Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 646 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 желтоқсанда № 12615 болып тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрық 01.01.2016 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.
      "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңының 4-бабының 8-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберілуін, сондай-ақ "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға орналастырылуын;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
 

Министр
 

Б. Сұлтанов
 



Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 646 бұйрығымен бекітілген

Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңының 4-бабының 8-2) тармақшасына сәйкес әзірленген және дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын (бұдан әрі – ДСН-коды) этил спирті және алкоголь өнімі өндірушілеріне және импорттаушыларына (сыра және сыра сусынынан басқа) беру тәртібін айқындайды.
      2. ДСН-кодтары Қазақстан Республикасында өндірілетін немесе Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін этил спирті және алкоголь өнімі өндірушілеріне және импорттаушыларына (сыра және сыра сусынынан басқа) беріледі.
 

2. ДСН-кодтарын беру тәртібі

      3. Этил спиртін өндірушілер мен импорттаушылар (бұдан әрі – өтініш берушілер) ақпараттық жүйе арқылы салық салу объектілері және салық салуға байланысты объектілері орналасқан жері және (немесе) тіркеу орны бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер қомитетінің облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша мемлекеттік кірістер департаменттеріне (бұдан әрі – Департамент) этил спиртінің өндірісін және/немесе импортын жүзеге асыру басталғанға дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ДСН-кодтарын беру үшін өтінішті береді.
      ДСН-коды болмаған жағдайда алкоголь өнімінің өтініш берушілері ақпараттық жүйе арқылы салық салу объектілері және салық салуға байланысты объектілері орналасқан жері және (немесе) тіркеу орны бойынша Департаменттерге, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 591 бұйрығымен бекітілген (Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде № 1913 тіркелген) Акциздік және есепке алу-бақылау таңбаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және импорттаушылардың Кеден одағы елдерінен Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау таңбаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемені, есепті табыс ету, сондай-ақ осындай міндеттемені есепке алу қағидаларын және қамтамасыз ету мөлшерінде белгіленген 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті береді.
      4. Департаменттер өтініш берушілер берген осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген өтінішті ақпараттық жүйе арқылы бір жұмыс күні ішінде келіседі немесе келісуден бас тартады.
      5. Департамент өтініш берушілер берген осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген өтінішті келісуден мынадай:
      1) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің (Салық кодексі) 574-бабына сәйкес (этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін өндіруді) салық салу объектілерді және (немесе) салық салумен байланысты объектілерді есепке алу тіркеу карточкасы болмаған;
      2) этил спиртіне және алкоголь өніміне (сыра және сыра сусынынан басқа) ДСН-кодтары болған жағдайларда бас тартады.
      6. Департаменттер келіскеннен кейін өтініш Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне (бұдан әрі - Комитет) ДСН-кодтарын беру үшін келіп түседі.
      7. Комитет ақпараттық жүйе арқылы өтініштің келіп түскен күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде ДСН-кодтарының беруін қамтамасыз етеді.
      8. ДСН-кодты беруден бас тартқан кезде, өтініш берушілер осы Қағидалармен белгіленген тәртіпте ДСН-кодтарын беруге арналған өтініштерді қайтадан береді.
      9. ДСН-кодты ақпараттық жүйеде құру кезінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша фасеттік кодтау жүйесінің құрылымы пайдаланылады.
 


Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын
беру қағидаларына 1-қосымша

      Нысан
 

Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беруге
арналған өтініш

      Мемлекеттік кірістер органының
      басшысына
      _______________________бойынша
      (облыс/қала)
      ______________________________
      жыл " "
      Субъектінің атауы:
      Субъектінің ЖСН/БСН:
      Субект типі (өндіруші және/немесе импорттаушы):
 

р/с

 

Өндірушінің (импорттаушының) атауы
 

Өнімнің түрі
 

Өнімнің атауы
 

1
 

2
 

3
 

4
 

2
 


            Басшы ___________________________ __________
       (Т.А.Ә) (қолы)
 


Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын
беру қағидаларына 2-қосымша

      Нысан
 

Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарының құрылымы

      ДСН-кодтары мынадай схемада көрсетіледі:
 


 

             Бірінші фасет (бірінші топ төрт цифрдан) – этил спиртін және алкоголь өнімін (сыра және сыра сусыннан басқа) өндіретін заңды (жеке) тұлғаның коды.
      Екінші фасет (екінші топ екі цифрдан) – өнімнің түрі.
      Үшінші фасет (үшінші топ төрт цифрдан) – өнімнің атауы.
      Төртінші фасет (төртінші топ екі цифрдан) – қолданылатын ыдыстың көлемі.