Қазақстан Республикасында экологиялық таза автомобиль көлік құралдарының (4 және одан да жоғары экологиялық сыныпқа сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) және олардың компоненттерінің өндірісін ынталандыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 697 және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1219 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 желтоқсанда № 12617 болып тіркелді.

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің м.а. 13.06.2018 № 234 және ҚР Инвестициялар және даму министрінің 14.06.2018 № 449 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрық 01.01.2016 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында экологиялық таза автомобиль көлік құралдарының (4 және одан да жоғары экологиялық сыныпқа сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) және олардың компоненттерінің өндірісін ынталандыру қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің м.а. 13.06.2018 № 234 және ҚР Инвестициялар және даму министрінің 14.06.2018 № 449 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің баспа және электрондық түрде мерзімдік баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ Республикалық құқықтық ақпарат орталығына Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген

      іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап пайда болған құқықтық қатынастарға таралады.

Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрі
А. Исекешев

Қазақстан Республикасының
Энергетика министрінің
міндетін атқарушы
М. Мырзағалиев


      _______________ _______________

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 697 және
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 1219 бірлескен бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасында экологиялық таза автомобиль көлік құралдарының (4 және одан да жоғары экологиялық сыныпқа сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) және олардың компоненттерінің өндірісін ынталандыру қағидалары

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің м.а. 13.06.2018 № 234 және ҚР Инвестициялар және даму министрінің 14.06.2018 № 449 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің м.а. 13.06.2018 № 234 және ҚР Инвестициялар және даму министрінің 14.06.2018 № 449 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      1. Осы Қазақстан Республикасында экологиялық таза автомобиль көлік құралдарының (4 және одан да жоғары экологиялық сыныпқа сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) және олардың компоненттерінің өндіруді ынталандыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабы 29) тармақшасының отыз төртінші абзацына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында экологиялық таза (4 және одан жоғары экологиялық сыныбына сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) автомобиль көлік құралдарын және олардың құрауыштарын өндіруді ынталандыру тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің м.а. 13.06.2018 № 234 және ҚР Инвестициялар және даму министрінің 14.06.2018 № 449 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасында экологиялық таза (4 және одан жоғары экологиялық сыныбына сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) автомобиль көлік құралдарын және олардың құрауыштарын өндіруді ынталандыру:

      1) олардың өндірушілерін мынадай бағыттар: жұмыс орындарын күтіп-ұстау; энергия ресурстарын пайдалану; ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық әзірлемелерді жүзеге асыру; өнім шығарумен байланысты сынақтарды жүргізу; кепілдік міндеттемелерін қолдау бойынша қаржыландыру;

      2) жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасында өндірілген көлік құралын Қазақстан Республикасының аумағында сатып алу кезінде оларға өндіруші берген жеңілдікті қаржыландыру арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 28.02.2017 № 77 және ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.02.2017 № 119 бірлескен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) автомобиль көлік құралдарының құрауыштары – автомобиль көлік құралдары конструкциясының құрамдас бөліктері, бөлшектері, тораптары, құраушы бұйымдары, материалдары, химиялық, лак-бояу өнімдері және көлік құралдарын өндіру үшін қажетті өзге де құраушылары;

      2) автомобиль көлік құралы – автобустарды, шағын автобустарды, жеңіл және жүк автомобильдерін, троллейбустарды, автомобиль тіркемелерін, отырылатын тартқыштардың жартылай тіркемелерді, сондай-ақ мамандандырылған (белгілі жүк түрлерін тасымалдауға арналған) автомобильдерді және арнайы (әртүрлі негізінен көліктік емес жұмыстарды орындауға арналған) автомобильдерді қосатын автомобиль көлігінің жылжымалы құрамының бірлігі;

      3) өндірушілер – Қазақстан Республикасының аумағында өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері оған (оларға) таралатын өнім (тауарлар) тізбесіне сәйкес өнім (тауарлар) өндіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;

      4) өндірушілердің ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарды жүзеге асыруға қаржыландыру – ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық әзірлемелерді жүзеге асыруға қатысатын өндіруші қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеуге шығындарының қаржыландыру, ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық әзірлемелерді орындаумен тікелей байланысты материалдық шығыстар, бөгде ұйымдардың ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық әзірлемелерді жүзеге асыруы бойынша көрсетілетін қызметтерінің құны;

      5) өндірушілердің жұмыс орындарын күтіп ұстауға қаржыландыру – есепті кезеңге есептелетін жалақыны төлеуге шығындарының қаржыландыру, сондай-ақ міндетті әлеуметтік сақтандыру бойынша сақтандыру жарналарына ақша аударуға шығындар, әлеуметтік салық, қызметкерлер еңбек (қызметтік) міндеттерін орындаған кезде оларды жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру;

      6) кепілдік міндеттемелерін қолдау – автомобиль көлік құралдарына және олардың құрауыштарына қатысты кепілдік міндеттемелерін қаржыландыру;

      7) өндірушілердің өнім шығарумен байланысты сынақтарды жүргізуге қаржыландыру – көлік құралдарының үлгілерін сынақтарды жүргізу орындарына дейін және кері қарай тасымалдауға шығындарды қоса алғанда, сынақтарды жүргізуге шығындарының қаржыландыру;

      8) өндірушілердің энергия ресурстарын пайдалануға қаржыландыру - өндірістік мақсаттарда пайдаланылатын электрлік және жылу энергиясын төлеуге шығындарының қаржыландыру;

      9) жеңілдік сертификаты – пайдаланудан шығарылған көлік құралын кәдеге жаратуға тапсыруды растайтын және Қазақстан Республикасында өндірілген экологиялық таза (4 және одан да жоғары экологиялық сыныбына сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) автомобиль көлік құралдарын Қазақстан Республикасының аумағында сатып алу кезінде жеңілдік алу құқығын көздейтін, осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжат, оны беру тәртібін өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы айқындайды.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Энергетика министрінің 28.02.2017 № 77 және ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.02.2017 № 119 бірлескен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Экологиялық таза автомобиль көлік құралдарын өндірушілерге қойылатын талаптар

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің м.а. 13.06.2018 № 234 және ҚР Инвестициялар және даму министрінің 14.06.2018 № 449 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      4. Қазақстан Республикасында экологиялық таза (4 және одан жоғары экологиялық сыныбына сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) автомобиль көлік құралдарын және олардың құрауыштарын өндіруді ынталандыру Өндірушіге мынадай талаптар орындалған кезде ұсынылады:

      1) өндіруші Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген заңды тұлға болып табылады;

      2) өндірушіге өндірушінің халықаралық сәйкестендіру нөмірі (WMI-код) берілген және өндіруші жеке сәйкестендіру нөмірін (VIN-кодын) автомобиль көлік құралдарының шанағының (кабинасының), шассиінің ажыратылмас құраушыларына немесе арнайы жасалған нөмірлік тақтайшаларға жазу бойынша операцияларды жүзеге асырады.

      3) мынадай экологиялық таза:

      4 және одан жоғары экологиялық сыныбына сәйкес келетін;

      электр қозғалтқышы бар автомобиль көлік құралдарының кем дегенде біреуін өндіруді жүзеге асыру.

3-тарау. Қазақстан Республикасында экологиялық таза (4 және одан жоғары экологиялық сыныбына сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) автомобиль көлік құралдарын және олардың құрауыштарын өндіруді ынталандыру тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің м.а. 13.06.2018 № 234 және ҚР Инвестициялар және даму министрінің 14.06.2018 № 449 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      5. Қазақстан Республикасында экологиялық таза (4 және одан жоғары экологиялық сыныбына сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) автомобиль көлік құралдарын және олардың құрауыштарын өндіруді ынталандыру осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Өндіруші мен өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы (бұдан әрі – Оператор) арасындағы осы Қағидалардың 2-тармағында белгіленген бағыттар бойынша Өндірушілерді қаржыландыруды беру шартының негізінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 28.02.2017 № 77 және ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.02.2017 № 119 бірлескен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Қаржыландыру шарты осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес экологиялық таза автомобиль көлік құралдарын өндірушілер мен өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы арасындағы үлгілік шарт негізінде жасалады.

      7. Қаржыландыру шартын жасасу үшін Өндіруші Операторға мынадай құжаттарды қоса беріп, қаржыландыру шартын жасасу туралы өтініш (еркін нысанда) ұсынады:

      1) өндірушінің құрылтай құжаттарының нотариалды расталған көшірмелері;

      2) өндірушінің басшысы және бас бухгалтері қол қойған, өндірушінің мөрімен бекітілген (болған кезде), оған қаржыландыру аударылатын өндірушінің банктік деректемелері және есеп шоттары көрсетілген анықтама;

      3) WMI-кодын беру құжатының өндірушінің басшысы растаған көшірмесі;

      4) моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік жинау туралы келісімнің бірінші және соңғы беттерінің нотариалды расталған көшірмелері;

      5) заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе анықтама;

      6) көлік құралының типін мақұлдауының немесе көлік құралының сәйкестік сертификатының басшысы растаған көшірмесі.

      8. Оператор осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес Өндірушілер ұсынған қаржыландыру шарттарын жасасу туралы өтініштерді олар келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды және Өндірушілермен қаржыландыру шартын жасасады не өндірушіге осындай шарт жасасудан бас тартады (жазбаша нысанда).

      9. Қаржыландыру шартын жасасудан бас тарту үшін негіздер ұсынылған құжаттар мен оларда бар мәліметтердің осы Қағидалардың 4 және 7 тармақтарында белгіленген талаптарға толық болмауы және/немесе сәйкес келмеуі болып табылады.

      10. Осы Қағидалардың 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қаржыландыруды алу үшін қаржыландыру шарты жасалған Өндіруші Операторға келесі құжаттарды:

      осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс орындарын күтіп ұстауға кететін шығындардың бір бөлігін қаржыландыру есептемесін;

      осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша энергия ресурстарын пайдалануға кететін шығындардың бір бөлігін қаржыландыру есептемесін;

      осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүзеге асыруға кететін шығындардың бір бөлігін қаржыландыру есептемесін;

      осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша доңғалақты көлік құралдары мен олардың компоненттерінің сынақтарын жүргізумен байланысты, өнімді шығарумен байланысты көлік құралдарының үлгілері мен олардың компоненттеріне сынақтар жүргізу орындарына дейін және кері қарай тасымалдауға байланысты шығындардың бір бөлігін қаржыландыру есептемесін;

      осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша М санатты, соның ішінде, жүріп өту мүмкіндігі жоғары G санатты көлік құралдарына қатысты кепілдік міндеттемелерін қолдаумен байланысты қаржыландыру есептемесін;

      осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша N санатты, соның ішінде, жүріп өту мүмкіндігі жоғары G санатты көлік құралдарына қатысты кепілдік міндеттемелерін қолдаумен байланысты қаржыландыру есептемесін;

      осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша экологиялық таза автомобиль көлік құралдарының өндірісі туралы есебін;

      кепілдік міндеттемесін қолдауды қоспағанда, осы Қағидалардың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мәлімделген шығындар бөлігінде өнімнің (бір бірлігінің) өзіндік құнының бекітілген жоспарлы калькуляциясын қоса беріп, қаржыландыруды беру туралы өтінішті (Оператормен келісілген нысанда) ұсынады.

      Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және өткізуге жататын (өткізілген) бір экологиялық таза автомобиль көлік құралының (4 және одан да жоғары экологиялық сыныпқа сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) осы тармаққа сәйкес қаржыландыру сомасы қозғалтқыштарының тиісті көлемдері және толық массасының көрсеткіштері бар доңғалақты көлік құралдарының санаттары бөлінісінде өткен күнтізбелік жыл үшін (көрсетілген көлік құралы шығарылған жылға қатысты) осындай қаржыландырудың сомаларының орташа арифметикалық мәнінен аспауға тиіс.

      Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген қаржыландыру сомасы, өткен күнтізбелік жылдың айлық есептік көрсеткішіне қатынасы бойынша экологиялық таза автомобиль көлік құралының (4 және одан да жоғары экологиялық сыныпқа сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) өндірілген (2016 жылда өндірілгендерді қоспағанда) күнтізбелік жылдың айлық есептік көрсеткіштің өзгеруіне пропорционалды түзетіледі.

      Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган Операторға қаржыландыру көлемін осы күнтізбелік жылы өзгерту туралы ұсыныспен жазбаша өтінішті, осындай ұсыныстың негізділігін растайтын құжаттарды қоса тіркеп, бере алады.

