттардың болуы.

37

ЖОО-да тәрбие жұмысын ұйымдастыруды және жүргізуді растайтын құжаттардың болуы.

38

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының келесі бағыттарда жүргізілуін растайтын құжаттардың болуы:
іргелі, қолданбалы, іздеу (бастамашылық), ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар, оның ішінде инновациялық бағыттар бойынша жұмыстар;
тапсырыс бойынша, бөгде ұйымдармен жасалған шарттар бойынша ғылыми зерттеулер;
білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру;
оқытудың инновациялық технологияларын әзірлеу және ғылыми зерттеулер нәтижелерін оқу процесі мен өндіріске енгізу;
ӘАОО қоспағанда, зерттеу қызметінің инновациялық инфрақұрылымын қалыптастыру, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру тетігін құру және ендіру;
зерттеушілер мен әзірлеушілердің зияткерлік меншігі мен авторлық құқықтарын қорғау.

39

ЖОО-ның шетелдік білім беру, ғылыми және мәдени ұйымдармен, халықаралық ұйымдармен және қорлармен ынтымақтастығын растайтын, білім алушылармен, педагогикалық және ғылыми қызметкерлермен халықаралық алмасу бағдарламаларына қатысуын растайтын, білім беру саласындағы халықаралық үкіметтік емес ұйымдарға (қауымдастықтарға) мүше мүшелігін растайтын құжаттардың болуы.

40

Веб-сайтты, ақпараттық-білім беру порталын, оқытудың кредиттік технологиясын қамтамасыз етудің автоматтандырылған жүйесін, жергілікті желілерінде орналасқан ақпараттық-білім беру ресурстарының жиынтығын және кең жолақты әрі жоғары жылдамдықты интернетке қосылған тармақталған компьютерлік желіні қамтитын жоғары технологиялық ақпараттық-білім беру ортасының болуы.

41

Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында тиісті дәрісханалық және зертханалық базалардың, оқу кабинеттерінің, өндірістік шеберханалардың, полигондардың, спорт залдарының және өзге де орынжайлардың болуы.

42

Оқу пәндерін модульдік оқыту жүйесі негізінде әзірленіп, оқу нәтижелерін көрсететін жоғары және жоғарғы оқу орнынан кейінгі бiлiм беру бағдарламаларының (ӘАОО қоспағанда), оқу жоспарларының (оқу жұмыс жоспары, білім алушының жеке оқу жоспары), пәндер бойынша оқу жұмыс бағдарламаларының (силлабустар) болуы.

43

Жалпы білім беретін пәндер (бұдан әрі – ЖБП) циклінде міндетті компонент (бұдан әрі – МК), жоғары оқу орны компоненті (бұдан әрі – ЖК) және (немесе) таңдау компоненті (бұдан әрі – ТК) пәндерінің; базалық пәндер (бұдан әрі – БП) және бейіндеуші пәндер циклдерінде ЖК және ТК пәндерінің қамтылуы (бакалавриат үшін);
жоғары оқу орнынан кейінгі білім үшін – БП және бейіндеуші пәндер циклдерінде ЖК және ТК пәндерінің қамтылуы;
ӘАОО-да бакалавриат бойынша білім беру бағдарламаларында МК және ЖК пәндерінен құралған ЖБП, БП, бейіндеуші пәндер циклдерінің, жоғары оқу орнынан кейінгі білім бойынша білім беру бағдарламаларында ЖК пәндерінен құралған БП және бейіндеуші пәндер циклдерінің болуы.

44

ЖБП циклінің білім беру бағдарламасының жалпы көлемінің 23%-нан аспауы немесе 56 академиялық кредитті құрауы, оның 51 академиялық кредиті міндетті компонент пәндеріне тиесілі болуы: Қазақстанның қазіргі заман тарихы, Философия, Қазақ (орыс) тілі, Шетел тілі, Ақпараттық- коммуникациялық технологиялар (ағылшын тілінде), Дене шынықтыру, Әлеуметтік-саяси білім модулі (саясаттану, әлеуметтану, мәдениеттану, психология); пәнаралық сипатқа ие ЖБП циклінің пәндері бойынша интеграцияланған бағдарламалардың болуы (бакалавриат үшін);
ӘАОО-н қоспағанда, Ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратураның барлық білім беру бағдарламаларының БП циклінің ЖК-де "Ғылым тарихы мен философиясы", "Шет тілі (кәсіби)", "Жоғары мектеп педагогикасы", "Басқару психологиясы" пәндерін, бейінді бағыт үшін "Менеджмент", "Басқару психологиясы", "Шет тілі (кәсіби)" пәндерінің болуы, пәнаралық сипатқа ие БП циклінің ЖК пәндері бойынша кіріктірілген бағдарламалардың болуы (магистратура және докторантура үшін).

45

Білім алушылардың экономика мен құқық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері, экология және өмір қауіпсіздігі саласындағы кәсіптік дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ кәсіпкерлік дағдылар, көшбасшылық, инновацияларды қабылдау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған жалпы көлемі кемінде 5 академиялық кредитті құрайтын ЖБП циклінің ЖК және (немесе) ТК пәндерінің болуы.

