"Ішкі аудит қызметтері туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 599 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 19 сәуірдегі № 367 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 21 сәуірде № 22574 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 06.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ішкі аудит қызметтері туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 599 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12544 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 18 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі аудит қызметтері туралы үлгілік ережеде:

      12-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) орталық мемлекеттік органның бірінші басшысымен, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімімен келісілген, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган жүргізетін, құрамына ІАҚ кіретін мемлекеттік органның қаржылық есептілігінің аудитіне қатысады;";

      14-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "14) ІАҚ-ның жылдық жұмыс жоспарын әзірлейді, бірінші басшыға (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі) бекітуге ұсынады және орындалуын қамтамасыз етеді.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. ІАҚ қызметі оларға жүктелген міндеттер мен өкілеттіктерді іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында олардың бірінші басшылары бекітетін ІАҚ-ның жылдық жұмыс жоспарына және тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2021 жылғы 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев