"Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 16.01.2023 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Ішкі аудит қызметтері туралы үлгілік ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп пен аудит әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оның мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы Министрі |
Б. Сұлтанов |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 599 бұйрығымен бекітілген |
Ішкі аудит қызметтері туралы үлгілік ереже
Осы Ереже Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ішкі аудит қызметін және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның ішкі аудит қызметін, Қазақстан Республикасының арнайы мемлекеттік органдарын қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың, орталық мемлекеттік органдары ведомстволарының, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары ішкі аудит қызметтерінің мәртебесін, өкілеттіктерін және жұмысын ұйымдастыруды айқындайды.
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 07.10.2024 № 672 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 05.03.2018 № 335 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Ішкі аудит қызметтері (бұдан әрі – ІАҚ) орталық мемлекеттік органның, орталық мемлекеттік органы ведомстволарының бірінші басшысының, бірінші басшының қалауы бойынша, облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің шешімімен (бұйрық, өкім) құрылады.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ІАҚ және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның ІАҚ қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың, орталық мемлекеттік органдары ведомстволарының, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ІАҚ өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң), қолданыстағы заңнама талаптарына және мемлекеттік органның ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 07.10.2024 № 672 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. ІАҚ құрылымы және штаттық саны (сандық құрамы) орталық атқарушы органның аппарат басшылары (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның аппарат басшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымдық тұлғалар), ал олар болмаған жағдайда – осы мемлекеттік мекемелердің басшылары, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі бұйрығының (өкімнің) негізінде бекітіледі.
Жоғары Соттың және Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасының ІАҚ қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуі қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 30.03.2021 № 267 бұйрығымен.4. ІАҚ қызметкерлерінің функционалдық міндеттері, құқықтары және жауапкершілігі Ішкі аудит қызметі туралы ереженің негізінде әзірленетін тиісті лауазымдық нұсқаулықтармен белгіленеді, және олар орталық атқарушы органның аппарат басшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның аппарат басшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымдық тұлға), ал олар болмаған жағдайда – мемлекеттік органның бірінші басшысының, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімінің келісімі бойынша мемлекеттік мекеменің басшы бұйрығының (өкімнің) негізінде бекітіледі.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 30.03.2021 № 267 бұйрығымен.2-тарау. ІАҚ мәртебесі
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 05.03.2018 № 335 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
5. ІАҚ мемлекеттік органның бөлімшесі болып табылады, басқа құрылымдық бөлімшелерден тәуелсіз, орталық мемлекеттік органның, орталық мемлекеттік органы ведомствосының бірінші басшысына, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкіміне есеп береді және бағынады, мемлекеттік органның ішкі бақылау жүйесінің тұрақты мониторингінің бөлігі ретінде болады.
6. ІАҚ ішкі мемлекеттік аудитті жүгізуде және ішкі аудит нәтижелері туралы есептер дайындауда тәуелсіз.
7. ІАҚ орталық мемлекеттік органның басқа құрылымдық бөлімшелерінің, орталық мемлекеттік органдары ведомстволарының, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыретіне жататын жұмыстарға, сондай-ақ оның өкілеттіктеріне жатпайтын бағдарламалар мен жобаларды дайындау немесе орындауға тартыла алмайды.
8. ІАҚ қызметкерлеріне ІАҚ мәртебесіне сәйкес қолданылуы мүмкін құжаттарды, мемлекеттік органның ережесін және ішкі мемлекеттік аудит туралы ережені қоспағанда мемлекеттік органның ішкі құжаттарының ережелері таратылмайды.
9. ІАҚ қызметін бағалауды ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.
3-тарау. ІАҚ миссиясы негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттемелері
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 05.03.2018 № 335 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
10. Мемлекеттік органның басшысына мемлекеттік органның, аумақтарды дамыту бағдарламаларының стартегиялық мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу үшін қажетті жәрдемдесу, мемлекеттік органның басшысына мемлекеттік органды тиімді басқаруды және бюджет қаражатын, мемлекеттің активтерін және тәуекелдерді басқару жүйесіне негізделген квазимемлекеттік сектордың субъектілерін басқару және пайдалану тиімділігін арттыруды қамтамасыз етуге арналған тәуелсіз және объективті ақпаратты ұсыну ІАҚ негізгі мақсаты болып табылады.
ІАҚ миссиясы болып табылады.
10-1. ІАҚ құзыреті Заңның 15-бабы шеңберінде жүзеге асырылады.