      Оператор индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органның ұсыныстарын Оператордың қаржы мүмкіндіктері тұрғысынан талдайды. Талдау қорытындысы бойынша Оператор қаржыландыру көлемін анықтайды және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға келісу үшін жібереді.

      Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган Оператордың ұсынысын алғаннан кейін келіседі немесе ескертулерді Операторға жібереді.

      Оператор индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен келісу қорытындысы бойынша Инвестициялық саясатқа тиісті өзгертулерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға келісуге жолдайды.

      Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және өткізуге жататын (өткізілген) экологиялық таза автомобиль көлік құралын (4 және одан да жоғары экологиялық сыныпқа сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) қаржыландыру, осы тармаққа сәйкес басқа қаржыландыру жүзеге асырылған көлік құралдарына берілмейді.

      Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген бір экологиялық таза автомобиль көлік құралының (4 және одан да жоғары экологиялық сыныпқа сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) осы Қағидалардың 2-тармағының 1) тармақшасында белгіленген бағыттар бойынша осы тармаққа сәйкес басқа қаржыландыру сомалары (бұдан әрі – басқа қаржыландыру) Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және өткізуге жататын (өткізілген) экологиялық таза автомобиль көлік құралының (4 және одан да жоғары экологиялық сыныпқа сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) қозғалтқыштарының тиісті көлемдері және толық массасының көрсеткіштері бар доңғалақты көлік құралдарының санаттары бөлінісінде өткен күнтізбелік жыл үшін (көрсетілген көлік құралы шығарылған жылға қатысты) қаржыландыру сомаларының орташа арифметикалық мәнінен аспауға тиіс.

      Осы тармақтың 9-бөлімінде көрсетілген басқа қаржыландыру сомасы өткен күнтізбелік жылдың айлық есептік көрсеткішіне қатынасы бойынша экологиялық таза автомобиль көлік құралының (4 және одан да жоғары экологиялық сыныпқа сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) өндірілген (2016 жылда өндірілгендерді қоспағанда) күнтізбелік жылдың айлық есептік көрсеткіштің өзгеруіне пропорционалды түзетіледі.

      Басқа қаржыландырудың жалпы сомасын Оператор қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісілген өзінің тиісті жылға инвестициялық саясатында келесі тәртіп бойынша айқындайды:

      индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган өндірушілердің ұсыныстары негізінде тиісті күнтізбелік жылға басқа қаржыландырудың көлемі туралы ұсыныстарды Операторға жолдайды;

      Оператор индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органның ұсыныстарын өзінің қаржы мүмкіндіктері тұрғысынан талдайды. Талдау қорытындысы бойынша Оператор индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға басқа қаржыландыру ретінде бөлуге болатын қаражаттың көлемі туралы ақпаратты жолдайды;

      индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган басқа қаржыландыру ретінде бөлуге болатын Операторда бар қаражат көлемінің шегінде Өндірушілер мен көлік құралдарының санаттары тұрғысында басқа қаржыландыру көлемі туралы ұсыныстарын жасайды және Операторға жолдайды.

      Оператор индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органның ұсыныстары негізінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға келісуге жолданатын Инвестициялық саясаттың тиісті бөліміне басқа қаржыландыру көлемін қосады.

      Басқа қаржыландыру осы тармаққа сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында өндіру және өткізу кезінде қаржыландырылып қойған көлік құралдарына берілмейді.

      Басқа қаржыландыруды алу үшін қаржыландыруға шарт жасаған Өндіруші Операторға осы тармақтың бірінші бөлімінің екінші - тоғызыншы абзацтарында көрсетілген құжаттарын, Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасына сәйкес кедендік декларациясы және (немесе) тауарлардың ілеспе құжаттарын қоса беріп, осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысанда өтініш ұсынады.

      Егер осы тармаққа сәйкес қаржыландыру үшін ұсынылған (басқа қаржыландыру) доңғалақты көлік құралдарының белгілі санатына өткен күнтізбелік жылы (осы тармақтың екінші немесе тоғызыншы бөлімінде көрсетілген өндірілген көлік құралдарының жылына қатысты) қаржыландыру болмаса, осындай санатты доңғалақты көлік құралдарының қаржыландырылуы (басқа қаржыландырылуы), осы Қағидаларға 6-шы және 7-қосымшаларға сәйкес, кепілдік міндеттемелерді қолдауға байланысты, олардың өндірілген жылы әрекет еткен қаржыландыру мөлшерлемесінің олар үшін қарастырылған ең жоғары мөлшерінің шегінде жүргізіледі. Бұл жағдайда басқа қаржыландырудың сомасы, осы тармақтың оныншы бөлімімен қарастырылған тәртіпте, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілеттік органмен келісілген, Оператордың тиісті жылға инвестициялық саясатында қосымша анықталады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің м.а. 13.06.2018 № 234 және ҚР Инвестициялар және даму министрінің 14.06.2018 № 449 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      10-1. Осы Қағидалардың 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес қаржыландыруды алу үшін қаржыландыру шарты жасалған Өндіруші Операторға алдыңғы ай ішінде сатып алушылардан алған жеңілдік сертификаттарын алғанын растайтын құжаттарды қоса беріп, Қазақстан Республикасында өндірілген экологиялық таза автомобиль көлік құралын өткізу кезінде жеке және заңды тұлғаларға берген жеңілдікті қаржыландыруды беру туралы өтінішті (Оператормен келісілген нысанда) айына екі рет ұсынады.

      Жеңілдіктің мөлшері жеңілдік сертификатында көрсетіледі және теңгемен көрсетілген соманы білдіреді.

      Жеңілдік сертификаты берілген кезден бастап бір жыл ішінде қолданылады және ол берілген кезден бастап екі реттен аспай өзге тұлғаларға берілуі мүмкін. Өзге тұлғаларға сертификатты беру оның қолданыс мерзімін өзгертпейді.

      Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген экологиялық таза (4 және одан да жоғары экологиялық сыныпқа сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) автомобиль көлік құралын сатып алуға жеңілдік бір сатып алынатын көлік құралына екіден аспайтын жеңілдік сертификаты бойынша қосылуы мүмкін.

      Жеңілдік мөлшерін айқындау үшін индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган Өндірушілердің ұсыныстары негізінде Операторға экологиялық таза (4 және одан да жоғары экологиялық сыныпқа сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) автомобиль көлік құралын өндіру жоспарын және келесі жылға автомобиль көлік құралдарының санаттары бөлінісінде жеңілдік мөлшерін жолдайды.

