Жүйелік оператордың қызмет көрсету, жүйелік және қосалқы көрсетілетін қызметтер нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 691 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 28 желтоқсанда № 12562 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңы 5-бабының 23) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жүйелік оператордың қызмет көрсету, жүйелік және қосалқы көрсетілетін қызметтер нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
В. Школьник

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрі

      2015 жылғы



  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 3 желтоқсандағы
№ 691 бұйрығымен
бекітілген

Жүйелік оператордың қызметтер көрсету, жүйелік және қосалқы көрсетілетін қызметтер нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жүйелік оператордың қызметтер көрсету, жүйелік және қосалқы көрсетілетін қызметтер нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңы (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 23) тармақшасына сәйкес әзірленді және жүйелік оператордың қызмет көрсету, жүйелік және қосалқы қызмет көрсету нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі тәртібін айқындайды.

      2. Қағидалар электр энергиясының көтерме сауда нарығының барлық субъектілеріне қолданылады.

      3. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) веб-сайт – жеке тұлғалар немесе ұйымдардың компьютер желілерінде жалпы мекенжайы (домендік атауы немесе ІP-мекенжайы) бар электрондық құжаттар жүйесі (файл мәліметтері және коды);

      2) веб-интерфейс — бұл құралдардың жиынтығы, оның көмегімен қолданушылар браузер арқылы веб-сайтпен немесе кез келген басқа да қосымшалармен өзара іс-қимыл жасайды;

      3) диспетчер – төмен тұрған диспетчерлік орталықтың диспетчеріне немесе электр энергетикасы субъектілерінің жедел персоналына тиісті диспетчерлік орталықтың операциялық аймағында электр энергетикасының режимі мен электр жабдығын, құрылғылары мен электр желілерін пайдаланудың жай-күйін басқару жөнінде диспетчерлік орталықтың атынан командалар мен өкімдер беруге уәкілетті қызметкер;

      4) диспетчерлік команда – жоғары тұрған диспетчерлік орталықтың диспетчері байланыс арналары бойынша төмен тұрған диспетчерлік орталықтың диспетчеріне немесе электр энергетикасы субъектілерінің жедел персоналына технологиялық жұмыс режимдері мен электр жабдығын, құрылғылары мен электр желілерін пайдалану жай-күйін басқару жөнінде нақты іс-қимыл (іс-қимылдар) жасауға (жасаудан қалыс қалуға) беретін нұсқауы;

      5) жедел басқару – көрсетілген жабдықтың, құрылғылар мен электр желілерінің пайдаланылу жай-күйі тиісті диспетчерлік орталық диспетчерінің командасы бойынша ғана өзгертілетін электр жабдығын, құрылғылар мен электр желілерінің пайдаланылу жай-күйін басқаруды ұйымдастыру;

      6) жедел жүргізу – көрсетілген жабдықпен, құрылғылармен және электр желілерімен операцияларды орындау қарамағында көрсетілген жабдық пен құрылғы бар жедел-диспетчерлік басқарудың жоғары тұрған диспетчерінің рұқсатымен жүргізілетін электр жабдығының, құрылғылар мен электр желілерінің пайдаланылу жай-күйін басқаруды ұйымдастыру;

      7) жоспарлау жүйесі – электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің электр энергиясын өндіру-тұтыну жөніндегі өтінімдерін бір күн бұрын беру, электр энергиясын өндірудің-тұтынудың тәуліктік кестесін қалыптастыру, сондай-ақ күнбе-күн өтінімдерін (бекітілген тәуліктік кестесін түзету) беруге арналған бағдарламалық-техникалық құралдар жиынтығы;

      8) жүйелік шектеулер – Қазақстан БЭЖ-дің технологиялық жұмыс істеу параметрлерінің шекті рұқсат етілетін мәндері;

      9) Қазақстанның бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің (Қазақстан БЭЖ-і) қалыпты жұмыс режимі – режимді жоспарлау кезінде көзделген электр энергетикасы жүйесінің барлық элементтері жұмыс істейтін және жасалған шарттардың талаптарына сәйкес электр энергиясының барлық тұтынушыларын электрмен жабдықтауды қамтамасыз ететін қалыптасқан жұмыс режимі;

      10) Қазақстан БЭЖ-дің авариядан кейінгі жұмыс режимі – электр энергетикасы жүйесінің зақымданған элементін авариялық ажыратудан кейін туындайтын және қалыпты жұмыс режимін қалпына келтіргенге дейін жалғасатын қалыптасқан режим;

      11) Қазақстанның БЭЖ-і электр қуатының резерві – шартта көзделген талаптарға сәйкес келетін қажетті құрылымы, шамасы, сондай-ақ диспетчерлендіруге дайындық дәрежесі бар энергия өндіруші ұйымдар агрегаттарының электр қуаты;

      12) Қазақстан Республикасы электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын өндірудің-тұтынудың нақты теңгерімі (бұдан әрі – нақты теңгерім) – жүйелік оператор есепті кезеңде жасаған электр энергиясының орталықсыздандырылған және орталықтандырылған сауда нарықтарында, теңгерімдеуші нарығында өндірілген, берілген және тұтынылған электр энергиясының көлемін атаулы бөлуді белгілейтін құжат. Нақты теңгерім Қазақстан Республикасы электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің арасында өзара есеп айырысу жүргізу үшін негіз болып табылады;

      13) орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқару – жүйелік оператор жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесі сенімділігінің нормативтік деңгейін және электр энергиясының нормативтік сапасының сақталуын қамтамасыз ететін энергия өндіруші, энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен электр энергиясын тұтынушылардың техникалық келісілген жұмысын үздіксіз басқару процесі.

      14) электр энергиясын сатып алу-сату шарты – электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің арасында белгіленген кезеңде оларды табиғи жеткізумен электр энергиясын сатып алуға-сатуға жасалатын келісім;

      15) электрмен жабдықтауды шектеу – тұтынушыға электр энергиясын беруді толық немесе ішінара тоқтату;

      16) электр энергиясын өндірудің-тұтынудың тәуліктік кестесі – электр энергиясын орталықсыздандырылған сатып алу-сату және электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарықтарындағы көтерме сауда нарығына қатысушылар жасасқан электр энергиясын сатып алу-сату шарттарына сәйкес күнтізбелік әрбір тәулікте электр энергиясын өндіру мен тұтынудың сағат сайынғы шамаларын регламенттейтін, жүйелік оператор бекіткен құжат.

