Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі қағидаларды және рұқсат беру талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 734 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 желтоқсанда № 12620 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі қағидалар  және рұқсат беру талаптары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі           Е. Досаев

      «Келісілген»
      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі
      ________________ Ә. Исекешев
      2015 жылғы 10 желтоқсан

Қазақстан Республикасы   
Ұлттық экономика министрінің 
2015 жылғы 26 қарашадағы  
№ 734 бұйрығымен      
бекітілген         

Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженерлік-техникалық жұмыскерлерді аттестаттау қағидалары мен рұқсат беру талаптары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженерлік-техникалық жұмыскерлерді аттестаттау қағидалары мен рұқсат беру талаптары (бұдан әрі – Қағидалар мен рұқсат беру талаптары) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және сәулет, қала құрылысы мен құрылыс қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын инженерлік-техникалық жұмыскерлерге аттестаттау жүргізу тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидалар мен рұқсат беру талаптарында мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) аттестаттау – аттестаттау орталығының жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженерлік-техникалық жұмыскерлердің құзыретін ресми мойындау рәсімі;
      2) аттестаттау орталығы – белгіленген тәртіппен уәкілетті органда аккредиттеу рәсімінен өткен заңды тұлға;
      3) біліктілік аттестаты – осы Қағидалар мен рұқсат беру талаптарына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша инженерлік-техникалық жұмыскерлердің мәртебесін куәландыратын аттестат;
      4) инженерлік-техникалық жұмыскер – орташа кәсіби немесе жоғары білімі бар, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы өндірістік процесті ұйымдастыруды және оған басшылық жасауды жүзеге асыратын жеке тұлға;
      5) өтініш беруші – біліктілік аттестатын алуға үміткер жеке тұлға;
      6) уәкілетті орган – сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн мемлекеттiк басқару саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық мемлекеттік органның ведомствосы.
      3. Аттестаттау инженерлік-техникалық жұмыскерлердің кәсіби дайындық деңгейі мен құзыреттілігін, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерді білуін анықтау, олар жүзеге асыратын жұмыстардың сапасын жақсарту, құрылыс саласында болып жатқан өзгерістерді ескеріп, жаңа талаптарды зерттеу мақсатында жүргізіледі.
      4. Аттестаттау өтініш берушілер және жобалау немесе құрылыс-монтаждау ұйымдарының құрамындағы инженерлік-техникалық жұмыскерлер үшін өткізіледі.
      5. Жобалау және құрылыс-монтаждау ұйымдарының инженерлік-техникалық жұмыскерлердің құрамы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 201-ө-м бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7755 болып тіркелген) Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына сәйкес мамандықтарға бөлінеді.
      6. Инженерлік-техникалық жұмыскерлердің білімі мен жұмыс тәжірибесіне қойылатын рұқсат беру талаптары осы Қағидаларға және рұқсат беру талаптарына (бұдан әрі – рұқсат беру талаптары) 2-қосымшада көрсетілген.

2. Аттестаттау тәртібі

      7. Аттестаттаудан өту үшін өтініш иесі аттестаттау орталығына мынадай құжаттарды жібереді:
      1) осы Қағидалар мен рұқсат беру талаптарына 3-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;
      2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі
      3) жоғары кәсіптік білімі туралы дипломның нотариалды куәландырылған көшірмесі (ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы болғанда – тиісті құжаттардың көшірмелері);
      4) еңбек кітапшасының немесе жұмыс өтілін растайтын басқа да құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      5) тиісті мамандықтар бойынша біліктілікті растайтын шетелдік сертификаттардың, аттестаттардың және басқа да құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері.
      Өтініш беруші аттестаттау орталығының қызметкеріне салыстырып тексеру үшін құжаттың түпнұсқасын ұсынған жағдайда, нотариалды куәландыру қажет емес.
      8. Аттестаттау үшін құжаттардың толық жинағы ұсынылмаған жағдайда аттестаттау орталығы өтініш берушіден ұсынылған құжаттарды қабылдамайды.
      9. Өтінішті қарау мерзімі аттестаттау орталығына құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні.
      10. Рұқсат беру талаптарына сәйкес келмейтін құжаттарды құрамы аттестаттау орталығының ішкі бұйрығымен бекітілген комиссия құжаттарды қабылдаған күннен бастап төрт жұмыс күнінің ішінде қарайды.
      Комиссияның құрамы уәкілетті орган жанындағы қауымдастықтар (одақтар) нысанындағы аккредиттелген заңды тұлғалардың бірлестіктерінен үш өкілді, аттестаттау орталығынан бір өкілді және уәкілетті ұйымнан бір өкілді жіберу жолымен құрылады.
      11. Ұсынылған құжаттардың осы Қағидалар мен рұқсат беру талаптарына 2-қосымшада (бұдан әрі – 2-қосымша) көрсетілген жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженерлік-техникалық жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі рұқсат беру талаптарына сәйкестігін қарау нәтижелері бойынша бір жұмыс күнінің ішінде аттестаттау орталығының бұйрығымен тестілеу жүргізу кестесі мен бұйрығы бекітіледі, онда әрбір өтініш берушіге қатысты мынадай:
      1) тестілеуге жіберіледі;
      2) тестілеуге жіберілмейді деген шешімдер ресімделеді.
      12. Аттестаттау орталығы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тестілеудің өткізілетін орны, күні және уақыты туралы, не тестілеуге жіберілмеудің себептері туралы жазбаша хабар береді.
      13. Тестілеу өтініш берушіге хабарлама берілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізіледі және мынадай талаптар мен рәсімдерді көздейді:
      1) тестілеу автоматтандырылған компьютерлік тәсілмен өтініш берушінің таңдауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілінде жүргізіледі;
      2) өтініш берушіні тестілеуге жіберу оның жеке басын куәландыратын құжаты ұсынылғанда жүзеге асырылады;
      3) аттестаттау орталығының қызметкерлері тестіленушілерді тестілеуді өткізу рәсімімен таныстырады;
      4) тестілеу уақытында өтініш берушіге сөйлесуге және тестілеу өткізіліп отырған үй-жайдан шығып кетуге болмайды, дербес электрондық құрылғыларды (оның ішінде компьютерлерді, ұялы телефондарды) және қағаздағы жеткізштерді тестілеу кезінде пайдалануға тыйым салынады;
      5) аттестаттау орталығының қызметкерлері тиісті акт (еркін нысанда) жасай отырып, осы Қағидалар мен рұқсат беру талаптарының 13-тармағында көрсетілген тестілеуді өткізу рәсімін бұзған өтініш берушілерді тестілеуден шығарып жібереді;
      6) компьютерлік тестілеудің дұрыс жауаптарын есептеу автоматты түрде компьютерлік бағдарламамен жүргізіледі;
      7) тестілеу нәтижесімен таныстыру тест аяқталғаннан кейін бірден жүргізіледі.
      14. Тестіні орындауға берілген уақыт 120 минутты құрайды. Тест таңдалған мамандықтар бойынша 100 сұрақтан тұрады. Тест сұрақтарын уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
      15. Тестілеуден өту үшін шекті деңгей:
      1) осы Қағидалар мен рұқсат беру талаптарына 2-қосымшада көрсетілген жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженерлік-техникалық жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі рұқсат беру талаптарының 5-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында және 6-тармағында көрсетілген өтініш берушілер үшін 70 дұрыс жауапты;
      2) барлық қалған өтініш берушілер үшін 60 дұрыс жауапты құрайды.
      16. Аттестаттауды қайта тапсыру саны шектелмеген.
      17. Тестілеу негізінде әр сарапшыға қатысты мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
      1) аттестаттаудан өтті;
      2) аттестаттаудан өтпеді.
      18. Аккредиттелген ұйым тестілеу өткізілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде тестілеуден өткен жағдайда өтініш берушіге ресімделген біліктілік аттестатын береді не оған аттестаттаудан өтпегені туралы жазбаша хабарлайды.
      19. Аттестаттау нәтижелері аттестаттау орталығының бұйрығымен бекітіледі.
      20. Аттестатталған инженерлік-техникалық жұмыскерлер туралы ақпарат уәкілетті органның ресми интернет-сайтында орналастырылады.
      21. Аттестаттау орталығы есептік айдан кейінгі айдың 10-күніне дейін ай сайын уәкілетті органға мынадай ақпарат ұсынады:
      1) осы Қағидалар мен рұқсат беру талаптарына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестатталған инженерлік-техникалық жұмыскерлердің тізіліміне енгізілген берілген біліктілік аттестаттарының саны;
      2) біліктілік аттестаттарын беруден бас тартулардың саны;
      3) біліктілік аттестаттарын алуға өтініш жасаған тұлғалардың толық тізімі.

