Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына, мемлекет акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларына бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 16-НҚ нормативтік қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 желтоқсанда № 12513 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы Заңының 12-бабы 4-тармағының 10) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу, іске асыру, мониторинг жүргізу, бағалау және бақылау, сондай-ақ Елді аумақтық кеңістікте дамытудың болжамды схемасын әзірлеу, іске асыру қағидаларының 28-тармағына сәйкес, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына, мемлекет акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларына бағалау жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің осы нормативтік қаулыға қосымшаға сай кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      3. Заң бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы нормативтік қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;

      3) осы нормативтік қаулының Есеп комитетінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Нормативтік қаулының орындалуын бақылау Есеп комитетінің аппарат басшысына (Е.Б. Зағитов) жүктелсін.

      5. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Республикалық бюджеттің


атқарылуын бақылау жөніндегі


есеп комитетінің Төрағасы

Қ. Жаңбыршин


  Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау
жөніндегі есеп комитетінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 16-НҚ нормативтік
қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына, мемлекет акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларына бағалау жүргізу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына, мемлекет акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларына бағалау жүргізу қағидалары (бұдан әрі –Қағидалар) "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы Заңының 12-бабы 4-тармағының 10) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығымен (бұдан әрі – № 931 Жарлық) бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу, іске асыру, мониторинг жүргізу, бағалау және бақылау, сондай-ақ Елді аумақтық кеңістікте дамытудың болжамды схемасын әзірлеу, іске асыру және бақылау қағидаларының 28-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына, мемлекет акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен жоспарларына бағалау жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Қағидалар мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды, орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақтарды дамыту бағдарламаларын тиісті бюджетті атқару және мемлекет активтерін пайдалану бөлігінде, ал Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары бойынша өзге де бағыттар бойынша, мемлекет акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларын (бұдан әрі – бағдарламалар, стратегиялық жоспарлар, даму стратегиялары мен жоспарлары) бағалауға бірыңғай тәсіл жасау мақсатында әзірленді.

      3. Бағдарламалардың, стратегиялық жоспарлардың, даму стратегиялары мен жоспарларының іске асырылуын бағалау көрсеткіштеріне сәйкес олардың негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізу дәрежесін айқындау, жоспарланған нәтижелерді талдау, ауытқудың және оларға байланысты бұзушылықтардың себептерін анықтау, сондай-ақ оларды жою және жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу болып табылады (бұдан әрі – бағалау).

      4. Бағдарламалардың, стратегиялық жоспарлардың, даму стратегиялары мен жоспарларының іске асырылуын бағалауды мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесіне және сараптамалық-талдау қызметіне сәйкес аудиторлық іс-шаралар шеңберінде Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті) жүзеге асырады.

      5. Аумақтарды дамыту бағдарламаларының іске асырылуын бағалауды мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесіне және сараптамалық-талдау қызметіне сәйкес аудиторлық іс-шаралар шеңберінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары (бұдан әрі – тексеру комиссиялары) жүзеге асырады.

      6. Бағалау мемлекеттік аудитті және сараптамалық-талдау қызметін жүргізу, сондай-ақ ақпаратты жинау және талдау жолымен жүзеге асырылады.

2. Бағалау жүргізу тәртібі

      7. Бағалау мемлекеттік жоспарлау және бағалау жөніндегі уәкілетті органдардың № 931 Жарлыққа сәйкес жүзеге асырылатын бағдарламалардың, стратегиялық жоспарлардың, даму стратегиялары мен жоспарларының бүкіл бағалау кезеңіндегі іске асырылуы туралы есебінің, статистикалық ақпараттың; аудиторлық қорытындылардың, сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының сараптамалық-талдау қызметі нәтижелерінің, ғылыми институттардың, халықаралық сарапшылардың және басқаларының бағалары мен ақпараты негізінде жүргізіледі.

      8. Бағалау мынадай кезеңдерден тұрады:

      1) жоспарлау;

      2) жүргізу;

      3) есеп жасау;

      4) бағалау қорытындыларын іске асыру.

3. Жоспарлау

      9. Бағдарламаларды, стратегиялық жоспарларды, даму стратегиялары мен жоспарларын бағалауды жоспарлау "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Заңның (бұдан әрі – Мемлекеттік аудит туралы заң) 12, 17-баптарына және сараптамалық-талдау қызметін жүргізуді регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.

      10. Бағалау жүргізуге дайындық кезінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерін (бұдан әрі – мемлекеттік аудит объектілері), бағдарламаларды, стратегиялық жоспарларды, даму стратегиялары мен жоспарларын, сондай-ақ олардың іске асырылуын регламенттейтін өзге де нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің актілерін, ресми статистикалық деректерді алдын ала зерделеу жүзеге асырылады.

