"Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 23-21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша техникалық қадағалау және сараптама жұмыстары жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидалар және рұқсат беру талаптары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімдік баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Ұлттық экономика министрі | Е. Досаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
______________ Ә. Исекешев
2015 жылғы 2 желтоқсан
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 709 бұйрығымен бекітілген |
Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және
технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен
құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық
зерттеп-қарау бойынша техникалық қадағалау және сараптама
жұмыстары жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге
асыратын ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидалар және рұқсат
беру талаптары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша техникалық қадағалау және сараптама жұмыстары жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидалар және рұқсат беру талаптары (бұдан әрі – Қағидалар және рұқсат беру талаптары) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
2. Қағидалар бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша техникалық қадағалау және сараптама жұмыстары жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу рәсімін регламенттейді.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
1) аккредиттелген ұйым – уәкілетті органда аккредиттеу рәсімінен белгіленген тәртіппен өткен заңды тұлға;
2) аккредиттеу – аккредиттеу жөніндегі уәкілетті органның бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша техникалық қадағалау және сараптама жұмыстары жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдардың құзыретін ресми тану рәсімі;
3) аккредиттеу субъектілерінің тізілімі – аккредиттеу субъектілерін есепке алудың бірыңғай тізімі;
4) аккредиттеу туралы куәлік – уәкілетті орган беретін, аккредиттеу субъектілерінің бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша техникалық қадағалау және сараптама жұмыстары жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыруға құзыретін куәландыратын куәлік;
5) өтініш беруші – бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша техникалық қадағалау және сараптама жұмыстары жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдар ретінде аккредиттеу туралы куәлік алуға үміткер заңды тұлға;
6) уәкілетті орган – сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн мемлекеттiк басқару саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық мемлекеттік органның ведомствосы.
4. Аккредиттеу мынадай негізгі кезеңдерді көздейді:
1) өтініш берушінің құжаттарын қарау;
2) аккредиттеу туралы куәлікті беруіне дейін, өтініш берушінің рұқсат беру талаптарына сәйкестігін белгілеу, бұл өтініш берушінің келуінсіз және оған бармай жүргізіледі;
3) аккредиттеу туралы шешімді қабылдау;
4) аккредиттеу туралы куәлікті ресімдеу, тіркеу және электрондық түрде беру не бас тарту туралы дәлелді жауап жіберу.
5. Мынадай бұзушылықтар мен сәйкессіздіктер аккредиттеуден дәлелді бас тарту үшін негіз болып табылады:
1) өтініште дұрыс емес ақпараттың анықталуы;
2) осы Қағидаларға және рұқсат беру талаптарына сәйкес бекітілмеген нысан бойынша мәліметтер ұсыну;
3) құжаттардың толық емес тізбесін ұсыну;
4) құжаттар мен мәліметтер нысанында толық емес және дұрыс емес ақпараттың болуы немесе өтініш иесінің рұқсат беру талаптарына сәйкес еместігінің анықталуы.
6. Құжаттарды қарау және аккредиттеу туралы куәлік беру туралы шешім қабылдау немесе аккредиттеуден бас тарту туралы дәлелді жауап қайтару мерзімдері өтініш берушіден құжаттардың толық жинағын қабылдаған күннен бастап он бес жұмыс күнін құрайды.
7. Ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген жағдайда аккредиттелген ұйым аккредиттеу рәсімінен өтеді.
8. Аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын тоқтата тұру, қалпына келтіру, айыру (қайтарып алу) "Рұқсаттар мен хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабында көзделген тәртіппен және (немесе) негіздер бойынша жүзеге асырылады.
9. Аккредиттеу туралы қолданыстағы куәлік болмаса, ұйымдарға қызметтерді жүзеге асыруға жол берілмейді.
2. Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық
және технологиялық күрделі объектілерде техникалық қадағалау
жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын
ұйымдарды аккредиттеуге рұқсат беру талаптары және оны өткізу
тәртібі
10. Аккредиттеуден өту үшін өтініш беруші www.egov.kz "электрондық үкімет" порталы арқылы уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
осы Қағидаларға және рұқсат беру талаптарына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша уәкілетті заңды тұлғаның цифрлық қолтаңбасымен расталған электрондық құжат нысанындағы сұрау;
осы Қағидаларға және рұқсат беру талаптарына 2-қосымшаға сәйкес бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілерді техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдардың аккредиттеуден өтуі үшін мәліметтер нысаны (электрондық сұрауға құжаттардың электрондық көшірмелері қоса тіркеледі);
кадр қызметі растаған, аттестатталған сарапшылардың штаттық құрамы туралы анықтаманың көшірмесі (электрондық сұрауға құжаттың электрондық көшірмесі түрінде қоса тіркеледі).
11. Аккредиттеуден өту және растау үшін өтініш иесі мынадай рұқсат беру талаптарына сәйкес келуі тиіс:
1) бірінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілерде техникалық қадағалауды жүргізу үшін:
өзінің құрамында тұрақты негізде бірінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілерде техникалық қадағалауды жүзеге асыратын кемінде үш аттестатталған сарапшының болуы, оның ішінде мынадай мамандануы бойынша:
бірінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша – тіреу және қоршау конструкциялары бөлігінде (кемінде бір сарапшы);
бірінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша – инженерлік желілер бөлігінде (кемінде бір сарапшы);
бірінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша – технологиялық жабдықтар бөлігінде (кемінде бір сарапшы);
меншік құқығында немесе тартылған (шарт негізінде) аккредиттелген зертхананың болуы;
меншік немесе бір жылдан астам мерзімге жалға алу құқығында, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 125 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 10637 болып тіркелген) "Тұрғын үйді және басқа да үй-жайларды, қоғамдық ғимараттарды күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының талаптарын қанағаттандыратын әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлардың болуы;
жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға қажетті материалдық-техникалық жарақтандырудың, оның ішінде өлшеу және бақылау құралдарының болуы;
жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға қажетті нормативтік-техникалық және әдіснамалық әдебиеттердің болуы.
2) екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілерде техникалық қадағалауды жүргізу үшін:
өзінің құрамында тұрақты негізде екінші және үшінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілерде техникалық қадағалауды жүзеге асыратын кемінде үш аттестатталған сарапшының болуы, оның ішінде мынадай мамандануы бойынша:
екінші және үшінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша – тіреу және қоршау конструкциялары бөлігінде (кемінде бір сарапшы);
екінші және үшінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша – инженерлік желілер бөлігінде (кемінде бір сарапшы);
екінші және үшінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша – технологиялық жабдықтар бөлігінде (кемінде бір сарапшы);
меншік құқығында немесе тартылған (шарт негізінде) аккредиттелген зертхананың болуы;
меншік немесе бір жылдан астам мерзімге жалға алу құқығында, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 125 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 10637 болып тіркелген) "Тұрғын үйді және басқа да үй-жайларды, қоғамдық ғимараттарды күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының талаптарын қанағаттандыратын әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлардың болуы;
жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға қажетті материалдық-техникалық жарақтандырудың, оның ішінде өлшеу және бақылау құралдарының болуы;
жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға қажетті нормативтік-техникалық және әдіснамалық әдебиеттердің болуы.
12. Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілерді техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдардың аккредиттеу туралы куәлігі "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аккредиттелген немесе расталған күннен бастап екі жылда бір рет расталады.
13. Өтініш берушіні аккредиттеуді уәкілетті орган жүргізеді және ол осы Қағидаларға және рұқсат беру талаптарына 3-қосымшаға сәйкес электрондық түрдегі аккредиттеу туралы куәлікпен расталады.
14. Аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын растау үшін өтініш беруші осы Қағидалардың және рұқсат беру талаптарының 10-тармағында көзделген құжаттарды ұсынады.
