Электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге арналған үлгілік шартты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 684 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 28 желтоқсанда № 12560 болып тіркелді.

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрыққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР Энергетика министрінің 02.11.2018 № 436 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрық 01.01.2018 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңы 5-бабының 7-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге арналған үлгілік шарт бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

Қазақстан Республикасының


Энергетика министрі

В. Школьник


  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 3 желтоқсандағы
№ 684 бұйрығымен
бекітілген

Электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету
бойынша қызмет көрсетуге арналған үлгілік шарт

      _________________________ ___жылғы "__"___________

      (шарттың жасалған орны)

      Бұдан әрі Тұтынушы деп аталатын

      _______________________________________________________________

      (ұйымның атауы)

      _______________________________________________________________

      (құрылтай құжаттары, мемлекеттік тіркеу анықтамасы,

      _____________________________________________________________________

      берілген күні мен берген орган)

      атынан ________________________________ негізінде әрекет ететін

      (құжаттың атауы)

      _____________________________ бір тараптан және бұдан әрі Өнім

      (лауазымы, А.Ә.Т.)

      беруші деп аталатын ____________________________________ атынан

      (ұйымның атауы)

      _______________________________________________________________

      (құрылтай құжаттары, мемлекеттік тіркеу туралы анықтама,

      берілген күні

      _________________ негізінде әрекет ететін______________________

      және берген орган) (лауазымы, А.Ә.Т.)

      екінші тараптан төмендегі туралы осы Электр қуатының жүктеме көтеруге

      әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге арналған шартты

      (бұдан әрі – Шарт) жасасты.

1. Шартта қолданылатын негiзгi ұғымдар

      1. Осы Шартта мынадай негiзгi ұғымдар мен анықтамалар қолданылады:

      1) электр қуатының болжамдық сұранысы – электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің электр қуатын бір жылдағы ең көп тұтынудың болжамдық шамасын және Қазақстанның біртұтас электр энергетикалық жүйесінің электр қуатының қажетті резервтерін анықтайтын Жүйелік оператор әзірлеген құжат;

      2) есеп айырысу кезеңi – электр қуатының жүктеме көтеруге дайындығын қамтамасыз ету жөнiндегі қызметке есеп айырысу жүргiзiлетiн айдың бiрiншi күнi сағат 00-00-ден бастап соңғы күнi сағат 24-00-ге дейiн күнтiзбелiк бiр айға тең уақыт кезеңi ретiнде Шартта белгiленген кезең (орташа еуропалық уақыт - Гринвич меридианының уақыты плюс бір сағат);

      3) электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету қызметі – жүктемені көтеруге Қазақстан Республикасы бірыңғай электр энергетикалық жүйесіндегі генерациялық қондырғының электр қуаты тәртібінде орнатылған аттестаттық дайындықты қамтамасыз ету бойынша бірыңғай сатып алушымен көрсетілетін қызмет;

      4) уәкiлеттi орган - электр энергетикасы саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      5) бақылау сағаттары - 17-00-ден бастап 23-00-ге дейінгі қоса алынған аралық (Астана уақыты);

      6) жүйелiк оператор - орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқаруды, басқа мемлекеттердiң энергетикалық жүйелерiмен қатарлас жұмыс iстеудi қамтамасыз етудi, энергетикалық жүйедегi теңгерiмдi ұстап тұруды, жүйелік қызмeттep көрсетуді және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектiлерiнен қосалқы көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуды, сондай-ақ электр энергиясын ұлттық электр желiсi бойынша берудi, оған техникалық қызмет көрсетудi және оны пайдалану әзiрлiгiнде ұстап тұруды жүзеге асыратын ұйым;

      7) коммерциялық есепке алу кешені – коммерциялық есепке алу үшін қажетті, коммерциялық есепке алудың белгілі бір нүктесі мен ақпаратты жинақтау құрылғысына қосылу нүктесі арасында орналасқан жабдық;

      8) қызметтердің шартты көлемі – барлық сыныптағы кернеулі желілер бойынша жиынтық тұтынудың бір жылдағы ең жоғарғы электр қуатының анағұрлым көп шамасына тең қызметтердің шартты көлемі;

      9) жүктеме бейіні – жүйелік оператормен мақұлданған (анықталған) электр энергиясын тұтынушының (энергиямен қамтамасыз етуші кәсіпорын) сағаттық тұтыну мәнін есептеу (сальдо-ток) алгоритмі. Жүктеме бейіні сағаттық коммерциялық есеп (құралдар) мәліметтер жүйесі болмаған жағдайда тұтынудың нақты сағаттық мәнін есептеу үшін (сальдо-тоқ) пайдаланылады.

      10) нақты көрсетілген қызметтер тізімдемесі – есептік кезеңде электр қуаты нарығында нақты көрсетілген қызмет көлемдерін атаулы бөлуді белгілейтін, жүйелік оператор жасаған құжат. Нақты көрсетілген қызмет тізімдемесі Қазақстан Республикасының электр қуаты нарығында өзара есеп айырысуды жүргізу үшін негіз болып табылады;

      11) жүйелік оператордың ұлттық диспетчерлік орталығы (бұдан әрі – ЖО ҰДО) – Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде (бұдан әрі – ҚР БЭЖ) электр энергиясы мен қуатын өндіру, беру және тұтыну режимдерін орталықтан оралымды-диспетчерлік басқару функцияларын жүзеге асыратын жүйелік оператордың құрылымдық бөлімшесі.

      Осы Шартта қолданылатын өзге ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.

2. Шарттың нысанасы

      2. Өнім беруші осы шартқа және Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнама талаптарына сәйкес электр қуатының жүктемені көтеруге дайындығын қамтамасыз ету жөнінде қызмет көрсетуге (бұдан әрі – қызмет), ал Тұтынушы қызметті қабылдауға және ақы төлеуге міндеттенеді.

      3. Тұтынушы Өнім берушінің қызметіне Шартта белгіленген мөлшерде және тәртіпте ақы төлеуге міндеттенеді.

      4. Қызмет көрсетудің техникалық талаптары мен сипаттамалары:______________________________________________________(осы тармақта нормативтiк техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес келуі тиiс Шарт нысанасының техникалық талаптары мен сипаттамалары көзделедi, қажет жағдайда Шарттың қосымшалары ресімделеді).

3. Қызметтердің шартты көлемі

      5) Қызметтердің шартты көлемі осы Шарт бойынша тиісті жылға электр қуатына болжамдық сұраныста түзетулері есепке алына отырып, көрсетілген барлық сыныптағы кернеулі желілер бойынша жиынтық тұтынудың ең жоғарғы электр қуаты шамасына тең көлемде белгіленеді. Электр қуатының жүктеме көтеруге дайындығын қамтамасыз ету жөніндегі қызметтің шартты көлемін азаю жағына қарай өзгертуге рұқсат берілмейді.

      6) Қызметтердің шартты көлемі Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 152 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 10612 тіркелген) Электр қуаты нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі қағидасында (бұдан әрі - Электр қуаты нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі қағидасы) белгіленген мерзімде Тұтынушының өтінімі бойынша көбейтілуі мүмкін.

4. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      7. Тұтынушы:

      1) қызметтерді осы Шартқа және Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес алуға;

      2) Өнім берішуге тәртіпте қызметтердің шартты көлемін өзгерту үшін өтінім беруге;

      3) Өнім берушіден осы Шарт бойынша міндеттерін орындауын талап етуге;

      4) электр энергиясының көтерме және бөлшек сауда нарықтарында электр энергиясын қызметтердің шартты көлемі шегінде сатып алуға;

      5) осы Шартты жасасу және орындауға байланысты даулы мәселелерді шешу үшін сот органдарына жүгінуге құқылы.

      8. Тұтынушы:

      1) Өнім берушінің нақты көрсеткен қызмет көлемдерін уақтылы төлеуге;

      2) электр қуатына болжамдық сұранысты қалыптастыру үшін тұтынылатын электр қуатының ең жоғарғы шамасының болжамдық көлемдерін жоспарлауға және жүйелік операторға ұсынуға;

      3) жүйелік операторға өткен тәуліктердегі тұтынылған электр энергиясының нақты сағаттық көлемдері туралы ақпаратты, сонымен қатар Тұтынушының құрамына кіретін, жеке заңды тұлға болып табылмайтын электр станциясы желіге босатқан электр энергиясының өткен тәуліктердегі нақты сағаттық көлемдері туралы ақпаратты күн сайын беріп тұруға;

      4) күнтізбелік айдағы тұтынылатын электр қуатының нақты ең жоғарғы шамасын ай сайын тіркеп отыруға;

      5) Тұтынушының құрамына кіретін электр станцияларының өндіру көлемдерінің нақты сағаттық мәндерін, оларды желіге босату және электр энергиясын өзінің тұтынуын қоса алғанда, көрсетілген қызметтердің нақты көлемінің шамасын есептеу үшін қажетті есептік кезеңдегі ақпаратты ай сайын тіркеп тұруға және жүйелік операторға беруге;

      6) жүйелік оператордың электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесіне қоса отырып, электр энергиясын коммерциялық есепке алудың өлшеу кешендерінің болуын қамтамасыз етуге;

      7) жүйелік оператордың қызметкерлерін көрсеткіштерді жазып алу, телеөлшеу тізбектері мен коммерциялық есепке алу жүйелерінің техникалық жай-күйін тексеру үшін коммерциялық есепке алу аспаптарына жіберуге;

      8) Өнім берушіні өз атауы, заңды мекенжайы, нақты орналасқан жері және шарт талаптарын орындауға қажетті басқа да деректемелері өзгергені туралы тез арада ескертуге;

      9) тоқсан сайын, салыстыру актісін алған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде тоқсанның соңғы күнгі жай-күй бойынша келіспеушіліктер көрсетілген немесе көрсетілмеген осы шарт бойынша өзара есеп айырысуларды салыстыру актісіне қол қоюға;

      9. Өнім беруші:

      1) Тұтынушының нақты көрсетілген қызметтерді осы Шартта белгіленген мерзімде уақтылы төлеуін талап етуге;

      2) Тұтынушы қызметтерді төлеу шартының талаптарын бұзған жағдайда жазбаша ескерту жасағаннан кейін кем дегенде 72 сағат ішінде қызмет көрсетуді толығымен немесе ішінара тоқтатуға құқылы. Бұл жағдайда қызметтерді толығымен немесе ішінара тоқтату жүйелік операторға Тұтынушы Қызметті төлеу шартының талаптарын орындағанға дейін электр энергиясын тұтынудың ең жоғарғы электр қуатына шектеу қою үшін өтінім беру арқылы жүзеге асады;

      3) Қызмет көрсету мүмкіндігі болмаған жағдайда авариялық жағдай туындаған кезде қызмет көрсетуді толығымен немесе ішінара тоқтатуға;

      4) жылдық немесе айлық жөндеу кестелерінде көзделген жүйелік оператордың электр желілеріне жөндеу жұмыстарын жүргізген жағдайда электр қуатының жүктеме көтеруге дайындығын қамтамасыз ету жөнінде қызмет көрсету мүмкіндігі болмаған кезде жөндеу жұмыстарын жүргізетін мерзімге қызмет көрсетуді толығымен немесе ішінара тоқтатуға;

      5) Электр қуаты нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі қағидасына сәйкес есептерде көтеріңкі коэффициентті қолдануға;

      6) мемлекеттік органдардың сұратуы бойынша өз құзыреті шегінде Тұтынушының электр қуаты нарығындағы қызметі туралы ақпаратты беруге;

      7) осы Шартты жасауға және орындауға байланысты даулы мәселелерді шешу үшін сот органдарына жүгінуге құқылы.

      10. Өнім беруші:

      1) Қазақстан Республикасы электр энергетикасы туралы заңнамамен көрсетілген тәртіпте қызмет көрсетуге;

      2) уәкілетті орган белгілеген тәртіпте қызмет бағасын есептеуге;

      3) Қызмет тұтынушыларының тізбесін жасауға және Интернет желісіндегі ресми сайтта орналастыруға;

      4) Тұтынушыны тез арада өз атауы, заңды мекенжайы, нақты орналасқан жері және шарт талаптарын орындауға қажетті басқа да деректемелері өзгергені туралы ескертуге;

5. Бағасы және есеп айырысу тәртібі

      11. Өнім берушінің нақты көрсетілетін қызметіне төлем жүргізуді Тұтынушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген баға бойынша жүргізеді.

      12. Өнім берушінің нақты көрсетілген қызметіне ақы төлеуді Тұтынушы Өнім беруші ұсынған төлем шот-фактурасы және Тараптар қол қойған көрсетілген қызмет актісі (бұдан әрі – Акт) негізінде есептік кезең аяқталғаннан кейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей жүргізеді.

      13. Егер Тұтынушы ұсынылған шоттың дұрыстығына дауласса, ол Өнім берушіні осы шотты алған күнінен бастап күнтiзбелiк бес күн iшiнде хабардар етедi және Өнім берушіге келіспеушіліктерді баяндай отырып, жазбаша өтiнiш бередi. Бұл ретте Тұтынушы жоғарыда көрсетiлген мерзiмдерде шоттың дауласпаған бөлiгiн төлеуге мiндеттi.

      14. Өткен кезеңдерде берешек болған кезде, бiрiншi кезекте төлем осы берешектi өтеуге жiберiледi. Тұтынушы есеп айырысу кезеңiнде нақты сомадан асатын соманы төлеген жағдайда, осы артық айырма келесi есеп айырысу кезеңiнiң аванстық төлемiне автоматты түрде есептеледi.

      15. Өнім берушінің ағымдағы шотына шот-фактурада көрсетілген деректемелер бойынша немесе Өнім берушінің Тұтынушыға жіберген хабарламасында көрсетілген деректемелер бойынша үшінші тараптың ағымдағы шотына ақша аудару Тұтынушының Өнім берушінің қызметіне ақы төлеу міндеттемелерін орындауы болып танылады.

      16. Шоттарда түзету енгізу қажет болған жағдайда, Тараптар бұдан кейінгі есептік кезеңдердің шоттарына түзету енгізеді.

6. Көрсетілетін қызметті есепке алу

      17. Тұтынылатын электр қуатының ең жоғарғы нақты шамасы және Тұтынушы алған және ақы төлеуі тиіс қызметтің нақты көлемі Электр қуаты нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі қағидасы мен осы Шартқа сәйкес есептік кезеңде есептеледі.

      18. Жүйелік оператор мен Тұтынушы есептік айдан кейінгі күнтізбелік айдың бесіне дейін нақты көрсетілген қызмет көлемдерін салыстыру актісін ресімдейді және мөрмен бекітеді. Бұл салыстыру актісі электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету жөнінде көрсетілген қызметтердің нақты көлемін есептеу әдістемесін есепке ала отырып, Тұтынушы мен энергия беретін ұйымның баланстық тиесілік шекараларында орнатылған коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін салыстыру актісі негізінде жасалады. Өнім беріші Жүйелік оператормен келісілген нақты көрсетілген қызмет көлемдерін салыстыру актісіне есептік айдан кейінгі күнтізбелік айдың 8 (сегізіне) дейін қол қояды және мөрмен бекітеді. Тараптардың біреуі нақты көрсетілген қызмет көлемдерін салыстыру актісіне қол қоюдан бас тартқан жағдайда жүйелік оператор жасайтын электр қуаты нарығында нақты көрсетілген қызмет ведомосы нақты көрсетілген қызмет көлемдерін растайтын құжат болып табылады.

      19. Электр энергиясын тұтыну қуатының орташа сағаттық мәндері жүйелік оператордың электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі деректері бойынша анықталады. Жүйелік оператордың электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің деректері болмаған жағдайда электр энергиясын тұтыну қуатының орташа сағаттық мәндері жүктеме бейіні бойынша анықталады.

      20. Жүктеме бейіні телеөлшем деректері негізінде құрылады. Телеөлшем деректері болмаған жағдайда жүктеме бейіні статистикалық ақпарат, маусым бойынша жүргізілетін сағаттық бақылау өлшемдері, Тұтынушының жұмыс режимінің басқа да параметрлері негізінде құрылады, Жүйелік оператормен және Тұтынушымен тоқсан бойынша келісіледі және келісім бойынша тоқсан ішінде түзетілуі мүмкін. Келісілген бейін мен оны өлшеу және келісу шарттарының қолданыс мерзімін жүйелік оператор мен Тұтынушы ескертеді.

      21. Тұтынушыда келісілген жүктеме бейіні болмаған жағдайда Жүйелік оператор тұтынудың сағаттық мәндерін анықтау үшін Тұтынушының осыған ұқсас тұтыну құрылымы бар немесе Тұтынушыда жыл сайын жүргізілетін сағаттық бақылау өлшемдерінің деректері бойынша үлгілік жүктеме бейінін анықтайды және қолданады.

7. Тараптардың жауапкершілігі

      22. Осы шарт бойынша міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тараптар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жауапты болады.

      23. Шот-фактура бойынша ақы төлеу мерзімі басталған кезде шот-фактура бойынша төлем жасамағаны үшін Өнім беруші Тұтынушының төлем жүргізбеген сомаларына төлем мерзімі аяқталғаннан кейінгі келесі күнінен бастап айыппұл есептеуге құқылы. Өнім беруші мерзімі өтіп кеткен сомалар бойынша Тұтынушыдан ақшалай міндеттемелерін нақты орындаған күні мерзімі өткен әрбір күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген 1,5 есе қайта қаржыландыру мөлшерлемесіне сүйене отырып, Тұтынушыдан есептелген айыппұл төлеуді талап етуге құқылы.