      11. Алдын ала зерделеу кезінде әр мемлекеттік аудит объектісі үшін бағалау жүргізуге қажетті ақпарат көздері, оның ауқымы, бағалау шеңберінде жүргізілетін мемлекеттік аудит объектілері, мемлекеттік аудит типтері, тексеру және сараптамалық-талдау қызметінің түрі, бағалау көрсеткіштері, мемлекеттік аудит мәселелері, сондай-ақ оны жүргізу әдістері айқындалады. Мемлекеттік аудиттің жоспары мен бағдарламасы, сондай-ақ сараптамалық-талдау қызметінің мәселелері жасалады.

      12. Бағдарламаларды, стратегиялық жоспарды, даму стратегиясы мен жоспарына бағалау үшін жүргізілетін аудиторлық іс-шара шеңберінде аудит жоспарында оларды қаржыландыру көлемі де көрсетіледі.

      13. Мемлекеттік аудитті жүргізу бағдарламасы (бұдан әрі – Аудит бағдарламасы) әрбір жеке бағдарламаның, стратегиялық жоспардың, даму стратегиясы мен жоспарының ерекшеліктері ескеріле отырып әзірленеді.

      14. Аудит бағдарламасында және сараптамалық-талдау қызметінің мәселелерінде бағалаудың мынадай түрлерi көзделеді:

      1) бағдарламалардың, стратегиялық жоспарлардың, даму стратегиялары мен жоспарларының iске асырылуы.

      Бағалаудың бұл түрi бағдарламаға, стратегиялық жоспарға, даму стратегиялары мен жоспарларына енгiзiлген бағыттардың, мақсаттардың, мiндеттер мен iс-шаралардың iске асырылу кезеңдерi мен рәсiмдерiн талдау арқылы бағдарламалардың, стратегиялық жоспарлардың, даму стратегиялары мен жоспарларының iске асырылуы кезінде жүргізіледі;

      2) бағдарламаларда, стратегиялық жоспарларда, даму стратегиялары мен жоспарларында көзделген нәтижелерге қол жеткізу.

      Бағалаудың бұл түрi бағдарламалардың, стратегиялық жоспарлардың, даму стратегиялары мен жоспарларының iске асырылуы аяқталғаннан кейiн, соның ішінде оларды орындаудың аралық нәтижелері ескеріле отырып жүргiзiледi.

      15. Аудит бағдарламасын және сараптамалық-талдау қызметінің мәселелерін жасау бағалаудың мынадай көрсеткіштері ескеріле отырып жүзеге асырылады:

      1) тиімділік – бағдарламаларды, стратегиялық жоспарларды, даму стратегиялары мен жоспарларын іске асырудан алынған нәтижелердің оларға қол жеткізу үшін пайдаланылған ресурстар ескеріле отырып, мақсаттарға, міндеттерге, нысаналы индикаторларға қол жеткізілуі жоспарланған нәтижелерге арақатынасы;

      2) үнемділік – бағдарламалардың, стратегиялық жоспарлардың, стратегиялар мен даму жоспарларының іске асырылуын бағалау нәтижелерінің тиісті сапасын сақтай отырып, осы нәтижелерге қол жеткізу үшін бөлінген ресурстардың құнын барынша азайту;

      3) өнімділік – саны, сапасы және мерзімдері ескеріле отырып бөлінген ресурстарды пайдалану арқылы экономика немесе мемлекеттік басқарудың жекелеген саласы үшін бағдарламаларды, стратегиялық жоспарларды, даму стратегиялары мен жоспарларын іске асырудан барынша пайдалы нәтиже алу;

      4) нәтижелілік – бағдарламада, стратегиялық жоспарда, даму стратегиясы мен жоспарында әр бағытқа белгіленген міндеттің, мақсаттың және іс-шараның іске асырылу дәрежесі және бағдарламаның, стратегиялық жоспардың, даму стратегиясы мен жоспарының жоспарлы (тікелей, түпкілікті) және нақты нәтижелерінің арақатынасы;

      5) перспективалық – жүргізілген шығыстардың бағдарламаны, стратегиялық жоспарды, даму стратегиясы мен жоспарын іске асырудың белгіленген күтілетін кезеңіне қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкестігі.

      16. Осы Қағидалардың 15-тармағында көзделген көрсеткіштер:

      1) бағдарламаларды бағалау кезінде:

      бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарының орындалуын және (немесе) орындалмауын және олардың орындалмау себептерiн, орындалмаған iс-шаралардың мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзуге, елдiң, өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайына тигізген әсерін айқындауды;

      бағдарлама үйлестiрушiсiнiң бірлесіп орындаушы мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимылының деңгейiн және олардың әрқайсысының жауаптылық шамасын айқындауды;

      жоспардан тыс iс-шараларды анықтауды;

      бағдарламаның нақты қол жеткiзiлген мақсаттарын, мiндеттерін, нысаналы индикаторларын, іске асырылу нәтижелерінің көрсеткiштерiн, сондай-ақ оларға қол жеткiзiлмеу себептерiн айқындауды;

      бағдарламаның жоспарланған нәтижелеріне қол жеткiзуге (пайдаланылмаған немесе қысқартылған қаражатты анықтауға, алынған нәтиженi және оған қол жеткiзуге кеткен шығындар жиынтығын салыстыруға) бағытталған бюджет шығындарын және мемлекет активтерін бағалауды;

      бағдарламаны іске асыру кезінде қолданыстағы заңнаманың, соның ішінде бюджет қаражатын жоспарлау мен пайдалануды регламенттейтін ішкі ведомстволық заңнаманың талаптарына рәсімдердің сәйкестігінің сақталуын;

      халыққа жүргізілген сауалдама, сауалнама, соның ішінде ғылыми және зерттеу ұйымдары мен мемлекеттік органдар жүргізіп жатқандары негізінде, бағдарлама және көрсетiлген мемлекеттiк қызметтер нәтижелерiне тұтынушылардың, халықтың қанағаттанушылығы дәрежесін талдауды болжайды;

      2) стратегиялық жоспарларды бағалау кезінде:

      мақсаттар мен нысаналы индикаторлардың нақты шамаларын жоспарланған шамаларымен салыстыру арқылы оларға қол жеткiзілуін;

      нақты қол жеткізілген нәтижелер көрсеткіштерін күтілген нәтижелермен салыстыру арқылы тікелей нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізу дәрежесін;

      міндеттер, тікелей нәтижелердің көрсеткіштері және іс-шаралар орындалмаған немесе уақтылы орындалмаған кезде стратегиялық жоспардың одан кейінгі іске асырылуына тигізетін әсерінің дәрежесін айқындауды;

      міндеттердің, тікелей нәтижелер көрсеткіштерінің және іс-шаралардың нақты орындалған көлемін жоспарланған көлемімен салыстыру арқылы олардың орындалу деңгейін айқындауды;

      орталық мемлекеттік органның алдыңғы кезеңдердегі қызметімен салыстырғанда қол жеткізілген нәтижелер серпіні мен оларға қол жеткізу үшін пайдаланылған бюджет қаражатын пайдаланудың арақатынасын;

      жоспарланған нәтижелерге қол жеткiзуге (пайдаланылмаған немесе қысқартылған қаражатты анықтауға, алынған нәтиженi және оған қол жеткiзуге кеткен шығындар жиынтығын салыстыруға) бағытталған бюджет шығындарын және мемлекет активтерін, сондай-ақ стратегиялық жоспардың iске асырылуын басқарудың ұйымдастырылуын бағалауды, соның ішінде:

      стратегиялық жоспардың әрбір жеке іс-шарасына, сондай-ақ тауарлар (жұмыстар, көрсетілген қызметтер) бірлігіне кеткен шығындардың нақты көлемі жоспарланған бюджет қаражатымен салыстырылады;

      іс-шаралар толық көлемінде орындалған жағдайда, үнемделген бюджет қаражатының көлемі айқындалады;

      халыққа жүргізілген сауалдама, сауалнама, соның ішінде ғылыми және зерттеу ұйымдары мен мемлекеттік органдар жүргізіп жатқандары негізінде, стратегиялық жоспар және көрсетiлген мемлекеттiк қызметтер нәтижелерiне тұтынушылардың қанағаттанушылығы дәрежесін талдауды болжайды;

      3) даму стратегиясы мен жоспарын бағалау кезінде:

      мемлекет акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың (бұдан әрі – ұлттық холдингтер, компаниялар) даму стратегиясы мен жоспарының нақты мәндерін жоспарланған мәндерімен салыстыру арқылы түйінді көрсеткіштерінің мақсаттарына және нысаналы мәндеріне қол жеткізу деңгейін айқындауды;

      қызметтің түйінді көрсеткіштерінің нақты қол жеткізілген нысаналы мәндерінің ұлттық холдингтердің, компаниялардың даму стратегиясы мен жоспарында айқындалған мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі дәрежесін айқындауды;

      нақты қол жеткізілген нәтижелер көрсеткіштерін күтілген нәтижелер көрсеткіштерімен салыстыру арқылы оларға қол жеткізу дәрежесін айқындауды (ұлттық холдингтің, компанияның даму стратегиясы мен жоспарындағы міндеттерді іске асыру жөніндегі іс-шараларды таңдаудың дұрыстығы, сондай-ақ іс-шаралардың міндеттерді толық қамтуы бағаланады);

