Мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың бірыңғай дерекқорын қалыптастыру мен жүргізу және оның деректерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 28 қарашадағы № 7-НҚ нормативтік қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 22 желтоқсанда № 12459 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 4-тармағының 16) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 20.02.2023 № 6-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың бірыңғай дерекқорын қалыптастыру мен жүргізу және оның деректерін пайдалану қағидалары бекiтілсін.

      2. Заң бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы нормативтік қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;

      3) осы нормативтік қаулының Есеп комитетінің Интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Нормативтік қаулының орындалуын бақылау Есеп комитетінің аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға Қ. Жаңбыршин

  Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің
2015 жылғы 28 қарашадағы
№ 7-НҚ нормативтік
қаулысымен бекітілген

Мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың бірыңғай дерекқорын
қалыптастыру мен жүргізу және оның деректерін пайдалану қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың Бірыңғай дерекқорын қалыптастыру мен жүргізу және оның деректерін пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың бірыңғай дерекқорын қалыптастыру, жүргізу және оның деректерін пайдалану тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 20.02.2023 № 6-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      2. Мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың бірыңғай дерекқорын (бұдан әрі – Бірыңғай дерекқор) қалыптастыру мен жүргізудің мақсаты:

      мемлекеттік аудит және қаржылық бақылауды жүргізу кезінде басқару процестерін, сондай-ақ мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының сараптамалық-талдау қызметін оңтайландыру;

      мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметінде қайталауды болдырмау;

      мемлекеттік аудит нәтижелерін тануды қамтамасыз ету;

      мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарымен, өзге де мемлекеттік органдармен, мемлекеттік аудит объектілерімен ақпарат алмасу;

      тәуекелдерді басқару жүйесін қалыптастыру және оның жұмыс істеуі;

      ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның камералдық бақылауды жүргізуі;

      электронды мемлекеттік аудит жүргізу болып табылады.

      3. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына:

      1) Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата);

      2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары (бұдан әрі – тексеру комиссиялары);

      3) ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган;

      4) Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ішкі аудит қызметін қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ішкі аудит қызметтері;

      5) орталық мемлекеттік органдар ведомстволарының ішкі аудит қызметтері жатады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 20.02.2023 № 6-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      4. Бірыңғай дерекқор басқа мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған Жоғары аудиторлық палатаның ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – ЖАП ИАЖ) негізінде қалыптасады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 20.02.2023 № 6-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      5. Бірыңғай дерекқорға деректер беруді мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары, сондай-ақ мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілері, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудитті жүзеге асыратын аудиторлық ұйымдар (бұдан әрі – ақпарат жеткізушілер) жүзеге асырады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 10.10.2025 № 11-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

2. Бірыңғай дерекқорды қалыптастыру мен жүргізу тәртібі

      6. Бірыңғай дерекқорды Жоғары аудиторлық палата әкімшілендіреді, ол оның тиімді жұмыс істеуіне, онда орналасқан ақпараттың сақталуы мен қауіпсіздігіне жауапты болады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 20.02.2023 № 6-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      7. Бірыңғай дерекқор "электрондық үкімет" жүйесімен және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланады.

      8. Бірыңғай дерекқор мынадай ақпаратты қамтиды:

      1) тәуекелдерді басқару жүйесіне енгізілген мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілері;

      2) мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбелері;

      3) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша аудит объектісіндегі аудиторлық іс-шараның нәтижелері бойынша материалдар тізімдемесін қоса бере отырып, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының аудит бағдарламасы, мемлекеттік аудит (мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің аудиторлық есебі, қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есеп, аудиторлық қорытынды, ішкі аудит нәтижелері туралы есеп) және сараптамалық-талдау іс-шараларының нәтижелері, жоспардан тыс аудит жүргізу туралы хабарламалар;

      4) квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудиттің нәтижелері (аудиторлық қорытынды);

      5) жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалары әкімшісінің төмен тұрған бюджеттерге нысаналы даму трансферттерін немесе кредиттерді беруге бағытталған бюджеттік бағдарламалары (кіші бағдарламалары), бюджеттік бағдарламаларға (кіші бағдарламаларға) сәйкес бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген түпкілікті нәтижелер туралы есептер;

      6) міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, түсетін түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары;

      7) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарлары;

      8) мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері мен төлемдері бойынша жеке қаржыландыру жоспарлары;

      9) жария мүдделі ұйымдардың жарияланатын қаржылық есептілігін қоспағанда, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасында көзделген, бекітілген қаржылық есептілік, оған тиісті қосымшалар;

      10) сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың нормативтік құқықтық актілері және әдіснамалық құжаттары;

      11) бюджет заңнамасында белгіленген түрлер және нысандар бойынша бюджеттік есептілік;

      12) Жоғары аудиторлық палата жүргізген мемлекеттік аудитті танудың қорытындылары;

      13) мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарлары, олардың орындалуы бойынша есептер;

      14) акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарлары, олардың орындалуы бойынша есептер;

      15) республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың және нысаналы даму трансферттері мен республикалық бюджеттен берілетін кредиттердің есебінен іске асырылатын жобалардың іске асырылуын мониторингілеу бойынша есептер;

      16) "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 6) тармақшасына сәйкес жасалатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының іске асырылуын мониторингілеу бойынша ақпарат;

      17) жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметін камералдық тәртіппен бағалау нәтижелері;

      18) республикалық бюджетті алдын ала, ағымдағы және кейіннен бағалау нәтижелері;

      19) "Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығы" ЖШС-ның зерттеулер нәтижелері;

      20) орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелері;

      21) республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы талдамалық есеп;

      22) республикалық бюджеттен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың бюджеттеріне бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттердің, нысаналы даму трансферттерінің іске асырылуы туралы талдамалық есеп.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 10.10.2025 № 11-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      9. Осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген ақпарат бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интеграцияланған ақпараттық жүйелерінен осы Қағидалардың 8-тармағының 5), 6), 7), 8) және 11) тармақшалары бойынша – ақпарат жүйеде қалыптастырылған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде Бірыңғай дерекқорда орналастырылады.

      Осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген ақпаратты мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілері Бірыңғай дерекқорға мынадай тәртіппен енгізіледі:

      1) Жоғары аудиторлық палата осы Қағидалардың 8-тармағының 1) тармақшасы бойынша – қалыптастырылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде;

      осы Қағидалардың 8-тармағының 3) және 10) тармақшалары бойынша – бекітілгеннен кейінгі он жұмыс күні ішінде;

      осы Қағидалардың 8-тармағының 12) тармақшасы бойынша – тиісті қорытынды бекітілгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде;

      осы Қағидалардың 8-тармағының 15) және 16) тармақшалары бойынша – уәкілетті органдарға сұрау салу бойынша;

      осы Қағидалардың 8-тармағының 17) тармақшасы бойынша – Жоғары аудиторлық палатаның Төрағасы жыл қорытындысы бойынша мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметін камералдық тәртіппен бағалау нәтижелерін бекіткеннен кейін он жұмыс күні ішінде;

      осы Қағидалардың 8-тармағының 18) және 20) тармақшалары бойынша – Жоғары аудиторлық палатаның Төрағасы республикалық бюджетті алдын ала, ағымдағы және кейіннен бағалау және орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелерін бекіткеннен кейін он жұмыс күні ішінде;

      осы Қағидалардың 8-тармағының 19) тармақшасы бойынша – "Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығы" ЖШС-ның зерттеулер нәтижелері бойынша есептерін Жоғары аудиторлық палата қабылдағаннан кейін бес жұмыс күні ішінде;

      2) тексеру комиссиялары осы Қағидалардың 8-тармағының 1) тармақшасы бойынша – қалыптастырылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде, осы Қағидалардың 8-тармағының 2) және 3) тармақшалары бойынша – бекітілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде;

      3) ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган өзінің аумақтық бөлімшелері мен ішкі аудит қызметтері бөлінісінде топтастыра отырып осы Қағидалардың 8-тармағының 1) тармақшасы бойынша – қалыптастырылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде, осы Қағидалардың 8-тармағының 2) және 3) тармақшалары бойынша – бекітілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде;

      4) бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті осы Қағидалардың 8-тармағының 21) және 22) тармақшалары бойынша – бекітілгеннен кейін он бес жұмыс күні ішінде;