46

БП цикліндегі оқу пәндерін оқыту және кәсіби практиканың өту көлемінің білім беру бағдарламасының жалпы көлемінің 47%-ын немесе кемінде 112 академиялық кредитті құрауы; ӘАОО-да БП цикліне жалпы көлемде БП циклінің көлемінің 30%-нан аспайтын барлық практика түрлерінің (кәсіптік практика, оқу практикасы, әскери тағылымдама, жауынгерлік дайындық және тағы басқа) болуы (бакалавриат үшін).
Ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратурада БП циклінің көлемі білім беру бағдарламасының жалпы көлемінен 29%-ды немесе 35 академиялық кредитті құрауы, олардың 57%-ы немесе 20 академиялық кредит ЖК-ге тиесілі болуы; Бейінді бағыттағы магистратурада БП циклінің көлемі білім беру бағдарламасының жалпы көлемінен 17%-ды немесе 10 академиялық кредитті (оқу мерзімі 1 жыл) және 15 академиялық кредитті (оқу мерзімі 1,5 жыл) құрауы, оның ішінде ЖК пәндерінің көлемі 60%-ды немесе 6 академиялық кредитті (оқу мерзімі 1 жыл) және 40%-ды немесе 6 академиялық кредитті (оқу мерзімі 1,5 жыл) құрауы; ӘАОО-да бейіндік бағыттағы магистратурадағы БП циклінің көлемі кемінде 15%-ын (оқу мерзімі 1 жыл) және кемінде 15%-ын (оқу мерзімі 1,5 жыл) құрауы (магистратура үшін);
ЖК және ТК пәндерін, практиканы қамтитын БП және бейіндеуші пәндер циклінің білім беру бағдарламасының жалпы көлемінің 30%-ын немесе 53 академиялық кредитті құрауы; ӘАОО-да білім беру бағдарламаларының ЖК пәндерінен тұратын БП және бейіндеуші пәндер циклдерінен құралуы (докторантура үшін).

47

БП циклінде көлемі оқу бағдарламасының жалпы көлемінен кемінде 25%-ды немесе кемінде 60 академиялық кредитті құрайтын оқу пәндерінің және кәсіби практика түрлерінің болуы; ӘАОО-да БП циклі пәндерінің көлемі жалпы жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының көлемінен кемінде 25%-ын немесе кемінде 60 академиялық кредитті құрауы (бакалавриат үшін).
Ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратурада БП циклінің көлемі білім беру бағдарламасының жалпы көлемінен 41%-ды немесе 49 академиялық кредитті құрауы; Бейінді бағыттағы магистратурада БП циклінің көлемі ЖК мен ТК компонент арасында бөлінетін магистратураның білім беру бағдарламасының жалпы көлемінен 42%-ды немесе 25 академиялық кредитті (оқу мерзімі 1 жыл) және 40%-ды немесе 45 академиялық кредитті (оқу мерзімі 1,5 жыл) құрауы; ӘАОО-да бейіндік бағыттағы магистратурадағы БП циклі көлемінің (оқу мерзімі 1 жыл және 1,5 жыл) 50% - дан кем болмауы (магистратура үшін).

48

БП және бейіндеуші пәндер циклдерінің модульдері мен пәндері бағдарламасының білім берудің бірқатар салалары бойынша кадрлар даярлауды қамтамасыз ететін пәнаралық және көп салалы сипатта болуы.

49

Қорытынды аттестаттаудың көлемі 12 академиялық кредитті немесе білім беру бағдарламаларының жалпы көлемінен кемінде 5%-ды құрайтынын және дипломдық жұмыс (жоба) жазу және қорғау түрінде немесе кешенді емтиханға дайындалу және тапсыру түрінде жүргізілетінін растайтын құжаттардың болуы; ӘАОО-да қорытынды аттестаттаудың дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау, кешенді емтихан және (немесе) "Дене шынықтыру" пәні бойынша емтихан дайындау және тапсыру нысанында не кешенді мемлекеттік емтихан, екі базалық және (немесе) бейіндеуші пәндер бойынша мемлекеттік емтихандар және (немесе) "Дене шынықтыру" пәні бойынша емтихан тапсыру нысанында өткізілуі (бакалавриат үшін).
Қорытынды аттестаттаудың 12 академиялық кредитті немесе ғылыми-педагогикалық бағыттағы білім беру бағдарламасының жалпы көлемінен 10%-дан аспайтын көлемді (тиісінше 1 жыл немесе 1,5 жыл оқу мерзімімен бейінді магистратурада 20% немесе 13%) құрауын және магистрлік диссертацияны (жобаны) жазу және қорғау нысанында өткізілуін, ӘАОО үшін қорытыны аттестаттау кемінде 12 академиялық кредитті құрайтынын растайтын құжаттардың болуы (магистратура үшін).
Қорытынды аттестаттаудың 12 академиялық кредитті немесе докторантураның білім беру бағдарламасының жалпы көлемінен 6%-ды құрауын және докторлық диссертацияны (жобаны) жазу мен қорғау түрінде өтуін растайтын құжаттардың болуы (докторантура үшін).

50

Дипломдық жұмыс (жоба) жазудың орнына қосымша кешенді емтихан тапсыру үшін тиісті құжаттары тіркеліп, ректордың атына жазылған өтініштің болуы.

51

Үш тілде білім беру бағдарламаларын енгізген ЖОО білім беру қызметін жоспарлау мен ұйымдастыруды үш тілде: оқыту тілінде, екінші тілде және ағылшын тілінде жүзеге асыруы: оқу пәндерінің 50%-ын оқыту (мемлекеттік немесе орыс) тілінде, 20%-ын екінші тілде (сәйкесінше орыс немесе мемлекеттік), 30%-ын ағылшын тілінде оқытылуы.
Үш тілде білім беру бағдарламасын енгізген ӘАОО оқытуды үш тілде: мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде жүзеге асыруы; екі тілде білім беру бағдарламасын енгізген ӘАОО оқытуды екі тілде: қазақ және орыс тілдерінде жүзеге асыруы.

52

Дуальды оқыту элементтерін енгізген ЖОО білім беру қызметін жоспарлау мен ұйымдастыруды теориялық оқыту мен өндірістегі практикалық дайындықты үйлестіру негізінде жүзеге асыруы: пәннің оқу материалының 40%-ына дейінін тікелей өндірісте (технологиялық процесс, шығармашылық қызмет процесі, қаржы-экономикалық процестер, психологиялық-педагогикалық процесс және тағы басқа) меңгеруі.