15. Аккредиттелген ұйымдар осы Қағидаларға және рұқсат беру талаптарына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, заңды тұлғаның деректемелері, аккредиттеу туралы куәліктің берілген күні мен нөмірі туралы, жауапкершілік деңгейі, штатында мамандардың болуы туралы ақпарат жиынтығы, сондай-ақ осы заңды тұлғаға қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауапкершілік шаралары туралы мәліметтер қамтылған Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілерде техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын аккредиттелген ұйымдардың бірыңғай тізіміне енгізіледі.
3. Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық
және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен
құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық
зерттеп-қарау бойынша сараптама жұмыстарын жүзеге асыратын
ұйымдарды аккредиттеуге рұқсат беру талаптары және оны өткізу
тәртібі
16. Аккредиттеуден өту үшін өтініш беруші www.egov.kz "электрондық үкімет" порталы арқылы уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
осы Қағидаларға және рұқсат беру талаптарына 5-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша уәкілетті заңды тұлғаның цифрлық қолтаңбасымен расталған электрондық құжат нысанындағы сұрау;
осы Қағидаларға және рұқсат беру талаптарына 6-қосымшаға сәйкес бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша сараптама жұмыстары жөніндегі жүзеге асыратын ұйымдардың аккредиттеуден өтуі үшін мәліметтер нысаны (электрондық сұрауға құжаттардың электрондық көшірмелері қоса тіркеледі);
кадр қызметі растаған, аттестатталған сарапшылардың және басқа да мамандардың штаттық құрамы туралы анықтаманың көшірмесі (электрондық сұрауға құжаттың электрондық көшірмесі түрінде қоса тіркеледі);
инженер-геодезист дипломының көшірмесі (электрондық сұрауға құжаттың электрондық көшірмесі түрінде қоса тіркеледі).
17. Аккредиттеуден өту және растау үшін өтініш иесі мынадай рұқсат беру талаптарына сәйкес келуге тиіс:
өзінің құрамында тұрақты негізде ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын кемінде үш аттестатталған сарапшының болуы;
өзінің құрамында тұрақты негізде конструктивтік бөлігі бойынша маманданған сараптама жұмыстарын жүзеге асыратын кемінде бір аттестатталған сарапшының болуы;
өзінің құрамында тұрақты негізде кемінде бір инженер-геодезистің болуы (жұмыс тәжірибесі кемінде үш жыл);
меншік құқығында немесе тартылған (шарт негізінде) аккредиттелген зертхананың болуы;
меншік немесе бір жылдан астам мерзімге жалға алу құқығында, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 125 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 10637 болып тіркелген) "Тұрғын үйді және басқа да үй-жайларды, қоғамдық ғимараттарды күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының талаптарын қанағаттандыратын әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлардың болуы;
жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға қажетті материалдық-техникалық жарақтандырудың, оның ішінде өлшеу және бақылау құралдарының, сондай-ақ есеп айырысуларды орындауға, графикалық және өзге де материалдарды жасау мен ресімдеуге қажетті лицензиялық бағдарламалық жасақтамасы бар дербес компьютерлердің болуы;
жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға қажетті нормативтік-техникалық және әдіснамалық әдебиеттердің болуы.
Аккредиттеу рәсімінен өткен ұйымдардың құрамына кіретін аттестатталған сарапшыларға аккредиттеу туралы куәлік алуға үміткер басқа ұйымдармен не аккредиттелген ұйымдармен еңбек қатынастарында тұруға жол берілмейді.
18. Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілерді ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша сараптама жұмыстарын жүзеге асыратын ұйымдардың аккредиттеу туралы куәлігі "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аккредиттелген немесе расталған күннен бастап екі жылда бір рет расталады.
19. Өтініш берушіні аккредиттеуді уәкілетті орган жүргізеді және ол осы Қағидаларға және рұқсат беру талаптарына 7-қосымшаға сәйкес электрондық түрдегі аккредиттеу туралы куәлікпен расталады.
20. Аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын растау үшін осы Қағидалардың және рұқсат беру талаптарының 16-тармағында көзделген құжаттар ұсынылады.
21. Аккредиттелген ұйымдар осы Қағидаларға және рұқсат беру талаптарына 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, заңды тұлғаның деректемелері, аккредиттеу туралы куәліктің берілген күні мен нөмірі туралы, штатында мамандардың болуы туралы ақпарат жиынтығы, сондай-ақ осы заңды тұлғаға қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауапкершілік шаралары туралы мәліметтер қамтылған Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша сараптама жұмыстарын жүзеге асыратын аккредиттелген ұйымдардың бірыңғай тізіліміне енгізіледі.
Нысан
ӨТІНІШ
_____________________________________________________________________
(уәкілетті органның толық атауы)
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, БСН деректемелері)
__________________________________________ жауапкершілік деңгейіндегі
(тиісті жауапкершілік деңгейі)
техникалық және технологиялық күрделі объектілерді техникалық
қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын
ұйым ретінде аккредиттеуді сұраймын
Мекенжайы______________________________________________________
(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй/ғимарат (стационарлық
үй-жай) нөмірі, телефон, факс, е-mail)
Филиалдар (өкілеттіліктер, объектілер, пунктер, учаскілер) ____
_____________________________________________________________________
(орналасқан орны және деректемелері)
Банк шоты _____________________________________________________
(шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан орны)
Ұсынылатын құжаттар:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Басшы _________________________________________________________
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))
Мыналар расталды:
барлық көрсетілген деректер ресми байланыс деректері болып
табылады және оларға куәлік беру немесе оны беруден бас тарту
мәселелері бойынша кез келген ақпарат жіберілуі мүмкін;
өтініш берушіге қызметтің осы түрімен айналысуға сот тыйым
салмаған;
барлық қоса берілген құжаттар шындыққа сәйкес келеді және
қолданыста;
өтініш беруші аккредиттеу туралы куәлікті берген кезде
ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын қол
жетімділігі шектеулі жеке деректерді пайдалануға келісімін береді;
Өтінішті ______________________________________________________
(жауапты тұлғаның Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))
20 жылғы " "___________ қарауға қабылдады.
Нысан
Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және
технологиялық күрделі объектілерді техникалық қадағалау
жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын
ұйымдардың аккредиттеуден өтуі үшін мәліметтер нысаны
1) Техникалық қадағалау сарапшысының тиісті аттестаты бар
қызметкерлері туралы мәлімет
Р/с № | Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), ЖСН | Сарапшы аттестатының №, берілген күні, кім берді | Аттестат бойынша мамандануы | Диплом бойынша мамандығы | Техникалық қадағалауды жүзеге асыру бойынша мәлімет | Техникалық қадағалауды жүзеге асыру кезінде әкімшілік айыппұлдың болуы | ||
Объект атауы (сараптама қорытындысына сәйкес) | Тапсырыс беруші | Техникалық қадағалауды жүзеге асыру басталған/ аяқталған күні | ||||||
Ескертпе: Аттестатталған сарапшылар бірінші және екінші
жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі
объектілері техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтер
көрсетуді жүзеге асыратын бір ұйымның құрамына кіреді
2) Меншік немесе бір жылдан астам мерзімге жалға алу
құқығында әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлардың болуы туралы мәлімет
Р/с № | Әкімшілік-тұрмыстық үй-жайдың функционалдық құрам бөлігі | Алаңы | Меншіктік құқықты растайтын немесе басқа да заңды құжат | Мекенжайы және кадастрлық нөмірі |
3) Жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға қажетті
материалдық-техникалық жарақтандырудың, оның ішінде өлшеу және
бақылау құралдарының болуы туралы мәлімет
Р/с № | Өлшеу және бақылау құралдарының маркасы мен атауы | Өлшем бірлігі | Саны | Пайдалану мерзімі | Тексеру мерзімдері | Ескертпе |
4) Жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға қажетті
нормативтік-техникалық және әдіснамалық әдебиеттердің болуы
туралы мәлімет
Р/с № | Атауы | Өлшем бірлігі | Саны | Ескертпе |
5) Меншік құқығында немесе тартылған аккредиттелген
зертхананың болуы туралы мәлімет
Р/с № | Зертхананың атауы | Зертхананы аккредиттеу туралы аттестаттың № және берілген күні | Аккредиттеу саласын сипаттау | Меншіктік құқықты растайтын немесе басқа да заңды құжат | Зертхана орналасқан жер | Байланыс телефоны |
Осы нысанда көрсетілген деректер мәліметтерінің барлық
өзгерістері туралы уәкілетті органға уақытында хабарлауға міндеттеме
аламын.
