"Қазақстан Республикасы Үкiметiнің және жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнiң лимиттерiн айқындау әдiстемесiн бекіту туралы"

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 19 қаңтардағы № 6 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 21 қаңтарда № 31745 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің және жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнiң лимиттерiн айқындау әдiстемесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 731 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12426 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттерін айқындау әдістемесінде:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнің лимиті мынадай есептемеге сәйкес белгіленеді:

      Scolgov <InRB * 0.20

      Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерді тиісті қаржы жылына қабылдау лимиті мынадай есептемеге сәйкес белгіленеді:

      Lmocolgov <Scolgov – CLLG, мұндағы:

      InRB – республикалық бюджеттің кірістері;

      Scolgov – Қазақстан Республикасы Үкiметiнің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнің қабылдау және қабылданған және өтелмеген лимиті сомасынан тұратын Қазақстан Республикасы Үкiметiнің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнің тиісті қаржы жылына арналған лимиті;

      Lmocolgov – Қазақстан Республикасы Үкiметiнің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiн тиісті қаржы жылына қабылдау лимиті;

      CLLG – тиісті қаржылының басына қабылданған және өтелмеген Қазақстан Республикасы Үкiметiнің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелері, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерi.

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелеріне, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiне "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – МЖӘ туралы Заң) 9-бабы 2-тармағының 2), 3), 4), 5) 6) тармақшаларында және 27-бабы 2-тармағының 6) тармақшасында, сондай-ақ "Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Концессиялар туралы заң) 7-бабы 1-тармағының 2), 3), 4), 5), 6) тармақшаларында және 14-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында көзделген мемлекеттік қолдау түрлері жатады.".

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің, тиісті қаржы жылына арналған лимиті 3 (үш) жылғы кезеңге мынадай есептемеге сәйкес белгіленеді:

      ScolLG < ІnLB * k, мұндағы:

      ScolLG – жергілікті атқарушы органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің қабылдау және қабылданған және өтелмеген лимиті сомасынан тұратын жергілікті атқарушы органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің тиісті қаржы жылына арналған лимиті;

      ІnLB – жалпы сипаттағы трансферттерді ескере отырып, жергілікті атқарушы органның меншікті кірістерінің көлемі;

      k – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары үшін түзету коэффициенті, оның ішінде:

      облыстардың жергілікті атқарушы органдары үшін – k = 0,2;

      республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары үшін, сондай-ақ облыстың жергілікті атқарушы органдары аэровокзалдың сағатына кемінде 400 жолаушыны өткізу қабілетімен әуежай салу жөніндегі жобаны іске асырған жағдайда олар үшін k = 0,5.

      Жеңіл рельсті көлік желілерін салу жөніндегі жобаны дайындау және іске асыру кезінде жергілікті атқарушы органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерін қабылдау лимиті асып кеткен жағдайда асып кеткен сомаға ұлғайтылған лимит қолданылады.

      Тиісті қаржы жылына арналған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдау лимиті мынадай есептемеге сәйкес жүргізіледі:

      LmocolLG < ScolLG– CLLG, мұндағы:

      LmocolLG – жергілікті атқарушы органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерін тиісті қаржы жылына арналған қабылдау лимиті;

      CLLG – тиісті қаржы жылының басына қабылданған және өтелмеген жергілікті атқарушы органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелері, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелері.

      Жергілікті атқарушы органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелеріне, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiне МЖӘ туралы Заңның 9-бабы 2-тармағының 2), 3), 4), 5) 6) тармақшаларында және 27-бабы 2-тармағының 6) тармақшасында, сондай-ақ Концессиялар туралы заңның 7-бабы 1-тармағының 2), 3), 4), 5), 6) тармақшаларында және 14-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында көзделген мемлекеттік қолдау түрлері жатады.

      Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган тиісті қаржы жылының басына жергілікті атқарушы органның қабылданған және өтелмеген мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелері, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелері туралы ақпаратты ұсынады.

      Жергілікті атқарушы органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерін қабылдау лимитін төмендетуге алып келетін жергілікті атқарушы органның болжамды кірістері азайған жағдайда, егер осы лимит шеңберінде міндеттемелер барлық сомаға қабылданған жағдайда алдыңғы жылдың бекітілген қабылдау лимиті қолданылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
А. Куантыров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі