Жеке сот орындаушысының алименттерді және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындауға байланысты қызметіне ақы төлеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 595 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 желтоқсанда № 12613 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 117-1-бабының 4-тармағына, 167-бабының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берілген Жеке сот орындаушысының алименттерді және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындауға байланысты қызметіне ақы төлеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаменті:

      1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және оның мерзімді баспа басылымдары мен "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жауапты хатшысы М.Б. Бекетаевқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Министр Б. Имашев

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 27 қарашадағы
№ 595 бұйрығымен
бекітілген

Жеке сот орындаушысының алименттерді және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындауға байланысты қызметіне ақы төлеу қағидалары

      1. Осы Жеке сот орындаушысының алименттерді және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындауға байланысты қызметіне ақы төлеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Атқарушылық іс жүргізу туралы заң) сәйкес әзірленді және жеке сот орындаушысының алименттерді және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындауға байланысты қызметіне ақы төлеу тәртібін айқындайды.

      2. Жеке сот орындаушыларының қызметіне ақы төлеу мынадай істердің әлеуметтік-маңызды санаттары бойынша:

      1) алиментті өндіріп алу туралы:

      борышкердің іздестірілуіне байланысты үш және одан көп ай берешек болғанда;

      борышкердің тұрақты кірісі, жұмыс орны және өндіріп алуға болатын мүлкі болмағанда;

      2) жалақыны өндіріп алу туралы:

      өндіріп алуға болатын ақшалай қаражат және мүлік болмағанда жүзеге асырылады.

      3. Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 117-1-бабында белгіленген жағдайларда және тәртіппен алименттерді және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындауға байланысты жеке сот орындаушыларының қызметіне ақы төлеу әкімшісі Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі болып табылатын республикалық бюджеттік бағдарлама бойынша бюджеттік қаражат есебінен қаржыландырылады.

      4. Жеке сот орындаушысының алиментті және жалақыны өндіріп алу туралы проблемалық атқарушылық құжаттарды орындау бойынша қызметіне ақы төлеуді осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес жеке сот орындаушысының атқарушылық әрекеттерді жасау туралы есебінің негізінде аумақтық әділет органдары жүргізеді.

      5. Есепте жеке сот орындаушылары жүргізген мынадай атқарушылық әрекеттер туралы мәліметтер қамтылады:

      1) борышкердің іздестірілуіне байланысты үш және одан көп ай берешек болған кезде алиментті өндіріп алу туралы атқарушылық құжат бойынша:

      атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулы;

      атқарушылық іс жүргізудің қозғалғаны туралы әр тараптарға, хабарламаның жіберілгенін немесе тапсырылғанын растайтын құжаттар қоса беріліп хабарлау;

      зейнетақы аударымдарының жоқтығы туралы мәліметтер, есеп уәкілетті органға жіберілгенге дейін үш айдан кешіктірмей;

      жылжымалы және жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы мәліметтер (тіркеу органдарының сұрау салулары мен жауаптары) есеп уәкілетті органға жіберілгенге дейін үш айдан кешіктірмей;

      борышкер болып табылатын жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан шығуына уақытша шектеу қою, Атқарушылық іс жүргізу туралы Заңның 10-бабының 5-тармағына сәйкес шағымдану мерзімі өткеннен кейін (жіберілгенін немесе тапсырылғанын растайтын құжаттарды қоса бере отырып);

      борышкерге іздеу салуды жариялау туралы жеке сот орындаушысының прокурор санкциялаған қаулысы полиция органдарына жіберілгенін растайтын алғаны туралы белгісі бар құжаттарды қоса бере отырып;

      борышкерге қатысты үш және одан көп ай берешегін айқындау туралы қаулы;

      борышкердің тұрғылықты мекенжайы бойынша шығу актісі бойынша нысан көрсетілген Қағиданың 2 қосымшасына сәйкес;

      2) борышкердің тұрақты кірісі, жұмыс орны және өндіріп алуға болатын мүлкі болмаған кезде алиментті өндіріп алу туралы атқарушылық құжат бойынша:

      атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулы;

      атқарушылық іс жүргізудің қозғалғаны туралы әр тараптарға, хабарламаның жіберілгенін немесе тапсырылғанын растайтын құжаттар қоса беріліп хабарлау;

      зейнетақы аударымдарының жоқтығы туралы мәліметтер уәкілетті органға жіберілгенге дейін үш айдан кешіктірмей;

      жылжымалы және жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы мәліметтер (тіркеу органдарының сұрау салулары мен жауаптары) есеп уәкілетті органға жіберілгенге дейін үш айдан кешіктірмей;

      борышкер алименттік міндеттемелерін үш айдан астам уақыт орындамағанын растайтын берешегін айқындау туралы қаулы;

      борышкер болып табылатын жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан шығуына уақытша шектеу қою, Атқарушылық іс жүргізу туралы Заңның 10-бабының 5-тармағына сәйкес шағымдану мерзімі өткеннен кейін (жіберілгенін немесе тапсырылғанын растайтын құжаттарды қоса бере отырып);

      борышкерді жұмысқа орналастыру туралы хабарлама;

      әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау үшін аумақтық органға бағытталған материалдарды жіберуге;

      өндіріп алушының борышкерді қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы арызы;

      қылмыстық қудалау органына сот актiлерiн орындаудан жалтарған адамдарды қылмыстық жауапқа тарту туралы енгізілген ұсынысы.

      Борышкерді әкімшілік не қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін осы Қағидалардың 5-тармағының 2) тармақшасының сегізінші және тоғызыншы абзацтарында көрсетілген материалдар мен ұсыныстарды жіберген кезде, материалдармен және ұсыныстармен қоса мынадай құжаттар берілуі тиіс:

      атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулы;

      атқарушылық құжатты орындамағаны үшін борышкердің әкімшілік жауаптылығы туралы ескертілгендігін растайтын құжаттар;

      сот актісін орындау қажеттігі туралы хабарламалар немесе талаптар, олардың жіберілгенін немесе тапсырылғанын растайтын құжаттарды қоса бере отырып;

      өндіріп алушының борышкерді қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы арызы;

      борышкердің үш және одан да көп айларға берешегін айқындау туралы қаулы;

      борышкердің атында өндіріп алуға болатын жылжымалы және жылжымайтын мүліктің жоқтығын растайтын мәліметтер және өзге де құжаттар.

      3) өндіріп алуға болатын ақшалай қаражат және мүлік болмаған кезде жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша:

      атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулы;

      атқарушылық іс жүргізудің қозғалғаны туралы әр тараптарға, хабарламаның жіберілгенін немесе тапсырылғанын растайтын құжаттар қоса беріліп, хабарлау;

      жылжымалы және жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы мәліметтер (тіркеу органдарының сұрау салулары мен жауаптары) есеп уәкілетті органға жіберілгенге дейін үш айдан кешіктірмей;

      борышкер болып табылатын заңды тұлға басшысының (міндетін атқарушының) Қазақстан Республикасынан шығуына уақытша шектеу қою Атқарушылық іс жүргізу туралы Заңның 10-бабының 5-тармағына сәйкес шағымдану мерзімі өткеннен кейін (жіберілгенін немесе тапсырылғаның растайтын құжаттарды қоса бере отырып);

      лицензиялардың, рұқсаттар мен арнайы құқықтардың қолданысын тексеру туралы мәліметтер және борышкерге лицензияларды, рұқсаттар мен арнайы құқықтарды беруге уақытша тыйым салу туралы, сондай-ақ борышкерге бұрын берілген лицензиялардың, рұқсаттар мен арнайы құқықтардың қолданысын тоқтата тұру туралы ұсынысты сотқа жолданғандығын растайтын құжаттарды қоса бере отырып;

      атқарушылық іс жүргізу тараптарын сот орындаушысына шақырту;

      дебиторлық берешегінің жоқтығы туралы мәліметтер (мемлекеттік кірістер және бухгалтерия органдарынан алынған ақпарат);

      борышкерді әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы не бас тарту туралы сот актісі, уәкілетті органның қылмыстық жауапкершілікке тарту не құрамының жоқ болуына байланысты сотқа дейінгі тергеу іс жүргізуді тоқтату туралы қаулысы.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Әділет министрінің 28.02.2017 № 211 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.12.2017 № 1532 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 1136 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      6. Есептік кезеңде алиментті және жалақыны өндіріп алу туралы жасалған атқарушылық әрекеттер туралы есептің көшірмелері жеке сот орындаушысының іс жүргізуіне тіркеледі.

      7. Алып тасталды – ҚР Әділет министрінің м.а. 06.12.2017 № 1532 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Аумақтық әділет органы жеке сот орындаушыларының есептерінің және оларға қоса берілген құжаттардың көшірмелерінің негізділігі мен дұрыстығын бес жұмыс күні ішінде тексереді және жеке сот орындаушыларына төленуі тиіс қаражатты қаржыландыруға өтінім жасайды.

      Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда нақты кемшіліктерін көрсетумен ұсынылған құжаттарды пысықтау үшін бес жұмыс күні ішінде қайтарады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 30.12.2021 № 1136 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Жеке сот орындаушысының алиментті және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындаумен байланысты қызметіне ақы төлеу бір атқарушылық іс жүргізу бойынша жылына бір рет жүргізіледі. Аталған төлем ағымдағы жылдың бірінші не екінші жартыжылдығында төленеді.

      Төлем кезінде атқарушылық құжат жеке сот орындаушысының іс жүргізуінде болуы тиіс.

      10. Төлем атқарушылық әрекеттерді жасағаны туралы есеп келіп түскен кезден бастап 10 жұмыс күні ішінде жеке сот орындаушысының жеке шотына аудару арқылы жүргізіледі.