      міндеттер орындалмаған немесе уақтылы орындалмаған, нәтижелер мен іс-шаралардың көрсеткіштеріне қол жеткізілмеген кезде, ұлттық холдингтің, компанияның даму стратегиясы мен жоспарының одан кейінгі іске асырылуына тигізетін әсерін айқындауды;

      ұлттық холдинг, компания қызметінің алдыңғы кезеңдерімен салыстырғанда, қол жеткізілген нәтижелердің серпінін;

      Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарында (аумақтарды дамыту бағдарламаларында), стратегиялық жоспарларда жазылған мақсаттар мен міндеттерге, әлеуметтік-экономикалық даму болжамында көрсетілген бюджеттік параметрлерге сәйкестігі дәрежесін айқындауды;

      күтілген нәтижелерге қол жеткiзуге (пайдаланылмаған немесе қысқартылған қаражатты анықтауға, алынған нәтиженi және оған қол жеткiзуге кеткен шығындар жиынтығын салыстыруға) бағытталған бюджет шығындары мен мемлекет активтерін, сондай-ақ ұлттық холдингтiң, компанияның даму стратегиясы мен жоспарын iске асырудың басқарылуын ұйымдастыруды бағалауды болжайды, соның ішінде:

      ұлттық холдингтiң, компанияның даму стратегиясы мен жоспарының тиісті бюджеттен қаржыландырылатын әрбір жеке іс-шарасына кеткен шығындардың нақты көлемі салыстырылады;

      іс-шаралар толық көлемінде орындалған жағдайда, үнемделген бюджет қаражатының және мемлекет активтерінің көлемі айқындалады;

      ұлттық холдинг, компания қызметінің саланың (экономика секторының), өңірдің дамуына тигізген әсеріне кешенді және объективті талдау жүзеге асырылады;

      халыққа жүргізілген сауалдама, сауалнама, соның ішінде ғылыми және зерттеу ұйымдары, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері жүргізіп жатқандары негізінде, ұлттық холдингтің, компанияның даму стратегиясы мен жоспарының нәтижелерiне және олардың қызметіне тұтынушылардың қанағаттанушылығы дәрежесін талдауды болжайды;

      17. Бағалау көрсеткіштерін айқындау Мемлекеттік аудит туралы заңның 8, 26, 27, 28, 29-баптарына сәйкес жүзеге асырылады.

4. Аудит жүргізу

      18. Бағалау жүргізу кезеңінде ақпарат пен нақты деректерді (бұдан әрі – дәлелдемелер) жинақтау мынадай тәсілдермен:

      1) бір мезгілде;

      2) белгілі бір уақыт аралығында үздіксіз процесс жолымен;

      3) оны жүргізудің бүкіл мерзімі ішінде жүргізіледі.

      19. Негізінде бағалаудың тұжырымдары қалыптастырылатын объективтi және анық деректердi ұсыну мақсатында, дәлелдемелер ақпараттың негізінде, соның ішінде мемлекеттік аудит объектiсiнде жиналатын ақпарат негiзiнде қалыптасады. Негізінде бағалау қалыптастырылатын дәлелдемелер мемлекеттік аудиттің және сараптамалық-талдау қызметінің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келеді.

      20. Дәлелдемелер алуға ақпарат көздері, соның ішінде мыналар болып табылады:

      1) тексерілетін орталық мемлекеттік, жергілікті атқарушы органның, ұлттық холдингтің, ұлттық компанияның қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық және құқықтық актілер, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің актілері;

      2) қаржылық (бухгалтерлік) есептілік және бағалау мәніне байланысты басқа да қаржылық құжаттар;

      3) бағаланып отырған мемлекеттік, жергілікті атқарушы органның, ұлттық холдингтiң, компанияның жұмысын жоспарлау, ішкі аудит қызметін ұйымдастыру, алқа отырыстарын, кеңестерді өткізу, шағымдарды, дауларды, аудиторлық іс-шаралардың және бағалау мәніне байланысты тексерулердің нәтижелерін қарау мәселелері бойынша қағаз және электронды тасығыштардағы құжаттар;

      4) тексерілетін орталық мемлекеттік, жергілікті атқарушы органның, мемлекет акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтiң, ұлттық холдингтің, компанияның өз қызметтерінің нәтижелері мен проблемалары туралы дайындаған ішкі есептілігі, талдамалық жазбалары және шолулары;

      5) тексерілетін орталық мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың және ұлттық холдингтердiң, компаниялардың бағалау мәніне байланысты тиісті ақпараты жинақталатын ақпараттық дерекқорлар және операциялық жүйелер;

      6) ресми статистикалық деректерден, бағдарламаның, стратегиялық жоспардың, ұлттық холдингтің, компанияның даму стратегиясы мен жоспарының мәніне байланысты проблемалармен айналысатын ғылыми-зерттеу институттарының материалдарынан, бұқаралық ақпарат құралдарынан тұратын сыртқы ақпарат көздері;

      7) мемлекеттік аудит объектілерін тексерудің нәтижелері, халықаралық сараптама ұйымдарының, халықаралық рейтингтердің (индекстердің) тексеріп қарау актілері, аудиторлық қорытындылар мен есептер, талдау және қорытындысы;

      8) ғылыми институттардың, халықаралық сарапшылардың жүргізген сауалнамасына және зерттеулеріне сәйкес, халықтың, тұтынушылардың арасындағы сауалнаманың нәтижелерi.

      21. Дәлелдемелерді жинау кезінде бағаланып отырған орталық мемлекеттік, жергілікті атқарушы органның және ұлттық холдингтiң, компанияның бағдарламаны, стратегиялық жоспарды, сондай-ақ ұлттық холдингтiң, компанияның даму стратегиясы мен жоспарын іске асырудың барлық негізгі іс-қимылдарын тиімді жүзеге асырғанын/жүзеге асырмағанын және барлық шарттары орындалғанын/орындалмағанын дәлелдейтін барлық мәліметтер жиналады.

      22. Республикалық және жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын бағдарламалардың іске асырылуын бағалау кезiнде Есеп комитетi және тексеру комиссиялары келiсiм бойынша бірлескен қызметті жүзеге асырады.

      23. Ұлттық холдинг, компания қызметінің саланы (экономиканың секторын), өңірді дамытуға әсерінің дәрежесін айқындау мақсатында, даму стратегиясы мен жоспарының іске асырылуын бағалау кезінде тиісті саланың сарапшылары және (немесе) мемлекеттік органдардың мамандары тартылады.

5. Бағалау қорытындысы туралы ақпарат

      24. Бағалаудың қорытындысы бойынша Есеп комитетінің (тексеру комиссиясының) мүшесі:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сай нысан бойынша мемлекеттік (үкіметтік) бағдарламаның, аумақтарды дамыту бағдарламаларының іске асырылуын бағалаудың қорытындысы туралы ақпаратты;

      2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сай нысан бойынша стратегиялық жоспардың іске асырылуын бағалаудың қорытындысы туралы ақпаратты;

      3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сай нысан бойынша даму стратегиясы мен жоспарының іске асырылуын бағалаудың қорытындысы туралы ақпаратты дайындайды.

      25. Бағалау қорытындысы туралы ақпарат оң нәтижелерді және орталық мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың және ұлттық холдингтердiң, компаниялардың қызметінің тиімсіздігін көрсететін, анықталған кемшіліктер мен бұзушылықтардың нақты фактілерін, сондай-ақ бағалау көрсеткіштерін қамтиды.

      Бағалау қорытындысы туралы ақпаратта бағдарламаны, стратегиялық жоспарды, даму стратегиясы мен жоспарларын іске асыру нәтижелерінің бағалау көрсеткіштеріне сәйкестігі, тиімсіз нәтижелерге әкеп соққан себептер көрсетіледі және бағдарламаны, стратегиялық жоспарды, даму стратегиясы мен жоспарын іске асырудың әрбір стратегиялық бағыты, мақсаты, міндеті, іс-шарасы, нысаналы индикаторы, нәтижелер көрсеткіштері бойынша тиісті тұжырым қалыптастырылады.

6. Бағалау қорытындыларын іске асыру

      26. № 931 Жарлықтың 118-тармағына сәйкес, Есеп комитетiнiң өзі жүргізетін аудиторлық іс-шаралар шеңберінде мемлекеттiк бағдарламаның іске асырылуына жүргiзген бағалауының қорытындысы Есеп комитетінің тиісті қаулысына қол қойылған күнінен бастап, жеті жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне, мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға және мемлекеттiк бағдарламаны әзiрлеуге жауапты мемлекеттiк органға жiберiледi.

      27. Тексеру комиссиясының өзі жүргізетін аудиторлық іс-шаралар шеңберінде аумақтарды дамыту бағдарламасының іске асырылуына жүргiзген бағалауының қорытындысы тексеру комиссиясының тиісті қаулысына қол қойылған күнінен бастап, жеті жұмыс күні ішінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органына және мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органға жiберiледi.

      28. Есеп комитетiнiң өзі жүргізетін аудиторлық іс-шаралар шеңберінде орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына жүргiзген бағалауының қорытындысы Есеп комитетінің тиісті қаулысына қол қойылған күнінен бастап, жеті жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне, сондай-ақ стратегиялық жоспарларға бағалау жүргiзу үшін уәкiлеттi органдарға жiберiледi.

      29. Есеп комитетiнiң бағдарламалардың, стратегиялық жоспарлардың, даму стратегиялары мен жоспарларының іске асырылуына жүргiзген бағалауының қорытындысы Қазақстан Республикасының Президентiне тоқсан сайынғы ақпаратқа енгізіледі.

