"Жеке сот орындаушысының алименттерді және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындауға байланысты қызметіне ақы төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 595 бұйрығына өзгерістер

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 1532 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 14 желтоқсанда № 16097 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жеке сот орындаушысының алименттерді және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындауға байланысты қызметіне ақы төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 595 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12613 болып тіркелген, 2016 жылғы 14 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке сот орындаушысының алименттерді және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындауға байланысты қызметіне ақы төлеу қағидаларында:

      Қағидалардың 5-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) борышкердің тұрақты кірісі, жұмыс орны және өндіріп алуға болатын мүлкі болмаған кезде алиментті өндіріп алу туралы атқарушылық құжат бойынша:

      атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулы;

      атқарушылық іс жүргізудің қозғалғаны туралы тараптарға хабарлау;

      зейнетақы аударымдарының жоқтығы туралы мәліметтер;

      жылжымалы және жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы мәліметтер (тіркеу органдарының сұрау салулары мен жауаптары);

      міндетті тұлғаның алименттік міндеттемелерін үш айдан астам уақыт орындамағанын растайтын берешегін айқындау туралы қаулы;

      борышкер болып табылатын жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан шығуына уақытша шектеу қою;

      әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау үшін аумақтық органға бағытталған материалдарды жіберуге;

      өндіріп алушының борышкерді қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы арызы болған жағдайда, қылмыстық қудалау органына сот актiлерiн орындаудан қасақана жалтарған адамдарды қылмыстық жауапқа тарту туралы енгізілген ұсынысы.

      Борышкерді әкімшілік не қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Қағидалардың 5-тармағының 2) тармақшасының сегізінші және тоғызыншы абзацтарында көрсетілген ұсыныстарды жіберген кезде, ұсыныстармен қоса мынадай құжаттар берілуі тиіс:

      атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулы;

      атқарушылық құжатты орындамағаны үшін борышкердің әкімшілік жауаптылығы туралы ескертілгендігін растайтын құжаттар;

      сот актісін орындау туралы хабарламалар немесе талаптар;

      өндіріп алушының борышкерді қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы арызы;

      борышкердің үш және одан да көп айларға берешегін айқындау туралы қаулы;

      борышкердің атында өндіріп алуға болатын жылжымалы және жылжымайтын мүліктің жоқтығын растайтын мәліметтер және өзге де құжаттар.";

      7 тармақша алып тасталсын;

      қағиданың қосымшасын осы бұйрықтың қосымшаласына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түріндегі қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және оған енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
міндетін атқарушы
Э. Әзімова

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2017 жылғы № 1532
бұйрығына қосымша


  Жеке сот орындаушысының
алименттерді және жалақыны
өндіріп алу туралы
атқарушылық құжаттарды
орындауға байланысты
қызметіне ақы төлеу
қағидаларына қосымша

  Нысан

Жеке сот орындаушысының шараларды қабылдау бойынша жасаған атқарушылық
әрекеттері туралы есеп

Жеке сот орындаушылары жүргізген атқарушылық әрекеттер туралы мәліметтер

Атқарушылық іс жүргізулердің санаты

алиментті өндіріп алу туралы

жалақыны өндіріп алу туралы

борышкердің іздестірілуіне байланысты үш және одан көп ай берешектің болуы

борышкердің тұрақты кірісінің, жұмыс орнының және өндіріп алуға болатын мүлкінің болмауы

өндіріп алуға болатын ақшалай қаражаттың және мүліктің болмауы

1

атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулы

+

+

+

2

тараптарға хабарлау

+

+

+

3

атқарушылық іс жүргізу тараптарын сот орындаушысына шақырту

+

+

+

4

зейнетақы аударымдарының жоқтығы туралы мәліметтер

+

+


5

жылжымалы және жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы мәліметтер (тіркеу органдарының сұрау салулары мен жауаптары)

+

+

+

6

борышкер болып табылатын жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан шығуына уақытша шектеу қою

+

+


7

соттың борышкерге іздеу салуды жариялау туралы ұйғарымы

+



8

борышкерге қатысты үш және одан көп ай берешегін айқындау туралы қаулы

+



9

әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау үшін аумақтық органға бағытталған материалдарды жіберуге;
өндіріп алушының борышкерді қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы арызы болған жағдайда, қылмыстық қудалау органына сот актiлерiн орындаудан қасақана жалтарған адамдарды қылмыстық жауапқа тарту туралы енгізілген ұсын ысы


+

+

10

лицензиялардың, рұқсаттар мен арнайы құқықтардың қолданысын тексеру туралы мәліметтер және борышкерге лицензияларды, рұқсаттар мен арнайы құқықтарды беруге уақытша тыйым салу туралы, сондай-ақ борышкерге бұрын берілген лицензиялардың, рұқсаттар мен арнайы құқықтардың қолданысын тоқтата тұру туралы ұсынысты сотқа жолдау



+

11

дебиторлық берешектің жоқтығы туралы мәліметтер (мемлекеттік кірістер және бухгалтерия органдарынан алынған ақпарат)



+

12

борышкер болып табылатын заңды тұлға басшысының (міндетін атқарушының) Қазақстан Республикасынан шығуына уақытша шектеу қою



+

13

Барлығы




      Жеке сот орындаушысы _______________________

      (аты-жөні, тегі, қолы)

      Жасау күні 20__жыл "____"__________

      Телефондары: жұмыс ____________ мобильдік _____________