      5) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілері ЖАП ИАЖ-ның "МАжҚБ объектісінің кабинеті" модулі арқылы осы Қағидалардың 8-тармағының 4) тармақшасы бойынша – бекітілгеннен кейін он бес жұмыс күні ішінде, осы Қағидалардың 8-тармағының 9) тармақшасы бойынша – бекітілгеннен кейін он бес жұмыс күні ішінде, осы Қағидалардың 8-тармағының 13) және 14) тармақшалары бойынша – бекітілгеннен (нақтыланғаннан) кейін он жұмыс күні ішінде ұсынады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 10.10.2025 № 11-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      9-1. Осы Қағидалардың 9-тармағының 8) тармақшасында көзделген тәртіпті қоспағанда, осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген ақпарат XML (eXtensible Markup Language – құрылымдық және машинада оқылатын форматтағы деректерді сақтау және тасымалдау үшін қолданылатын кеңейтілетін белгілеу тілі) форматта "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы ұсынылады.

      Ескерту. 2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 17.10.2016 № 14-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 17.11.2023 № 18-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      10. Осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар Жоғары аудиторлық палатаға олар енгізілген күннен бастап, бес жұмыс күнінен кешіктірмей жіберіледі.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 20.02.2023 № 6-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      11. Бірыңғай дерекқорға арналған ақпарат мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамада белгіленген не Есеп комитеті тиісті сұрау салуында белгілеген нысан бойынша ұсынылады.

      12. Бірыңғай дерекқорды қалыптастыру үшін мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының ақпараттық жүйелері арасындағы ақпарат алмасу ЖАП ИАЖ арқылы жүзеге асырылады.

      ЖАП ИАЖ-ның техникалық ақаулары болған кезде ақпаратты ұсыну электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы, ал ол болмаған кезде - пошта байланысы арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 20.02.2023 № 6-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      13. Жоғары аудиторлық палатаның Бірыңғай дерекқорды әкімшілендіруі:

      1) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудитті жүзеге асыратын аудиторлық ұйымдардың деректерді Бірыңғай дерекқорға уақытылы енгізуін тоқсан сайынғы негізде үйлестіруді және мониторингтеуді;

      2) Бірыңғай дерекқордың дамуын, соның ішінде Бірыңғай дерекқордың "электрондық үкімет" жүйесімен және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциясын қамтамасыз етуді қамтиды.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 10.10.2025 № 11-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      14. Ақпаратты жеткізушілер Бірыңғай дерекқорды қалыптастыру үшін ұсынылатын деректердің анықтығы мен толықтығын қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 10.10.2025 № 11-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      15. Бірыңғай дерекқорды пайдаланушылар – мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 10.10.2025 № 11-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

3. Бірыңғай дерекқорды пайдалану тәртібі

      16. Бірыңғай дерекқорды пайдаланушыларға Бірыңғай дерекқорға қол жеткізудің мынадай:

      - осы Қағидалардың 3-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген органдарға – толық қол жеткізу;

      - осы Қағидалардың 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген органдарға – тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті бюджетінің деректері бойынша;

      - осы Қағидалардың 3-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген органдарға – тиісті мемлекеттік органның, жергілікті атқарушы органның немесе орталық мемлекеттік органның ведомствосының деректері бойынша деңгейлер ұсынылады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 10.10.2025 № 11-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      17. Мемлекеттік ақпараттық жүйелердің жұмыс істеу сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін электрондық ақпараттық ресурстарды сақтау, өңдеу және беру үшін пайдаланылатын техникалық құралдар техникалық реттеу және ақпараттандыру саласындағы заңнама талаптарына сәйкес келеді.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 10.10.2025 № 11-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
      18. Алып тасталды - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 10.10.2025 № 11-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

  Мемлекеттік аудиттің және
қаржылық бақылаудың бірыңғай
дерекқорын қалыптастыру мен
жүргізу және оның деректерін
пайдалану қағидаларына
қосымша

Аудит объектісіндегі аудиторлық іс-шараның нәтижелері бойынша материалдар тізімдемесі

      Ескерту. Қаулы қосымшамен толықтырылды - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 20.02.2023 № 6-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

______________________________________

(аудиторлық іс-шараның атауы)

Аудит объектілерінің атауы

Форматы көрсетілген құжаттардың атауы Excel, PDF, Word

Бекітілген нөмірі мен күні