"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-21)-тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 01.04.2020 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. "Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша техникалық қадағалау және сараптама жұмыстары жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидалар және рұқсат беру талаптары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімдік баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі |
Е. Досаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
______________ Ә. Исекешев
2015 жылғы 2 желтоқсан
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 709 бұйрығымен бекітілген |
Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша техникалық қадағалау және сараптама жұмыстары жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидалар мен рұқсат беру талаптары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 01.04.2020 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Техникалық және технологиялық жағынан күрделі бірінші және екінші жауапкершілік деңгейлеріндегі объектілерде ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық тексеру жөніндегі техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтерді және сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидалар мен рұқсат беру талаптары (бұдан әрі - Қағидалар мен рұқсат беру талаптары) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-21)-тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1)-тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Қағидалар мен рұқсат беру талаптары техникалық қадағалау бойынша инжинирингтік қызметтерді және бірінші және екінші деңгейдегі техникалық және технологиялық күрделі объектілерде ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен тұрақтылығын техникалық тексеру бойынша сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу рәсімін регламенттейді және "Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейлеріндегі объектілер бойынша техникалық қадағалау мен техникалық тексеруді жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсету тәртібін айқындайды.
3. Осы Қағидаларда және рұқсат беру талаптарында мынадай ұғымдар қолданылады:
1) аккредиттелген ұйым - уәкілетті органда белгіленген тәртіппен аккредиттеу рәсімінен өткен заңды тұлға;;
2) аккредиттеу - бірінші және екінші деңгейдегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен тұрақтылығын техникалық тексеру жөніндегі техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтерді немесе сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыратын ұйымдардың өкілеттіктерін уәкілетті органның ресми тану рәсімі;
3) аккредиттеу субъектілерінің тізілімі - аккредиттеу субъектілерін есепке алудың бірыңғай тізімі;
4) аккредиттеу туралы куәлік - уәкілетті орган беретін, аккредиттеу субъектілерінің бірінші және екінші деңгейдегі техникалық және технологиялық күрделі объектілерде ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен тұрақтылығын техникалық тексеру жөніндегі техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтерді немесе сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыру құзыреттілігін куәландыратын құжат;
5) өтініш беруші - бірінші және екінші деңгейдегі техникалық және технологиялық күрделі объектілерде ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен тұрақтылығын техникалық тексеру жөніндегі техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтерді немесе сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыратын ұйым ретінде аккредиттеу туралы куәлік алуға үміткер заңды тұлға;;
6) уәкілетті орган - сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық мемлекеттік органның ведомствосы.
4. "Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейлеріндегі объектілер бойынша техникалық қадағалау мен техникалық тексеруді жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметті осы Қағидалар мен рұқсат беру талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
5. Заңды тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетілетін қызметті берушіге электрондық - цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі-ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы құжаттармен өтінішті жолдайды.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға және рұқсат беру талаптарына 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) нысанында баяндалған.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағымен анықталған.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтері көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкімет" шлюзі арқылы ақпараттық жүйелерден ұсынылады.
Көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін іс-әрекеттер, орындалу ұзақтығы:
1) осы Қағидалардың және рұқсат беру талаптарының 6-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттармен өтінішті және рұқсат беру талаптарын автоматты тіркеу;
2) куәлікті электрондық нысанда беру, қайта ресімдеу көрсетілетін қызметті берушінің қатысуынсыз ақпараттық жүйемен (компьютермен) жүзеге асырылады - 20-40 (жиырма - қырық) минут ішінде.
8. Аккредиттеу туралы куәлік заңды тұлғаның атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген жағдайларда қайта ресімделеді.
9. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
10. Ұйымдастыру-құқықтық нысаны өзгерген жағдайда аккредиттелген ұйым аккредиттеу рәсімінен өтеді.
11. Аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын тоқтата тұру, қайта бастау, одан айыру (қайтарып алу) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабында көзделген тәртіппен және (немесе) негіздер бойынша жүзеге асырылады.
12. Қолданыстағы аккредиттеу туралы куәлік болмаса, ұйымның қызметін жүзеге асыруына жол берілмейді.
2-тарау. Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілерде техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеуге рұқсат беру талаптары және оны өткізу тәртібі
13. Аккредиттеуден өту және растау үшін өтініш берушілер мынадай рұқсат беру талаптарына сәйкес келеді:
1) Техникалық және технологиялық жағынан күрделі бірінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілерде техникалық қадағалауды жүзеге асыру үшін:
өз құрамында тұрақты негізде бірінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілерде, оның ішінде мамандандырулар бойынша техникалық қадағалауды жүзеге асыратын кемінде үш аттестатталған сарапшы болу:
жауапкершілігі бірінші деңгейдегі объектілер бойынша-тіреу және қоршау конструкциялары бөлігінде (кемінде бір сарапшы));
бірінші деңгейдегі жауапкершілік объектілері бойынша-инженерлік желілер бөлігінде (бір сарапшыдан кем емес));
жауапкершілігі бірінші деңгейдегі объектілер бойынша-технологиялық жабдықтар бөлігінде (кемінде бір сарапшы));
меншік құқығында немесе тартылған (шарт негізінде) аккредиттелген зертхананың болуы;
материалдық-техникалық жарақтандырылуы, оның ішінде жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті өлшеу және бақылау құралдары болуы;
жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті нормативтік құжаттамасының болуы;
2) Техникалық және технологиялық жағынан күрделі Екінші деңгейдегі объектілерде техникалық қадағалауды жүзеге асыру үшін:
өз құрамында тұрақты негізде жауапкершіліктің екінші және үшінші деңгейлеріндегі объектілерде, оның ішінде мамандандырулар бойынша техникалық қадағалауды жүзеге асыратын кемінде үш аттестатталған сарапшы болуы:
екінші және үшінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша-тіреу және қоршау конструкциялары бөлігінде (кемінде бір сарапшы));
екінші және үшінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша-инженерлік желілер бөлігінде (кемінде бір сарапшы));
жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілер бойынша-технологиялық жабдықтар бөлігінде (кемінде бір сарапшы));
меншік құқығында немесе тартылған (шарт негізінде) аккредиттелген зертхананың болуы;
материалдық-техникалық жарақтандырылуы, оның ішінде жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті өлшеу және бақылау құралдары болуы;
жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті нормативтік құжаттамасының болуы.
14. Техникалық және технологиялық жағынан күрделі бірінші және екінші жауапкершілік деңгейлеріндегі объектілерде техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аккредиттеу немесе растау күнінен бастап екі жылда бір рет расталады.
15. Көрсетілетін қызметті алушыны аккредиттеуді уәкілетті орган жүргізеді және осы Қағидаларға және рұқсат беру талаптарына 4-қосымшаға сәйкес электрондық түрде аккредиттеу туралы куәлікпен расталады.
16. Аккредиттелген ұйымдар осы Қағидаларға және рұқсат беру талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық және технологиялық жағынан күрделі жауапкершілік бірінші және екінші деңгейдегі объектілерде техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын аккредиттелген ұйымдардың тізіліміне енгізіледі, онда заңды тұлғаның деректемелері туралы ақпарат жиынтығы, аккредиттеу туралы куәліктің берілген күні мен нөмірі, жауапкершілік деңгейі, штатта мамандардың болуы туралы, сондай-ақ осы заңды тұлғаға қатысты қабылданған жауапкершілік шаралары туралы, Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген.