      24. Шоттарды осы шартта белгіленген мерзімде төлемеген жағдайда Өнім беруші жазбаша ескертуден кейін кем дегенде 72 сағат ішінде қызмет көрсетуді шектеуге немесе толығымен немесе ішінара тоқтатуға құқылы. Бұл жағдайда қызметтерді толығымен немесе ішінара тоқтату Тұтынушы Қызметтерді төлеу шартының талаптарын орындағанға дейін электр энергиясын тұтынудың ең жоғарғы электр қуатына шектеу енгізу үшін жүйелік операторға өтінім беру арқылы іске асырылады. Бұл ретте Өнім беруші және Жүйелік оператор қызмет көрсетуді тоқтатудан болуы мүмкін ықтимал салдары үшін жауапты болмайды;

      25. Төлемеуі немесе уақтылы төлемеуі салдарынан шектеу қойған немесе ажыратқан кезде туындаған салдар үшін жауапкершілік толығымен Тұтынушыға жүктеледі.

      26. Өнім беруші жүйелік оператордың ұлттық диспетчерлік орталығы белгілеген (өңірлік диспетчерлік орталық) орындар мен көлемдерде аварияға қарсы автоматика әрекеттерінен болған қызмет көрсетуді үзгені, тоқтатқаны немесе шектегені үшін Тұтынушының алдында жауапты болмайды.

8. Еңсерілмейтін күш жағдаяттары

      27. Еңсерілмейтін күш жағдаяттары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес айқындалады.

      28. Осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі еңсерілмейтін күш жағдаяттары, сондай-ақ осы жағдаяттардан туындаған салдары орын алған уақытқа тең мерзімге кейінге жылжытылады.

      29. Тараптардың шарт бойынша міндеттерін толығымен немесе ішінара орындай алмауы еңсерілмейтін күш жағдаяттарының басталуына байланысты алты айдан астам орын алатын болса, онда Тараптар осы Шартты қайта қарастыруға немесе бұзуға құқылы болады.

9. Дауларды қарастыру

      30. Осы Шарт мәнінен туындайтын барлық даулар немесе келіспеушіліктер Тараптар арасында келіссөздер жүргізу арқылы шешіледі.

      31. Келісімге келе алмаған жағдайда осы Шарт бойынша барлық даулар және келіспеушіліктер Өнім берушінің тұрғылықты жеріндегі соттарда Қазақстан Республикасының қолданыстағы азаматтық заңнамасына сәйкес шешіледі.

10. Өзге де ережелер мен шарттар

      32. Қызмет көрсету шарты Тұтынушымен жеке тәртiпте жасалады.

      33. Тараптар арасында осы Шарт бойынша жүргізілетін өзара есеп айырысулар Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүргізіледі.

      34. Осы Шартта қамтылған ақпарат құпия болып саналады және осы Шартта көзделген жағдайлар мен Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген жағдайларды қоспағанда, ашылуға және/немесе үшінші тұлғаларға Тараптардың жазбаша келісімінсіз жариялауға жатпайды.

      35. Осы Шартқа енгізілген барлық өзгерістер, толықтырулар және қосымшалар жазбаша нысанда жасалып, екі Тараптың қолы қойылған жағдайда ғана күшіне енеді және қолданылмайды.

      36. Осы Шарт әр Тарап үшін бір-бірден екі данада жасалды. Екі дананың да заңды күші бірдей.

      37. Осы Шарт 20__жылғы "___" _________ 00-00 сағаттан бастап күшіне енеді және 20__ жылғы "___" _________ 24-00 сағатқа дейін (орташа еуропалық уақыт - Гринвич меридианы уақыты және плюс бір сағат) жарамды.

      38. Шарттың қолданыс мерзімі, егер тараптардың біреуі Шарттың қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік отыз күн ішінде бұл туралы мәлімдеген болса, қызмет көлемін анықтай отырып, белгілі бір мерзімге ұзартылады, шарт мерзімін ұзарту Шартқа қосымша келісіммен ресімделеді.

      39. Осы Шарт басқа Тарап осы шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған және (немесе) тиісінше орындамаған жағдайда шартты бұзу туралы келісімге қол қою жолымен немесе Тараптардың біреуінің бастамасы бойынша бір жақты тәртіппен шартты бұзуға дейін кем дегенде 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде алдын ала ескерте отырып, Тараптардың келісімі бойынша бұзылады.

11. Тараптардың заңды мекенжайы, банк деректемелері мен
қойылған қолдары

      Өнім берушінің атауы Өнім берушінің атауы

      Мекен-жайы: Мекен-жайы:

      Телефон: Телефон:

      Банктік мәліметтер: Банктік мәліметтер:

      _________________Т.Ә.Ж. _________________Т.Ә.Ж.

      (қолы) (қолы)

      М.О. М.О.