Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 13.01.2022 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 7-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) кадр жоспарлауды ескере отырып, кадрларға деген қажеттіліктерін өтеуге арналған мамандықтар тізбесі бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Б. Сұлтанов |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 721 бұйрығымен бекітілген |
Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) кадр жоспарлауды ескере отырып, кадрларға деген қажеттіліктерін өтеуге арналған мамандықтар тізбесі
Ескерту. Тізбенің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. Тізбеге өзгерістер енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Мамандық коды | Мамандықтың атауы |
Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) басшы құрамы | |
---|---|
030100 | Құқықтану |
030200 | Халықаралық құқық |
030300 | Құқық қорғау қызметі |
030400 | Кеден ісі |
050600 | Экономика |
050700 | Менеджмент |
050800 | Есеп және аудит |
051000 | Мемлекеттік және жергілікті басқару |
050900 | Қаржы |
Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) қызметкерлері | |
030100 | Құқықтану |
030300 | Құқық қорғау қызметі |
030400 | Кеден ісі |
050600 | Экономика |
050700 | Менеджмент |
050900 | Қаржы |
050800 | Есеп және аудит |
051300 | Әлемдік экономика |
020500 | Филология |
060800 | Экология |
070300 | Ақпараттық жүйелер |
070400 | Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету |
070600 | Пайдалы қазбалар кен орындарының геологиясы және оларды барлау |
070700 | Тау-кен ісі |
070800 | Мұнай-газ ісі |
070900 | Металлургия |
071000 | Материалтану және жаңа материалдар технологиясы |
072000 | Органикалық емес заттардың химиялық технологиясы |
072100 | Органикалық заттардың химиялық технологиясы |
072600 | Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы |
072700 | Азық-түлік өнімдерінің технологиясы |
072900 | Құрылыс |
073000 | Құрылыс материалдарының, бұйымдардың және конструкциясының өндірісі |
073300 | Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы |
073800 | Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы |
074500 | Көлік құрылысы |
074800 | Фармацевтикалық өндіріс технологиясы |
080800 | Топырақтану және агрохимия |
090800 | Бағалау |
110300 | Фармация |
021300 | Лингвистика |
050300 | Психология |
060300 | Механика |
070100 | Биотехнология |
071900 | Радиотехника, электроника және телекоммуникация |
073400 | Жарылғыш заттар мен пиротехникалық құралдардың химиялық технологиясы |
120100 | Ветеринариялық медицина |
071300 | Көлік, көліктік техника және технология |
070200 | Автоматтандыру және басқару |
010800 | Дене шынықтыру және спорт |
010400 | Бастапқы әскери дайындық |
120200 | Ветеринарлық санитария |
011900 | Шет тілдері: екі шет тілі |
103100 | Төтенше жағдайларда қорғану |
100200 | Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері |