Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) кадр жоспарлауды ескере отырып, кадрларға деген қажеттіліктерін өтеуге арналған мамандықтар тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 721 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 желтоқсанда № 12770 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 7-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) кадр жоспарлауды ескере отырып, кадрларға деген қажеттіліктерін өтеуге арналған мамандықтар тізбесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Б. Сұлтанов

Қазақстан Республикасы  
Қаржы министрінің   
2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 721 бұйрығымен бекітілген

Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде
(экономикалық тергеу қызметі) кадр жоспарлауды ескере отырып,
  кадрларға деген қажеттіліктерін өтеуге арналған мамандықтар
                             тізбесі

Мамандық коды

Мамандықтың атауы

Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) басшы құрамы

030100

Құқықтану

030200

Халықаралық құқық

030300

Құқық қорғау қызметі

030400

Кеден ісі

050600

Экономика

050700

Менеджмент

050800

Есеп және аудит

051000

Мемлекеттік және жергілікті басқару

050900

Қаржы

Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) қызметкерлері

030100

Құқықтану

030300

Құқық қорғау қызметі

030400

Кеден ісі

050600

Экономика

050700

Менеджмент

050900

Қаржы

050800

Есеп және аудит

051300

Әлемдік экономика

020500

Филология

060800

Экология

070300

Ақпараттық жүйелер

070400

Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

070600

Пайдалы қазбалар кен орындарының геологиясы және оларды барлау

070700

Тау-кен ісі

070800

Мұнай-газ ісі

070900

Металлургия

071000

Материалтану және жаңа материалдар технологиясы

072000

Органикалық емес заттардың химиялық технологиясы

072100

Органикалық заттардың химиялық технологиясы

072600

Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы

072700

Азық-түлік өнімдерінің технологиясы

072900

Құрылыс

073000

Құрылыс материалдарының, бұйымдардың және конструкциясының өндірісі

073300

Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы

073800

Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы

074500

Көлік құрылысы

074800

Фармацевтикалық өндіріс технологиясы

080800

Топырақтану және агрохимия

090800

Бағалау

110300

Фармация

021300

Лингвистика

050300

Психология

060300

Механика

070100

Биотехнология

071900

Радиотехника, электроника және телекоммуникация

073400

Жарылғыш заттар мен пиротехникалық құралдардың химиялық технологиясы

120100

Ветеринариялық медицина

071300

Көлік, көліктік техника және технология

070200

Автоматтандыру және басқару

010800

Дене шынықтыру және спорт

010400

Бастапқы әскери дайындық

120200

Ветеринарлық санитария

011900

Шет тілдері: екі шет тілі

103100

Төтенше жағдайларда қорғану

100200

Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері