"Мемлекеттік бағдарламаларға, орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына, аумақтарды дамыту бағдарламаларына және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларына бағалау жүргізу ережесін бекіту туралы"

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2013 жылғы 20 ақпандағы № 10-П қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 11 наурызда № 8373 тіркелді. Күші жойылды - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Төрағасының 2015 жылғы 30 қарашадағы № 16-НҚ нормативтік қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Төрағасының 30.11.2015 № 16-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын, Елдің аумақтық-кеңістік дамуының болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, аумақтарды дамыту бағдарламаларын, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеу, іске асыру, мониторинг, бағалау және бақылау жүргізу ережелерінің 39-тармағына сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Мемлекеттік бағдарламаларға, орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына, аумақтарды дамыту бағдарламаларына және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларына бағалау жүргізу ережесін бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2010 жылғы 1 шілдедегі № 17-қ қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6371 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 24 тамызда № 342-343 (26186), 2011 жылғы 24 қыркүйекте № 453-456 (26849) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік бағдарламаларға, орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына, аумақтарды дамыту бағдарламаларына және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларына бағалау жүргізу ережесінде:
      67-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Шеңберiнде бағалау жүзеге асырылатын бақылау iс-шаралары (бұдан әрi – бақылау iс-шаралары) Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2009 жылғы 7 сәуiрдегi № 788 Жарлығымен бекiтiлген Мемлекеттiк қаржылық бақылау стандарттарына, Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 141-бабының 19) тармақшасына сәйкес Есеп комитетiнiң нормативтік қаулысымен бекiтiлетін Сыртқы мемлекеттiк қаржылық бақылауды жүргiзу ережесiне (бұдан әрі – Сыртқы мемлекеттiк қаржылық бақылауды жүргiзу ережесi) және осы Ережеге сәйкес жүргiзiледi.
      7. Бағалау тiкелей бақылау объектiлерiнде бақылау iс-шараларын жүргiзу жолымен де, әрi жиналған ақпарат негiзiнде де жүзеге асырылады. Бағалау бағдарламалардың (стратегиялық жоспардың) iске асырылу кезеңi iшiнде жүргiзiледi.»;
      91011-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Бағдарламаларды (стратегиялық жоспарларды) бағалау бойынша бақылауды жоспарлау Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу ережесіне сәйкес жүзеге асырылады және нәтижеге қол жеткізу мақсатында бақылау объектісін алдын ала зерделеуден, бақылау жоспарын жасаудан және бақылау бағдарламасын бекітуден тұрады.
      10. Алдын ала зерделеу бағдарламаларды (стратегиялық жоспарларды), олардың іске асырылуын регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді, бағдарламалардың (стратегиялық жоспарлардың) іске асырылуы туралы мемлекеттік органдардың есептерін, қаржылық, бухгалтерлік есептілік құжаттарын, ресми статистикалық ақпаратты және бақылау объектісінің қызметі туралы өзге де ақпаратты жинау, талдау және зерделеу жолымен жүзеге асырылады.
      11. Алдын ала зерделеу процесінде бағалау жүргізуге қажетті ақпарат көздері айқындалады, бақылаудың үлгісі, түрі және объектілері, бақылау іс-шарасын жүргізуге қажетті ресурстардың көлемдері нақтыланады, бақылау мәселелері қалыптастырылады. Тиімділікті бақылаудың үлгісі бойынша бағдарламалардың (стратегиялық жоспарлардың) іске асырылуына бағалау жүргізу кезінде бағалаудың тиісті өлшемдері әзірленеді.»;
      131415-тармақтар алынып тасталсын;
      161718-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «16. Бақылау объектісін алдын ала зерделеудің негізінде Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу ережесінің талаптарына сәйкес бақылаудың жоспары жасалады, бақылау бағдарламасы және жұмыс жоспарлары әзірленеді.
      17. Бақылау жоспарын бақылау жүргізуге жауапты Есеп комитеті (тексеру комиссиясы) мүшесінің ұсынысы бойынша Есеп комитетінің (тексеру комиссиясының) Төрағасы бекітеді.
      18. Бақылау бағдарламасы бақылауды тиiмдi жүргiзуге қажеттi және тiкелей оның процесiн айқындайтын егжей-тегжейлi әзiрленген құжат болып табылады.
      Бақылау бағдарламасы әрбiр жеке бағдарламаның (стратегиялық жоспардың) өзiндiк ерекшелiгi ескеріле отырып әзiрленедi.»;
      мынадай мазмұндағы 18-1-тармақпен толықтырылсын:
      «18-1. Жұмыс жоспарлары нақты бағдарламалық мәселелерді, оларды әрбір бақылау объектісінде қараудың дәйектілігі мен мерзімін көрсете отырып, бақылау іс-шарасын жүргізуге қатысатын Есеп комитетінің әрбір қызметкеріне жеке жасалады.»;
      1920-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «19. Бақылау бағдарламасында бақылаудың мақсатына қарай бағалаудың мынадай түрлерi қарастырылады:
      1) бағдарламаның (стратегиялық жоспардың) iске асырылуы.