Жобалау және құрылыс салу процесіне   
қатысушы инженерлік-техникалық жұмыскерлерді
аттестаттау қағидалары мен рұқсат    
беру талаптарына 1-қосымша       

Нысан

Осы нысан:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
         (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

білікті инженерлік-техникалық жұмыскерлер мәртебесі берілгенін
растайды:

мамандану бойынша:
_____________________________________________________________________
(Қағидалар мен рұқсат беру талаптарына 2-қосымшаның тармағын көрсету)
      жобалау/құрылыс ұйымның штатында (қажеттісінің астын сызу)

Аттестаттау комиссиясы отырысының хаттамасы
20__ ж. «____» _____________  № _______

Аттестаттың қолданылу мерзімі ________ дейін

Аттестаттау ұйымының басшысы ________ ___________________________
                              (қолы)   (тегі, аты, әкесінің аты
                                          (болған жағдайда))

                                       М.О.

Астана қаласы (мысал)                20__ ж. «____» _____________

Жобалау және құрылыс салу процесіне   
қатысушы инженерлік-техникалық жұмыскерлерді
аттестаттау қағидалары мен рұқсат    
беру талаптарына 2-қосымша       

Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженерлік-техникалық жұмыскерлерді аттестаттау бойынша рұқсат беру талаптары

Р/с № Аттестаттау мамандығы Рұқсат беру талаптары
Білімі Жұмыс тәжірибесі
Жобалау қызметі

1.

Жобаның бас инженері

Жоғары, құрылыс саласында

Тиісті салада маман және (немесе) басшы лауазымында объектілерді жобалау бойынша кемінде бес жыл

2.

Жобаның бас сәулетшісі

Жоғары, сәулет саласында

Тиісті салада маман және (немесе) басшы лауазымында объектілерді жобалау бойынша кемінде бес жыл

3.

Бас конструктор:
тiрек және қоршау конструкциялары;
инженерлiк желiлер мен құрылыстары;
көлік құрылысы;
технологиялық жабдықтар бойынша

Жоғары, құрылыс саласында:
Ғимараттар мен құрылыстарды есептеу және жобалау;
Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс;
экономика және құрылысты ұйымдастыру

Тиісті салада маман және (немесе) басшы лауазымында объектілерді жобалау бойынша кемінде бес жыл

4.

Жетекші инженер жобалаушы:
тiрек және қоршау конструкциялары;
инженерлiк желiлер мен құрылыстары;
көлік құрылысы;
технологиялық жабдықтар бойынша

Жоғары, мамандығы бойынша, жұмыстың мынадай бағыттарына байланысты құрылыс саласында:
автомобиль жолдары және аэродромдар инженері;
жылумен, газбен жабдықтау және желдету;
сумен жабдықтау және кәріз/ сумен жабдықтау және су бұру;
инженер-электрик;
инженер-технолог;
инженер-гидротехник;
байланыс инженері;
көпірлер мен тоннельдер инженері;
темір жол жолдарының инженері;
мұнай және газ инженері;
ғимараттар мен құрылыстарды есептеу және жобалау;
өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс;
экономика және құрылысты ұйымдастыру.

Орта, мамандығы бойынша, жұмыстың мынадай бағыттарына байланысты құрылыс саласында:
автомобиль жолдары және аэродромдар инженері;
жылумен, газбен жабдықтау және желдету;
сумен жабдықтау және кәріз/ сумен жабдықтау және су бұру;
инженер-электрик;
инженер-технолог;
инженер-гидротехник;
байланыс инженері;
көпірлер мен тоннельдер инженері;
темір жол жолдарының инженері;
мұнай және газ инженері;
ғимараттар мен құрылыстарды есептеу және жобалау;
өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс;
экономика және құрылысты ұйымдастыру;
сәулет

Тиісті салада маман лауазымында объектілерді жобалау бойынша кемінде үш жыл

Тиісті салада маман лауазымында объектілерді жобалау бойынша кемінде бес жыл

Құрылыс-монтаждау жұмыстары

5.