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 18.11.2019 № 376 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Жүйелік оператор электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілеріне шарт негізінде жүйелік қызметтердің мынадай түрлерін көрсетеді:

      1) техникалық қызмет көрсету мен оны пайдалану әзірлігінде ұстап тұруды қамтамасыз ете отырып, ұлттық электр желiсi бойынша электр энергиясын беру бойынша қызмет көрсету;

      2) тұтынуды техникалық диспетчерлендiру бойынша қызмет көрсету;

      3) электр қуатын резервтеу жөніндегі қызмет көрсету;

      4) Қазақстан БЭЖ-нің электр энергиясын өндіру(тұтыну) теңгерімін ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету;

Параграф 1. Жүйелік оператордың қызмет көрсету, жүйелік қызмет көрсету нарығын ұйымдастыру мен оның жұмыс істеуі тәртібі

      5. Ұлттық электр торабы бойынша электр энергиясын беру қызметтері:

      1) электр энергиясын белгілі бір уақыт кезеңінде (апта, ай, тоқсан, жыл) жеткізіп, екіжақты сатып алу-сату мәмілелерін жасасқан көтерме сауда нарығының субъектілеріне;

      2) электр энергиясын Қазақстан Республикасының электр энергетикалық жүйесінен іргелес мемлекеттер территориясы арқылы алатын көтерме сауда нарығының субъектілеріне көрсетіледі.

      Бұндай жағдайларда электр энергиясының көтерме сауда нарығының осы субъектілері ұлттық электр торабы бойынша электр энергиясын жеткізу қызметтерінің ақысын алынған электр энергиясының көлемінде бір рет төлейді.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 18.11.2019 № 376 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Ұлттық электр желісі бойынша электр энергиясын беру жөніндегі қызметтерді көрсету кезінде жүйелік оператор:

      1) Заңға сәйкес жалғануға техникалық талаптарды орындаған электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің электр қондырғыларын ұлттық электр желісіне қосуды қамтамасыз етеді;

      2) шартта келісілген теңгерімді тиесілілік есепке алу нүктелеріндегі бөлу шекараларында, көлемде және мерзімде субъектінің электр энергиясын ұлттық электр желісіне қабылдауды жүзеге асырады;

      3) шартта келісілген теңгерімді тиесілілік есепке алу нүктелеріндегі бөлу шекараларында, көлемде және мерзімде субъектінің электр энергиясын ұлттық электр желілерінен беруді жүзеге асырады;

      4) ұлттық электр желісін жұмысқа жарамды күйде ұстап тұрады;

      5) ұлттық электр желісінің ағымдағы дамуын, пайдаланылуы мен қызмет көрсетуін, ұлттық электр желісіне инвестициялар жоспарлауды жүзеге асырады;

      6) релелік қорғау және аварияға қарсы автоматика жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуді, оларды пайдалану әзірлігінде ұстап тұру және дамытуды жүзеге асырады;

      7) Қазақстан БЭЖ-дегi электр энергиясының стандартты жиiлiгін ұстап тұруға бағытталған шараларды орындайды;

      8) ұлттық электр желісі шегінде электр энергиясын коммерциялық есепке алуды қамтамасыз етеді және Қазақстан Республикасының көтерме сауда нарығында электр энергиясын өндірудің-тұтынудың нақты теңгерімін жасайды;

      9) электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарына кедергісіз қолжетімділікті ұсынады;

      10) электр энергиясын өндіру-тұтыну режимінің тәуліктік кестесін қалыптастыру үшін сатып алынатын электр энергиясының шарттық көлемдері бойынша электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілерінен өтінімдер қабылдайды;

      11) электр энергиясын беру және тұтыну режимдерін жүргізу бойынша өкімдер береді.

      7. Жүйелік оператордан электр энергиясын беру жөніндегі қызмет көрсетуді сатып алатын электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері:

      1) жүйелік операторға электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарына кедергісіз қолжетімділікті ұсынады;

      2) Қазақстан БЭЖ-інде электр энергиясының стандарттық жиілігін ұстап тұруға бағытталған нормативтік талаптарды орындайды;

      3) ток қабылдағыштардың және электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарының тиісті жай-күйін ұстап тұрады;

      4) жүйелік оператордың электр энергиясын беру және тұтыну режимін жүргізу жөніндегі өкімдерін орындайды;

      5) осы Қағидалардың 26-тармағына сәйкес бекітілетін нұсқаулықтардың ережелерін орындайды;

      6) жүйелік операторға электр энергиясын беруге арналған болжамды айлық (ай басталғанға дейін күнтізбелік 10 күн бұрын), тоқсандық (тоқсан басталғанға дейін күнтізбелік 60 күн бұрын), жылдық (жыл басталғанға дейін күнтізбелік 150 күн бұрын) өтінімдерді береді;

      7) шектес елдердің электр желілері арқылы электр энергиясының импорты, экспорты және (немесе) транзиті жағдайында қажетті кедендік рәсімдерді орындайды;

      8) энергия беруші ұйымдармен коммерциялық есепке алудың бірыңғай өлшемін сақтау, электр желілерінің теңгерімді тиесілігі шекарасында коммерциялық есепке алудың жүйелік оператордың автоматтандырылған коммерциялық есепке алу жүйесімен үйлесімдігі мәселелерін келіседі.

      8. Жүйелік оператор электр энергиясын желіге босатуды және тұтынуды техникалық диспетчерлеу қызметін энергия өндіруші ұйымдар, сондай-ақ энергиямен жабдықтаушы, энергия жеткізуші ұйымдарға және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден электр энергиясын жеткізуді (импорттауды), соның ішінде Қазақстан Республикасының электр энергетикалық жүйесінен іргелес мемлекеттер территориясы арқылы электр энергиясын жеткізетін тұтынушыларға көрсетеді.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 18.11.2019 № 376 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Техникалық диспетчерлендіру жөніндегі қызметтерді көрсету кезінде жүйелік оператор:

      1) Қазақстан Республикасы "Электр энергетикасы туралы" Заңға және осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан БЭЖ-нің құрамында электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің электр қондырғыларының жұмыс режимдерін үздіксіз орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды;

      2) жедел-диспетчерлік басқару, телемеханика және байланыс жабдықтары мен құрылғыларына, жедел-ақпараттық кешенге техникалық қызмет көрсету және оларды пайдалану әзірлігінде ұстауды;

      3) Қазақстан Республикасы БЭЖ-інде электр энергиясы сапасының стандарттарымен белгіленген көрсеткіштерін қолдауға бағытталған нормативтік талаптарды орындауды;