      Бағалаудың бұл түрi бағдарламаның (стратегиялық жоспардың) iске асырылуы барысында бағдарламаға (стратегиялық жоспарға) енгiзiлген бағыттардың, мақсаттардың, мiндеттер мен iс-шаралардың iске асырылу кезеңдерi мен рәсiмдерiн, ресурстарды басқарудың үнемдiлiгi мен тиiмдiлiгiн талдау, көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң артықшылықтары мен кемшiлiктерiне қатысты алушылардың пiкiрiн зерделеу, сондай-ақ мемлекет қаражаты мен активтерінің пайдаланылу сәйкестігіне бақылау жүргізу арқылы жүзеге асырылады;
      2) бағдарламаның (стратегиялық жоспардың) нәтижелерi мен тиімділігі.
      Бағалаудың бұл түрi бағдарламаны (стратегиялық жоспарды) iске асыру аяқталғаннан кейiн оны орындаудың аралық нәтижелерiн ескере отырып тиімділік бақылауын жүргізу арқылы жүргiзiледi.
      20. Бағдарламалардың (стратегиялық жоспарлардың) іске асырылуын бағалау бойынша тиімділікті бақылаудың бағдарламасын жасау кезiнде бағалаудың өлшемдер негiзiнде жүзеге асырылатынын басшылыққа алу қажет.»;
      21-тармақтың 1)2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) бағдарламаның стратегиялық мақсаттарына, міндеттеріне, нысаналы индикаторларына және іске асырылу нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізу.
      Бағалаудың бұл түрi мыналарды болжайды:
      бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарының орындалуын және/немесе орындалмауын және орындалмау себептерiн, орындалмаған iс-шаралардың стратегиялық мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзуiне, елдiң, өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайына ықпалын айқындауды;
      бағдарлама үйлестiрушiсiнiң мемлекеттiк органдар - бiрлесiп орындаушылармен өзара iс-қимыл деңгейiн және олардың әрқайсысының жауапкершiлiк шамасын айқындауды;
      жоспардан тыс iс-шараларды анықтауды, бұл ретте, егер жоспарланбаған iс-шаралардың орындалуы қойылған мақсаттарға қол жеткiзудi қамтамасыз етсе, оны орынды деп таниды;
      жоспарланған және нақты қол жеткiзiлген мақсаттарды, мiндеттердi, нысаналы индикаторларды, нәтижелердiң көрсеткiштерiн, сондай-ақ оларға қол жеткiзiлмеу себептерiн айқындауды;
      бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарының оның мақсаттарына, мiндеттерi мен көрсеткiштерiне сәйкестiгiн айқындауды;
      экономиканың немесе экономиканың жеке бiр саласының, әлеуметтiк саланың, мемлекеттiк басқарудың басқа салаларының дамуына мемлекеттiк орган қызметiнiң тигiзген әсерiн кешендi және объективтi талдау;
      2) бағдарламаны iске асырудың тиiмдiлiгi.
      Бұл өлшем жоспарланған нәтижелерге қол жеткiзуге бағытталған бюджет шығындарын (пайдаланылмаған, тиімсіз пайдаланылған немесе қысқартылған қаражатты анықтау, алынған нәтиженi және оған қол жеткiзуге кеткен шығындар жиынтығын салыстыру), шешілуіне құжат бағытталған елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, тікелей саланың (аяның) жай-күйіне бағдарламаны іске асырудың тигiзген әсерiн бағалау үшін пайдаланылады;
      3) қоғамның қанағаттанушылығы.
      Осы өлшем шеңберiнде тұтынушылардың бағдарлама нәтижелерiнен және көрсетiлген мемлекеттiк қызметтерден қанағаттанушылық деңгейi бойынша олардың пiкiрi талданады.
      Қоғамның қанағаттанушылық деңгейін айқындау кезінде ресми статистикалық ақпаратты, ғылыми-зерттеу институттарының, үкіметтік емес ұйымдардың (қоғамдық бірлестіктердің) ақпаратын, сондай-ақ бағдарламаның іс-шараларын іске асыру шеңберінде Есеп комитеті (тексеру комиссиясы) қызметкерлерінің көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасы, толықтығы мен қол жетімділігі туралы тұтынушыларға сауалнама (сұхбат) ұйымдастыру жолымен алған деректерін, егер сауалнама (сұхбат) жүргізу бақылау бағдарламасында көзделген болса пайдалануға болады;»;
      22-тармақта:
      1) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «нысаналы индикаторлардың нақты шамаларын жоспарланған шамаларымен салыстыру жолымен оларға қол жеткiзу;»;
      3) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы өлшем 21-тармақтың 3) тармақшасына сәйкес айқындалады;»;
      4) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бұл өлшем жоспарланған нәтижелерге қол жеткiзуге бағытталған бюджет шығындарын (пайдаланылмаған, тиімсіз пайдаланылған немесе қысқартылған қаражатты анықтау, алынған нәтиженi және оған қол жеткiзуге кеткен шығындар жиынтығын салыстыру), сондай-ақ стратегиялық жоспарды iске асырудың басқарылуын ұйымдастыруды бағалау үшiн пайдаланылады.»;
      23-тармақ алынып тасталсын;
      25-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «25. Негiзiнде бағалаудың тұжырымдары қалыптастырылатын объективтi және шынайы деректердi ұсыну мақсатында дәлелдер бақылау объектiсiнде жиналатын ақпарат негiзiнде қалыптасады.»;
      26-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) халық арасында жүргiзiлген сауалнаманың және басқа да зерттеулердің, оның ішінде үкiметтiк емес ұйымдар жүргiзген зерттеулердің нәтижелерi.»;
      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «28. Республикалық және жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттiк бағдарламаларды бағалау кезiнде Есеп комитетi және тексеру комиссиялары келiсiм бойынша бірлескен бақылау қызметiн жүзеге асырады.»;
      31-тармақтың 6) тармақшасы алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 31-1-тармақпен толықтырылсын:
      «31-1. Бағдарламаны (стратегиялық жоспарды) бағалаудың нәтижелеріне қарай қорытындыда бағдарламаның (стратегиялық жоспардың) құжаттарын түзету, қаржыландыру көлемі мен көздері, оның ішінде бағдарламаның (стратегиялық жоспардың) ресурстарын оңтайландыру және қайта бөлу, орталық мемлекеттік және атқарушы органдардың қызметін жетілдіру, қолданыстағы заңнаманы өзгерту бойынша ұсыныстар қалыптастырылады.»;
      3233-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «32. Бағалау нәтижелерi қаралғаннан кейiн Есеп комитетi (тексеру комиссиясы) қаулы (ұсыным) қабылдайды, ол:
      1) анықталған кемшiлiктердiң, бұзушылықтардың немесе проблемалардың болу себептерiн жоюға бағытталады;
      2) анықталған кемшiлiктер мен бұзушылықтарды жою бойынша нақты шаралар қолдануға бағытталады;
      3) орындалады;
      4) экономикалық жағынан тиiмдi болады;
      5) олардың орындалуынан нәтижелер алуға бағдарланады.
      33. Есеп комитетінің (тексеру комиссиясының) бақылау актiсi, қорытындысы және қаулысы (ұсынымы) Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу ережесінің талаптарына сәйкес ресiмделедi.»;
      34353637 және 37-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «34. Есеп комитетiнiң мемлекеттiк бағдарламаға жүргiзген бағалауының қорытындысы Есеп комитетінің тиісті қаулысына қол қойылған күнінен бастап жеті жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне, мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға, мемлекеттiк бағдарламаны әзiрлеуге жауапты мемлекеттiк органға жiберiледi.
      35. Тексеру комиссиясының аумақтарды дамыту бағдарламасына жүргiзген бағалауының қорытындысы тексеру комиссиясының тиісті қаулысына қол қойылған күнінен бастап жеті жұмыс күні ішінде әкiмдiкке және мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға жiберiледi.
      36. Есеп комитетiнiң стратегиялық жоспарларға жүргiзген бағалауының қорытындысы Есеп комитетінің тиісті қаулысына қол қойылған күнінен бастап жеті жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне, стратегиялық жоспарларға бағалау жүргiзуге уәкiлеттi органдарға жiберiледi.
      37. Тексеру комиссиясының жергiлiктi атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларына жүргiзген бағалауының қорытындысы тексеру комиссиясының тиісті қаулысына қол қойылған күнінен бастап жеті жұмыс күні ішінде стратегиялық жоспарларға бағалау жүргiзуге уәкiлеттi органдарға және әкiмдiкке жiберiледi.
      37-1. Есеп комитетінің және тексеру комиссиясының мемлекеттік бағдарламаға, аумақтарды дамыту бағдарламасына, сондай-ақ орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларына жүргізген бағалауының қорытындысы осы Ережеге 12-қосымшаларға сай нысандар бойынша ресімделеді.»;
      Ережеге 1-қосымшада тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік бағдарламаны/аумақтарды дамыту бағдарламасын бағалаудың қорытындысы туралы жіберілетін ақпараттың нысаны»;
      Ережеге 2-қосымшада тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын бағалаудың қорытындысы туралы жіберілетін ақпараттың нысаны».
      2. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің аппарат басшысы (В.В. Супрун) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы қаулының мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                          А. Мусин