БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ішкі аудит қызметтері туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 599 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12544 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 18 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі аудит қызметтері туралы үлгілік ережесінде:
1-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. ІАҚ мәртебесі";
3-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. ІАҚ миссиясы негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттемелері";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. ІАҚ функциялары:
1) қаржылық есептіліктің аудитін жүргізуге қатысады;
2) тиімділік аудитіне:
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ІАҚ қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың ІАҚ үшін – мемлекеттік органда, оның ведомстволарында, аумақтық бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында және олардың қызметінің барлық бағыттары бойынша;
облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ІАҚ үшін – жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын және тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімшілік бағыныстылығының аумағындағы атқарушы органдарда, олардың бөлімшілерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында және олардың қызметінің бардық бағыттары бойынша жүргізеді;
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ІАҚ қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың ІАҚ үшін – мемлекеттік органда, оның ведомстволарында, аумақтық бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында;
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ІАҚ үшін - жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын және тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімшілік бағыныстылығының аумағындағы атқарушы органдарда, олардың бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында сәйкестік аудитін жүргізеді;
4) мемлекеттік сатып алуды жүргізу рәсімдерінің және шарт талаптарын орындаудың сәйкестік аудитін жүргізеді, соның ішінде сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетілердің мерзімдері, көлемі, бағасы, саны мен сапасы бойынша;
5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ІАҚ қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың ІАҚ үшін – мемлекеттік органда, оның ведомстволарында, аумақтық бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында;
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ІАҚ үшін - жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын және тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімшілік бағыныстылығының аумағындағы атқарушы органдарда, олардың бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында ішкі процестердің (бизнес-процестердің) тәуекелдерін басқару жүйесі негізінде ішкі бақылау мен басқару жүйесінің жұмыс істеуін бағалауды жүзеге асырады;
6) мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының және бюджеттік шығыстармен өзара байланыстағы аумақтарды дамыту бағдарламалардың мақсатттары мен міндеттеріне қол жеткізуін, оның ішінде дамуға арналған нысаналы трансферттерді іске асыруды қоса бюджеттік инвестициялар шеңберінде талдайды;
7) тиісті мемлекеттік органда тауарлық-материалдық қорлардың және өзге активтердің сақталуына тексеруді жүзеге асырады;
7-1) республикалық және коммуналдық активтер мен мүліктің сақталуына тексеру жүргізеді;
8) мемлекеттік аудит объектілері лауазымдық тұлғаларының ішкі мемлекеттік аудит жүргізуге байланысты тиісті ақпаратты тыңдайды;
9) мемлекеттік органның басшысына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттерді пайдалану кезінде бұзушылықтардың жолын кесу, оларды болдырмау бойынша, анықталған кемшіліктерді жою, мемлекеттік орган қызметін ұйымдастырудың ішкі процестерінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстармен ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері туралы есеп береді;
10) орталық мемлекеттік органның басшысына немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкіміне жылдық жұмыс жоспарларын орындау мониторингін жүзеге асырады;
11) жүргізілген мемлекеттік аудит және қабылданған шаралар бойынша есептер мен ақпаратты ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға жібереді;
12) орталық мемлекеттік органның басшысы немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі, сондай-ақ ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның алдында атқарылған жұмыс туралы жыл сайын есеп береді.
Егер тиісті Есеп комитетінің, тексеру комиссияларының және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне енгізілмесе, ІАҚ орталық мемлекеттік органның бірінші басшысының, облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің тапсырмасы бойынша жоспардан тыс мемлекеттік аудит жүргізеді.".
13-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) мемлекеттік органда, оның ведомстволарында, аумақтық бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында және (немесе) тиісті бюджеттен қаржыландырылатын және (немесе) қаражат алатын, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімшілік бағыныстылығының аумағындағы жергілікті атқарушы органдарда, олардың бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыру жөніндегі жұмыста консультациялық көмек көрсету.".
4-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"4-тарау. ІАҚ қызметін ұйымдастыру";
5-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"5-тарау. ІАҚ есептілігі".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Қаржы министрі | Б. Сұлтанов |