      4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген талаптарға жауап беретін электр энергиясын коммерциялық есепке алуды қамтамасыз ету.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Энергетика министрінің 18.11.2019 № 376 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Жүйелік оператор Қазақстан БЭЖ-ін орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқару процесінде:

      1) электр энергиясын сатып алу-сату, беру, электр қуатын реттеу, электр энергиясын өндіруді-тұтынуды теңгерімдеу шарттарының талаптарын іске асыратын Қазақстан БЭЖ-інде электр энергиясын өндіру, беру және тұтыну режимдерін басқаруды;

      2) мемлекетаралық электр энергиясы ағындарының режимдерін басқаруды;

      3) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде технологиялық бұзылуды болдырмауды, оқшаулау мен жоюды қамтамасыз етуді;

      4) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде қуат резервтерін жедел басқаруды;

      5) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің сенімді және орнықты жұмысын қамтамасыз ететін релелік қорғау, аварияға қарсы және режимдік автоматика жүйелерінің құрылымын, қағидаттарын, орналасу орындарын, көлемдері мен орнатылуын айқындауды;

      6) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде электр энергиясын өндірудің-тұтынудың тәуліктік кестелерін қалыптастыруды және бекітуді;

      7) электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын өндірудің-тұтынудың нақты теңгерімдерін жасауды жүзеге асырады.

      11. Жүйелік оператор Қазақстан БЭЖ-інде электр энергиясын өндіру, беру мен тұтыну режимдерін басқаруды:

      1) станциялардың қуатын беру схемасын, ірі тұтынушылардың электр схемалары мен режимдері бөлігінде сыртқы электрмен жабдықтау схемаларын, релелік қорғанысты, аварияға қарсы автоматика мен диспетчерлі басқарудың автоматты жүйесін келісу;

      2) электр станциялары мен электр желілерінде, технологиялық басқару, релелік қорғау және автоматика жүйелерінің негізгі жабдықтарын жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жағдайларды жоспарлау және дайындау;

      3) электр энергиясының көтерме сауда нарығында жасалған шарттардың талаптарын бұзатын, сондай-ақ қатар электр қуатының жүктемені көтеруге дайындығын қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсету шартының талаптарын бұзатын электр энергиясы көтерме сауда нарығының субъектілеріне шектеулер енгізу жөніндегі шараларды әзірлеу;

      4) шектес мемлекеттердің диспетчерлік орталықтарымен, электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілерімен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі жедел-диспетчерлік құжаттарды әзірлеу;

      5) жедел-диспетчерлік басқару аймағына кіретін Қазақстан Республикасының шаруашылық-экономикалық және әлеуметтік кешенін электрмен жабдықтау жай-күйі туралы электр энергетикасы және мемлекеттік энергетикалық қадағалау саласындағы мемлекеттік органдарды ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;

      6) жедел-диспетчерлік басқару аймағына кіретін су электр станциялары мен су қоймаларын пайдалану режимдерін мониторингілеу;

      7) жүйелік оператордың құзыретіне кіретін нұсқаулық материалдарды әзірлеу және олармен орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқару жүйесінің барлық құрылымдарын қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырады.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Энергетика министрінің 18.11.2019 № 376 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Жүйелік оператор мемлекетаралық электр энергиясының ағындарын басқаруды:

      1) шектес мемлекеттердің энергия жүйелерімен қатар жұмысты қамтамасыз етуге байланысты жасалған шарттар мен келісімдер талаптарының мониторингін жүргізу және оларды орындау;

      2) мемлекетаралық электр беру желілері бойынша электр энергиясын жеткізуге және беруге арналған шарттарға техникалық сараптама жүргізу және олардың талаптарының орындалуын бақылау;

      3) мемлекетаралық электр энергиясы ағындарының келісілген мәндерінен ауытқуын реттеу арқылы жүзеге асырады.

      13. Орталықтандырылған диспетчерлік басқару мынадай тәсілмен жасақталған көп деңгейлі құрылым негізінде жүзеге асырылады:

      1) Қазақстан БЭЖ-інде орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқарудың бірыңғай жүйесіндегі ең жоғарғы басқару деңгейі болып табылатын жүйелік оператордың ұлттық диспетчерлік орталығы;

      2) орталықтандырылған диспетчерлік басқару процесінде Қазақстанның жүйелік операторының ұлттық диспетчерлік орталығынан бағынатын жүйелік оператордың өңірлік диспетчерлік орталықтары;

      3) орталықтандырылған диспетчерлік басқару процесінде Қазақстанның жүйелік операторының ұлттық диспетчерлік орталығына, жүйелік оператордың өңірлік диспетчерлік орталықтарына бағынатын өңірлік электр желілік компаниялардың, энергия өндіруші ұйымдардың, электр энергиясының көтерме сауда нарығы тұтынушыларының диспетчерлік бөлімшелері.

      14. Жүйелік оператор орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыру кезінде технологиялық байланыс, релелік қорғау, аварияға қарсы және режимдік автоматика, телемеханика мен объектілерді басқарудың автоматтандырылған жүйелерінің, олардың жұмыс режимдерін бақылау, электр энергиясын есепке алу мен электр энергиясын тұтынуды басқару құралдарының құрылымын, дамуы мен пайдалануын ұйымдастыруды белгілейді.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 18.11.2019 № 376 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Орталықтандырылған-диспетчерлік басқарудың әрбір деңгейі үшін электр беру желілерін, жабдық пен құрылғыларды басқарудың екі санаты: жедел басқару мен жедел жүргізу белгіленеді.

      16. Жедел-диспетчерлік басқарудың тиісті деңгейіндегі диспетчердің жедел басқаруында олармен операциялар жүргізу бағыныстағы жедел-диспетчерлік персоналдың іс-қимылдары мен жедел бағыныстың түрлі деңгейіндегі бірнеше объектілерде келісілген өзгерістерді үйлестіруді талап ететін жабдық, электр беру желісі, релелік қорғау құрылғысы, аварияға қарсы және режимдік автоматика жүйелерінің аппаратуралары, диспетчерлік және технологиялық басқару құралдары болады.

      17. Диспетчердің жедел иелігінде жай-күйі мен режимі электр станциялары мен энергия жүйелерінің қуаты мен резервіне, желілердің режимі мен сенімділігіне, сондай-ақ аварияға қарсы автоматиканы ретке келтіруге әсер ететін жабдық, электр беру желілері, релелік қорғау құрылғылары, аварияға қарсы және режимдік автоматика жүйелерінің аппаратурасы, диспетчерлік және технологиялық басқару құралдары, жедел-ақпараттық кешендер болады.

      18. Барлық электр беру желілері, электр станциялары мен желілердің жабдықтары мен құрылғылары диспетчерлік басқару деңгейлері бойынша бөлінеді.

      19. Ұйымның кезекші диспетчерінің жедел басқаруындағы және иелігіндегі электр беру желілерінің, электр станциялары мен желілердің жабдығы мен құрылғыларының тізбесі жоғары тұрған жедел-диспетчерлік ұйымның немесе бөлімшенің шешіміне сәйкес жасалады және оны осы ұйымның техникалық басшысы бекітеді.

      20. Жүйелік оператордың жедел иелігінде жай-күйі мен режимі өңірлік көтерме сауда тұтынушыларына ұлттық электр желісі бойынша қуатты беруге және аумақтармен ықпалдастырылған электр станцияларынан қуатты беруге әсер ететін электр беру желілері, жабдық, релелік қорғау және автоматика мен аварияға қарсы автоматика құрылғылары, диспетчерлік және технологиялық басқару құралдары болады.

      21. Жабдық, релелік қорғау және автоматика, аварияға қарсы автоматика құрылғылары аталған жедел буында не жедел басқаруда, не жедел иелікте ғана болады. Желінің қандай да бір элементін ажырату үшін жұмыс істеп тұрған (сөндіру фактісі бойынша) релелік қорғау және автоматика мен аварияға қарсы автоматика құрылғыларының жедел басқару шекарасы аталған элементті жедел басқарудың шекараларымен сәйкес келеді.

      22. Электр беру желілері, оларды іске қосу, қорғау, аварияға қарсы автоматика жүйелік оператордың, өңірлік электр желілік компанияның жедел басқаруында болады, бұл ретте желілерді қосу энергия объектілеріндегі кезекші персоналдың жедел басқаруында болады.

      23. Әрбір энергия объектісінде (электр станциялары, электр желілері) жабдықтарды тәулік бойы жедел басқару:

      1) жұмыстың талап етілетін режимін жүзеге асыру;

      2) ауыстырып қосуларды, іске қосулар мен тоқтатуларды жүргізу;

      3) технологиялық бұзылыстарды оқшаулау мен жұмыстың берілген режимін қалпына келтіру;

      4) жөндеу жұмыстарын жүргізуге дайындау жолдарымен ұйымдастырылады.

      24. Жедел-диспетчерлік басқару жедел схемалармен жинақталған диспетчерлік және технологиялық басқару құралдарымен және бақылау жүйелерімен жабдықталған диспетчерлік пункттер мен басқару қалқандарынан жүзеге асырылады.

      25. Жедел-диспетчерлік басқарудың әрбір деңгейінде Заңға сәйкес белгіленген тәптіппен электр энергиясы нарығын ұйымдастыру ерекшелігі ескеріле отырып, жедел-диспетчерлік басқару, жедел келіссөздер мен жазбаларды жүргізу, ауыстырып қосу және авариялық режимдерді жою жөніндегі нұсқаулықтар әзірленеді.

      26. Жедел-диспетчерлік басқарудың түрлі деңгейлерінің өзара іс-қимыл жасауы жедел-диспетчерлік басқарудың жоғары тұрған бөлімшесі бекіткен тиісті нұсқаулықтармен егламенттеледі. Нұсқаулықтарда мыналар:

      1) электр беру желілері мен жабдықтарды диспетчерлік басқару тәсілімен бөлу;

      2) электр станциялардың, электр беру желілері жұмысының берілген режимдерін жүргізу;

      3) электр энергиясы нарығындағы жедел-диспетчерлік басқару;

      4) байланыс пен телеөлшеулерді жеткізуді ұйымдастыру;

      5) жедел және технологиялық ақпараттарды беру;

      6) электр желілері жұмысының орнықтылығын және қалыпты режимдерін есептеу әдіснамасы;

      7) аварияға қарсы автоматика және релелік қорғау мен автоматика құрылғыларын ретке келтірудің негізгі өлшемдерін есептеу әдіснамасы;

      8) желілерді, жабдықтар мен аварияға қарсы автоматика және релелік қорғау мен автоматика құрылғыларын жөндеуге келісу;

      9) қатар жұмысты ұйымдастыру, ауыстырып қосуларды жүргізу, технологиялық бұзылыстарды жою мен релелік қорғау және аварияға қарсы автоматика құрылғыларын техникалық пайдалану мәселелері бойынша құжаттар әзірлеу және келісу;

      10) тәуліктік кестеде берілген режимді жасау және орындау;

      11) жиілік пен кернеуді реттеу;

      12) жедел ажыратып қосуларды жүргізу, сынақтар өткізу;

      13) жедел өтінімдерді беру;

      14) технологиялық бұзылыстарды жою;

      15) технологиялық бұзылыстар, жазатайым оқиғалар туралы ақпараттар беру;

      16) диспетчерлік басқару бойынша өздерінің негізгі функцияларын орындау кезіндегі құқықтар мен жауапкершіліктерді бөлу белгіленеді.

      27. Барлық деңгейлердегі жедел келіссөздер бірыңғай терминологияны, үлгілік өкімдерді, хабарламаларды қолдана отырып жүргізіледі және жедел-диспетчерлік құжаттамаға, сондай-ақ магнитофондық таспаға, компьютерге жазбалармен тіркеледі.

      28. Жедел диспетчерлік басқару субъектілері орталықтандырылған диспетчерлік басқару процесінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының белгіленген талаптарына сәйкес:

      1) орталықтандырылған диспетчерлік басқару жүйесі нормаларының сақталуын, екі тәуелсіз бағыт бойынша өңірлік диспетчерлік орталықпен байланыстың болуын;

      2) электрмен жабдықтауға жасалған шарттар бойынша жүйелік оператор белгілеген режимдердің сақталуын;

      3) жүйелік операторды электр энергиясының нақты теңгерімдерін жасау үшін қажетті дұрыс және уақтылы ақпаратпен;

      4) Заңға сәйкес жүйелік оператордың жедел басқаруындағы Қазақстан Республикасының электр станциялары жабдықтарын жөндеу кестелерінің сақталуын;

      5) жүйелік оператордың жедел басқаруындағы, иелігіндегі релелік қорғау, аварияға қарсы және режимдік автоматика құрылғылары жұмыс режимдерінің және схемаларының сақталуын;

      6) Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау саласындағы өкілетті орган белгілеген су қоймаларынан суды жіберуін орындау;

      7) аварияға қарсы автоматика жүйелері мен аспаптарын, автоматтандырылған диспетчерлік басқару жүйесі, релелік қорғау және автоматика құралдарын орналастыру және орнату жөнінде жүйелік оператордың нұсқауларының орындалуын және олардың тиісінше пайдаланылуын;

      8) диспетчерлік технологиялық басқару құралдарының, соның ішінде жүйелік оператордың жедел-ақпараттық кешенімен біріздендірілген жүйелік оператордың диспетчерлік орталықтары, дисрпечтерлік басқарудың жедел-ақпараттық кешенімен байланыс құралдарының болуын қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 18.11.2019 № 376 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      29. Жүйелік оператор жедел-диспетчерлік басқару процесінде тәуліктік кестені жасайды, ол күн сайын алдағы операциялық тәуліктерге жасалады. Сенбі, жексенбі мен дүйсенбіге арналған тәуліктік кесте жұма күні, мерекелік күндерге мерекенің алдындағы жұмыс күні жасалады.