      Оператор индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органның ұсыныстарын Оператордың қаржы мүмкіндіктері тұрғысынан талдайды. Оператор талдау қорытындысы бойынша жеңілдік сертификаттарының санын және автомобиль көлік құралдарының санаттары бөлінісінде көзделген жеңілдік мөлшерін айқындайды және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға келісуге жібереді.

      Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган Оператордан ұсыныстарды алғаннан кейін онымен келіседі немесе Операторға ескертулер жолдайды.

      Оператор индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен келісу қорытындысы бойынша жеңілдік сертификаттарының санын және автомобиль көлік құралдарының санаттары бөлінісіндегі жеңілдік мөлшерін келесі жылға Инвестициялық саясаттың тиісті бөліміне енгізеді және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға келісуге жібереді.

      Ескерту. 10-1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің м.а. 13.06.2018 № 234 және ҚР Инвестициялар және даму министрінің 14.06.2018 № 449 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      11. Оператор:

      1) осы Қағидалардың 10, 10-1-тармақтарына сәйкес ұсынылған қаржыландыруды беру туралы өтініштерді келіп түсу тәртібімен тіркейді;

      2) қаржыландыруды беру туралы өтініштер келіп түскен күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды оларда бар мәліметтердің толықтығы тұрғысынан тексереді және оң шешім қабылданған жағдайда үш жұмыс күні ішінде Өндірушіге қаржыландыруды береді;

      3) қаржыландыруды беруден бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өндірушіні бас тартудың негіздемесін көрсете отырып, жазбаша түрде хабар етеді.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 28.02.2017 № 77 және ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.02.2017 № 119 бірлескен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Ұсынылған құжаттардың және онда мазмұндалған мәліметтің толық болмауы және/немесе осы Қағидалардың 10, 10-1-тармақтарына бекітілген талаптарға сәйкес келмеуі қаржыландыруды беруден бас тарту үшін негіз болып табылады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 28.02.2017 № 77 және ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.02.2017 № 119 бірлескен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Осы Қағидалардың 4, 7 10 және 10-1-тармақтарында белгіленген талаптарды бұзу фактісі анықталған жағдайда Өндіруші осы бұзушылықтардың нәтижесінде алған қаражаты Оператор кірісіне қайтарылуға жатады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 28.02.2017 № 77 және ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.02.2017 № 119 бірлескен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Өндіруші Оператордың сұранысы бойынша осы Қағидалардың 10 тармағының 1)-7) тармақшаларында көрсетілген шығыс баптары бойынша, жылына екі реттен көп емес тәуелсіз аудиторлық ұйымының тұжырымын ұсынады.

      Ескерту. 14-тармаққа орыс тілінде өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді – ҚР Энергетика министрінің м.а. 13.06.2018 № 234 және ҚР Инвестициялар және даму министрінің 14.06.2018 № 449 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      15. Өндірушілер Оператордың сұранысы бойынша автомобиль көлік құралдарының санаттары бөлінісіндегі пайдаланылған жеңілдік сертификаттары туралы ақпаратты ұсынады.

      Ескерту. Қағида 15-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің м.а. 13.06.2018 № 234 және ҚР Инвестициялар және даму министрінің 14.06.2018 № 449 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасында
экологиялық таза (4 және одан
да жоғары экологиялық
сыныбына сәйкес келетін;
электр қозғалтқыштары бар)
автомобиль көлік құралдарын
және олардың құрауыштарын
өндіруді ынталандыру
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 28.02.2017 № 77 және ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.02.2017 № 119 бірлескен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Экологиялық таза автомобиль көлік құралдарын өндірушілер мен өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы арасындағы үлгілік шарт

      ________ қаласы 20__ жылғы "___" __________

      Осы Шарт бұдан әрі бірлесіп Тараптар деп аталатын ________________________ атынан Жарғы негізінде әрекет ететін өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы (бұдан әрі - Оператор) және ______________ атынан ________________ негізінде әрекет ететін _____________________________ (бұдан әрі Өндіруші) арасында жасалған.

      Шарт:

      Тараптардың өзара құқықтары мен міндеттерін оның талаптарын іске асырған кезде реттейтіні туралы уағдаласқанын назарға ала отырып,

      Тараптар төмендегі туралы осы Шартты жасасты. 

      1. Шарт нысанасы

      1.1.Осы Шарттың нысанасы Тараптардың отандық экологиялық таза автомобиль өнеркәсібін дамытуға бағытталған Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) 8701 (ершікті тартқыштар), 8702 (жүргізушіні қоса алғанда, 10 және одан да көп адамды тасымалдауға арналған моторлы көлік құралдары), 8703 (негізінен адамдарды тасымалдауға арналған жеңіл автомобильдер және өзге де моторлы көлік құралдары), 8704 (жүктерді тасымалдауға арналған моторлы көлік құралдары), 8705 (арнайы мақсаттағы моторлы көлік құралдары) тауар позицияларының экологиялық таза көлік құралдарын өндіру кезінде өзара міндеттемелерді белгілеу және іске асыру бойынша өзара іс-қимылы болып табылады. 

      Экологиялық таза көлік құралдарын өндіру деп 4 және одан жоғары экологиялық сыныбына сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар кемінде бір экологиялық таза автомобиль көлік құралын және болған кезде олардың құрауыштарын сериялық өндірудің жүйесі ұғынылады.

      Көлік құралдарының құрауыштарын өндіру деп көлік құралдары конструкциясының құрамдас бөліктері, бөлшектері, тораптары, жиынтықтаушы бұйымдары, материалдар, химиялық, лак-бояу өнімі және көлік құралдарын өндіру үшін қажетті өзге де жиынтықтауыштары ұғынылады.

      1.2. Осы Шарт Оператордың экологиялық таза (4 және одан жоғары экологиялық сыныбына сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) автомобиль көлік құралдарын және олардың құрауыштарын өндіруді мыналар:

      1) олардың Өндірушілерін мынадай бағыттар: жұмыс орындарын күтіп-ұстау; энергия ресурстарын пайдалану; ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық әзірлемелерді жүзеге асыру; өнім шығарумен байланысты сынақтарды жүргізу; кепілдік міндеттемелерін қолдау бойынша қаржыландыру;

      2) жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасында өндірілген экологиялық таза (4 және одан жоғары экологиялық сыныбына сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) автомобиль көлік құралдарын Қазақстан Республикасының аумағында сатып алу кезінде оларға Өндіруші жеңілдік сертификаттарына сәйкес берген жеңілдікті қаржыландыру арқылы ынталандыруы үшін негіз болып табылады.

