Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 160-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 16.10.2024 № 92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнің және жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнiң лимиттерін айқындау әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік–жекешелік әріптестікті дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттерін айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 121 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9989 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі |
Е. Досаев |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі
__________ Б. Сұлтанов
26 қараша 2015 жыл
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министірінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 731 бұйрығымен бекітілді |
Қазақстан Республикасы Үкiметiнің және жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнiң лимиттерiн айқындау әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 11.07.2018 № 248 бұйрығы (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Осы Қазақстан Республикасы Үкiметiнің және жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнiң лимиттерiн айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) оларды есептеу тетігін айқындау мақсатында 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасын Бюджет кодексінің 160-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Осы Әдістемеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелер – жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессия шарттары бойынша мемлекеттік әріптес/концедент белгілі бір күнге қабылдаған және орындамаған қаржылық мiндеттемелерінiң сомасы бойынша мемлекеттік әріптестің/концеденттің құқықтары мен мiндеттерiнiң жиынтығы;
2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердiң лимиттерi – өтелмеген мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық міндеттемелердің жыл сайынғы төлемдерін ескере отырып, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық міндеттемелерді қабылдау бойынша лимиттер белгіленетін, тиісті қаржы жылына арналған мән.
2-тарау. Қазақстан Республикасы Үкiметiнің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнiң лимитiн айқындау
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 11.07.2018 № 248 бұйрығы (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiн қабылдауы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген лимитпен шектеледі.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.12.2016 № 533 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Тиісті қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнiң лимиті республикалық бюджеттің кірісін ескере отырып мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган қалыптастырады және жыл сайын тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның шеңберінде бекітуге енгізілетін шекті шектеу болып табылады.
5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнің лимиті мынадай есептемеге сәйкес белгіленеді:
Scolgov <InRB * 0.20
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерді тиісті қаржы жылына қабылдау лимиті мынадай есептемеге сәйкес белгіленеді:
Lmocolgov <Scolgov – CLLG, мұндағы:
InRB – республикалық бюджеттің кірістері;
Scolgov – Қазақстан Республикасы Үкiметiнің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнің қабылдау және қабылданған және өтелмеген лимиті сомасынан тұратын Қазақстан Республикасы Үкiметiнің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнің тиісті қаржы жылына арналған лимиті;
Lmocolgov – Қазақстан Республикасы Үкiметiнің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiн тиісті қаржы жылына қабылдау лимиті;
CLLG – тиісті қаржылының басына қабылданған және өтелмеген Қазақстан Республикасы Үкiметiнің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелері, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерi.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелеріне, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiне "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – МЖӘ туралы Заң) 9-бабы 2-тармағының 2), 3), 4), 5) 6) тармақшаларында және 27-бабы 2-тармағының 6) тармақшасында, сондай-ақ "Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Концессиялар туралы заң) 7-бабы 1-тармағының 2), 3), 4), 5), 6) тармақшаларында және 14-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында көзделген мемлекеттік қолдау түрлері жатады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 19.01.2023 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Қажет болған жағдайда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнiң лимитін нақтылау тиісті қаржы жылының ішінде республикалық бюджетті нақтылау кезінде жүргізіледі.
3-тарау. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнiң лимитін айқындау
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 11.07.2018 № 248 бұйрығы (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
7. Жергiлiктi атқарушы органдармен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiн қабылдауы тиісті жергiлiктi атқарушы органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiмен белгіленген лимитімен шектеледі.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.12.2016 № 533 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Тиісті үш жылдық жоспарлы кезеңге арналған жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнiң лимиті облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің кірісін ескере отырып мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган тиісті үш жылдық жоспарлы кезеңге қалыптастырады және шекті шектеу болып табылады.
Бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органның келісімімен үш жылдық жоспарлау кезеңіне сай тиісті арналған жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнің лимиті облыс бюджетінің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің кірісі ескеріле отырып қалыптастырылады және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердің лимитін айқындау кезінде ескерілетін тиісті жоспарланған үш жылдық кезенге бекітуге енгізілетін шекті шектеу болып табылады.
9. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнің лимиті салықтық және салықтық емес түсімдердің және жалпы сипаттағы трансферттерді есепке ала отырып негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің көлеміне сәйкес келетін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы бюджетінің кірістерін негізге ала отырып қалыптастырылады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда –ҚР Ұлттық экономика министрінің 11.07.2018 № 248 бұйрығы (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).10. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің тиісті қаржы жылына арналған лимиті мынадай есеп-қисапқа сәйкес 3 (үш) жылдық кезеңге белгіленеді:
ScolLG < InLB * k, мұндағы:
ScolLG – жергілікті атқарушы органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің қабылдау лимиті мен қабылданған және өтелмеген лимитінің сомасынан тұратын жергілікті атқарушы органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің тиісті қаржы жылына арналған лимиті;
InLB – жергілікті атқарушы органның жалпы сипаттағы трансферттер ескерілген өз кірістерінің көлемі;
k – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары үшін түзету коэффициенті, оның ішінде:
облыстардың жергілікті атқарушы органдары үшін k = 0,2;
республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары үшін, сондай-ақ облыстың жергілікті атқарушы органдары үшін олар аэровокзалының өткізу қабілеті сағатына кемінде 400 жолаушы болатын әуежай салу, инновациялық орталығы бар академиялық қалашық, оның ішінде ғылыми-зерттеу институтын құру жөніндегі жобаны іске асырған жағдайда k = 0,5.
Жеңіл рельсті көлік желілерін салу жөніндегі жобаларды, сондай-ақ Қонаев қаласына және Алматы облысының индустриялық аймақтарына инженерлік-коммуникациялық желілерді жүргізу жөніндегі жобаларды дайындау және іске асыру кезінде жергілікті атқарушы органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдау лимиті асып кеткен жағдайда асып кету сомасына ұлғайтылған лимит қолданылады.
Тиісті қаржы жылына арналған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдау лимиті мынадай есеп-қисапқа сәйкес жүргізіледі:
LmocolLG < ScolLG – CLLG, мұндағы:
LmocolLG – тиісті қаржы жылына жергілікті атқарушы органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдау лимиті;
CLLG – жергілікті атқарушы органның тиісті қаржы жылының басындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша қабылданған және өтелмеген мемлекеттік міндеттемелері, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелері.
Жергілікті атқарушы органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелеріне, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелеріне МЖӘ туралы заңның 9-бабы 2-тармағының 2), 3), 4), 5), 6) тармақшаларында және 27-бабы 2-тармағының 6) тармақшасында, сондай-ақ Концессиялар туралы заңның 7-бабы 1-тармағының 2), 3), 4), 5), 6) тармақшаларында және 14-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында көзделген мемлекеттік қолдау түрлері жатады.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган тиісті қаржы жылының басына жергілікті атқарушы органның қабылданған және өтелмеген мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелері, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелері туралы ақпарат береді.
Егер осы лимит шеңберінде барлық сомаға міндеттемелер қабылданған жағдайда, жергілікті атқарушы органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерін қабылдау лимитінің төмендеуіне әкеп соғатын болжамды кірістері төмендеген жағдайда, өткен жылдың бекітілген қабылдау лимиті қолданылады.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 16.10.2024 № 92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10-1. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнің шығыстарын өтеу және қызмет көрсету көлемі тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет кірістерінің он пайызына тең мөлшерінен аспауы тиіс.
Ескерту. 3-тарау 10-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.12.2016 № 533 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Қажет болған жағдайда, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнiң лимитін нақтылау тиісті қаржы жылы ішінде облыстың бюджетін, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерін нақтылау кезінде жүргізіледі.