3-тарау. Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша сараптама жұмыстарын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеуге рұқсат беру талаптары және оны өткізу тәртібі
17. Аккредиттеуден өту үшін өтініш берушілер мынадай рұқсат беру талаптарына сәйкес келеді:
өз құрамында тұрақты негізде ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен тұрақтылығын техникалық тексеруді жүзеге асыратын кемінде үш аттестатталған сарапшы болу;
өз құрамында тұрақты негізде мамандандыру бойынша жобалардың сараптамасын жүзеге асыратын кемінде бір аттестатталған сарапшының конструктивтік бөлігі болуы;
өз құрамында тұрақты негізде кемінде бір инженер-геодезист (кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі бар);
меншік құқығында немесе тартылған (шарт негізінде) аккредиттелген зертхананың болуы;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы № ҚР ДСМ-29 бұйрығымен бекітілген "Әкімшілік және тұрғын үй ғимараттарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17769 болып тіркелген) талаптарын қанағаттандыратын меншік немесе жалға алу құқығындағы бір жылдан астам мерзімге (құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркеумен) әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлары болуы;
материалдық-техникалық жарақтандырылуы, оның ішінде жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті өлшеу және бақылау құралдары, сондай-ақ есептерді орындау, графикалық және өзге де материалдарды жасау және ресімдеу үшін қажетті лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етумен жарақтандырылған компьютерлер болуы;
жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті нормативтік-техникалық және әдіснамалық әдебиеттің болуы.
18. Бірінші және екінші деңгейдегі техникалық және технологиялық күрделі объектілерде ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық тексеру жөніндегі сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыратын ұйымды аккредиттеу туралы куәлік "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аккредиттеу немесе растау күнінен бастап екі жылда бір рет расталады.
19. Көрсетілетін қызметті алушыны аккредиттеуді уәкілетті орган жүргізеді және осы Қағидаларға және рұқсат беру талаптарына 8-қосымшаға сәйкес электрондық түрде аккредиттеу туралы куәлікпен расталады.
20. Аккредиттелген ұйымдар осы Қағидаларға және рұқсат беру талаптарына 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша және заңды тұлғаның деректемелері туралы ақпарат жиынтығын, аккредиттеу туралы куәліктің берілген күні мен нөмірін, штатында мамандардың бар-жоғын, сондай-ақ осы заңды тұлғаға қатысты қабылданған жауапкершілік шаралары туралы мәліметтерді қамтитын рұқсат беру талаптарын техникалық және технологиялық жағынан күрделі жауапкершілік бірінші және екінші деңгейдегі объектілерде ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық тексеру жөніндегі сараптама жұмыстарын жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген.
21. Осы Қағидалардың және рұқсат беру талаптарының 16 және 20-тармақтарында көзделген аккредиттелген ұйымдардың және рұқсат беру талаптарының тізіліміне осы Қағидаларға және рұқсат беру талаптарына 11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш негізінде өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
Бұл ретте енгізілген кез келген өзгерістер мен толықтырулар осы Қағидалардың және рұқсат беру талаптарының 13 және 17-тармақтарында көзделген рұқсат беру талаптарын және рұқсат беру талаптарын бұзуға әкеп соқпайды.
22. Аккредиттелген ұйым аккредиттеу туралы куәлікті беру кезінде де, оның жарамдылық уақытының бүкіл кезеңі ішінде де қойылатын рұқсат беру талаптарына сәйкес келуі тиіс.
4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
23. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушінің, уәкілетті органның басшысының атына, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.
24. Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес қаралуға жатады:
көрсетілетін қызметті беруші, уәкілетті орган - тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган - ол тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде.
25. Көрсетілетін қызметті берушінің, уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес қажет болған жағдайда он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш берушіге ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
"Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша техникалық қадағалауды және техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын) | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық іcтepі комитеті |
2 | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері | "Электрондық үкіметтің" веб-порталы: www.egov.kz. |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | Заңды тұлғаның атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген кезде, заңды тұлға қайта ұйымдастырылған кезде куәлікті беру - қайта ресімдеу-20-40 минут |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
осы Қағидаларға және рұқсат беру талаптарына 4 және 8-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша аккредиттеу туралы куәлік. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін негізде көрсетіледі |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін; |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі осы Қағидаларға |
1) Техникалық және технологиялық жағынан күрделі бірінші және екінші жауапкершілік деңгейлеріндегі объектілерде техникалық қадағалау бойынша инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыру бойынша аккредиттеу туралы куәлікті алған кезде порталға:: |
9 | Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер | Жоқ |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар. |
ӨТІНІШ
________________________________________________________________________________
(уәкілетті органның толық атауы)
________________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
____________________________________________ жауапкершілік деңгейіндегі
(тиісті жауапкершілік деңгейі)
техникалық және технологиялық күрделі объектілерді техникалық қадағалау жөніндегі
инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын ұйым ретінде аккредиттеуді сұраймын.
Мекенжайы________________________________________________________________
(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі, телефон, факс,
е-mail) Филиалдар (өкілеттіктер, объектілер, пунктер, учаскелер) ________________________
________________________________________________________________________________
(орналасқан орны және деректемелері)
Банк шоты ______________________________________________________________________
(шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан орны)
Осымен:
барлық көрсетілген деректердің ресми байланыс болып табылатыны және оларға куәлік
беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез-келген ақпарат жіберілетіні;
өтініш берушіге қызметтің осы түрімен айналысуға сот тыйым салмағаны;
барлық қоса берілген құжаттардың шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатыны;
өтініш беруші аккредиттеу туралы куәлікті беру кезінде ақпараттық жүйелерде
қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді
пайдалануға келісімін бергендігі расталады.
Басшы _________________________________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Толтырылған күні: 20 жылғы " "___________
Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілерді техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдардың аккредиттеуден өтуі үшін мәліметтер нысаны
1) Техникалық қадағалау сарапшысының тиісті аттестаты бар қызметкерлері туралы мәліметтер
Р/с | Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі | Сарапшы аттестатының №, берілген күні, кім берді | Аттестат бойынша мамандануы | Диплом бойынша мамандығы | Техникалық қадағалауды жүзеге асыру бойынша мәлімет | Техникалық қадағалауды жүзеге асыру кезінде әкімшілік айыппұлдың болуы | ||
Объектінің атауы (сараптама қорытындысына сәйкес) | Тапсырыс беруші | Техникалық қадағалауды жүзеге асыру басталған/ аяқталған күні | ||||||
Ескертпе: Аттестатталған сарапшылар бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілері техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын бір ғана ұйымның құрамына кіреді
2) Меншік немесе бір жылдан астам мерзімге жалға алу құқығында әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлардың болуы туралы мәліметтер
Р/с | Әкімшілік-тұрмыстық үй-жайдың функционалдық құрам бөлігі | Алаңы | Меншік құқығын растайтын құжат немесе өзге заңды негіздеме | Мекенжайы және кадастрлық нөмірі |
3) Жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға қажетті материалдық-техникалық жарақтандырылуы, оның ішінде өлшеу және бақылау құралдары туралы мәліметтер
Р/с | Өлшеу және бақылау құралдарының маркасы мен атауы | Өлшем бірлігі | Саны | Пайдалану мерзімі | Тексеру мерзімдері | Ескертпе |
4) Жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға қажетті нормативтік-техникалық және әдіснамалық әдебиеттердің болуы туралы мәліметтер
Р/с | Атауы | Өлшем бірлігі | Саны | Ескертпе |
5) Меншік құқығындағы немесе тартылған аккредиттелген зертхананың болуы туралы мәліметтер
Р/с | Зертхананың атауы | Зертхананы аккредиттеу туралы аттестаттың № және берілген күні | Аккредиттеу саласын сипаттау | Меншік құқығын растайтын құжат немесе өзге заңды негіздеме | Зертхана орналасқан жер | Байланыс телефоны |
Осы нысанда көрсетілген деректер мәліметтерінің барлық өзгерістері туралы уәкілетті органға уақытылы хабарлауға міндеттеме аламын.
Анық емес ақпарат ұсынғаным үшін "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінесәйкес жауаптылықта болатыныма хабардармын.
Басшы _______________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
АККРЕДИТАЦИЯ ТУРАЛЫ КУӘЛІК № 00000
Аккредитация туралы осы куәлік ______________________________________________
________________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы)
_________________________________________________________________________ берілді,
(заңды мекенжайы)
________________________________________________________ жауапкершілік деңгейіндегі
(тиісті жауапкершілік деңгейі)
техникалық және технологиялық күрделі объектілерді техникалық қадағалау жөніндегі
инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыру құқығына
АККРЕДИТТЕЛДІ
және уәкілетті органның тізіліміне енгізілді
Куәлікті қолдану мерзімі ____________________________________ дейін
Уәкілетті орган _____________________________________
___________ қаласы 20__жылғы " " ___________
Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілерде техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын аккредиттелген ұйымдардың тізімі
Р/с | Ұйымның атауы | Аккредиттелген куәліктің берілген күні мен нөмірі, жауапкершілік деңгейі | Аккредиттелген ұйымның штатында тұратын қызметкерлер туралы мәлімет | Қабылданған жауапкершілік шаралары туралы мәлімет |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
ӨТІНІШ
________________________________________________________________________________
(уәкілетті органның толық атауы)
________________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі деректемелері)
бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық
күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын
техникалық зерттеп-қарау бойынша сараптама жұмыстарын жүзеге асыратын ұйым ретінде
аккредиттеуді сұраймын.
Мекенжайы________________________________________________________________
(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі, телефон,
факс, е-mail) Филиалдар (өкілдіктері, объектілері, пунктілері, учаскелері) ___________
________________________________________________________________________________
(орналасқан орны және деректемелері)
Банк шоты ______________________________________________________________________
(шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан орны)
Осымен:
барлық көрсетілген деректердің ресми байланыстар болып табылатыны және оларға
куәлік беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез-келген ақпарат жіберілетіні;
өтініш берушіге қызметтің осы түрімен айналысуға сот тыйым салмағаны;
барлық қоса берілген құжаттардың шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатыны;
өтініш беруші аккредиттеу туралы куәлікті беру кезінде ақпараттық жүйелерде
қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді
пайдалануға келісімін бергендігі расталады.
Басшы ____________________________________________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Толтырылған күні: 20 жылғы " "___________
Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша сараптама жұмыстарын жүзеге асыратын ұйымдардың аккредиттеуден өтуі үшін мәліметтер нысаны
1) Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша сараптама жұмыстарың жүзеге асыру бойынша, қала құрылысы, конструктивтік бөлім бойынша маманданған жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттама сараптамасы бойынша тиісті аттестаты бар және инженер-геодезист дипломы бар қызметкерлер туралы мәлімет
Р/с № | Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) Жеке сәйкестендіру нөмірі | Сарапшы аттестатының №, берілген күні, кім берді | Аттестат бойынша мамандануы | Диплом бойынша мамандығы | Техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыру бойынша мәлімет | Техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыру кезінде әкімшілік айыппұлдың болуы | |
Объектінің атауы | Тапсырыс беруші | ||||||
Ескертпе: Аттестатталған сарапшылар бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша сараптама жұмыстарын жүзеге асыратын бір ғана ұйымның құрамына кіреді;
2) Меншік немесе бір жылдан астам мерзімге жалға алу құқығында әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлардың болуы туралы мәлімет
Р/с | Әкімшілік-тұрмыстық үй-жайдың функционалдық құрам бөлігі | Алаңы | Меншік құқығын растайтын құжат немесе өзге заңды негіздеме | Мекенжайы және кадастрлық нөмірі |
3) Жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға қажетті материалдық-техникалық жарақтандырудың, оның ішінде өлшеу және бақылау құралдарының, сондай-ақ есеп айырысуларды орындауға, графикалық және өзге де материалдарды жасау мен ресімдеуге қажетті лицензиялық бағдарламалық жасақтамасы бар дербес компьютерлердің болуы туралы мәлімет
Р/с | Өлшеу және бақылау құралдарының, компьютерлердің, лицензиялық бағдарламалардың маркасы мен атауы | Өлшем бірлігі | Саны | Пайдалану мерзімі | Тексеру мерзімдері | Ескертпе |
4) Жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға қажетті нормативтік-техникалық және әдіснамалық әдебиеттердің болуы туралы мәлімет
Р/с | Атауы | Өлшем бірлігі | Саны | Ескертпе |
5) Меншік құқығында немесе тартылған аккредиттелген зертхананың болуы туралы мәлімет
Р/с | Зертхананың атауы | Зертхананы аккредиттеу туралы аттестаттың № және берілген күні | Аккредит-теу саласын сипаттау | Меншік құқығын растайтын құжат немесе өзге заңды негіздеме | Зертхана орналасқан жер | Байланыс телефоны |
Осы нысанда көрсетілген деректер мәліметтерінің барлық өзгерістері туралы уәкілетті органға уақытылы хабарлауға міндеттеме аламын.
Анық емес ақпарат ұсынғаным үшін "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жауаптылықта болатыныма хабардармын.
Басшы _______________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
АККРЕДИТТЕУ ТУРАЛЫ КУӘЛІК № 00000
Осы аккредиттеу туралы куәлік _______________________________________________
________________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы)
_________________________________________________________________________ берілді,
(заңды мекенжайы)
бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық
күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын
техникалық зерттеп-қарау бойынша сараптама жұмыстарын жүзеге асыру құқығына
АККРЕДИТТЕЛДІ
және уәкілетті органның тізіліміне енгізілді.
Куәлікті қолдану мерзімі ____________________________________ дейін
Уәкілетті органн _____________________________________
___________ қаласы 20__жылғы " " ___________
Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша сараптама жұмыстарын жүзеге асыратын аккредиттелген ұйымдардың тізімі
Р/с | Ұйымның атауы | Аккредиттелген куәліктің берілген күні мен нөмірі | Аккредиттелген ұйымның штатында тұратын қызметкерлер туралы мәлімет | Қабылданған жауапкершілік шаралары туралы мәлімет |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Өтініш куәлікті қайта ресімдеу үшін заңды тұлғаның
________________________________________________________________________________
(уәкілетті органның толық атауы))
________________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, орналасқан жері,
бизнес-сәйкестендіру нөмірі), заңды тұлғада бизнес- сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда
- шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
№__________ бастап "___" _________ 20___
________________________________________________________________________________
(қызмет түрінің және (немесе) кіші түрінің толық атауы) жүзеге асыруға берілген куәлікті
келесі негіздеме бойынша (тиісті ұяшықта Х көрсетіңіз) қайта ресімдеуді сұраймын:
1) заңды тұлға атауының өзгеруі ___________
2) заңды тұлғаның орналасқан жерін өзгерту ________
Заңды тұлғаның мекен-
жайы_________________________________________ (шетелдік заңды тұлға үшін - ел,
пошталық индексі, ОБЛЫСЫ, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)
Электрондық пошта ________________________________________________________
Телефондар _______________________________________________________________
Факс _____________________________________________________________________
Банктік шот _______________________________________________________________
(шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
Қоса беріледі _ парақ.
Осымен расталады, бұл:
барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылады және оларға
аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу мәселелері бойынша кез келген ақпарат жіберілуі мүмкін;
өтініш берушіге қызметтің осы түрімен айналысуға сотпен тыйым салынбаған;
барлық қоса берілген құжаттар шындыққа сәйкес келеді және жарамды болып табылады;
өтініш беруші аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу кезінде ақпараттық
жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келіседі.
Басшы __________ _________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Толтыру күні: "__" __________ 20__ жыл