      1.3. Осы шарттың 1.2-тармағының 2) тармақшасының ережелерінен туындайтын қатынастарды регламенттеу ерекшеліктері Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 285-4-бабы 1-тармағының 10-2) тармақшасының ережелері ескеріле отырып айқындалады.

      2. Тараптардың міндеттері

      2.1 Өндіруші:

      2.1.1. экологиялық таза автомобиль көлік құралдарын және олардың құрауыштарын өндіруді қамтамасыз етуге;

      2.1.2. Операторға Қазақстан Республикасында экологиялық таза (4 және одан жоғары экологиялық сыныбына сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) автомобиль көлік құралдарын және олардың құрауыштарын өндіруді ынталандыру қағидаларының 10 немесе 10-1-тармақтарына сәйкес қаржыландыру беру туралы өтінішті және құжаттарды беруге;

      2.1.3. Оператор артық төлеген сомаларын қайтаруға және экологиялық таза автомобиль көлік құралдарын Өндірушілерге қойылатын талаптарды бұзу фактілері анықталған жағдайда, сондай-ақ Өндіруші дұрыс емес не бұрмаланған мәліметтерді және деректерді ұсынған кезде растайтын құжаттар бірге қоса тіркелетін тиісті хабарламаны алған кезден бастап он жұмыс күні ішінде Операторға ақша қаражатының қайтарылуын жүргізуге міндеттенеді.

      2.1.4 Қаржыландыруды алу мақсатында Өндіруші ұсынатын ақпараттың дұрыстығы үшін Өндіруші жауапты болады.

      2.2. Оператор:

      2.2.1. қаржыландыруды беру туралы өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды тексеруге және оң шешім қабылданған жағдайда үш жұмыс күні ішінде Өндірушіге қаржыландыруды беруге;

      2.2.2. қаржыландыруды беруден бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Өндірушіні бас тартудың негіздерін көрсете отырып, жазбаша түрде хабардар етуге;

      2.2.3. экологиялық таза автомобиль көлік құралдарын өндірушілерге қойылатын талаптарды бұзу фактілері анықталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде, сондай-ақ дұрыс емес не бұрмаланған мәліметтер және деректер ұсынылған кезде Өндірушіге аударылған ақша қаражатын қайтару қажеттігі туралы хабарлауға міндеттенеді.

      3. Тараптардың жауапкершілігі

      3.1. Өндіруші Шарттың нормаларын орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда Оператор Өндірушіге анықталған бұзушылықтарды көрсете отырып, Шартты тоқтата тұру туралы және бір айлық мерзімде бұзушылықты жою туралы хабарламаны жазбаша нысанда жібереді.

      Анықталған бұзушылықтарды жоймау немесе тиісінше жоймау Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген тәртіппен Шартты бұзу үшін негіз болып табылады.

      3.2. Өндіруші ақшалай төлемді белгіленген мерзімде қайтармаған жағдайда оларды қайтару сот тәртібімен жүзеге асырылады.

      3.3. Басқа міндеттемелер мен кепілдіктердің орындалмауы немесе тиісінше орындалмауы үшін Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.

      4. Форс-мажор

      4.1. Тараптардың ешқайсысы Шарт бойынша қандай да бір міндеттемелердің орындалмауы үшін, егер мұндай орындамау немесе орындау кезіндегі кідіріс еңсерілмейтін күштің мән-жайларымен (форс-мажор) тудырылса, жауапты болмайды.

      4.2. Форс-мажорға әскери жанжалдар, табиғи апаттар, дүлей зілзалалар (өрттер, ірі авариялар, коммуникациялардың бұзылуы) және өзге де төтенше және осы жағдайларда алдын алуға болмайтын мән-жайлар жатады.

      4.3.Форс-мажорлық мән-жайлармен тудырылған Шарт бойынша жұмыстар толық немесе ішінара тоқтатыла тұрған кезде міндеттемелерді іске асыру мерзімі форс-мажор қолданысының мерзіміне ұзартылады.

      4.4. Форс-мажорлық мән-жайлар туындаған жағдайда олардан зардап шеккен Тарап олар туындаған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде бұл туралы екінші Тарапты оқиғаның басталу күнін көрсете отырып және форс-мажорлық мән-жайларды сипаттап, жазбаша хабарламаны тапсыру арқылы хабардар етеді.

      4.5. Форс-мажорлық мән-жайлар туындаған кезде Тараптар қалыптасқан жағдайдың шешімін іздеу үшін дереу келіссөздер жүргізеді және осындай мән-жайлардың салдарын барынша төмендету үшін барлық құралдарды пайдаланады.

      5. Құпиялылық

      5.1.Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Шартты іске асыру бойынша жұмысқа қатысты барлық құжаттар, ақпарат пен есептер бойынша құпиялылықтың талаптарын оның қолданыс мерзімі ішінде сақтайды.

      5.2. Тараптардың бірде-бірі екінші Тараптың жазбаша келісімін алмай Шарттың мазмұнына қатысты ақпаратты немесе құпиялы болып есептелетін және осы Шарттың ережелерін іске асырумен байланысты өзге ақпаратты, мынадай:

      1) ақпарат сот талқылауы барысында пайдаланылған;

      2) Шарт бойынша Тараптардың біріне қызметтер көрсететін үшінші тұлға осы ақпараттың құпиялылығы талаптарын сақтау және оны тек Тараптар белгілеген мақсаттарда және Тараптар айқындаған мерзімге пайдалану міндеттемесін өзіне алған жағдайда ақпарат осындай үшінші тұлғаларға берілген;

      3) банк немесе Шарт бойынша Тарап одан қаржылай қаражатты алатын қаржы ұйымы осы ақпараттың құпиялылығы талаптарын сақтау міндеттемесін алатын жағдайда сол банкіге немесе қаржы ұйымына ақпарат ұсынылған;

      4) ақпарат Қазақстан Республикасының салық органдарына немесе кез келген ақпаратқа, оның ішінде банктік құпия болып табылатын, Өндірушінің кез келген банктік шоттарына, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс шетелдік банктерде ашылған банктік шоттарға қатысты ақпаратқа қолжетімділігі бар өзге уәкілетті мемлекеттік органдарына ұсынылған;

      5) Өндірушілерді ынталандыру көлемдері туралы деректер жарияланған жағдайлардан басқа, ашуға құқылы емес.