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 27 қарашадағы
№ 595 бұйрығымен бекітілген
Қағидаға 1 қосымша
нысан

Жеке сот орындаушысының шараларды қабылдау бойынша жасаған атқарушылық әрекеттері туралы есеп

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 30.12.2021 № 1136 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Жеке сот орындаушылары жүргізген атқарушылық әрекеттер туралы мәліметтер

Атқарушылық іс жүргізулердің санаты

алиментті өндіріп алу туралы

жалақыны өндіріп алу туралы

борышкердің іздестірілуіне байланысты үш және одан көп ай берешектің болуы

борышкердің тұрақты кірісінің, жұмыс орнының және өндіріп алуға болатын мүлкінің болмауы

өндіріп алуға болатын ақшалай қаражаттың және мүліктің болмауы

1

атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулы

+

+

+

2

хабарламаның жіберілгенін немесе тапсырылғанын растайтын құжаттар қоса беріліп тараптарға хабарлау

+

+

+

3

атқарушылық іс жүргізу тараптарын сот орындаушысына шақырту

+

+

+

4

зейнетақы аударымдарының жоқтығы туралы мәліметтер, уәкілетті органға жіберілгенге дейін үш айдан кешіктірмей

+

+


5

жылжымалы және жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы мәліметтер (тіркеу органдарының сұрау салулары мен жауаптары) уәкілетті органға жіберілгенге дейін үш айдан кешіктірмей

+

+

+

6

борышкер болып табылатын жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан шығуына уақытша шектеу қою, Атқарушылық іс жүргізу туралы Заңның 10-бабының 5-тармағына сәйкес шағымдану мерзімі өткеннен кейін (жіберілгенін немесе тапсырылғанын растайтын құжаттарды қоса бере отырып)

+

+


7

борышкерге іздеу салуды жариялау туралы жеке сот орындаушының прокурор санкциялаған қаулысы, полиция органдарына жіберілгенін растайтын алғаны туралы белгісі бар құжаттарды қоса бере отырып;

+



8

борышкерге қатысты үш және одан көп ай берешегін айқындау туралы қаулы

+



9

борышкердің тұрғылықты мекенжайы бойынша шығу актісі бойынша нысан көрсетілген осы Қағидаға 2 қосымшаға сәйкес;

+



10

әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау үшін аумақтық әділет органына бағытталған материалдарды жіберуге;
өндіріп алушының борышкерді қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы арызы болған жағдайда, қылмыстық қудалау органына сот актiлерiн орындаудан жалтарған адамдарды қылмыстық жауапқа тарту туралы енгізілген ұсыныс туралы ілеспе хат


+

+

11

лицензиялардың, рұқсаттар мен арнайы құқықтардың қолданысын тексеру туралы мәліметтер және борышкерге лицензияларды, рұқсаттар мен арнайы құқықтарды беруге уақытша тыйым салу туралы, сондай-ақ борышкерге бұрын берілген лицензиялардың, рұқсаттар мен арнайы құқықтардың қолданысын тоқтата тұру туралы ұсынысты сотқа жолдау



+

12

борышкерді жұмысқа орналастыру туралы хабарлама


+


11

дебиторлық берешектің жоқтығы туралы мәліметтер (мемлекеттік кірістер және бухгалтерия органдарынан алынған ақпарат)



+

12

борышкер болып табылатын заңды тұлға басшысының (міндетін атқарушының) Қазақстан Республикасынан шығуына уақытша шектеу қою Атқарушылық іс жүргізу туралы Заңның 10-бабының 5-тармағына сәйкес шағымдану мерзімі өткеннен кейін (жіберілгенін немесе тапсырылғанын растайтын құжаттарды қоса бере отырып)



+

13

Барлығы




  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 27 қарашадағы
№ 595 бұйрығымен бекітілген
Қағидаға 2 қосымша
нысан

Борышкердің тұрғылықты мекенжайы (орналасқан жері, тұрғылықты жері) бойынша шығу актісі

      Ескерту. Қағида 2-қосымшамен толықтырылды – ҚР Әділет министрінің 30.12.2021 № 1136 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

20__жыл "__" ________ ________
(шығудың күні мен уақыты)


_________________________
Қала, облыстың атауы

Жеке сот орындаушысы _________________________________________________________ ______________________________________________________________________________ (жеке сот орындаушысының аты, әкесінің аты және тегі (болған жағдайда) және атқарушы округі, мекенжайы) ___________________________________________________ ______________________________________________________________________________ ___________________________________________________ атқарушылық құжат бойынша (атқарушылық құжаттың атауы, нөмірі және берілген күні ) ______________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________ туралы (атқарушылық құжаттың талаптары, өндіріп алушы мен борышкер (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты және тегі (болған жағдайда) олардың жеке сәйкестендіру нөмірлері) _______________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________ "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Заңның 126-бабын басшылыққа алып мекенжайы бойынша шығып, ___________________________ _______________________________________________________________________________ (көше, үй, подъезд, қабат, корпус, пәтер көрсетіледі) _______________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ анықтады, (шығудың нәтижесі)

Куәгер(лер) _________________________________________________________________ аты, әкесінің аты және тегі (болған жағдайда) _____________________________________________________________________________

Жеке сот орындаушысы _________________________ жеке сот орындаушысының тегі мен аты

________________ қолы