Энергия тиімділігі картасын қалыптастыру және жүргізу, энергия тиімділігі картасына жобаларды іріктеу және енгізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1139 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 желтоқсанда № 12543 болып тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрық 01.01.2016 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 17-2) тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Энергия тиімділігі картасын қалыптастыру және жүргізу, энергия тиімділігі картасына жобаларды іріктеу және енгізу қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде жіберуді;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі           Ә. Исекешев

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      ______________Е. Досаев
      2015 жылғы 10 желтоқсан

Қазақстан Республикасы     
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы    
№ 1139 бұйрығымен       
бекітілген           

Энергия тиімділігі картасын қалыптастыру және жүргізу, энергия
тиімділігі картасына жобаларды іріктеу және енгізу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Энергия тиімділігі картасын қалыптастыру және жүргізу, энергия тиімділігі картасына жобаларды іріктеу және енгізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабы 17-2) тармағына сәйкес әзірленген және энергия тиімділігі картасын қалыптастыру және жүргізу, энергия тиімділігі картасына жобаларды іріктеу және енгізу тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері - энергетикалық ресурстарды жылына шартты отынның бір мың бес жүз және одан да көп тоннаға барабар көлемінде тұтынатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар, сондай-ақ энергетикалық ресурстарды жылына шартты отынның бiр жүз және одан да көп тоннаға барабар көлемiнде тұтынатын мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектор мен табиғи монополиялар субъектілері;»;
      2) энергия тиімділігі картасы – қаржыландыру көздері, жобаларды іске асыру бойынша іс-шаралар кестелері мен жоспарлары көрсетілген энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы жобалардың бірыңғай республикалық тізбесі;
      3) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы  уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      4) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы жоба (бұдан әрі - жоба) – Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің және заңды тұлғалардың нақты уақыт мерзімі ішінде іске асырылатын энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шаралар кешені.

2. Энергия тиімділігі картасын қалыптастыру және жүргізу
тәртібі

      3. Энергия тиімділігі картасы мынадай ақпараттарды қамтитын жобалардан тұрады:
      1) іс-шараның атауы;
      2) іс-шараларды іске асыру кестесі мен жоспары;
      3) заттай және ақшалай түрде энергетикалық ресурстардың жылдық үнемделуі;
      4) талап етілетін инвестициялар көлемі;
      5) қаржыландыру көзі.
      4. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институты (бұдан әрі - ЭҰДИ) энергия тиімділігі картасын қалыптастырады және жүргізеді, энергия тиімділігі картасына жобаларды іріктеу мен енгізуді жүзеге асырады.
      5. Энергия тиімділігі картасы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырылады және жүргізіледі.
      6. Энергия тиімділігі картасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар 15 шілде мен 15 қаңтардан кешіктірілмей жылына екі рет енгізіледі.
      7. ЭҰДИ аккредиттеу туралы куәлігі бар Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінен және заңды тұлғалардан (бұдан әрі – Өтініш беруші), сондай-ақ энергия сервистік компаниялардан Мемлекеттік энергетикалық тізілімді және энергия тиімділігі картасын қалыптастыру және жүргізу үшін қажетті ақпаратты сұратады және алады.
      8. Энергия тиімділігі картасы ЭҰДИ-дың интернет-ресурсына орналастырылады.