      6. Дауларды реттеу

      6.1. Тараптар арасындағы осы Шартты түсіндіруге немесе қолдануға қатысты кез келген дау консультациялар мен келіссөздер арқылы шешіледі.

      6.2. Реттелмеген даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шешіледі.

      7. Қорытынды ережелер, Шарттың күшіне енуі және қолданысын тоқтату.

      7.1. Осы Шарт бір жылға дейін қолданыста болады және Тараптар шарттың талаптарын адал орындаған жағдайда автоматты түрде ұзартылады.

      7.2. Осы Шарт Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес түсіндіріледі және реттеледі.

      7.3. ___ жылғы_________ "___" қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде, заңды күші бірдей, Тараптардың әрқайсысы үшін 1 (бір) данадан екі данада жасалды. Осы Шарттың ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер болған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.

      8. Тараптардың деректемелері

      Оператор                              Өндіруші

      _________________________            ________________________

      _________________________            ________________________

      М.О. (болған кезде)                        М.О. (болған кезде)

  Қазақстан Республикасында экологиялық таза
(4 және одан жоғары экологиялық сыныбына
сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар)
автомобиль көлік құралдарын және олардың
құрауыштарын өндіруді ынталандыру
қағидаларына
2-қосымша

      нысан

Жұмыс орындарын күтіп ұстауға шығындардың бір бөлігін
қаржыландыру
ЕСЕПТЕМЕСІ

      Ұйымның атауы _______________________________________________________

      Орналасқан дері _____________________________________________________

      БСН_____________ЭҚЖЖ______________ Кбе_____________БСК_______________

      Тіркелуі туралы анықтама ____________________________________________

Өндіруші қызметкерлеріне еңбек ақысын төлеу қоры (теңге)

Міндеттік әлеуметтік сақтандыру бойынша сақтандыру жарналарына аударымдар сомасы (теңге)

Әлеуметтік салыққа аударымдар сомасы (теңге)

Қызметкерлер еңбек (қызметтік) міндеттерін орындаған кезде оларды жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруға аударымдар сомасы (теңге)

Өтеуге және төлеуге жататын іс жүзінде жұмсалған шығындар сомасы (теңге)

А

Б

В

Г

Д = (А+Б+В+Г)






Төлеуге қаржыландыру мөлшері:



      Ұйым басшысы _______________ _______________________________________

      (қолы) (тегі аты әкесінің аты (болған кезде))

      Бас бухгалтер _______________ _______________________________________

      (қолы) (тегі аты әкесінің аты (болған кезде))

      20__ жылғы "__" ________________

      М. О.(болған кезде)

  Қазақстан Республикасында экологиялық таза
(4 және одан жоғары экологиялық сыныбына
сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар)
автомобиль көлік құралдарын және олардың
құрауыштарын өндіруді ынталандыру
қағидаларына
3-қосымша

      нысан

Энергия ресурстарын пайдалануға шығындардың бір бөлігін
қаржыландыру
ЕСЕПТЕМЕСІ

      Ұйымның атауы________________________________________________________

      Орналасқан дері______________________________________________________

      БСН_____________ЭҚЖЖ______________ Кбе_____________БСК_______________

      Тіркелуі туралы анықтама ____________________________________________

Электрлік және жылу энергиясын төлеуге шығындар (теңге)


Төлеуге қаржыландыру мөлшері:



      Ұйым басшысы _______________ _______________________________________

      (қолы) (тегі аты әкесінің аты (болған кезде))

      Бас бухгалтер _______________ _______________________________________

      (қолы) (тегі аты әкесінің аты (болған кезде))

      20__ жылғы "__" ________________

      М. О.(болған кезде)

  Қазақстан Республикасында экологиялық таза
(4 және одан жоғары экологиялық сыныбына
сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар)
автомобиль көлік құралдарын және олардың
құрауыштарын өндіруді ынталандыру
қағидаларына
4-қосымша

      нысан

Ғылыми зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарды
жүзеге асыруға шығындардың бір бөлігін қаржыландыру
ЕСЕПТЕМЕСІ

      Ұйымның атауы________________________________________________________

      Орналасқан дері______________________________________________________

      БСН_____________ЭҚЖЖ______________ Кбе_____________БСК_______________

      Тіркелуі туралы анықтама ____________________________________________

Ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарды орындауға қатысатын қызметкерлер көрсетілген жұмыстарды орындаған кезең үшін осы қызметкерлерге еңбек ақысын төлеу (теңге)

Ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарды орындаумен тікелей байланысты материалдық шығыстар (теңге)

Жұмыстарды өзге де ғылыми-зерттеу ұйымдарында орындаған жағдайда ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарды орындау туралы шарттар бойынша жұмыстардың құны (теңге)

Өтеуге және төлеуге жататын іс жүзінде жұмсалған шығындар сомасы (теңге)

А

Б

В

Г = (А+Б+В)





Төлеуге қаржыландыру мөлшері:



      Ұйым басшысы _______________ _______________________________________

      (қолы) (тегі аты әкесінің аты (болған кезде))

      Бас бухгалтер _______________ _______________________________________

      (қолы) (тегі аты әкесінің аты (болған кезде))

      20__ жылғы "__" ________________

      М. О.(болған кезде)

  Қазақстан Республикасында экологиялық таза
(4 және одан жоғары экологиялық сыныбына
сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар)
автомобиль көлік құралдарын және олардың
құрауыштарын өндіруді ынталандыру
қағидаларына
5-қосымша

      нысан

Дөңгелекті көлік құралдары мен олардың құрауыштарының
сынақтарын жүргізумен байланысты, көлік құралдарының үлгілері
мен олардың құрауыштарын өнім шығарумен байланысты сынақтарды
жүргізу орындарына дейін және кері қарау тасымалдауға
шығындардың бір бөлігін қаржыландыру
ЕСЕПТЕМЕСІ

      Ұйымның атауы________________________________________________________

      Орналасқан дері______________________________________________________

      БСН_____________ЭҚЖЖ______________ Кбе_____________БСК_______________

      Тіркелуі туралы анықтама ____________________________________________

Өндіруші сынақтар жүргізуге жұмсаған шығындар сомасы

(теңге)

Өндіруші көлік құралдарының үлгілері мен олардың құрауыштарын сынақтарды жүргізу орындарына дейін және кері қарау тасымалдауға шығындар сомасы (теңге)

