Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатына аттестаттауды өткізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 686 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 24 желтоқсанда № 12489 болып тіркелді.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 326) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 414 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатына аттестаттауды өткізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
В. Школьник

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 3 желтоқсандағы
№ 686 бұйрығымен бекітілді

Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатына аттестаттауды өткізу қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 10.12.2018 № 492 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатына аттестаттауды өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 326) тармақшасына сәйкес әзірленді және генерациялайтын қондырғылардың электр қуатына аттестаттауды өткізу тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 414 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар қолданылады:

      1) аттестатталған электр қуаты – тиісті аттестаттау нәтижелері бойынша электр станцияларының аттестатталған электр қуатының жиынтығы, мегаватта есептеледі (бұдан әрі – МВт);

      2) бақылау кезеңі – жергілікті уақыт бойынша 17:00-ден бастап 23:00-ге дейін күнтізбелік күн уақытының мерзімі (мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса);

      3) генерациялайтын қондырғы – электр энергиясын өндіретін құрылғы;

      4) генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттау – Жүйелік оператор жүргізетін іс-шаралар, олар аттестатталған электр қуатының мәндерін және электр қуатын ұлғайту мен азайтудың аттестатталған жылдамдықтарын айқындауға бағытталған;

      5) жоспарлы жөндеу – Жүйелік оператормен келісілген жөндеу графигіне енгізілген жоспарлы жөндеу;

      6) жүйелік оператор – орталықтандырылған оралымды-диспетчерлік басқаруды, басқа мемлекеттердің энергия жүйелерімен қатарлас жұмыс істеуді қамтамасыз етуді, Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесінде теңгерімді ұстап тұруды, жүйелік қызметтер көрсетуді және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінен қосалқы көрсетілетін қызметтерді сатып алуды, сондай-ақ ұлттық электр желісіне техникалық қызмет көрсету мен оны пайдалану әзірлігінде ұстап тұруды жүзеге асыратын және оның дамуын қамтамасыз ететін ұлттық компания;

      7) негізгі генерациялайтын қондырғы - қазандық қондырғы, турбиналық қондырғы және электр генераторы;

      8) максимумды тіркеу кезеңі – жүйелік оператордың хатында көрсетілген уақыт бөлігі, соның ішінде энергия өндіруші ұйымның электр станциясының генерациялайтын қондырғыларының желіге жіберілетін электр қуаты тіркеледі;

      8-1) минимумды тіркеу кезеңі – жүйелік оператордың хатында көрсетілген уақыт бөлігі, соның ішінде энергия өндіруші ұйымның электр станциясының генерациялайтын қондырғыларының генерациясының минималды электр қуаты тіркеледі;

      9) алып тасталды – ҚР Энергетика министрінің 30.06.2023 № 248 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен;

      10) тесттік команда – энергия өндіруші ұйымның құрамына кіретін электр станцияларының электр қуатын өзгертуге энергия өндіруші ұйымның Жүйелік операторы берген өкім;

      11) техникалық минимум – конденсациялық, жылыту, газтурбиналы және бу-газды электр станциялары үшін – тиісті паспорттық деректерге сәйкес олардың жұмысының тұрақтылығын қамтамасыз ету жағдайлары бойынша; гидроэлектр станциялары үшін – су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті орган берген су шығынын қамтамасыз ету жағдайлары бойынша генерациялайтын қондырғылардың жұмысында ең аз рұқсат етілген электр қуаттарының жиынтығы, МВт;

      12) технологиялық минимум – генерациялайтын қондырғылардың ең аз электр қуаттарының жиынтығы (олардың жылу жүктемесінің берілген деңгейі кезінде), МВт;

      13) электр станциясының аттестатталған электр қуаты – энергия өндіруші ұйымның электр станциясының генерациялайтын қондырғыларының желіге жіберілетін электр қуатының максимумды тіркеу кезеңіндегі орташа мәні, МВт;

      14) электр қуатын төмендетудің аттестатталған жылдамдығы – генерацияның электр қуатын төмендету жылдамдығының мәнін тіркеудің басталу уақыты мен оның аяқталу уақыты арасында тіркелген энергия өндіруші ұйымның электр станциясының электр қуатын төмендету жылдамдығының орташа мәні, МВт/минутпен;

      15) электр қуатын ұлғайтудың аттестатталған жылдамдығы – генерацияның электр қуатын ұлғайту жылдамдығының мәнін тіркеудің басталу уақыты мен оның аяқталу уақыты арасындағы уақыт ішінде энергия өндіруші ұйымның электр станциясының генерациялайтын қондырғыларының электр қуатын ұлғайту жылдамдығының орташа мәні, МВт/минутпен;

      16) электр станциясының аттестатталған электр қуаты – белгілеу уақытында энергия өндіруші ұйымның электр станциясы генерациялайтын қондырғыларының желісіне босатылатын электр қуатының орташа мәні, МВт.

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің м.а. 30.11.2022 № 388 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Энергетика министрінің 30.06.2023 № 248 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 25.11.2024 № 414 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

2-тарау. Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттауды өткізу тәртібі

      3. Энергия өндіруші ұйымдардың электр станциясының генерациялық қондырғылары аттестаттаудан өтуге жатады.

      Бұл ретте тек қана жылу кестесінде жұмыс істеуге технологиялық негізделген электр станциясының жұмыс істеп тұрған генерациялайтын қондырғыларының электр қуаты генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттау нәтижелері бойынша осы генерациялайтын қондырғылардың желісіне (олардың жылу жүктемесінің белгілі бір деңгейінде) минималды электр қуатын босатудың алдағы жылға жоспарланған максималды көлемінде электр станциясының аттестатталған электр қуатына қосылады.

      4. Энергия өндіруші ұйым жыл сайын отыз бірінші қаңтарға дейін энергия өндіруші ұйымның құрамына кіретін әрбір станция бойынша аттестаттаудан өтудің жоспарланатын күні туралы ақпаратты жүйелік операторға жібереді. Бұл ретте аттестаттаудан өтудің көрсетілген жоспарланатын күні ағымдағы жылдың 10 қазанынан кешіктірілмей тағайындалады.

      Аттестаттаудан өтудің жоспарланған күнінен 5 жұмыс күні бұрын энергия өндіруші ұйым өзінің құрамына кіретін, оны пайдалана отырып, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойнша қызмет көрсетуді жоспарлап отырған әрбір электр станциясы бойынша жүйелік операторға өзінің ресми бланкісінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделген генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттауды жүргізуге өтінім береді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 30.06.2023 № 248 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4-1. "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-4, 15-6 және 15-8-баптарына сәйкес іске қосылатын негізгі генерациялайтын жабдық осы жабдық пайдалануға берілген күнінен бастап электр қуатын аттестаттауға жатады.

      Ескерту. 4-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 30.06.2023 № 248 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Жүйелік оператор энергия өндіруші ұйымның өтінімі бойынша генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттауды (бұдан әрі – аттестаттау) онымен келісілген мерзімдерде, бірақ өтінімді алғаннан кейін күнтізбелік жиырма күннен кешіктірмей жүзеге асырады.

      Аттестаттауды энергия өндіруші ұйымның электр станциясында электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі, "Электр желілік қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 210 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10899 болып тіркелген) 191-тармағына сәйкес тәртіппен деректерді автоматты беруді қамтамасыз ететін телеметрия аспаптары болған жағдайда, жүйелік оператордың диспетчерлік пунктіне келісілген деректерді беру хаттамалары және телеметрия алмасу тізбелері бойынша, осы Қағидалардың 16-тармағын ескере отырып, жүйелік оператор жүргізеді.

      Қазақстан Республикасының Біртұтас электр энергетикалық жүйесінде және қатарлас жұмыс істейтін энергия жүйелерінде режимдік жағдай өзгерген (нашарлаған) жағдайда, сондай-ақ энергия өндіруші ұйымның электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі және (немесе) телеметрия аспаптары ақаулы болса не Жүйелік оператордың диспетчерлік пункттеріне автоматты түрде трансляцияланған жағдайда, жүйелік оператордың бұл туралы тиісті энергия өндіруші ұйымдарды хабардар ете отырып осы мерзімді (күнді, уақытты) өзгертуіне жол беріледі, бұл ретте жүйелік оператор айқындаған аттестаттауды өткізу күні тиісті электр станцияларын (генерациялайтын қондырғыларды) жоспарлы жөндеу мерзімдерімен қатар келмеуге тиіс.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 30.06.2023 № 248 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Энергия өндіруші ұйымның өтінімінде көрсетілген аттестаттауды өткізудің жоспарланған күніне дейін күнтізбелік 2 күннен кешіктірмей жүйелік оператор энергия өндіруші ұйымға ресми бланкідегі хатпен энергия өндіруші ұйымның электр станциясын генерациялаудың жоспарлы электр қуатының бейінін не өтінімде көрсетілген деректер негізінде айқындалған аттестаттаудан өткен күнге электр станциясының әрбір генерациялайтын қондырғысы бойынша жеке айқындайды және жібереді энергия өндіруші ұйым, электр станциясын генерациялаудың электр қуатын ұлғайту мен азайтудың ең төменгі жылдамдығына, сондай-ақ энергия өндіруші ұйымның осы электр станциясы соңғы өткен операциялық тәулікте орналасқан Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің базалық аймағының электр қуатын тұтыну бейініне қойылатын талаптарды айқындайды.

      Бұл хатта жүйелік оператор сондай-ақ максимумды тіркеу кезеңін және минимумды тіркеу кезеңін, сондай-ақ генерацияның электр қуатының ұлғаю және төмендеу жылдамдығын тіркеудің басталу уақытын көрсетеді.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 414 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6-1. Энергия өндіруші ұйым генерациялайтын қондырғылардың не электр станциясының әрбір генерациялайтын қондырғысы бойынша жеке электр қуатын аттестаттаудан өтетін күні жүйелік оператор белгілеген генерациялаудың электр қуатының бейінін аттестаттаудан өтетін электр станциясының сақтауын қамтамасыз етеді.

      Егер генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттаудан өтетін энергия өндіруші ұйым электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға сатуды жүзеге асырған жағдайда, бірыңғай сатып алушы электр энергиясын орталықтандырылған электр энергиясы сауда-саттығынан тыс жүйелік оператор белгілеген генерацияның электр станциясының бір немесе бірнеше генераторлық қондырғылары бойынша электр қуаты бейінін сақтау үшін қажетті көлемде осы энергия өндіруші ұйымнан электр энергиясын сатып алады.

      Жиілік пен қуатты автоматты реттеуді жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйымның электр станциясы аттестаттау уақытына жүйелік оператордың оралымды басқаруына ауыстырылады.

      Ескерту. 6-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 30.06.2023 № 248 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 414 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      6-2. Электр станциясы генерациясының электр қуатын ұлғайту жылдамдығының мәнін тіркеудің басталуы осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес энергия өндіруші ұйымның атына жіберілген жүйелік оператордың хатында көрсетілген генерацияның электр қуатын ұлғайту жылдамдығын тіркеудің басталу уақытынан, ал соңы – электр станциясы ұзақ уақыт бойы сақтай алатын электр қуатының ең үлкен мәніне қол жеткізу туралы электр станциясынан жедел ақпараттың жүйелік оператор тіркеген уақытынан басталады.

      Ескерту. 6-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 30.06.2023 № 248 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6-3. Электр станциясы генерациясының электр қуатын төмендету жылдамдығының мәнін тіркеудің басталуы осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес энергия өндіруші ұйымның атына жіберілген жүйелік оператордың хатында көрсетілген генерацияның электр қуатының төмендеу жылдамдығын тіркеудің басталу уақытынан, ал соңы – технологиялық және техникалық минимумдардың ағымдағы мәндерінің ең үлкен мәніне қол жеткізу туралы электр станциясынан жедел ақпараттың жүйелік оператор тіркеген уақытынан басталады.

      Ескерту. 6-3-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 30.06.2023 № 248 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Электрмен жабдықтау сенімділігін қамтамасыз ету жағдайлары салдарынан энергия өндіруші ұйымның электр станциясының барлық генерациялайтын қондырғыларының электр қуатына бір мезгілде аттестаттау жүргізу мүмкін болмаған жағдайда, немесе жаңғырту, кеңейту, реконструкциялау және (немесе) жаңарту туралы инвестициялық келісім шеңберінде пайдалануға берілетін, сондай-ақ осы электр станциясының құрамында генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу шеңберінде, сондай-ақ отынның баламалы түрі ретінде газды пайдалана отырып, генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғыртуға, реконструкциялауға және (немесе) кеңейтуге арналған инвестициялық келісім шеңберінде пайдалануға берілетін, сондай-ақ электр станциясына байланысты емес себептер бойынша жүйелік оператордың кейіннен аттестаттаудың нәтижелерін шығара отырып, электр станциясының әрбір генерациялайтын қондырғысы бойынша жеке аттестаттау жүргізуі мүмкін: электр станциясының аттестатталған жиынтық электр қуатын, оның ішінде генерациялайтын қондырғылардың аттестатталған электр қуатын, жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісім шеңберінде пайдалануға енгізілетін, сондай-ақ генерациялаудың маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғыртуға, реконструкциялауға және (немесе) кеңейтуге арналған инвестициялық келісім шеңберінде пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды жаңарту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту баламалы отын түрі ретінде газды пайдалана отырып, электр қуатын ұлғайту және азайтудың аттестатталған жылдамдықтарын қосу арқылы аттестаттаудың орташа нәтижелерін шығарады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 414 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Аттестаттау кезінде электр қуатын желіге босату мәндерін және электр энергиясын өндіруші ұйымның электр станциясының электр қуатын ұлғайту және азайту жылдамдығын тіркеу Жүйелік оператордың диспетчерлік пункттеріне автоматты түрде берілетін телеметрия аспаптары арқылы бақылай отырып, электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің деректеріне сәйкес жүзеге асырылады.

      9. Егер энергия өндіруші ұйым генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттаудан өтетін күні аттестаттаудан өтетін электр станциясының не электр станциясының әрбір генерациялайтын қондырғысы бойынша жеке жүйелік оператор белгілеген генерациялаудың электр қуаты бейінінің сақтауын қамтамасыз етпесе немесе электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің деректері бойынша айқындалған энергия өндіруші ұйымның электр станциясының аттестатталған электр қуаты ол жүйелік операторға берген өтінімде мәлімдеген мәннен аз болса, немесе энергия өндіруші ұйымның электр станциясының электр қуатын ұлғайтудың (төмендетудің) аттестатталған жылдамдығы осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген электр қуатын ұлғайтудың (төмендетудің) орташа жылдамдығының оның түріне сәйкес келетін ең төменгі мәнінен кем болып шықса, аттестаттаудан өтпеген болып есептеледі.

      Егер электр станциясының құрамында технологиялық тұрғыдан тек жылу тұтынумен жұмыс істеуге арналған қолданыстағы генерациялайтын қондырғылар болмаса, онда электр станциясының аттестатталған электр қуаты нөлге, ал электр станциясының құрамында олар болған жағдайда – осы Қағидалардың 2-тармағына сәйкес осы генерациялайтын қондырғылар (олардың жылу жүктемесінің белгіленген деңгейі кезінде) желісіне жіберудің ең төменгі электр қуатының алдағы жылы жоспарлы ең жоғары мәніне теңестіріледі.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 414 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Аттестаттаудан өтпеген күннен кейін төрт жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде берілген энергия өндіруші ұйымның қайталама өтінімі бойынша сол жылы энергия өндіруші ұйымның электр станциясын қайта (бір рет) аттестаттау жүргізіледі. Қайта аттестаттауды өткізу мерзімдерін жүйелік оператор аттестаттаудан өтпеген күннен кейін күнтізбелік елу күннен кешіктірмей және ағымдағы жылдың 10 қазанынан кешіктірмей дербес айқындайды және бұл туралы энергия өндіруші ұйымға өтінімді алған күннен кейін үш жұмыс күні ішінде хабарлайды.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 30.06.2023 № 248 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Жүйелік оператор генерациялайтын қондырғылардың электр қуатына аттестаттау нәтижелері бойынша аттестаттау өткізген күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей генерациялайтын қондырғылардың электр қуатына аттестаттау актісін (бұдан әрі – аттестаттау актісі) ресімдейді және энергия өндіруші ұйымға жібереді, осы актіде энергия өндіруші ұйымның генерациялайтын қондырғылары электр қуатының электр энергиясын өндіруге дайын аттестатталған шамасы көрсетіледі.