      30. Өздері жүргізетін аудиторлық іс-шаралардың және сараптамалық-талдау қызметінің шеңберінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын бағалау мен іске асырудың негізгі қорытындылары Қазақстан Республикасының Парламентіне жіберілетін, өзінің мазмұны бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті есебіне қорытынды болып табылатын, есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Есеп комитетінің жылдық есебіне енгізіледі.

      31. Тексеру комиссиясы өзі жүргізетін аудиторлық іс-шаралардың және сараптамалық-талдау қызметінің шеңберінде бағалаудың қорытындысы туралы жыл сайын жергілікті атқарушы органның тиісті қаржы жылындағы жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есебін қарау кезінде мәслихатқа баяндап отырады.

  Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің
құжаттарына, мемлекет акционері
болып табылатын ұлттық басқарушы
холдингтердің, ұлттық холдингтердің,
ұлттық компаниялардың даму
стратегиялары мен жоспарларына
бағалау жүргізу қағидаларына
1-қосымша

      нысан

Мемлекеттік (үкіметтік) бағдарламаның, аумақтарды дамыту бағдарламаларының іске асырылуын бағалаудың қорытындысы туралы ақпарат

      _______________________________________________

      (бағдарламаның атауы)

      Деректемелері _________________________________________________

      Әзірлеуші мемлекеттік орган ___________________________________

      Есепті кезең __________________________________________________

      Іске асырылу мерзімдері (кезеңдер бойынша) ____________________

      1. Нәтижелерге қол жеткізу

Атауы

Өлшем бірлігі

20__ жылғы жоспар

Іс жүзінде

Нақты нәтижелерге қол жеткізу туралы ақпарат, орындалмаған жағдайда себебін көрсету

1

2

3

4

5

Стратегиялық бағыты

Мақсаты

Нысаналы индикатор





Нәтиже

көрсеткіші





……






      2. Қаржылай қаражаттың игерілуі

Қаржыландыру көзі

Жоспар, мың теңге

Іс жүзінде, мың теңге

Қаражаттың игерілмеу себептері

1

2

3

4

1-көзі




2-көзі







Жиыны





      3. Мемлекеттік/үкіметтік бағдарламаның/аумақтарды дамыту бағдарламасының іске асырылу тиімділігін талдау:

      бюджет қаражатының және мемлекет активтерінің пайдаланылуын талдау;

      іске асырылған іс-шаралардың тиімділігін, соның ішінде көрсеткіштер мен индикаторларға қол жеткізілуі бойынша бағалау.

      4. Бағдарламалық құжаттың іске асырылуын бағалаудың нәтижелері (тұжырымдар және ұсыныстар, бағалау көрсеткіштері):

      бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану кезінде бағдарламалардың іске асырылу барысының нәтижелілігі, өнімділігі, үнемділігі, перспективалығы мен тиімділігі туралы, олардың іске асырылуын ұйымдастыру деңгейі туралы ақпарат;

      бағдарламаны іске асырудың қандай да бір нақты нәтижелерінің бағалау көрсеткіштеріне сәйкестігінің сипаттамасы;

      бюджет қаражатының және мемлекет активтерінің пайдаланылу тиімділігін жалпы бағалау;

      анықталған бұзушылықтарды (кемшіліктерді) жасауға әкеп соққан себептер;

      анықталған кемшіліктер жөнінде ұсынымдар;

      орталық мемлекеттік, жергілікті атқарушы органның өзі анықтаған проблемаларды жою мүмкіндіктерін талдау, соның ішінде бағдарламаларды қаржыландыру көлемі мен көздері бойынша түзету жөнінде, қолданыстағы заңнаманы өзгерту туралы ұсыныстар;

      бағдарламаны одан әрі қаржыландыру мен іске асырудың, оңтайландырудың орындылығын бағалау.

      5. Бағдарламалық құжатты іске асыру кезінде бюджет және өзге де заңнаманы бұза отырып, бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану фактілері бойынша қабылданған шаралар.

      6. Әзірлеуші мемлекеттік органның (орындаушының) мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау қызметінің қорытындысы бойынша Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің (тексеру комиссияларының) құжаттарын қарау нәтижелері.

  Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің
құжаттарына, мемлекет акционері
болып табылатын ұлттық басқарушы
холдингтердің, ұлттық холдингтердің,
ұлттық компаниялардың даму
стратегиялары мен жоспарларына
бағалау жүргізу қағидаларына
2-қосымша

      нысан

Стратегиялық жоспардың іске асырылуын бағалаудың
қорытындысы туралы ақпарат

      _________________________________________________________________

      (әзірлеуші мемлекеттік органның атауы)

      20_____ жылғы "___" ___________ № ______бекітілген

      _____________________________________________________________________

      (мемлекеттік органның стратегиялық жоспары бекітілген құқықтық

      не нормативтік құқықтық актінің атауы)

      __________________ жылдарға арналған,

      (жоспарлы кезең)

      Есеп кезеңі: ______________________

      1. Қол жеткізілмеген мақсаттар, нысаналы индикаторлар және нәтижелер

      көрсеткіштері бойынша мәліметтер

      1-стратегиялық бағыт _____________________________________________

      1.1-мақсат _______________________________________________________

      Осы мақсатқа қол жеткізуге бағытталған бюджеттік бағдарламаның коды

      __________________________________________________________________

Қол жеткізудің түпкілікті мерзімін (кезеңін) көрсете отырып, нысаналыиндикатордың, міндеттердің және тікелей нәтижелер көрсеткіштерінің атауы

Ақпарат көзі

Өлшем бірлігі

Есепті кезең

Қол жеткізілмеу себептері

жоспар

Іс жүзінде

1

2

3

4

5

6

Нысаналы индикаторлар






….






Міндеттер

Тікелей нәтижелер көрсеткіштері











Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар










      2. Қаржылай қаражаттың игерілуін талдау

Бюджеттік бағдарламаның көрсеткіштері

Көрсеткіштің атауы

Өлшем бірлігі

Есепті кезең

Нәтижелерге қол жеткізілмеу/ бюджет қаражатының игерілмеу себептері

План

Факт

1

2

3

4

5

6

Бюджеттік бағдарламаның атауы


Түпкілікті нәтиженің көрсеткіштері






Сапа көрсеткіштері






Тиімділік көрсеткіштері






бюджет шығыстарының көлемі

бағдарлама бойынша барлығы


мың теңге




соның ішінде кіші бағдарлама бойынша


мың теңге




кіші бағдарлама бойынша


мың теңге





      3. Стратегиялық жоспардың іске асырылу тиімділігін талдау:

      бюджет қаражатының және мемлекет активтерінің пайдаланылуын талдау;

      қол жеткізілген көрсеткіштер мен индикаторлардың тиімділігін бағалау.

      4. Стратегиялық жоспардың іске асырылуын бағалау нәтижелері (тұжырымдар мен ұсыныстар, бағалау көрсеткіштері).

      бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану кезінде стратегиялық жоспардың іске асырылу барысының нәтижелілігі, өнімділігі, үнемділігі, перспективалығы мен тиімділігі туралы, олардың іске асырылуын ұйымдастыру деңгейі туралы ақпарат;

      стратегиялық жоспарды іске асырудың қандай да бір нақты нәтижелерінің бағалау көрсеткіштеріне сәйкестігінің сипаттамасы;

      бюджет қаражатының және мемлекет активтерінің пайдаланылу тиімділігін жалпы бағалау;

      анықталған бұзушылықтарды (кемшіліктерді) жасауға әкеп соққан себептер;

      анықталған кемшіліктер жөнінде ұсынымдар;

      орталық мемлекеттік органның өзі анықтаған проблемаларды жою мүмкіндіктерін талдау, соның ішінде стратегиялық жоспарды қаржыландыру көлемі мен көздері бойынша түзету жөнінде, қолданыстағы заңнаманы өзгерту туралы ұсыныстар;

      стратегиялық жоспарды одан әрі қаржыландыру мен іске асырудың, оңтайландырудың орындылығын бағалау.

      5. Стратегиялық жоспарды іске асыру кезінде бюджет және өзге де заңнаманы бұза отырып, бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану фактілері бойынша қабылданған шаралар.

      6. Әзірлеуші мемлекеттік органның (орындаушының) мемлекеттік аудиттің және сараптамалық-талдау қызметінің қорытындысы бойынша Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің құжаттарын қарау нәтижелері.

  Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің
құжаттарына, мемлекет акционері
болып табылатын ұлттық басқарушы
холдингтердің, ұлттық холдингтердің,
ұлттық компаниялардың даму
стратегиялары мен жоспарларына
бағалау жүргізу қағидаларына
2-қосымша

      нысан

Даму стратегиясы мен жоспарының іске асырылуын
бағалаудың қорытындысы туралы ақпарат

      _________________________________________________________________

      (ұлттық холдингтің/компанияның атауы)

      20__ жылғы "___" ___________ № ______бекітілген

      _____________________________________________________________________

      (ұлттық холдингтің/компанияның даму стратегиясы/даму жоспары

      бекітілген нормативтік құқықтық актінің атауы)

      _______________________ жылдарға арналған

      (іске асырылу кезең)

      Есеп кезеңі: ______________________

      1. Нәтижелерге қол жеткізу

Атауы

Өлшем бірлігі

20__ жылғы жоспар

Іс жүзінде

Нақты нәтижелерге қол жеткізу туралы ақпарат, орындалмаған жағдайда себептерін көрсету

1

2

3

4

5

Қызметтің стратегиялық бағыты

Мақсаты

Нысаналы индикатор





Нәтиже көрсеткіші





……






      2. Қаржылай қаражаттың игерілуі

Қаржыландыру көзі

Іс-шараның атауы

Жоспар, мың теңге

Іс жүзінде, мың теңге

Қаражаттың игерілмеу себептері

1


2

3

4

1-көзі





2-көзі









Жиыны






      3. Ұлттық холдингтің/компанияның даму стратегиясының/даму жоспарының іске асырылу тиімділігін талдау:

      ұлттық холдингтің/компанияның даму стратегиясының/даму жоспарының іске асырылу барысына ықпал еткен факторларды (қаражаттың мақсатына сай пайдаланылуын, мемлекеттік мүліктің тиімді басқарылуын, іс-шаралардың уақтылы және сапалы орындалуын, қызметтің рентабельділігін) талдау;

      стратегиялық даму бағыттарына қол жеткізудің іске асырылуын бағалау;

      іске асырылған іс-шаралардың, соның ішінде даму жоспарының көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша тиімділігін бағалау.

      4. Бағдарламалық құжаттың іске асырылуын бағалау нәтижелері (тұжырымдар мен ұсыныстар, бағалау көрсеткіштері).

      даму стратегиясы мен жоспарының іске асырылу барысының нәтижелілігі, өнімділігі, үнемділігі, перспективалығы мен тиімділігі туралы, олардың іске асырылуын ұйымдастыру деңгейі туралы ақпарат;

      даму стратегиясы мен жоспарын іске асырудың қандай да бір нақты нәтижелерінің бағалау көрсеткіштеріне сәйкестігінің сипаттамасы;

      бюджет қаражатының және мемлекет активтерінің пайдаланылу тиімділігін жалпы бағалау;

      даму стратегиясы мен жоспарын іске асырудың сала, ая, өңір немесе ұлттық холдинг, компания қызметінің көрсеткіштерінің нәтижелеріне тигізген әсерін айқындау;

      анықталған бұзушылықтарды (кемшіліктерді) жасауға әкеп соққан себептер;

      анықталған кемшіліктер жөнінде ұсынымдар;

      ұлттық холдингтің, компанияның өзі анықтаған проблемаларды жою мүмкіндіктерін талдау, соның ішінде даму стратегиясы мен жоспарын қаржыландыру көлемі мен көздері бойынша түзету жөнінде, қолданыстағы заңнаманы өзгерту туралы ұсыныстар;

      даму стратегиясы мен жоспарын одан әрі қаржыландыру мен іске асырудың, оңтайландырудың орындылығын бағалау.

      5. Мемлекеттік мүлікті, бюджет қаражатын, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін тиімсіз басқару фактілері, ұлттық холдингтің/компанияның даму стратегиясын/даму жоспарын іске асыру кезіндегі бюджет және өзге де заңнама бұзушылықтары бойынша қабылданған шаралар.

      6. Ұлттық холдингтің/компанияның мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау қызметінің қорытындысы бойынша Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің құжаттарын қарау нәтижелері.

  Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау
жөніндегі есеп комитетінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 16-НҚ нормативтік
қаулысына қосымша

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің күші жойылды деп тануға жататын
кейбір қаулыларының тізбесі

      1. "Мемлекеттік бағдарламаларға, орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына, аумақтарды дамыту бағдарламаларына және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларына бағалау жүргізу ережесін бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2010 жылғы 1 шілдедегі № 17-қ қаулысы (Нормативтік құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тізілімінде № 6371 тiркелген).

      2. "Мемлекеттік бағдарламаларға, орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына, аумақтарды дамыту бағдарламаларына және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларына бағалау жүргізу ережесін бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2010 жылғы 1 шілдедегі № 17-қ қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2011 жылғы 31 тамыздағы № 31-П қаулысы (Нормативтік құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тізілімінде № 7184 тiркелген).

      3. "Мемлекеттік бағдарламаларға, орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына, аумақтарды дамыту бағдарламаларына және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларына бағалау жүргізу ережесін бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2010 жылғы 1 шілдедегі № 17-қ қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2013 жылғы 20 ақпандағы № 10-П қаулысы (Нормативтік құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тізілімінде № 8373 тiркелген).

      4. "Мемлекеттік бағдарламаларға, орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына, аумақтарды дамыту бағдарламаларына және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларына бағалау жүргізу ережесін бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2010 жылғы 1 шілдедегі № 17-қ қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 3-НҚ қаулысы (Нормативтік құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тізілімінде № 10825 тiркелген).