Бас инженер

Жоғары, құрылыс саласында

Техникалық қадағалауды жүзеге асыру бойынша және (немесе) құрылыс ұйымдарында басшылық лауазымында кемінде бес жыл, оның ішінде бас инженер немесе бас инженердің орынбасары лауазымында кемінде бір жыл

6.

Өндірістік-техникалық бөлімнің бастығы

Жоғары, құрылыс саласында

Құрылыс саласында маман және (немесе) басшы лауазымында кемінде бес жыл, оның ішінде өндірістік-техникалық бөлім бастығы немесе бастығының орынбасары лауазымында кемінде бір жыл

7.

Учаскенің бастығы:
тiрек және қоршау конструкциялары;
инженерлiк желiлер мен құрылыстары;
көлік құрылысы;
технологиялық жабдықтар бойынша

Жоғары, мамандығы бойынша, жұмыстың мынадай бағыттарына байланысты құрылыс саласында:
автомобиль жолдары және аэродромдар инженері;
жылумен, газбен жабдықтау және желдету;
сумен жабдықтау және кәріз/ сумен жабдықтау және су бұру;
инженер-электрик;
инженер-технолог;
инженер-гидротехник;
байланыс инженері;
көпірлер мен тоннельдер инженері;
темір жол жолдарының инженері;
мұнай және газ инженері;
ғимараттар мен құрылыстарды есептеу және жобалау;
өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс;
экономика және құрылысты ұйымдастыру;
сәулет.

Орта, мамандығы бойынша, жұмыстың мынадай бағыттарына байланысты құрылыс саласында:
автомобиль жолдары және аэродромдар инженері;
жылумен, газбен жабдықтау және желдету;
сумен жабдықтау және кәріз/ сумен жабдықтау және су бұру;
инженер-электрик;
инженер-электрик;
инженер-технолог;
инженер-гидротехник;
байланыс инженері;
көпірлер мен тоннельдер инженері;
темір жол жолдарының инженері;
мұнай және газ инженері;
ғимараттар мен құрылыстарды есептеу және жобалау;
өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс;
экономика және құрылысты ұйымдастыру;
сәулет

Мастер немесе құрылыс учаскесінде/объектісінде жұмыс жүргізуші, техникалық қадағалау лауазымында кемінде үш жыл не құрылыс учаскесінде басқа да лауазымдарда кемінде бес жыл

Мастер немесе құрылыс учаскесінде/объектісінде жұмыс жүргізуші, техникалық қадағалау лауазымында кемінде бес жыл не құрылыс учаскесінде басқа да лауазымдарда кемінде жеті жыл

8.

Жұмыс жүргізуші:
тiрек және қоршау конструкциялары;
инженерлiк желiлер мен құрылыстары;
көлік құрылысы;
технологиялық жабдықтар бойынша

Жоғары, мамандығы бойынша, жұмыстың мынадай бағыттарына байланысты құрылыс саласында:
автомобиль жолдары және аэродромдар инженері;
жылумен, газбен жабдықтау және желдету;
сумен жабдықтау және кәріз/ сумен жабдықтау және су бұру;
инженер-электрик;
инженер-технолог;
инженер-гидротехник;
байланыс инженері;
көпірлер мен тоннельдер инженері;
темір жол жолдарының инженері;
мұнай және газ инженері;
ғимараттар мен құрылыстарды есептеу және жобалау;
өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс;
экономика және құрылысты ұйымдастыру;
сәулет.

Орта, мамандығы бойынша, жұмыстың мынадай бағыттарына байланысты құрылыс саласында:
автомобиль жолдары және аэродромдар инженері;
жылумен, газбен жабдықтау және желдету;
сумен жабдықтау және кәріз/ сумен жабдықтау және су бұру;
инженер-электрик;
инженер-электрик;
инженер-технолог;
инженер-гидротехник;
байланыс инженері;
көпірлер мен тоннельдер инженері;
темір жол жолдарының инженері;
мұнай және газ инженері;
ғимараттар мен құрылыстарды есептеу және жобалау;
өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс;
экономика және құрылысты ұйымдастыру;
сәулет

Мастер немесе құрылыс учаскесінде/объектісінде жұмыс жүргізуші, техникалық қадағалау лауазымында кемінде үш жыл не құрылыс учаскесінде басқа да лауазымдарда кемінде бес жыл

Мастер немесе құрылыс учаскесінде/объектісінде жұмыс жүргізуші, техникалық қадағалау лауазымында кемінде бес жыл не құрылыс учаскесінде басқа да лауазымдарда кемінде жеті жыл

9.