53

Оқыту нәтижелері сәйкес болған жағдайда пререквизиттер ретінде алдыңғы формальды білім деңгейінің жекелеген пәндері, сондай-ақ тиісті деңгейдегі формальды емес білімнің оқыту нәтижелері қайта есептелуінің болуы.
Білім алушының тиісті білім беру бағдарламасын игеруі үшін қажетті "кіруде" болуы тиіс барлық пререквизиттердің болуы.

54

Білім беру мазмұнын жоспарлаудың, оқу процесін ұйымдастыру және өткізу тәсілін таңдау оқытудың кредиттік технологиялары негізінде жүргізілуін растайтын құжаттардың болуы.

55

Білім беру бағдарламасында оқу саласының сипаттамасын, даярлау деңгейін, оқу нәтижелерін, кәсіптік қызметтің негізгі түрлерінің көрсетілуі.

56

Білім алушының бір оқу жылындағы және барлық оқу кезеңіндегі академиялық кредиттердің көлемінен кем болмайтын, оның барлық оқу әрекетін - дәрістер, семинарлар, курстық жұмыстар (жобалар), практикалық және зертханалық жұмыстар, студиядағы жұмыстар, өндірістегі практика (дуальды оқыту кезінде), кәсіптік практика, ғылыми және кәсіби тағылымдама, ғылыми-зерттеу/ тәжірибелік-ізденіс жұмыстары, дипломдық жұмыс (жоба), диссертация (жоба), өзіндік жұмыс, оның ішінде оқытушының жетекшілігі жүргізілетін жұмыс, қамтитын оқу жүктемесінің болуы.

57

Бір оқу жылының толық академиялық жүктемесі 60 академиялық кредитке немесе 1800 академиялық сағатқа сәйкес келуін, бұл ретте білім алушының бір семестр ішінде 30 академиялық кредитті меңгеруін растайтын құжаттардың болуы.

58

Білім алушының: бакалавриат бағдарламалары бойынша барлық оқу кезеңінде студенттің оқу әрекетінің барлық түрлерін қоса алғанда, кемінде 240 академиялық кредитті меңгеруі; магистратура бағдарламалары бойынша:
1) ғылыми-педагогикалық магистратурада магистранттың оқу және ғылыми қызметінің барлық түрін қоса алғанда, оқудың барлық кезеңінде кемінде 120 академиялық кредитті (ӘАОО үшін кемінде 120 кредит) мөлшерінде;
2) бейінді магистратурада 1 жыл оқу мерзімімен 60 академиялық кредитті және 1,5 жыл оқу мерзімімен 90 академиялық кредитті (ӘАОО үшін 1 жыл оқу мерзімімен кемінде 60 кредит, 1,5 жыл оқу мерзімімен кемінде 90 кредит және 110-нан аспайтын кредит меңгеруі.
Философия докторларын (PhD) (бейіні бойынша докторлар) даярлау бойынша докторанттың оқу және ғылыми қызметтің барлық түрлерін қоса алғанда, кемінде 180 академиялық кредитті игеруін растайтын құжаттардың болуы.

59

Білім беру қызметін білім беру қызметімен айналысуға берілген лицензияға сәйкес жүзеге асыруды және оның қолданыста болу уақытының барлық кезеңінде білім беру қызметіне қойылған біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті сақтауды растайтын құжаттардың болуы.

60

Білім берудің деңгейлеріне қарай Дублин дескрипторлары негізінде айқындалатын және оқу кезінде қол жеткізілген нәтижелерден байқалатын меңгерілген негізгі құзыреттерді көрсететін білім алушыларды даярлау деңгейіне қойылатын талаптардың сақталуын растайтын бекітілген модульдік білім беру бағдарламаларының болуы.

61

Қосымшасы бар (транскрипт) дипломды, сондай-ақ дипломға жалпыеуропалық қосымшаны (Diploma Supplement (диплома саплэмент) беру тәртібінің сақталуы (докторантурадан басқа), қосымша академиялық кезеңде педагогикалық бейін пәндерінің циклін меңгерген және педагогикалық практикадан өткен бейінді докторантура түлектеріне негізгі дипломға қосымша куәліктің берілу тәртібінің сақталуы.

62

Ғылыми-педагогикалық бағыттағы (магистратура) жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдар үшін тереңдетілген ғылыми-педагогикалық және зерттеу даярлығы бар ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларының болуы, сондай-ақ, оны іске асыруды растайтын құжаттардың болуы.
ӘАОО-да ғылыми-педагогикалық және бейіндік магистратура тереңдетілген кәсіптік немесе ғылыми-педагогикалық даярлығы бар басқару, ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлау бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырудың болуы; Бейінді бағыттағы (магистратура) экономика, медицина, құқық, білім, өнер, қызмет көрсету және бизнес, қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік салалары, құқық қорғау қызметі үшін тереңдетілген кәсіптік даярлығы бар басқарушы кадрларды даярлау бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларының болуы, сондай-ақ, оны іске асыруды растайтын құжаттардың болуы.

63

Білім беру бағдарламасының құрылымында білім берудің мазмұнын айқындайтын оқу және ғылыми жұмыстардың түрлі бағыттарының болуы: базалық және бейіндік пәндерді қамтитын теориялық оқыту, білім алушыларды практикалық даярлау: практикалардың, ғылыми және кәсіби тағылымдамалардың түрлері;
диссертация/жобаларды орындауды қоса алғанда, ғылыми-іздену (тәжірибелік-ізденіс) жұмыстары; қорытынды аттестаттау.
Ғылыми-педагогикалық бағыттағы докторантураның білім беру бағдарламасының құрылымында базалық және бейіндік пәндерді қамтитын білім беру компонентінің болуы, ғылыми-іздену жұмыстары, қосалқы оқыту түрлері, қорытынды аттестаттаудың болуы.

64

Магистрлік бағдарламаның міндетті компонентінде магистранттарды практикалардың, ғылыми немесе кәсіби тағылымдамалардың түрлерін қамтитын практикалық даярлау; ғылыми-педагогикалық магистратура үшін магистрлік диссертацияны орындауды қамтитын ғылыми-зерттеу жұмысы немесе бейінді магистратура үшін магистрлік жобаны орындауды қамтитын эксперименттік-зерттеу жұмысының болуы.

65

Ғылыми-педагогикалық магистратураның білім беру бағдарламасында теориялық оқытумен қатар немесе жеке кезеңде жүргізілуі мүмкін практиканың екі түрінің қамтылуы: БП циклінде педагогикалық – ЖОО-да; бейіндеуші пәндер циклінде зерттеу – диссертация орындалған жерде; бейінді магистратурада БП циклінде өндірістік практиканың қамтылуы; ӘАОО-да өндірістік практиканың кәсіби практика немесе әскери тағылымдама түрінде өткізілуі.
Докторантураның білім беру бағдарламасында философия докторы бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін - педагогикалық және зерттеу практикасының болуы; бейіндік докторантура бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін – өндірістік практиканың болуы.

66

Зерттеу/өндірістік практика мазмұнының диссертациялық (жобалық) зерттеу тақырыбымен сәйкестігін растайтын құжаттардың болуы.

67

Білім алушының жеке жұмыс жоспарына сәйкес ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) жұмысы (бұдан әрі – МҒЗЖ (МЭЗЖ) шеңберінде ғылыми ұйымдарда және (немесе) тиісті қызмет салаларындағы ұйымдарда (докторантура үшін қосымша – сонымен бірге шетелде) ғылыми тағылымдамадан міндетті өтуін растайтын құжаттардың болуы.

68

Ғылыми-педагогикалық магистратурадағы магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысына қойылатын талаптардың сақталуын растайтын құжаттардың болуы: магистрлік диссертация орындалатын және қорғалатын білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес келуі; өзекті, ғылыми жаңалығының және практикалық маңызының болуы; ғылым мен практиканың қазіргі заманғы теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктеріне негізделуі; ғылыми зерттеулердің қазіргі әдістерін қолдана отырып орындалуы; негізгі қорғалатын ережелер бойынша ғылыми-зерттеу (әдістемелік, практикалық) бөлімдерінің болуы; ғылыми зерттеулердің қазіргі заманғы әдістерін қолдана отырып, озық ақпараттық технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырылуы; негізгі қорғалатын ережелер бойынша эксперименттік-зерттеу (әдістемелік, практикалық) бөлімдерден құралуы; компьютерлік технологияны пайдалана отырып, деректерді өңдеудің және интерпретациялаудың қазіргі заманғы әдістеріне негізделуі, сондай-ақ, ғылыми-зерттеу немесе эксперименттік-зерттеу жұмысының нәтижелері бойынша олардың әрбір кезеңнің соңында ресімделген білім алушының есебінің болуы.

69

Жыл сайын оқу жылы аяқталғаннан кейін білім алушының жеке жұмыс жоспарының орындалуы бойынша академиялық аттестаттаудан өтуін растайтын құжаттардың болуы.

70

ЖОО-ның магистрлік диссертация туралы бекітілген ереженің, сондай-ақ, оның сақталуын растайтын құжаттардың болуы.

71

Магистрлік диссертацияның негізгі нәтижелері туралы жарияланымның және (немесе) ғылыми-практикалық конференцияға қатысуда көрінуі.
Докторанттың ғылыми зерттеуінің негізгі нәтижелері ғылыми, ғылыми-талдамалық және ғылыми-практикалық басылымдарда жариялануы.

72

Магистратураға оқуға қабылданғаннан кейін екі ай ішінде әрбір магистрантқа магистрлік диссертацияға (жобаға) жетекшілік жасау үшін ғылым кандидаттары мен докторларының немесе PhD докторларының немесе тиісті салада кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар білікті мамандардың қатарынан ғылыми жетекші тағайындау туралы ректордың бұйрығының болуы.
Философия докторы (PhD) дәрежесіне ізденуші докторанттарға ғылым докторлары немесе кандидаттары қатарынан тағайындалатын, кемінде 2 адамнан тұратын консультанттардың ғылыми жетекшілік етуі; бейіні бойынша доктор немесе DBA дәрежесіне ізденуші докторанттарға ғылым докторлары немесе кандидаттары немесе философия докторлары (PhD) қатарынан тағайындалатын, кемінде 2 адамнан тұратын консультанттардың, олардың біреуінің тиісті саланың немесе қызмет саласының жоғары білікті маманының ғылыми жетекшілікке тағайындау туралы ректордың бұйрығының болуы.

73

Білім алушының ғылыми жетекшісі және зерттеу тақырыбын бекіту туралы ғылыми кеңестің шешімінің болуы.

74

Педагогикалық қызметке жіберілген бейінді магистратураны бітірген магистрантқа педагогикалық бейіннің білім беру бағдарламаларын қосымша меңгергенін растайтын негізгі дипломына қосымша куәліктің болуы.

75

Қорытынды аттестаттау бойынша білім беру бағдарламасын аяқтағаннан кейін қол жеткізілген оқыту нәтижелері мен басты құзыреттерді бағалаудың болуы.

76

МВА (ЕМВА) білім беру бағдарламасының құрылымында келесі бөлімдердің болуы: кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру бойынша пәндер блогы; жеке даму және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру пәндері блогы; эксперименттік-зерттеу жұмысы, магистрлік диссертацияны/жобаны орындау; қорытынды аттестаттау (магистрлік диссертацияны/ жобаны жазу және қорғау).

77

Бекітілген МВА (ЕМВА)/ DBA білім беру бағдарламаларының, сондай-ақ, оларды іске асыруды растайтын құжаттардың болуы.

78

Кәсіби құзыреттерді қалыптастыру бойынша МВА (ЕМВА) білім беру бағдарламасында кәсіби құзыреттерді және тұлғалық дамуды, көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру пәндері; өндірістік практика (өндірістен қол үзіп білім алушы тұлғалар үшін); магистрлік диссертацияны немесе жобаны орындау; қорытынды аттестаттауды қамтитын міндетті және элективті компоненттер пәндерінің болуы.

79

МВА (ЕМВА) бағдарламаларына оқыту үшін бизнес-зерттеулерді және консалтингті, ғылыми қызметті жүргізуге тартылған, сондай-ақ басқарушылық жұмыс тәжірибесі бар професорлық-оқытушылық құрамның болуы.
DBA бағдарламалары бойынша оқыту үшін ғылым докторы немесе кандидаты дәрежесі бар және даярлау бағыты бойынша кәсіби білім мен дағдыларға ие халықаралық тағылымдамалары мен жарияланымдары бар профессорлық-оқытушылық құрамның болуы.

80

МВА/ЕМВА немесе DBA бағдарламаларының қажетті білім беру қызметтерін ұсынуға арналған заманауи білім беру технологияларының болуы.

81

МВА (ЕМВА) білім беру бағдарламасы бойынша оқуды аяқтаған және қорытынды аттестаттаудан табысты өткен тұлғаларға "Іскерлік әкімшілендіру магистрі" дәрежесінің (магистратура үшін) және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы диплом қосымшасымен (транскрипт) бірге берілгенін растайтын құжаттардың болуы.

82

Білім алушының барлық оқу кезеңіне жасалған және келесі бөлімдерді қамтитын жеке жұмыс жоспарының болуы: жеке оқу жоспары (қажет болған жағдайға жыл сайын нақтылануы мүмкін); ғылыми-зерттеу, эксперименттік-зерттеу жұмысы (зерттеу тақырыбы, бағыты, мерзімі мен есеп беру нысаны); практика (бағдарламасы, бағасы, мерзімі және есеп беру түрі); негіздемесі мен құрылымы көрсетілген магистрлік/докторлық диссертацияның (магистрлік жобаның) тақырыбы; магистрлік/докторлық диссертацияны орындау жоспары; ғылыми басылымдар мен тағылымдамадан өту, оның ішінде шетелдік тағылымдамадан өту жоспарының болуы.

83

Ғылыми зерттеу немесе эксперименттік-зерттеу жұмыстарынан, ғылыми жарияланымдарынан, докторлық диссертацияларды жазу мен қорғаудан құрылған ғылыми компоненттің көлемі докторантураның білім беру бағдарламасының жалпы көлемінен 64%-ды немесе 115 академиялық кредитті құрауы.

84

Докторанттың белгіленген кредиттер көлемін игергендігін растайтын құжаттардың болуы.

85

DBA білім беру бағдарламасының зерттеу компонентінде докторанттың қолданбалы және зерттеу жұмыстарының, жарияланымдары мен докторлық диссертациясының болуы; докторанттың зерттеулерінің нәтижелерінің кемінде 7 (жеті) ғылыми басылым мен журналдарда, оның ішінде кемінде 3 (үш) алыс шетелдегі ғылыми басылымдарда және халықаралық ғылыми конференцияларда жарияланған болуы.

86

DBA бағдарламасының докторанттарына ғылыми жетекшілік ететін ғылым докторлары (кандидаттары) қатарынан тағайындалған, ғылыми-зерттеу (академиялық) тәжірибесі бар немесе басқару және консалтингтік жұмыс тәжірибесімен DBA дәрежесі бар кемінде екі консультанттың болуы.

87

Мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру стандарттарына сәйкес мамандарды даярлау бағыттары бойынша әзірленген білім беру бағдарламаларының болуы.

88

Оқытылатын пәндердің бейініне сәйкес соңғы бес жылда кадрлардың біліктілік арттыру және қайта даярлау туралы мәліметтердің болуы.

89

Кадрларды даярлау бағыттары бойынша білім беру бағдарламаларына сәйкес пәндердің оқытушылармен қамтылуы, оның ішінде оқытушылар білімінің, ғылыми/академиялық дәрежелерінің немесе ғылыми атақтарының (бар болған жағдайда) оқытатын пән бейініне сәйкес келуі (педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер).
ЖОО негізгі жұмыс орны болып табылатын оқытушылардың жалпы оқытушылар санындағы үлесіне қойылатын талаптарға сәйкестікті растайтын құжаттардың болуы (педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер).

90

ЖОО негізгі жұмыс орны болып табылатын ғылыи/академиялық дәрежелері және/немесе ғылыми атақтары бар және/немесе "магистр" дәрежесі бар және/ немесе резидентураны аяқтаған жоғары/ бірінші біліктілік дәрігерлік санаты және кемінде бес жыл клиникалық жұмыс өтілі бар және/немесе "Еңбек сiңiрген жаттықтырушы" спорттық атағы бар және/ немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаттары бар және/немесе әскери (арнайы) атағы подполковниктен төмен емес оқытушылардың жалпы оқытушылар санындағы үлесіне қойылатын талаптардың сақталуын растайтын құжаттардың болуы (педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер).

91

Кадрларды даярлау бағыттары бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін білім алушыларды қамтамасыз ететін, саны, басылып шыққан жылына қатысты нормаларға сай келетін оқу және ғылыми әдебиет қоры бар кітапхананың; сымсыз байланыс технологияларды қоса алғанда кең жолақты интернет желілі компьютерлік кабинеттердің; материалдық техникалық және оқу-зертханалық базаның; жабдықтардың, оқу пәндері кабинеттерінің және техникалық оқу құралдарының болуы (оқу және ғылыми әдебиеттер қорының және цифрлық тасымалдағыштардағы оқу және ғылыми әдебиеттер қорының болуы туралы мәліметтер).