Өндіруші көлік құралының типін (шассиін) мақұлдауды алуға жұмсаған шығындар сомасы (теңге)

Өтеуге және төлеуге жататын іс жүзінде жұмсалған шығындар сомасы

(теңге)

А

Б

В

Г = (А+Б+В)





Төлеуге қаржыландыру мөлшері:



      Ұйым басшысы _______________ _______________________________________

      (қолы) (тегі аты әкесінің аты (болған кезде))

      Бас бухгалтер _______________ _______________________________________

      (қолы) (тегі аты әкесінің аты (болған кезде))

      20__ жылғы "__" ________________

      М. О.(болған кезде)

  Қазақстан Республикасында экологиялық таза
(4 және одан жоғары экологиялық сыныбына
сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар)
автомобиль көлік құралдарын және олардың
құрауыштарын өндіруді ынталандыру
қағидаларына
6-қосымша

      нысан

М санатының дөңгелекті, соның ішінде G санатының жүріп өту
мүмкіндігі жоғары көлік құралдарына қатысты кепілдік
міндеттемелерін қолдаумен байланысты қаржыландыру
ЕСЕПТЕМЕСІ

      Ұйымның атауы________________________________________________________

      Орналасқан дері______________________________________________________

      БСН_____________ЭҚЖЖ______________ Кбе_____________БСК_______________

      Тіркелуі туралы анықтама ____________________________________________

Дөңгелекті көлік құралдарының санаты

Қозғалтқыш көлемі (текше см.)

Шығарылған көлік құралдарының саны (дана)

4 және одан жоғары экологиялық сыныбының М1 санатының дөңгелекті көлік құралдарына қатысты кепілдік міндеттемелерін қолдаумен байланысты қаржыландыру мөлшерлемесінің ең жоғары мөлшері (АЕК)

Төлеуге жататын сомасы (теңге)

А

Б

В

Г

Д=В*Г*АЕК

М1

1 000-нан артық емес


150


1 000-нан жоғары, алайда 2 000-нан артық емес


350


2 000-нан жоғары, алайда 3 000-нан артық емес


500


3 000-нан жоғары


1150


Электр қозғалтқышы бар


150


М2, М3

2 500-нан артық емес


300


2 500-нан жоғары, алайда 5 000-нан артық емес


500


5 000-нан жоғары, алайда 10 000-нан артық емес


950


10 000-нан артық


1000


Төлеуге қаржыландыру мөлшері:



      Ұйым басшысы _______________ _______________________________________

      (қолы) (тегі аты әкесінің аты (болған кезде))

      Бас бухгалтер _______________ _______________________________________

      (қолы) (тегі аты әкесінің аты (болған кезде))

      20__ жылғы "__" ________________

      М. О.(болған кезде)

  Қазақстан Республикасында экологиялық таза
(4 және одан жоғары экологиялық сыныбына
сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар)
автомобиль көлік құралдарын және олардың
құрауыштарын өндіруді ынталандыру
қағидаларына
7-қосымша

      нысан

N санатының дөңгелекті, соның ішінде G санатының жүріп өту
мүмкіндігі жоғары көлік құралдарына қатысты кепілдік
міндеттемелерін қолдаумен байланысты қаржыландыру
ЕСЕПТЕМЕСІ

      Ұйымның атауы________________________________________________________

      Орналасқан дері______________________________________________________

      БСН_____________ЭҚЖЖ______________ Кбе_____________БСК_______________

      Тіркелуі туралы анықтама ____________________________________________

Дөңгелекті көлік құралдарының санаты

Толық массасы (тонна)

Шығарылған көлік құралдарының саны (дана)

4 және одан жоғары экологиялық сыныбының М2, М3, N санаттарының дөңгелекті көлік құралдарына қатысты кепілдік міндеттемелерін қолдаумен байланысты қаржыландыру мөлшерлемесінің ең жоғары мөлшері (АЕК)

Төлеуге жататын сомасы (теңге)

А

Б

В

Г

Д=В*Г*АЕК

N1, N2, N3

2,5-тен артық емес


150


2,5-тен жоғары, алайда
3,5-тен артық емес


200


3,5-тен жоғары, алайда
5-тен артық емес


250


5-тен жоғары, алайда
8-ден артық емес


250


8-ден жоғары, алайда
12-ден артық емес


300


12-ден жоғары, алайда
20-дан артық емес


550


20-дан жоғары, алайда
50-ден артық емес


1700



Төлеуге қаржыландыру мөлшері:



      Ұйым басшысы _______________ _______________________________________

      (қолы) (тегі аты әкесінің аты (болған кезде))

      Бас бухгалтер _______________ _______________________________________

      (қолы) (тегі аты әкесінің аты (болған кезде))

      20__ жылғы "__" ________________

      М. О.(болған кезде)

  Қазақстан Республикасында экологиялық таза
(4 және одан жоғары экологиялық сыныбына
сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар)
автомобиль көлік құралдарын және олардың
құрауыштарын өндіруді ынталандыру
қағидаларына
8-қосымша

Экологиялық таза автомобиль көлік құралдарын өндіру туралы
ЕСЕП

      Ұйымның атауы________________________________________________________

      Орналасқан дері______________________________________________________

      БСН_____________ЭҚЖЖ______________ Кбе_____________БСК_______________

      Тіркелуі туралы анықтама ____________________________________________

Дөңгелекті көлік құралдарының санаты

Шығарылған экологиялық таза автомобиль көлік құралдарының саны (дана)

А

Б



Жалпы саны:


      Ұйым басшысы _______________ _______________________________________

      (қолы) (тегі аты әкесінің аты (болған кезде))

      Бас бухгалтер _______________ _______________________________________

      (қолы) (тегі аты әкесінің аты (болған кезде))

      20__ жылғы "__" ________________

      М. О.(болған кезде)

  Қазақстан Республикасында
экологиялық таза (4 және одан
да жоғары экологиялық
сыныбына сәйкес келетін;
электр қозғалтқыштары бар)
автомобиль көлік құралдарын
және олардың құрауыштарын
өндіруді ынталандыру
қағидаларына
9-қосымша
  Нысан

      Ескерту. Қағида 9-қосымшамен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 28.02.2017 № 77 және ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.02.2017 № 119 бірлескен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

№____________________ Жеңілдік сертификаты

      Осы жеңілдік сертификаты ______________________ (жеке тұлғаның ТАӘ, жеке басын куәландыратын құжаты, ЖСН немесе заңды тұлғаның атауы, БСН және ұйымдық-құқықтық нысаны) ______ (күні) ________________________, маркасы/моделі _____________, VIN коды _________________________ _____________ автомобилін кәдеге жаратуға тапсырғанын растайды.

      Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне және "Қазақстан Республикасында экологиялық таза (4 және одан да жоғары экологиялық сыныбына сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) автомобиль көлік құралдарын және олардың құрауыштарын өндіруді ынталандыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 697 және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1219 бірлескен бұйрығына (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы ___________ (бұдан әрі - Оператор) жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасында өндірілген:

      - 4 және одан да жоғары экологиялық сыныбына сәйкес келетін;

      - электр қозғалтқыштары бар экологиялық таза автомобиль көлік құралдарын Қазақстан Республикасының аумағында сатып алуға берілген _______________ (жазумен) теңге мөлшеріндегі жеңілдіктің өтелуіне кепілдік береді.

      Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және өткізілетін экологиялық таза автомобиль көлік құралын сатып алу кезінде осы жеңілдік сертификатын ұсыну оны ұсынған тұлғаға сонда көрсетілген мөлшердегі жеңілдік құқығын (бұдан әрі – Жеңілдік) береді.

      Жеңілдік бір сатып алынатын көлік құралына екіден аспайтын жеңілдік сертификаты бойынша қосылуы мүмкін.

      Осы сертификат берілген кезден бастап 1 (бір) жыл ішінде қолданылады және ол берілген кезден бастап екі реттен аспай өзге тұлғаларға берілуі мүмкін. Өзге тұлғаларға сертификатты беру оның қолданыс мерзімін өзгертпейді.

      Жеңілдік сертификатын беру, пайдалану және өзге тұлғаларға беру туралы ақпарат Операторда тіркелуге/қайта тіркелуге жатады.

      Жеңілдік Өндірушілері Оператормен Жеңілдікті қаржыландыруға жасалған шарты бар экологиялық таза автомобиль көлік құралдарын сатып алуға ғана беріледі.

      ___________ Берілген күн

      Оператордың электрондық цифрлық қолтаңба

  Қазақстан Республикасында
экологиялық таза (4 және одан
да жоғары экологиялық
сыныбына сәйкес келетін;
электр қозғалтқыштары бар)
автомобиль көлік құралдарын
және олардың құрауыштарын
өндіруді ынталандыру
қағидаларына
10-қосымша
  Нысан

      Ескерту. Қағида 10-қосымшамен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 28.02.2017 № 77 және ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.02.2017 № 119 бірлескен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Қаржыландырудың өзге сомаларын беру туралы өтініш

      Қазақстан Республикасында экологиялық таза (4 және одан жоғары экологиялық сыныбына сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) автомобиль көлік құралдарын және олардың құрауыштарын өндіруді ынталандыру қағидаларының 10-тармағына сәйкес ______________________ _____________ өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторына мынадай автомобиль көлік құралдарын (4 және одан жоғары экологиялық сыныбына сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) және олардың құрауыштарын өндіруге қаржыландыру беру туралы өтініш жасайды:

      ____________ кезеңі үшін атауы _____________ (маркасы, моделі), VIN коды _____________, өткізу орны ________________, бұлар бойынша қаржыландыру:

      - ағымдағы күнтізбелік жылдан бастап _________________ (теңгемен) мөлшерінде жүзеге асырылған

      - _________________ (теңгемен) мөлшерінде мәлімделген, оның ішінде:



р/н

Қаржыландыру бағыты

Қаржыландыру сомасы, теңге

1

Жұмыс орындарын күтіп-ұстауға шығындар


2

Энергия ресурстарын пайдалануға шығындар


3

Ғылыми-зерттеужәнетәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерді жүзеге асыруға шығындар


4

Дөңгелекті көлік құралдары мен олардың құрауыштарының сынақтарын жүргізумен, көлік құралдарының үлгілері мен олардың құрауыштарын сынақтарды жүргізу орындарына дейін және кері қарай тасымалдауға, өнім шығарумен байланысты шығындар


5

M санатындағы, оның ішінде жүріп өту мүмкіндігі жоғары G санатындағы дөңгелекті көлік құралдарына қатысты кепілдікті міндеттемелерді қолдауға шығындар


6

N санатындағы, оның ішінде жүріп өту мүмкіндігі жоғары G санатындағы дөңгелекті көлік құралдарына қатысты кепілдікті міндеттемелерді қолдауға шығындар бөлігінде қаржыландыру



Жиыны



N…


4 және одан да жоғары экологиялық сыныбына сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар экологиялық таза автомобиль көлік құралдары

VIN коды

Қысқаша атауы

1



2



3



      Қосымшалар:

      1. жұмыс орындарын күтіп-ұстауға шығыстар бөлігінде қаржыландыру есептемесі;

      2. энергия ресурстарын пайдалануға шығыстар бөлігінде қаржыландыру есептемесі

      3. ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерді жүзеге асыруға шығындар бөлігінде қаржыландыру есептемесі;

      4. дөңгелекті көлік құралдары мен олардың құрауыштарының сынақтарын жүргізумен байланысты, көлік құралдарының үлгілері мен олардың құрауыштарын өнім шығарумен байланысты сынақтарды жүргізу орындарына дейін және кері қарай тасымалдауға шығындардың бір бөлігін қаржыландыру есептемесін;

      5. M санатындағы, оның ішінде жүріп өту мүмкіндігі жоғары G санатындағы дөңгелекті көлік құралдарына қатысты кепілдікті міндеттемелерді қолдауға шығындар бөлігінде қаржыландыру есептемесі;

      6. N санатындағы, оның ішінде жүріп өту мүмкіндігі жоғары G санатындағы дөңгелекті көлік құралдарына қатысты кепілдікті міндеттемелерді қолдауға шығындар бөлігінде қаржыландыру есептемесі;

      7. экологиялық таза автомобиль көлік құралдарын өндіру туралы есеп;

      8. кепілдік міндеттемесін қолдауды қоспағанда, мәлімделген шығындар бөлігінде өнімнің (бір бірлігінің) өзіндік құнының бекітілген жоспарлы калькуляциясы.

      Ұйымның басшысы: ______________ ________________________________________________

      (қолы)                        (тегі аты әкесінің аты)

      М.О.