Мастер:
тiрек және қоршау конструкциялары;
инженерлiк желiлер мен құрылыстары;
көлік құрылысы;
технологиялық жабдықтар бойынша

Жоғары, мамандығы бойынша, жұмыстың мынадай бағыттарына байланысты құрылыс саласында:
автомобиль жолдары және аэродромдар инженері;
жылумен, газбен жабдықтау және желдету;
сумен жабдықтау және кәріз/ сумен жабдықтау және су бұру;
инженер-электрик;
инженер-электрик;
инженер-технолог;
инженер-гидротехник;
байланыс инженері;
көпірлер мен тоннельдер инженері;
темір жол жолдарының инженері;
мұнай және газ инженері;
ғимараттар мен құрылыстарды есептеу және жобалау;
өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс;
экономика және құрылысты ұйымдастыру;
сәулет.

Орта, мамандығы бойынша, жұмыстың мынадай бағыттарына байланысты құрылыс саласында:
автомобиль жолдары және аэродромдар инженері;
жылумен, газбен жабдықтау және желдету;
сумен жабдықтау және кәріз/ сумен жабдықтау және су бұру;
инженер-электрик;
инженер-электрик;
инженер-технолог;
инженер-гидротехник;
байланыс инженері;
көпірлер мен тоннельдер инженері;
темір жол жолдарының инженері;
мұнай және газ инженері;
ғимараттар мен құрылыстарды есептеу және жобалау;
өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс;
экономика және құрылысты ұйымдастыру;
сәулет

Мастер немесе техникалық қадағалау лауазымында кемінде бір жыл не құрылыс учаскесінде басқа да лауазымдарда кемінде бес жыл

Мастер немесе техникалық қадағалау лауазымында кемінде үш жыл не құрылыс учаскесінде басқа да лауазымдарда кемінде бес жыл

Жобалау және құрылыс салу процесіне   
қатысушы инженерлік-техникалық жұмыскерлерді
аттестаттау қағидалары мен рұқсат    
беру талаптарына 3-қосымша       

Нысан

_____________________________________________________________________
                (аттестаттау ұйымының толық атауы)
_____________________________________________________________________
          (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

ӨТІНІШ

Жобалау/құрылыс ұйымының құрамында (қажеттесінің астын сызу)_________
_____________________________________________________________________
(Қағидалар мен рұқсат беру талаптарына 2-қосымшаның тармағын көрсету)
_________________________________________________________ мамандығы
бойынша біліктілік аттестатын беруді сұраймын.

Жеке тұлға туралы мәліметтер:
1. Туған жылы: ______________________________________________________
_____________________________________________________________________
2. Жеке басын куәландыратын құжаттың деректермелері__________________
_____________________________________________________________________
           (сериясы, нөмірі, кім және қашан берген)
3. Білімі:___________________________________________________________
_____________________________________________________________________
         (оқу орнының атауы, бітірген жылы, диплом нөмірі)
4. Мекенжайы, үйінің және ұялы телефоны:_____________________________
_____________________________________________________________________
5. Жұмыс орны: ______________________________________________________
_____________________________________________________________________
             (ұйымның атауы, мекенжайы, телефоны)
6. Тестілеу тілі:____________________________________________________
7. Қоса берілген құжаттар:___________________________________________
_____________________________________________________________________
        (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

Жобалау және құрылыс салу процесіне   
қатысушы инженерлік-техникалық жұмыскерлерді
аттестаттау қағидалары мен рұқсат    
беру талаптарына 4-қосымша       

Нысан

Аттестатталған инженерлік-техникалық жұмыскерлердің тізілімі

Р/с № Аттестатталған инженерлік-техникалық жұмыскерлердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайды) ЖСН Біліктілік аттестаты берілген күн және нөмірі Жұмыс орны