Электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге арналған үлгілік шартты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 684 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 28 желтоқсанда № 12560 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрық 01.01.2018 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңы 5-бабының 7-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге арналған үлгілік шарт бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
В. Школьник

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
  2015 жылғы 3 желтоқсандағы
№ 684 бұйрығымен бекітілді

Электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге арналған үлгілік шарт

      Ескерту. Үлгі шарт жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 02.11.2018 № 436 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      _______________________                   20___ жылғы "____" ________________.

      (шарттың жасалған орны)

      Бұдан әрі "Тұтынушы" деп аталатын

      __________________________________________________________________ атынан

      (ұйымның атауы, мемлекеттік тіркеу туралы анықтамасы,

      берілген күні мен берген орган)

      _________________________________________________________________________

      (құжаттың атауы)

      негізінде әрекет ететін _____________________________________________________

      (лауазымы, Т.А.Ә.)

      бір тараптан және бұдан әрі "Өнім беруші" деп аталатын

      __________________________________________________________________ атынан

      (бірыңғай сатып алушының атауы, мемлекеттік тіркеу туралы анықтама,

      берілген күні мен берген орган)

      ________________________________________________________________________

      (құжаттың атауы)

      негізінде әрекет ететін ____________________________________________________

      (лауазымы, Т.А.Ә.)

      екінші тараптан бұдан әрі бірлесіп "Тараптар", ал жеке-жеке "Тарап" деп аталып,

      төмендегілер туралы Электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету

      бойынша қызмет көрсетуге осы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты.

1-тарау. Негізгі ережелер

      1. Осы Шартта мынадай ұғымдар мен анықтамалар қолданылады:

      1) бақылау кезеңі – жергілікті уақыттың 17:00-ден бастап 23:00-ге дейінгі уақыт аралығы (мереке күндерінен басқа дүйсенбіден жұмаға дейін);

      2) есеп айырысу кезеңi – электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету қызметіне есеп айырысу жүргiзiлетiн айдың бiрiншi күнi сағат 00:00-ден бастап соңғы күнi сағат 24:00-ге дейiн күнтiзбелiк бiр айға тең уақыт кезеңi ретiнде Шартта белгiленген кезең (орташа еуропалық уақыт - Гринвич меридианының уақытына бір сағат қосылады);

      3) жүйелiк оператор – орталықтандырылған жедел-диспетчерлiк басқаруды, басқа мемлекеттердiң энергетикалық жүйелерiмен қатарлас жұмыс iстеудi қамтамасыз етудi, энергетикалық жүйедегi теңгерiмдi ұстап тұруды, жүйелік қызмeттep көрсетуді және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектiлерiнен қосалқы көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуды, сонымен қатар электр энергиясын ұлттық электр торабы бойынша берудi, оған техникалық қызмет көрсетудi және оны пайдалану әзiрлiгiнде ұстап тұруды жүзеге асыратын ұйым;

      4) жүктеменің өңірлік бейіні – жүйелік оператормен келісілген (анықталған) электр энергиясын қуат нарығы тұтынушыларының электр энергиясын сағаттық тұтыну мәнін есептеу (сальдо-ағын) алгоритмі;

      5) коммерциялық есепке алу кешені – коммерциялық есепке алу үшін қажетті, коммерциялық есепке алудың белгілі бір нүктесі мен ақпаратты жинақтау құрылғысына қосылу нүктесі арасында орналасқан жабдық;

      6) уәкiлеттi орган – электр энергетикасы саласында басшылықты жүзеге асырушы мемлекеттік орган;

      7) электр қуатына болжамды сұраныс – электр энергиясының көтерме нарығы субъектілерінің жылына электр қуатын тұтынудың мейлінше көп болжамды мөлшерін және Қазақстанның біртұтас электр энергетикалық жүйесінің электр қуатының қажетті резервтерін анықтайтын Жүйелік оператор әзірлеген құжат;

      8) электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету қызметі – Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі генерациялық қондырғылардың электр қуатының жүктемені көтеруге белгіленген тәртіпте аттестатталған дайындығын қамтамасыз ету бойынша бірыңғай сатып алушы көрсететін қызмет;

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.

2-тарау. Шарттың мәні

      2. Осы Шарт бір күнтізбелік жылға жасалады.

      3. Өнім беруші осы Шартқа және Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасының талаптарына сәйкес электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету қызметін көрсетуге (бұдан әрі – қамтамасыз ету қызметі), ал Тұтынушы қызметті тұтынуға және ақы төлеуге міндеттенеді.

      4. Қызмет көрсетудің техникалық шарттары және сипаттамалары: _________________________ (осы тармақта Шарт мәнінің техникалық шарттары және сипаттамалары көзделеді, олар нормативтік техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес болулары тиіс, қажет болған жағдайда Шартқа қосымшалар ресімделеді).

      5. Тұтынушы осы Шарт бойынша Өнім берушінің қамтамасыз ету қызметін тиiстi күнтiзбелiк жылға төлеуге мiндеттенетiн бағасын (бұдан әрi - шарттық баға) Өнім беруші Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 685 бұйрығымен бекітілген Бірыңғай сатып алушының электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметке бағаны есептеуі және интернет-ресурста орналастыруы қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12474 болып тіркелген) сәйкес айқындайды.

      Тиісті күнтізбелік жыл ішінде шарттық баға өзгеріссіз (тіркелген болып) қалады.

      6. Тұтынушының тиісті күнтізбелік жылы осы Шарт бойынша тұтынуы тиіс қамтамасыз ету қызмет көлемі (бұдан әрi - шарттық көлем) Қазақстан Республикасы Энергетика министрiнiң 2015 жылғы 27 ақпандағы № 152 бұйрығымен бекiтiлген Электр қуаты нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10612 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қуат нарығының қағидалары) сәйкес айқындалады.

      Тиісті күнтізбелік жыл ішінде шарттық көлемді өзгерту Қуат нарығының қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      20____ жылғы шарттық көлем ____ МВт құрайды.

3-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      7. Тұтынушы:

      1) осы Шартқа және Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес қамтамасыз ету қызметін алуға;

      2) Қуат нарығының қағидаларына сәйкес шарттық көлемді өзгертуге өтінімді Өнім берушіге жіберуге;

      3) Өнім берушінің осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындауын талап етуге;

      4) Қуат нарығының қағидаларына сәйкес жүйелік оператор енгізетін электр энергиясын тұтынуға техникалық шектеулерді ескере отырып, электр энергиясын сатып алуды жүзеге асыру уақыты бақылау кезеңдеріне тура келмеген жағдайларды қоспағанда, электр энергиясының көтерме және бөлшек сауда нарықтарында электр энергиясын шарттық көлем шегінде сатып алуға;

      5) осы Шартты жасау және орындауға байланысты даулы мәселелерді шешу үшін сот органдарына жүгінуге құқылы.

      8. Тұтынушы:

      1) Өнім берушінің қамтамасыз ету қызметтерін осы Шартқа сәйкес уақтылы төлеуге;

      2) Қуат нарығының қағидаларына сәйкес жүйелік операторға тұтынуға болжамдық өтінімдерді жіберуге;

      3) электр энергиясын коомерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі болған жағдайда өткен тәулік ішінде тұтынған электр энергиясының нақты сағаттық көлемі туралы ақпаратты, сондай-ақ Тұтынушының құрамына кіретін және жеке заңды тұлға болып табылмайтын электр станциясы өткен тәулік ішінде желіге босатқан электр энергиясының нақты сағаттық көлемі туралы ақпаратты жүйелік операторға күн сайын беруге;

      4) электр энергиясын коомерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі болған жағдайда есептік кезең ішінде электр қуатын тұтынудың нақты ең жоғары шамасын ай сайын тіркеуге;

      5) есептік кезең ішінде электр энергиясын тұтынудың нақты көлемі туралы, оның ішінде электр энергиясының бөлшек сауда нарығында электр энергиясын тұтынудың нақты көлемі туралы, Тұтынушының құрамына кіретін электр станцияларының есептік кезең үшін электр энергиясын өндірудің, оларды желіге босатудың және өзінің электр энергиясын тұтынудың нақты сағаттық мағыналары туралы ақпаратты ай сайын тіркеуге және жүйелік операторға беруге;

      6) жүйелік оператордың электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесіне қоса отырып, электр энергиясын коммерциялық есепке алудың өлшеу кешендерінің болуын және жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз етуге;

      7) жүйелік оператордың қызметкерлерін көрсеткіштерді жазып алу, телеөлшеу тізбектері мен коммерциялық есепке алу жүйелерінің техникалық жай-күйін тексеру үшін коммерциялық есепке алу аспаптарына өтуіне рұқсат етуге;

      8) Өнім берушіні өз атауы, заңды мекенжайы, нақты орналасқан жері және осы Шарт талаптарын орындауға қажетті басқа да деректемелері өзгергені, сондай-ақ таратылуы туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бірыңғай сатып алушыға хабарлай отырып, тиісті шешім қабылдағанға дейін 30 күн бұрын тез арада хабардар етуге;

      9) жүйелік операторға электр энергиясының өнімін берушілермен келiсiлген осы Шарттың 7-тармағының 4) тармақшасымен белгіленген шегінде, жедел түзетулерді қоса алғанда электр энергиясын өндiру-тұтынудың тәуліктік графигіне енгiзу үшін өтiнiм беруге;

      10) Қуат нарығының қағидаларында көзделген өзге де функцияларды (іс-қимылдарды) жүзеге асыруға міндетті.