      Бұл ретте энергия өндiруші ұйымның электр энергиясын өндiруге дайын генерациялайтын қондырғыларының аттестатталған электр қуаты энергия өндiрушi ұйымның электр станциясының аттестатталған электр қуаты болып табылады.

      Аттестаттау актісі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша энергия өндіруші ұйымның аттестаттауға мәлімделген әрбір электр станциясы бойынша бөлек жасалады.

      Осы Қағидалардың 4 және 10-тармақтарына сәйкес Жүйелік операторға берілген энергия өндіруші ұйымның өтінімдері бойынша жүргізілген барлық аттестаттау нәтижелері бойынша Жүйелік оператор оның аттестатталған электр қуатын есептеп шығарады және соңғы аттестаттауды өткізген күнінен кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей энергия өндіруші ұйымның жаңғырту, кеңейту, реконструкциялау және (немесе) жаңарту жөніндегі инвестициялық келісімнің шеңберінде пайдалануға енгізілетін, сондай-ақ генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың құрылысы шеңберінде пайдалануға берілетін, отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғыртуға, реконструкциялауға және (немесе) кеңейтуге арналған инвестициялық келісім шеңберінде пайдалануға берілетін электр станцияларының құрамына кіретін генерациялық қондырғылардың аттестатталған электр қуатын көрсете отырып, уәкілетті органға, бірыңғай сатып алушыға, орталықтандырылған сауда нарығының операторына және электр энергиясын өндіруші ұйымға осы аттестатталған электр қуаты туралы жазбаша ақпарат жібереді.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің м.а. 30.11.2022 № 388 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Жүйелік оператор энергия өндіруші ұйымдардың электр станцияларын аттестаттау актілерінің негізінде осы станцияға сәйкес келетін электр қуатын ұлғайту және азайтудың аттестатталған жылдамдықтарын көрсете отырып, энергия өндіруші ұйымдардың электр станцияларының тізбесін (бұдан әрі – тізбе) қалыптастырады.

      13. Жүйелік оператор мынадай жағдайларда генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын кезектен тыс аттестаттайды:

      1) егер есеп айырысу кезеңінің қорытындысы бойынша k4 коэффициенті 0,5-тен кем болса;

      2) энергия өндіруші ұйымның бастамасы (бұдан әрі – бастама) бойынша.

      Бастама энергия өндіруші ұйым өзінің ресми бланкінде өзінің құрамына кіретін, соны пайдалана отырып электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көрсетуге жоспарланып отырған әрбір электр станциясы бойынша өтінім беру арқылы осы энергия өндіруші ұйымның электр станциясының белгіленген электр қуатына өзгерістер енгізілген жағдайда іске асырылады.

      Жүйелік оператор энергия өндіруші ұйымның электр станцияларын кезектен тыс аттестаттауды энергия өндіруші ұйымның бастамасы бойынша кезектен тыс аттестаттауды жүргізуге өтінім алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүргізеді. Бұл ретте кезектен тыс аттестаттауды өткізу күні мен уақытын Қазақстан Республикасының Біртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі және қатарлас жұмыс істейтін энергия жүйелеріндегі режимдік жағдайды ескере отырып, жүйелік оператор түзетуі мүмкін.

      Кезектен тыс аттестаттаулар осы Қағидалардың 6, 6-1, 6-2, 6-3, 7, 8 және 9-тармақтарға сәйкес жүргізіледі.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 414 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Электр станциясының кезектен тыс аттестаттау нәтижелері бойынша оны өткізген күннен кейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей Жүйелік оператор осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кезектен тыс аттестаттау актісін ресімдеп, энергия өндіруші ұйымға жібереді және тізбені жаңартады.

