Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 695 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 28 желтоқсанда № 12565 болып тіркелді

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрық 01.01.2016 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықты алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
      Энергетика министрінің
      міндетін атқарушы                          М. Мырзағалиев

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Инвестициялар және даму министрінің
      міндетін атқарушы
      __________________ А. Рау
      2015 жылғы 4 желтоқсан

Қазақстан Республикасы
Энергетика министрiнің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 695 бұйрығымен бекітілген

Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 22.12.2016 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) № 555 бұйрығымен.

ЕАЭО СЭҚТН коды
 

ЭҚТӨЖ
 

Өнім (тауарлар)
 

Темір жол немесе трамвай жылжымалы құрамынан басқа, жерүсті көлігінің құралдары, олардың бөліктері және жабдықтары

870120101
 

29-бөлімнен:
 

жаңа ершікті тартқыштар, толық массасы 50 тоннадан асатын көлік құралдарын қоспағанда
 

870120901
 

бұрын қолданыста болған ершікті тартқыштар, толық массасы 50 тоннадан асатын көлік құралдарын қоспағанда
 

8702
 

жүргізушіні қоса алғанда, 10 немесе одан да көп адамды тасымалдауға арналған моторлы көлік құралдары
 

8703
 

жеңiл автомобильдер және жүк-жолаушы автомобильдер-фургондарды және жарыс автомобильдерін қоса алғанда, негiзiнен адамдарды тасымалдауға арналған өзге де моторлы көлiк құралдары (8702 тауар позициясының моторлы көлік құралдарынан басқа)
 

8704
 

жүк тасымалдауға арналған моторлы көлік құралдары, толық массасы 50 тоннадан асатын көлік құралдарын қоспағанда
 

8705
 

арнайы мақсаттағы моторлы көлік кұралдары (мысалы, аптатты жағдайдығы жүк көліктері, автокрандар, өрт сөндіру, бетон араластырушы, жол тазалайтын, суаратын көліктері, автошеберхана, рентген құрылысы орнатылған автокөліктер), жолаушылар және жүк тасымалына арналған қолданыстағы траспорттан басқа, толық массасы 50 тоннадан асатын көлік құралдарын қоспағанда
 

8706009109
 

8703 тауар позициясының моторлы көлiк құралдарына арналған қозғалтқыштар орнатылған өзге де шассилер
 

Каучук, резеңке және олардан жасалған бұйымдар

401110
 

22.1-бөлімінен
 

жеңіл автомобильдерге арналған шиналар және пневматикалық жаңа резеңке тыстар (жүк-жолаушы автомобильдер-фургондар мен спорттық автомобильдерді қоса алғанда)
 

401120
 

автобустар немесе жүк тасымалдайтын моторлы көлік құралдарына арналған шиналар және пневматикалық жаңа резеңке тыстар
 

401130
 

авиацияда пайдалануға арналған шиналар және пневматикалық жаңа резеңке тыстар
 

401140
 

мотоциклге арналған шиналар және пневматикалық жаңа резеңке тыстар
 

401150
 

велосипедтерге арналған шиналар және пневматикалық жаңа резеңке тыстар
 

401161
 

ауылшаруашылығына немесе орман шаруашылығына арналған көлік құралдары мен машиналарға арналған шиналар және пневматикалық жаңа резеңке тыстар, протекторында "шырша" суреті бар немесе протекторының осыған ұқсас суреттері бар өзге шиналар және тыстар

401162
 

құрылыста немесе өнеркәсiпте пайдаланылатын және отырғызу диаметрi 61 см-ден аспайтын көлiк құралдары мен машиналарға арналған шиналар және пневматикалық жаңа резеңке тыстар, протекторында "шырша" суреті бар немесе протекторының осыған ұқсас суреттері бар өзге шиналар

401163
 

құрылыста немесе өнеркәсiпте пайдаланылатын және отырғызу диаметрi 61 см-ден асатын көлiк құралдары мен машиналарға арналған шиналар және пневматикалық жаңа резеңке тыстар, протекторында "шырша" суреті бар немесе протекторының осыған ұқсас суреттері бар өзге шиналар

401169
 

шиналар және пневматикалық жаңа резеңке тыстар, протекторында "шыршасы" бар немесе протекторының осыған ұқсас суреттері бар және басқалары

401211
 

пневматикалық резеңке, қалпына келтірілген немесе бұрын пайдалануда болған шиналар және тыстар; үлкен дөңгелек немесе жартылай пневматикалық шиналар және тыстар, шина протекторлары мен жиектік ленталар, қалпына келтірілген, жеңіл автомобильдер үшін жасалған (жүк-жолаушы автомобиль-фургондар мен спорттық автомобильдерді қоса алғанда) шиналар және дөңгелек тыстары

401212
 

пневматикалық резеңке, қалпына келтірілген немесе бұрын пайдалануда болған шиналар және тыстар; үлкен дөңгелек немесе жартылай пневматикалық шиналар және тыстар, шина протекторлары мен жиектік ленталар, қалпына келтірілген, автобустар мен жүк тасымалдауға арналған моторлы көлік құралдарына шиналар мен дөңгелек тыстары

401213
 

авиацияда пайдалануға арналған пневматикалық резеңке, қалпына келтірілген немесе бұрын пайдалануда болған шиналар және тыстар; үлкен дөңгелек немесе жартылай пневматикалық шиналар және тыстар, шина протекторлары мен жиектік ленталар, резеңке, қалпына келтірілген, шиналар мен дөңгелек тыстар

401219
 

пневматикалық резеңке, қалпына келтірілген немесе бұрын пайдалануда болған шиналар және тыстар; үлкен дөңгелек немесе жартылай пневматикалық шиналар және тыстар, шина протекторлары мен жиектік ленталар, қалпына келтірілген шина және дөңгелек тыстары және басқалары

401220
 

пневматикалық резеңке, қалпына келтірілген немесе бұрын пайдалануда болған шиналар және тыстар; үлкен дөңгелек немесе жартылай пневматикалық шиналар және тыстар, шина протекторлары мен жиектік ленталар, резеңке, бұрын қолданыста болған шиналар мен дөңгелек тыстары

Электр аккумуляторлар және оларға арналған сепараторларды қоса алғанда

850710
 

27-бөлімнен
 

поршенды қозғалтқышты іске қосу үшін пайдаланылатын тікбұрышты (соның ішінде төртбұрышты) немесе басқа пішіндегі қорғасынды электр аккумуляторлары, оған қоса сепараторлар

850720
 

тікбұрышты (соның ішінде төртбұрышты) немесе басқа пішіндегі электр аккумуляторлары, оған қоса сепараторлар, өзге қорғасынды аккумуляторлар

850730
 

тікбұрышты (соның ішінде төртбұрышты) немесе басқа пішіндегі электр аккумуляторлары, оған қоса сепараторлар, никельді-кадмий аккумуляторлар

850740
 

тікбұрышты (соның ішінде төртбұрышты) немесе басқа пішіндегі электр аккумуляторлары, оған қоса сепараторлар, никельді-темір аккумуляторлар

850750
 

тікбұрышты (соның ішінде төртбұрышты) немесе басқа пішіндегі электр аккумуляторлары, оған қоса сепараторлар, гидридті-никель аккумуляторлары

850760
 

тікбұрышты (соның ішінде төртбұрышты) немесе басқа пішіндегі электр аккумуляторлары, оған қоса сепараторлар, литий-ионды аккумуляторлар

850780
 

тікбұрышты (соның ішінде төртбұрышты) немесе басқа пішіндегі электр аккумуляторлары, оған қоса сепараторлар, өзге де аккумуляторлар

Битумды жыныстардан алынған мұнай және мұнай өнімдері (шикілерден басқасы) және басқа жерде аталмаған немесе қосылмаған, құрамында 70 және одан артық май % мұнай немесе мұнай өнімдері бар, битумды жыныстардан алынған өнімдер, бұл ретте осы мұнай өнімдері құрамында биодизель және пайдаланылған мұнай өнімдері барларын қоспағанда, өнімдердің негізгі құрауыштары болып табылады