3. Энергия тиімділігі картасына жобаларды іріктеу және енгізу
тәртібі

      9. Жобалар энергия тиімділігі картасына Өтініш берушінің бастамасы бойынша енгізіледі.
      10. ЭҰДИ Мемлекеттік энергетикалық тізілімінің ақпараттары мен материалдарын талдау негізінде Өтініш берушіге Заңға сәйкес өтініш берушінің міндеттемелері шеңберінде іске асырылатын жобаларды энергия тиімділігі картасына енгізуге өтініш беруді ұсынады.
      11. Өтініш беруші жобаны энергия тиімділігі картасына енгізу үшін ЭҰДИ-ға қарастыруға мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) жобаны энергия тиімділігі картасына қосу үшін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Өтініш беруші бекіткен жобаның паспорты;
      3) жобаны қаржыландырудың пысықталуын растайтын құжаттардың көшірмелері (меморандумдар мен келісімдердің болуы туралы және/немесе жобаны қаржыландыру туралы шешімдер) (бар болса);
      4) энергия аудиті қорытындысының көшірмесі (бар болса);
      5) энергия үнемдеу жөніндегі іс-шаралар жоспарының көшірмесі (бар болса);
      6) мынадай мәліметтерді қамтитын 1-беттік таныстырылым-слайд:
      жобаның атауы;
      жобаның мақсаты;
      өтініш беруші;
      іске асыру орны;
      іске асырудың болжамды кезеңі;
      жобаның жалпы құны;
      күтілетін нәтижелер.
      12. ЭҰДИ осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттар толық болмаған және (немесе) оларда анық емес ақпарат болған жағдайда, құжаттарды, олар ЭҰДИ-ға түскен сәттен бастап есептелетін бес жұмыс күні ішінде қайтарады.
      Құжаттарды қайтарған жағдайда өтініш беруші ескертулерді жойғанан кейін ЭҰДИ-ға қайтадан жүгінеді.
      13. Өтініш беруші ұсынған құжаттарға және ақпаратқа ескертулер болмаған кезде өтініш, өтінішті алған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Энергия тиімділігі картасына жобаларды енгізу үшін өтініштерді тіркеу журналына тіркеледі.
      14. Картаға енгізу үшін өтініштерді қабылдау және жобаларды қарауды ЭҰДИ тұрақты негізде жүзеге асырады.
      15. ЭҰДИ өтініштер тіркелген сәттен бастап 30 жұмыс күні ішінде өтініш берушінің энергия үнемдеу саласындағы инновациялық, ауқымдылық өлшем шарттары бойынша құзыреттілігіне сараптама жүргізеді.
      16. Сараптама мынадай құрылымдар бойынша жүзеге асырылады:
      1) заттай және ақшалай түрде энергия үнемдеу тиімділігі;
      2) жобаның инновациялық құрауыштары;
      3) орнын өтеу мерзімі;
      4) салалық рұқсат беру құжаттарының талдамасы;
      5) жоба бойынша жалпы қорытындылар мен ұсынымдар.
      Сараптама нәтижесіне ЭҰДИ басшысы қол қояды және түсетін жобалар бойынша материалдарға қоса беріледі.
      17. ЭҰДИ өтініш берушіге ЭҰДИ басшысының сараптама нәтижесіне қол қойған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жобалардың сараптама нәтижелері бар хабарлама жібереді.
      18. Сараптама нәтижелері бойынша ұсынылған жобалар бойынша ҰЭДИ отандық және халықаралық инвесторлар, қаржы институттары, энергия сервистік компаниялар және өзге де ұйымдарды іздеу жолымен қаржыландыру мәселесін пысықтайды.

Энергия тиімділігі картасын қалыптастыру
және жүргізу, энергия тиімділігі картасына
жобаларды іріктеу және енгізу қағидаларына
1-қосымша                

Нысан

                        Энергия тиімділігі картасы

Жобаның атауы

Іс-шаралар тізбесі

Инвестициялар көлемі (млн. теңге)

Заттай түрде энергетикалық ресурстарын үнемдеу

Ақшалай түрде энергетикалық ресурстарын үнемдеу (млн. тенге)

Орнын өтеу мерзімі

орындаушының атауы (энергия сервисті компания)

Қаржы көзі

Шарт мерзімі

Өлшем бірлігі

ескерту

1.


1.











2.











3.




















Жобаның жалпы құны










2.


1.











2.











3.




















Жобаның жалпы құны










Энергия тиімділігі картасын қалыптастыру
және жүргізу, энергия тиімділігі картасына
жобаларды іріктеу және енгізу қағидаларына
2-қосымша                

Жеке кәсіпкерлер үшін нысан

__________________________________________
(облыс, қала)             
__________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

 Жобаны энергия тиімділігі картасына енгізуге арналған өтініш

      Жоба бойынша өтінішті тіркеуді сұраймын: ______________________
_____________________________________________________________________
                           (жобаның атауы)
_____________________________________________________________________
                          (ұйымның атауы)

Қазақстанның энергия тиімділігі картасына енгізу үшін.
Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

1)___________________________________________________________________
2)___________________________________________________________________
3)___________________________________________________________________
4)___________________________________________________________________
…____________________________________________________________________

________________________________________      _______________
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)          Қолы

                                              20__ жылғы «___»_______

                                              М.О.

___________________________                   _______________
ЭҰДИ-дың жауапты қызметкері                        Қолы

                                              20__ жылғы «___»_______

осы өтініштің көшірмесі өтініш берушіге беріледі

Заңды тұлғалар үшін нысан

________________________________________
(облыс, қала)            
________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

 Жобаны энергия тиімділігі картасына енгізуге арналған өтініш

      Жоба бойынша өтінішті тіркеуді сұраймын: ______________________
_____________________________________________________________________
                           (жобаның атауы)
_____________________________________________________________________
                           (ұйымның атауы)

Қазақстанның энергия тиімділігі картасына енгізу үшін.
Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін:
1)___________________________________________________________________
2)___________________________________________________________________
3)___________________________________________________________________
4)___________________________________________________________________
…____________________________________________________________________

________________________________________      _______________
Ұйымның бірінші басшысы:                           Қолы

                                              20__ жылғы «___»_______

                                              М.О.

___________________________                   _______________
ЭҰДИ-дың жауапты қызметкері                        Қолы

                                              20__ жылғы «___»_______

осы өтініштің көшірмесі өтініш берушіге беріледі

Энергия тиімділігі картасын қалыптастыру
және жүргізу, энергия тиімділігі картасына
жобаларды іріктеу және енгізу қағидаларына
3-қосымша                

Жеке кәсіпкерлерге арналған нысан

«Бекітемін»             
________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
20__ жылғы «___» __________     

                          Жобаның паспорты

Жобаның өтініш берушісі жөнінде мәліметтер

Ұйымның толық атауы


Заңды мекен жайы


Нақты мекен жайы


Телефоны/факс/e-mail


ЖСН



Өлшем бірлігі

Ескерту

Үнемдеу саласы

-


Негізгі өндірілетін тауарлар мен қызметтер

-



1-кезең өнім түрі



2-кезең өнім түрі



…кезең өнім түрі



Жылдың жобалық қуаттылығы

-


Заттай түрде



Құн түрінде

млн. теңге


      Жобаның мақсаты:

      Жобаға енгізілетін іс-шаралар тізімі

Іс-шаралар

Жоспарланған шығындар, инвестициялар көлемі, млн.тнг

Заттай түрде отын-энергетикалық ресурстарын жылдық үнемдеу

Құн түрінде отын-энергетикалық ресурстарын жылдық үнемдеу мың. тг. (тариф бойынша)

Орнын өтеу мерзімі

Ескерту

1.







2.







3.







..







      Жобаны іске асыру орны:

      Жобаны дайындау мен іске асырудың ағымдағы жағдайы:

      Жобаның жалпы құны:

      Жобаны қаржыландырудың болжалды құрылымы

Меншікті Қаражат

млн. теңге


Бюджеттік Қаражат

млн. теңге


Талап етілетін қосымша қаражат

млн. теңге


Заңды тұлғалар үшін нысан

«Бекітемін»             
________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
20__ жылғы «___» __________     

                          Жобаның паспорты

Жобаның өтініш берушісі жөнінде мәліметтер

Ұйымның толық атауы


Заңды мекен жайы


Нақты мекен жайы


Телефоны/факс/e-mail


БСН


Тіркеу туралы куәліктің нөмірі мен күні (қайта тіркеу) немесе (заңды тұлғаны) мемлекеттік тіркеу туралы анықтама (қайта тіркеу)



Өлшем бірлігі

Ескерту

Үнемдеу саласы

-


Негізгі өндірілетін тауарлар мен қызметтер

-


1-кезең өнім түрі



2-кезең өнім түрі



…кезең өнім түрі



Жылдың жобалық қуаттылығы

-


Заттай түрде



Құн түрінде

млн. теңге


      Жобаның мақсаты:

      Жобаға енгізілетін іс-шаралар тізімі

Іс-шаралар

Жоспарланған шығындар, инвестициялар көлемі, млн.тнг

Заттай түрде отын-энергетикалық ресурстарын жылдық үнемдеу

Құн түрінде отын-энергетикалық ресурстарын жылдық үнемдеу мың. тг. (тариф бойынша)

Орнын өтеу мерзімі

Ескерту

1.







2.







3.







..







      Жобаны іске асыру орны:

      Жобаны дайындау мен іске асырудың ағымдағы жағдайы:

      Жобаның жалпы құны:

      Жобаны қаржыландырудың болжалды құрылымы

Меншікті Қаражат

млн. теңге


Бюджеттік Қаражат

млн. теңге


Талап етілетін қосымша қаражат

млн. теңге


Энергия тиімділігі картасын қалыптастыру
және жүргізу, энергия тиімділігі картасына
жобаларды іріктеу және енгізу қағидаларына
4-қосымша                

Нысан

Энергия тиімділігі картасына жобаларды енгізуге арналған
өтінімдерді тіркеу журналы

Берілген күні

Өтініш беруші

Жобаның атауы

Өтініш беруші өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы

1





2





3





4