      Энергия өндіруші ұйымның электр станцияларының бүкіл кезектен тыс аттестаттау нәтижелері бойынша Жүйелік оператор оның аттестатталған электр қуатын есептеп шығарады және күнтізбелік бес күннен кешіктірмей уәкілетті органға, бірыңғай сатып алушыға және энергия өндіруші ұйымға осы аттестатталған электр қуаты туралы жазбаша хабарлайды.

      15. Электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестесінің тиісті жоспарлы шамаларына (бұдан әрі – ауытқу) қатысты аттестаттау шеңберінде энергия өндіруші ұйымның электр станцияларының шиналарынан қосымша босатылған немесе толық жіберілмеген электр энергиясы электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында қаржылық реттеледі.

      Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы имитациялық режимде жұмыс істеген жағдайда, ауытқуларды жүйелік оператор ағымдағы есеп айырысу кезеңі (күнтізбелік ай) ішінде физикалық реттейді.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 30.06.2023 № 248 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Электр қуатының нарығын қолданудың бірінші жылында энергия өндіруші ұйымдардың аттестатталған электр қуаттары электр қуатының нарығын енгізу жылының алдындағы жылдың бірінші қаңтарындағы жағдай бойынша олардың қолда бар электр қуатына теңестіріледі, ал олардың құрамына кіретін электр станцияларының электр қуатын ұлғайтудың (азайтудың) аттестатталған жылдамдығы осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген электр станцияларының электр қуатын ұлғайтудың (азайтудың) орташа жылдамдығының минималды мәндерінің тиісті деректеріне теңестіріледі.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген электр қуатының нарығын енгізу жылының алдындағы жылдың бірінші қаңтарындағы жағдай бойынша қолда бар электр қуаттары туралы ақпаратты энергия өндіруші ұйымдар уәкілетті органға, бірыңғай сатып алушыға, орталықтандырылған сауда нарығының операторына және Жүйелік операторға ұсынады.

  Генерациялайтын
қондырғылардың электр
қуатына аттестаттауды
өткізу қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

  (Жүйелік оператор болып
табылатын ұйымның атауы
көрсетілетін орын)

Өтінім

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 30.06.2023 № 248 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

_________________________________________________________________ (энергия өндіруші ұйымның атауын көрсетіңіз) генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттаудан өткізуге ___________________________________________________________________. (энергия өндіруші ұйымның электр станциясының атауын көрсету)

Электр станциясының параметрлері

Өлшемі

Мәні*

1

2

3

4

1.

Белгіленген электр қуаты

МВт


2.

Орташа жылдық қолда бар электр қуаты

МВт


3.

Электр станциясының жеке қажеттіліктерінің электр қуаты

МВт


4.

Жұмыс істейтін генерациялайтын қондырғылардың саны

Бірлік


5.

Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатына аттестаттаудан өтетін жұмыс істейтін генерациялайтын қондырғылардың станциялық нөмірлері

-


6.

Аттестатталған электр қуатының күтілетін мәні

МВт


7.

Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттау кезінде генерациялаудың электр қуатының күтілетін минималды мәні

МВт


      Ескертпе:

      * - кесте параметрлерінің сандық мәндері бүтіндей дәлдікпен көрсетіледі, кестенің 8 және 9-жолдарын қоспағанда, олардың сандық мәндері ондыққа дейінгі дәлдікпен көрсетіледі.

      Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатына аттестаттауды өткізу күні: "____" ____________ 20___ж. (бұл күн тиісті күнтізбелік жылдың 10 қазанынан кешіктірілмей белгіленеді).