92

Сұратылып отырған кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын үш ғылым докторының немесе бес ғылым кандидатының немесе бес философия (PhD) докторының болуы; "Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс" білім саласындағы кадрларды даярлау бағыты бойынша бір ғылым докторының немесе бір ғылым кандидатының немесе философия (PhD) докторының болуы (педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер).

93

Мазмұны мен мерзіміне қойылатын талаптарға сәйкес келетін практика базалары ретінде айқындалған ұйымдармен жасалған шарттардың, сондай-ақ шетелде ғылыми тағылымдамадан өту үшін жасалған шарттардың болуы (сұратылып отырған кадрларды даярлау бағытына сәйкес толық оқу кезеңін қамтитын, практика базалары ретінде айқындалған ұйымдармен және стратегиялық әріптестік туралы жасалған шарттардың және шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтетін ұйымдармен толық оқу кезеңін қамтитын шарттар туралы мәліметтер).

94

Білім алушылар үшін медициналық қызмет көрсетудің болуы, сондай-ақ оқу корпустарында медициналық пункттердің болуы (медициналық қызмет көрсетудің болуы, оның ішінде медициналық пункттің болуы және медициналық қызметке берілген лицензия туралы мәліметтер).

95

Әр оқу корпусында білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы (санитариялық қағидалар мен нормаларға сәйкес тамақтандыру объектісінің болуы туралы мәліметтер).

96

Меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығына тиесілі білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін материалдық активтердің, оның ішінде университеттер үшін 3 және одан көп, академиялар үшін 1 және одан көп, институттар үшін 1 және одан көп ауданы санитарлық нормаларға сай оқу орынжайларымен ғимараттардың (оқу корпустардың) болуы.
"Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)" білім саласындағы кадрларды даярлау бағыты үшін шаруашылық жүргізу меншікті жеке не жедел басқару құқығындағы клиникасының болуы (Пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасының болуы туралы, сондай-ақ, ғимараттарға (оқу корпустарға) және клиникаларға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын растайтын құжаттар туралы мәліметтер).

97

Кадрларды даярлаудың тиісті бағыттары бойынша білім беру қызметін көрсетуге берілген рұқсат беру құжатының болуы (лицензияланатын кадрларды даярлау бағытына сәйкес алдыңғы деңгей бойынша лицензияның бар болуы туралы мәліметтер).

98

Мазмұны мен мерзіміне қойылатын талаптарға сәйкес келетін тиісті даярлау бағыттары бойынша білім беру ұйымдарымен немесе ғылыми немесе ғылыми-білім беру немесе ғылыми-өндірістік орталықтармен ынтымақтастық туралы келісімдердің болуы (магистратура үшін) (білім беру ұйымдарымен немесе ғылыми немесе ғылыми-білім беру немесе ғылыми-өндірістік орталықтармен ынтымақтастық туралы толық оқу кезеңін қамтитын келісімдер туралы мәліметтер).

99

Бакалаврға ғылыми жетекшінің сұратылып отырған кадрларды даярлау бағытының бейініне сәйкес ғылыми/ академиялық дәрежесінің, кемінде үш жыл ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі бар, уәкілетті орган ұсынған отандық ғылыми журналдарда және халықаралық ғылыми журналдарда соңғы бес жылда 2 ғылыми жарияланымдардың болуы, сондай-ақ оқулықтың не оқу құралының авторлары болуы (жұмыс өтілі, ғылыми жарияланымдары мен оқулығы немесе оқу құралы көрсетілген тиісті кадрларды даярлау бағыты бойынша ғылыми жетекшілікті жүзеге асыратын ғылыми жетекшілер туралы мәліметтер).
Магистрға ғылыми жетекшінің сұратылып отырған кадрларды даярлау бағытының бейініне сәйкес ғылыми/ академиялық дәрежесінің, кемінде үш жыл ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі бар, уәкілетті орган ұсынған отандық ғылыми журналдарда және халықаралық лицензияланатын ғылыми журналдарда соңғы бес жылда 10 ғылыми жарияланымдардың болуы, сондай-ақ кемінде 2 оқулықтың не оқу құралының авторы болуы (жұмыс өтілі, ғылыми жарияланымдары мен оқулығы немесе оқу құралы көрсетілген кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша ғылыми жетекшілікті жүзеге асыратын ғылыми жетекшілер туралы мәліметтер).

100

Білім беру ұйымының ұйымдармен және кәсіпорындармен жасалған шарттарға сәйкес қаржыландырылатын ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың болуы (ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізу үшін ұйымдармен және кәсіпорындармен жасалған шарттардың және оларға қоса Жұмыстардың техникалық ерекшелігі мен оқытудың толық кезеңін қамтитын Күнтізбелік жоспары туралы мәліметтер).

101

Білім беру бағдарламасына сәйкес сұратылып отырған кадрларды даярлау бағыты бойынша мамандандырылған ғылыми-техникалық, ғылыми-әдістемелік, клиникалық, эксперименттік базаның болуы (жоғары оқу орнынан кейінгі білім үшін) (мамандандырылған ғылыми-техникалық, ғылыми-әдістемелік, клиникалық, эксперименталдық базалардың болуы туралы мәліметтер).

102

Кадрларды даярлаудың тиісті бағыттары бойынша білім беру бағдарламасына сәйкес ғылыми алмасу мәселелерін регламенттейтін ведомствоаралық келісімдердің болуы (жоғары оқу орнынан кейінгі білім үшін) (Ғылыми алмасу мәселелерін регламенттейтін келісімдер туралы мәліметтер).

103

Білім алушының жазбаша жұмысын плагиатқа тексеретін компьютерлік бағдарламаның болуы (плагиатқа тексерудің компьютерлік бағдарламасының бар екенін растайтын құжат).

