Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 646 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 желтоқсанда № 12615 болып тіркелді.

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрық 01.01.2016 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңының 4-бабының 8-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберілуін, сондай-ақ "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға орналастырылуын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

      Министр Б. Сұлтанов


  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 646 бұйрығымен бекітілген

Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 10.12.2018 № 1065 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңының 4-бабы 2-тармағының 8-2) тармақшасына сәйкес әзірленген және этил спирті және алкоголь өнімі өндірушілеріне және импорттаушыларына (сыра және сыра сусынынан басқа) дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру тәртібін айқындайды.

      2. Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтары Қазақстан Республикасында өндірілетін немесе Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін этил спирті және алкоголь өнімі өндірушілеріне және импорттаушыларына (сыра және сыра сусынынан басқа) беріледі.

2-тарау. Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру тәртібі

      3. Этил спирті мен шарап материалдарын өндірушілер мен импорттаушылар (бұдан әрі – өтініш берушілер) "Есепке алу-бақылау таңбаларды, акциздік таңбаларды және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы республикалық мемлекеттік кәсіпорынының басқа баспа өнімдерін бақылау, есептеу және беру" ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ақпараттық жүйе), сондай-ақ "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы, астанада, республикалық маңызы бар қалаларда және облыс бойынша мемлекеттік кірістер органдарында (бұдан әрі – мемлекеттік кірістер органы) 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмей осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша этил спиртіне және/немесе шарап материалына дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру үшін өтініш береді.

      Дербес сәйкестендіру нөмір-коды болмаған жағдайда алкоголь өнімінің өтініш беруші ақпараттық жүйе арқылы мемлекеттік кірістер органдарына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 144 бұйрығымен бекітілген (Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде № 16437 болып тіркелген) Акциздік және есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және импорттаушылардың Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесін, есебін ұсыну қағидаларына 4 немесе 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепке алу-бақылау маркаларын алуға өтініш береді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 29.11.2019 № 1301 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Мемлекеттік корпорация арқылы өтінішті қабылдау көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша "электрондық" кезек тәртібінде жеделдетілмеген қызмет түрінде жүзеге асырылады, портал арқылы электрондық кезекті брондауға болады.

      5. Мемлекеттік кірістер органы өтініш берушілер берген осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген өтінішті ақпараттық жүйе арқылы 2 (екі) жұмыс күні ішінде дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарының беруін қамтамасыз етеді немесе бас тартады.

      Мемлекеттік корпорацияда дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру жеке куәлігін ұсынған кезде (не оның өкілінің нотариалды куәландырған сенімхаты бойынша) тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.

      6. Мемлекеттік кірістер органы дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарының беруін мынадай:

      1) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 88-бабына сәйкес, салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қойылмаған;

      2) этил спиртіне және алкоголь өніміне (сыра және сыра сусынынан басқа) дербес сәйкестендіру нөмір-кодтары болған жағдайларда бас тартады.

      7. Осы Қағидаларға 6-қосымшада көзделген жағдайларда, дербес сәйкестендіру нөмір-кодын беруден бас тартуды алған кезде, өтініш беруші осы Қағидаларда белгіленген тәртіпте дербес сәйкестендіру нөмір-кодын беруге қайтадан өтініш береді.

      8. Дербес сәйкестендіру нөмір -кодты ақпараттық жүйеде құру кезінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша фасеттік кодтау жүйесінің құрылымы пайдаланылады.

      9. Өтінішті қарау нәтижесімен келіспеген жағдайда, өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

  Дербес сәйкестендіру
нөмір-кодтарын беру
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Этил спиртіне және/немесе шарап материалына дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беруге арналған өтініш

  Мемлекеттік кірістер органының
басшысына
____________________бойынша
(облыс/қала)
____________________________
жылғы ________" "

      Өтініш берушінің атауы:

      Өтініш берушінің ЖСН/БСН*:

      Өтініш берушінің түрі (өндіруші және/немесе импорттаушы):

р/с №

Өндірушінің (импорттаушының) атауы

Өнімнің түрі

Өнімнің атауы

1

2

3

4

2




      Басшы ___________________________                   ______________

                  (аты-жөні, тегі) (ол бар болса)                         (қолы)

      *Ескеру: жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі

  Дербес сәйкестендіру
нөмір-кодтарын
беру қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Фасеттік кодтау жүйесінің құрылымы Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтары мынадай схемада көрсетіледі:

      XXXX ХХ XXXX XX

      │ │ │ │

      │ │ │ └────── қолданылатын ыдыстың көлемі

      │ │ │

      │ │ └─────────── өнімнің атауы

      │ │

      │ └─────────────── өнімнің түрі

      │

      └─────────────────── заңды (жеке) тұлғаның коды

      Бірінші фасет (бірінші топ төрт цифрдан) – этил спиртін және алкоголь өнімін (сыра және сыра сусыннан басқа) өндіретін заңды (жеке) тұлғаның коды.

      Екінші фасет (екінші топ екі цифрдан) – өнімнің түрі.

      Үшінші фасет (үшінші топ төрт цифрдан) – өнімнің атауы.

      Төртінші фасет (төртінші топ екі цифрдан) – қолданылатын ыдыстың көлемі.