(Энергия өндіруші ұйымның уәкілетті тұлғасының лауазымын көрсету орны)

(қол қою орны)

(Энергия өндіруші ұйымның уәкілетті тұлғасының Т.Ә.А. көрсету орны)

     

  Генерациялайтын
қондырғылардың электр
қуатына аттестаттауды
өткізу қағидаларына
2-қосымша

Электр станцияларының электр қуатын ұлғайтудың орташа жылдамдығының минималды мәндері

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 30.06.2023 № 248 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      МВт/мин

Электр станциясының түрі

Жылдамдық мәні

1

2

3

1

Конденсаттық электр станциясы

3,0

2

Жылу-электр орталығы

1,4

3

Гидравликалық электр станциясы

8,0

4

Деривациялық шағын ГЭС каскады

2,0

5

Газ турбиналы электр станциясы

6,0

6

Бу-газ электр станциясы, газ поршеньді электр станциясы

4,0

7

Кәдеге жарату қазандықтарымен салынған газ турбиналық қондырғылар базасындағы жылу электр орталығы

1,4

Электр станцияларының электр қуатын азайтудың орташа жылдамдығының минималды мәндері

      МВт/мин

Электр станциясының түрі

Жылдамдық мәні

1

2

3

1

Конденсациялық электр станциясы

3,0

2

Жылу электр орталығы

1,5

3

Гидравликалық электр станциясы

8,0

4

Деривациялық шағын ГЭС каскады

2,0

5

Газ турбиналы электр станциясы

6,5

6

Бу-газ электр станциясы, газ поршеньді электр станциясы

4,0

7

Кәдеге жарату қазандықтарымен салынған газ турбиналық қондырғылар базасындағы жылу электр орталығы

1,5


  Генерациялайтын
қондырғылардың электр
қуатына аттестаттауды
өткізу қағидаларына
3-қосымша

Аттестаттау нәтижелерінің актісі

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 30.06.2023 № 248 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

_______________________________________ (электр станциясының атауын көрсетіңіз) _______________________________________, (энергия өндіруші ұйымның атауын көрсетіңіз) ___________ қаласы, "____" __________ 20___ж. Аттестаттау № _______өтінімге сәйкес жүргізілді.

Электр станциясының параметрлері

Өлшемі

Мәні *

1

2

3

4

1.

Электр станциясының аттестатталған электр қуаты, оның ішінде:

МВт


жаңғырту, кеңейту, реконструкциялау және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісім бойынша пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың аттестатталған электр қуаты

МВт


2.

Электр қуатын ұлғайтудың аттестатталған жылдамдығы

МВт/мин


3.

Электр қуатын азайтудың аттестатталған жылдамдығы

МВт/мин


4.

Электр станциясының өз қажеттіліктерінің электр қуаты

МВт


5.

Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттау кезінде генерациялаудың электр қуатының ең аз мәні

МВт


      Ескертпе:

      * - кесте параметрлерінің сандық мәндері бүтіндей дәлдікпен көрсетіледі, кестенің 2 және 3-жолдарын қоспағанда, олардың сандық мәндері оннан онға дейінгі дәлдікпен көрсетіледі.

(Жүйелік оператордың уәкілетті тұлғасының лауазымы және Т.А.Ә, (ол болған кезде) көрсетілген орны)

(қол қою орны)


  Генерациялайтын
қондырғылардың электр
қуатына аттестаттауды
өткізу қағидаларына
4-қосымша

АКТ Кезектен тыс аттестаттаудың нәтижелері

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 30.06.2023 № 248 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

_____________________________________________________ (электр станциясының атауын көрсетіңіз) ________________________________________________________________, (энергия өндіруші ұйымның атауын көрсетіңіз) ______________ қаласы, "____" ____________ 20___ж.

Электр станциясының параметрлері

Өлшемі

Мәні *

1

2

3

4

1.

Электр станциясының аттестатталған электр қуаты

МВт


2.

Электр қуатын ұлғайтудың аттестатталған жылдамдығы

МВт/мин


3.

Электр қуатын азайтудың аттестатталған жылдамдығы

МВт/мин


4.

Электр станцияларының жеке қажеттіліктерінің электр қуаты

МВт


5.

Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттау кезінде генерациялаудың электр қуатының минималды мәні

МВт


      Ескертпе:

      * - кесте параметрлерінің сандық мәндері бүтіндей дәлдікпен көрсетіледі, кестенің 2 және 3-жолдарын қоспағанда, олардың сандық мәндері ондыққа дейінгі дәлдікпен көрсетіледі.

(Жүйелік оператордың уәкілетті тұлғасының лауазымы және Т.А.Ә, (ол болған кезде) көрсетілген орны)

(қол қою орны)