РҚАО-ның ескертпесі!
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
"Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 117-1-бабының 4-тармағына, 167-бабының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген Жеке сот орындаушысының алименттерді және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындауға байланысты қызметіне ақы төлеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаменті:
1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және оның мерзімді баспа басылымдары мен "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жауапты хатшысы М.Б. Бекетаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Министр | Б. Имашев |
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 595 бұйрығымен бекітілген |
Жеке сот орындаушысының алименттерді және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындауға байланысты қызметіне ақы төлеу қағидалары
1. Осы Жеке сот орындаушысының алименттерді және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындауға байланысты қызметіне ақы төлеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Атқарушылық іс жүргізу туралы заң) сәйкес әзірленді және жеке сот орындаушысының алименттерді және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындауға байланысты қызметіне ақы төлеу тәртібін айқындайды.
2. Жеке сот орындаушыларының қызметіне ақы төлеу мынадай істердің әлеуметтік-маңызды санаттары бойынша:
1) алиментті өндіріп алу туралы:
борышкердің іздестірілуіне байланысты үш және одан көп ай берешек болғанда;
борышкердің тұрақты кірісі, жұмыс орны және өндіріп алуға болатын мүлкі болмағанда;
2) жалақыны өндіріп алу туралы:
өндіріп алуға болатын ақшалай қаражат және мүлік болмағанда жүзеге асырылады.
3. Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 117-1-бабында белгіленген жағдайларда және тәртіппен алименттерді және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындауға байланысты жеке сот орындаушыларының қызметіне ақы төлеу әкімшісі Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі болып табылатын республикалық бюджеттік бағдарлама бойынша бюджеттік қаражат есебінен қаржыландырылады.
4. Жеке сот орындаушысының алиментті және жалақыны өндіріп алу туралы проблемалық атқарушылық құжаттарды орындау бойынша қызметіне ақы төлеуді осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес жеке сот орындаушысының атқарушылық әрекеттерді жасау туралы есебінің негізінде аумақтық әділет органдары жүргізеді.
5. Есепте жеке сот орындаушылары жүргізген мынадай атқарушылық әрекеттер туралы мәліметтер қамтылады:
1) борышкердің іздестірілуіне байланысты үш және одан көп ай берешек болған кезде алиментті өндіріп алу туралы атқарушылық құжат бойынша:
атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулы;
атқарушылық іс жүргізудің қозғалғаны туралы тараптарға хабарлау;
зейнетақы аударымдарының жоқтығы туралы мәліметтер;
жылжымалы және жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы мәліметтер (тіркеу органдарының сұрау салулары мен жауаптары);
атқарушылық іс жүргізу тараптарын сот орындаушысына шақырту;
борышкер болып табылатын жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан шығуына уақытша шектеу қою;
соттың борышкерге іздеу салуды жариялау туралы ұйғарымы;
борышкерге қатысты үш және одан көп ай берешегін айқындау туралы қаулы;
2) борышкердің тұрақты кірісі, жұмыс орны және өндіріп алуға болатын мүлкі болмаған кезде алиментті өндіріп алу туралы атқарушылық құжат бойынша:
атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулы;
атқарушылық іс жүргізудің қозғалғаны туралы тараптарға хабарлау;
зейнетақы аударымдарының жоқтығы туралы мәліметтер;
жылжымалы және жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы мәліметтер (тіркеу органдарының сұрау салулары мен жауаптары);
міндетті тұлғаның алименттік міндеттемелерін үш айдан астам уақыт орындамағанын растайтын берешегін айқындау туралы қаулы;
борышкер болып табылатын жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан шығуына уақытша шектеу қою;
әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау үшін аумақтық органға бағытталған материалдарды жіберуге;
өндіріп алушының борышкерді қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы арызы болған жағдайда, қылмыстық қудалау органына сот актiлерiн орындаудан қасақана жалтарған адамдарды қылмыстық жауапқа тарту туралы енгізілген ұсынысы.
Борышкерді әкімшілік не қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Қағидалардың 5-тармағының 2) тармақшасының сегізінші және тоғызыншы абзацтарында көрсетілген ұсыныстарды жіберген кезде, ұсыныстармен қоса мынадай құжаттар берілуі тиіс:
атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулы;
атқарушылық құжатты орындамағаны үшін борышкердің әкімшілік жауаптылығы туралы ескертілгендігін растайтын құжаттар;
сот актісін орындау туралы хабарламалар немесе талаптар;
өндіріп алушының борышкерді қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы арызы;
борышкердің үш және одан да көп айларға берешегін айқындау туралы қаулы;
борышкердің атында өндіріп алуға болатын жылжымалы және жылжымайтын мүліктің жоқтығын растайтын мәліметтер және өзге де құжаттар.