104

Мазмұны мен мерзіміне қойылатын талаптарға сәйкес келетін докторантура бағдарламаларын іске асыратын аккредиттелген шетелдік жоғары оқу орындарымен және (немесе) ғылыми ұйымдармен ғылыми алмасу туралы шарттардың болуы (докторантура үшін) (толық оқу кезеңін қамтитын аккредиттелген шетелдік жоғары оқу орындарымен ғылыми алмасу туралы шарттардың және сұратылып отырған кадрларды даярлау бағытына сәйкес шетелдік жоғары оқу орнының бағдарламаларын аккредиттеу туралы куәліктің көшірмелері туралы мәліметтер).

105

Әскери, арнаулы оқу орындарын, мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарын қоспағанда, ЖОО-ның профессор-оқытушылар құрамының жалпы санын есептеу үшін білім алушылар санының оқытушыларға орташа арақатынасы – бакалавриатта даярлаудың бағыттары және білім беру бағдарламалары бойынша – 12,1; "Өнер" бағыты бойынша - 3,5,1; жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламалары бойынша бейнелеу өнері, музыкаға байланысты мұғалімдерді дайындау, тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау білім беру бағдарламалары бойынша шет тілдеріне байланысты мұғалімдерді дайындау, тілдер және әдебиет кадрларды даярлау, шетел филологиясы, аудармашылар, ветеринария – 8,1; денсаулық сақтау – 6,1; дайындық бөлімдерінің тыңдаушылары, оның ішінде шетел азаматтары үшін – 6,1; әскери кафедра студенттері үшін – 10,1;
магистратурада – 6,1; резидентурада – 3,1; докторантурада – 4,1;
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы білім беру ұйымы үшін: магистратурада – 4,1, докторантурада – 2,1.

      Лауазымды адам (адамдар) ___________________________ __________

                                          лауазымы                   қолы

      __________________________________________________________________

                        тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Бақылау және қадағалау

      субъектісінің басшысы ______________________________ _____________

                                          лауазымы                   қолы

      __________________________________________________________________

                        тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 719 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 843 бірлескен бұйрығына
9-қосымша

Білім басқару органдарына қатысты білім беру жүйесін мемлекеттік бақылау
саласындағы тексеру парағы

      Ескерту. 9-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 22.01.2018 № 24 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 03.03.2018 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді – ҚР Білім және ғылым министрінің 15.11.2018 № 632 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.11.2018 № 71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); ҚР Білім және ғылым министрінің 18.03.2019 № 117 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 29.03.2019 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); ҚР Білім және ғылым министрінің 31.03.2020 № 121 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 01.04.2020 № 20 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрықтарымен.

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ___________________________________________
      ________________________________________________________________________________
      Тексерулерді тағайындау туралы акт ________________________________________________
      (№, күні)
      Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы _________________________________
      ________________________________________________________________________________
      Тексерілетін субъектінің (объектінің) бизнес-сәйкестендіру коды (БСН) __________________
      ________________________________________________________________________________
      Орналасу орны __________________________________________________________________
      ________________________________________________________________________________

р/с №

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етіл
мейді

Талап
тарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес кел
мейді

1

2

3

4

5

1

Білім бөлімдерінің, облыстық білім беру ұйымдарының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім туралы мемлекеттік үлгідегі бланкілерінің жұмсалуы туралы жыл сайынғы есебінің болуы

2

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім, арнайы оқу және мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату бойынша шараларды қабылдау үшін материалдардың болуы

3

Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұсыныстарын ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға (білім басқармалары үшін) мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру

4

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын, сондай-ақ арнайы оқу және мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру (облыстық білім басқармалары үшін)

5

Мемлекеттік тапсырыс негізінде техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ мамандандырылған және арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін қағаз және электрондық жеткізгіштерде оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып алуды және жеткізуді қамтамасыз ету (облыстық білім басқармалары үшін)

6

Облыс ауқымында жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылар конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын өткізілгендігін растайтын жоспары мен материалдарының болуы

7

Білім беру ұйымдарының әзірленген және қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітілген ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидаларының болуы (білім басқармалары үшін)

8

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің, балаларға қосымша білім беру жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру, тарату бойынша шараларды қабылдау туралы (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармалары үшін) материалдардың болуы

9

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің, балаларға қосымша білім берудің білім беретін жалпы оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы және мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асыру (республикалық маңызы бар қалада және астанада білім басқармалары үшін)

10

Мемлекеттік тапсырыс негізінде техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламаларын, мектепалды даярлықтың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мамандандырылған және арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін қағаз және электрондық жеткізгіштерде оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып алуды және жеткізуді қамтамасыз ету (республикалық маңызы бар қалада және астанада білім басқармалары үшін)

11

Республикалық маңызы бар қала, астана ауқымында жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын, ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылар конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын өткізілгендігін растайтын жоспар мен материалдарының болуы

12

Бастауыш негізгі орта және жалпы орта білім беру, сондай-ақ жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, қосымша білім беру бағдарламаларын жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату бойынша материалдардың (білім бөлімдері үшін) болуы

13

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) материалдық-техникалық қамтамасыз етуге қолдау көрсету және жәрдемдеу (білім бөлімдері үшін)

14

Мектепалды даярлықтың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алу және жеткізу (білім бөлімдері үшін)

15

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру, ата-ана төлемдерінің мөлшерін бекіту (республикалық маңызы бар қаланың және астананың білім бөлімдері, білім басқармалары үшін)

16

Аудан (қала) ауқымында жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар конкурстарын өткізілгендігін растайтын жоспар мен материалдарының болуы

17

Негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы мемлекеттік үлгідегі бланкілерінің жұмсалуы туралы жыл сайынғы есебінің болуы (білім бөлімдері)

18

Азаматтық қызметшілерді аттестаттау бойынша әр 6 ай сайынғы аттестаттау комиссиясының құрамын, аттестаттауды өткізу кестесін және тұлғалардың тізімін бекіту туралы бұйрықтардың болуы