Ескерту. Ереже 10-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 30.03.2021 № 267 бұйрығымен.11. ІАҚ міндеттері:
1) мемлекеттік органның стратегиялық құжаттарының, аумақтарды дамыту бағдарламаларының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізілуін талдау;
2) қаржылық және басқарушылық ақпараттың сенімділігі мен дұрыстығын, мемлекеттік органның қызметін ішкі ұйымдастыру процестерінің тиімділігін, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын, мемлекет активтерінің сақталуын талдау, бағалау және тексеру.
12. ІАҚ функциялары:
1) орталық мемлекеттік органның бірінші басшысымен, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімімен келісілген, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган жүргізетін, құрамына ІАҚ кіретін мемлекеттік органның қаржылық есептілігінің аудитіне қатысады;
2) тиімділік аудитін:
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ІАҚ және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның ІАҚ қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың ІАҚ үшін – мемлекеттік органда, оның ведомстволарында, аумақтық бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында және олардың қызметінің барлық бағыттары бойынша;
облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ІАҚ үшін – жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын және тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімшілік бағыныстылығының аумағындағы атқарушы органдарда, олардың бөлімшілерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында және олардың қызметінің бардық бағыттары бойынша жүргізеді;
3) сәйкестік аудитін:
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ІАҚ және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның ІАҚ қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың ІАҚ үшін – мемлекеттік органда, оның ведомстволарында, аумақтық бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында;
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ІАҚ үшін - жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын және тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімшілік бағыныстылығының аумағындағы атқарушы органдарда, олардың бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында сәйкестік аудитін жүргізеді;
4) мемлекеттік сатып алуды жүргізу рәсімдерінің және шарт талаптарын орындаудың сәйкестік аудитін жүргізеді, соның ішінде сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетілердің мерзімдері, көлемі, бағасы, саны мен сапасы бойынша;
5) ішкі процестердің (бизнес-процестердің) тәуекелдерін басқару жүйесі негізінде ішкі бақылау мен басқару жүйесінің жұмыс істеуін бағалауды жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ІАҚ және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның ІАҚ қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың ІАҚ үшін – мемлекеттік органда, оның ведомстволарында, аумақтық бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында;
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ІАҚ үшін - жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын және тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімшілік бағыныстылығының аумағындағы атқарушы органдарда, олардың бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында ішкі процестердің (бизнес-процестердің) тәуекелдерін басқару жүйесі негізінде ішкі бақылау мен басқару жүйесінің жұмыс істеуін бағалауды жүзеге асырады;
6) мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының және бюджеттік шығыстармен өзара байланыстағы аумақтарды дамыту бағдарламалардың мақсатттары мен міндеттеріне қол жеткізуін, оның ішінде дамуға арналған нысаналы трансферттерді іске асыруды қоса бюджеттік инвестициялар шеңберінде талдайды;
7) тиісті мемлекеттік органда тауарлық-материалдық қорлардың және өзге активтердің сақталуына тексеруді жүзеге асырады;
7-1) республикалық және коммуналдық активтер мен мүліктің сақталуына тексеру жүргізеді;
8) мемлекеттік аудит объектілері лауазымдық тұлғаларының ішкі мемлекеттік аудит жүргізуге байланысты тиісті ақпаратты тыңдайды;
9) мемлекеттік органның басшысына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттерді пайдалану кезінде бұзушылықтардың жолын кесу, оларды болдырмау бойынша, анықталған кемшіліктерді жою, мемлекеттік орган қызметін ұйымдастырудың ішкі процестерінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстармен ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері туралы есеп береді;
10) орталық мемлекеттік органның басшысына немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкіміне жылдық жұмыс жоспарларын орындау мониторингін жүзеге асырады;
11) жүргізілген мемлекеттік аудит және қабылданған шаралар бойынша есептер мен ақпаратты ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға жібереді;
12) орталық мемлекеттік органның басшысы немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі, сондай-ақ ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның алдында атқарылған жұмыс туралы жыл сайын есеп береді.
Егер тиісті Қазақстан Республикасы Жоғарғы аудиторлық палатаның, тексеру комиссияларының және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне енгізілмесе, ІАҚ орталық мемлекеттік органның бірінші басшысының, облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің тапсырмасы бойынша жоспардан тыс мемлекеттік аудит жүргізеді;
13) мыналарға:
орталық мемлекеттік органдардың ішкі аудит қызметтері үшін – мемлекеттік органда, оның ведомстволарында, аумақтық бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында;
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ішкі аудит қызметтері үшін – жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын және тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімшілік бағынысты аумағындағы атқарушы органдарда, олардың бөлімшелерінде және ведомстволық бағынысты ұйымдарында ақпараттық жүйелердің деректерін талдауды жүзеге асырады.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 05.03.2018 № 335 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен; өзгерістер енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 19.04.2021 № 367 (06.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.01.2023 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.09.2023 № 989 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.10.2024 № 672 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.13. ІАҚ құқықтары:
1) құпиялық, қызметтік, коммерциялық режимін немесе заңмен сақталатын өзге құпияның сақталуын ескере отырып, тиісті жылға мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыруға байланысты мәселелер бойынша ведомстволық ақпараттар жүйелері деректерінің құрамы мен нысандары туралы мәлеметтерді, құжаттаманы, ақпаратты, материалдарды (дәлелдемелерді), анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсініктемелерді сұрату;
2) Қазақстан Республикасының бюджетік заңнамасын жетілдіру және Қазақстан Республикасының қаржылық жүйесін дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу және оларды уәкілетті органға қарау үшін ұсыну;
3) мемлекеттік аудитті жүргізу шеңберінде құпиялық, қызметтік, коммерциялық режимін немесе заңмен сақталатын өзге құпияның сақталуын ескере отырып, мемлекеттік аудит объектілерінің аумағына және үй-жайларына кедергісіз рұқсат алу;
4) мемлекеттік аудит міндеттері мен мәндеріне сәйкес ішкі аудит нәтижилері туралы есепті дайындау үшін белгіленген мерзімдерде құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қажетті құжаттаманы, соның ішінде электронды тасығыштарда ақпарат алуға, сондай-ақ ақпаратты жүйелерге қолжетімділікті, соның ішінде құпиялық, қызметтік, коммерциялық режимін немесе заңмен сақталатын өзге құпияның сақталуын ескере отырып, мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге құпияны қамтитын жазбаша және ауызша түсініктемелерді және өзге де ақпаратты алу;
5) мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары жүргізген мемлекеттік бақылау және қадағалау нәтижелері бойынша қабылданған актілерді және құжаттарды сұрату;
6) өз құзыреті шеңберінде мемлекеттік аудит объектілерінің басшыларынан және басқа да лауазымдық тұлғаларынан тиісті жылға мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыру және мемлекеттік аудитті жүргізген кезде анықталған бұзушылықтар фактілері бойынша жазбаша түсініктемелерді, сондай-ақ белгіленген тәртіппен куәландырылған құжаттар көшірмелерін ұсынуды талап ету;
7) мемлекеттік органда, оның ведомстволарында, аумақтық бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында және (немесе) тиісті бюджеттен қаржыландырылатын және (немесе) қаражат алатын, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімшілік бағыныстылығының аумағындағы жергілікті атқарушы органдарда, олардың бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыру жөніндегі жұмыста консультациялық көмек көрсету.
8) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге құқықтарға ие.
Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 05.03.2018 № 335 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.14. ІАҚ міндеттері:
1) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына қатаң сәйкестікте мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізеді;
2) ІАҚ-ның жылдық жұмыс жоспарын әзірлейді, бірінші басшыға (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі) бекітуге ұсынады және орындалуын қамтамасыз етеді;
3) тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде бірінші басшы (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі) бекітетін тиісті жылға мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастырады;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды қамтитын мәліметтерді және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шектеулі таратылатын қызметті ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, мемлекеттік органның интернет-ресурсында оларды бекіткен күннен бастап бес жұмыс күннің ішінде тиісті жылға бекітілген мемлекеттік аудит тізбесін және оларға енгізілген өзгерістерді орналастырады;
5) қайталануды болдырмау мақсатында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарымен тиісті жылға мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін және оған өзгерістермен келіседі;
6) жүйелік негізде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының, соның ішінде ІАҚ-ның деректерін, міндетті орындалатын ұсынымдары мен ескертпелердің орындалу мониторингін жүзеге асырады;
7) мемлекеттік аудит объектілері лауазымдық тұлғаларының мемлекеттік аудитті жүргізу кезінде сұратылған құжаттар мен материалдарды ұсынбау немесе уақытылы ұсынбау фактілері бойынша актілер жасайды;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасын, құқықтарын және мемлекеттік аудит объектілерінің заңды мүдделерін сақтайды;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау материалдарын бірыңғай деректер қорына орналастырады;
10) мемлекеттік аудит объектілері лауазымдық тұлғаларының
іс-әрекеттерінде қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар белгілерін анықтаған жағдайда құқық қорғау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғауға және (немесе) қарауға уәкілетті органдарға тиісті аудиторлық дәлелдермен қоса материалдар береді;
11) мемлекеттік аудит объектісінің белгіленген режиміне кедергі жасамайды;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау және олардың жолын кесу бойынша берілген өкілеттіктерді уақтылы және толық көлемде орындайды;
13) қызметтік және кәсібі этика талаптарын сақтайды;
14) мемлекеттік аудит объектісінің басшысына (лауазымдық тұлғаларына) мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізу кезінде қатысуға кедергі жасамайды, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау мәніне қатысты мәселелер бойынша түсініктемелер береді;
15) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етеді, соның ішінде мемлекеттік құпияларға, қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге құпияға жататын мәліметтерді жарияламайды;
16) орталық мемлекеттік органның, орталық мемлекеттік органдары ведомстволарының бірінші басшысына, облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкіміне мүдделер қақтығысына ықпал ететін жағдайлар туралы хабарлайды;
17) мемлекеттік аудит барысында алынған және жиналған ақпараттың және іс жүзіндегі фактілердің негізінде ғана мемлекеттік аудит нәтижелерін негіздейді;
18) мемлекеттік органның басшысы басшылық ететін Мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңеспен өзара іс-қимыл жасайды, оның ұсыныстарының іске асырылуын қамтамасыз етеді;
19) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де міндеттер.
Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 19.04.2021 № 367 (06.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. ІАҚ оған жүктелген функциялар мен міндеттердің уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.
16. Мемлекеттік аудитті жүзеге асыру кезінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттардың негізгі қағидаттарын бұзғаны үшін ІАҚ қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес дербес тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікте болады.
4-тарау. ІАҚ қызметін ұйымдастыру
Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 05.03.2018 № 335 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
17. ІАҚ–ға басшылықты орталық атқарушы органның аппарат басшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның аппарат басшысының өкілеттіктері жүктелген тұлға), ал олар болмаған жағдайда – мемлекеттік органның бірінші басшысының, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімінің келісімі бойынша, мемлекеттік мекеменің басшы бұйрығының (өкімнің) негізінде лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босататын ІАҚ басшысы жүзеге асырады.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 30.03.2021 № 267 бұйрығымен.18. ІАҚ басшысы ІАҚ-ға жүктелген міндеттердің орындалуын және функцияларының жүзеге асырылауын қамтамасыз етеді, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, ІАҚ қызметкерлерінің құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін белгілейді, Мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөннідегі кеңес құрамына қатысады.
19. ІАҚ басшысы, орталық атқарушы органның аппарат басшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның аппарат басшысының өкілеттіктері жүктелген тұлғалардың), ал олар болмаған жағдайда – мемлекеттік мекеменің басшысының келісімі бойынша, мемлекеттік органның, орталық мемлекеттік органдардың ведомстволарының, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының бірінші басшысына, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкіміне ІАҚ құрылымы және штаттық кестесі жөнінде ұсыныстар береді.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 30.03.2021 № 267 бұйрығымен.20. ІАҚ құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ІАҚ атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге, ведомстволарға, аумақтық органдар ммен ведомстволық бағынысты ұйымдарға жіберілетін құжаттар мен сауалдарға ІАҚ басшысы, ал ол болмаған жағдайда – оны ауыстыратын тұлға қол қояды.
21. ІАҚ қызметкерлерінің мемлекеттік қызметті өткеру жағдайлары Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасымен, Ішкі аудит қызметі туралы ережемен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтқы актілермен белгіленеді.
22. ІАҚ қызметі оларға жүктелген міндеттер мен өкілеттіктерді іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында олардың бірінші басшылары бекітетін ІАҚ-ның жылдық жұмыс жоспарына және тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 19.04.2021 № 367 (06.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5-тарау. ІАҚ есептілігі
Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 05.03.2018 № 335 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
23. ІАҚ ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға жүргізілген мемлекеттік аудит және қабылданған шаралар туралы есептер мен ақпаратты жібереді.
24. ІАҚ жыл сайын орталық мемлекеттік органның, орталық мемлеккеттік органы ведомстоларының басшысына, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астана әкіміне, сондай-ақ ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға ішкі мемлекеттік аудит қорытындылары туралы жылдық есептер береді.