Дұрыс емес ақпарат ұсынғаным үшін "Әкімшілік құқық бұзушылық
туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген жауаптылықта
болатыныма хабардармын.
Басшы ____________________________________________________
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))
Нысан
АККРЕДИТАЦИЯ ТУРАЛЫ КУӘЛІК
N 00000
Аккредитация туралы осы куәлік ________________________________
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы )
____________________________________________________________ берілді,
(заңды мекенжай)
__________________________________________ жауапкершілік деңгейіндегі
(тиісті жауапкершілік деңгейі)
техникалық және технологиялық күрделі объектілерді техникалық
қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыру
құқығына
АККРЕДИТТЕЛДІ
және уәкілетті органның тізіліміне енгізілді
Куәлікті қолдану мерзімі ______________________________________ дейін
Уәкілетті органның басшысы ________________________________________
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))
қала ___________ 20__ж. " " ___________
Осы құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба
туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының
7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей.
Данный документ согласно пункту 1 статьи 7 Закона Республики
Казахстан от 7 января 2003 года "Об электронном документе и
электронной цифровой подписи" равнозначен документу на бумажном
носителе.
Нысан
Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және
технологиялық күрделі объектілерде техникалық қадағалау
жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын
аккредиттелген ұйымдардың тізімі
Р/с № | Ұйымның атауы | Аккредиттелген куәліктің берілген күні мен нөмірі, жауапкершілік деңгейі | Аккредиттелген ұйымның штатында тұратын қызметкерлер туралы мәлімет | Қабылданған жауапкершілік шаралары туралы мәлімет |
Нысан
ӨТІНІШ
_____________________________________________________________________
(уәкілетті органның толық атауы)
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, БСН деректемелері)
бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және
технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың
сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша
сараптама жұмыстарын жүзеге асыратын ұйым ретінде аккредиттеуді
сұраймын.
Мекенжайы______________________________________________________
(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй/ғимарат (стационарлық
үй-жай) нөмірі, телефон, факс, е-mail)
Филиалдар (өкілеттіліктер, объектілер, пунктер, учаскілер) ____
_____________________________________________________________________
(орналасқан орны және деректемелері)
Банк шоты _____________________________________________________
(шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан орны)
Ұсынылатын құжаттар:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Басшы _________________________________________________________
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))
Мыналар расталды:
барлық көрсетілген деректер ресми байланыс деректері болып
табылады және оларға куәлік беру немесе оны беруден бас тарту
мәселелері бойынша кез келген ақпарат жіберілуі мүмкін;
өтініш берушіге қызметтің осы түрімен айналысуға сот тыйым
салмаған;
барлық қоса берілген құжаттар шындыққа сәйкес келеді және
қолданыста;
өтініш беруші аккредиттеу туралы куәлікті берген кезде
ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын қол
жетімділігі шектеулі жеке деректерді пайдалануға келісімін береді;
Өтінішті _____________________________________________________
(жауапты тұлғаның Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))
20 жылғы " "___________ қарауға қабылдады.
Нысан
Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және
технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен
құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық
зерттеп-қарау бойынша сараптама жұмыстарын жүзеге асыратын
ұйымдардың аккредиттеуден өтуі үшін мәліметтер нысаны
1) Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және
орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша сараптама
жұмыстарды жүзеге асыру бойынша, қала құрылысы, конструктивтік
бөлім бойынша маманданған жобалау алдындағы және
жобалау-сметалық құжаттама сараптамасы бойынша тиісті аттестаты
бар және инженер-геодезист дипломы бар қызметкерлер туралы
мәлімет
№ р/с | Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), ЖСН | Сарапшы аттестатының №, берілген күні, кім берді | Аттестат бойынша мамандануы | Диплом бойынша мамандығы | Техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыру бойынша мәлімет | Техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыру кезінде әкімшілік айыппұлдың болуы | |
Объектінің атауы | Тапсырыс беруші | ||||||
Ескертпе: Аттестатталған сарапшылар бірінші және екінші
жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі
объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және
орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша сараптама жұмыстарын
жүзеге асыратын бір ұйымның құрамына кіреді
2) Меншік немесе бір жылдан астам мерзімге жалға алу
құқығында әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлардың болуы туралы мәлімет
Р/с № | Әкімшілік-тұрмыстық үй-жайдың функционалдық құрам бөлігі | Алаңы | Меншіктік құқықты растайтын немесе басқа да заңды құжат | Мекенжайы және кадастрлық нөмірі |
3) Жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға қажетті
материалдық-техникалық жарақтандырудың, оның ішінде өлшеу және
бақылау құралдарының, сондай-ақ есеп айырысуларды орындауға,
графикалық және өзге де материалдарды жасау мен ресімдеуге
қажетті лицензиялық бағдарламалық жасақтамасы бар дербес
компьютерлердің болуы туралы мәлімет
Р/с № | Өлшеу және бақылау құралдарының, компьютерлердің, лицензиялық бағдарламалардың маркасы мен атауы | Өлшем бірлігі | Саны | Пайдалану мерзімі | Тексеру мерзімдері | Ескертпе |
4) Жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға қажетті
нормативтік-техникалық және әдіснамалық әдебиеттердің болуы
туралы мәлімет
Р/с № | Атауы | Өлшем бірлігі | Саны | Ескертпе |
5) Меншік құқығында немесе тартылған аккредиттелген
зертхананың болуы туралы мәлімет
Р/с № | Зертхананың атауы | Зертхананы аккредиттеу туралы аттестаттың № және берілген күні | Аккредиттеу саласын сипаттау | Меншіктік құқықты растайтын немесе басқа да заңды құжат | Зертхана орналасқан жер | Байланыс телефоны |
Осы нысанда көрсетілген деректер мәліметтерінің барлық
өзгерістері туралы уәкілетті органға уақытында хабарлауға міндеттеме
аламын.
Дұрыс емес ақпарат ұсынғаным үшін "Әкімшілік құқық бұзушылық
туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген жауаптылықта
болатыныма хабардармын.
Басшы _______________________________________________
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))
Нысан
АККРЕДИТАЦИЯ ТУРАЛЫ КУӘЛІК
N 00000
Аккредитация туралы осы куәлік ________________________________
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы )
____________________________________________________________ берілді,
(заңды мекенжай)
бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және
технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың
сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша
сараптама жұмыстарын жүзеге асыру құқығына
АККРЕДИТТЕЛДІ
және уәкілетті органның тізіліміне енгізілді
Куәлікті қолдану мерзімі _____________________________________ дейін
Уәкілетті органның басшысы ________________________________________
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))
қала ___________ 20__ж. " " ___________
Осы құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба
туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының
7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей.
Данный документ согласно пункту 1 статьи 7 Закона Республики
Казахстан от 7 января 2003 года "Об электронном документе и
электронной цифровой подписи" равнозначен документу на бумажном
носителе.
Нысан
Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және
технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен
құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық
зерттеп-қарау бойынша сараптама жұмыстарын жүзеге асыратын
аккредиттелген ұйымдардың тізімі
Р/с № | Ұйымның атауы | Аккредиттелген куәліктің берілген күні мен нөмірі | Аккредиттелген ұйымның штатында тұратын қызметкерлер туралы мәлімет | Қабылданған жауапкершілік шаралары туралы мәлімет |