      9. Өнім беруші:

      1) осы Шартқа сәйкес Тұтынушыдан қамтамасыз ету қызметіне төлем ақы төлеуді талап етуге;

      2) Қуат нарығының қағидаларына сәйкес Тұтынушының электр энергиясын тұтынуына техникалық шектеулерді енгізуге (алып тастауға) өтінімдерді Жүйелік операторға жіберуге;

      3) мемлекеттік органдардың сұратуы бойынша өз құзыреті шегінде Тұтынушының электр қуаты нарығындағы қызметі туралы ақпаратты беруге;

      4) осы Шартты жасауға және орындауға байланысты даулы мәселелерді шешу үшін сот органдарына жүгінуге құқылы.

      10. Өнім беруші:

      1) осы Шартқа және Қуат нарығының қағидаларына сәйкес қамтамасыз ету қызметін көрсетуге;

      2) Тұтынушыға өз атауы, заңды мекенжайы, нақты орналасқан жері және осы Шарттың талаптарын орындауға қажетті басқа да деректемелері өзгергені туралы тез арада хабарлауға;

      3) Қуат нарығының қағидаларында көзделген өзге де функцияларды (іс-қимылдарды) жүзеге асыруға міндетті.

4-тарау. Қамтамасыз ету қызметіне төлемақы

      11. Тұтынушы осы Шарт бойынша Өнім берушіге қамтамасыз ету қызметін осы қызмет көрсетілген ай аяқталғаннан кейiн отыз күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей ай сайын төлейдi.

      Есептік кезең ішінде (күнтізбелік ай) (бұдан әрі – қамтамасыз ету бойынша қызметтің нақты көлемі) Өнім беруші көрсеткен қамтамасыз ету бойынша қызметтің нақты көлемі Тұтынушы тарапынан төленуге тиіс.

      Қамтамасыз ету қызметінің нақты көлемін Қуат нарығының қағидаларына сәйкес Өнім беруші анықтайды.

      12. Осы Шарттың 11-тармағында көрсетiлген қамтамасыз ету қызметінің нақты көлемінің төлемін Тұтынушы Тараптар ұсынған шот-фактураның және Тараптар қол қойған қызметтердiң актiсiнiң негiзiнде жүргізеді.

      13. Егер Тұтынушы шот-фактураның дұрыстығына күмән келтірсе, онда ол алған күннен бастап бес күнтізбелік күн ішінде Өнім берушіні хабардар етеді және Өнім берушіге қарсылықтарын жаза отырып жазбаша өтініш ұсынады. Тұтынушы осы Шарттың 11-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес шот-фактураның келісілмеген бөлігін төлеуге міндетті.

      14. Алдыңғы есеп-айырысу кезеңдері үшін берешектері болған жағдайда, ең алдымен төлем бұл берешекті төлеуге бағытталады. Егер есеп-айырысу кезеңінде Тұтынушы Өнім берушіге тиісті шот-фактурада көрсетілген сомадан асатын сома төлеген жағдайда, осы асырып төлеу айырмашылығы келесі есептік кезеңнің аванстық төлеміне автоматты түрде есептеледі.

      15. Тұтынушының қамтамасыз ету қызметінің нақты көлемін төлеуі тиісті ақша көлемін Өнім берушінің ағымдағы шотына осы Шартта көрсетілген деректемелер бойынша аудару арқылы жүзеге асырылады.

      16. Өнім беруші тиісті есептік кезең аяқталған күнінен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей шот-фактураны Тұтынушыға береді.

5-тарау. Есепке алуды ұйымдастыру

      17. Қуат нарығы тұтынушысының электр қуатын тұтынуының есептік кезең (күнтізбелік айы) үшін нақты ең жоғары мәнін анықтаған кезде пайдаланылатын электр қуатының мәндері жүйелік оператордың электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі деректері базасынан келісілген хаттамалар бойынша сағаттық есепке алу деректерін коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің орталық деректері базасына беруін қамтамасыз ететін коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің деректері бойынша анықталады. Жүйелік операторда электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің (бұдан әрі – ЭКЕАЖ) деректері болмаған жағдайда, қуат нарығы тұтынушысының электр қуатын тұтынуының есептік кезең (күнтізбелік айы) үшін нақты ең жоғары мәнін анықтаған кезде пайдаланылатын электр қуатының мәндері жүктеменің өңірлік бейіні бойынша анықталады. Жүктеменің өңірлік бейіні электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілері мен ЭКЕАЖ-мен жабдықталған қосылыстар бойынша энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың келісімшарт бойынша тұтынушыларының тұтынуы бойынша сағаттық деректері мен өңірдегі электр энергиясын тұтынудың нақты сағаттық графигінің айырмасы ретінде анықталады. Бір өңірде (облыста, энергия торабында) орналасқан және тұтынған (алған) электр энергиясының толық көлемінің мөлшері туралы ЭКЕАЖ-дің сағаттық деректері жоқ электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері үшін өңірлік электр желілік компания жүйелік оператормен келісілген әрбір ай үшін бөлек жүктеменің өңірлік бейінін белгілейді.

      18. Жүктеменің өңірлік бейіні Қуат нарығының қағидаларына сәйкес анықталады.

6-тарау. Тараптардың жауапкершілігі

      19. Осы шарт бойынша міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.

      20. Шот-фактура бойынша төлеу мерзімі келген сәтте оны төлемеген жағдайда, Өнім беруші төлем мерзімі аяқталған күннен кейін басталатын күннен бастап Тұтынушы төлемеген сомалар бойынша тұрақсыздық төлемін есептеуге құқылы. Кешіктірілген сомалар бойынша Өнім беруші Тұтынушыдан төлемнің әрбір кешіктірілген күні үшін Тұтынушының ақшалай міндеттемесін нақты орындау күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың бір жарым еселенген мөлшерлемесін негізге ала отырып, есептелген тұрақсыздық төлемін талап етуге құқылы.

      21. Жүйелік оператордың Тұтынушының электр энергиясын тұтынуына техникалық шектеулерді енгізу нәтижесінде туындаған салдарлар үшін жауапкершілік, егер бұл техникалық шектеулерді енгізу Өнім берушінің жүйелік операторға Қуат нарығының қағидаларына сәйкес тиісті өтініші негізінде жүзеге асырылған жағдайда, толығымен Тұтынушыға жүктеледі. Өнім беруші және жүйелік оператор жауапкершілікке тартылмайды.

7-тарау. Еңсерілмейтін күш жағдаяттары

      22. Еңсерілмейтін күш жағдаяттары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес айқындалады.

      23. Тараптар осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен, егер бұл еңсерілмейтін күш жағдаяттардың салдары болып табылса, босатылады. Бұл жағдайда бірде-бір Тарап зиянды өтеуге құқылы емес. Тараптардың ешқайсысы еңсерілмейтін күш жағдаяттары туындағанға дейін осы Шарт бойынша туындайтын міндеттемелерден босатылмайды.

      24. Егер Тараптардың біреуі еңсерілмейтін күш жағдаяттары туындаған күннен бастап алпыс күнтізбелік күн ішінде осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындай алмайтын жағдайда болса, екінші Тарап Шартты бұзуға құқылы.

8-тарау. Дауларды қарастыру

      25. Осы Шарт мәнінен туындайтын барлық даулар немесе келіспеушіліктер Тараптар арасында келіссөздер жүргізу арқылы шешіледі.

      26. Келісімге келе алмаған жағдайда, осы Шарт бойынша барлық даулар және келіспеушіліктер Өнім берушінің тұрғылықты жеріндегі соттарда Қазақстан Республикасының қолданыстағы азаматтық заңнамасына сәйкес шешіледі.

9-тарау. Өзге де ережелер

      27. Тараптар арасында осы Шарт бойынша жүргізілетін өзара есеп айырысулар Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүргізіледі.

      28. Тараптардың осы Шарттан туындайтын және онымен реттелмейтін қатынастары Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасымен реттеледі.

      29. Осы Шартта берілген ақпарат құпия болып саналады және осы Шартта көзделген жағдайлар мен Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, ашылуға және/немесе үшінші тұлғаларға Тараптардың жазбаша келісімінсіз жариялауға жатпайды.

      30. Осы Шартқа барлық өзгерістер, толықтырулар және қосымшалар жазбаша нысанда жасалып, екі Тараптың қолы қойылған жағдайда ғана күшінде болады және қолданылады.

      31. Осы Шарт қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 20__ жылғы "___" _______ дейін қолданылады.

      32. Осы Шарт екі данада, мемлекеттік және орыс тілдерінде, әрбір Тарап үшін бір данадан жасалады. Екі дананың да заңды күші бірдей.

10-тарау. Тараптардың деректемелері

      33. Тараптардың заңды мекенжайлары, банктік деректемелері және қолдары

Тұтынушының атауы
Мекенжайы:
Телефоны:
Банктік деректер: ___________ Тегі Аты Әкесінің аты (болған кезде)
(қолы)

Жеткізушінің атауы
Мекенжайы:
Телефоны:
Банктік деректер: ___________ Тегі Аты Әкесінің аты (болған кезде)
(қолы)

      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 27.10.2020 № 368 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.