      30. Тәуліктік кестеде есептік тәуліктің әрбір сағатына өндірілетін және тұтынылатын электр энергиясының көлемі (электр қуатының орташа сағаттық мәні) көрсетіледі.

      31. Жүйелік оператор тәуліктік кестені:

      1) электр энергиясының орталықсыздандырылған сатып алу-сату нарығында жасалған шарттарға және орталықтандырылған сауда нарығында жасалған мәмілелерге сәйкес және энергия өндіруші ұйымдар мен бірыңғай сатып алушы арасында электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызмет көрсетуге жасалған шарттарды есепке ала отырып, электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілері жобалау жүйесіне ұсынған алдағы тәуліктің әрбір сағатына арналған электр энергиясын өндіру-тұтыну бойынша өтінімдер;

      2) энергия өндіруші, энергиямен жабдықтаушы, энергия жеткізуші ұйымдардан, электр энергиясының тұтынушылары мен басқа мемлекеттердің энергия жүйелерінен түскен өтінімдер негізінде қалыптастырады және веб-интерфейсте орналастырады.

      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 18.11.2019 № 376 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      32. Тәуліктік кестеде операциялық тәуліктегі 24 сағаттың әрқайсысы үшін жоспарланған мынадай орташа сағаттық мәндер көрсетіледі:

      1) Қазақстан Республикасы бойынша тұтас алғанда және оның ішінде өңірлер мен жекелеген электр станциялары бойынша электр энергиясын өндіру;

      2) Қазақстан Республикасы бойынша тұтас алғанда және оның ішінде өңірлер бойынша электр энергиясын тұтыну;

      3) шектес мемлекеттердің энергия жүйелерімен электр энергиясының сальдо-ағындары;

      4) әрбір электр станцияның жеке мұқтаждағына арналған электр энергиясының шығысы;

      5) әрбір энергия өндіруші ұйымнан түскен оның әрбір келісімшарт жасаған тұтынушысы – электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектісі бойынша бөле отырып, сатып алу сатудың екі жақты шарттары, орталықтандырылған сауда-саттықта жасалған мәмілелер бойынша жеткізіп беруді ескеретін, электр энергиясын жеткізудің сағаттық көлемдері;

      6) әрбір өнім берушіге, оның ішінде электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығының нәтижелері бойынша бөле отырып, әрбір тұтынушының жүктемесі;

      7) ұлттық электр желісінде, өңірлік және жергілікті деңгейдегі электр желілерінде электр энергиясының технологиялық шығысының орнын толтыруға арналған электр энергиясының көлемдері;

      8) су электр станцияларындағы сулардың шығыстары;

      9) бақыланатын қималар бойынша электр энергиясының ағындары.

      33. Тәуліктік кесте жасау кезінде солтүстік энергия көздерінен Қазақстанның оңтүстік аймағының көтерме сауда нарығының субъектісі мәлімдеген электр энергиясын жеткізу көлемі Қазақстанның Солтүстік-Оңтүстік транзитінің өткізу қабілетінің осы субъекті үшін бөлінген көлемінен аспайды.

      34. Мәлімделген жеткізілімдердің негізділігін растау үшін жүйелік оператор жоспарлау жүйесімен қабылданған өтінімдерді шарттарда көрсетілген көлемдермен салыстырады:

      1) қосалқы қызметтер көрсетуге;

      2) ұлттық электр желісі бойынша электр энергиясын беру жөніндегі қызметтер көрсетуге;

      3) электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсетуге;

      4) желіге босатуды және электр энергиясын тұтынуды техникалық диспетчерлендіру жөніндегі қызметтерді көрсетуге (қажет болған жағдайда);

      5) энергия өндіруші ұйымдар мен Бірыңғай сатып алушы арасында жасалған электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы;

      6) қуат нарығының тұтынушылары мен электр қуаты нарығындағы бірыңғай сатып алушы арасында жасалған электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетуге.

      Жүйелік оператор берілген өтінімдердің Қазақстан БЭЖ жұмысының орнықтылығы және сенімділігі өл шемдеріне сәйкес техникалық іске асырылуы мәніне техникалық сараптаманы жүзеге асырады.

      Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 18.11.2019 № 376 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      35. Жүйелік оператор электр энергиясын өндіру-тұтыну бойынша мына жағдайларда:

      1) жүйелік оператор тіркеген жүйелік қызмет көрсетуге арналған шарттар болмаған кезде;

      2) көтерме сауда тұтынушыда бірыңғай сатып алушымен электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге арналған шарттар болмаған кезде;

      3) өтінім осы Қағидалардың 41-тармағымен белгіленген мерзімнен кешіктіріліп берілген кезде;

      4) өтінімдердің Қазақстан БЭЖ жұмысының орнықтылығы мен сенімділігі өлшемдеріне сәйкес келмеген кезде;

      5) Қазақстанның оңтүстік аймағының көтерме сауда нарығының субъектілеріне электр энергиясын беруге арналған өтінімдер осы Қағидалардың 39-тармағына сәйкес бөлінген Қазақстанның Солтүстік-Оңтүстік транзитінің өткізу қабілетінің көлеміне сәйкес келмеген кезде өтінімнен бас тартады.

      Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 18.11.2019 № 376 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      36. Көтерме сауда тұтынушысы мен энергия өндіруші ұйымның өтінімдерінде жеткізу көлемі сәйкес келмеген жағдайда, жүйелік оператор тәуліктік кестеде мәлімделген көлемдердің ең төменгісін есепке алады.

      Бұл ретте энергия өндіруші ұйымның генерациясының жұмыс электр қуаттарының, технологиялық және техникалық минимумдарының ведомосіне сәйкес энергия өндіруші ұйымды генерациялаудың техникалық мүмкіндігі ескеріледі.

      Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 18.11.2019 № 376 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      37. Су электр станциялары рұқсат етілген су шығындарын бұзған жағдайда жүйелік оператор станцияның өтінімін пысықтау үшін қайтарады.

      38. Жүйелік оператор электр энергиясын өндіру аралығында теңгерімдеу болмаған кезде станциялардың жеке және технологиялық қажеттіліктеріне кететін шығыс пен тұтынушыларға жеткізілетін жиынтық көлемді ескере отырып, сондай-ақ мәлімделген өндіру станцияның жұмыс істеп тұрған жабдықтарының техникалық сипаттамаларына сәйкес келмеген жағдайда энергия өндіруші ұйымның электр энергиясын жеткізуге арналған өтінімін пысықтауға қайтарады.

      38-1. Энергия өндіруші ұйым Жүйелік операторға тиісті жоспарлау тәулігіне ұсынылған энергия өндіруші ұйымның құрамына кіретін электр станцияларының жұмыстық электр қуаттары, технологиялық және техникалық минимумдары шеңберінде тұтынушылардың өтінімдеріне сәйкес генерациялау режимдерін сағаттық жоспарлауды қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 38-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 18.11.2019 № 376 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      39. Қазақстанның Солтүстік-Оңтүстік транзитінің өткізу қабілетін бөлу тетігі мынадай:

      1) жүйелік оператор Қазақстанның Солтүстік-Оңтүстік транзитінің өткізу қабілетінің шамасын транзиттің орнықтылығы жөніндегі техникалық талаптарға сүйене отырып, жоспарланған режимдер мен электр желілік жабдықтардағы жөндеулерді, жүктемені ажыратудың арнайы автоматикасына қосылған жүктеме көлемін ескеріп, ұлттық электр желісіндегі шығындардың өтелуін шегере отырып айқындайды;

      2) жүйелік оператор тоқсан сайын Қазақстан БЭЖ-інің оңтүстік аймағының электр энергиясын өндірудің-тұтынудың (орташа сағаттық қуаты) алдағы тоқсанға арналған болжамды теңгерімін (бұдан әрі – болжамды теңгерім) өткен жылдардың осындай кезеңдеріндегі тұтыну жөніндегі нақты деректердің негізінде, тұтынудың болжамдық өзгерістері мен Жамбыл МАЭС-ін қоспағанда, оңтүстік Қазақстанның энергия өндіруші ұйымдары ұсынған өтінімдерін ескере отырып әзірлейді;

      3) болжамды теңгерім Жамбыл МАЭС-інің өндіруін қоспағанда, Қазақстанның оңтүстік аймағының тұтынуы мен өндіруінің арасындағы айырма ретінде электр энергиясы тапшылығының жиынтық шамасын айқындайды;

      4) болжамды теңгерім тұтынушының, оның ішінде энергиямен жабдықтау және энергия беру ұйымдарының электр энергиясы тапшылығының шамасын (орташа сағаттық қуат) өңірлік энергия көздерінің тұтынуы мен сатып алу шамасының арасындағы айырма ретінде айқындайды;

      5) бөлу коэффициенті транзиттің өткізу қабілеті шамасының электр энергиясының болжанып отырған тапшылығының жиынтық шамасына қатынасы ретінде айқындалады;

      6) тұтынушы, оның ішінде энергиямен жабдықтау, энергия беру ұйымдары үшін транзиттің өткізу қабілеті резервінің шамасы бөлу коэффициенті мен оның тапшылығының туындысы ретінде айқындалады;

      7) энергия жабдықтаушы ұйымдарды тұтынушылар ауыстырған не электр энергиясының көтерме сауда нарығына өз бетінше шыққан кезде жүйелік оператор өткізу қабілеті резервінің шамасына тиісті түзетулер енгізуді көздейді, олар тоқсан сайын жүргізілуі мүмкін;

      8) жүйелік оператор тоқсан басталғанға дейін 15 күн бұрын оңтүстік Қазақстанның электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің назарына байланыстың жедел арналары арқылы электр энергиясының болжамды тапшылығының шамасын, бөлу коэффициентін, әрбір көтерме сауда субъектісі үшін транзиттің өткізу қабілеті резервінің шамасын жеткізеді;

      9) жүйелік оператор Қазақстанның оңтүстік аймағының тұтынушылары үшін резервтелген өткізу қабілетінің шамасын Қазақстанның оңтүстік аймағы тұтынушыларының нақты тұтынуының болжамнан айтарлықтай және (немесе) ұзақ уақыт бойы ауытқуы, сондай-ақ Қазақстанның Солтүстік-Оңтүстік транзиті жұмыс режимінің өзгеруі жағдайларында түзетеді;

      10) алып тасталды – ҚР Энергетика министрінің 18.11.2019 № 376 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. 39-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Энергетика министрінің 18.11.2019 № 376 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      40. Қазақстанның Солтүстік-Оңтүстік транзитінің өткізу қабілетін барынша толығымен пайдалану мақсатында көрсетілген қима бойынша электр энергиясын жеткізуді жүйелік оператор бірқалыпты кестемен жоспарлайды.

      41. Орталықсыздандырылған сауда нарығында жасалған шарттар бойынша өтінімдер операция тәулікте тәулік сайын алдындағы тәуліктің сағат 11-ге дейін (бұл жерде және бұдан әрі Нұр-Сұлтан қаласының уақыты) жіберіледі. Өтінімдер XML-файл түрінде жоспарлау жүйесінің веб-интерфейсі арқылы жүктеу жолымен немесе электрондық пошта (e-maіl) арқылы жөнелту жолымен беріледі және жүйелік оператордың веб-сайтында орналастырылған электр энергиясын жеткізуге арналған өтінімдерді қалыптастыру, жеткізу, өңдеу жөніндегі жүйелік оператор әзірлеп бекіткен нұсқаулыққа (бұдан әрі – Нұсқаулық) сәйкес өңделеді. Жоспарлау жүйесінің веб-интерфейсіне жүгінген кезде технологиялық іркілістер болған жағдайда өтінімдерді беру электронды пошта арқылы жүйелік оператормен келісілген электрондық мекенжайға жіберіледі. Сенбі, жексенбі мен дүйсенбіге арналған өтінімдер жұма күні, мерекелік күндерге өтінімдер мерекенің алдындағы жұмыс күні беріледі.

      Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 18.11.2019 № 376 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      42. Тәуліктің сағат 12-не (он екі) дейін жүйелік оператор электр энергиясын өндірудің-тұтынудың сағаттық көлемдерінің сәйкестігін салыстырады және сәйкессіздікті айқындайды, мәлімделген көлемдерді электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерімен келісуді, келісілген деректерді енгізуді жүргізеді. Операциялық тәуліктің алдындағы тәуліктің сағат 12-нен (он екі) кейін жобалау жүйесінде өтінімдерді қабылдау тоқтатылады.

      43. Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығының нәтижелерін электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығының операторы өткен операциялық тәуліктің алдындағы тәуліктің сағат

      14-не (он төрт) дейін жібереді. Сенбі, жексенбі мен дүйсенбі күнгі электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттық нәтижелері - жұма күні, мерекелік күндерге – мерекенің алдындағы жұмыс күні беріледі.

      44. Тәуліктің сағат 16-на (он алты) дейін жүйелік оператор электр энергиясының мемлекетаралық келісімшарттық ағындарының кестелерін шектес мемлекеттердің уәкілетті диспетчерлік бөлімшелерімен келіседі.

      45. Жүйелік оператор бекіткен тәуліктік кесте өткен операциялық тәуліктің алдындағы тәуліктің сағат 17-не (он жеті) дейін жоспарлау жүйесінің веб-сайтында орналастырылады. Электр энергиясы нарығының субъектілеріне, электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттық операторына электрондық пошта арқылы операциялық тәуліктерге арналған көлемдерді растаушы есеп орындау үшін жіберіледі.

      46. Бекітілген тәуліктік кестеге операциялық сағат басталғаннан бұрын 2 сағаттан кешіктірілмей түзету енгізуге жол беріледі.

      Түзетуге энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар және электр энергиясын сатып алу жүзеге асырылатын тиісті энергия өндіруші ұйымдардың келісімі бойынша көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын тұтынушылар бастамашылық жасайды.

      Түзетулер беру жүйелік оператордың диспетчерлік персоналымен жедел келіссөз жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

      Энергия өндіруші ұйымдардың техникалық мүмкіндігі сатып алу-сату шарттарына сәйкес болған жағдайда, болжалды түзетулердің техникалық іске асырылуы мүмкін болған жағдайда жүйелік оператор жоспарлау жүйесіне түзету енгізеді, түзетуге келісу белгісін береді және тәуліктік кестеге енгізеді.

      Ескерту. 46-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 18.11.2019 № 376 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      47. Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында іске қосылған қуат резервін жүйелік оператор бекітілген тәуліктік кестеге түзету ретінде ресімдейді.

      48. Жүйелік оператор бекіткен тәуліктік кесте операциялық тәуліктің алдындағы тәуліктің сағат 17-сіне (он жеті) дейін жоспарлау жүйесіне орналастырылады. Электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілеріне, электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттық нарығының операторына операциялық тәулікке жеткізу көлемдерін растайтын хабарлама электрондық пошта арқылы жіберіледі.

      49. Есептік кезеңнің нәтижелері бойынша жүйелік оператор Қазақстан Республикасының көтерме сауда нарығында электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақты теңгерімін қалыптастырады. Нақты теңгерімді құрастыру үшін көтерме сауда нарығының субъектілерімен беру, тұтыну көлеміне салыстыру актілерінің көшірмелері, энергия беруші компаниялардың, оның ішінде электр энергиясын қабылдаудың–жіберудің жиынтық нақты теңгерімдері, өңірлік электр желілік компаниялардың, шекаралас энергия желілерімен салыстыру актілерінің көшірмелері есептік ақпарат болып табылады. Көтерме сауда нарығының субъектілері есептік ақпаратты жүйелік оператордың ұлттық диспетчерлік орталығына есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне дейін жібереді.

      50. Жүйелік оператордың ұлттық диспетчерлік орталығы әрбір энергия өндіруші ұйым бойынша нақты теңгерімінде:

      1) түзетулерді есепке ала отырып, тәуліктік кестеде мәлімделген электр энергиясын жеткізу көлемін;

      2) энергия өндіруші ұйым теңгерім тиесілігі шегінде коммерциялық есепке алу аспаптары тіркеген электр энергиясының нақты жеткізілген көлемін;

      3) басқа энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясын сатып алу-сатудың мәлімделген және нақты көлемдерін;

      4) әрбір келісімшарттық сатып алушыға электр энергиясын сатудың мәлімделген және нақты көлемдерін;

      5) орталықтандырылған сауда-саттыққа арналған мәмілелер бойынша электр энергиясын сату (сатып алу) көлемін;

      6) қосымша өндірілген электр энергиясын сатып алушыны көрсете отырып, сатылған электр энергиясының келісімшарттан тыс (келісімшартсыз) көлемін;

      7) электр энергиясын өндіруші ұйым теңгерімнің провайдері болып табылған жағдайда, электр энергиясы теңгерімсіздігін сату (сатып алу) көлемдерін көрсетеді.

      51. Әрбір тұтынушы бойынша нақты теңгерімде, оның ішінде энергиямен жабдықтаушы және энергия жеткізуші ұйымдар бойынша жүйелік оператордың ұлттық диспетчерлік орталығы:

      1) шарттар бойынша электр энергиясын сатушылардың әрқайсысынан электр энергиясын сатып алудың мәлімделген және нақты көлемдерін;

      2) орталықтандырылған сауда-саттыққа арналған мәмілелер бойынша электр энергиясын сатып алу көлемін;

      3) қосымша өндірілген электр энергиясының сатушысын көрсете отырып, келісімшарттан тыс (келісімшарттық емес) тұтынылған электр энергиясының көлемін;

      4) электр энергиясын сатып алушы теңгерімнің провайдері болып табылған жағдайда, электр энергиясы теңгерімсіздігін сату (сатып алу) көлемдерін көрсетеді.

      52. Есепті айдан кейінгі айдың 20-күніне (жиырма) дейінгі мерзімде жүйелік оператордың ұлттық диспетчерлік орталығы есепті кезеңде көтерме сауда нарығында электр энергиясын сатып алу-сату операцияларын жүзеге асыратын электр энергиясының көтерме сауда нарығының барлық субъектілеріне бекітілген нақты теңгерімнің электронды көшірмесін береді.