3) өндіріп алуға болатын ақшалай қаражат және мүлік болмаған кезде жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша:
атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулы;
атқарушылық іс жүргізудің қозғалғаны туралы тараптарға хабарлау;
жылжымалы және жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы мәліметтер (тіркеу органдарының сұрау салулары мен жауаптары);
борышкер болып табылатын заңды тұлға басшысының (міндетін атқарушының) Қазақстан Республикасынан шығуына уақытша шектеу қою;
лицензиялардың, рұқсаттар мен арнайы құқықтардың қолданысын тексеру туралы мәліметтер және борышкерге лицензияларды, рұқсаттар мен арнайы құқықтарды беруге уақытша тыйым салу туралы, сондай-ақ борышкерге бұрын берілген лицензиялардың, рұқсаттар мен арнайы құқықтардың қолданысын тоқтата тұру туралы ұсынысты сотқа жолдау;
атқарушылық іс жүргізу тараптарын сот орындаушысына шақырту;
дебиторлық берешегінің жоқтығы туралы мәліметтер (мемлекеттік кірістер және бухгалтерия органдарынан алынған ақпарат);
борышкерді әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы не бас тарту туралы сот актісі, уәкілетті органның қылмыстық жауапкершілікке тарту не құрамының жоқ болуына байланысты сотқа дейінгі тергеуді тоқтату туралы қаулысы.
Есепке жеке сот орындаушысының қаулыларының көшірмелері және жүргізілген атқарушылық әрекеттерді растайтын басқа құжаттар қоса беріледі.
Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Әділет министрінің 28.02.2017 № 211 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.12.2017 № 1532 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Есептік кезеңде алиментті және жалақыны өндіріп алу туралы жасалған атқарушылық әрекеттер туралы есептің көшірмелері жеке сот орындаушысының іс жүргізуіне тіркеледі.
7. Алып тасталды – ҚР Әділет министрінің м.а. 06.12.2017 № 1532 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Аумақтық әділет органы жеке сот орындаушыларының есептерінің және оларға қоса берілген құжаттардың көшірмелерінің негізділігі мен дұрыстығын 3 жұмыс күні ішінде тексереді және жеке сот орындаушыларына төленуі тиіс қаражатты қаржыландыруға өтінім жасайды.
Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда нақты кемшіліктерін көрсетумен ұсынылған құжаттарды пысықтау үшін 3 жұмыс күні ішінде қайтарады.
9. Жеке сот орындаушысының алиментті және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындаумен байланысты қызметіне ақы төлеу бір атқарушылық іс жүргізу бойынша жылына бір рет жүргізіледі. Аталған төлем ағымдағы жылдың бірінші не екінші жартыжылдығында төленеді.
Төлем кезінде атқарушылық құжат жеке сот орындаушысының іс жүргізуінде болуы тиіс.
10. Төлем атқарушылық әрекеттерді жасағаны туралы есеп келіп түскен кезден бастап 10 жұмыс күні ішінде жеке сот орындаушысының жеке шотына аудару арқылы жүргізіледі.
Жеке сот орындаушысының алименттерді және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындауға байланысты қызметіне ақы төлеу қағидаларына қосымша |
|
Нысан |
Жеке сот орындаушысының шараларды қабылдау бойынша жасаған атқарушылық
әрекеттері туралы есеп
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің м.а. 06.12.2017 № 1532 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
№ | Жеке сот орындаушылары жүргізген атқарушылық әрекеттер туралы мәліметтер | Атқарушылық іс жүргізулердің санаты | ||
алиментті өндіріп алу туралы | жалақыны өндіріп алу туралы | |||
борышкердің іздестірілуіне байланысты үш және одан көп ай берешектің болуы | борышкердің тұрақты кірісінің, жұмыс орнының және өндіріп алуға болатын мүлкінің болмауы | өндіріп алуға болатын ақшалай қаражаттың және мүліктің болмауы | ||
1 | атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулы | + | + | + |
2 | тараптарға хабарлау | + | + | + |
3 | атқарушылық іс жүргізу тараптарын сот орындаушысына шақырту | + | + | + |
4 | зейнетақы аударымдарының жоқтығы туралы мәліметтер | + | + | |
5 | жылжымалы және жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы мәліметтер (тіркеу органдарының сұрау салулары мен жауаптары) | + | + | + |
6 | борышкер болып табылатын жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан шығуына уақытша шектеу қою | + | + | |
7 | соттың борышкерге іздеу салуды жариялау туралы ұйғарымы | + | ||
8 | борышкерге қатысты үш және одан көп ай берешегін айқындау туралы қаулы | + | ||
9 |
әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау үшін аумақтық органға бағытталған материалдарды жіберуге; | + | + | |
10 | лицензиялардың, рұқсаттар мен арнайы құқықтардың қолданысын тексеру туралы мәліметтер және борышкерге лицензияларды, рұқсаттар мен арнайы құқықтарды беруге уақытша тыйым салу туралы, сондай-ақ борышкерге бұрын берілген лицензиялардың, рұқсаттар мен арнайы құқықтардың қолданысын тоқтата тұру туралы ұсынысты сотқа жолдау | + | ||
11 | дебиторлық берешектің жоқтығы туралы мәліметтер (мемлекеттік кірістер және бухгалтерия органдарынан алынған ақпарат) | + | ||
12 | борышкер болып табылатын заңды тұлға басшысының (міндетін атқарушының) Қазақстан Республикасынан шығуына уақытша шектеу қою | + | ||
13 | Барлығы |
Жеке сот орындаушысы _________________________________
(аты-жөні, тегі, қолы)
Жасау күні 20__жыл "____" _____________________________
Телефондары: жұмыс ____________ мобильдік _____________