19

Азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізудің объективтілігін растайтын (хаттамалар, өтініштер) материалдардың болуы

20

Білім басқармасы органдарында ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының педагогтеріне біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өткізу жөнінде аттестаттау комиссияларын құру және бекіту туралы бұйрықтың болуы

21

Ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының педагогтеріне біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өткізу жөнінде аттестаттау комиссиялары отырысы хаттамаларының болуы

22

Бағыныстағы білім беру ұйымдарының басшыларын және олардың орынбасарларын аттестаттау үшін білім бөлімдерінде аттестаттау комиссияларының құрылуы және бекітілуі

23

Бағыныстағы білім беру ұйымдарының басшыларын және олардың орынбасарларын аттестаттау жөніндегі аттестаттау комиссиялары отырыстарының өткізілуі

24

Білім беру ұйымдарында қызмет атқаратын педагогтердің тиісті кезеңге аттестатталушылардың тізімдік құрамына енгізу бойынша алқалы органның объективтілігін растайтын құжаттардың (кіріс құжаттарды тіркеу журналы, өтініш) болуы.тіркеу журналы, өтініш) болуы

25

Аттестатталушылардың ұлттық біліктілік тестілеуге жіберілуінің объективтілігін растайтын (жеке куәліктің және білімі туралы дипломның көшірмелері; еңбек қызметін растайтын құжаттарды, біліктілікті арттыру курсынан өтуі, бұрын берілген біліктілік санатының болуы) құжаттардың болуы

26

Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын қызметке тағайындау бойынша конкурс жүргізу жөнінде шешімнің қабылдануы және ол туралы хабарлануы

27

Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын қызметке тағайындау жөніндегі конкурстық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) құрылуы туралы бұйрықтың болуы

28

Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын қызметке тағайындау бойынша конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың бекітілген тізімінің болуы

29

Мемлекеттік кәсіпорынның басшысы қызметіне үміткерлердің қажетті құжаттар пакетінің болуы:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) қазақ және орыс тілдерінде түйіндеме;
3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;
6) денсаулық жағдайы туралы анықтама

30

Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын қызметке тағайындау жөніндегі Комиссия отырыстары хаттамаларының болуы

31

Аттестаттау өткізу мерзімдері мен аттестаттау комиссиясының құрамын бекіту туралы бұйрықтың, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорынның басшыларын аттестаттауды жүргізу жөнінде оның жұмыс кестесінің болуы

32

Аттестатталатын кәсіпорын басшысының аттестаттау өткізу мерзімімен хабардар болуы

33

Кадр қызметі тиісті саланың уәкілетті органының құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп, кәсіпорын басшысының аттестаттау парағының және кәсіби қызметін сипаттайтын қызметтік мінездемесі, сонымен қатар кәсіпорын басшысының аттестаттау комисиясының шешімімен танысуының болуы

34

Аттестаттау комиссиясы отырыстарының хаттамаларының болуы

35

Мемлекеттік орта білім беру мекемесінің басшысын қызметке тағайындау жөніндегі конкурстық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) құрылуы туралы бұйрықтың болуыі

36

Мемлекеттік орта білім беру мекемесі басшысын қызметке тағайындау бойынша конкурс жүргізу жөнінде шешімнің қабылдануы және ол туралы хабарлануы

37

Мемлекеттік орта білім беру мекемесінің басшысын қызметке тағайындау бойынша конкурсқа қатысуға жіберілген (кемінде екі кандидат) тұлғалардың тізімдерінің бекітілуі

38

Мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы қызметіне үміткерлердің қажетті құжаттар пакетінің болуы:
1) білім беруді басқару органы басшысының атына тұрғылықты тіркеу орны, нақты тұратын жері, байланыс телефондары көрсетілген конкурсқа қатысуға өтініш;
2) жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
5) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;
6) ескертпелер мен көтермелеулерді көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;
7) біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);
8) медициналық анықтама;
9) Соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;
10) тестілеуден өткендігі туралы анықтама (болған жағдайда);
11) мемлекеттік білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.

39

Мемлекеттік орта білім беру мекемесінің басшысын қызметке тағайындау жөніндегі Комиссия отырыстары хаттамаларының болуы

40

Аттестатталушылардың берілген біліктілік санаттарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы аттестаттау комиссиясының шешімінің объективтілігін растайтын материалдардың (портфолионың, ұлттық біліктілік тестілеуден өткені туралы анықтама) болуы

41

Педагогті кәсіби міндеттеріне байланысты емес жұмыс түрлеріне тартуға жол бермеу (өтініштер болған жағдайда тексеріледі)

42

Педагогтің есеп беруін немесе одан педагогтық лауазымдық міндеттеріне байланысты емес ақпаратты талап етуге жол бермеу (өтініштер болған жағдайда тексеріледі)

43

Педагогке тауарлар мен қызметтерді сатып алу міндеттемесін жүктеуге жол бермеу (өтініштер болған жағдайда тексеріледі)

      Лауазымды тұлға (тұлғалар) ____________ ______________ ____________________________
      (лауазымы)             (қолы)       (тегі, аты, әкесінің аты
      (бар болған жағдайда)
      ___________________ _______ ____________________________
      (лауазымы)             (қолы)       (тегі, аты, әкесінің аты
      (бар болған жағдайда)
      Тексерілетін субъектінің басшысы _______________       ______ __________________________
      (лауазымы)             (қолы)       (тегі, аты, әкесінің аты
                                                            (бар болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 719 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 843 бірлескен бұйрығына
10-қосымша

Қосымша білім беретін білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметіне қатысты білім беру жүйесін мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы

      Ескерту. 10-қосымша алып тасталды – ҚР Білім және ғылым министрінің 22.01.2018 № 24 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 03.03.2018 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.