      53. Электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері жүйелік оператордан техникалық диспетчерлендіру бойынша қызмет көрсетуді алу кезінде:

      1) тоқ қабылдағыштарды, электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарын тиісті техникалық жай-күйде ұстап тұрады және олардың техникалық жай-күйіне қойылған талаптарды орындайды;

      2) Қазақстан БЭЖ-інде белгіленген электр энергиясының сапалық көрсеткіштерін қолдауға бағытталған нормативтік талартарды 13109-97 МЕМС сәйкес орындайды;

      3) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы қолданыстағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін электр энергиясын коммерциялық есепке алуды қамтамасыз етеді;

      4) жүйелік оператор персоналының электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарына, сондай-ақ мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау органының өкілдеріне Заңнамаға сәйкес электр қондырғыларының техникалық жай-күйі мен пайдалану қауіпсіздігіне бақылау жүргізуі үшін кедергісіз қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 53-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Энергетика министрінің 18.11.2019 № 376 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      54. Жүйелік оператор өндіруші қуаттың тапшылығы туындаған жағдайларда қуатты резервтеу жөнінде көтерме сауда нарығының субъектілеріне қызмет көрсетеді және шартта келісілген көлемде және мерзімде резервтік қуаттың жеткізілуін жүзеге асырады.

      55. Жүйелік оператор қуатты резервтеу бойынша қызмет көрсету кезінде:

      1) шартта келісілген көлемде және мерзімде резервтік қуатты жеткізуді қамтамасыз етеді;

      2) резервтік қуатты жеткізуді күту режиміндегі қажетті шектерде ұлттық электр желісінің өткізу қабілетін қамтамасыз етеді;

      3) өндіруші қуаттың тапшылығы туындаған жағдайда резервтік қуатты сатып алудың, берудің және көтерме сауда нарығы субъектісіне жеткізудің шарттық талаптарын орындауды қамтамасыз етеді;

      4) электр энергиясын өндірудің-тұтынудың болжамды теңгерімі негізінде қуатты резервтеу бойынша қызмет көрсетуге Қазақстан БЭЖ-інің қажеттілігін болжайды;

      5) Қазақстан БЭЖ-інде белгіленген электр энергиясының сапалық көрсеткіштерін қолдауға бағытталған шараларын 13109-97 МЕМС сәйкес орындайды.

      56. Қазақстан БЭЖ-інде электр энергиясын өндірудің (тұтынудың) теңгерімін ұйымдастыру бойынша жүйелік қызметтерді тұтынушыларға, энергия жеткізуші, энергия өндіруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға жасалған шартқа сәйкес жүйелік оператор көрсетеді.

Параграф 2. Қосалқы қызмет көрсетуді ұйымдастыру және оның жұмыс істеу тәртібі

      57. Жүйелік оператор Қазақстан БЭЖ-інде электр энергиясының сенімділігі мен сапасының белгіленген нормаларын қамтамасыз ету үшін қосалқы қызметтерді шарттық негізде көтерме сауда нарығының субъектілерінен сатып алады.

      58. Қуатты (жиілікті) реттеу бойынша жүйелік операторға қосалқы қызмет көрсету кезінде бұл қызметтердің жеткізушілері:

      1) жүйелік операторға Қазақстан БЭЖ-де реттеуіш диапазонды құру үшін қажетті ақпаратты ұсынады;

      2) Заңға сәйкес өз жабдықтарының, реттеу жүйелерінің тиісті техникалық жай-күйін қамтамасыз етеді;

      3) жүйелік оператордың қосалқы қызметтер көрсету шарттарында белгіленген көлемдер мен мерзімдерге сәйкес электр энергиясы генерациясының (тұтыну) көлемін өзгерту өкімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;

      4) қосалқы қызметтер көрсету шарттарында белгіленген көлемдер мен мерзімдерге сәйкес электр энергиясы генерациясының көлемдерін өзгертуге жиілік пен қуатты автоматты реттеу жүйесінің сигналдарын іске асыруды қамтамасыз етеді.

      Бұл ретте қуатты (жиілікті) реттеу бойынша қосылқы қызметтер көрсету үшін ең алдымен жиілік пен қуатты автоматты реттеуге жұмылдырылған және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 210 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Электржелілік қағидаларына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10899 болып тіркелген) Электр желілік қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесіндегі жиілікті және қуаттың сальдо-ағындарын реттеу бойынша электр станцияларына қойылатын талаптарға сай келетін қызмет жеткізушілері тартылады.

      Ескерту. 58-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 18.11.2019 № 376 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      59. Қуатты (жиілікті) реттеу бойынша қосалқы қызмет көрсету кезінде жүйелік оператор:

      1) қызмет көрсетушінің мәлімделген реттеу диапазонын ұсынуға дайындығына тестілеу жүргізеді;

      2) қосалқы қызмет көрсету шартында белгіленген көлем мен мерзімге сәйкес электр энергиясын өндіру (тұтыну) шамасының өзгеруіне, соның ішінде автоматты режимде, нұсқаулар береді. Қуатты (жиілікті) реттеу бойынша көрсетілген қызметтің нақты көлеміне шартта белгіленген тәртіппен ақы төленуге тиіс.

      Ескерту. 59-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Энергетика министрінің 18.11.2019 № 376 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      60. Қуатты (жиілікті) реттеу бойынша қосалқы қызмет көрсетуге арналған шартта жүйелік операторға:

      1) қуатты (жиілікті) реттеу бойынша қызмет көрсетудің шартты көлемі;

      2) реттеудің кепілді ауқымы (МВт) және оны ұсыну тәртібі.

      Ескерту. 60-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Энергетика министрінің 18.11.2019 № 376 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      61. Авариялық бұзылыстар жағдайларында оны жою үшін өндіруші агрегаттарды қосу (өшіру) немесе электр станциялары генераторларының белсенді жүктемесін өзгерту қажет болғанда, жүйелік оператор электр желісінің тиісті учаскесінде "авария" режимін енгізеді және Заңға сәйкес электр қуатының резервтерін қолданысқа енгізеді.

      62. Қазақстанның барлық электр станцияларының толық ажыратылуына әкелген авариялық бұзылыстар жағдайларында, жүйелік оператор шектес мемлекеттердің энергия жүйелерімен шарттар, оның ішінде электр энергиясын сатып алу, қуатты реттеу бойынша қызметтер көрсетуге, авариялық өзара көмек туралы шарт негізінде энергия желілерін токтан ажыратылған күйден қосу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады.

      63. Қазақстанның БЭЖ-нің жекелеген бөліктерінің ажыратылуына әкелген авариялық бұзылыстар жағдайларында, жүйелік оператор электр қуаты резервтерін әзірлікте ұстап тұру бойынша қызмет көрсетуге, электр қуатын қалпына келтіру бойынша, қуатты реттеу бойынша қызмет көрсетуге, көтерме сауда нарығының субъектілерімен шарттарды қолдану арқылы токтан ажыратылған өңірде, электрлік қоректендіруді қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады.