Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 695 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 28 желтоқсанда № 12565 болып тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрық 01.01.2016 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықты алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
      Энергетика министрінің
      міндетін атқарушы                          М. Мырзағалиев

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Инвестициялар және даму министрінің
      міндетін атқарушы
      __________________ А. Рау
      2015 жылғы 4 желтоқсан

Қазақстан Республикасы 
Энергетика министрінің 
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 695 бұйрығымен   
бекітілген     

Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері
оған (оларға) таралатын өнім (тауарлар) тізбесі

ЕАЭО СЭҚТН коды

ЭҚТӨЖ

Өнім (тауарлар)

Темір жол немесе трамвай жылжымалы құрамынан басқа, жерүсті көлігінің құралдары, олардың бөліктері және жабдықтары

870120101

29-бөлімнен:

жаңа өзге де отырылатын тартқыштар

870120901

бұрынғы пайдаланған өзге де отырылатын тартқыштар

8702

жүргізушіні қоса алғанда, 10 немесе одан да көп адамды тасымалдауға арналған моторлы көлік құралдары

8703

жеңiл автомобильдер және жүк-жолаушы автомобильдер-фургондарды және жарыс автомобильдерін қоса алғанда, негiзiнен адамдарды тасымалдауға арналған өзге де моторлы көлiк құралдары (8702 тауар позициясының моторлы көлік құралдарынан басқа)

8704

жүктерді тасымалдауға арналған моторлы көлік құралдары

8705

Жолаушыларды немесе жүктерді тасымалдау үшін пайдаланылатындардан басқа, арнайы мақсаттағы моторлы көлік құралдары (мысалы, авариялық жүк автомобильдері, автокрандар, өрт сөндіру көлік құралдары, автобетонараластырғыштар, жолдарды тазалауға арналған автомобильдер, су құю-жуу автомобильдері, автошеберханалар, рентген қондырғылары бар автомобильдер), жаңалары

8706009109

8703 тауар позициясының моторлы көлiк құралдарына арналған қозғалтқыштар орнатылған өзге де шассилер

Каучук, резеңке және олардан жасалған бұйымдар

4011201000

22.1-тобынан

жүктеме индексі 121-ден аспайтын жүктерді тасымалдау үшін автобустарға немесе моторлы көлік құралдарына арналған шиналар

4011209000

жүктеме индексі 121-ден асатын жүктерді тасымалдау үшін автобустарға немесе моторлы көлік құралдарына арналған шиналар

4011300000

авиацияда пайдалануға арналған пневматикалық жаңа шиналар және тыстар

4011402000

диаметрі 33 см-ден аспайтын тоғындар үшін пневматикалық резеңке жаңа шиналар және тыстар

4011408000

мотоциклдерге арналған өзге пневматикалық резеңке жаңа шиналар және тыстар

4011500000

велосипедтерге арналған пневматикалық резеңке жаңа шиналар және тыстар

4011610000

протекторының «шырша» суреті бар немесе протекторының осыған ұқсас суреттері бар, ауыл және орман шаруашылығында пайдаланылатын көлік құралдарына арналған өзге шиналар

4011620000

құрылыста немесе өнеркәсiпте пайдаланылатын және отырғызу диаметрi 61 см-ден аспайтын көлiк құралдары мен машиналарға арналған шиналар және тыстар

4011630000

құрылыста немесе өнеркәсiпте пайдаланылатын және отырғызу диаметрi 61 см-ден асатын көлiк құралдары мен машиналарға арналған шиналар және тыстар

4011690000

протекторының «шырша» суреті бар немесе протекторының осыған ұқсас суреттері бар өзге шиналар және тыстар

Электр аккумуляторлар және оларға арналған сепараторларды қоса алғанда

8507104101

27, 28-бөлімдерден

азаматтық авиацияға арналған сұйық электролитпен жұмыс істейтін, массасы 5 кг-дан аспайтын поршеньді қозғалтқыштарды іске қосу үшін пайдаланылатын тікбұрышты (оның ішінде төртбұрышты) немесе өзге нысандағы қорғасын электр аккумуляторлар және оларға арналған сепараторларды қоса алғанда

8507104109

сұйық электролитпен жұмыс істейтін, массасы 5 кг-дан аспайтын поршеньді қозғалтқыштарды іске қосу үшін пайдаланылатын тікбұрышты (оның ішінде төртбұрышты) немесе өзге нысандағы өзге қорғасын электр аккумуляторлар және оларға арналған сепараторларды қоса алғанда

8507104901

азаматтық авиацияға арналған сұйық электролитпен жұмыс істейтін, массасы 5 кг-дан аспайтын поршеньді қозғалтқыштарды іске қосу үшін пайдаланылатын тікбұрышты (оның ішінде төртбұрышты) немесе өзге нысандағы өзге қорғасын электр аккумуляторлар және оларға арналған сепараторларды қоса алғанда

8507109201

азаматтық авиацияға арналған сұйық электролитпен жұмыс істейтін, массасы 5 кг-дан асатын поршеньді қозғалтқыштарды іске қосу үшін пайдаланылатын тікбұрышты (оның ішінде төртбұрышты) немесе өзге нысандағы қорғасын электр аккумуляторлар және оларға арналған сепараторларды қоса алғанда

8507109209

сұйық электролитпен жұмыс істейтін, массасы 5 кг-дан асатын поршеньді қозғалтқыштарды іске қосу үшін пайдаланылатын тікбұрышты (оның ішінде төртбұрышты) немесе өзге нысандағы өзге қорғасын электр аккумуляторлар және оларға арналған сепараторларды қоса алғанда

8507109801

азаматтық авиацияға арналған, массасы 5 кг-дан асатын поршеньді қозғалтқыштарды іске қосу үшін пайдаланылатын тікбұрышты (оның ішінде төртбұрышты) немесе өзге нысандағы өзге қорғасын электр аккумуляторлар және оларға арналған сепараторларды қоса алғанда

8507109809

массасы 5 кг-дан асатын поршеньді қозғалтқыштарды іске қосу үшін пайдаланылатын тікбұрышты (оның ішінде төртбұрышты) немесе өзге нысандағы өзге қорғасын электр аккумуляторлар және оларға арналған сепараторларды қоса алғанда

8507209200

сұйық электролитпен жұмыс істейтін өзге қорғасын аккумуляторлар

8507209800

өзге қорғасын аккумуляторлар

8507302000

никельді-кадмий, герметикалық, тікбұрышты (оның ішінде төртбұрышты) немесе өзге нысандағы электр аккумуляторлар және оларға арналған сепараторларды қоса алғанда

8507308100

өзге никельді-кадмий қуатты аккумуляторлар

8507308900

өзге никельді-кадмий аккумуляторлар

8507400000

никельді-темір, тікбұрышты (оның ішінде төртбұрышты) немесе өзге нысандағы электр аккумуляторлар және оларға арналған сепараторларды қоса алғанда

8507802000

өзге никельді-гидридті аккумуляторлар

8507808000

өзге аккумуляторлар

Битумды жыныстардан алынған мұнай және мұнай өнімдері (шикілерден басқасы) және басқа жерде аталмаған немесе қосылмаған, құрамында 70 және одан артық май % мұнай немесе мұнай өнімдері бар, битумды жыныстардан алынған өнімдер, бұл ретте осы мұнай өнімдері құрамында биодизель және пайдаланылған мұнай өнімдері барларын қоспағанда, өнімдердің негізгі құрауыштары болып табылады

2710198200

20-тобынан

мотор майлары, компрессорлық майлау майлары, турбиналық майлау майы

2710198400

гидравликалық мақсаттарға арналған сұйықтықтар

2710198600

ашық түсті майлар, вазелин майы

2710198800

шестерняға арналған май және редукторларға арналған май

Өзге де химия өнімдері

3819000000

20-тобынан

Тежегіш гидравликалық сұйықтықтар және гидравликалық берілістерге арналған, құрамында 70 және одан артық май % мұнай немесе мұнай өнімдері жоқ немесе бар, битумды жыныстардан алынған дайын өзге де сұйықтықтар

3820000000

Антифриздер және мұздануға қарсы дайын сұйықтықтар

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:
      ЕАЭО СЭҚТН Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы
      ЭҚТӨЖ Экономикалық қызмет түрлерінің өнімдер жіктеуіші