2710198200
 

20-бөлімнен
 

Мотор майлары, компрессорлық майлау майлары, турбиналық майлау майы

2710198400
 

гидравликалық мақсаттарға арналған сұйықтықтар

2710198600
 

ашық түсті майлар, вазелин майы

2710198800
 

Жетектерге арналған май және редукторларға арналған май
 

Өзге де химия өнімдері

3819000000
 

20-бөлімнен
 

тежегіш гидравликалық сұйықтықтар және гидравликалық берілістерге арналған, құрамында 70 және одан артық май % мұнай немесе мұнай өнімдері жоқ немесе бар, битумды жыныстардан алынған дайын өзге де сұйықтықтар

3820000000
 

антифриздер және мұздануға қарсы дайын сұйықтықтар

Пластмасса, шыны, қағаз, картон, алюминий және металл орамалар

392010
 

22.2-бөлімнен
 

үлдір және жолақтар немесе таспалар, пластмассадан жасалған басқалары, кеуексіз және армирленбеген, қабатсыз, төсемсіз және ұқсас тәсілдермен этилен полимерлерінен дайындалған басқа материалдармен жалғанбаған.

392020
 

үлдір және жолақтар немесе таспалар, пластмассадан жасалған басқалары, кеуексіз және армирленбеген, қабатсыз, төсемсіз және ұқсас тәсілдермен пропилен полимерлерінен дайындалған басқа материалдармен жалғанбаған.

392030
 

үлдір және жолақтар немесе таспалар, пластмассадан жасалған басқалары, кеуексіз және армирленбеген, қабатсыз, төсемсіз және ұқсас тәсілдермен стирол полимерлерінен дайындалған басқа материалдармен жалғанбаған.

392062
 

үлдір және жолақтар немесе таспалар, пластмассадан жасалған басқалары, кеуексіз және армирленбеген, қабатсыз, төсемсіз және ұқсас тәсілдермен полиэтилентерефталат полимерлерінен дайындалған басқа материалдармен жалғанбаған

3923
 

пластмассадан жасалған тауарларды тасымалдау немесе орамдауға арналған өнімдер; тығындар, қақпақтар, қалпақтар және басқа да пластмассадан жасалған тығындайтын заттар.

4819
 

17.21-бөлімнен
 

қағаздан,картоннан, целлюлозалық мақтадан жасалған қатты қағаздар, жәшіктер, қаптар,пакеттер және басқа да орамдаушы ыдыстар мақтадан немесе целлюлозалық талшықтан жасалған кенептер; мекемелерде, дүкендерде немесе осыған ұқсас мақсаттарда пайдаланылатын картотекаларға арналған қорапшалар, хаттарға немесе осыған ұқсас бұйымдарды салуға арналып қағаздан немесе картоннан жасалған лотоктар.

7010
 

23.13-бөлімнен
 

үлкен бөтелкелер, бөтелкелер, құтылар және тауарларды сақтауға, тасымалдауға немесе буып-түюге арналған басқа да шыны ыдыстар; консервілеуге арналған шыны құтылар; шыныдан жасалған сақтандырғыш тығындар, тығындар, қақпақтар және басқа да осыған ұқсас шыны бұйымдар.

731021
 

25.9-бөлімнен
 

Қара металдардан жасалған қалайымен немесе қаусыршамен жабылған консерві банкілері: кез келген заттарға (тығыздалған немесе сұйытылған газдан басқа) сыйымдылығы 5 л-ден аспайтын.

731029
 

Өзгелері қара металдардан жасалған қалайымен немесе қаусыршамен жабылған консерві банкілері: кез келген заттарға (тығыздалған немесе сұйытылған газдан басқа) сыйымдылығы 5 л-ден аспайтын

7612902000
 

24.42-бөлімнен
 

Аэрозольдар пайдаланылатын үшін алюминийден жасалған ұқсас сыйымдылықтар кез келген заттарға (тығыздалған немесе сұйытылған газдан басқа) сыйымдылығы 1 л-ден аспайтын

7612909001
 

банкiлер және алюминийден дайындалған ұқсас сыйымдылықтар кез келген заттарға (тығыздалған немесе сұйытылған газдан басқа) сыйымдылығы 1 л-ден аспайтын

Пластмассадан жасалған асхана және ас үй ыдыстары, асхана және ас үй жарақтары, үй тұрмысына қажетті және гигиеналық немесе дәретханаға арналған басқа да заттар

3924
 

22.2-бөлімнен
 

пластмассадан жасалған асхана және ас үй ыдыстары, асхана және ас үй жарақтары, үй тұрмысына қажетті және гигиеналық немесе дәретханаға арналған басқа да заттар

Қазақстан Республикасына импортталатын, пластмасса, шыны, қағаз, картон, алюминий және металл орамаларға буылып-түйілген тауарлар

Бастапқы элементтер және бастапқы батареялар

8506

27.2-бөлімнен

бастапқы элементтер және бастапқы батареялар

Электрлік қыздыру немесе газразрядты шамдар, герметикалық бағытталған жарық шамдарын қосқанда, сондай-ақ ультракүлгін немесе инфрақызыл шамдар; құрамында сынап бар доғалық шамдар:

853931
 

27.40-бөлімнен

газразрядты шамдар, ультрақызыл сәулелену шамдарын: термокатодты люминесценттік шамдарды қоспағанда

853932
 

сынаптық немесе натрий шамдары; металл-галогендік шамдар

853939
 

басқа да газразрядты шамдар, ультрақызыл сәулелену шамдарын қоспағанда.

853941

доғалық шамдар

853949

басқа да ультракүлгін немесе инфрақызыл сәулелену шамдары
 

Құрамында сынап бар медициналық немесе ветеринариялық термометрлер

902511

26.51-бөлімнен

құрамында сынап бар медициналық немесе ветеринариялық термометрлер
 

Ірі габаритті электр және электрондық жабдықтар
 

732111
 

26-27-бөлімнен
 

тамақты тек қана газда немесе газда, сондай-ақ басқа да отындар түрлерінде дайындау мен жылытуға арналған қондырғы
 

8418
 

электр немесе басқа типтегі тоңазытқыштар, мұздатқыштар және басқа да тоңазыту немесе мұздату құрылғылары
 

8422110000
 

ыдыс-аяқ жуатын машиналар: тұрмыстық
 

8422190000
 

басқа да ыдыс жуатын машиналар
 

8450
 

кір жуатын машиналар:
 

845121000
 

кептіргіш машиналар
 

8451290000
 

басқа да тұрмыстық кептіргіш машиналар
 

85166010
 

электр плиталары (ең жоқ дегенде, духовкалық шкафы бар және электр қыздырғыш элементтері бар панельді) тұрмыстық
 

Орташа габаритті электр және электрондық жабдықтар
 

841510
 

26-27-бөлімнен
 

температураны және ауа ылғалдылығын өзгертіп тұруға арналған қозғалтқышы және аспаптары бар, желдеткішпен жабдықталған, ауаны жақсартуға арналған қондырғылар, ылғалдылығы жеке реттелмейтін, терезеге орнатылатын немесе қабырғалық типтегі бір корпусты немесе "сплит-жүйелі" кондиционерлерді қоса алғанда
 

844331
 

есептеу машинасына немесе желіге қосылуға мүмкіндігі бар басып шығару, көшірме жасау немесе факс арқылы жөнелту сияқты екі немесе одан да көп қызметтерді атқаратын машиналар
 

844332
 

түпнұсқаны сканерлеу арқылы көшірмесін жасау және көшірмелерді электр статикалық әдіспен басып шығару қызметін атқаратын принтерлер, машиналар, көшірмелерін жасау қызметін кіріктірілген оптикалық жүйесі бар басқа да машиналар
 

844339
 

түпнұсқаны сканерлеу арқылы көшірмесін жасау және көшірмелерді электр статикалық әдіспен басып шығару қызметін атқаратын машиналар, кіріктірілген оптикалық жүйесі бар басқа да көшіру аппараттары
 

845210
 

тұрмыстық тігін машиналары
 

8508
 

шаңсорғыштар
 

8509
 

электр қозғалтқышы кіріктірілген тұрмыстық электр механикалық машиналар, 8508, 8509 90 000 0 тауарлық позицияның шаң сорғыштарынан басқа
 

851610
 

электрлік ағынды немесе жинақтаушы (сыйымдылықты) сужылытқыштар және батпалы тұрмыстық электр жылытқыштар
 

8516210000
 

жылуды жинақтағыш тұрмыстық радиаторлар
 

851629
 

басқа да жылуды жинақтағыш тұрмыстық радиаторлар
 

8467
 

пневматикалық, гидравликалық немесе кіріктірілген электрлі немесе электрлі емес қозғалтқышты қол аспаптары
 

8471
 

есептеу машиналары және олардың блоктары, магниттік немесе оптикалық есептеуіш қондырғылар, деректерді кодталған формадағы ақпаратты тасымалдағыштарға көшіруге арналған машиналар және басқа жерде аты аталмаған немесе қосылмаған осындай ақпаратты өңдеуге арналған машиналар
 

8516500000
 

қысқа толқынды пештер
 

8516605000
 

электр плиталар, қайнату қазандары және тұрмыстық электр плиталарына арланған электр қыздырғыш элементтері бар панельдер
 

8516609000
 

басқа да тұрмыстық пештер
 

8516607000
 

грильдер және тұрмыстық ростерлер
 

8516608000
 

тұрмыстық, кіріктірілген пештер
 

8516710000
 

кофе немесе шай дайындауға арналған, тұрмыстық басқа да электрлі қыздырғыш аспаптар
 

8519
 

дыбысты жазып алатын немесе дыбыс шығаратын аппаратура, 8519 20-ден өзге
 

8521
 

бейнені жазып алатын немесе бейнені көрсететін, бейнетюнермен біріктірілген немесе біріктірілмеген аппаратура
 

8527
 

радиохабарламаларды қабылдауға арналған, дыбыс жазып алғышпен немесе дыбысты шығарғыш аппаратурамен немесе сағаттармен бір корпуста біріктірілген немесе біріктірілмеген аппаратура
(8701-8705 тауарлық позициялардағы моторлық көлік құралдарын, немесе олардың бөлшектері мен агрегаттарын өнеркәсіптік жинауға арналғаннан басқасы)
 

8528
 

құрамына қабылдағыш телевизиялық аппаратура кірмейтін мониторлар және проекторлар, құрамына хабарды кең таратушы радиоқабылдағыш немесе дыбысты немесе бейнені жазып алу немесе көрсету аппаратурасы кірмейтін, телевизиялық байланысты қабылдауға арналған аппаратура
 

950450
 


консольдер және бейне ойындарға арналған жабдық
 

Ұсақгабаритті электр және электрондық жабдықтар
 

847010000
 

26-27-бөлімнен
 

сыртқы қуат беру көзінсіз жұмыс істеуге бейім электрондық калькуляторлар, және есептеу қызметтері бар деректерді жазып алуға, көрсетуге және сырттай қарап шығуға арналған қалта машиналары
 

8510
 

электр ұстаралар, шаш алуға арналған машиналар және кіріктірілген электр қозғалтқышы бар шаштарды алып тастауға арналған аспаптар, 8510 90 000 0-ден басқа
 

851631000
 

шаш кептіргіштер
 

8516400000
 

тұрмыстық электр үтіктері
 

851679
 

қуырма ыдыстар, басқа да тұрмыстық электр қыздырғыш аспаптар
 

8516720000
 

тостерлер
 

8517110000
 

сымсыз тұтқалы байланыс жасайтын телефон аппараттары
 

8517120000
 

ұялы байланыс желісіне немесе басқа да сымсыз байланыс желісіне арналған телефон аппараттары

851769
 

бейнефондар, домофондар

8517180000
 

басқа да телефон аппараттары

8525803000
 

цифрлық камералар

9006400000
 

дайын суреттерді лезде алатын фотокамералар

9006510000
 

жалпақтығы 35 мм-ден аспайтын катушка түріндегі фотоүлдірге арналған айналы фотокамералар

900652000
 

жалпақтығы 35 мм-ден кем катушка түріндегі фотоүлдірге арналған басқа да фотокамералар

900653
 

жалпақтығы 35 мм катушка түріндегі фотоүлдірге арналған басқа да фотокамералар

900659000
 

басқа да фотокамералар

900661000
 

разрядтық фотожарқылдар (электрондық)

9006690000
 

басқа да фотожарқылдар және 8539 т.п. газразрядты шамдардан басқа жарқыл шамдар