Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатына аттестаттауды өткізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 686 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 24 желтоқсанда № 12489 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңы 5-бабының 70-17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатына аттестаттауды өткізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

Қазақстан Республикасының


Энергетика министрі

В. Школьник


  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 3 желтоқсандағы
№ 686 бұйрығымен
бекітілген

Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатына аттестаттауды өткізу қағидалары
1. Жалпы ережелері

      1. Осы Генерациялайтын қондырғыларының электр қуатына аттестаттау және тестілеу өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және электр қуаты нарығын ұйымдастыру және жұмыс істеуі шеңберінде генерациялайтын қондырғыларының электр қуатына аттестаттау және тестілеу өткізу тәртібін анықтайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар қолданылады:

      1) аттестатталған қуат – энергия өндіруші кәсіпорын (бұдан әрі - кәсіпорын), өнеркәсіп кешені немесе ұйымдар, қайтадан пайдалануға енгізілген тендер қорытындысы бойынша генерациялық қондырғыны салу анықталған мегаватта (бұдан әрі - МВт) электр қуаты кәсіпорны, өнеркәсіп кешені немесе ұйымдар, қайтадан пайдалануға енгізілген тендер қорытындысы бойынша генерациялық қондырғыны салу анықталғандарға аттестаттау өткізуге сұраныста көрсетілген желіде алуының электр қуаты көлемін белгілеу уақытында желіде орта есептік орташа арифметикалық сияқты электр энергиясын ұзақ өндірудің техникалық мүмкіндігі болады;

      2) бақылау сағаттары - сағат 17-00-ден 23-00-ге дейінгі кезең (Астана уақыты);

      3) генерациялайтын қондырғы – электр энергиясын өндіруді жүзеге асыратын блок тізімдемесі электр станциясындағы энергия блогы немесе басқа электр станцияларындағы генератор;

      4) генерациялайтын қондырғылардың технологиялық минимумы – паспорттық мәліметтері негізінде орнатылған генерациялайтын қондырғылардың генерациясының минималды қуаты; жылуфикация режимі бойынша жұмыс істейтін электр станциялары үшін генерациялайтын қондырғылардың технологиялық минимумы жылу жүктемесін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарына сәйкес, су электр станциялары үшін – су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті органмен тапсырылған су шығынын қамтамасыз ететін көлемде белгіленеді;

      5) генерациялайтын қондырғылардың техникалық параметрлері – генерациялық қондырғылардың МВт-тағы технологиялық минимумы, электр қуатының МВт/мин-тағы ұлғаю және азаю жылдамдығы;

      6) генерациялық қондырғының аттестатталған электр қуаты - электр энергиясын өндіруге техникалық мүмкіндігі бар сондай-ақ генерациялық қуаттың аттестатталған электр қуатын өткізуге кәсіпорын өтінішінде көрсетілген қажетті генерациялық қондырғы параметрлеріне сәйкес кәсіпорындар (қолданыстағы және пайдалануға жаңадан берілгендер) және кәсіпорында бар болатын генерациялық қондырғының электр қуатының көлемін анықтауға бағытталған Жүйелік оператормен өткізілетін шара;

      7) жүйелiк оператор – орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқаруды, басқа мемлекеттердiң энергия жүйелерiмен қатарлас жұмыс iстеудi қамтамасыз етудi, энергия жүйесiндегi теңгерiмдi ұстап тұруды, жүйелiк қызметтер көрсетудi және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектiлерiнен қосалқы көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуды, сондай-ақ электр энергиясын ұлттық электр желiсi бойынша берудi, оған техникалық қызмет көрсетудi және оны пайдалану әзiрлiгiнде ұстап тұруды жүзеге асыратын ұлттық компания;

      8) электр қуатының ұлғаю жылдамдығы – генерациялық қондырғы ұзақ өндіретін техникалық минимум мәнінен генерациялық қондырғы электр қуатының ең жоғары мәніне дейінгі генерациялық қондырғының электр қуатының орта арифметикалық ұлғаю жылдамдығы;

      9) электр қуатының азаю жылдамдығы – техникалық минимум мәніне дейінгі генерациялық қондырғымен ұзақ өндірілетін генерациялық қондырғылардың электр қуаты ең жоғары мәнінен генерациялық қондырғының электр қуатының орта арифметикалық азаю жылдамдығы.

      10) өнеркәсіп кешені – өз құрамында жеке заңды тұлға болып табылмайтын электр станциялары бар, оларда электр энергиясын өндіру осы өнеркәсіптік кешеннің құрамына кіретін кәсіпорындардың және бірлестіктердің тұтынуы мақсатында, сондай-ақ электр энергиясын бөлшек және (немесе) көтерме нарығында іске асыру үшін жүзеге асыратын ұйымы;

      Осы Қағидаларда пайдаланылған басқа ұғымдар мен анықтамалары Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.

2. Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатына аттестаттауды өткізу тәртібі

      3. Электр қуатының дайындыңын ұстап тұру бойынша қызметті жүзеге асыруды жоспарлаған немесе көрсететін ол пайдаланатын кәсіпорындардың генерациялық қондырғылары аттестациялауға жатады.

      4. Кәсіпорындардың генерациялық қондырғыларының электр қуатын аттестациялау энергия жүйелерді параллель және Қазақстан Республкасы бірыңғай электр энергетикалық жүйесінде жұмыс жасайтын режимдік жағдайларды есепке алып жүргізіледі.

      5. Жүйелік оператор осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттауды энергия өндіруші ұйымның өтінімі бойынша онымен келісілген мерзімдерде, бірақ аттестаттау өткізуге арналған өтінімді алғаннан кейін күнтізбелік жиырма күннен кешіктірмей жүзеге асырады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 25.09.2017 № 326 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      6. Кәсіпорынның сұранысында көрсетілген генерацияны төмендету және жылдамдықты теру бөлігіндегі генерациялық қондырғының техникалық параметрлері пайдалану бойынша нұсқаулыққа немесе паспорттық мәліметтерге сәйкес келуі тиіс және кем дегенде келесідей болу керек:

      1) Мыналар үшін генерация жылдамдығының өсуі:

      конденсациялық электр станциялары – 0,9 МВт/мин;

      жылу электр орталықтары – 0,1 МВт/мин;

      су электр станциялары – 3 МВт/мин;

      2) скорость снижения генерации для:

      конденсациялық электр станциялары – 0,9 МВт/мин;

      жылу электр орталықтары – 0,1 МВт/мин;

      су электр станциялары – 3 МВт/мин.

      7. Электрмен жабдықтау сенімділігін қамтамасыз ету жағдайлары салдарынан (мысалы, рұқсат етілген алмасулардың тұрақтылығын қамтамасыз ету жағдайлары бойынша), сондай-ақ өнім берушіге қатысты емес себептер бойынша аттестаттау өткізу мүмкін емес болған жағдайда, аттестаттауды әр генерациялайтын қондырғы бойынша жеке, өнім беруші үшін қуаттың аттестатталған мәндерін есептеп шығару үшін қуаттың барлық мәндерін кейіннен сомалауымен, әр генерациялайтын қондырғы бойынша аттестаттау жүргізуі ықтимал.

      8. Өз құрамында бірден астам электр станциясы бар электр өндіруші ұйымдары әр электр станциясы бойынша аттестаттау өткізуге жеке өтінімдер береді.

      9. Энергия өндіруші ұйымның генерациялайтын жабдығының электр қуатын аттестаттау станциямен технологиялық минимумға жеткеннен кейін басталады.

      10. Егер аттестаттау нәтижелері бойынша өтінімде көрсетілген генерациялайтын жабдығының техникалық параметрлер мәніне қол жетілмеген жағдайда, кәсіпорын оның генерациялық қондырғысының электр қуатын аттестациядан қайтадан (бір мәрте) өтуіне болады. Қайталама аттестаттауды өткізу мерзімін Жүйелік оператор Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесіндегі ағымдағы жағдайын негізге алып, дербес анықтайды.

      11. Өнім берушінің генерациясы электр қуатының мәндері мен техникалық параметрлерін белгілеу электр энергиясының есептеудің автоматтандырылған коммерциялық жүйесі, телеметрия аспаптарын өлшеу деректері бойынша Жүйелік операторының диспетчерлік пункттеріне автоматты түрде тарату арқылы жүзеге асырылады. Өлшеу таратылмаған жағдайда, өлшеуін белгілеу Жүйелік оператор өкілінің, оның өнім берушіге шығуымен жүзеге асырылады.

      12. Генерациялық қондырғының электр қуатын аттестациялау қорытындысы бойынша жүйелік оператор аттестацияны өткізгеннен кейін бес күнтізбелік күннен кеш емес мерзімде осы Қағиданың 2 қосымшасына сәйкес нысан бойынша (бұдан әрі - АКТ) электр энергиясын өндіруге дайын, кәсіпорынның генерациялық қондырғының электр қуатының аттестатталған көлемін көрсете отырып генерациялық қондырғының электр қуатының аттестациясының актісін рәсімдейді және кісіпорынға жібереді. Актінің негізінде аттестатталған параметрлерін көрсете отырып, энергия өндіруші ұйымдарының аттестатталған генерациялайтын қондырғыларының тізбесін (бұдан әрі - Тізбе) қалыптастырады.

      13. Генерациялық қондырғының электр қуатын кезектен тыс аттестациялау келесідей жағдайларда өткізіледі:

      1) Жүйелік оператормен нақты электр қуатының көлемімен аттестатталған генерациялық қондырғының параметрлері сәйкес келмегенін анықтаған жағдайда;

      2) Кәсіпорынның бастамасы бойынша.

      14. Кезектен тыс аттестация өткізу қорытындысы бойынша Жүйелік оператор тізбеге өзгеріс енгізеді немесе электр станцияның генерациялық қондырғысының қолданыстағы параметрлеріне сәйкес хат арқылы растайды. Тізбеге өзгеріс енгізілген жағдайда Жүйелік операторосы Қағиданың 3 қосымшасына сәйкес нысан бойынша акт рәсімдейді.

      15. Аттестацияны өткізу кезіндегі тәуліктік графикте көрсетілген жоспарлы көлемге қатысты электр энергиясы қосымша өндірілген немесе өндірілмегенде электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында қаржылық реттеледі. Теңгерімдеуші нарық имитациялық режимде жұмыс жасаған немесе өндірілмеген және қосымша өндірілген электр энергиясы өзара келісуі бар болған жағдайда есептік кезең аясында реттеледі.

  Генерациялайтын қондырғылардың
электр қуатына аттестаттауды
өткізу қағидаларына
1-қосымша

      нысан

Өтінім

      _______________________________

      (кәсіпорынның атауы)

Параметрдің атауы

Мәні

Ескертпе

1

Генерациялайтын қондырғылардың құрамы, дана


Генерациялайтын бірліктердің станциялық нөмірін көрсетумен

2

Қуаттың ең жоғарғы мәні, МВт



3

Станцияның меншікті және шаруашылық қажеттілігінің мөлшері, МВт



4

Аттестаттауға жататын электр қуатын желіге босатудың ең жоғарғы мәні, МВт



5

Генерациялайтын қондырғылардың сомалық технологиялық минимумы, МВт



6

Жүктемені теру жылдамдығы, МВт/мин



7

Жүктемені төмендету жылдамдығы, МВт/мин




      Жауапты қызметкердің тегі, аты-жөні ______________(қолы)

      М.О.

  Генерациялайтын қондырғылардың
электр қуатына аттестаттауды
өткізу қағидаларына
2-қосымша

      нысан

      Аттестаттау нәтижелерінің

      АКТісі

      ________________________________

      (электр станциясының атауы)

      ____________________________________________________

      (генерациялайтын жабдықтың меншік иесі)

      ______________ қ. "____ "_________ 20__ж.

      Аттестаттау №№ ___________ диспетчерлік өтінімдеріне сәйкес өткізілді.

      Жабдықтың станциялық нөмірі(лері)______

      Жабдықтың түрі______

Параметрі

Мәні

Өлшем бірлігі

Қуаттың теруін белгілеу кезеңіндегі генерация ұлғаюының орташа жылдамдығы


МВт/мин

Аттестатталған қуат *


МВт

Станцияның меншікті және шаруашылық қажеттілігінің мөлшері


МВт

Қуаты бойынша жүктемені түсіруді белгілеу кезеңіндегі генерация азаюының орташа жылдамдығы


МВт/мин

Технологиялық минимумын белгілеу кезеңіндегі генерацияның орташа қуаты


МВт


      * Электр қуатының желіге максималды босатуын белгілеу кезеңінде қуаттың орташа мәні ретінде есептеп шығарылады.

      Жауапты қызметкердің тегі, аты-жөні (ЖЭТ
филиалы)__________________(қолы)
М.О.
Жауапты қызметкердің тегі, аты-жөні
(Электрстанциясы)__________________(қолы)
М.О
Генерациялайтын қондырғылардың
электр қуатына аттестаттауды
өткізу қағидаларына
3-қосымшаfi0 нысан

      Кезектен тыс аттестаттау нәтижелерінің

      АКТісі

      ________________________________

      (электр станциясының атауы)

      ____________________________________________________

      (генерациялайтын жабдықтың меншік иесі)

      ______________ қ. "____ "_________ 20__ж.

      Аттестаттау №№ ___________ диспетчерлік өтінімдеріне сәйкес өткізілді.

      Жабдықтың станциялық нөмірі(лері)______

      Жабдықтың түрі______

Параметрі

Мәні

Өлшем бірлігі

Қуаттың теруін белгілеу кезеңіндегі генерация ұлғаюының орташа жылдамдығы


МВт/мин

Аттестатталған қуат *


МВт

Станцияның меншікті және шаруашылық қажеттілігінің мөлшері


МВт

Қуаты бойынша жүктемені түсіруді белгілеу кезеңіндегі генерация азаюының орташа жылдамдығы


МВт/мин

Технологиялық минимумын белгілеу кезеңіндегі генерацияның орташа қуаты


МВт


      * Электр қуатының желіге максималды босатуын белгілеу кезеңінде қуаттың орташа мәні ретінде есептеп шығарылады.

      Жауапты қызметкердің тегі, аты-жөні (ЖЭТ

      филиалы)__________________(қолы)

      М.О.

      Жауапты қызметкердің тегі, аты-жөні

      (Электрстанциясы)__________________(қолы)

      М.О